Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .

  1. Қазіргі саясаттанудағы демографиялық жағдайдың мәні мен мазмұны . . .

1. 2 Әлемдегі демографиялық жағдай және қауіпсіздік мәселелері . . .

1. 3 Қазақстандағы ұлттық демографиялық саясатты зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері . . .

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ . . .

  1. Ұлттық гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселесінің пайымдалуы . . .

2. 2. Мемлекеттік демографиялық саясаттағы ана мен бала мәселесін жүргізу барысындағы мәселелер және оларды шешу механизмдері . . .

2. 3 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын болжау және оны жетілдірудің кешенді негіздері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Диссертациялық жұмыс Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесін зерттеу үшін арналып отыр. Мұндағы Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатын дамуына үлес қосатын ана мен баланың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн қорғау мәселесі айқындалып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының қалыптасу барысы мен жүзеге асуына кешенді талдау жасалып, жаһандану жағдайындағы демографиялық қауіпсіздікке қатерлер анықталынды.

Тақырыптың өзектілігі.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Сондықтан тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі Қазақстан ұлысы дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс [1, 85 б. ] .

Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т. б. мәселелер болып табылады [2, 77 б. ] .

Қазіргі таңда біздің елімізде отбасы мәселесі Елбасының ұдайы назарынан тыс қалған емес. Жыл сайынғы Жолдауында отбасы, демографиялық өсім, ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше мән беріп, тапсырмалар жүктейді. Ел басшы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Әйел - отбасының, мемлекеттің тірегі ретінде танылған. Ана мен баланы қорғау- әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде жарияланды» [3, 22 б. ], - деп айтқан еді. Мемлекеттің дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы тікелей отбасына байланысты десек, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы, отбасын нығайтудағы басым бағыттардың бірі - ана мен балаға әлеуметтік қолдау жасау болып табылады. Осы бағытта мемлекет отбасы мен балаға әлеуметтік қолдау жұмыстарын жетілдіруде. Сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы мен қауiпсiздiгiне одан әрi жәрдемдесу үшiн ананы қорғау, оның ішінде жүктілігі мен бала тууы бойынша демалыстың ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне байланысты анаға ақшалай төлемақы мөлшері белгіленген. Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының қалыптасу барысына ретроспективті талдау жасай отырып, оның негізгі бағыттары мен жүзеге асу ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды [4] . Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды [5] . Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп.

Әркім өз заманының перзенті. Тоқырау заманындағы зерттеулер сол кезде орныққан ережелерге, саяси ұстанымдарға, теориялық қағидаларға қарсы келе алмады. Заман талабы оны көтермеді. Дегенмен, ғылымның ізденістерге толы табиғатында қасаң социалистік идеяларға сәйкес келмейтін ойлар әр жерден байқалып қала берді. Сондықтан, бұл тарихи еңбектер теориялық және методологиялық негіздік бағасын ешбір жоймақ емес.

Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У. Петти және Г. Кинг (Ұлыбритания), одан соң А. Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В. Керсеб (Голландия), П. В. Варгентин (Швеция), Л. Эйлер (Ресей) және т. б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А. Кетле (Бельгия), Ж. Бертильсон (Франция), У. Фарр (Ұлыбритания), В. Лексис, Г. Ф. Кнапп (Германия), т. б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А. Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М. Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М. Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2-3-сандарында жарияланған деректерін, т. б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М. Б. Тәтімов, Ұ. М. Ысқақов, Ә. Б. Ғали, М. Сембин, Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова, Н. Ермекова, А. Әлжанова, т. б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.

Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға түсе бастады. Көші-қон процестерінің республика халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф. Н. Базанованың [6] монографиясы шықты. 1980-жылдардан бері республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи демографияның қызметіне көбірек жүгіне бастағанының дәлелі. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың әсерлері талдана бастады. Осы жылдары шыққан Х. Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы сөз болады [7] .

Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М. Б. Тәтімов [8] еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады [9] . Бұл еңбектерде зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады. Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т. б. өзгерістеріне назар аударады.

Ал Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесі туралы зерттеулер қазіргі таңда елбасшымыз Н. Ә Назарбаевтың және көптеген ғалымдардың, саясаткерлердің назарында болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді [10] . «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымының докторы С. Б. Байқошқаровада

Қазақстанда адам ұрпағын қолдан өрбіту мәселесі туралы қарастырылып келеді [11] . Қазіргі Қазақстанның демографиялық мәселелері бойынша ғалым-саясаттанушыларымыз Құдайбергенова А. И. [12], Мұстафаев Н. Н. [13], Сарсембаева Р. Б. [14], Какенова А. А. [15], Калыбекова М. Ч. [16] және т. б. ғалым саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар зерттеу үстінде.

Зерттеудің обьектісі мен пәні.

Зерттеу объектісі егеменді Қазақстан Республикасының ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесін қарастырып, көкейтесті мәселелерін шешу.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстіндегі демографиялық саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуы болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

- Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының демографиялық саясатын кешенді талдау.

Осы мақсатқа жету үшін ғылыми жұмысының алдында мынандай міндеттер қойылады:

- әлемнің демографиялық даму үрдістерін жалпылама жаһандық көлемде қарастыру;

- ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласындағы басымдықты бағыт деп тану. Бұл бағыттың негiзгi мақсатты тапсырмасы: сәбилер өлiмiнiң коэффициентiн төмендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгертуді айқындау;

- отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегi заңнаманы жетiлдiру және насихаттау отбасы мәртебесiн көтеруді негіздеу;

- әр азаматтың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру халықтың өзiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру процесiне тарту

- Қазақстандағы заманауи демографиялық жағдайдындағы ана мен бала мәселесін зерттеу;

- Еліміздің демографиялық дамуының басты үрдістерін анықтау;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар : Зерттеуде ұсынылған мәліметтерді, жасалған қорытындылар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында әлеуметтік саясаттану, оның арнайы курстары, тарихи демография, әлеуметтану, деректану, саясаттану пәндерi бойынша оқылатын дәрістер мен семинарларда пайдалануға болады.

Сонымен бірге, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарында сабырлы саясаттың, ұлтаралық достық пен келісімнің қалыптасуының тарихын насихаттау үшін қажетті еңбек. Зерттеу қорытындыларының осы тақырыпты зерттеушілерге көп көмек берері сөзсіз. Сондай-ақ, бұл еңбек Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесін, оның барысын, қазіргі таңдағы өзектілігін білгісі келетіндерге де қажетті зерттеу жұмысы болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

- Тақырыпты зерттеуде гуманистік таным заңдылығы, ұлттық және өркениеттілік құндылықтар тұрғысынан мәселені пайымдау тұжырымдамасы басшылыққа алынды;

- Қазақстандағы ХХІ ғ. демографиялық салдарлары алғаш рет тарихи себеп-салдар және сабақтастық тұрғысынан жан-жақты және кешенді түрде зерттелді;

- Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатын дамуына үлес қосатын ана мен баланың денсаулығы мен қауiпсiздiгiн қорғау мәселесі айқындалды;

- демографиялық даму жөнiндегi саясатты, стратегияларды және бағдарламаларды әзiрлеу үшiн қажеттi мемлекеттiк ресурстар бөлудi, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, донорлар және мамандардың тарапынан көмектердi тартуды және пайдаланылуы көрсетілді;

- демография жөнiндегi тұжырымдамалық, ал кейiн стратегиялық нұсқауларды жалпыұлттық және салалық жоспарлауға және олардың мониторингiне мiндеттi түрде енгiзілдi.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы : Тақырыпты зерттеуде өркениеттілік пен ұлттық тұрғыдан жаңаша пайымдаудың әдістері қолданылды. Салыстырмалылық, саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелілі-құрылымдық, теориялық таным, тарихи және демографиялық детерменизм, терминдерге талдау жасау, математикалық статистикалық, түсіндірмелі-баяндау, тарихи құбылыстарды бағалау, модельдеу мен типтендіру және т. б. сияқты ғылыми, философиялық, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу әдістері кешенді түрде қолданылды. Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесінің салдарлары тарихи құбылыстар ретінде көпфакторлы әсерлердің өзара байланысы тұрғысынан зерттелді. Ал, факторлар тарихи құбылыстарға тең дәрежеде әсер ететін, сол құбылыстардың жемісі.

Зерттеу жұмысында басшылыққа алынған негізгі идеологиялық тұжырымдама - гуманистік таным заңдылығы және өркениеттілік құндылықтар тұрғысынан пайымдау болып табылады.

Теориялық негізін ғылыми танымның тарихилылық, нақтылық, шынайылық және құбылыстардың бағалылығы мен жүйелілігі принциптеріне негізделген зерттеулердегі тұжырымдар құрайды. Мәселені зерттеуде салааралық, әртүрлі ғылымдардың - тарихи, демографиялық, сатистикалық, көп өлшемді класстер-талдау, салыстырмалы тарихи-демографиялық талдау, интерполяция, қайта қалпына келтіру және т. б. әдістерін үйлесімді түрде пайдалануға талпыныс жасалды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы мен жариялануы.

Магистрлік зерттеу Қ. А. Ясауи атындғы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасында қаралды. Университет жанынан арнайы құрылған комиссия отырысында талқылануға ұсынылды. Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрді:

1. Қазіргі таңдағы Қазақстанның ұлттық демографиялық саясатындағы ана мен бала мәселесі// «Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты ІІІ-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция. 1 желтоқсан. 2014. Түркістан қ.

2. Национальная демографическая политика в Казахстане // «Направления модернизации современного иновационного общества: экономика, социология, философия, политика, право. 26 декабря 2014г., Новосибирск - Армавир - Саратов.

3. Демографическая политика Казахстана и социологическое развитие семьи // Электронное научно-практическое издание «Экономика и социум» № 1(14) (январь-март, 2015) . Саратов.

Жұмыстың құрылымы.

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 92 бет.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қазіргі саясаттанудағы демографиялық жағдайдың мәні мен мазмұны

Демографиялық саясат - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады: экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т. б. ) ; әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т. б. ) ; қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары [17, 124 б. ] .

Демография - бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда - халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.

Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады [18, С. 78] .

Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарыныңқұрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі - халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Демография және әлеуметтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz