Маскүнемдіктін алдын алу шаралары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Маскүнемдіктің қоғамға төнген қаупі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1. Маскүнемдікке салынудың себебі мен жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Маскунемдіктің салдары мен зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2. Маскүнемдікпен күресудегі ішкі істер органдарының міндеттерінң бірі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.1Маскүнемдікпен куресудегі ішкі істер органдарының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3. Маскүнемдікті алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

3.1. Маскүнемдікпен емдеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.2. Маскүнемдіктен зардап шегіп журген адамға қалай көмектесуге болады ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Диплом тақырыбының өзектілігі. Маскүнемдікпен ішкі істер органдарының ролін талқылау және маскүнемдікке салынғандарды анықтап, оларды емдеу мәселесін қарастырып, дұрыс жолға түсіру болып табылады.
Маскүнемдіктің қоғам үшін зияны көп екенін, адам ағзасына келтірер зияны көп екенін елдің бәрі біледі, бірақ, өкінішке орай біліп тұрып ішеді. Кеңес дәуірінің біздің елемізге қалдырып кеткен бір жаман мирасы сол спирттік ішімдіксіз ешқандайда мейрамды өткізбейміз. Аурудан әдет жаман дейтін мақалдағыдай арақсыз той, туған күндер өткізілмейтін болды, сондықтан бүкіл ел болып осы жаман, қазақ халқына жат қылықтан, арақ ішуден тыйылуымыз керек.
1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.
2. ҚР Үкіметі туралы ҚР Конституциялық заңы, 1995 ж.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Қодексі, 30.01.2001 ж.
4. ҚР Мемлекеттік қызметкерлер туралы Заңы, 23.06.1999 ж.С69
5. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы, 02.07.1998 ж.
6. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы ҚР заңы, 23.01.2001 ж.С100
7. ҚР нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР Заңы, 24.03.1998 ж.С23
8. Указ Президента Республики Казахстан «Об утверждении Стратегии борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Республике Казахстан 2006-2014 гг.» от 29.11.2005 года.С28
9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Об утверждении Положения о Комитете по борьбе с наркобизнесом и контролю за оборотом наркотиков Министерства внутренних дел Республики Казахстан».С36
10. Приказ МВД РК № 328 от 26.06.2000 года «Об утверждении Дисциплинарного Устава ОВД РК».
11. Приказ МВД РК № 600 от 14.09.2002 года «Об организации приема граждан в ОВД РК».С86
12. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 апреля 2004 г. № 241 ДСП «Об утверждении «Инструкции по конвоированию осужденных и лиц, заключенных под стражу внутренними войсками Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
13. Комментарий к «Кодексу об административных правонарушениях РК». Алматы. Жетi Жаргы 2002.С90
14. Губанов А.В., Зубов И.Н. Полицейское право. Часть первая: Полиция государств дальнего зарубежья и международное полицейское сотрудничество. Учебное пособие. – Омск: Омская академия МВД РФ, 2000. С40
15. Административное право зарубежных стран. Учебное пособие. – М., 1996. – 276.С222

Маскүнемдіктін алдын алу шаралары

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Маскүнемдіктің қоғамға төнген
қаупі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5

1. Маскүнемдікке салынудың себебі мен
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. Маскунемдіктің салдары мен
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .15

2. Маскүнемдікпен күресудегі ішкі істер органдарының міндеттерінң бірі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.1Маскүнемдікпен куресудегі ішкі істер органдарының
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3. Маскүнемдікті алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

3.1. Маскүнемдікпен емдеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.2. Маскүнемдіктен зардап шегіп журген адамға қалай көмектесуге
болады ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 64

Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі. Маскүнемдікпен ішкі істер органдарының
ролін талқылау және маскүнемдікке салынғандарды анықтап, оларды емдеу
мәселесін қарастырып, дұрыс жолға түсіру болып табылады.
Маскүнемдіктің қоғам үшін зияны көп екенін, адам ағзасына келтірер зияны
көп екенін елдің бәрі біледі, бірақ, өкінішке орай біліп тұрып ішеді. Кеңес
дәуірінің біздің елемізге қалдырып кеткен бір жаман мирасы сол спирттік
ішімдіксіз ешқандайда мейрамды өткізбейміз. Аурудан әдет жаман дейтін
мақалдағыдай арақсыз той, туған күндер өткізілмейтін болды, сондықтан бүкіл
ел болып осы жаман, қазақ халқына жат қылықтан, арақ ішуден тыйылуымыз
керек.
Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан
бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт – рак. Үшінші
орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда.
Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі
сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін
кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін
уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы,
ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен
жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы
азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту
қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін
тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түрлі қауіпті ауруларға
ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия,
полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ
немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17
пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың
денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы
кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше
байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары
алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік
ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі
қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттіліг
бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде. Олар біздің қоғамымызға
соншалықты қажет пе? Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау,
маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп қуанышқа деп ішкен арақ
ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық.
Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет.
Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі.
Міне,осы жоғарыда аталынған мәселелер менің аталған дипломдық жүмыстың
тақырыбын тандауыма негізгі себеп болып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты болып- Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
органдары қызметкерлерінің маскүнемдік пен күресудегі жұмыстарды
ұйымдастыру және жақсарту.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері.
1. Маскүнемдіктің қоғамдық ортаға тигізетін әсерін анықтау.
2. Маскүнемдікпен күресуде ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық
шаралар қолдануы.
3. Маскүнемдікке қарсы күрес жүргізуде колданылатын алдын алу шараларын
анықтау,ұйымдастыру.

Зерттеу жұмысының заты мен обьектісі болып осы ішкі істер органдарының
маскүнемдікпен күрес жүргізудегі өз қызметтерін дұрыс заңға сәйкес
ұйымдастырып, басқару.
Денсаулық пен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі – ішімдікке салыну.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой алкоголь туралы былай деп жазған болатын:
Арақ – адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қалмысқа
итермелейді.
Бүгінгі таңда әйел адамдардың
ішімдікке салынуы белсенді түрде улгайып барады. Мысалы -Екібастұз
қаласының емханасы дәрігерлерінің берген мәлеметтеріне сүйенсек, қазіргі
таңда маскүнемдікке салынған 374 әйел адам тізімде тұр. Барар жер, басар
тау табалмай, арақтың азабын тартқан азамташаларымызға Екібастұз наркология
диспансері дәрігерлік көмек көрсетеді. Бірақ өкінішке орай әйел адамдардың
бұл аурудан түбегейлі жазылып кетіп жатқандары аз.
Жасөспірімдердің алкогольді заттарды қолдану қарқыны артып келеді.
2010 жылдың 1 маусымында кәмелеттік жасқа толмаған 314 адам жасөспірімдер
наркологиялық кабинетінде бақылауда тұр.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында біз материалистік
диалектика зандарына және категорияларына,дүниетанымдық теорияның,әсіресе
әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізі тұжырымдарына, сонда,
дүниетанымдық теорияның, әсіресе әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізі
тұжырымдарына, сондай ақ құқықтық құбылыстарды зерттеудің әдістемелік
іліміне сүйендік.
Зерттеу процесінде формальды логиканың ережелері, талдау мен жинақтау,
салыстырмалы құқықтық және статистикалық, нақтылы социологиялық әдістемелер
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен тәжірибелік мәні
Маскүнемдіктің пайда болуына әсер ететін факторлар: заңдарға салыстырмалы
құқықтық тұрғыдан саралау жүргізу. Қоғамдық ортаны толғандырып отырған
маскүнемдік мәселесіне қарсы қолданылатын жоспарлар мен күштердің
әзірленуінің алатын орны, олардың практика жүзінде қолданылуы, сонымен
қатар ІІО қызметіндегі маскүнемдік әсерінен пайда болатын құқық
бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау, оларды қызметкерлердің өз
жұмыстарында пайдалану. Және де зерттеудің тәжірибелік мәні оның теориялық
қорытындыларын, тәжірибелік ұсыныстарын ғылыми зерттеу жұмысында
пайдалануға болатындығында.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Маскүнемдіктің қоғамға төнген қаупі.

Облыс аудандары бойынша 2012 жылы кәмелеттік жасқа толмаған 45
жасөспірім алкогольді қабылдағаны бойынша: Айыртау ауданында – 10, Қызылжар
ауданында – 9, М. Жұмабаева атындағы ауданда – 5, Есіл ауданында – 5,
Мамлют ауданында– 4, Тайынша ауданыда – 4, Шал ақын ауданында – 3,
Тимирязевь ауданында– 2, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда – 2, Жамбыл және
Аққайың аудандарында 1 оқиғадан. Ақжар және Уәлиханов аудандарында есепте
тұрған кәмелеттік жасқа толмаған балалар жоқ.
2013 жылы 1 қаңтардан бастап есептегенде, 5 ай ішінде алкогольді
қолдану бойынша 30 жасөспірім анықталып, есепке алынды. 2014 жылы
кәмелеттік жасқа толмаған 12 бала есепке алынған. Алайда, ресми статистика
жасөспірімдер арасында алкогольді қолданудың шынайы қарқынын көрсетпейді.
Ішімдік заттарды қолданумен байланысты аурулардың таралу шегі ресмиге
қарағанда біршама жоғары екенін болжауға барлық негіз бар. Алкогольді
қолдануға бейімді жасөспірімдерді анықтау жасөспірімдерді уақытша оқшаулау,
бейімдеу және қалпына келтіру орталығындағы наркологтардың жұмысы
барысында, қалалық әкім жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар және олардың
құқығын қорғау бойынша коммисия жұмысында, қалалық ішкі істер басқармасының
кәмелет жасқа толмағандар істері бойынша бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе
отырып, түнгі би кештерінде, нашар отбасыларында тексеру жүргізу барысында
жүзеге асырылады. 2014 жылдың наурыз айында облыстық прокуратура аясында
өткізілген Мскүнемдік акциясында СҚМУ студенттері мен ПҚЭК оқушыларына
арналып дәрістер оқылды, бейнематериалдар көрсетілді, 390 адам қамтылып,
акцияға нарколог-дәрігер қатысты.    Жасөспірімдер мен отбасы мүшелеріне
арналған Микросоциум атты әлеуметтік тәуелділердің мәселелері шешілетін
қайта бейімделу мектебі ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр. 2014 жылы 5
айдың ішінде 78 адамға арналған 20 сабақ өткізілді. Жасөспірімдер
наркологиялық кабинеті жанындағы анонимдік кеңес қызметіне 67 адам келген.
Жасөспірімдер наркологиялық кабинетінде психолог түзету жолдарын және жеке
тұлғаның дамуын қалыптастыру мақсатында 88 психологиялық сараптама
жүргізді, қоғамдағы бейімсіздікті жеңу, салауатты өмір салтын қалыптастыру
бойынша 80 жеке кеңес, даму барысындағы ауытқушылықтарды жою үшін
психотүзету бойынша 79 сабақ, 26 адамға арналған 12 топ тренингін  өткізді.

Маскүнемдікке қарсы жобаларды жүзеге асыруға СҚО волентерлер клубы
атты қоғамдық жастар ұйымы да қатысуда. Жастар маскүнемдікке қарсы
қоғамдық бірлестігі Петропавл қаласында, Қызылжар, Мамлют, Есіл,
М.Жұмабаев, Аққайың аудандарында 2 мыңнан астам адам қатысқан шаралар
өткізді. Әрбір ауданда және Петропавл қаласында осы тақырып бойынша
баннерлер орнатылды. Салауатты өмір салты туралы суреттер сайысы, спорттық
эстафеталар, облыс аудандарындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде жұмыстар
жүргізілді. Алкогольді заттарды қабылдаудың алдын алу бойынша шараларда 3
мыңнан астам жас адам қамтылды.
Ішімдікке салынудың алдын алу, жасөспірімдердің кез келген спирттік
ішімдікке, мастық пен маскүнемдікке деген қарсы пікірін қалыптастыру
адамгершілік тәрбиеге жатады. Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір
салтын сақтап өмір сүруі үшін не істеу керек?
Тәжірибе дәлелденгендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке қарсы
жүргізілетін үгіт — насихат, алдын алу шаралары анда — санда емес, мақсат
көздей отырып, жүйелі жүргізілген уақытта ғана өз нәтижесін береді. Бұл
жұмысты жоспарлаған кезде балалардың психологиялық, жас ерекшеліктерін
ескеру керек. Жұмысты ең алдымен ата — анадан бастаған абзал.
Осы мәселемен айналысып жүрген қоғамдық ұйымдардың жүргізген сауалнамасында
тұрғындарға мынадай сұрақтар қойылды:
1. Алкогольді бір рет қана ішіп көрген адамға қалай әсер етеді?
2. Арақты ұйықтататын зат ретінде ішуге бола ма?
3. Сыраның емдік қасиеті бар деген тұжырым дұрыс па?
4. Шынында да спирттік ішімдіктер адам ағзасындағы микробтарды өлтіре ме?

5. Арақ — шараптың көмегімен асқазан жарасын, гастритті емдеуге бола ма?
6. Аязға ұрынып, суықта қалып, қатты тоңғанда спирттік ішімдіктер ішу
жиуі кездеседі. Олай істеуге бола ма?
7. Ішем бе, ішпеймін бе — бұл жеке басымның шаруасы, оған ешкімнің
қатысы жоқ — деген пікірлер жиі кездеседі, оған қалай жауап беруге
болады?
Әрине, бұл мәселелерді талқылағаннан кейін, ата — аналар бұл проблеманың
қаншалықты маңызды екендігін ойланып, спирттік ішімдіктерден келіп — кетер
зиян аса қауіпті емес деген көзқарастары өзгереді. Жастарды ішімдікке,
маскүнемдікке қарсы тәрбиелеу өте күрделі мәселе.
Ата — аналарға арналған сұрақтар:
1. Отбасыңызда арақ — шарапсыз заңдылығын ұстанасыз ба?
2. Үйіңізде немесе достарыңыздың үйінде өтетін дастархан басындағы
отырыстарда ұлыңыз не қызыңыз жағаласып өздеріңізбен бірге
дастархандас бола ма?
3. Жасөспірім шараптың дәмін алғаш рет неше жасында татып көреді?
4. Жасөспірімдерді спирттік ішімдіктер ішуге не итермелейді?
5. Ата — аналар балаларының қашан қай жерде ішетіндерін біле ме?
Алкоголь — созылмалы аурулардың асқынуына алып келетін қауіпті фактор
ретінде.
Патологиясы: Жүрек — тамыр аурулары, артериялы гипертензия, ми инсульті,
мезгілсіз өлім, вегетативті — тамыр дистониясы. Онкологиялық аурулар:
бауыр, тамақ, ауыз қуысы, көмей, өңеш, асқазан, ішек, емшек (көкірек безі)
рагы. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруы: ішімдік салдарынан болған
ақыл — парасаттың кемдігі, психиканың бұзылуы, ұйқысыздық, есте сақтау
қабілетінің төмендеуі және т.б.
Сүйек жүйесінің органикалық өзгеріске ұшырауы — остепороз. Мезгілсіз
өлімнің себептері: өлтіру, өзіне өзі қол жұмсау, жарақат алу мен улану,
өртке шалдығу. Ауытқулар: балалар мен жасөспірімдердің ішкі дене
мүшелерінің ауруы, кемістік, жарымжанды, денесі мен ақыл — есінің кем
дамуы.
Бүгінгі таңдағы медицина спирттік ішімдіктердің салдарынан мас болудың
3 деңгейін анықтайды
1. Жеңіл деңгей.
2. Орташа деңгей.
3. Ауыр деңгей.
Клиникасы:
• бет қызарып, ісініп кетеді;
• қызара бөрткен безеу;
• көздің қан тамырлары сарғайып кетеді;
• ауыздан жағымсыз иіс немесе жалбыздың иісі шығады.

Маскүнемдіктің клиникалық көріністері- Жеке тұлғаның өзгеруі және
әлеуметтік салдары- Ашушаңдық, бейәлеуметтік мінез — құлық көрсету. Үнемі
қорқыныш пен үрейдің билеуі. Қызғаншақтық, қауіптенгіштік, түсініксіз
ойлардың мазалауы. Психикалық ширығу. Туысқандар арасындағы қарым —
қатынастар мен байланыстар нашарлайды. Еңбекке деген қабілеті төмендейді.
Есте сақтау қабілеті төмендейді. Құқық бұзу. Салақтық пайда болады. Өзін —
өзі төмен бағалайды. Өзіне қол жұмсауға дейін барады.

Неврологиялық, психикалық, соматикалық көріністері - Депрессия,
эпилепсия,энцефалопатия. Ұйқы қашу, түндегі мазасыздық. Артериялды
гипертония. Жүректің, артерияның зақымдануы: Ішімдік салдарынан болатын
кардиомиопатия. Өт жолының, бауырдың зақымдануы. Язва аурулары. Миопатия.
Подагра. Шамадан тыс семіру. Эндокринндік ауытқулар. Остепороз. Қан азаю.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда наркологиялық қызмет ішімдікке салыну
мәселесін жалғыздан — жалғыз шеше алмайды. Қоғамдық денсаулық сақтаудың
біріккендегі атқаратын іс — шаралары — жастардың, балалар мен отбасылардың
арасында ішімдікке салынудың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Жасөспірімдердің арасындағы ішімдікке салынушылықтың ерекшеліктері:

1. Аурудың қарқынды дамуы, әсіресе бастапқы кезеңде.
2. Ішімдікке салынғандықтан, маскүнемдіктің көптеген белгілерінің айқын
көрінбеуі мен аяқталмағандығы.
3. Маскүнемдік деңгейі мен стереотиптің нақты болмауының ара жігін
ажыратудағы қиындықтар.
4. Аурудың тұлғаға әсері, оның жалпы дамуының тежелуіне алып келеді.
Сондықтан жастар мен жасөспірімдердің бойындағы ішімдікке салынушылықтың
алғы шарттарын байқауға мүмкіндік беретін белгілер жиынтығын айқындаған
жөн. Жастар мен жасөспірімдер арасынан қатерлі топқа кіретіндері
анықталады, олар:
1. Алкогольді пайдаланудың ерте басталуы (11—12 жаста)
2. Отбасындағы немесе достары арасындағы ішімдікке салынудың жиі
кездесуі, оның саладарынан шағын ортаның дәстүрлеріне еру басталады.
3. Спирттік ішімдіктерді дәрі — дәрмектермен қатар ішу.
4. Мас болғаннан кейінгі құқық бұзушылық әрекеттер жасауы.
Ересек адамдардың ішімдікке салынуы мектеп жасынан, жасөспірім кезінен
басталады, әрбір ішімдікке салынған аға буын өзіне жастардың арасынан ісін
жалғастырушы қалыптастырып дайындайды. Бұл жұқпалы сабақтастықтың алдын
алу шараларының нәтижесі көңіл қуантарлық. Жасөспірімдер арасында тараған
маскүнемдік пен ішімдікке салынушылықпен күресу ересектер арасында тараған
маскүнемдікпен күрескен әлдеқайда тиімді. Бірақ кез келген жетістіктің
кепілі тек қана ішімдік пен маскүнемдікке қарсы ғылыми негізделген шабуыл
жасау болып табылады.
Бүгін ұлттық салауаттылық орталығының хабарлауынша өткен 10 жыл ішінде
Қазақстанда маскүнемдер саны 5 есе өскен. Балалар арасында 10 есе өскен.
Бүгінде Қазақстанда маскүнемдер саны 463 мың адам. Яғни жарты миллионға
жуық. Жыл сайын арақтан 25-28 мың кісі өледі. Бір маскүнем белгілі
болғандай 10 адамның өмірін улайды. Оны сан тіліне аударсақ, республикада
бүгінгі таңда жақын жанының маскүнемдігінен зардап шегіп отырған 4 млн.
кісі бар көрінеді.
2012 жылы -Алматыда маскүнемдлікке салынушылар саны өсіп келе жатыр
дейді. Оны бүгін қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік сауықтыру
орталығында денсаулық сақтау департаментінің директоры айтты, деп
хабарлайды ҚазАқпарат. Маскүнемдік ? қатерлі індет. Оған шалдыққан адамдар
өз өміріне ғана зиян келтіріп қоймай, отбасы мен ата-анасының және басқа да
жақын туыс-туғандарының жанын ауыртып, жүрегін сыздататады. Сондықтан бұл
орталықтың өмірдегі жөні де жолы да ерекше. Себебі оған түсетін аурулардың
жағдайы басқалардан бөлек, дейді Зәуреш Аманжолова. Қазір бұл орталықта
3783 адам есепте тұр. Олардың 2 223-і жасөспірім, ал 1560-сы әйелдер. Ал
орталық директоры Борис Дубининнің пайымдауынша, маскүнемдік негізінде
халықтың ең жас және белсенді бөлігі зардап шегеді. Ол ұлттың тектік қорын
бүлдіру арқылы, жаңа буынға өзінің кері әсерін көп тигізеді.
Петропавлда, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде 2012-
2014 жылдарға арналған маскүнемдікті алдын алу бағдарламасы таныстырылды.
Оған Ішкі істер департаментінің негізгі қызметтерінің, облыстық ішкі
саясат, денсаулық сақтау, қорғаныс істері департаменттерінің өкілдері,
мекемелердің басшылары, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері
шақырылды. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі
Александр Саванковтың атап көрсеткеніндей, Солтүстік Қазақстан облысы
алкоголдік маскүнемдік салдарынан жасалған қылмыстар жөнінде республикада
алдыңғы қатарда келеді. Маскүнемдікпен жасалған ауыр және аса ауыр қылмыс
түрлері жыл сайын арта түсуде, алкоголге әуес азаматтар қатары көбейіп
келеді. 2010 жылы облыста 4237 қылмыс тіркелген болса, соның 231-і мас
күйінде жасалған, олардың арасында кісі өлтіру, ауыр дене жарақаттарын
салу, тонау, ұрлық белең алып отыр. Мас күйіндегі жүргізушілердің жол-көлік
апаттары жиіліп кетті. Солтүстік Қазақстан облыстық наркологиялық
орталығының мәліметтеріне қарағанда, спирт ішімдіктеріне әуес 12 мыңға
тарта адам есепте тұр, оның 10 пайызы - әйелдер мен балалар. Әсіресе,
алкоголизмнің 20 мен 30 жас аралығындағы жастар мен 14 пен 18 жастағы
жасөспірімдер арасында таралуы алаңдаушылық туғызуда. Міне, осы жағдайларға
байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің
бастамасымен маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алу жөнінде бағдарлама
жасалды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12 облыстық департамент, аудандық
және Петропавл қалалық әкімдіктері қатысады
Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлерімен жүргізілген талдау бойынша ес-
түсін білмейтін күйде шылым тарту адам өмірін әлдеқайда қысқартатындығы
ақиқат болды. Егер қыздырғыш сусындарға әуескойлар болмаса, онда өздерінің
абайсыздықтарынан жанғандардың, өрттермен өмірлері алынғандардың санын жыл
сайын екі, тіпті үш есе аз болар еді.
Әдетте тілсіз жаудың құрбаны шала мас күйіндегі адамдар болады (барлық
опат болғандардың 90% жуығы), сондай-ақ шылым тарту кезінде отпен абайсыз
болудың салдарынан зардап шеккендерде де аз емес. Өскемен қаласының
аумағында 2014 жылдың 6 айында барлығы 135 өрт болды, олардан келген
материалдық залал 5602787 теңгені құрайды. 16 адам қаза болған.
Осыған байланысты өрт сөндірушілерді отбасылық жағдайлары нашар жанұялар
қатты толғандырады, олармен алдын алу жұмыстары жүргізіледі, өкінішке орай
бұл олардың тұрып жатқан жерлерінде өрттің шығуын болдырмауға әркез
көмектеспейді.
Толығымен алғанда бүгінгі таңда, Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз-
қызметінің қызметкері Марина Лискованың сөзіне қарағанда жағдайдың күрт
нашарлауы жоқ, жағдай қадағалануда.
АІІБ-ның дерегі бойынша тап қазіргі уақытта Медеу ауданында  1724
маскүнем,   алдын ала сақтандыратын есепте тұр.
Маскүнемдік, мәселесі бүгінгі күні айрықша маңызды мәселе. Осыған
байланысты, Медеу аудандық ішкі істер басқармасы Қалалық наркологиялық
дәрігерлік әлеуметтік түзету орталығымен (ҚНДӘТО) бірлесіп, Қазақстан
Республикасы Президентінің “Маскүнемдіктен азап шегуші сырқаттарды
мәжбүрлеп емдеу туралы” Жарлығының негізінде нақты жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күні маскүнемдіктің созылмалы түрінен  азап шеккен 36 адам, 
арнайы алдын ала сақтандыру-емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
АІІБ-ның ғимаратында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау  бөлімі
маскүнемдіктен азап шегуші азаматтарды нарколог-дәрігерлердің апта сайынғы
қабылдауын (әр жұма бойынша) ұйымдастырған. Бірақ олардың көпшілігі бас
бостандығынан айырған орындардан жақында ғана шыққандар, оларды
куәландыратын құжаттары, тіркеуде болмағандықтан, есепке қою мүмкін болмай
отыр. 
1.1. Маскүнемдікке салынудың себебі мен жағдайы

Адамның маскүнемдікке салынуының себептері көп, біреулер жұмыстан
қысқарып, енді біреулері сондай ортаға тап болып, ендібіреулер
семиясынан ажарап дегендей тізе берсе сылтау көп. Алкогольді қолданудың,
оған салынудың алғы шарты:

Әлеуметтік факторлар: микросфера (қоршаған орта), дәстүрлер, нақ осы
әлеуметтік ортаның спирттік ішімдіктерге деген көзқарасы, спирттік
ішімдіктерді пайдалану әдеті, бос уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау, жастарға
берілетін мектеп пен отбасы тәрбиесінің өз деңгейінде болмауы.

Психологиялық факторлар: өзін — өзі тым жоғары бағалайтын адамның тұлғалық
кемшіліктерінің болуы, ашуланшақ, бейәлеуметтік адамдар, өмірінде
кездесетін пробемаларды шеше алмайтын адамдар. Оның негізінде спирттік
ішімдіктердің өтімді астары жатыр. Спиртті ішімдіктердің әсері оның
мөлшеріне байланысты. Мәселен, эйфория жағдайында болатында, көтермелеп
ынталандыратындай, серпілтетін,, депрессиядан шығатындай, өзін күшті, батыр
сезіну үшін деген сияқты алуан түрлі мөлшерде пайдаланудың өзі оны әмбебап
есірткіге айналдырады.

Биологиялық факторлар: зат алмасу процесінің бұзылуымен байланысты.
Ішімдікке салыну, маскүнем болу — сыйлық емес, дерт.
Шарапты ішкен сайын, біз адамзаттың керемет күштерін жойып жатқан
зұлымдыққа қызмет етеміз, — деген Л.Н. Толстойдың сөзін қалай
түсіндіресіз? Шарапты алдымен адам ішеді, кейін шарап адамды ішеді —
деген жапон мақалын қалай түсінесіз? Ішімдіктіңзияны болып табылады:
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын.
Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте
абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі
ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады,
адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын
мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине,
маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе
арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай,
белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен
нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады,
инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі
құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душарболады.
Алкоголь нерв уы деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-
қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның
қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішімділікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары)
азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған
балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда
шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ
түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен
нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын
нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде,
ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай
адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған
қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан
былай бұл зиянды дәстүр халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік
қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп
отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты
арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз
партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын
қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында
аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-
шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның
әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін
қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді
десек, қателескен болар едік. Тіпті оны шегуді былай қойғанның өзінде,
темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала
көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды.
Алкогольді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер
өмірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы
айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана,
ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәдімгі маскүнемдердің  
бұрынғыдай    жұбын    жазбай    жүру дәстүріне жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір
сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының
жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай
жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой.
Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік
алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай
болса, арақсыз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы
құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет,
үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да
қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду
араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады.
Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса
да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында
жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да,
бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға
білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан
дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне,
түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін
шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске
салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп
пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және
апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка,
жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік
тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен
нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады,
инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі
құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь нерв уы деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-
қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның
қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары)
азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған
балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда
шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар
арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана
сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь Баланы тынышсыздандырады,
ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып
келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны
жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады
дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы
мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды дәстүр халық ұғымынан шығып, кейінгі
ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны
талап етіп отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты
арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз
партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын
қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында
аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-
шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның
әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін
қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Әрине, алкоголизм жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды.
Алкогольді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер
емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы
айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана,
ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін маскүнемдердің  
бұрынғыдай    жұбын    жазбай    жүру дәстүріне жол бермеу.
Маскүнемдіктің, ішімдікке салынуды алдын алу жұмыстары бойынша
мәселелер қатарын шешу бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелді қоғамдық
қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Кабардин ашып,
аталмыш шараға қатысушылар мен бағдарламаны таныстырып өтті. Алдын алу
қызмет бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жалиль Қадыров басқарманың
атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады.
Оның айтуынша 2013 жылы полицияның учаскелік инспекторлары құқық
бұзуға бейім 15019 адамды, соның ішінде 7644 маскүнемді отбасылық жанжал
тудырушыларды, спирттік ішімдіктерді ішуге ұсынылған 543 үй мен пәтерді
және бірқатары маскүнемділікке салаынған бұрында істі болған 2869 адамды
есепке алған. Еспте тұрған тұлғалармен алдын алу әңгімелері жүргізіліп,
заңнаманы бұзуларына байланысты стационарлық және емдеу орындарына жолдау,
әкімшілік жауапкершілікке тарту сынды іс-әрекеттер қолданылды. Өткен жылдың
2012 жылы желтоқсан айында 1251 маскүнем емдеу орындарына орналастырылған.
Күштеп емдеу мекемелеріндегі төсек-орындардың жеткіліксіздігі
маскүнемдікпен күрес бойынша жұмыстардағы мәселелердің бірі болып отыр.
Мысалы Өскемен қаласында 250, Семей қаласында 70, ал Ұлан ауданы Қанай
ауылында 30 төсек-орын ғана бар.
Маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алу үшін полиция қызметкерлері
әкімшілік бақылау мүмкіндіктерін қолдануда. 2011 жылы мұндай бақылаулар
бұрында істі болған 261 адамға қарсы бекітілген. Әкімшілік құқық
бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар
жалғастырылуда. 2011 жылы облыстың учаскелік инспекторлары 60483 адамды,
соның ішінде алкогольге қарсы заңнаманы бұзған – 14624, ұсақ бұзақылықтарға
байланысты –3401, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 270 адамды
анықтады. Полицияны халыққа жақындату, салауатты өмір салтын насихаттау,
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге халықты тарту мақсатында учаскелік
инспекторлардың жиындарға шығу кестелері бекітілді. Өткен жылы 3336
азаматтардың жиыны өткізілді. Бұған қала және ауыл әкімдері, ҚАІІБ
басшылары, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар мен
учаскелік инспекторлар қатысты.
Облыста бүгінгі уақытта құқыққорғау бағытында 4457 мүшесі бар 583
қоғамдастық жұмыс істейді. Мұның ішінде 148 Сарбаз жасағы, 401 консьерж,
52 ерікті халық жасағы, жастардың 15 жедел отряды, саяжайларды қорғау
бойынша 17 отряд, 87 қоғамдастық кеңесі, 152 ақсақалдар кеңесі, 10 Көкпар
отряды мен басқа да 86 құрылымдар (әйелдер кеңесі, жастар кеңесі,
педагогикалық патрульдер т.б.) бар.
Маскүнемдікпен күрес бойынша комиссиялар көп аймақтарда жоқ, олардың
міндеттерін Семей, Ұлан, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Аягөз,
Бесқарағай, Абай, Жарма, Көкпекті,Үржар аудандарында құрылған ақсақалдар
кеңесі атқарады. Аталмыш кеңестерде маскүнемдер, отбасының шырқын бұзушылар
талқыланып, оларды күштеп емдеу орындарына жолдау мәселелері қарастырылады.
Маскүнемдік негізінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың
алдын алу және жолын кесу, құқық бұзушыларды есепке алу және олармен жеке
алдын алу жұмыстарын жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 2013
жылы Правопорядок, Профилактика, Быт, Надзор сынды 40 жедел алдын
алу шаралары өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ішкі саясат
департаментінің бас маманыдарымен откізілген Шығыс Қазақстан наркологиялық
диспансерінің директоры, Өскемен аумағының бас имамының орынбасары Ибрагим
Нұрахметұлы, Өскемен шіркеу округінің діндары Митрофан әкей, Родник
шіркеуінің қызметшісі Петр Женин баяндама жасап, бірауыздан қоғамдағы
өзекті мәселелердің шешімі ортақ күрес жүргізуде екендігін айтып өтті.
Кездесу соңында маскүнемдік мәселесінде ортақтаса күш салу және бұл
ұсыныстарды Парламент Мәжілісіне ұсыну.

1.2. Маскүнемдіктің салдары мен зардаптары.
Исламның мәңгілік тағылымдары мен ерекшеліктерінің бірі- адамның пәк
табиғатымен сәйкес болуы. Діни тағылымдар, тәңір елшілері құдай тарапынан
адамзатты бақытқа жеткізу үшін әкелген кешен болып табылады. Дінде рұқсат
етілген және тыйым салынған заттарға ой салсақ, діни үкімдер және ондағы
бұйрықтар мен тыйымдарда адамзатты жақсылыққа жұмылдырып және жамандық пен
азғындықтан алшақтататынын түсінеміз. Осындай түсінікпен ешбір зат бекерден
халал немесе уәжіп етілмеген және ешбір зат себепсіз харам етілмеген. Бір
құдайға құлшылық ететін адам бұл үкімдер құдайдың таусылмас білімінен
бастама алатынына сенеді. Құдай барлық істің басы мен аяғын және адамның
денесі мен рухын толық біледі. Сондықтан оның хикметі мен ақылы пенделердің
саулығына зиян келтіретін заңдар мен ережелер шығартпайды. Ислам
пайғамбары(с)-нің әулетінен болатын Имам Реза(ғ)өз хадистерінің бірінде
былай дейді: "Құдай адам үшін пайдасы бар кез-келген тағам мен сусынды
халал етті және зияны бар кез-келген затты харам етті".
Ислам тағылымдарында адамзаттың бітіміне, рухани, тұлғалық және әлеуметтік
аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген діни нұсқаулар адамның тек рухын
тазартып қана қоймай, тіпті оның денесін де түрлі зияндар мен зарарлардан
қорғайды. Солардың бірі- алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу үкімі. Исламда
алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған, өйткені ол адамның денесі мен
рухына және қоғамның саулығына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда дәрігерлер
және психология саласының ғалымдары мен мамандары алкоголь адам өмірінің
түрлі аспектілеріне кері әсерін тигізетіндігі туралы айтуда. Бірқатар
зерттеу орталықтары осы салада практикалық ізденістер жүргізіп, маскүнемдік
– адамзат қоғамына төнетін қауіп деген қорытындыға жеткен. Жуықта
Американың маскүнемдікке күрес ұлттық орталығы америкалық мектеп оқушылары
арасында алкогольдік ішімдіктер тұтынуы туралы есеп жариялады. Осы орталық
жариялағандай, америкалық 13 млн оқушы кем дегенде бір рет есірткі заттарын
немесе алкогольдік ішімдіктің дәмін татқан. Бұл мәлімет бойынша, 2011-2012
жылдар аралығында америкалық оқушылар арасында алкогольдік ішімдіктер ішу
көрсеткіші ұлғайған.
Осы орталық Америка мектептерінде маскүнемдіктің тез жайылуына байланысты
отбасылардан, білім саласының қайраткерлері мен саясаткерлерден өз
пікірлерін білдіруін сұрады. Мамандардың зерттеулері бойынша, алкогольдік
ішімдік ішудің түрлі себептері бар. Солардың қатарында – торығушылық, көңіл
күй мен өз-өзіне сенімнің жоқтығы және жүйке қысымдарынан құтылуға тырысу
бар. Кейбір кісілер торыққан кезде тынышталу үшін алкогольдік ішімдік
ішеді. Оны ішкен кезде бастапқыда торығудан құтылған сияқты жалған сезім
болуы мүмкін бірақ аз уақыттан соң әлгі ішімдіктің нағыз және зиянды әсері
байқала бастайды. Мұндай кері әсерлерге дене тепе-теңдігінің жоғалуы, шешім
қабылдаудағы келеңсіздік, ойлаудың тежелуі және қатігездіктің күшеюі
жатады.
Бұл келеңсіздіктердің әйелдерге жағымсыз әсері әлдеқайда жоғары. Жаңадан
жүргізілген зерттеулер бойынша алкогольдік ішімдіктер еркектерден гөрі
әйелдердің миына көбірек зиян келтіреді. Алкогольдің кері салдарының бірі –
адамның ішкі мүшелеріне әсіресе бауырға нұқсан келтіру болып табылады. Ішкі
мүшелер маманы, доктор Шахин Мераттың айтуынша, "алкогольдің бауырға
тигізетін зияндарын үшке бөлуге болады, біріншіден, бауырда май мөлшері
ұлғаяды. Алкоголь ішуді қойған жағдайда бұл келеңсіздікті емдеуге болады.
Алкогольді көбірек ішкен кезде адам бауыр гепатитіне және бауыр қабынуына
шалдығады. Алкогольді тоқтатумен бауыр гепатиті қалпына келеді, алайда
барлық жағдайда емес, жазылмауы да мүмкін".Алкогольдік ішімдіктерді көп
пайдаланудың соңы бауыр рагына ұшыратуы мүмкін және бұл ауру емделмейді.
"Бауырдың ең маңызды міндеті ішек ішіндегі уларды кетіру болып табылады, ал
алкогольдік ішімдік бауырды әлсіретіп, оның уларға қарсы қабілетін
азайтады",-дейді ол.
Адамдардың көбі алкогольдің бауырға кері салдарын білгенімен, бірақ бұл
ішімдіктің сүйекке тигізетін зиянынан бейхабар болуы да мүмкін.. Осы орайда
"Рейтер" ақпарат агенттігі зерттеулерге сүйеніп, былай деп жазады:
Алкогольдік ішімдіктер сүйекті әлсіретіп, оның сынуына себепші болады.
Ішімдікке құмар адамдардың сынған сүйектерінің емделуі, бастапқы қалпына
түсуі өте қиын және ұзаққа созылады. Өйткені алкоголь денедегі сүйекті
қалыптастыратын бөлшектерге нұқсан келтіріп, сүйектің әлсіреуіне әкеп
соғады,-деп жазады. Алкогольдік ішімдіктердің тағы бір зиянды әсері – қан
құрамындағы ақ түйіршіктерді азайтады. Ақ түйіршіктер сарбаздар тәрізді
денедегі микробтарға қарсы күреседі. Ал алкоголь олардың санын азайтады.
Алкоголь сондай-ақ құрамында темір бар гемоглобинге де кері әсерін тигізіп,
қан аздығының пайда болуына әкеледі. Иран медицина мамандарының
зерттеулерінде алкогольдік ішімдік ішу – "Б, "С" дәрумендеріне және фолий
қышқылына кері әсер ететінін көрсетті. Осы зерттеулер негізінде "В"
дәрумендерінің жетіспеуі бас айналу, көздің әлсіреуі және тепе-теңдіктен
айрылу тәрізді келеңсіздіктерге апарады. Кейбір исламдық руаяттарда
алкогольдің денеге тигізетін бірқатар кері әсерлері жайлы баяндалған. Имам
Садық(ғ) шарапқа тыйым салудың себебі жайында: шараптың жаман әсері мен
адамды аздыратын қасиеті үшін құдай оған тыйым салды, өйткені мас адамның
денесі тепе-теңдіктен айрылады,-дейді.

2. Маскүнемдікпен күресу ішкі істер органдарының міндеттерінң бірі ретінде

Ішкі істер Министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан
хабарламасында көрсетілгендей, соңғы алты жылда "маскүнемдікке" байланысты
қылмыстардың төмендегеніне қарамастан, әрбір оныншы қылмыс ішкіліктің
салдарынан жасалады. ІІМ ақпаратына қарағанда, өткен жылы республика
бойынша 1,7 мыңнан астам кісі өлтіру дерегі тіркелген, оның ішінде 30%
ішімдіктің салдарынан болған.
"Тұрмыстық салада болған әрбір кісі өлтіру бірлесіп ішімдік ішкеннен кейін
орын алады, оның 50% басты себебі - жанжал, 10% - қызғаныш, дейді полиция
қызметкерлері.
Сонымен қатар, үш жыл ішінде елде 56 мыңға жуық өрт тіркелген, соның
салдарынан 1932 адам көз жұмған, олардың 1138 мас күйде болған.
Соңғы үш жылда мас күйінде көлікке отырған жүргізушілердің кесірінен
шамамен 4833 жол апаты тіркеліпті, салдарынан 977 адам көз жұмса, қалғаны
адам түрлі жарақат алған.
Қазіргі кезде ішкі істер органдарында 300 мың адам профилактикалық есепте
тұр, оның 126 мыңы -ішімдікке салынғандар, 38 мыңнан астамы -отбасылық
тұрмыстық салада заң бұзушылықтарға жол береді және 32 мыңы-нашақор. ІІМ
мәліметтері бойынша , соңғы екі жылда арақтан уланған 31 мыңнан астам адам
медициналық мекемелерге жеткізілген , оның 2,1 мың адамы көз жұмған. "Осы
аралықта арақтан уланғандар саны 25% жетті",-дейді полицейлер.
Республикадағы маскүнемдік пен ішкіліктің алдын алу мақсатында ІІМ
мемлекеттік құзыретті органдарға өз ұсыныстарын жолдамақ, оның ішінде
ішімдік өнімінен түскен табысты салауатты өмір салтын қалыптастыру
бағдарламасын қаржыландыруға, ішімдіктен зардап шеккен азаматтардың
отбасыларына бөліп беру және заң жүзінде квота енгізу туралы ұсыныс
көрсетілген. Сонымен қатар, ішімдік өнімдерінің сауда жүйелерінде ішімдікті
көлемді түрде сату экономикалық мақсатсыздыққа жеткізетін жағдай туғызу
жолдарын қарастыру көзделген.
Еліміздің ұлттық салауаттылық орталығының мәліметтеріне сенсек,  өткен 5
жыл ішінде Қазақстанда маскүнемдер саны 5 есе көбейіпті. Бесіктен белі
шықпай жатып арақ атты әзәзілдің құрығына түскен балалар қатары тіпті 10
есеге артқан. Жалпы, Қазақстанда жарты миллионға жуық адам маскүнем ретінде
тіркелген көрінеді. Оның ішінде оңтүстік қазақстандық 15 мың тұрғын да бар.
Тағы бір деректерге көз жүгіртсек, жыл сайын елімізде арақтан 25-28 мың
кісі көз жұмады екен. Ал бір маскүнем өзінен басқа 10 адамның өмірін
улайтын көрінеді. Осылайша жақын адамның маскүнемдігінен зардап шегіп
отырған 4 миллион адам анықталған. Ал маскүнемдік айығуы қиын дертке
жатады. Жалпы, алкоголизм деген дерттерден ешкім де қорғана алмайды. Бұл
аурулармен кез-келген адам ауыруы мүмкін. Дегенмен де ерік-жігері төмен,
әлсіз мінезді адамдар бұл кеселге тез шалдығады. Өмірде әртүрлі жағдайлар
орын алуы мүмкін. Мысалы, кейбір адамдар жақсы қызметінен айырылып қалғанда
немесе ерлі-зайыптылар бір-бірінен ажырасып кетсе, мінез-құлқы әлсіз адам
ішкілікке салынып кетеді. Жалпыға мәлім, қазір күйзеліс пен уайым көп. Ол
да адамның жүйкесін әлсіретіп, маскүнемдікке соқтыруы мүмкін.
Маскүнемдік үш дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежесінде адам спиртті
ішімдікке психикалық түрде тәуелді болады. Мысалы, біреулер қанша арақ ішсе
де мас болмайды. Ондайларды жұрт арақты көтереді екен деп жатады. Ал ол,
керісінше, адам ағзасында алкогольге төзімділік пайда бола бастағаны деген
сөз.
Маскүнемдіктің екінші дәрежесінде адамда физикалық тәуелділік пайда
болады. Бұл кезде бас жазу синдромы басталады. Мұндайда адам бір ішсе
тоқтамай бірнеше күн ішетін әдет табады, өзін-өзі тоқтата алмайды. Екі-үш
күн тоқтамай ішкеннің өзі маскүнемдіктің екінші дәрежесіне жатады.
Ал маскүнемдіктің үшінші дәрежесінде бірнеше уақыт бойы салынып ішу
басталады, алкогольге төзімділік төмендейді. Бұл кезде адам 100 грамм ішсе
де тез мас болып қалады. Сонымен қатар соматикалық қосымша аурулар
басталады. Белая горячка деп жатамыз ғой. Ол дегеніміз адамның көз
алдында түрлі елестер пайда болады. Содан кейін адамның мінез-құлқы
өзгеріп, адамгершілік қасиетін жоғалтады. Психикалық өзгерістер пайда
болады.
Айта кетерлік бір жәйт, ер кісілерге қарағанда әйелдер маскүнемдікке тез
салынып кетеді. Ер адамдар ішімдікті бес-алты жыл ішкеннен кейін барып
салынып ішетін болса, әйелдер екі-үш жылдың ішінде араққа салынып кетуі
мүмкін. Одан кейін әйелдерді маскүнемдіктен емдеп жазу өте ауыр болады.
– Маскүнемдіктен түбегейлі айығуға бола ма? Бұл жерде басымдық емдеу
курсына байланысты ма, әлде нәтиже науқастың ниетіне қатысты болмақ па?
– Маскүнемдікті толығымен емдеп жазуға болады. Бірақ бұл ұзақ емделуді
қажет ететін дерт.
Маскүнемдіктен емдеудің бірнеше сатылары бар. Біріншіден, біз адамды
салынып ішуден тоқтатамыз. Әрі қарай психотерапиялық жұмыстар жүргіземіз.
Одан кейін оның қайта ішпеуін қадағалаймыз. Содан соң бейімдеу орталығына
жібереміз. Онда науқасты қоршаған ортаға бейімдейді. Ол жердегі
психологтар, психотерапевтер науқастың өмірге деген көзқарасын түзеп,
психологиялық тұрғыда көмектеседі. Дегенмен осының бәрінде науқаста аурудан
айығуға, арақты тастауға деген ниет, ұмтылыс болуы керек.
Маскүнемдікке қарсы дәрінің түрі көп. Ал саудада бүгінде титуран,
эспираль, алкасон деген дәрілер, шайлар да бар. Бұларды қабылдаған адамның
арақ ішуіне болмайды. Егер ішсе, жүрегі тарсылдап, қан қысымы қатты
көтеріліп немесе түсіп кетеді. Ол аздай құсып, өліп кете жаздап ауырады.
Өйткені ағзада интоксикация жүріп жатыр. Осыдан кейін науқас араққа
аллергиям бар екен деп ойлайды. Жалпы, алкогольдік ішімдік ішектен қанға
өткенде пигменттердің көмегімен адам ағзасында ацетальдегид деген улы зат
ыдырап шығады. Алкогольге қарсы дәрілердің бәрі осы ацетальдегидтің бөлініп
шығуына кедергі келтіреді. Ол шыға алмағаннан кейін адамның бойында реакция
жүреді де, ауыра бастайды. Осыдан кейін кейбіреудің арақты қоюы мүмкін.
Дегенмен қанша ауырса да арақсыз тұра алмайтындар да бар. Сондықтан
маскүнемдіктен толық айығу үшін күмәнді көлденең жол іздемей, маман-
дәрігерден ем алған жөн демекпін.
Адам адам болғалы тұрмысын түзеу, жақсы өмір сүру, адамзат атаулыны
қиындықтан құтқару жолдарын ұдайы іздестіріп келеді. Өкінішке қарай, адам
өзінің қысқа ғұмырында тағдырын тәлкекке салатын жаңалықтар да ашқан.
Осыдан да болар, ғалымдар кейде сол өнер табыстарына өздері де қарсы шығып
жатады. Бір жолы академик Ф.Углов әлемге әйгілі әріптесі, академик
Амосовқа: Еркектер, мүмкін балалар өлімінің өршуінің басты себебі – сен
қарсы шығып жүрген гиподинамия мен мешкейлік емес, алкоголизм, – депті.
Расында да, темірдей тәртіп қалыптастырған Кеңес өкіметінің уақытында да
есіктен кіріп, төрге озған әдеттің бірі де бірегейі арақ-шарап болды.
Әсіресе, алпысыншы жылдардан кейін маскүнемдік өршіп кеткенін көздерімен
көріп жүрген ғалымдар Ішімдік – социализмнің түбіне жетеді деген болжам
да жасапты. Тек дінге адал азаматтар ғана ащы судан аулақ жүріп, шиша
ішіндегі сайтан суды харам санаған.
Амал қанша, тәуелсіздік алған жылдардан бері арақ-шарап ұлттық
рухымызды басып-жаншымаса, қазаққа жақсылық әкелген жоқ. Ақша тапшылығы
табанымыздан таусылтқан жылдары қаншама адам жасанды арақтан жан
тапсырды. Айықпас ауру тапты. Балалардың да дәмін татып көруіне, азапқа
түсуіне жол ашты. Осының барлығы, айналып келгенде арақ-шарап өнімдері
бағасының арзандығына да келіп тіреледі. Қайсыбір елдерде дүкендердегі арақ
сататын бөлім азық-түліктен оқшаулау орналасып, ішімдік 21 жасқа
толғандарға ғана сатылатын болса, бізде жағдай мүлде басқаша. Дүкендер
түгілі дүңгіршектер де неше түрлі ащы суға толы, кез келген бала қалағанын
сатып ала алады. Өйткені арзан әрі бақылау жоқ.
Мұндай сұмдыққа биыл тосқауыл қойылды. Енді виски, коньяк, арақ
көмекейі қанша жыбырласа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Кәсіптік химиялық агенттер
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Ішімдікке салыну (алкоголизм)
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы
Ерлер мен әйелдердің алкогольді тұтыну ерекшеліктері
Биологиялық жас
Пәндер