Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БІР САЛАЛЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартудың теориялық негіздері . . . 7
1. 2. Бір салалы қалаларды дамытуды басқарудың әдістемелік негіздері . . . 15
1. 3 Бір салалы аумақтарды дамыту институттарын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 21
2 ҚАЗАҚСТАНДА БІР САЛАЛЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 28
2. 1 Бір салалы қалалардың даму ерекшеліктері . . . 28
2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының кіші және моноқалалары . . . 36
2. 3 Бір салалы қалалардың әлеуметтік дамуын талдау . . . 42
3 ҚАЗАҚСТАНДА БІР САЛАЛЫ ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 48
3. 1 Бір салалы қалалардың қысқа және ұзақ мерзімдік даму бағыттарын анықтау . . . 48 Бір салалы қалалардың келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы . . . 55
3. 3 Бір салалы қалаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру тетіктері . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 82
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның көптеген қалалары, соның ішінде шағын, орта және бір салалы қалалары жоспарлы экономика кезеңінде құрылған. Сол кезеңдерде өнеркәсіптік өндірістің қарқынды дамуы және тыңайған жерлерді игерумен байланысты дамыды. Осы себептердің негізінде қалаларды екі мақсатты атқарымдық түрге: индустриалды және индустриалды-аграрлық деп екіге айыруға болады. Шағын қалалардағы тұрғындардың өмір сүру тәсілдері мен негізгі түрлерін айқындауда осындай бөліп қарастыру маңызды деп түсіндірілді.
Қазақстанның шағын және бір салалы қалаларды дамыту және оның экономикалық қалыптасуына ғылыми талдау жасау ерекше маңызды.
27 қаңтар 2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке біртекті қалаларды дамыту және жергілікті басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
«Үкіметке агломерацияны дамыту бағдарламасын қабылдау қажет бір салаға немесе бір кәсіпорынға тәуелді шағын қалаларды дамыту бұл басқа бір мәселе» [1] . Сонымен қатар Елбасы шағын қалаларды дамытудың мақсатты бағдарламасын әзірлеуді, яғни нақты қала экономикасын әртараптандыру және әлеуметтік сфераны дамытудың іс-шараларын қарастыруды нақты тапсырды.
Шағын және бір салалы қалалардың мәселелерін шешуде кешенді іс-әрекеттер керек. Біріншіден, көбінде олар әлеуметтік-аумақтық құрылым ретінде қалыптасады. Екіншіден, оларда тәжірибе көрсеткендей, үлкен қалалардағы сияқты көп атқарымдық деңгейде емес, экономикалық және әлеуметтік сфера арасындағы қарама-қайшылықтар мен үйлеспеушіліктердің нақты бедерлі пішімінде, ал үшіншіден олардың қалыптасуы мен дамуында әлеуметтік-экономикалық факторлар интеграциялық түрде үлкен қала орталықтарымен, ауылдық аудандармен өзара байланыс деңгейімен айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Кешенді тәсілдерді қолдану арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейіндегі өзгерістерді ескере отырып, оларды дамытудағы келеңсіз жағдайлардың алдын ала отырып, болашақта іс-шараларды іс жүзіне іске асыруға мүмкіндіктер береді.
Аймақтағы қалыптасқан базалық салалардың әсерінен және оның құрамдас бөлігін құрайтын кәсіпорындардың ықпалынан шағын қалалар құрылады және дамиды. Еңбек қызметтерін сфера бойынша бөлу тұрғындардың әлеуметтік-кәсіптік құрамын құрауда әлеуметтік-экономикалық шарттар мен факторлар олардың функционалдық бағыттылығын анықтайды.
Дегенмен, қазіргі уақытта отандық және шетелдік теориялар мен тәжірбиеде шағын және бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әлі де жетілдіру қажет. Бұл зерттеулерді толыққанды тереңдетіп жүргізу қажет. Көбінде жергілікті басқару қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері, қала экономикасын әртараптандыру шешілмеген, сондай-ақ біртекті қалалардың даму стратегиясын жүзеге асыру мониторингінің әдістемесін дамытуды талап етеді. Қалақұраушы кәсіпорындардың құрылымдық өзгертуде, кешенді стратегиясын жасауда теориялық және әдістемелік аспектілерін әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Аса ғылыми және тәжірибелік маңызы бар мәселелердің шешілмеуі, бір салалы қалалардың дамуын тиімді басқару жалпы және аймақ көлемінде экономика үшін, жалпы жиынтық бойынша аймақтың экономикасына әсері туралы ізденіс зерттеудің маңыздылығын айқындайды.
Аймақтағы шағын және біртекті кәсіпорындардың болуы экономикаға оң әсерін тигізеді, ал моноқалалардың болуы белгілі бір дәрежеде қауіпті.
Қазіргі таңда Қазақстанда 27 елді мекен моноқала мәртебесіне ие. Олардың көпшілігі дағдарыстың әсерінен жапа шекті. Сондай-ақ жалпы Қазақстан моноқалаларының жалпы саны 1, 53 млн адамды, немесе қала халқының 16, 8% құрайды. Олардың ішінде 16 қала тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары, ал 11 аудан орталықтарына жатпайды.
Моноқалалардың құрылуы мен дамуын зерттеу сұрақтары бойынша әр түрлі уақытта ғалымдар жан-жақты пікірлер айтқан. Бір салалы қалаларды интенсивті түрде зерттеу кенестік дәуір кезеңінде белең алған. 1966 жылдан бастап бұрынғы Кеңес Үкіметінің аумағында 500 қаланың іртетасы өндірістік кәсіпорындардың негізінде қаланған.
Дегенмен қазіргі таңда отандық және шетелдік теория мен іс-тәжірибеде қалыптасқан шағын және бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуды басқару мәселелерін әрі қарай жетілдіру қажет. Атап айтқанда, жергілікті органдардың басқару қызметінің қала экономикасын әртараптандыру бойынша тиімділігін бағалаудың қордаланған мәселелері шешілмеген. Бұл бір салалы шағын қалаларды дамыту стратегияларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру әдістемесін дамытуды талап етеді. Қаланы құраушы кәсіпорындарды қайта құрылымдаудың және дамытудың кешенді стратегияларын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін одан ары қарай дамыту қажет. Бұл аса маңызды ғылыми және теориялық мәселелердің шешілмеуі, аймақтың және тұтас елдің экономикасы үшін бір салалы шағын қалаларды дамытуды тиімді басқарудың маңыздылығымен және зерттеу тақырыбының өзектілігімен шарттастырылады.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Батыстың экономика ғылымында қаланың жалпы теориялық даму мәселелерінде экономистер А. Вебер, А. Леша, Ле Корбюзье, Дж. Фридман, А. О'Салливан және басқалардың еңбектерінде «Urban economics» ғылыми бағытына жол салған болатын. Кеңес дәуіріндегі ғылымда қаланы дамыту теориясының негізін қалаушы Л. А. Велихов, ал қаланың даму аспектілері және жеке мәселелері Т. Агафонов, Н. А. Аитов, Н. И. Блажко, М. В. Борщевский, С. В. Григорьев, А. В. Грузинов, А. Э. Гутнов, Г. М. Лаппо, В. В. Финагин және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда қалалардың экономикалық моноорталығы оларды типологиялық топтастыру өлшемдерін құруда үлкен үлес қосқан ғалымдар Н. И. Горин, В. Н. Лексин, В. В. Любовный, А. А. Нещадин, А. Н. Швецов, Р. И. Шнипер және т. б. Мұндай қалаларды дамыту стратегияларын жасаумен Е. Г Анимица, Е. Е. Горяченко, М. Н. Пушкарев, И. Д. Тургель және т. б. сынды ғалымдар айналысты.
Қазақстанда моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен Б. С. Мырзалиев, С. С. Еспаев, Б. А. Жүнісов, С. С. Ыдырыс, Г. Ж. Азретбергенова және тағы басқа ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді нәтижелер беретін зерттеулер жүргізу. Аталған мәселені шешуде мына міндеттер қойылды:
- бір салалы қалаларды басқаруды дамытудың теориялық-әдістемелік басқару негіздерін зерттеу;
- бір салалы аймақтарды дамыту инситуттарын қалыптастырудың әдістемелік негіздерін бағалау;
- Қазақстандағы бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және бір салалы қалалардың экономикалық даму деңгейіне баға беру;
- Қазақстандағы бір салалы қалалар дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ғсыныстар жасау.
Зерттеу пәні. Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік дамуын ғылыми негіздеу барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысаны. Қазақстанның бір салалы қалалары.
Зертттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің методологиялық негіздеріне ҚР заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, теориялық бөлімінде ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БІР САЛАЛЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартудың теориялық негіздері
Қала - өндірістік, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқарушылық, мәдени, көліктік және басқа да (ауылшаруашылығынан басқа) атқарымдары бар өте үлкен елді мекен. Мұнда тұрғындардың көпшілігі ауылшаруашылығынан тыс бөлікте жұмыс атқарады.
Жалпы қазіргі таңда әлем үлкен қалалардың пайда болуына алаңдауда. Ғалымдар бұл үрдісті урбанизация деп атайды. Соңғы жылдары қала туралы ғылымның кескіндері пайда бола бастады. Ежелгі грек философы Аристотель қала тұрғындарының бір алаңда жиналып, бір-бірімен танысып, ой-пікірлерімен және шешімдерімен бөліспеуі үшін әрбір қаланың тұрғынын 10 мың адаммен шектеуді ұсынған.
Шығыстың ойшылы Әл-Фараби әлеуметтік-саясат құрылымы жайлы мінсіз ойларын жетілдіруде қала надан, адамгершіліксіз, алдамшы тұратын тұрғындар ауқаттылықта мен байлықта өмір сүруге қажетті құрал ретінде емес, қалаларда әр-түрлі тұрғындардың өмір сүретін ортасы ретінде қарастырады. Үлкен қалаларды орталықсыздандыру идеясын алғашқы болып ағылшын ғалымы Эбенезер Говард (1850-1928жж. ) өзінің «Қалалар - болашақтың бағы» атты ғылыми еңбегінде ұсынған. Осындай қалаларға үлкен қалалардағы тұрғындар, яғни, тұрғын үйдің шарттарынан сығылған, ластанған ауа-райы мен шудан құтылғысы келетін тұрғындар қоныстанады деп ойластырған.
Утопиялық социализмнің өкілі Т. Мор (1478-1535) «Мемлекеттің жақсы орналасуы туралы» атты кітабында қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты жойып, ол жердегі тұрғындарды тепе-теңдікте қоныстандыру идеясын ұсынған. Коммунистік утопияны құрушы Т. Кампанелла (1568-1639) «Күн қала» еңбегінде ойдағыдай қала тұжырымдамасын ұсынып, ол жерде жекеменшік болмайды және жалпы еңбек басқарады деп қарастырған. Қоныстандырудың одан кейінгі мәселелері бойынша Ж. Ж. Руссо (1712-1778 ж. ж. ), социалист-утопистер Р. Оуэн (1771-1858 ж. ж. ), Ш. Фурье (1772-1837 ж. ж. ), Э. Кобе (1778-1855 ж. ж. ) және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Ауыл мен қаланың қоныстануы бойынша қарама-қайшылықтардың шиеленісуі мәселелеріне шетелдік әлеуметтанушылар, экономистер, философтар және басқа да ғалымдар көңіл бөлген.
Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша, еліміздің аймақтары мен қалаларын дамытудың кең ауқымды жұмыстар бағдарламасын Қазақстан Президенті өзінің халыққа Жолдауында атап көрсетті. Қала - үлкен ғылыми-өндіріс ошағы, сондай-ақ инновациялық және технологиялық байланыстардың орталығы. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі қалалардың индустриалды-инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануына, дұрыс таңдалынған стратегия мен бағытты анықтауына және олардың дамуына тәуелді. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру ҒТП шарттарында қалаларды реттеуде, соның ішінде үлкен қалалардың өсуін шектеу, шағын және орташа қалалардың экономикалық белсенділігін арттыру аймақтарды дамытудағы және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктеріне атсалысады.
Әлемде қала тұрғындарының үлесі аса жылдамдықпен өсуде. Тек 1990 жылы АҚШ тұрғындарының 75% қала типті елді мекендерде қоныстанған, ал бұл көрсеткіш 1800 жылы небәрі 6% құраған болатын. Мұндай қарқынды урбанизация өндірістік революциямен тығыз байланысты, сондай-ақ техникалық прогрестің де үлкен әсері болды [2, б. 1] .
1943 жылы американдық ғалым Чонси Д. Гаррис АҚШ-тың алғашқы 1940 жылғы санақ бойынша 25 мың тұрғыннан асатын 377 қаланың классификациясын әзірлеген [3, б. 86-99] . Біршеше жылдан кейін де ол, КСРО-дағы қалалық елді мекендерінді классификациялауда осы әдісті қолданған болатын [4, б. 107-121] .
КСРО-да социализмнің жеңісінен кейін, тұрғындардардың жер игеруден бас тартуы және индустриалды тұрғындардың өсуі, әсіресе қала тұрғындарының саны артты. 1917 жылы қала тұрғындарының саны жалпы ел тұрғындарының 18%-ын құрады, 1959 ж. - 48%, 1970 ж. - 56%, КСРО-ның құлау кезеңінде - 66%. Жалпы КСРО-да (20 мың тұрғыннан кем) шағын қалалар басым болды: жалпы қалалар құрамындағы олардың үлесі 50% шамасында [5, б. 9] . Қазіргі таңда Ресейдің қалаларында тұрғындар саны 73%, ал Европада қала халқы 90%-ды, жалпы әлемде 50% құрайды. БҰҰ-ның болжамы бойынша « қала » түсінігінің ұлттық шекті мәні 2025 жылға қарай, жалпы әлемдегі тұрғындардың 61%-ын (5065 млн. адам) құрайтын болады [6, б. 8] .
Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, көп мемлекеттердің нарықтық экономикасы урбанизация үрдісін жаңа белеске шығарды. Әрбір мемлекеттегі қала тұрғындары Германияда - 90%, Швецияда - 83%, Аргентинада - 83%, Уругвайда - 82%, Австралияда - 75%, АҚШ-та - 80%, Жапонияда - 76%. Миллионер қалалармен қатар агломерациялар немесе мегаполистер тез арада өсуде.
Мегаполис ( мegas - большой + рolis - город ) - бірнеше қалалық агломерациялардың қосылуының негізінде пайда болатын үлкен қалалар.
Қазіргі таңда әлемде 20 алып агломерациялар мен мегаполис-қалалар бар, ал 1900 жылы осы сияқты қалалар Лондон мен Нью-Йоркта ғана болған. Мысал ретіндегі мегаполистер: Бостон-Вашингтон 40 мың адам, Лос-Анджелесте (17 млн. ), АҚШ: Сан-Францискода (8 млн. ), Мексика: Мехикода (24 млн. ) Бразилия: Сан-Паулуда (23 млн. ) . Европада маңызды агломерациялар құрылды: ФРГ-де Рейн-Рурск (11 млн. ) ; Ресейде: Москва (10 млн. ) ; Нидерландта Рандстад Холланд (7 млн. ) ; Жапонияда Токиода (60 млн. ), Үндістанда Калькутта (16 млн. ) және Мумбай (15 млн. ) ; Қытай: Шанхай (14 млн. ) .
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде, әсіресе, экономикасы дамыған елдерде, қала халқының саны жалпы халық санының 85-90% құрайды. БҰҰ-ның болжамына сүйенсек, 2020 жылдарға қарай қала тұрғындары жалпы тұрғындардың 55%, ал 2050 жылы жер шарының 85% қала тұрғындары құрайтын болады деп күтілуде.
Кеңес заманындағы әдебиеттерде заманауи қалаларды өзін-өзі басқаратын елді мекен ретінде қарастырып, тұрғындарының саны шартты көрсеткіштерден жоғары болса (мысалы, Францияда - 2 мың, Түркияда - 10 мың, Ганада - 5 мың, Кенияда - 2 мың, Тунисте - 1 мың адам) [7, б. 12] .
Жеке мемлекеттерде (Италия, Чили, Гватемала) қала анықтамасы тағы да көбірек айқындалады. Өлшем сапасына тұрғындардың тығыздығы, құрылыстың қарқындылығы, ауылшаруашылығы саласынан тыс қызметтермен тұрғындардың айналысуы. «Қала» ұғымының түсіндірмесінің көп қырлылы ғына қарамастан, олардың кез келгенінің ішінде тұрғындардың сандық көрсеткіші басты көрсеткіш ретінде қарастырылады.
БҰҰ-ның басылымдарында қалалардың мәліметтерін салыстыру мақсатында агломерациялар алынады, егер олардың тұрғындарының сандық көрсеткіші 20 мыңнан кем болмаса [7, б. 12] . Швецияда егер де тұрғындардың саны 200 мың тұрғынды құраса, ондай елді мекен қала болып саналады, ал Жапонияда - 50 мың тұрғынды құрайды [6, б. 12] .
Қалатану әдебиеттерінде «шағын» немесе «моно» қаланың сандық өлшемін анықтау сұрақтары әлі күнге дейін нақтыланбаған. 1960 жылдардағы Ф. М. Листенгурт, И. М. Смоляр және В. Г. Давидовичтің еңбектерінде 20 мың тұрғыннан аспайтын қалаларды шағын қалалардың қатарына жатқызды. Одан кейінгі жылдары Б. С. Хорев қаланың сандық көрсеткішін 50 мың адамға дейін ұлғайтқан, бірақ 20 мың тұрғыны бар қалаларды ерекше дамытудың қажеттілігін мойындаған.
Бұрынғы Кеңес одағындағы МемҚұрылыстың сол кезеңдегі белгілеуі бойынша, сондай-ақ бұл көзқарас жалпы қалалардың қабылданған классификациясымен сәйкес келді. Кейбір зерттеулерде көрсетілген шекті мәннен көрсеткіштердің асып кеткені туралы да мәліметтер кездеседі. Біздің көзқарасымыз бойынша, белгіленген анықтамалар шартты түрде белгіленуі қажет, себебі шағын қалалардың өткір мәселелері тұрғындардың санының көлемі талабымен анықталмайды.
Урбанизация талаптарының артуына орай еңбек қосымшасы сферасының мазмұны шарттарына сәйкес мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасының талабына байланысты осы көрсетілген мәселелерде өзгеріп отырады.
ТМД бойынша қала мәртебесіне қатысушылар, елдімекен тұрғындарының санының ең төменгі шегін анықтау тетіктері әзірленбеген, осы себептерге байланысты белгілі бір дәрежеде халық шаруашылық және аймақтық заңдылықтар бойынша көрсетілген категориядағы қалалардың ара жігін анықтауда қиындықтар туындауда. Мысалы Ресейде қала халқының ең төменгі сандық көрсеткіші 12 мың адам, ал Украина, Өзбекстан, Молдова, Кырғызстан мен Тәжікстанда - 10 мың адам, Қазақстанда, Латвияда, Арменияда, Түркіменстанда және Эстонияда - 8 мың адам, ал Белоруссияда - 6 мың адам, Грузияда, Азербайжанда - 5 мың адам, Литвада сандық көрсеткіш анықталмаған. Көптеген посткеңестік тәуелсіз мемлекеттерде заңнамада көрсетілген көрсеткіштерден төмен халқы бар қалалар бар.
Бірақ, қазақстандық мамандардың пікірінше, елді мекендерді қалаға айналдыру үшін, тек бір қатарлы емес шаруашылық құрылымы және адамдар арасында интенсивті түрде қарым-қатынаста халықтық әлеует болуы тиіс, тұрғындардың бастапқы саны 20-25 мың адамды құрауы қажет.
Белсенді халықтың пайызының міндетті түрде еңбектің индустриалды түрімен айналысуы міндетті емес. Бұл жерде сол немесе басқа шағын қалалар өндірістерінің экономикалық және аймақтық шарттарына басты назар аудару керек. Мысалы, бір белгіленген шектеуде өндірістік, көлікті-өндірістік, «аграрлық» қалаларды бір деңгейде қарастыруға болмайды. Егер көліктік және агроөндірістік бағытты қалаларға қарағанда, еңбекке белсенді халық еңбектің индустриалды түрімен айналысса, заңды түрде таза индустриалды шағын қалаларда орын алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 27 елді мекен моноқала мәртебесін алған. Олардың көпшілігі дағдарыстан кейін зардап шекті. Жалпы алғанда осы сияқты қалаларда Қазақстанда 1, 53 млн. тұрғын мекендейді немесе еліміздің жалпы қала халқының 16, 8%-ын құрайды. Олардың ішінде 16 қала белгіленген аудандардың әкімшілік орталықтары, 11 қала аудан орталықтары болып саналмайды.
Шағын және бір салалы қалалардағы тұрғындардың өмір сүру шарттары және өндірісті құру процесі қоғамдық еңбек бөлінісі (ауыл, аудан, облыс, республика) деңгейінде белгіленген аймақтарда белгілі жүйеде олардың шарттарының орындалуы, жалпы халық шаруашылық кешендерінде орындалады. Бұл функциялар өндірістің қала құраушы немесе қала құраушы базасын құруда экономикалық мамандану түрінде болады.
Қалақұраушы база ережеге сәйкес, бірнеше (кейде жалғыз) кәсіпорынның іріленуінен тұрады, бұлар өндірістің тиесілі аумақтарда негізгі құрал-жабдықтарын шоғырландырады, осы себепті еңбекке жарамды тұрғындарды өздеріне тартады. Қала құраушы базаның дамуын кешенді түрде қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қорының қамтамасыз етілуіне сәйкес мамандану мазмұны бойынша қаланы жеке жүйе ретінде дамытады.
Жергілікті өндірістерге қызмет ететін шағын кәсіпорындар қалаға қызмет етуші сфераны ғана құрайды, бұлар экономикалық және еңбек ресурсының әлеуеті қала құраушы кәсіпорындармен салыстырғанда шағын болады, сондықтан да қала аумағындағы әлеуметтік дамуға аса әсері жоқ.
Сөйтіп, қалалардың категориясын қарастырғанда қала өндірістік қатынастардың ерекше пласт (түрі), қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде осы қалалардың функционалдық мамандануы ортаға шығады. Шағын қалалар аясындағы аз ғана шағын кәсіпорындар тұрғындарды жұмыспен қамтуда, қызмет беруде монополист ретінде әрекет етеді, сонымен қатар оның әлеуметтік құрылымын «лимиттенген», тарылған түрде алдын ала анықтайды. Ең бастысы осы кәсіпорындардың қорларының есебінен әлеуметтік дамуға, әлеуметтік-инфрақұрылымның қосалқы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сондықтан да шағын және бір салалы қалалардың өмірлік іс-әрекеттері, басқа үлкен қалаларға қарағанда, қалақұраушы базаның атқарымдылығына тәуелді болады.
Бірақ басқа бір тараптан, шағын және моноқала үлкен қалаларға қарағанда әлеуеттік басымдылыққа ие. Оған кіретіндер: қоршаған ортаның ластануының өте төмен деңгейі, өмір ритмінің аса жоғары емес дәрежесі, дағдарысты болдырмайтындай ахуал; жалпы тұрғындардың ортақ қолданатын объектілерін жаяу жүріп пайдалану мүмкіндігі; үзілістік қызметтің белсенділігіне жақсы шарттардың қалыптасуы. Қала халқының өмір сүру салты органикалық тұрғыдан толығуы мүмкін және ішінен ауылдық элементтермен (тұрмыс салты немесе шағын қалалардың өндірістік және ауылға әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталуы, ауыл халқының қала өмір салтына басымдылық беруіне жеткізеді, олардың қызмет ету алаңдарының жан-жақты және мазмұнды болуына атсалысады.
Шынында шағын және моноқала үшін алғашқы мазмұнды мәселе - өндірістерді теңгерімді және кешенді өлшемді орналастыру. Сапалы негізгі фактор ретінде экономикалық мамандану органикалық тұрғыдан қала құраушы сферадағы еңбегімен тығыз байланысты, осы салада қала халқы негізгі еңбегінің нәтижесін пайдалануда және иеменденуде өзінің қызығушылығын танытуы қажет. Бірінші кезекте есептерде осы өзара байланыс тәжірибеде жетпейді сондықтан да көбінде, жергілікті тұрғындар істі жүзеге асыратын тұрғындар ретінде танылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz