Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 АЗЫҚ.ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Агробизнес және азық.түлік нарығын қалыптастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.2 Азық.түлік нарығын мемлекеттік реттеудің мәні, қажеттілігі принциптері мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
1.3 Азық.түлік нарығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі 21



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ.ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
26
2.1 Ауыл шаруашылығы және азық.түлік нарығының даму деңгейін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
2.2 Азық.түлік нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

42


3 АЗЫҚ.ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
51
3.1 Азық.түлікті отандық өндірушілерді қолдау және ынталандыру 51

3.2 Азық.түлікпен қамтамасыз ету факторы ретінде тамақ өнеркәсібін дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
3.3 Азық.түлік нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
64


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 80
Тақырыптың өзектілігі. Азық-түлік нарығы өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну процестері өзара әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жүйе болып табылады, жекелеген азық-түлік нарықтары мен өзара байланысқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің көптеген санынан тұратын күрделі құрылыммен сипатталады. Азық-түлік нарығының дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздік мәселесін шешуге, тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға, агробизнестің әртүрлі сфераларының табыстылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Азық-түлік нарығының негізгі ядросы болып табылатын агробизнес ең алдымен ауыл шаруашылығының табиғим-климаттық, экологиялық шарттарын ескере отырып, нарықтың дамуында функционалдық және коммерциялық ерекшеліктерді анықтайды. Азық-түлік нарығының толығуы бірінші кезекте ауыл шаруашылығының өндірістік салаларының дамуы мен бәсекелік қабілеттілік деңгейіне, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қайта өңдеу деңгейі мен тамақ өндірісіндегі дайын өнім шығару деңгейіне тәуелді.
1. Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-қазақстан дамуының басты бағыты, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Егеменді Қазақстан, №41- 42,28 қаңтар, 2012 жыл
2. М.Оспанов, Х.Ертазин Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. Алматы, 1995
3. Стратегия развития национального продовольственного рынка.-Алматы, 2001
4. А.Жаксыбаева Современный аграрный рынок и его структурные элементы. Қ.А.Ясауи Хабаршысы, №2, 2008
5. Вопросы теории спроса и предложения на агропродовольственном рынке Республики Казахстан А. Гиззатова, Экономика и статистика, №3 2013
6. Назаренко В.И. Формы и направления государственной поддержки сельского хозяйства на Западе // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. №3,4,5, 2007 г.
7. Ковалев Е. Новые аспекты мировой продовольственной проблемы / Е. Ковалев // Мировая экономика и междуна- родные отношения. 2005. №3. С. 3-9.
8. Гиззатова А.И. Развитие агропродовольственного рынка Казахстана. LAP LAMBERT Academic publishing. 2012г.
9. Ясырева Е.А. Развитие агропродовольственного рынка, Автореферат
диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук, Москва, 2011

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
1.1 Агробизнес және азық-түлік нарығын қалыптастырудың
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.2 Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің мәні, қажеттілігі
принциптері мен 13
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
1.3 Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі 21


2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ 26
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
2.1 Ауыл шаруашылығы және азық-түлік нарығының даму деңгейін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2 Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...


3 АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 51
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
3.1 Азық-түлікті отандық өндірушілерді қолдау және ынталандыру 51
3.2 Азық-түлікпен қамтамасыз ету факторы ретінде тамақ өнеркәсібін
дамыту 59
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
3.3 Азық-түлік нарығын дамытудың стратегиялық
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 64
... ... ... ... .


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 80

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Азық-түлік нарығы өндіріс, бөлу, айырбас,
тұтыну процестері өзара әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық және
ұйымдастырушылық жүйе болып табылады, жекелеген азық-түлік нарықтары мен
өзара байланысқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің көптеген санынан
тұратын күрделі құрылыммен сипатталады. Азық-түлік нарығының дамуы елдің
азық-түлік қауіпсіздік мәселесін шешуге, тұрғындардың денсаулық жағдайын
жақсартуға, агробизнестің әртүрлі сфераларының табыстылығын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Азық-түлік нарығының негізгі ядросы болып табылатын агробизнес ең
алдымен ауыл шаруашылығының табиғим-климаттық, экологиялық шарттарын ескере
отырып, нарықтың дамуында функционалдық және коммерциялық ерекшеліктерді
анықтайды. Азық-түлік нарығының толығуы бірінші кезекте ауыл
шаруашылығының өндірістік салаларының дамуы мен бәсекелік қабілеттілік
деңгейіне, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қайта өңдеу деңгейі мен тамақ
өндірісіндегі дайын өнім шығару деңгейіне тәуелді. Сондықтан
агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын модернизациялауды есепке ала
отырып, азық-түлік нарығының мөлшері мен құрылымына ықпал ететін
факторларды талдау маңызды мәнге ие. Сонымен қатар агроөнімге сұраныс
пен ұсынысты қалыптастыру механизмін, маркетинг қызметінің дамуы мен
бәсекенің пайда болу ерекшеліктерін ғылыми негіздеу де талап етіледі.
Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұрғындардың жұмысбастылығы мен
экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының рөлі
жөнінде Елбасы өзінің жолдауында бірнеше рет атап көрсетті (1(.
Азық-түлік нарығын зерттеудің қажеттілігі, оны реттеудің қолданылып
отырған тәсілдерін оңтайландыру ел экономикасы үшін оның маңыздылығымен,
азық-түлік қауіпсіздігімен, әлемдік нарыққа кезеңді интеграциялануымен,
табыс көзі ретінде тартымдылығымен, азық-түлік өнімдеріне сұраныс пен
ұсыныс ерекшеліктерімен шартталған.
Қазақстанда азық-түлік нарығы отандық азық-түлік өнім өндірісі мен
импорттық өнімдерден құралған. Республиканың азық-түлік нарығында
қалыптасқан жағдай оның теңгерімді және қалыпты қызмет етуін тежейтін
бірқатар кері тенденциялармен сипатталады: тауарлы ұсыныс көлемінің
қысқаруы, сұраныс пен ұсыныс көлеміндегі аймақтық айырмашылықтардың
күшеюі және т.б. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі көлемі импорттық
өндіріс есебінен қалыптасып отыр. Республика аймақтарында азық-түлікпен
өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен. Бұл өндірістің мамандану
деңгейін төмендетеді. Қорытындысында өндірістің тауарлылығы төмендеп, азық-
түлік нарығының дамуы кешеуілдейді, азық-түлікпен қамтамасыз ету
тұрақтылығы азаяды. Дипломдық жұмыста азық-түлік нарығын мемлекеттік
реттеу мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұйымдастыру және экономикалық
мәселелердің кешенді шешімін талап ететін азық-түлік нарығын дамыту
мәселелері күрделі және көпқырлы. Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
мәселелері Алтухов А.И., Буздалов И.Н., Винничек Л.Б., Ковалев Е.В.,
Коваленко Н.Я., Кондрашова О.Н., Кузнецов В.В., Милосердов В.В., Назаренко
В.И., Гомелько Т.В. сияқты ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Соңғы жылдары азық-түлік нарығын дамыту мәселелері А.С.Есимов,
Т.И.Есполов, Г.А.Қалиев, А.Б.Молдашев, А.И.Гиззатова, Г.К.Джанчарова,
Г.И.Накипова сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Алайда бұл зерттеулер көбінесе азық-түлік нарығын интеграциялық
байланыстардың ықпалы тұрғысынан қарастырады. Ал азық-түлік нарығын
мемлекеттік реттеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағеы
қатынастарды жетілдіру мәселелері жеткілікті толық ашылмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанның азық-
түлік нарығында қалыптасқан жағдайына талдау жасай отырып, еліміздің азық-
түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселелер мен оларды шешудің жолдарын
айқындау және азық-түлік нарығын мемлекетік реттеу жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
• Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін зерттеу;
• Қазақстандағы азық-түлік нарығының жағдайын талдау және оның негізінде
қалыптасқан мәселелерді айқындау;
• Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін бағалау;
• Азық-түлік нарығының стратегиялық бағыттарын айқындау және оны
мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні мен нысаны. Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
механизмдері зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу нысаны: Қазақстанның
азық-түлік нарығы мен ауыл шаруашылық тауарөндірушілерінің қызметі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін азық-түлік нарығының
қызмет ету ерекшеліктері мен аграрлық саясат бағытындағы ресейлік,
қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында
ҚР-ның 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту
бойынша Бағдарламасы (Агробизнес-2020) шеңберінде азық-түлік нарығын
мемлекеттік реттеудің нормативтік және құқықтық актілері, анықтамалық
материалдар мен статистика жөніндегі ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері, ҚР
Президентінің Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары, ресми мерзімді басылымдарда
жарияланған материалдар қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы азық-түлік нарығын дамытуға ықпал
ететін экономикалық механизм мен оның тетіктерін негіздеумен анықталады.
Зерттеу барысында анықталған нәтижелер азық-түлік нарығы мемлекеттік
реттеуді жетілдіруге негіз бола алады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы азық-түлік
нарығын дамытуға ықпал ететін тетіктердің жиынтығынан тұратын экономикалық
механизмді қолданысқа енгізу бойынша ұсыныстар беру болып саналады. Сондай-
ақ, зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
- азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибе негізінде
ерекшеліктері қарастырылды;
- азық-түлік нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары мен мемлекеттік
реттеу жолдары негізделді.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Дипломдық жұмыс 81 бетті
қамтыған кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан
тұрады. 8 кесте, 10 сурет тіркелген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
атауды қамтиды.
Бірінші тарауда нарықтық экономика жағдайындағы азық-түлік нарығын
дамытудың ғылыми негіздері және оған ықпал ететін факторлар қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі
жағдайы, азық-түлік нарығы мен шаруашылық формаларының дамуына талдау
жасалынған және азық-түлік нарығын дамыту мүмкіндіктері талданған.
Үшінші тарауда азық-түлік нарығын дамытудың басымдықтары мен жетілдіру
жолдары ретінде тамақ өнеркәсібін дамыту, аграрлық секторды мемлекеттік
қолдау және азық-түлік нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары
қарастырылған.

1 АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Агробизнес және азық-түлік нарығын қалыптастырудың негіздері
Бизнес – біржақты анықтауға келмейтін сыйымды және көп қырлы ұғым.
Американдық әдебиеттерде ол істі жүргізу жүйесі, қажетті және сұранысқа ие
өнім құру, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттіліктерін
қанағаттандыру көзі және соңғысы өмір сүру образы ретінде сипатталады.
Американдық экономист И.Шумпетер бизнесті жер, еңбек, капиталмен
қатар өндірістің төртінші факторы ретінде анықтаған. Оның пікірінше
бизнеске қатысушылардың белсенділігі өндірістің алғашқы негізгі үш
факторларының әрекетін белсендендіретін және күшейтетін өндірістің
қозғаушы күшін көрсетеді.
Бизнес ең алдымен мақсаты – қандай да бір формада пайда немесе
тиімділік алу болатын іс-әрекетпен байланысты. Бұл мақсатты жүзеге
асырмайынша бизнестің өмір сүруінің өзі мағынасыз болып табылады. Бизнес
өзінің қарқындылығы мен инициативтілігімен экономикалық іс-әрекеттің
басқа, салыстырмалы тұрақты түрлерімен тиімді ерекшеленеді.
Бизнес еркіндік пен экономикалық таңдаудың еркіндігінің, сондай-ақ
жауапкершіліктің жоғарғы деңгейін талап етеді. Оның айрықша ерекшелігі
жоғалту қауіп-қатері мен тәуекелділігін санаған жөн. Аталған сапалар
шығармашылыққа, іс-әрекеттің тиімді формаларын іздеуге, жетілдіруге
талпынуды көздейді, бұл өз кезегінде қоғамда экономикалық және әлеуметтік
дамуға алып келеді [2].
Патриархальды ауыл шаруашылығында шаруалар өздері үшін қажетті
барлық өндіріс құралдарын өндіріп, өткізу нарықтарына өздері жеткізетін
дайын тұтыну өнімдерін шығарды. Экономиканың бұл сферасының даму
процесінде аграрлық сектордан бұрын тікелей ауыл шаруашылық
өндірушілерімен орындалған көптеген қызметтерді өзіне алатын дербес
өндірістер бөліне бастады. Аграрлық өндірістің құралдары күрделенді, ауыл
шаруашылығы үшін оларды өндіретін мамандандырылған өнеркәсіп салалары
қажет болды. Азық-түлікті қайта өңдеу, орау, сақтау және тасымалдау
экономиканың дербес сфераларына айналды. Осылайша аграрлық сектормен
тығыз байланысқан экономика салаларының бүтіндей желісі қалыптасты.
Батыстық дәстүр бойынша ауыл шаруашылығымен байланысты салаларды
агробизнес деп атайды.
Нарық тауарды потенциалды сатып алушылар мен сатушылардың жиынтығы
ретінде өндіріс, айналыс, өнімді бөлу процесінде қалыптасатын экономикалық
қатынастар жүйесін көрсетеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
сатып алушылар, сатушылар, баға белгілеу, ресурс көздерін қалыптастыру мен
пайдалануды таңдау еркіндігімен сипатталады.
Ауыл шаруашылық нарықтары - өндіріс факторларының, ауыл шаруашылық
шикізатының, азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ басқа да агробизнеске
қатысы бар нарықтардың жиынтығы. Бұл нарықтар ауыл шаруашылық және азық-
түлік өнімдерінің нарығы, ауыл шаруашылық өндіріс факторлары сферасындағы
нарық объектілері арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін көрсетеді.
Ауыл шаруашылық және азық-түлік нарығы жеке-дара қарастырылады. Азық-
түлік нарығының шекарасы кең, өйткені азық-түлік өнімдерінің кейбір
бөлігі ауыл шаруашылық емес сипатта болады. Бұған қоса азық-түлік тауарлар
нарығында ауыл шаруашылығымен қатар тамақ өнеркәсібі қатысады [3].
Тұтыну құны ретінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің еңбек
өнімдері дайын тауарлар формасында немесе кезекті қайтаөңдеу үшін шикізат
түрінде көрінеді. Ауыл шаруашылық шикізатына тікелей 30 жуық өнеркәсіп
салалары жұмыс істейді. Өнімнің бөлігі ауыл шаруашылығының өзінде ішкі
өндірістік қажеттілік үшін қолданылады. Демек, отандық нарықтың маңызды
секторы күрделі құрылымға ие аграрлық нарық болып табылады.
Аграрлық нарықтың құрамдас бөлігі ретінде жұмыс күші нарығының ауыл
шаруашылық өндірісінің спецификасымен байланысты ерекшеліктері бар.
Өндіріс маусымдылығына байланысты жұмыс күшінің едәуір бөлігі қыс
мезгілінде қолданылмайды. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауы, мал
басының қысқаруы жұмыс орындары санының қысқарып, сәйкесінше ауыл
шаруашылық кәсіпорындарында жұмысшылар санының қысқаруына алып келді.
Керісінше жеке қосалқы шаруашылықтарда жұмыспен қамтылғандар саны соңғы
жылдары ұлғайды. Аграрлық нарықтағы орталық буынды агроазық-түлік нарығы
алады. Көпсалалы сипаты, ауыл шаруашылығының тауарлы өнімінің дәстүрлі
түрлерінің алуантүрлілігі азық-түлік нарығының сәйкес құрылымын анықтайды.
Бұл нарық өзіне үш секторды қосады: ауыл шаруашылық өнім нарығы, ауыл
шаруашылық шикізат нарығы және азық-түлік нарығы (сурет-1).
Ауыл шаруашылық өнім нарығында қайта өңделмеген таза күйіндегі
өнімді өткізу жүзеге асырылады (картоп, көкөніс, жемістер, жұмыртқа). Бұл
нарықтар ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген түрлері сатылатын
мамандандырылған және әмбебап нарықтар болуы мүмкін [4].
Ауыл шаруашылық шикізат нарығында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін
бағытталған өнім сатылады (мысалы, ұн, жемшөп, өнеркәсіптік басқа да
салалары үшін бидай). Инфрақұрылым мен сату көлемі бойынша алдыңғы орынды
бидай нарығы алады. Азық-түлік нарығы ауыл шаруашылық және басқа да
шикізаттарды қайта өңдеуден алынған тағам өнімдерін өткізумен байланысты
барлық экономикалық қатынастарды қамтиды. Осы нарықтардың әрқайсысы
контрагенттердің белгілі бір құрамына, өз спецификасына, технологиясына,
инфрақұрылым мен тауар қозғалысы схемасына ие. Бір-бірімен тығыз
байланысты. Әсіресе ауыл шаруашылық шикізаты мен азық-түлік нарығы
қатысушыларының мүдделері тығыз үйлеседі.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қайта өңдеуші кәсіпорындармен
өзара қарым-қатынасы нарықтық қатынастар жағдайында күрделене түсті.
Ауыл шаруашылық өнімі көпшілігінде тез бұзылатын, аз тасымалданатын өнім
болып табылады. Жекешелендіру процесінен кейін бұрын мемлекеттік болған
және мемлекеттік органмен басқарылған жергілікті зауыттар енді жеке және
монополист болып, ауыл шаруашылық тауарөндірушілерімен өзара қарым-
қатынастарды дербес өздері анықтайды, жеткізу шарттарын өздері қояды. Бұл
қолында мұндай қызметтер жоқ шаруа қожалықтары үшін үлкен кедергі болып,
шаруалар олардың қызметін пайдалануға мәжбүр болды. Осылайша қарым-қатынас
күрделене түсті.

Ескерту: Әдебиеттер негізінде құрастырылған

Сурет 1 - Агроазық-түлік нарығының құрылымы

Нарықтық қатынастар жағдайында АӨК-нің барлық сфераларының өзара
қарым-қатынас принциптері қалыптасты. Мысалы, өнеркәсіптік фирмалар өз
өнімдерінің сату нарығы ретінде ауыл шаруашылығының тиімділігіне мүдделі.
Бұл жаңа матеоиалды-техникалық ресурстарға тұрақты сұраныстың
алғышарттары ретінде ауыл шаруашылық тауарөндірушілерінің табыстылығын
арттыруға, олардың жиынтық тиімділігінің өсуін қамтамасыз етуге және
сондай өндіріс құралдарын құруға итермелейді. Тамақ өнеркәсібінің
фирмалары өздерінің өндіріске кететін жиынтық шығындарын азайтуға талпына
отырып, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруды, оның ассортиментін
кеңейтуді, өнімдік және территориялық мамандануды кеңейтуді, ауыл
шаруашылық өндірісінің маусымдылығын қысқартуды ынталандырады. Аграрлық
нарықтың қалыптасуының қажетті шарты бәсекелік ортаны, әсіресе ауылға
өндіріс құралдарын жеткізу, сақтау, қайта өңдеу және өндірістік-
техникалық қызмет көрсету болып табылады.
Агроазық-түлік нарығы үшін тағам өнімдеріне тұрғындардың
сұранысының үздіксіздігі тән. Төмендей немесе ұлғая отырып, ол тұрақты
түрде күн сайын орын алады. Өйткені адамның тағамға физиологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандырумен шартталған. Агроазық-түлік нарығының
сыйымдылығы физиологиялық қажеттілікті қанағаттандыру үшін адамның тағам
өнімдерін тұтынудың шекті деңгейімен анықталады. Нарық тұрғындардың
қажеттілігіне сәйкес тағам өнімдерімен толыққаннан кейін
тауарөндірушілер өнімнің сапасын арттыру, ауыл шаруашылық шикізаттарын
терең қайта өңдеуге жұмыс істейді [5].
Агроазық-түлік нарығында жүздеген жылдар ағымында негізінен
тауарлардың дәстүрлі және тұрақты жиынынан тұрады (бидай, көкөніс, картоп,
өсімдік майы, мал, жұмыртқа, сүт өнімдері және т.б.) Бұл тауарлар
жаппай, стандартталған, көп мөлшерде сатылады. Агроазық-түлік нарығы
қарқынды және тұрақсыз болып келеді. Нарықтық конюънктураның тұрақсыздығы
жыл ағымында көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарыққа біртексіз,
маусымдық түсуімен түсіндіріледі. Бұл ауыл шаруашылығының өзінің
маусымдылығымен байланысты. Ауыл шаруашылық дақылдарының өсу фазасы
белгілі бір кезектілікпен, календарлық мерзімде жүреді, ал жұмыс кезеңі
өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді. Нарықтың өзінің тұрақсыздығы ауыл
шаруашылық өнімдерінің жылдар бойынша табиғи жағдайлардың ауытқуынан
біртексіз түсуімен күшейе түседі. Егін шаруашылық өнімдерінің жалпы
жиынының орташа жылдықтан ауытқуы қолайлы және қолайсыз жылдары 20-25%
дейін жетеді.
Ауыл шаруашылық өнімдеріне, шикізат пен азық-түлікке сұраныс олардың
ұсынысына қарағанда тұрақты. Сұраныс өзгерістері тұрғындар мен сатып
алушылар санының өзгеруі, олардың төлем қабілеттігі, жекелеген өнім
түрлеріне талғамы, бәсекелес өнімдерге баға және тұтынушылармен болашақ
бағаны күту факторларының ықпалымен болады. Тағам өнімдерін тұтыну ең
жоғарғы деңгейге қол жеткен елдерде сұраныстың ұлғаюы негізінен
тұрғындардың өсуі есебінен болады. Сондықтан азық-түлікке сұраныстың аз
өсуі ауыл шаруашылық өнім өндірісінің өсуімен және еңбек өнімділігінің
артуымен қайшылықты болады. Осының нәтижесінде азық-түлік тауарларының
артығы пайда болады. Артық өнімдер мәселесін келесі жолдармен шешеді:
едәуір шығындарды талап ететін өнімді ұзақ сақтау, азық-түлік экспортын
субсидиялау, экстремальды шешім қабылдау - өнімнің артығын жою.
Бірмезгілде нарықтан аз тиімділікпен жұмыс істейтін ауыл шаруашылық
өнімін өндірушілердің ығысу процесі жүреді. Осылайша өнімнің артығы
нарықтық бағаларды төмендеу жағына қарай ығыстырады [5].
Ұсыныс әрқашан сұраныстан кейін жүреді. Бұған қоса ауыл
шаруашылығында оның спецификалық ерекшеліктеріне қарай ұсыныс тек ғана
сұраныстан кейін емес, оның өзі де тұрақсыз, тіпті сұраныс төмендеген
немесе жоғарылаған жағдайда өндірістік цикл аяқталғанға дейін оны
өзгертуге болмайды. Нарықта сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдік нарықтық бағаға
қол жеткізу механизмі арқылы сәйкестендіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдері
нарығының қызмет ету шарттары жеткілікті күрделі болып табылады және
көптеген жағдайлар нарықта ауыл шаруашылық тауарөндірушілерінің
позициясын бәсеңдетеді.
Біріншіден, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің көптеген саны,
күшті бәсеке орын алады, жекелеген жағдайда әрқайсысының позициясы нарықта
әлсіз.
Екіншіден, ауылдық тауарөндірушілер өндірілген өнім көлеміне
тәуелді өзгермейтін үлкен тұрақты шығындармен байланысты, бұл өндіріс
төмендеген жағдайда олардың қаржы-экономикалық жағдайының төмендеуіне алып
келеді.
Үшіншіден, өндірістің биологиялық процесінің ұзақтылығы мен
үздіксіздігінің себебі бойынша ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне нарықта
ұсынысты сұранысқа тез бейімдеу күрделі, өйткені егісті себуден оны
жинауға дейінгі кезең көптеген айлар, тіпті жылдар бойы есептеледі.
Төртіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерінің едәуір бөлігі маусымдық
түсетіндіктен, тұтынушы оның барлығын ала алмайды, бұл нарықта уақытша
артық өнімнің болуына және оған бағаның төмендеуіне алып келеді.
Бесіншіден, кейбір өнімді өндірушілердің орналасқан жері ірі
орталықтардан алыс, қайта өңдеу мен ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын
орындар тиімді жағдайларда өнім өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
бермейді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің нарықтық позициясы олар
өндірілген өнімнің нарықтық бағасына ықпал ете алмайтындығынан
күрделенеді. Ауыл шаруашылық өнімі үшін жетілген бәсеке тән. Бұл белгілі
деңгейде балама шешімдер қабылдау сферасын тарылтады, ауыл шаруашылық
өндірісін жүргізу тәуекелін ұлғайтады.
Нарықтың елеулі артықшылығы оның тәуекел жағдайында әрекет етуі болып
табылады: іс-әрекеттің мүмкін болатын нәтижесіне сенімсіздігі, қымбатшылық
пен сапаның төмендігінен қаржылық жоғалтулар, басқа да көптеген
басқарылатын және басқарылмайтын факторлар. Бұл тәуекелді басқаруды, оны
зерттеу мен оған ықпал ететін факторларды анықтауды, өлшеу мен болжау
тәсілдерін білуді талап етеді. Сондықтан да бұл мәселенің шешімі өте
өзекті болып табылады.
Бүгінгі күні тұтыну нарығының азық-түлік тауарларымен толығуы
Қазақстанда отандық өндіріс өнімдері және импорттық жеткізілім арқылы
қамтамасыз етіледі. Елдегі азық-түлік нарығының жағдайы сыртқы нарыққа азық-
түлік тәуелділігінің деңгейімен сипатталады. Жалпы алғанда азық-түлікке
қол жеткізу халықаралық азық-түлік ұйымымен қабылданған халықаралық
деңгейге жеткен жоқ. Тұрғындар отандық өндірістің тағам өнімдерімен шамамен
80% қамтамасыз етіледі. Меншікті өндіріс есебінен тұрғындардың азық-түлікке
базалық қажеттіліктері қамтамасыз етілген. Қазақстанда азық-түлік
тәуелділігінің көрсеткіші 0,25 жуық құрайды [6].
Азық-түліктің маңызды түрлерінің ішкі нарығы негізінен меншікті
өндіріс есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттерде протекционистік саясат
жүргізіледі. Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерімен меншікті өндіріс
есебінен азық-түлік мәселесін шешу тенденциясы орын алып отыр. Бұл нарықтық
экономикасы дамыған елдерде ұлттық мүдделер басым болып табылатындығымен
байланысты.
Әлемдік ресурстарды қалыптастырудың қазіргі жағдайында меншікті
өндіріс есебінен азық-түлікті қамтамасыз ету әлемдік нарық конъюнктурасына
тәуелділікті қысқартады және ауыл шаруашылығымен басқа да агроөнеркәсіп
кешен салаларының потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған
қоса шикізат және азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету осы ресурстардың
экспорты мен импортын жоққа шығармайды, бұл халықаралық еңбек бөлінісінің
жетістіктерін толық пайдалануға мүмкіндік береді [7].
Азық-түлік өнімдері өндірісінің өсуінің негізгі факторы тұрғындардың
нақты табыстарын өсіру болып табылады. Азық-түлікке сұраныс икемділігі
табыс бойынша өте жоғары. Сондықтан жақын болашақта нақты табыстардың өсімі
әлі де азық-түлік өнімдеріне сұраныстың өсуіне алып келеді. Азық-түлік
секторы ұсыныстың жоғарғы икемділігін көрсетіп отыр және осыған байланысты
елдің азық-түлік қауіпсіздігінің қаупі бола алмайды. Дегенмен отандық
аграрлық өндірістің интенсивтілігінің төмендеуі оны табиғи факторға
тәуелді, осыған байланысты тұрақсыз етіп отыр. Бұған қоса аграрлық
өндіріске экологиялық талаптарды сақтамау табиғи потенциалдың жоғалуына
алып келіп, ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақсыздығын одан әрі күшейтті.
Азық-түліктің меншікті өндірісін ұлғайту қоғамдық өндірістің
құрылымын жақсартуды қамтамасыз етеді, өйткені тамақ өнеркәсібінің табысты
дамуы ауыл шаруашылығының және онымен байланысты салалардың дамуын
ынталандырады. Ішкі мүмкіндіктердің едәуір төмендеуі салдарынан азық-түлік
нарығының қанағаттанарлықсыз жағдайы келесі мәселені тудырады: ауыл
шаруашылығы өндірісінің өсу мүмкіндігі төлем қабілетті сұраныстың
жеткіліксіздігімен шектеулі. Меншікті өндірісті ұлғайтуды тежейтін фактор
тұрғындардың табысының азаюы болып табылады, бұл азық-түліктің ішкі
нарығының сыйымдылығын шектейді. Бұл жағдайда азық-түлік нарығын тұрақты
дамыту үшін бірінші кезекте өндіріс пен өткізудің қажетті көлемін ұстап
тұру мәселесі орын алады. Сәйкесінше қазіргі жағдайдағы аграрлық саясаттың
басымдылығы біріншіден, ауылға мемлекеттік қолдау көрсету арқылы АӨК
тауарөндірушілерінің табыстылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізу;
екіншіден, азық-түлік нарығының инфрақұрылымының дамуына ықпал ету мен
мемлекеттік қолдау болуы тиіс. Бұл өнім қозғалысы мен өткізу жүйесінің
қызметін мемлекеттік басқару мен реттеудің жеке объектісі ретінде бөліп
көрсету қажеттілігін анықтайды. Өз кезегінде бұл жүйе тамақ өнеркәсібі
кәсіпорындары жұмысының нәтижелілігіне, сәйкесінше оның шикізаттық аймағы
ретінде ауыл шаруашылығына тікелей ықпал ететін болады.
Сонымен азық-түлік нарығын өндіріс пен өнім айырбасында экономикалық
қатынастардың күрделі жүйесі ретінде қарастырған жөн. Ол азық-түлік
нарығына қатысушы көптеген субъектілер мен осы процесті реттейтін мемлекет
арасындағы тауар-ақша қатынастарының формасын көрсетеді. Осы күрделі
экономикалық жүйенің даму деңгейінен көп жағдайда АӨК салаларында ұлғаймалы
ұдайы өндірісті жүргізу мүмкіндігі және елдің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету тәуелді.

1.2 Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің мәні, қажеттілігі
принциптері мен қызметтері

Азық-түлік нарығы бүгінгі таңда жаңа кезеңнің алдында тұр, ол ашық
экономика жағдайында азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің
әлемдік сауда жүйесінің тиімді дамуын қамтамасыз етуі керек. Экономикалық
қайта құрулардың бұдан кейінгі дамуы агробизнестің рационалды құрылымын
қалыптастыру, агротехнологиялар деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығы
өндірісінде маркетинг стартегиясына көшу, ішкі нарықта импортты алмастыру,
алыс және жақын шетелдерге экспортты жандандырумен байланысты аграрлық
сферада жаңа сапалы өсуге көшуді қажет етеді. Қазақстанның БСҰ-на енуімен
байланысты артықшылықтар мен шығындар балансын бағалауда үлкен мәселе
туындайды. Бұл жерде басты міндет халықаралық саудада құқықтардың бұзылуын
және тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына азық түлік қауіпсіздігін
және елдің аграрлық секторын тиімді дамыту мүмкіндігін сақтай отырып
кіруді қамтамасыз ету.
Аграрлық секторды жандандыру бүкіл экономикаға жағымды ықпал етеді,
дағдарыстан шығуды қамтамасыз етеді. Мысалы, азық-түлік саясатының
Халықаралық институтының мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық өнім көлемінің
тек ғана 1% өсуі құралас салаларға өз өндірісін 2-3%-ке ұлғайтуға
мүмкіндік береді [8].
Әлемдік тәжірибе бірде-бір елде таза күйінде еркін нарықтың жоқтығын,
ал агроөнеркәсіп өндірісі тұрақты түрде мемлекеттің протекционистік
саясатын қажетсінетіндігін куәландырады.
Отандық тауар өндірушілерді қорғауды қамтамасыз ету - мемлекеттің
маңызды міндеті. Қорғаныс шараларының қажеттілігі әлемдік азық-түлік
нарығының күрделі жағдайымен, әлемдік сауда либерализациясымен, өндіріс
шикізаттары мен азық-түлікке әлемдік бағалардың өсуімен туындайды. Отандық
азық-түлік өндірісінің мәселесін халық шаруашылығы бойынша бүтіндей
экономикалық және әлеуметтік мәселелер кешенінде шешу талап етіледі. Бұл
салалық спецификадан туындайтын азық-түлік нарығының ерекшеліктерімен, оны
ұйымдастыру формаларымен, жиынтық сұраныс, ұсыныс шамасын қалыптастыру
шарттарымен және басқа да факторлармен келісілген. Азық-түлік нарығының
принципиалды ерекшеліктері және сәйкесінше оны мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі келесі жағдайлармен туындайды:
- объекті көп жағдайда ауыстырылмайтын алғашқы қажеттіліктегі өнім
болып табылады. Оған деген сұраныстың баға бойынша икемділігі аз.
Сондықтан ауыл шаруашылық өндірісінің ұсынысы тек ғана экономикалық
мақсаттылықпен өлшене алмайды, өйткені бұл өмірлік қажеттілік;
- адамның физиологиялық ерекшеліктерімен шартталған нарықтың толығу
шегі болады. Демек, нарықтың толығуы жағдайында табыс өсімі оның
сыйымдылығының одан әрі ұлғаюына алып келмейді. Тағамға шығындар үлесі
қысқарады, табыс бойынша кері икемділік байқалады.
- азық-түлік өндірісінің көлемі көп жағдайда малдар мен өсімдіктерді
өсірудің биологиялық процестерімен байланысты болғандықтан топырақ-
климаттық факторларға тәуелді. Азық-түлік өндірісі мен ұсынысы
арасында нарықта уақытша лаг әрекет етеді, бұл ауыл шаруашылығына
келеңсіз әсер ететін инфляциялық ықпалды күшейтеді;
- еңбек заттары мен құралдарының кейбір түрлері ауыл шаруашылығының
өзінде өндіріледі және тауарлы формада болмайды;
- ауыл шаруашылығында құрылымдық өзгерістер мүмкіндігі салыстырмалы
шектеулі, өйткені кепілдендірілген сұраныс тек нарық толық толыққан
жағдайда ғана болады, демек, өндіріс көлемі мен құрылымы салыстырмалы
тұрақты болуы тиіс.
- ауыл шаруашылығында тез бұзылатын және маусымдық өнімдердің үлкен
көлемі өндіріледі, бұл сақтау, қайта өңдеу және саудамен интеграция
процестерін талап етеді, демек нарықтық жүйенің дамуы үшін нарықты
белгілі бір ұйымдастыру, жүзеге асырылатын шаралардың кезектілігі мен
басымдылығын анықтау мақсатында тиімді құрылым жасау қажет.
Осылайша азық-түлік нарығының қызмет ету спецификасының өзі
экономиканың басқа салаларына қарағанда мемлекеттік реттеу үлкен роль
атқаруы тиіс аграрлық саясатты жүргізуді талап етеді [9].
Қалыптасқан жағдайда азық-түлік пен ауыл шаруашылық өнім өндірісін
дамыту перспективалары қолайлы емес, бұл салаларда қиындықтан шығу
экономиканың басқа салаларына қарағанда күрделі. Бірақ елде азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету аграрлық өндіріс пен тепе-теңдік азық-түлік
нарығын ұйымдастыру бойынша шұғыл шараларды талап етеді. Сондықтан азық-
түлік нарығын дамыту стратегиясы келесі принциптерге негізделуі тиіс –
азық-түлік экспорты мен өндіріс саласында елдің потенциалын толық жүзеге
асыру. Осылайша, ұлттық азық-түлік нарығын дамыту стратегиясы келесі
мақсаттарға қол жеткізуге бағдарлануы тиіс:
- тұрғындардың барлық әлеуметтік топтарының отандық өндірістегі
жоғары сапалы азық-түлікке сұранысын қамтамасыз етуді жақсарту және
кепілдендіру:
- ауыл шаруашылық шикізаты мен азық-түліктің бәсекелік
қабілеттілігінің өсуі және әлемдік азық-түлік нарықтарына интеграция.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- біріншіден, тұтынушылық бюджет мөлшеріне дейін азық-түліктің
жекелеген түрлерін тұтынудың артуы, төлем қабілетті сұранысты арттыру
негізінде республика тұрғындарының тамақтану құрылымын рационализациялау;
-екіншіден, азық-түлікпен толығуды қамтамасыз ететін азық-түлікті
ұйымдастыру жүйесін қалыптастыру;
-үшіншіден, субъектілердің жауапкершілігі мен олардың келісуіне
негізделген олардың арасындағы экономикалық қатынастар механизмін құру;
- төртіншіден, азық-түліктің жекелеген түрлерінің экспортын қолдау мен
азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- бесіншіден, нарық конюънктурасының өзгерісіне дер кезінде
бағдарлануға мүмкіндік беретін азық-түлік нарығының тұрақты мониторингін
ұйымдастыру.
Жалпы азық-түлік ресурстарының көлемі келесі компоненттерден
тұратыны белгілі: өндіріс көлемі, импорт және запастардың қоры. Соңғы
жылдары азық-түлік ресурстарының мөлшері едәуір қасқарып отыр. Демек,
азық-түлік нарығының басты мәселесі – отандық өндірістің мүмкіндіктері
есебінен ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік ресурстарын
ұлғайту, олардың ассортиментін жақсарту және өндіріс пен тұтынушыға жеткізу
шығындарын қысқарта отырып, шығындарды азайту болып табылады. Бұған қоса
мемлекетаралық өзара тиімді азық-түлік байланыстарын қалыптастыру қажет.
Алайда тұрғындарды азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етудің оптимальды
деңгейіне қол жеткізу көп деңгейде АӨК-ді мемлекеттік қолдауға тәуелді.
Нарықтың маңызды субъектісі қызметін атқара отырып, мемлекет агроөнеркәсіп
өндірісінің құлдырауының алдын алу және агроөнеркәсіптік кешеннің
дамуының қажетті жағдайларын құру үшін құқықтық, экономикалық ұйымдастыру
және әкімшілік шаралардың кешенін қолдану қажет. Мемлекеттік ықпал ету
тәсілдерінде жұмсақ реттеуші механизмдер басым болуы тиіс. Олардың
арасында басты роль баға саясатына, бюджеттік қолдауға, жеңілдетілген
салық салуға, несиелеуге және басқа да экономикалық шараларға беріледі.
Нарықтық қатынастарға мемлекеттік ықпал ету жүйесі экономикалық,
ұйымдастыру және әкімшілік тәсілдерді қоса отырып, тікелей, сондай-ақ
жанама сипатта болады. Ұсынылатын шаралардың көпшілігін нарықтық
процестерді реттеуде негізгі деп қарастыруға болады және экономикалық
сипатқа ие (сурет-2).

Ескерту: Әдебиеттер негізінде құрастырылған

Сурет 2 - Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі

АӨК-ді тұрақтандыру мен оның кезекті дамуы үшін ең алдымен оның
базалық саласы - ауыл шаруашылығы үшін отандық өндірушілерді мақсатты
мемлекеттік қолдау негізінде ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін
шарттарды құру талап етіледі. Оның міндеттілігі Қазақстанның көптеген
аймақтарында басқа бәсекелес елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығын
жүргізудің табиғи жағдайларының қолайсыздығымен, монополист салалардың
баға саясатынан қорғану қажеттілігімен, АӨК-нің техникалық және
технологиялық артта қалуын болдырмауға бағытталған капитал салымдарын
қаржыландыру қажеттілігімен анықталады.
Қазақстанның азық-түлік нарығы мен ауыл шаруашылық өнімдері
нарығындағы қалыптасқан жағдай сұраныс пен ұсынысты теңестіру мәселелерін
шешу қажеттігін көрсетеді. Табиғи-экономикалық жағдайлардың айырмашылығы,
тарихи қалыптасқан өндірісті орналастыру мен мамандандыру болашақта азық-
түлік нарығының мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде азық-түлік
нарығының территориялық құрылымын түрлендіруді күшейтуді мақсатты етеді.
Осыған байланысты азық-түлік нарығын жеті локальдық аймақтарға бөлу
қажеттігіне алып келді. Бұл жекелей алынған өнім нарығының ерекшеліктерін
есепке алу мақсатында жасалды. Осылайша Қазақстан территориясында белгілі
бір сұраныс пен ұсыныс деңгейлері бар аймақтар қалыптасты. Аймақтардың
өзін-өзі қамтамасыз етуі бойынша белгілі бір заңдылықтар қалыптасты. Бұл
төмендегі жағдайлардың негізінде аймақ аралық азық-түлік байланыстарын
дамытуға мемлекеттің араласу қажеттігін куәландырады:
- территориялық еңбек бөлінісінің дамуы мен қолайлы аудандарда
тауарлы өнімнің жекелеген түрлерін өндірудің шоғырлануы. Бұл үшін
ұлттық азық-түлік нарығындағы әрбір аймақтың орнын, азық-түлік
өндірісіндегі қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтау қажет;
- өндіруші аймақтардан тұтынушы аймақтарға аз шығындармен азық-түлікті
жеткізуді ұйымдастыру. Бұл кезде аймақтардың дербестігі жоғалмуы тиіс.
Аймақтық азық-түлік нарықтарын қалыптастырудың күрделілігі өзінің
мазмұны, сипаты және басымдықтары бойынша біртексіз факторлар мен
шарттардың едәуір санын есепке алу қажеттілігімен шартталған.
Факторлардың қайда да бірін елемеу көп жағдайда келеңсіз салдарларға
әкеліп соқтырады.
Аймақтық азық-түлік нарықтары экономикалық қатынастар жүйесі ретінде
азық-түлік нарығын әкелу мен әкету бойынша жеткілікті дамыған
байланыстарға ие болуы тиіс. Аймақ аралық өнім айырбасының даму деңгейі
көптеген факторларға тәуелді [10]. Олардың ішінде маңыздылары мыналар болып
табылады:
- аймақта өндірілетін азық-түліктің деңгейі мен ассортименті;
- тарихи, ұлттық және табиғи-экономикалық факторлардың ықпалымен
қалыптасатын азық-түлікті тұтынудың көлемі мен құрылымы;
- азық-түлік өнімдерін әкелу мен әкету бойынша аймақ аралық және
мемлекет аралық байланыстар.
Аталған факторлардың жиынтығы азық-түлік нарығының қызмет етуіне
елеулі ықпал етеді. Аймақ аралық азық-түлік байланыстарын ұйымдастыруда
ұсынылатын өнімнің сапасын, оның нарықтағы сұранысқа сәйкестігін, ұзақ
сақтау және тасымалдау мүмкіндігін, нарыққа түсу мерзімін, жеткізу кепілін,
өндіріс шығындары, қайта өңдеу, тасымалдау және сауда шығындарын қосатын
ұсыныстың коммерциялық бағасын қарастыру қажет.
Аймақ аралық тауар ағындарының бағытын таңдауға шығын
дифференциациясы, аймақтар бойынша баға мен тарифтер елеулі ықпал етеді.
Сондықтан да мамандандырылған тауар аймақтарын қалыптастырудың басты
принципі өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділігі, еңбекті
максимальды үнемдеу болып табылады. Жекелеген өнім өндірісінің шоғырлануын
тереңдете отырып, аймақтық азық-түлік шаруашылықтарының даму
үйлесімділігін ескеру қажет. Осының салдарынан азық-түлікті әкелу мен
әкетудің арақатынасын анықтау шешім қабылдаудың көпсатылы процесіне
негізделеді. Алдымен өндірушілер өндіріске итермелейтін баға деңгейін
есепке ала отырып өнімнің қанша көлемін өндіру қажеттігін шеше отырып,
материалды-техникалық ресурстарға сұранысты қалыптастырады.
Бұдан кейін экспорттық баға мен ішкі нарықтың бағасына тәуелді
өндірушілер өз табыстарын жоғарылататын экспортқа жеткізу мен ішкі нарықта
сату үшін өнім саны жөнінде шешім қабылдайды. Сәйкесінше, тұтынушылар
аймақты өндіріс пен импорт тауарлары арасында таңдау жасайды. Таңдау
импорттық баға мен ішкі нарықтағы бағаға тәуелді болады. Тұтынушы қаржыны
шектей отырып, пайдалылықты жоғарылатуды көздейді. Азық-түлік нарығының
дамуы бірмезгілде азық-түлік тауарларының бөлігін ұтымды мөлшерде
пайдалану жағдайында меншікті өндіріс есебінен ауыл шаруашылық шикізаты
мен тағам өнімдеріне тұрақты қажеттілікті қанағаттандыру құралы болып
табылады. Экономикадағы жаһандық үдерістер ішкі тауар нарықтарын қорғау
мәселесін өзекті етеді, бұл азық-түлік сферасына да қатысты. Себебі оның
ерекшелігі бір жағынан ішкі баға теңсіздігі мен шетелдік бәсекенің өсуі
жағдайында ауыл шаруашылық тауарөндірушілерін мемлекеттік қолдау, ал
екінші жағынан қол жетімді баға бойынша ішкі нарықты азық түлікпен
қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталатын өзіндік қайшылықтардан тұрады
[11].
Аграрлық протекционизм азық-түлік нарығын қорғаудың тәсілдері мен
параметрлерін ұлттық және аймақтық түзетуден көрінетін жаһандық сипатқа
ие. Аграрлық протекционизм мен азық-түлік қауіпсіздігі
категорияларының өзара байланысы аграрлық протекционизмнің аграрлық
саясаттың бағыты болып табылатындығынан тұрады. Азық-түлік нарығын қорғау
арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз отандық
азық-түлік жүйесінің бәсекелік қабілеттілік деңгейінің орнын толтырады
(сурет-3).

Ескерту: Әдебиеттер негізінде құрастырылған
Сурет 3 - Аграрлық саясат жүйесіндегі азық-түлік нарығын қорғау

Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу біздің ойымызша үш негізгі
бағыттарды қосуы тиіс, олардың әрқайсысын елдің аталған нарығын дамытудың
жалпы мақсаттарын шешуге бағыныштылығы мен өзара толықтырылуы жағдайында
мақсатқа қол жеткізуге бағыттаған жөн (сурет-4).

Ескерту: Әдебиеттер негізінде құрастырылған

Сурет 4 - Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу бағыттарының құрылымы
Мысалы, ішкі сұранысты реттеу оны ынталандыру мен ұтымдылықты
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сыртқы сұранысты реттеу көбінесе оны
ұлғайтуға бағытталады, өйткені ол сыртта табыс көзі болып табылады.
Елімізде азық-түлік тауарларының ішкі ұсынысын реттеу оны ұлғайтуға
бағытталуы тиіс. Еліміз үшін азық-түлік импортын реттеудің негізгі
мақсаты бір жағынан, азық-түлік тапшылығын болдырмау және екінші жағынан
отандық өндірушілерді қорғау. Азық-түлік нарығының инфрақұрылымын реттеу
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Дәстүрлі түрде азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің барлық
тәсілдері басқа кез-келген қызмет сферасы сияқты экономикалық және
әкімшілік болып бөлінеді. Ақпараттың өспелі рөлін есепке ала отырып,
мемлекеттік ретету тәсілдерінің жекелеген тобына ақпараттық-талдау тәсілін
бөліп көрсеткен жөн. Бұл кезде мемлекет тарапынан азық-түлік нарығының
субъектілерін ақпараттық қолдау әртүрлі бағыттар бойынша жүзеге асырыла
алады (сурет-5). Азық-түлік нарығының шаруашылық жүргізуші субъектілерін
мемлекеттік қолдаудың ақпараттық-талдау тәсілінің құрылымы жағымды
қайтарым беруі үшін сәйксінше аталған нарықты ақпараттық қамтамасыз етуді
жетілдіру қажет.

Ескерту: Әдебиеттер негізінде құрастырылған
Сурет 5 - Шаруашылық жүргізуші субъектілерін мемлекеттік қолдаудың
ақпараттық-талдау тәсілдері
Отандық азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру
үшін оның нақты механизмдерін жасау қажет. Бүгінгі күнге дейін азық-түлік
нарығын рететудің бірнеше тәсілдерінің бары белгілі. Солардың ішінде ең көп
тарағаны мемлекеттік реттеу бағыттарының нарықтық-азық-түліктік белгісі
бойынша бөлінуі болып табылады, яғни ет, сүт, қант, көкөніс, жеміс-жидек
және т.б. нарықтарды реттеу. Азық-түліктік белгіден басқа мемлекеттік
реттеу бағыттарын көрсету үшін ұдайы өндірістік процес кезеңдерінің бөліну
белгісі қолданылады. Соған сәйкес азық-түлік ресурстарының ауыл
шаруашылық өндірісін реттеу, тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеуші
кәсіпорындарының қызметін ретету, азық-түлік тауарларының көтерме және
бөлшек нарықтарын реттеу, орташа жан басына шаққанда тамақ өнімдерін
тұтынуды реттеу сияқты бағыттары ажыратылады. Тағы бір белгісі -
институционалды болып табылады, мұнда бағыт ретінде азық-түлік нарығындағы
кәсіпкерлік формаларын реттеу, азық-түлік нарығында шаруашылық жүргізудің
корпоративті формаларын реттеу, шаруа қожалықтарының қызметін реттеу
қарастырылады. Сонымен қатар тағам өнімдерінің сапасын бақылау,
импортталған азық-түлікке тәуелділікті қысқарту, қоршаған ортаны қорғау
сияқты бірқатар проблемалық аспектілер бойынша мемлекеттік реттеу бағыттары
бөлінуі мүмкін. Осылайша, мемлекеттік реттеу механизмдерінің құрылымында
бірыңғай тәсілдің жоқтығын көруге болады. Сондықтан қандай бір бағыттың
басымдылығын анықтау маңызды. Тұрғындардың азық-түлікпен қанағаттандырылуы
азық-түліктің әртүрлі түрлерін жиынтық тұтыну жағдайында жүзеге
асырылатындығын есепке ала отырып, азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеуді
үш негізгі бағытқа бөлу қажет: сұранысты реттеу, ұсынысты реттеу, азық-
түлік нарығының инфрақұрылымын реттеу.
Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда ауыл шаруашылық өнім
өндірушілерін мемлекеттік қолдауға, яғни ұсынысты қалыптастыратын нарық
құраушысына көп көңіл бөлінеді. Бұл кезде нарықтың теңгерімді дамуы
сұранысқа да тәуелді болады. Сондықтан да оны қалыптасқан жағдайға қарай
ынталандыру немесе тежеу қажет. Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің
жоғары тиімділігіне қол жеткізудің басты шарты оны жүзеге асырудың
жүйелілігі мен кезектілігі болып табылады. Сондықтан азық-түлік
тауарларының отандық нарығының дамуына мемлекеттік ықпал етудің шаралары
кешенді сипат алуы тиіс.

1.3. Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Дамыған рыноктық экономикалық елдер тәжірибесі, мемлекеттік реттеу
бағыты ең бірінші баврлық тауар өндірушілердің қызметтеріне бірдей жағдай
жасауға, баға сәйкессіздігін және монополиялық баға үстемдігін жоюға
бағытталғандығын көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаны реттеуде,
тауар өндірушілердің және тұтынушылардың мүдделерін қорғау шаралары
қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің
араласуының негізгі құралы ретінде болжау, жоспарлау мен бағдарламаларды
талқылау қарастырылады екен.
Дамыған елдерде азық-түлік нарығы жоғарғы өнім түрленуімен
сипатталатын фирмалардың көптеген санынан тұрады. Бұл кезде нарықта басым
жағдай алатын фирма топтары ерекше көзге түседі. Азық-түлік нарығында
бағалық бәсекемен қатар қарқынды жарнама, өнім дифференциациясы және
жақсартылған сервиспен сипатталатын бағалық емес бәсеке бар. Ауыл
шаруашылық нарықтарында ерекше елеулі кіру кедергілері жоқ. Бірақ еркін
бәсекені шектейтін факторлар бар. Мысалы, дамыған елдерде бұған ауыл
шаруашылығын мемлекеттік реттеу (сәйкес қаржы-несие және баға саясаты,
салық саясаты, т.б.) жатады, осы арқылы мемлекет ұсыныс деңгейіне және
нарықтық бағаға ықпал етеді [12].
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жалғыз емес әртүрлі бірлестіктер
құрамында әрекет еткендігі маңызды. АҚШ-та осы жүйе арқылы ауыл
шаруашылығының барлық өнімінің 25% өткізіледі. Бұл құрылымның негізгі
қызметі нарықты зерттеу мен өнім өткізуді ұйымдастырудан тұрады. Өткізу
кооперативтері пайдасыз негізде жұмыс істеуі тиіс. Кооперативтер тауар
өнімдерін сақтау бойынша қызметтер көрсете алады, бұл нарыққа тауарлы
партияға құрылған тауарларды жеткізуге және биржа, сондай-ақ көтерме
нарықтағы саудаға қатысуға мүмкіндік береді.
Кез-келген елде ауыл шаруашылық өнімдерін өткізудің қандай да бір
каналдары басым болады. Скандинавия елдері, Дания, Нидерланды кооперативтік
елдер болып саналады, Ұлыбритания мен АҚШ-та жеке сатып алу фирмалары
басымырақ. Испанияда үкімет МЕРКАСО көтерме нарықтарының жалпы ұлттық
желілерінің дамуына ықпал етеді. Сондықтан бұл елде өткізудің нарықтық
жүйесі басым. Жапонияда да көтерме нарықтардың жоғары дамыған жүйесі бар.
Олар әлемдегі ең ірілері. Нидерланды өздерінің аукциондар жүйесімен
белгілі. Бұған қоса аграрлық секторды қолдаудың ұлттық үкімет саясаты
мемлекеттік сатып алу құрылымдарын құрудан көрінеді. Канадада бидайды
сатып алу бойынша осындай жүйе қызмет етеді. АҚШ-та 1930 жылдардың басынан
фермерлерден оларды қорғаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімді
сатып алумен айналысатын тауарлы несие корпорациясы әрекет етеді [13].
Нарықтық қатынастардың әлемдік жаһандануының қазіргі жағдайында
барлық елдерде көп немесе аз деңгейде аграрлық саясат пен ауыл шаруашылық
және азық-түлік нарықтарының арасындағы байланыс күшейеді. Осы себепті
аграрлық саясат едәуір деңгейде мемлекет пен аймақтық билік органдарының
басты объектісіне айналады. Мұндағы басты міндет отандық өндіріс
тауарларының бәсекелік қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар жүйесін
жүзеге асыру болып табылады. Әзірге еліміздегі ауыл шаруашылық өндірісі
көптеген параметрлер бойынша халықаралық, ұлттық стандарттарға сай
келмейді.
Көптеген дамыған шет мемлекеттерде мемлекеттік аграрлық саясат
қызметі өндірістік және қаржы ресурстарын тиімді қолдануды қамтамасыз
ететін ҒТП нәтижелерін белсенді қолдану негізінде азық-түлік нарығын
мемлекеттік реттеу мен қолдауға бағытталған мамандандырылған
институттарды құру жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, АҚШ-та фермерлер үшін
қолайлы бәсекелік ортаны қалыптастыру мақсатында мемлекеттік аграрлық
саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- кепілдендірілген бағалар арқылы фермерлік табыстарды қолдау;
- айыл шаруашылық өндірістік инфрақұрылым құрылысы;
-ауыл шаруашылық ғылымын қаржыландыру, оның нәтижелерін практикаға
енгізу;
- жер және су ресурстарын қорғау, экологиялық қауіпсіздікті бақылау;
- ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты мен импортын реттеу.
АҚШ-та фермерлік шаруашылықтарды қолдаудың негізгі тәсілі – бұл
өтемақы төлемдерінің жүйесі, оның көмегімен фермерлерді бағаның ауытқуынан
қорғау қамтамасыз етіледі. Қолдау сондай-ақ өндірістік инфрақұрылым
құрылысы жолымен жүзеге асырылады – мемлекет жол құрылысын, ірі суландыру
объектілері құрылысын жүзеге асырады және ауыл шаруашылық өнімдері үшін
сақтау мен көтерме қоймалар құрылысының шығындарын қаржыландырады
(сыйымдылықтың 60( мемлекетке тиесілі).
АҚШ-та азық-түлік нарығының тиімді қызмет атқаруы ең алдымен азық-түлік
өнімдерінің өндірісін реттеу мен мемлекеттік қолдау шаралары мен нарықтық
қаржы-несиелік механизмдердің оңтайлы үйлесімінің салдары болып табылады.
Осының барлығы келесі нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
- ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ендіру негізінде ұлғаймалы
ұдайы өндірісті жүргізу үшін азық-түлік өнім өндірісін ақшалай ресурстармен
оңтайлы қамтамасыз ету;
- жаңадан бастаушы фермерлер мен шағын кәсіпкелер үшін несиелік
ресурстардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
-тиімді қызмет етуші ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қолында
ғылыми негізделген жер үлестерінің шоғырлануы;
- ауыл шаруашылық өнім экспортының дамуы.
Осы факторлар азық-түлік нарығында ұдайы өндірістік процесті тиімді
жүргізуді қамтамасыз етеді және бұл елдің экономикалық және азық-түлік
қауіпсіздігіне қол жеткізудің басты шарты болып табылады.
Барлық европалық елдерде азық-түлік нарығы мемлекеттің белсенді
экономикалық араласуының нысаны болып табылады. Жекелеген елдерде
мемлекеттік реттеудің тәсілдері мен формалары әртүрлі, бірақ олар үшін
ортақ нәрсе нарықтық тетіктер- баға, несие, салық көмегімен рететуші
шаралардың экономикалық сипаты болып табылады. Олардың ішінде ең
маңыздылары келесілер:
- салықтық реттеу – салық ставкаларын түрлендіру, салық жеңілдіктерін
енжіру жолымен және т.б.;
- бюджеттік реттеу – агроөнеркәсіп кәсіпорындары үшін несиелік
банктердің пайыз ставкаларын субсидиялау, сондай-ақ аталған сәттегі басым
салалар үшін бюджеттік жәрдемақы беру жолымен;
- бағалық реттеу – кейбір қоғамдық маңызы бар тауарлар мен қызметтерге
шекті бағаларды белгілеу және монополист кәсіпорындар үшін
рентабельділіктің шекті деңгейін белгілеу арқылы.
Азық-түлік нарығының дамуы ауыл шаруашылық өндірісінің пайдалылық
дәрежесіне тікелей тәуелді. Ауыл шаруашылық өндірісінің пайдалылығы
шетелдерде қамтамасыз етіледі:
- ішкі нарықта ауыл шаруашылық өнімдеріне өндірушілерге тек ғана
өндіріске кеткен шығындарды жауап ғана қоймай, табыс алуға мүмкіндік
беретін баға деңгейін қолдау;
- бюджеттік құралдар есебінен тікелей мемлекеттік субсидия көмегімен
ауыл шаруашылық өнім өндірісінің өзіндік құнын төмендету.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азық-түлік нарығының
дамуын басқару жүйесі көптеген шетелдерде тек ғана мемлекеттік реттеу
емес, сондай-ақ шаруашылық өзін-өзі басқарудан тұрады. Мысалы, Ұлыбритания,
Франция, АҚШ және басқа да елдерде реттеудің мемлекеттік жүйесімен қатар
салалық одақтар, бірлестіктер, кооперативтер түрінде вертикальды құрылымдар
қызмет атқарады. Яғни шаруашылық басқару субъектілердің кооперациясы
мен интеграциясы негізінде құрылған.
Азық-түлік нарығының инфрақұрылымын дамытуда шетелдерде үлкен рөлді
фермерлік кооперативтер мен одақтар, жанұялық фермерлік бірлестіктер алады.
Олар жергілікті және ұлттық деңгейде тығыз байланысты жұмыс істейді және
фермерлерге кеңес беру бағытында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Дамыған елдерде азық-түлік нарығының тиімді қызмет етуінің
құралдарының бірі аграрлық ғылымның дамуына үлкен көңілдің бөлінуі болып
табылады. АҚШ заңдылықтарында үдемелі технологияларды жасаушы ауыл
шаруашылық ғылымын қаржыландыру жолымен нарықтық сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. Ғылыми техникалық прогрестің соңғы
жетістіктерін игеру үшін фермерлерге қажетті білімді кеңейту қызметі
қалыптастырылады. АҚШ-та бұл қызмет еxtension servise деп аталады және ол
ғылыми зерттеулер мен стратегиялық жоспарларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын реттеу
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Ауыл шаруашылығын және оның нарығының өнімдерін ре
Экономикадағы интеграциялық процестер
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Пәндер