Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты және валюталық операцияларды жүргізу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаты: мәні, мақсаты және инструменттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Валюта операциялары және валютаны бақылау режимдері ... ... ... ... ... ...22


2. «ТЕМІРБАНК» АҚ.НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

2.1 «Темірбанк» АҚ.ның қаржылық қызметіне жалпы сипаттама ... ... ... ... .31
2.2 «Темірбанк» АҚ.ның 2011.2012 жж активті және пассивті операцияларын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3«Темірбанк» АҚ.ның несиелік және депозиттік портфельдеріне құрылымдық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.4«Темірбанк» АҚ.ның валюталық операцияларды жүргізуіне баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48


3. «ТЕМІРБАНК» АҚ.НЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

3.1 Банкте валюталық режимді ырықтандыру мəселелері ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2 Валюталық саясатты жетілдіру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында валюталарға деген сұраныс және ұсыныс ,сондай-ақ олардың бағымдық шекті қатынастары валюталық нарықтарда қалыптасады.
Нарықтық реттеу күн заңына бағынады. Мұндай заңдардың, валюталық айрбасының қатысты баламалылығын, тауарлар , көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
1. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы,
2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы №214 ҚР Заңы,
3. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы,
4. «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы,
5. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
6. жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №129 қаулысы,
7. «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» ҚҰБ Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысы,
8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексі 12.06.01 ж. №209 (9-1 бөлім),
9. «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы, 31.08.95ж., №2444,
10. Банковское дело./ Учебник под ред. В.И. Ковлесникова, А.П. Кроливецкой, Москва Финансы и статистика, 2000г.
11. Банковское дело / Учебник. Под ред. Лаврушина О.И. Москва банк и биржевой научно-консультативный центр 1992г.
12. Гащевко В.И. «Банковское кредитование, российский и зарубежный опыт», Москва: 1997 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаты: мәні, мақсаты және
инструменттері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүргізу ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Валюта операциялары және валютаны бақылау
режимдері ... ... ... ... ... ...22

2. ТЕМІРБАНК АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІГІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
... ... ... .31

2.1 Темірбанк АҚ-ның қаржылық қызметіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... .31
2.2 Темірбанк АҚ-ның 2011-2012 жж активті және пассивті операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.3Темірбанк АҚ-ның несиелік және депозиттік портфельдеріне құрылымдық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.4Темірбанк АҚ-ның валюталық операцияларды жүргізуіне баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

3. ТЕМІРБАНК АҚ-НЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

3.1 Банкте валюталық режимді ырықтандыру
мəселелері ... ... ... ... ... ... . ... ...54
3.2 Валюталық саясатты жетілдіру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..79

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық
экономика жағдайында валюталарға деген сұраныс және ұсыныс ,сондай-ақ
олардың бағымдық шекті қатынастары валюталық нарықтарда қалыптасады.
Нарықтық реттеу күн заңына бағынады. Мұндай заңдардың, валюталық
айрбасының қатысты баламалылығын, тауарлар , көрсетілетін қызметтер,
капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың
қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз
етеді. 
Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері
арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен
оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық
валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. 
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып
келген, бастапқысында ол жарнама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы ХХ ғ.
Алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ
асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға
теріс әсер ете отырып , ауыр әлеуметтік- экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін- бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғыни дамуды ынталандыра түссе, ал
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық ретеудегі теріс салдарларды жоюға
бағытталған. Екі реттгіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік
және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті
қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын
жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады.
Сондай-ақ валюталық- эконмикалық жағдайдың жақсаруы барысында
валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын
алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа
келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Қазақстанда ұлттық валюталық   нарықтың жұмыс жасайтының айтуға
болады. Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының
ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық қара нарықпен
толықтырылуы мүмкін. Қара нарықтын болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат.
Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты,
айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер
арасында бәсекені ұлғайта отырып, көше нарықтарында валютамен сауданы
азайтуға және соның нәтижесінде қара нарықтың әрекет ету аясының
қысқаруына әкеледі. Институционалдық көзқараспен қарағанда, валюталық
нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың
жиынтығын білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық
операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге
сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық мәмілелердің 95%-ға
дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба,
валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан
алтын және шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында
корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы
корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал
етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп
айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Осы аталғандарды зерттеу қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасында валюталық
операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы
күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап
айтсақ: Проскурин В.А.,Андреева Г.В., Ф. Котлер, Лаврушина О.И, Сейткасимов
Г.С.
Жұмыстың мақсаты - ҚР-дағы валюта саясаты және валюталық
операцияларды жүргізу ерекшеліктерін зерттеу және ҚР валюталық нарығының
перспективалық бағыттарын айқындау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылған:
- валюталық қатынастардың теоретикалық негіздері қарастырылған
- ҚР ҰБ валюталық саясаты бағаланған
- ҚР валюталық нарығының дамуындағы басты мәселелері және
перспективалары айқындалған
- Темір Банк АҚ қаржылық қызметіне баға берілген;
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне Жұмысты жазу
барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
жолдаулары, Парламенттің және Үкіметтің басқа да нормативтік құжаттары
әдістемелік негіз болды. Сонымен қатар отандық және шетелдік ғалым-
экономисттердің еңбектері қолданылды
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде статистикалық және есептік
деректері, нормативтік құжаттары, Темір банк АҚ жылдық есеп деректері,
түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары және т.с.с.
пайдаланылды.
Жұмыстың зерттеу пәні ҚР ҰБ валюталық саясаты болып табылады
Жұмыстың зертеу объектісі ҚР валюталық нарығы және Темірбанк АҚ
валюталық операциялары болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында жасалған қорытындылар мен
ұсыныстар ҚР ҰБ валюталық саясатын құруда және валюталық қатынастарды
реттеуде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаты: мәні, мақсаты және
инструменттері

Нарықтық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды
орын алады. 
Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында
жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат пен экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары:
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссздық пен инфляцияның
өсуін тоқтатуға, төлем баланысындағы тепе-теіңдікті ұстап отыруға
бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-
экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік
аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және
одан тысқыры жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың
жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі
жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында
жасалатын келісім шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу
болыптабылады.
Тікелей валюталық реттеу-заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет
ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу- нарықтық экономикалық
агенттерінің мінез-құлқынаэкономикалық, валюталық және несиелік әдістерді
пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы-Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ)
болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты
екіге бөлінеді:
1) құрылымдық валюталық саясат:
2) ағымдық валюталық саясат.
Құрымдылық валюталық саясат-дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шараларжиынтығы. Ол
валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық
саясат ағымдық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат-валюталық бағамды, валюталық операцияларды,
валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде
реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

ҚР валюталық саясатының басты бағыттары мен инструменттері
1 суретте көрсетілген

Ескертпе: Темірбанк АҚ-ның 2011-2012ж. консолидацияланған қаржылық
есебінің мәліметтері негізінде автормен есептелінген.

1сурет - Валюталық саясат және валюталық саясаттың инструменттері

Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
1)Дисконттық валюталық саясат. 
2) Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу
формалары болады:
а)валюталық интервенция;
ә)валюталық резевтерді диверсифффикациялау;
б)валюталық шектеу;
в)валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу; 
г)валюталық бағам режимі;
д)девальвация;
з)ревальвация.
Дисконттық(есепке алу) саясаты-бір жағынан, валюталық бағам мен төлем
баланысын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын,
бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу
мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтіктөлем балансы кезінде капиталдың еркін орын
ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз
мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының
жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық
банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік
сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның
бағамы төмендеді.
Қазіргі жағдайда дисконттық теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі
төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол
береді. 
Девиздік саясат- мемелекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел
валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағымына әсер ету
әдісі.
Ұлттық валюталық бағамына көтеру мақсатында орталық банк шетел
валютасын сатады, ал бағымын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттықвалютаға
айырбастау арқылы сатып алады .
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге
асыралады. Валюталық интервенция Х1Х ғасырдан бастап қолданыла бастаған.
Алтын монометаллизімі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция
кеңнен қанат жайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс
ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары- ХВҚ, сондйақ аймақтық
–Еуропалық валюталық институт құрылды (1994 ж) .
Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп
айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр
түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің құрылымын реттуге
бағытталған мемлекеттің және банкердің саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде түрде тұрақсыз валюталарды сату және
халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу
жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және
мемлекетаралық реттеу объктісі болып табылады .
Девальвация мен ревальвация – валюталық бағымын саясаттың
дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация мен ревальватция – ұлттық валюталық бағамын шетел
валюталарына қатынасы бойынша төмендеу.
Ревальвация ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша
жоғарлату.
Валюталық шектеу – резиденттер мен бейрезидеттердің валюталар
және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде
немесе әкімшілік түрде тиым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамындас бөлігі болып табылады.
Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталық шектеудің мақсаттары мынандай:
- төлем балансын теңдестіру;
- валюталық бағымды қолдау;
- ағымдағы және старегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында
валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынандай қағидаларға сүйенеді:
- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде
орталықтандырылуы;
- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;
- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.
Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991 жылы нарықтық
қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен қатар басталды.
1991 жылғы 11 маусымда Қазақ КСР валюталық реттеу туралы Қазақ КСР-нің
Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекеттік банкі
лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал
қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның
енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде
валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы
валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валюталық нарықтың
дамуын ынталандыру үшін азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы
мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді,
сондай-ақ заңсыз валюталық операциялар үшін қылмыстық қудалау жойылды
[1].
Қазақстанның ақша-валюта жүйесін қалыптастыру жағдайында 1993 жылғы
14 сәуірде қабылданған Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру
ұстанымдарын айқындады, валюталық қарым-қатынастар субъектілерінің
құқықтары мен міндеттерін шектеді, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін
жауапкершілікті белгіледі. Валюталық реттеу жүйесінің негізгі міндеттері
ретінде мыналар танылды: ұлттық валютадағы есеп айырысудың белгіленген
тәртібін қолдау, ұлттық валюта үшін нарықтық айырбастау бағамын дайындау
және енгізу, валюталық операцияларды жүргізудің тиісті тәртібін
қамтамасыз ету.
Ұлттық валюта – теңгені енгізу кезеңінде алтынвалюта резервтерінің
біршама тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның белгіленген айырбастау бағамы
саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдау проблемасын шеше алмады және
белгілі бір дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігін тудыратын шетел
валютасына деген екпінді сұраныс жағдайында оның құнсыздану қарқынын
ұстап тұра алмады [2].
Өтімді валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел
валюталарына айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылғы қаңтардан бастап
барлық кәсіпорындар үшін уақытша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету)
экспортынан 50% түсімдерді міндетті түрде сату енгізілді. Бұл ретте осы
тәртіп шетел капиталының қатысуы бар жаңа құрылған кәсіпорындарға
таратылған жоқ. Бұл норма 1995 жылғы 10 маусымнан бастап 30% дейін
төмендетілді, ал 1995 жылғы 4 тамыздан бастап жойылды. Оған бір мезгілде
теңгенің АҚШ долларына қарағанда құнсыздану қарқынының төмендеуі, теңгеге
деген сенімділіктің артуы, сондай-ақ жаңа анағұрлым кірісті қаржы
құралдарын енгізу себеп болды. Осы жағдайда инфляция қарқынын және
құнсыздану күтулерін бұдан әрі төмендету мақсатында реттелетін құбылмалы
айырбастау бағамы режиміне көшу туралы шешім қабылданған болатын.
1996 жылы қабылданған Валюталық реттеу туралы Қазақстан
Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық
операциялардың нақты тізбесі айқындалды. Капиталды әкетуді көздейтін
капитал қозғалысына байланысты операциялар лицензиялауға жататын болды,
ал әкелу бойынша операцияларды тіркеу статистикалық есепке алу мақсатында
жүргізілді және қандай да болмасын шектеулер қойылған жоқ.
Сол кезде Қазақстанда капитал қозғалысы операцияларына шектеулерді
сақтау қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстардың ішкі көздерінің
біршама тапшылығы болуымен түсіндіріледі.
1998 жылғы Ресей қаржы дағдарысының салдары теңгенің құнсыздану
қарқынын жылдамдатуға және әсіресе қолма-қол шетел валютасы нарығында
теңге бағамының күрт ауытқуына әкелді. Бұл ретте Қазақстанның сауда әріптес
елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық валютаның біршама құнсыздануы
теңгенің нақты көрсетілімде қымбаттауына және қазақстандық экспорттың
бәсекелестік позициясын төмендетуге әсер етті. 1999 жылы сәуірде теңгенің
шетел валюталарына еркін құбылмалы айырбастау бағамы режимін енгізу қаржы
нарығының теңбе - тең жағдайын қолдау қажеттілігін талап етті, осының
нәтижесінде Ұлттық Банк экспортерлер үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсету) экспортынан 50% түсімді міндетті түрде сату туралы
міндеттемелерді белгілеу практикасын қайта қолданды. Осымен бір мезгілде
жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңге салымдарын сақтау және
зейнетақы қорларының теңгелік активтерін сақтау жөнінде шаралар
қабылданды.
Мұның бәрі түпкілікті нәтижеде шетел валютасының валюта нарығындағы
ұсынысының өсуіне және дағдарыс жағдайынан шығуға әсер етті, осы әлемдік
тауар нарықтарындағы қолайлы жағдай 1999 жылғы қараша айының өзінде-ақ
экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы талапты жоюға мүмкіндік
берді [3].
1999 жылдан кейін валюталық реттеу тетігін жетілдіру валюталық
операцияларды жүргізу және балама заңнамалық әрі нормативтік ортаны
қалыптастыру тәртібін ырықтандыру бағытында жүзеге асырылды. Валюталық
бақылау мына бағыттарда жүргізілді: экспорт-импорт валюта бақылауы; қолма-
қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына бақылау жасау; капитал
қозғалысына байланысты операцияларға бақылау жасау; валюта нарығы
субъектілерін инспекциялау.
2003 жылы қалыптасқан валюталық реттеу жүйесіне ағымдағы операцияларға
шектеулердің жоқтығы, пруденциалдық реттеу жүйесін белсенді жетілдіру және
келісімі қажет мемлекеттік органдардың тізбесін қысқартумен халықаралық
операцияларға лицензия беру үдерісін реттеу тән. 2002 жылы әзірленген
Валюта режимін ырықтандыру тұжырымдамасында (ҚРҰБ Басқармасының
11.09.2002ж. № 369 қаулысымен мақұлданған) капитал қозғалысына валюталық
шектеулерді толық жоюды және 2007 жылы ағымдағы және күрделі операциялар
бойынша теңгенің толық айырбасталуына көшуді болжайтын валюталық режимді
кезең-кезең бойынша ырықтандыру ұсынылған болатын.
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру үдерісі 2003
жылдан бастап белсенді фазаға кірді және негізінен қаржы секторын
пруденциалдық реттеуді жетілдірумен бірге капиталдың әкетілуіне шектеулерді
алып тастау арқылы жүзеге асырылды.
Валюталық режимді ырықтандырудағы басымдылықтар мен жүйелілік тек
экономикалық факторлармен ғана емес, әлеуметтік-саяси факторлармен де
айқындалды [4].
Республика аумағында ірі мұнай - кен орындарының ашылуы шетел
инвестициялары және экспорттан түсетін түсім нысанында капитал келуінің өсу
қарқынын ұлғайтты және тездетті, ал шетелдік қатысуы бар ірі инвестициялық
жобаларды іске асыру инвесторлардың пайдасы және тауарлар мен қызмет
көрсету импорты үшін ақы түрінде капиталдың әкетілуінің өсуін ынталандырды.
Қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ауқымды ырықтандыру жағдайында
қолданылатын реттеуші шаралардың тиімділігі көбіне капиталдың жинақталуына
кері теңестіріледі, бұл қаржы ағындарының үлкен көлемін реттеудің жаңа
тәсілдерін әзірлеу қажеттілігін айқындады.
Реттеудің жаңа тетіктерін әзірлеу және халықаралық қаржы ресурстарын
пайдалану тиімділігін арттыру сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік
экономикаға интеграциясы және елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін
қажетті шарт болып табылады.
Қазақстанда валюталық реттеу жүйесі қалыптасқаннан бері валюталық
шектеулер тек капиталдың елден әкетілуіне ғана белгіленген болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы артық валюталық
ұсыныстардың тек бір бөлігін айықтыруды қамтамасыз етті, сондықтан капитал
ағындарын реттеудің негізгі міндеті резиденттердің инвестициялық сападағы
шетел активтеріне салымдарын, оның ішінде резиденттердің инвестициялық
кірістерін ұлғайту мақсатында ынталандыру, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы және
елдің жалпы экономикалық дамуы үшін елге шетел капиталының артық келуіне
байланысты тәуекелдерді барынша азайту болды.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Валюталық реттеу және
валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Заңының нормалары арқылы
мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:
- экспорт-импорт мәмілелері бойынша белгіленген мерзімде валютаны
қайтару талабы жойылды, қайтару мерзімі келісім-шарт талаптарын ескере
отырып айқындалады;
- капитал қозғалысына, шетелде шоттар ашуға, шетелге инвестицияларға
байланысты операцияларға және бағалы қағаздармен операцияларға лицензиялау
режимі жойылды, тіркеу және хабарлау режимдері шеңберінде ақпаратты беру
бойынша талаптар белгіленді;
- сыртқы сауда мәмілелерін паспортизациялау рәсімдері жеңілдетілген
экспорт-импорт валюта бақылауының жаңа жеңілдетілген сызбасы енгізілді,
артық әкімшілік тосқауылдар және бюрократиялық ауыртпалық элементтері
алынып тасталды;
- резидент-заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу мақсаттарына
шектеулер алынып тасталды.
2007 жылдың басынан бастап валюталық бақылау мынадай негізгі бағыттар
бойынша жүзеге асырылады:
1. Қаржы мониторингі мақсаттары үшін уәкілетті банктер арқылы
валюталық төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде берілетін ақпарат
негізінде валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын
жүзеге асыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау.
2. Сыртқы сауда келісім-шартының талаптарын ескере отырып экспортер
немесе импортер өздігінен белгілейтін мерзімде экспорт бойынша валюта
түсімін және импорттық операциялар бойынша (экспорт-импорт валюта бақылауы)
пайдаланылмаған авансты қайтаруға бақылау жасау.
3. Жасалатын мәміленің сипаты мен мәні туралы ақпаратты алу мақсатында
валюталық реттеу - тіркеу және хабарлау режимдері шеңберінде мәліметтерді
уақтылы және шынайы беруге бақылау жасау.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап теңгенің толық айырбасталуына көшу
теңгенің еркін - айырбасталатын валюта болуы үшін жағдайлар жасады [5].
Сыртқы экономикалық конъюнктураның жылдам өзгеруіне жедел жауап қату
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Валюталық реттеу және валюталық бақылау
туралы Қазақстан Республикасының Заңымен сыртқы күйзеліске жауап
ретінде арнайы шараларды қабылдау мүмкіндігі белгіленді. Елдің экономикалық
қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген
жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті валюталық операцияларды
жүргізуге арнайы рұқсат режимін енгізуге құқылы. Заңмен белгіленген арнайы
рұқсат режимін енгізу талаптары бұл тетікті қолданудың ерекшелігін және
дағдарыс шешілгеннен кейін ырықтандырылған валюталық режимге қайта оралу
міндеттілігін нақты көрсетеді.
Республикада ырықтандыру бағдарламасы аяқталды және ол:
- валюталық заңнаманың талаптарын орындауға байланысты сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың шығасыларын төмендетуге;
- қазақстандық капиталдың шетелге өктемділігін ынталандыруға;
- валюта бағамының, тауарлық бағалардың және пайыздық ставкалардың
өзгеруіне байланысты тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын анағұрлым белсенді
пайдалануға әкелді.
Осылайша, біздің республикамыз тәуелсіздік алған және валюталық нарық
құрылған сәттен бастап валюталық реттеудің негізгі мақсаттарына қол
жеткізуде, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздің төлем балансын нығайту, ұлттық
валюта және ішкі валюталық нарықтың даму тұрақтылығы бөлігінде, маңызды
қадамдар жасалды. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға бұдан
әрі интеграциясы үшін негізгі қажетті жағдайлар жасалды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар жүргізу
ерекшеліктері
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында
тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық
операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға
ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде
шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және
шығару операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді.
Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі
валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды
қамтиды.
Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге
асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында
ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық
валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және
сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады[6].
Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе)
аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент
емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат
(жеке тұлғалар – шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер
болса;
3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы
куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге
жататын резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат
бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
4) міндеттемелердің орындалғанын растайтын не соның негізінде
орындалуы қажет құжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер
бойынша).
5) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық
органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу
есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не
өзгерген жағдайда;
6) валюталық шарт;
7) тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;
8) мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар
(жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер
бойынша);
Мәміленің жағдайларын нақтылау және операцияны және оның қатысушыларын
жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ
уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай құжаттарын ұсынады.
Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін құжаттарды
және мәліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы
Тіркеу, хабарлау немесе мәміле паспортын ресімдеу талаптары
айқындалған валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе)
аударымдары үшін валюталық шартты ұсыну міндетті.
Резиденттердің және резидент еместердің банк шоттары бойынша он мың
АҚШ долларынан аспайтын сомада ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізу
кезінде:
1) ақша төлемін және (немесе) аударымын резидент емес жүзеге асырған;
2) ақша төлемін және (немесе) аударымын резидент жүзеге асырған және
ақша жіберуші (алушы) резиденттер аударуға берілген тапсырмада (өтініште)
осы ақша төлемінің және (немесе) аударымының тіркеу куәлігін, хабарлама
туралы куәлік алу немесе паспортты ресімдеу талап етілетін валюталық
операцияларды жүзеге асыруға байланысты емес екенін көрсеткен жағдайларда
валюталық шартты ұсыну талап етілмейді.
Ақша аудару (ақша алу) үшін берілген тапсырмада (өтініште) көрсетілген
шынайы емес деректер ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға)
жүктеледі. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы АҚШ долларынан өзгеше
болса, төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы операция жүргізу
күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.
Резидент тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап
етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе)
аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай құжаттардың
түпнұсқасын және көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері
уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Резидентте
хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі
туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді.
Бұл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на
дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде
хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша
жүргізілген операциялар туралы белгіленген нысан бойынша есеп береді.Тіркеу
куәлігі талап етілетін валюталық операция жүргізу нәтижесінде алынған ақша
резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу
куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны резиденттің
банктік шотына ол тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді [7].
Уәкілетті банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып
резиденттердің (резидент еместердің) валюталық операциялары бойынша
жасалатын ақша төлемдері және (немесе) аударымдары көрсетілген құжаттарды
уәкілетті банкке алдын ала ұсынбай жүзеге асырылады. Егер Көрсетілген
құжаттар уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылады.
Резидент заңды тұлға корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана
отырып валюталық операциялар бойынша сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан
асатын ақша төлемін және (немесе) аударымын жүргізген жағдайда, резидент
заңды тұлға уәкілетті банкке валюталық шартты ұсынады. Резидент заңды тұлға
көрсетілген құжатты жоғарыда көрсетілген операциялар жүргізілген күннен
бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынады [8].
Егер төлем және (немесе) аударым валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса,
төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы операция жүргізу күнгі
валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.
Жеке тұлғада талап етілетін валюталық операциялар бойынша құжаттарды
ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті банк ақша төлемін және
(немесе) аударымын (ақша беруді немесе сепке алуды) жеке тұлға осындай
аударымның мақсатын көрсеткен кезде және ақша аударуға (ақша алуға)
тапсырмада (өтініште):
1) уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы
ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі
бойынша беруге рұқсат ететін;
2) осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу
куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап
ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместігін
растайтын (резидент жеке тұлғалардың аударымдары үшін);
3) осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның кәсіпкерлік
қызметіне байланысты еместігін растайтын (жеке тұлғалардың уәкілетті банкте
шоттар ашпайтын аударымдары үшін) жазбалар болған жағдайда ғана жүзеге
асырады.
Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы
емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға)
жүктеледі.
Осы тармақтың ережелері уәкілетті банктің төлем карточкасын пайдалана
отырып жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүзеге асырылатын ақша
төлемдеріне және (немесе) аударымдарына қолданылмайды [9].
Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін
(қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына жеке тұлғалар күнтізбелік
ай ішінде жүзеге асырған мынадай операциялар туралы:
1) егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының сомасы он мың АҚШ
долларынан асқан болса, уәкілетті банкте шот ашпай жүргізілген ақша төлемі
және (немесе) аударымы туралы;
2) егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының сомасы елу мың АҚШ
долларынан асқан болса, банк шоттары бойынша белгіленген тәртіппен
жүргізілген ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы;
3) егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының не ақша алудың сомасы
он мың АҚШ долларынан асқан болса, уәкілетті банктің төлем карточкасын
пайдалана отырып жүргізілген валюталық операция бойынша ақша төлемі және
(немесе) аударымы не ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алу туралы ақпарат бар
есеп ұсынады.
Егер ақша төлемінің және (немесе) аударымының не ақша алудың валютасы
АҚШ долларынан өзгеше болса, төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы
операция жүргізу күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана
отырып есептеледі [10].
Уәкілетті банктер арқылы резиденттердің және резидент еместердің
міндеттемелерін орындау есебіне резидент үшінші тұлға валюта операциялары
бойынша жүргізетін ақша төлемдері және (немесе) аударымдары резидент үшінші
тұлға мен оның атынан ақша төлемдері және (немесе) аударымдары жүзеге
асырылатын тұлғаның арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын анықтайтын
шартты ұсынған жағдайда, егер бұл осының негізінде осындай ақша төлемдері
мен аударымдарының орындалуы жүзеге асырылатын валюталық шартта
көрсетілмесе, жол беріледі.
Резидент жеке тұлға төлемді және (немесе) аударымды басқа жеке
тұлғаның міндеттемелерін орындау есебіне жасаған жағдайда, жоғарыда
көрсетілген шарттың орнына ақша жіберуші міндеттемелерін орындау есебіне
төлем жүзеге асырылатын тұлғаның жұбайы немесе жақын туысы болып
табылатынын растайтын құжат ұсынылуы мүмкін. Шетелдік банктердегі резидент
еместердің шоттарынан резиденттердің міндеттемелерін орындау есебіне
жүзеге асырылатын резиденттің валюталық операциялары бойынша ақша төлемдері
және (немесе) аударымдарына мынадай жағдайларда:
1) резидент резидент еместен алған қаржылық заемды үшінші тұлғалардың
шотына есептеуге;
2) бағалы қағаздар нарығында резидентке ол тіркелген мемлекеттің
заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
құқығы бар резидент еместің қаржылық қызмет көрсетуіне;
3) резидент еместің тапсырма шарты бойынша резидентке қызмет
көрсетуіне жол беріледі.
Резиденттер және резидент еместер ішкі валюта нарығында мақсат бойынша
шектеусіз және валюталық шартты және (немесе) орындалуы үшін шетел
валютасын сатып алу және сату операциялары жасалатын басқа да құжаттарды
ұсынбай шетел валютасын сатып ала алады және сата алады.
Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы сатып алуға арналған өтінімдерді
ресімдеген кезде уәкілетті банктерді және уәкілетті ұйымдарды қоспағанда
резидент заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алу мақсатын көрсетеді.
Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы ұлттық валютамен сатып алуға
немесе сатуға арналған өтінімдерді ресімдеген кезде резидент емес заңды
тұлғалар шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді. Заңды
тұлғалар сатып алған шетел валютасын өтінімде көрсетілгеннен өзгеше
мақсатта пайдаланылуына болады. Жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі
өздерінің банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алу мақсаты бойынша
шектеусіз алады [11].
Заңды тұлғалар көрсетілген жеке тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру
мақсатында өзінің банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде
уәкілетті банкке жалақы төлеу не іссапар шығыстарын төлеу жүргізілуін
негіздейтін және осы қолма-қол шетел валютасы сомасының тек осы мақсаттар
үшін ғана алынатынын растайтын құжаттар ұсынады. Осындай құжаттар ретінде
бұйрық, өкім, шешім, іссапар шығыстарының сметасы ұсынылуы мүмкін [12].
Қолма-қол шетел валютасы корпоративтік төлем карточкасын пайдалана
отырып алынған жағдайда, көрсетілген құжаттар уәкілетті банкке осындай
алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Заңды тұлғалар қызметкерлерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге бұрын алынған
қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігі қызметкерлерді іссапарға
жіберу мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде заңды тұлға
уәкілетті банктегі өзінің банктік шотына міндетті есептеуге жатады.Тіркеу
куәлігі, хабарлама туралы куәлік жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Банк
болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) тіркеуге және
(немесе) осы филиал (өкілдік) жүзеге асыратын валюта операциясы туралы
хабарлай отырып өтініш берген кезде тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама
туралы куәлік резидент заңды тұлғаға тиісті филиалды (өкілдікті) көрсете
отырып беріледі. Одан әрі осы операциялар бойынша филиал (өкілдік) есепті
ұсынады.
Банк филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операциялары туралы
хабарламамен банк өтініш береді.
Резиденттер тіркеу және (немесе) хабарлау орны бойынша валюталық
шартты қолданылу кезінде туындайтын оның барлық өзгерістері мен
толықтырулары туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен
бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды [13].
Валюталық шартты қайта тіркеу және (немесе) хабарлама туралы жаңа
куәлік алу бұрын берілген тіркеу куәлігінде және (немесе) хабарлама туралы
куәлікте көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі:
1) валюталық шарттың жалпы сомасының ұлғаюы;
2) валюта шартының валютасы;
3) валюталық шартқа қатысушылар, сондай-ақ олардың сәйкестендіру
деректері (аты-жөні немесе фирмалық атауы) өзгерген;
4) валюталық шарттың мәні;
5) валюталық шарттың қолданылу мерзімі – қысқа мерзімдіден (бір жыл
және одан аз) ұзақ мерзімдіге (бір жылдан артық) өткен кезде;
6) резиденттің тұрғылықты жері (тұратын орны) – басқа облысқа көшкен
кезде;
7) резидент еместің тұрғылықты жері (тұратын орны) – басқа елге көшкен
кезде (жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның тіркелу
елінің өзгеруі).
Тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік мына жағдайларда күші жойылды
деп саналады:
1) валюта операциясы заңнамада белгіленген тәртіппен күші жоқ деп
танылса;
2) валюталық шарт қайта тіркелген және (немесе) хабарлама туралы жаңа
куәлік берілген кезде;
3) тікелей инвестицияға тіркеу куәлігін (хабарлау туралы куәлікті)
алған резидент тікелей инвестор және (немесе) тікелей инвестициялау
объектісі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Ұлттық Банк тараптар
міндеттемелерін толық тоқтатқаны туралы резиденттің жазбаша хабарламасын
алғаннан кейін;
4) Ұлттық Банк резиденттің активтерге иелік ету аяқталғаны туралы
жазбаша хабарламасын алғаннан кейін;
5) Ұлттық Банк резиденттің шетел банкіндегі шоттың жабылғандығы
туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін;
6) Ұлттық Банк валюталық шарт тараптарының резиденттілігі өзгергені
туралы резиденттің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін, оның нәтижесінде
операция валюталық реттеу режиміне тап болмай қалған жағдайда.
Валюталық реттеу режимі мыналарға қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы заемдары, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кепілі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар
туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдер шеңберінде жүзеге
асырылатын операциялар;
2) мәміле паспорттарын ресімдеу талап етілетін экспортпен (импортпен)
байланысты коммерциялық кредиттер;
3) резидент еместердің қайталама нарықта басқа мемлекеттердің
заңнамаларына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент
эмитенттердің бағалы қағаздарын (резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына
шығарылған депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;
4) резиденттердің қайталама нарықта Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған резидент емес эмитенттердің бағалы қағаздарын
(Қазақстандық депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда) сатып алуы;
5) резидент еместердің Қазақстан Республикасында шығарылған
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;
6) банктердің туынды қаржы құралдарымен жүргізілген өз операциялары;
7) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүзеге асырылатын
валюта операциялары;
8) банктер резидент еместерге 180 күннен асатын мерзімге берген
коммерциялық кредиттер және қаржылық заемдар.
Егер валюталық шартқа қол қою күні (ол болмаған жағдайда – күшіне
енген күні) осындай шарт бойынша жүзеге асырылатын операцияларға валюталық
реттеу режимдерінің қолданылуын айқындау үшін қажетті сома және (немесе)
өзге де жағдайлар болмағанда валюталық реттеу режимдерінің операцияларға
қолданылуы резиденттердің және резидент еместердің валюталық шарт бойынша
міндеттемелерінің нақты орындалуын негізге ала отырып айқындалады.
Коммерциялық кредиттер мен қаржылық заемдар жағдайында, егер 180
күннен астам мерзімге жасалған валюталық шарт шеңберінде тауарлар (жұмыс,
қызмет көрсету) экспортын немесе импортын және (немесе) төлемдерді бөліп-
бөліп жүзеге асыру әрқайсысы бойынша міндеттемелер 180 күннен аспайтын
мерзімде орындалатыны көзделсе, валюталық операция тіркеуге, хабарлауға
жатпайды.
Тараптардың коммерциялық кредиттер бойынша нақты орындалған
міндеттемелері бойынша әрбір келесі төлем (жеткізу) неғұрлым ертерек күнмен
жүзеге асырылған жеткізу (төлем) бойынша берешекті өтеу есебіне есептеледі.
Төлемнің (жеткізудің) қалған бөлігі келесі төлем (жеткізу) бойынша
берешекті өтеу есебіне есептеледі.
Жеткізу (төлем) бойынша берешекті толық өтеу кезінде коммерциялық
кредиттер және қаржылық заемдар бойынша тіркеу және хабарлау мақсаты үшін
180 күнді есептеудің басталуы ол бойынша өтелмеген берешегі бар келесі
жеткізу (төлем) күніне ауысады. Берешек сомасын есептеу барлық жеткізулер
(төлемдер) бойынша ол бойынша берешегі бар валюталық шарт шеңберінде 180
күннен кем мерзімге берешекті қоса алғанда, барлық жеткізулер (төлемдер)
бойынша жүргізіледі [14].
Өзге валютада көрсетілген және шарт бойынша есеп айырысуларды жүзеге
асыру үшін АҚШ долларына қатысы бойынша айырбастау бағамына нұсқауы жоқ
шарттар бойынша АҚШ долларындағы валюталық шарт сомасының баламасын
айқындау үшін соманы қайта санау валюталық шартқа қол қойылған күнгі (ол
болмаған жағдайда – күшіне енгізілген күнгі) валюта айырбастаудың нарықтық
бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Есеп айырысуды жүзеге асыру үшін өзге валютада көрсетілген және АҚШ
долларына қатынасы бойынша айырбастау бағамына нұсқаулары жоқ валюталық
шарттар бойынша нақты орындалған міндеттемелер сомасының АҚШ долларындағы
баламасын айқындау үшін соманы қайта санау операцияларды жүргізу күнгі
валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Ұлттық Банк келісілген тәртіппен банкке, салық қызметі органдарына
берілген және күші жойылған тіркеу куәліктері, хабарлама куәліктері туралы
ақпарат ұсынады.
Уәкілетті банктер ай сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына
дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына белгіленген нысан
бойынша тіркеу куәлігі, заңды тұлғаларға (банктерді қоспағанда), сондай-ақ
жеке тұлғаларға хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шарт бойынша
қаражаттың қозғалысы туралы есеп ұсынады.
Резидентке тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің түпнұсқасы
жоғалған кезде ол өтінішпен хабарласқан жағдайда жоғалған құжаттың
дубликаты беріледі [15].
Резидент дубликатты алу үшін тіркеу немесе хабарлау орны бойынша
жоғалту себебі мен жағдайын көрсете отырып, өтініш береді. Ұлттық Банк
өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дубликатты ресімдейді
және береді. Дубликат бастапқы тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы
куәліктің бастапқы нөмірімен және күнімен Дубликат деген сөзді және
дубликат берілген күнді көрсете отырып беріледі.
Тіркеуді, хабарлама туралы растауды Ұлттық Банк тарапынан тиісті
валюталық операциялар (валюталық шарттар) бойынша қатысушылардың
міндеттемелеріне қатысты қандай да болмасын міндеттеме алмай Ұлттық Банк
жүргізеді. Тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің болуы Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзғаны үшін
жауапкершіліктен босату үшін негіз болып табылмайды.Валюталық реттеу
режимдерінің шеңберінде ұсынылатын және (немесе) тиісті есептерде
көрсетілетін мәліметтердің шынайылығына бақылау жасау мақсатында және
(немесе) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша резидент Ұлттық Банкке валюталық
шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын
растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) төлем жүргізу не тауар жеткізудің (жұмыс, қызмет көрсету), сондай-
ақ активтерді берудің негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелері (төлем
құжаттарының, жүк кеден декларацияларының, шот фактуралардың және
басқаларының көшірмелері);
2) уәкілетті банктің ақша төлемдері мен аударымдары жүргізілгені
туралы анықтамасы;
3) мәміле бойынша тауарлар қозғалысы (экспорт, импорт) туралы кеден
органының анықтамасы;
4) мәміле паспортының көшірмесі;
5) шетел банкінің жүргізілген төлемдер туралы және шетел банкіндегі
шоттың жағдайы туралы үзіндісі;
Мынадай жағдайларда:
1) мүліктің (қаражаттың) Қазақстан Республикасына түсуін және (немесе)
резидентте мүлікті (қаражатты) резидент емеске қайтару міндеттемелерінің
туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы бес жүз мың АҚШ
долларынан асып кеткенде;
2) Қазақстан Республикасынан қаражат аударуды (мүлікті беруді) және
(немесе) резидентте мүлікті (қаражатты) резидент еместің қайтаруы
талаптарының туындауын көздейтін валюта операциясының сомасы баламасы бір
жүз мың АҚШ долларынан асып кеткенде валюта операцияларын тіркеуді жүзеге
асырады.
Валюталық шартты тіркеу үшін валюталық шарттың резидент қатысушысы
жеке тұлға өзінің тұрғылықты жері бойынша және заңды тұлғаның мекен-жайы
бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.
Резиденттер тіркеу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) валюталық шарттың тігілген және қол қойылған (жеке және заңды
тұлғалар үшін) және мөрмен бекітілген (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі. Егер
валюталық шарт шетел тілінде жасалса, онда оның мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі аудармасы ұсынылады;
3) жеке тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны
жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды
тұлғалар үшін);
5) алынып тасталды;
6) салық салушының мемлекеттік тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және
тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Валюталық шартты қайта тіркеу кезінде егер олар Ұлттық Банкке соңғы
ұсынған сәттен бастап өзгермесе, аталған құжаттар қайтадан ұсынылмайды.
Мына валюта операциялары тіркеуге жатпайды:
1) банктердің өз операциялары;
2) резидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың
негізінде немесе резидент басқарушы компаниямен жасалған инвестициялық
портфельді басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын резидент емес
(резидент) эмитенттердің бағалы қағаздарымен резиденттердің (резидент
еместердің) операциялары;
Қаржылық заемдар мен коммерциялық кредиттерді тіркеуге арналған өтініш
көрсетілген қосымшаның жалпы бөлімін және 1-бөлімін толтыра отырып,
белгіленген нысан бойынша ұсынылады.Резидент алынған тіркеу куәлігі бойынша
тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда),
белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге
ұсынады.Қаржы заемы шарты бойынша қаражатты игеру және берешекті өтеу
болжамын нақтылау мақсатында Ұлттық Банк келтірілген нысан бойынша ақпарат
сұратады [16].
Тікелей инвестор болып табылатын резидент (банктерді қоспағанда)
активтерге иелік етуі аяқталғанға дейін алған тіркеу куәлігі бойынша тоқсан
сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда),
белгіленген нысан бойынша есепті валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады.
Тікелей инвестициялау объектісі болып табылатын резидент (банктерді
қоспағанда) резидент емес инвестордың активтерге иелік етуі аяқталғанға
дейін алған тіркеу куәлігі бойынша тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі
айдың 10-на дейін (қоса алғанда), белгіленген нысан бойынша есепті
валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады. Өзге жағдайларда резиденттер алған
тіркеу куәлігі бойынша міндеттемелерді тоқсан сайын, есептік кезеңнен
кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) белгіленген нысан бойынша есепті
валюталық шартты тіркеген жерге ұсынады [17].
Зияткерлік меншік объектілеріне айырықша құқықты толық сатып алуға,
ақша және бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындау үшін басқа
мүлік беруді тіркеуге өтініш белгіленген нысан бойынша ұсынылады.Резидент
алынған тіркеу куәліктері бойынша тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі
айдың 10-на дейін (қоса алғанда) белгіленген нысан бойынша есепті валюталық
шартты тіркеген жерге ұсынады.

1.3 Валюта операциялары және валютаны бақылау режимдері

Банктер Ұлттық Банктің орталық аппаратына электрондық түрде
хабарлайды. Тиісті хабарлама және Ұлттық Банктің электрондық хабарламаны
қабылдағаны туралы электрондық растамасының көшірмесі қағазға басылып
банкте сақталады. Ұлттық Банк электрондық түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Коммерциялық банктердің валюта операциялары
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Қр-ғы валюталық операциялар жайлы
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Валюта жүйесі
Пәндер