Жыныстық қылмыстар


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995-жыл 30-тамызда қабылданған Конституциясына адам құқықтары мен бостандықтарына арналған көптеген жаңа баптар енгізілген. Бұл баптардың бәрі адам құқықтары туралы халықаралық декларация қағидаларына негізделген. Қазіргі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі қабылданып, 01. 01. 2015 бастап қолданысқа енген Қылмыстық Кодексімен, бұрынғы Қазақстан Республикасының 1997 жыл 16-шілдеде қабылданып, 1998-жыл 1-қаңтарда күшіне енген Қылмыстық Кодексінің ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап, біз өзіміздің даму жолымызды, мемлекеттік және коғамдық құрылыс бағдарламасын таңдап алдық. Біздің ең басты мақсатымыз демократиялық, құқықтық мемлекет құру барысында нарықтық экономикаға және ұлттық әдет-ғұрыпқа негізделген анық және нақты бағдарламамыз бар. Осы бағдарламаны іске асыру үшін, яғни демократиялық, құқықтық мемлекет болу үшін бір адам емес, барлығымыз бірлесіп күш жұмсап, көптеген еңбектер етуіміз қажет. Бұл біздің ата заңымыз Конституцияда да көрсетілген. [1. ]

Зерттеу объектісі . Жаңа Қылмыстық Кодекс өте әділ деуге болады. Онда көптеген жаңа қылмыс түрлері көзделген. Жаңа Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінің 1-тарауы жеке адамдарға қарсы қылмыстарға арналған. Сондықтан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау біздің Конституциямыздың басты мақсаты болып табылады, яғни азаматтардың қолайлы, жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу керек. Бұл біздің құқықтық норманың әділдігін, мемлекеттің демократиясын сипаттайтын өлшем болып табылады. Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, қоғамның дамуымен қатар, оның теріс жақтары да дамып, қылмыстың жаңа түрлері пайда бола бастайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зорлау қылмыстары мәселесі тек бүгінгі таңда емес, сонымен қатар ғасырлар бойы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты аталған қылмыстар диплом жүмысының тақырыбы ретінде таңдап алынды.

Зерттеу пәні: Зорлау қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы мен олардың алдын алу жолдарын жетілдіру болып табылады.

Аталғандарға қоса бұл жұмысты жазу барысында жыныстық қылмыстарды жасаудың криминологиялық сипаты да қамтылған. Яғни, біздің мақсатымыз тек мұндай қылмыстарға құқықтық тұрғыдан ғана зерттеу жүргізумен шектелмейді, сонымен қатар жыныстық қылмыстар неліктен жасалатындығы, оларды жасаушы тұлғалар мен жәбірленушілердің жеке басына жан-жақты талдау жасалады. Себебі, қоғам мұндай қылмыстардың алдын-алуды, құқық қорғау органдарының міндетті түрде кінәлі тұлғаларды тауып, тиісті жазасын тағайындауды талап етеді. Оларға тағайындалған жаза, осындай қылмыстарды қайталап жасамауды қамтамасыз ететіндей болуы қажет.

Жыныстық қылмыстарды жасайтын тұлғаларға қатысты түзеу мекемелерінде де сотталғандар арасында өзгеше көзқарас қалыптасқан. Сондықтан да болар, бұл қылмыстарды көп жағдайларда бірнеше рет қайталанып жасалатын қылмыстар ретінде қарастыруға болады.

Мұндай жағдайға таңданудың да реті жоқ, себебі жыныстық қылмыстар өте аз зерттелген. Бұл мәселені зерттеу барысында міндетті түрде заң ғылымдарынан басқа әлеуметтану, психиатрия, психология әә медицицна сияқты ғылымдардың да жетістіктерін пайдаланған жөн.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздеріне Тергеу, сот, прокуратура органдарының қызметкерлері және адвокаттар зорлау қылмыстардың жасалу табиғаты және себептері туралы өз ойларын білдіргенде, оларды күнделікті тұрмыстық жағдайлармен ғана байланыстырады немесе кінәлі тұлғалардың ақыл-есінің дұрыс еместігімен, психикасының өзге де бұзылғандығымен түсіндіреді. Бұл әрине біржақты көзқарас, мұндай қылмыстардың жасалу себебін тек заңгерлердің тұжырымдамаларымен түсіндіру тақырыптың толық мазмұнын ашпайды. Сондықтан, жыныстық қылмыстарға қатысты мәселені жан-жақты зерттеу алдымен ғылыми-теориялық тұрғыда жүргізілуі тиіс.

Зерттеу көздері. философтар, заңгерлер, психологтар, тарихшылардың ғылыми зерттеу мәселелері бойынша жарық көрген еңбектері, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелік рухани мұралары, ережелер, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер, халық сотының тәжірибесі, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нұсқаулары, ҚР Үкіметі, Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (заңдар, нұсқаулар, қаулылар, ережелер, тұжырымдамалар), дәстүрлік құқықтық заңдар жинағы, Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу, Кодекстері, Ата заң (Конституция) және ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Бұл жұмыс кіріспе, үш тараудан және қорытынды бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар, жұмыс соңында жалпы пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

  1. Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi және жүйесi
  2. Зорлау қылмысының жалпы түсінігі және түрлері
  3. Жеке адамдардың жыныстық бостандығына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы өзге де қылмыстар қарастырылған.

1 Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi және жүйесi

  1. Жыныстық қылмыстардың түсiнiгi

Жыныстық қылмыстың анықтамасын анықтау, берiлген топқа қатыстылығын және оның арнайы және негiзгi белгiлерiн көрсететiн iс-әрекеттi бекiту мақсатында қызмет етедi. Бұл қылмыстар үлкен немесе кiшi болуына қарамастан жыныстық қатынастың тәртiбiн бұзады және қоғамға өте қауiптi болып табылады.

Жыныстық қатынастың тәртiбi әлеуметтiк-экономикалық формацияда анықталған, жыныстық моральға байланысты қоғамда танылған қағидалар мен көзқарастардың маңызын бiлдiредi.

Жыныстық қатынастың тәртiбiнiң мазмұнын жыныстық мiнез-құлық түсiнiгiнен бөлек ашып көрсетуге болмайды. Жыныстық мiнез-құлық қоғамдағы мiнез-құлық нормалары жүйесiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң бiрi болып табылады. Жыныстық мiнез-құлық немесе жыныстық мораль адамдардың жыныстық өмiрiнiң барлық жағын реттейтiн мiнез-құлық нормалары жүйесiн өзіне қамтиды.

Ф. Лист «жыныстық мiнез-құлық обьектiсi тек жыныстық қатынастар» деп көрсетедi.

Бірақ бұл оның түсiнiгiн шектеп көрсетедi. Бiздiң ойымызша жыныстық мiнез-құлық түсiнiгi адамның жыныстық қатынасқа байланысты тәртiп ережелерiн ғана емес, сонымен қатар жыныстық мәселелерiне тиiстi қоғамдағы этикалық және эстетикалық көзқарастар мен әдет-ғұрыптарды да қамтуы қажет. Қоғамдық мiнез-құлық пен жыныстық мiнез-құлық арасындағы қатынас бұл бүтiндей және бөлшектей арақатынас. Мысалы: Қылмыстық құқыққа байланысты кез-келген қылмыс мiнез-құлыққа қарсы, ал жыныстық мораль нормаларын бұзатын қылмыстар арнаулы ғана.

Жыныстық қылмыстардың арнайы белгiсi ретiнде жыныстық қатынастарды реттейтiн негiзгi моральдық нормаларды бұзу болып табылады. Жыныстық қылмыстар басқа қылмыстардан белгiлерiне, айырмашылықтарына байланысты ерекшеленетiн өзiндiк бiр қылмыс тобын құрайды. Осы топтағы қылмыстарға қатысты заң әдебиетiнде «жыныстық қылмыс» деген термин қалыптасқан. Бұдан бiз жеке тұлғалардың белгiленген құқығын бұзатын жыныстық мiнездегi қылмыстарды түсiнемiз.

Я. М. Яковлев жыныстық қылмыстардың анықтамасын былай дейдi: «Жыныстық қылмыстар дегенiмiз - әр түрлi жыныстағы адамдардың арасындағы жыныстық қатынастың дұрыс тәртiбiн немесе жәбiрленушiнiң жыныстық бостандығын бұзатын жыныстық іс-қимыл түріндегі, тұлғаның немесе субьектiнiң жыныстық құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен қасақана жасалатын, қоғамда қалыптасқан жыныстық тәртiпке қарсы, жыныстық қатынасқа қол сұғатын, қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауiптi iс-әрекет. [43]

Сонымен қатар жыныстық қылмыстарға байланысты Б. В. Даниэльбек мынадай қысқаша анықтама бередi: «Жыныстық қылмыстар дегенiмiз - өзiнiң және басқаның жыныстық құштарлығын қанағаттандыру үшiн қасақана жасалған, қоғамдағы жыныстық қатынастың дұрыс тәртiбiне қол сұғатын, жыныстық сипатқа ие қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауiптi iс-әрекет». [24]

Авторлар ойынша бұл анықтамалар жыныстық қылмыстардың белгiлерiн анықтайтын жыныстық мақсат деген концепциядан туындайды. Бұл жерде олар басқа себептермен жасалған қоғамға қауiптi жыныстық әрекеттердiң жыныстық қылмыстар ретiнде тану мүмкiндiгiн жоққа шығарады. Жасалу негiзi адамдардың жыныстық бостандығына жататын қоғамдағы жыныстық мiнез-құлықтың негiзгi қағидаларын бұзатын қылмыстық iс-әрекеттердi бiр топқа бiрiктiру толық және дұрыс анықталған болып табылады. Бiздiң ойымызша порнографиялық заттарды тарату өзiнiң маңызы жағынан жыныстық қылмыстарға өте ұқсас болып табылады, бiрақ бұл қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң ерекше бөлiмiнiң басқа тарауынды көрсетiлген. Жыныстық қылмыстардың басқа қылмыстардан айрмашылығы, оның қоғамдағы жыныстық мiнез-құлықтың негiзгi қағидаларын бұзуында болып табылады. Себебi, басқа қылмыстар жыныстық мораль нормаларын бұзумен байланысты емес.

Барлық жыныстық қылмыстар өзiнiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiнiң ерекшелiгiне, маңызына қарамастан туыстас бiр обьектiге қол сұғудан тұрады, яғни жыныстық мораль нормаларына негiзделген жыныстық қатынастың тәртiбiне қол сұғу болып табылады.

Б. А. Блиндер қоғамдағы жыныстық қатынастың тәртiбiн тектiк және топтық обьект ретiнде таныған. [19]

Жыныстық қылмыстың тiкелей обьектiсi әртүрлi. Бұл қылмыстың бiр тобы тiкелей адамдардың бостандығына қол сұғудан тұрса (зорлау), ал екiншi бiр тобы қоғамдық мiнез-құлықты бұзу болып табылады. Зорлау және нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерiнiң тiкелей обьектiсi жыныстық бостандық болып табылады.

Жыныстық бостандық дегенiмiз - жыныстық жасқа толған және толмаған азаматтардың өздерiнiң жыныстық өмiрiн ерiктi анықтау құқығын айтамыз. Жыныстық бостандықты шектеу қоғамдық қажеттiлiкпен және бекiтiлген моральдық нормамен анықталады. Мысалы: азаматтар басқа бiреудiң есебiнен өзiнiң жыныстық құштарлығын қанағаттандыруға құқығы жоқ. Сонымен, жыныстық бостандық дегенiмiз - қоғамның немесе басқа адамдардың құқықтарын бұзбай, өз еркiмен өздерiнiң жыныстық құштарлығын қанағаттандыру құқығы болып табылады. Жыныстық бостандықтың түсiнiгi жыныстық құштарлықты қанағаттандыру құқығының барлық жағын қамтиды. Сондықтан басқа адамдардың еркiне қарсы жыныстық сипаттағы кез-келген әрекет жыныстық бостандыққа қол сұғу болып табылады.

Бұл жерде бiз «жыныстық бостандық мазмұнына тек жыныстық қатынасқа түсу кiредi» деген П. П. Осипов пiкiрiмен келіспеймiз. Сондықтан, басқа адамдардың еркiне қарсы жыныстық әрекет жасау жыныстық қадiр-қасиетке қол сұғу болып табылады. [44]

Жыныстық қатынастың еркiндiгi қағидасы жыныстық моральдың ең негiзгi белгiсi болып табылады.

Көп авторлар жыныстық қатынастардың обьектiсi ретiнде әйелдердiң жыныстық қол сұғылмаушылығын қарастырады. Бiздiң ойымызша жыныстық бостандық терминi дұрыс және дәл алынған десек болады, себебi ол жыныстық моральдың маңызын көрсетедi. Ал жыныстық қол сұғылмаушылық, тек көмекке мұқтаж жағдайдағы немесе айналадағы болып жатқанның мәнiсiн түсiнбейтiндерге байланысты қолданылуы тиіс. Мысалы: кәмелет жасқа толмаған немесе ақыл-есi дұрыс емес адамдарға қатысты айтсақ болады. Шындығында бұл тұлғалар жыныстық қатынаста өздерiнiң келiсiмiне немесе басқа да әрекеттерiне қарамастан қол сұғылмайтын тұлғалар болып табылады.

  1. Жыныстық қылмыстардың жүйесi

Қылмыстық құқықтың негiзгi белгiсi болып, қылмыстардың жүйесiн құру негiзiне жататын қылмыстардың обьектiсi болып табылады. Сондықтан жыныстық қылмыстарды топтастырғанда, осы қылмыстың тiкелей обьектiсi басшылыққа алынып құрылуы қажет. Егер қылмыста бiрнеше тiкелей обьект болса, яғни заңмен қорғалатын қылмыстық қатынастың бiрнешеуi бұзылса, онда осы қылмыстың маңызын және бағытын анықтайтын басты негiзгi обьектiнi тауып алу қажет. Көптеген жыныстық қылмыстар тек қоғамда белгiленген жыныстық қатынастың тәртiбiн бұзу емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың құқықтарына қол сұғуына да байланысты болады. Мысалы: зорлау, нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану әрекетi, жыныстық қатынас жасауға және нәпсiқұмарлық сипаттағы әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу тағы басқа. Көптеген авторлар жыныстық қылмыстардың жүйесiн қазiргi заңдарға сәйкес құрастырған. Жыныстық қылмыстардың толық және дәлiрек жүйесiн Я. М. Яковлев бередi. Ол жыныстық қылмыстардың жүйесiн төрт топқа бөлiп қарастырады. [43]

1-Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар.

2-Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.

3-Балалар мен кәмелетке толмағандардың дұрыс жыныстық тәрбиесi мен дұрыс жыныстық дамуына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.

4-Әйелдер мен еркектер арасындағы дұрыс жыныстық қатынасқа қол сұғушылық қылмысы. Бұл топқа автор бiр құрамдағы қылмыстарды кiргiзедi, яғни еркек пен еркек арасындағы жыныстық байланыс (мужеложство) .

Сонымен қатар Н. Д. Дурманов, жыныстық қатынас саласындағы қылмыстарды келесi топтарға бөледi.

1-Әйелдердiң қадiр-қасиетiне, денсаулығына, бостандығына қол сұғушылық қылмысы.

2-Кәмелетке толмағандардың дұрыс физиологиялық дамуына, бостандығына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.

3-Еркек пен еркек жыныстық қатынасы (мужеложство) . Мұнда қол сұғу обьектiсiнде, яғни еркек пен еркектiң мәжбүрлi немесе ерiктi жыныстық қатынас жасауындағы маңызды ерекшелiктер есепке алынбаған.

Бiздiң ойымызша қылмыстың тiкелей обьектiсiнiң ерекшелiктерiне негiзделiп, жыныстық қылмыстарды келесi жүйеге топтастыруға болады:

1-Ересек адамдардың жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекетi, және жыныстық қатынас жасауға немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету) .

2-Кәмелетке толмағандардың дұрыс жыныстық дамуына және жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстар (кәмелетке толмағандарды зорлау, кәмелетке толмағандарға нәпсiқұмарлық күш қолдану әрекетiн жасау, он алты жасқа толмағандармен жыныстық қатынас және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау және жас балаларды азғындату) .

Сонымен қатар жыныстық қылмыстардың жасалу әдiсiне байланысты былай жүйелеуге болады:

1-Зорлықпен ұштасқан жыныстық қылмыстар (зорлау, нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекетi, жыныстық қатынас жасауға және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету) .

2-Зорлықпен ұштаспаған жыныстық қылмыстар (он алты жасқа толмағандармен жыныстық қатынаста болу және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер жасау, жас балаларды азғындату) .

Жыныстық қылмыстардың жүйесiне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi жыныстық қылмыстардың мынадай түрлерiн қарастырған.

1. Зорлау (120-бап) .

2. Сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап) .

3. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуальдық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер жасау (122-бап) .

4. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуальдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап) .

5. Жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап) . [2]

  1. Жыныстық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Криминологтар зорлау және өзге де ауыр санаттағы жыныстық қылмыстардың жасалу себептерін анықтауға байланысты бірнеше мәрте талпыныстар жасады. Олардың барлығын бір ойға түйіндесек, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  1. зорлау және зорлаумен ұштасқан адам өлтірулерді жасау жыныстық тәрбиенің жоқтығымен байланысты; барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдары арасында мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты, бос уақытты тиімді өткізуге байланысты мәселелерге тиісті түрде көңіл бөлінбейді.
  2. порнографиялық баспалардың, фильмдердің және өзге де порнографиялық сипаттағы бұйымдардың ашықтан-ашық сатылуы және таратылуы;
  3. ересектердің жас балаларды азғыруы, жыныстық даму кезеңінде жасөспірімдердің ата-аналарының қадағалауынан тыс қалуы;
  4. қазіргі жастардың арасында «абсолюттік жыныстық бостандық» туралы ойдың қалыптасуы;
  5. кейбір ер адамдардың өздерін табиғатынан әйелдерден жоғары тұрамын деп санауы, әйел адамдарға қатысты діни көзқарастарға соқыр сеніммен қарауы;
  6. зорлау және зорлаумен ұштасқан адам өлтірулер көп жағдайларда алкогольдік немесе есірткілік мастық күйде жасалады;
  7. жыныстық сипаттағы қылмыстардың басым көпшіліктері бұзақылық ниетпен жасалады; мұндай ниетпен қылмысты кәмелетке толмағандар жасайды, олар өздерінің құрдастары арасында мақтанып, ересек өмірге араласытындығын, батылдығын дәлелдеу үшін жасайды;
  8. жәбірленушілер тарапынан жыныстық жақындасуға жеңіл оймен қарауы, сол арқылы жыныстық қылмыс жасауға өздерінің жағдай жасауы;
  9. зорлаумен ұштасқан адам өлтірулер көп жағдайларда қызғаныш нәтижесінде жасалады.

Жыныстық қылмыстарды жасаудың табиғаты мен себептері туралы зерттеуге біздің елімізде онша көп көңіл бөлінбей отыр. Мұндай қылмыстар туралы С. В. Познышев былай дейді: «қылмыскерлердің ішінде ең импульсивтілері - жыныстық қылмыс жасаушылар, зорлау жасағандар және жас балаларды азғырушылар». Бұл тұлғалардың жыныстық құмарлығы өте күшті болады және басқа адамдардағы сияқты моральдық сипаттағы комплекстері болмайды, олар тек жеке бастың құмарлығын қанағаттандыру мен тәуекелге бағынады. Олар өзінің әрекеттерінің моральдық, өнегелілік жағына көңіл бөлмейді және ескермейді, тек қылмысты жасаудан кейінгі ұрыс-жанжал, жауаптылықтан ғана қорқады.

Зорлау қылмысын жасайтын кейбір ер адамдарда әйелдерге деген қатігездік көзқарас қалыптасқан. Олар әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, өзінің дене күшінің олардан артық екендігін әрқашан дәлелдегісі келіп тұрады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыныстық зорлық әрекеттерінің себептерін тек әлеуметтік тұрғыда сыртқы факторлардың әсер етуімен ғана түсіндіру мүмкін емес. Мысалы, балалардың көзінше жыныстық қатынас жасау, олардың жыныстық қылмыс жасауының себебі болмайды. Мұндай жағдайлар керісінше бала ер жеткенде оның бойында жыныстық жақындасуға деген жиіркеніштік, сын көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.

Жыныстық қылмыстарды зерттеу барысында назар аударатын келесі мәселе - зорлау қылмысын жасайтын тұлғаларға қатысты. Жыныстық жақындасудан ұзақ уақытқа шектелген тұлғалар (мерзімді әскери қызметшілер, бас бостандығынан айырылғандар және т. б. ) зорлау қылмысын жасаушылар арасында өте аз кездеседі. Зорлау қылмысын көп жағдайларда өзінің жыныстық құмарлығын тұрақты түрде қанағаттандыруға мүмкіндігі бар адамдар жиі жасайтыны анықталды. Олардың басым көпшілігі үйленген адамдар болып табылады.

Бұл айтылғандар бойынша келесі қорытынды жасауға болады: ер адамдардың жыныстық құмарлықты тұрақты түрде қанағаттандырып тұруы, олардың зорлауды жасамауына кепіл бола алмайды. Отбасылық қатынастардың шиеленісті жағдайда болуы (ерлі-зайыптылардың арасында күнделікті ұрыс жанжалдардың болып тұруы) ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жыныстық құмарлықтарын әлсіретіп, ер адамға үйден тыс жерде жыныстық жақындасудың жаңа объектілерін іздестіруіне себеп болуы мүмкін.

Бірақ, зорлау қылмысын мұндай тізбекпен ғана түсіндіру оның ішкі мазмұнын ашып көрсетпейді, керісінше мәселенің тек сыртқы жағын сипаттайды. Себебі, ұрыс-жанжалсыз, тату өмір сүретін отбасы бар ер адамдар да зорлау қылмысын жасайды.

Зорлау қылмысын жасаудың келесі бір себебі ретінде әйелдің әрекеттеріне, оның мінез-құлқына ер адамның жағымсыз көзқарасының болуы. Мысалы, кейбір ер адамдар спирт ішімдігін бірігіп ішуге келісім берген әйелді, жыныстық жақындасуға да келіседі деп ойлайды.

Жоғарыда аталғандардың барлығы зорлау қылмысын жасаудың себептерін әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастыру көптеген жыныстық қылмыстардың жасалу жағдайлары туралы ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зорлау және өзге де жыныстық қылмыстарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіру біздің ойымызша, зерттеліп отырған барлық қылмыстардың жасалу себептерін толық қамти алмайды. Мысалы, бұл тұрғыда қарт адамдарды немесе жас балаларды зорлаудың себептерін түсіндіру мүмкін емес.

Жас балаларды зорлаған адамдар, соның ішінде зорлаумен ұштасқан адам өлтіруді жасағандар басқа қылмыс түрлерін жасаушылар тарапынан жағымсыз тұлғалар ретінде қарастырылады. Бас бостандығынан айыру орындарында мұндай қылмыс жасағандар басқа сотталғандар тарапынан қорлауға, ұрып-соғуға, өздеріне қатысты жыныстық сипаттағы жеке басын қорлайтын әрекеттерге ұшырауы мүмкін. Мұндай тұлғалар бас бостандығынан айрылғандар қауымдастығынан шеттетіліп, қуғынға түседі, жүйелі түрде қорланып тұрады. Сондықтан да, кейде бас бостандығынан айыру мекемелерінің әкімшілігі жыныстық қылмыс жасағандарды қорғауға мәжбүр болады. Мысалы, өзінің кәмелетке толмаған қызын зорлаған үшін сотталған М. деген азамат, бас бостандығынан айыру мекемесінде басқа сотталғандар тарапынан күнделікті ұрып-соғылатын болған. Оған ортақ үстелге отырып бірге тамақ ішуге, сөйлесуге, есіктің тұтқасынан ұстауға тыйым салынады.

Шетелдік криминология ғылымында зорлау қылмыстарының себептерін түсіндіретін бірнеше теория бар. Олардың мазмұнына қысқаша тоқталған дұрыс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Жеке адамға қарсы қылжыстардың жалпы сипаттамасы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі
Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жыныстық қылмыстар үшін жауаптылық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz