Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Банктің лизингтік операцияларының экономикалық мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Лизингтік операциялардың қаржылық.несиелік аспектілері ... .
1.3 Шетел тәжірибесіндегі лизингтік операциялардың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 «Евразия Банкі» АҚ лизингтік қызметіне талдау ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстандағы лизингтік бизнесінің қазіргі даму жағдайы ... ...
2.2 «Евразия Банкі» АҚ.ның несиелік операцияларына баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 «Евразиялизинг» АҚ.ның лизигтік қаржыландыру қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Банктердің лизингтік қызметін дамуын тежеуші факторлар ... .
3.2 Банктік лизинг тәуекелін басқару әдістерін жетілдіру ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2007-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес.
1 Назарбаев Н.А. «Казахстан 2030». Послание Президента страны народу Казахстана.
2 2003-2015 жж. арналған Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму стратегиясы.
3 Лизинг: Инвестициялардың тиімді мүмкіндіктері мен өндірісті қайта құру // Бизнес. − 2005. −№ 3-4.
4 Абдраимов Р. ҚР қаржы лизингінің дамуы: реалдығы мен перспективалары //Аль-Пари. − 2005. −№ 4-5.
5 Сагадиев К. Қазақстандағы лизинг: дамудың проблемалары мен перспективалары. Азия-ЭЖ/2003ж. №13
6 Газман В. Д. Изменения в законодательстве о лизинге //Хозяйство и право. −2002. −№12(311) (декабрь). −С.29-45.
7 Джуха В.М. Лизинг. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2001. – 242 с.
8 Уткин Э.А. и др. Словарь банковских терминов. − М.: АКАЛИС, 1997. −304 с.
9 Перов В.А. Финансовый менеджмент: учебно-практическое руководство. −М.: Перспектива, 1993. −263 с.
10 Основы внешнеэкономических знаний: словарь-справочник. – М.: Высшая школа, 1990. −263 с.
11 Горемыкин В.Д. Основы технологий лизинговых операций. – М.: Ось -89, 200. −512 с.
12 Газман В. Д. Лизинг: теория, практика, комментарии. - М.: Фонд «Правовая культура», 1999. – 376 с.
13 Кабатова Е.В. Лизинг: правовое регулирование, практика. − М.: ИНФРА-М, 1997. – 204 с.
14 Флиппов К.К., Мигалатай Б.С. Международный лизинг. Новая система экономических связей в России. – СПб.: СПИТМО и ПФ «Надежда», 1992. – 205 с.
15 Чекмарева Е.Н. Лизинг бизнес. − М.: Экономика, 1993. – 127 с.
16 Экономический ежегодник хозяйственника. – М.: Экономика, 1991. −Вып. 2. – 368 с.
17 Малявина А.В., Попов С.А., Пашина Н.Б. Лизинг и анитикризисное управление: учебное пособие. – М.: Издательство «Экзамен», 2002. – 256 с.
18 Смагулов А.С. Лизинг: учебное пособие. – Алматы: Балауса, 1996. –176 с.
19 Макыш С.Б. Банк ісі: оқулық. – Алматы: Издат Маркет, 2007. − 471 б.
20 Иссык Т. Новое о лизинге // Финансы и кредит. – 2004. − № 2 (март). – С.33.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.1 Банктің лизингтік операцияларының экономикалық мазмұны және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Лизингтік операциялардың қаржылық-несиелік аспектілері ... .
1.3 Шетел тәжірибесіндегі лизингтік операциялардың даму
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

2 Евразия Банкі АҚ лизингтік қызметіне талдау
... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстандағы лизингтік бизнесінің қазіргі даму
жағдайы ... ...
2.2 Евразия Банкі АҚ-ның несиелік операцияларына баға
беру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3 Евразиялизинг АҚ-ның лизигтік қаржыландыру қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастар механизмін
жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
3.1 Банктердің лизингтік қызметін дамуын тежеуші факторлар ... .
3.2 Банктік лизинг тәуекелін басқару әдістерін
жетілдіру ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстан Республикасы Президентінің
жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстан экономикасын әрі қарай
жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге
тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының
тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес
сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын
ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2007-
2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің
өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін
белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың
отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық
өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал
етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі
негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі
қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды
пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен
қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді
қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың
қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет
жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең
тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді
қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін
мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін
жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты
шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2008 жылдан бастап қана
белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі
Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-
түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің
қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде
Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып
дамып отыр десе болады.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын
құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай
үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы
жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық
коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар
инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың
өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама
көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің
экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі
қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық
деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар
орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Таќырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларының дамуының теориясы
мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т.Кларк, В. Хойер, М. Гордон,
В.Д. Газман, В.М. Джуха, Е. Кабатов, Е.Н. Чекмарев, В. А Перов, П.А.
Анреев, О.И.Лаврушин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробовой, В.И.Колесников,
О.М.Марков, В.М.Усоскин, Е.Ф.Жуков, Е.Б.Ширинская және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік
операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық
экономист-ғалымдардың: К.Ә. Сағадиев, Қ.О. Оқаев, Ғ.С. Сейітқасымов,
У.М. Искаков, Н.Н. Хамитов, Ж.О. Ихданов, А.С. Смағұлов, Т.Ә. Есіркепов,
С.Б. Мақыш және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты –екінші деңгейдегі банктердің лизингтік
қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ
коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру
жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
– банктердің лизингтік операциялары ұғымын нақтылау;
– банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
– шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік
операцияларын зерделеу;
– ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер
қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
– Евразия Банкі АҚ лизингтік қызметін талдау;
– коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару
әдістерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің екінші денгейлі банктердің лизингтік
операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді
қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін
сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде статистикалық және есептік
деректері, нормативтік құжаттары, Евразиz Банкі АҚ жылдық есеп деректері,
түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары және т.с.с.
пайдаланылды.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында
қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне . Евразия Банкі АҚ лизингтік операциялары.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында жасалған қорытындылар мен
ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік
қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теориялық негізі

1.2 Банктің лизингтік операцияларының экономикалық мәні және түрлері

Көптеген экономикалық әдебиеттерде лизинг ұғымы туралы ғылыми
негізделген пікірлердің болғанымен де, оның банк қызметімен байланысты
зерттелген тұстары сирек кездеседі. Сондықтан да зерттеуімізді ең әуелі
лизинг сөзінің шығуы мен оның ұғымына қатысты қалыптасқан экономист-
ғалымдардың пікірлерін зерделеуден бастау қажет.
Лизинг идеясы бұл бүгінгі ғылым үшін жаңалық емес. Тарихшылар мен
экономистердің пікірлерінше лизингтік мәмілелер біздің эрамызға дейінгі
ежелгі Шумер мемлекетінде жасалған. Тарихышылар Аристотельдің 350 жыл бұрын
жазылған еңбегінде лизинг туралы айтылғандығын айтады .
ХVІІІ ғасырда Венецияда лизингтік операцияларға ұқсас операциялардың
жасалғандығын венециялықтардың саудагерлерге және сауда кемелерінің
иелеріне якорларды қымбат бағамен жалға бергендігі куәландырады. Сөйтіп,
сауда кемелері сауда жасап қайтып келгенен кейін шойыннан жасалған
якорларды иелеріне қайтарып, оны әрі қарай жалға беру үдерісі жалғасып
отырған [1].
Лизинг сөзінің тәжірибеге енуін 1877 жылы Белл деген американдық
телефон компаниясының басшыларының шешімімен телефон аппаратын сатудың
орнына жалға бергендігімен де тығыз байланыстырады. Бірақ, лизинг
операцияларымен байланысты алғашқы ұйым бұл Юнайтед Стейтс лизинг
корпорейшн деген американдық лизингтік компаниясы болатын және ол 1952
жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында құрылған. Демек, бұл жерде АҚШ-тың
жаңа лизингтік бизнестің отанына айналуымен қатар, банктік лизингтік
операциялардың қалыптасуына зор ықпал еткендігін айта кету қажет. Кейіннен
Еуропада 1962 жылы Германияның Дюссельдорф қаласында Дойче лизинг деген
алғашқы лизингтік компания пайда болады [2].
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда жалға беру
дегенді білдіреді [3].
В. Перовтың ойынша лизинг феномены 80 жылдары болашағы бар дәстүрлі
емес, арнайы қосымша қаржыландыру жүйесі ретінде және ұзақмерзімді жалға
алу ретінде анықталды, онда кепіл, міндеттеме бойынша есеп айрысу несиелік
қаржыландырудың және қаржылық механизмнің өзге де элементтері қамтылған
[4].
Бұл түсінік кеңірек Сыртқы экономикалық білім негіздері деген сөздік -
анықтамада беріледі: Лизинг – машина және жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға
алу, жалға берушінің тауарға жеке меншік құқығын сақтап қалуға негізделген,
инвестицияны қаржыландырудың және өтімді активизациялаудың салыстырмалы
жаңа тәсілі. Лизингті компаниялар машиналарды, жабдықтарды, компьютерлерді,
көлік түрлерін сатып алып жалға берушілерге өндіріс мақсатында қолдануға
береді, сонымен бірге келісім біткенге дейін оларға меншік қаржы
ресурстарын қолдануға альтернативті. Ол өндірістік компанияларға тауарды
ешқандай шығынсыз алуға, өнімнің ескіруінен пайда олатын шығыннан құтылуға
мүмкіндік береді [5].
Соңғы он жыл ішінде лизинг экономикадағы реттеуші іс-әрекеттің жаңа түрі
болып қалыптасты. Әлі күнге лизинг мағынасы толығымен ашылған жоқ,
сондықтан оның дамуы мен қазіргі жағдайын талдау отандық экономист
мамандардың басты тапсырмасы.
В.А. Горемыкин лизинг ұғымын екі жақты қарастырады: Лизинг – бұл өзара
тығыз байланыстағы өндірістік күш пен өндірістік қатынастың анықталған
жағдайында көрінетін, меншікті қатынасты тарату әдісі. Лизинг – бұл өзімен
бірге үш түрлі ұйымдық-экономикалық қатынасты көрсететін кәсіпкерлік іс-
әрекет: жалға алу, инвестициялық және саудалық. Әрқайсысы жеке-жеке
мүліктік-қаржылық лизинг операциясының мәнін анықтайды [6].
В.Д. Газман пікірі бойынша: Лизинг, құқықтық-экономикалық категория
ретінде өзімен бірге қаржылық жалға алу шартын орындайтын уақытша, бос
кәсіпкерлікті инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік іс-әрекеттің ерекше
түрін көрсетеді. Қаржылық жалға алу (лизинг) шарты бойынша: лизинг беруші
анықталған сатушыдан мүлікті иемденуге міндеттенеді және лизинг алушыға
өзінің кәсіпкерлік мақсатын орындауы үшін оған арнайы төлеммен жалға
береді [7].
Е.В. Кабатова пікірінше: Лизингтен қандай да бір ұйымның (лизинг
алушының) қажетті құрал-жабдықты уақытша қолдануы үшін белгілі бір ұйымға
(лизинг берушіге) көңіл аударуын және сату-сатып алу мен уақытша құрал-
жабдықты қолдану жөнінде келісімшарт жасауды түсінуге болады [8].
Барлық лизингтік қатынастар екі түрлі келісімшарт көмегімен жүзеге
асады: мүлікті сату сатып-алу келісімшарты және қаржылық лизинг
келісімшарты. Анықтаушы болып қаржылық лизинг келісімшартын жүзеге
асыратын, лизингтік төлеммен мүлікті уақытша қолдануға жалға беру табылады.
Сату-сатып алу келісімшартын жүзеге асыратын қатынас екінші деңгейде
қалады.
Осындай пікірді К.К. Филиппов және Б.С. Мигалатай да ұстанады: Лизинг
өзімен бірге мүлік меншігі мен (лизинг беруші) ай немесе тоқсан мен жыл
кезеңі бойынша төлем төлейтін лизинг алушы арасындағы қарым-қатынасты
көрсетеді [9].
Е. Чекмареванің пікірінше: мүлікті уақытша пайдалануға берумен
байланысты қатынастар лизингті білдіреді. Мүлікті сатып алу сатумен
байланысты қатынастар көмекші ролді атқарады. Бұл қатынас мүлікті жалға
алудан бүрын емес лизинг келісім шарты мерзімінің аяқталуына және
пайдаланушының мүлікті меншігіне сатып алуымен байланысты жүзеге асады
[10].
Осындай пікір 1988 жылы Оттавада қабылданған Халықаралық қаржылық
лизинг туралы Конвенцияда былай бектілген: Халықаралық тәжірибеде лизинг
деп үш жақты кешенді қатынастарды, яғни лизингтік компаниясы (лизинг
беруші) өндірушіден сатып алған өндірістік құрал жабдығын пайдаланушының
өтініші бойынша оған уаықтша пайдалуға береді, келісімшар т мерзімінің
аяқталуына қарай пайдалушы оны меншігіне сатып алады [11].
Малявина А.В. және өзгелердің еңбектерінде лизинг - өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың белгілі бір жағдайын айқындайтын меншікті
қатынастарды іске асыру тәсілін білдіреді. Лизинг жалпы меншік және
инвестициялау қатынастарын бейнелейтін, кәсіпкерлік қызметтік
ұйымдастырушылық нысаны [12].
А.Смағұлов өз еңбегінде лизингтің экономикалық мағынасын айқындай келе
оны анықтамасын мүлікті уақытша пайдалануға берумен байланыстымүліктік
қатынастыр кешіні деп береді. Бұл кешен мүлікті жалға алу келісім-шартынан
басқа, сатып алу-сату және заум туралы келісім-шартты да қамтиды. Лизингке
тән бір нәрсе осы келісім шарттарды жасау барысының күрделілігі мен олардың
өзара байланыстылығы делінген [13].
С.Б. Мақыштың еңбегінде былай түсіндіреді лизинг – бұл лизинг берушінің
өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру
техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған кұрылғыларды
лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге
пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты
Ұлттық экономиканың әр түрлі секторларында лизингтік опреациялармен
байланысты мәселелермен айналысантын қазақстандық ғылымдар арасында, соның
ішінде Т.Иссык , Л. Исабаева, Р.А. Камшибаев , А. Омарова , И. Тагашев ,
Т.Таипов, Ж. Абыдгалиев , Р.К. Сатова сияқты ғалымдардың пікірінше лизинг
сатып алу-сату, аренда және несиемен байланысты экономикалық және заңи
қатынастар кешенін білдіреді.
Лизинг мәні оның атқаратын функциясымен көрінеді, дегенмен оған қатысты
да экономист мамандарының біржақты пікірі жоқ. Лизингтің функциялары туралы
1-суреттен келесі беттен көруге болады.
Е.Н. Чекмарева лизинг функциялары деп қаржылық, өндірістік, өткізу
функциясын және алынатын салық пен амортизациялық жеңілдік функцияларын
атап көрсетеді.
Лизингтің қаржылық функциясы экономист мамандарының пікірінше негізгі
функция болып танылады, себебі лизинг кәсіпорынның инвестициялық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі қорды қаржыландыру формасы болып
табылады. Лизинг алушы қаржылық мүддемен лизингке көңіл аудара отырып
өзінің қаражатынсыз немесе банктік несие көмегінсіз мүлікті пайдалануға ие
бола алады.
Лизингтің өндірістік функциясы машина мен өндіріс құралдарын өз
меншігіне алумен ғана шектелмей, сонымен қатар мүлікті уақытша қолдану
арқылы өзінің өндірістік тапсырмасын орындайды. Лизингке қымбат әрі
моральды тозуға тәуекелі жоғары мүлікті алған лизинг алушы үшін әлдеқайда
тиімді. Себебі ол өндіріс қызметінде тек қана құрал-жабдық міндетін атқарып
қоймай, сонымен қатар өндірісті толығымен техникалық құралдармен қамтамасыз
етеді.

1-сурет Лизингтің функциялары мен белгілері

Е.Н. Чекмарева пікірі бойынша шетелде көбінесе Англия мен АҚШ-та салық
және амортизациялық жеңілдік функциясы кең ауқымда жоғары рольге ие.
Ресейдің лизингтік кәсіпкерлігінде лизингтің қаржы және өндірістік
функциясы басты функция болып саналады.
В.А. Горемыкинның айтуынша лизинг бірнеше функцияны қатар атқарады:
қаржы, өндіріс, өткізу, салықтық жеңілдік алу, кәсіпкерлік аумағын кеңейту,
бәсекелік қатынасты дамыту, мүлікті жекешелендіру [14].
Қайта өңдеу (қайта өндіріс қалыптастыру) функциясы, нәтижесінде лизинг
алушы кредит (несие) негізінде өзіне инвестициялық ресурс таба алатын,
лизинг берушінің несие-инвестиция және өткізу қызметі арқылы жүзеге асады.
Қайта өңдеу функциясы (қайта өндіріс қалыптастыру) қайта өндіріс үшін
негізгі және қосымша қорды сонымен қатар жұмыс күшін қайта қалыптастыруды
көздейді. Лизинг арқылы техника мен құрал-жабдықты алу бағасы қымбат
тұратын техниканы иемденуді емес, ол өзінің өндірістік қызметін оперативті
шешуге көзделеді. Толық лизингте техникалық қызмет көрсету, сақтандыру және
қажетті шикізат алу тағы басқа қосымша қызметтерлді пайдалануға болады.
Лизингке техника мен құрал-жабдық алу, автокөлік құралдарын алу, мүліктер
алу лизинг алушыға еңбек өнімділігін арттырып ғана қоймай, ол жұмыс
қабілеттілігін арттыруға, еңбек және демалыс қолайлылығын жоғарылатуға
ықпалын тигізеді.
Лизингтің қаржылық функциясы заңды және жеке тұлғалардың инвестициялық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін, бизнесті ұйымдастырып оны кеңейту үшін
меншік капиталын төмендетуге, төлем жүйесін икемдеуге бағытталады.
Салық және амортизациялық жеңілдік алу функциясы лизинг қызметіне
қатысқаны үшін лизинг мүшелеріне мемлекеттен жедел амортизацияны қолдану
жеңілдігін, табысқа салық салу мөлшерін азайту жеңілдігін, кеден төлемі
жеңілдігін, жетістікті ғылым мен техника қолдануды ынталандыру жеңілдігін
ұсынады.
Лизингтің ынталандыру функциясы экономикалық өсуді және ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетуді, өндіріс инвестициясы мен капитал жинауды
көздейді. Жоғары өнімді қазіргі заманғы техника мен құрал-жабдықты лизингке
алу кәсіпкерлікті дамытуды, еңбекті тиімді ынталандырады.
Лизингтің реттеуші функциясы дамушы және құлдыраушы саланың негізгі
қорын жаңалаумен қоса, толығымен ұлттық шаруашылықта салаларды біріктіріп
дамытуға жағдай жасау қызметін атқарады. Лизинг механизмі көмегімен
макроэкономикалық пропорцияны өзгертуге, халықаралық бірлестік шекарасын
және халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуге болады.
Лизингтің барлық функциясы өзара байланысты және өзара әсер етеді.
Дегенмен, әртүрлі макроэкономикалық факторларға байланысты оларды жүзеге
асыру деңгейі өзгереді: не күшейеді, не әлсірейді.
Сол себепті, лизинг негізінің мәні кәсіпкерлік іс-әрекет формасына сай
түпкі функция болып табылатын өндірістік, қаржылық, өткізу, инвестициялық
және басқа да функциялар негізінде жүзеге асады.
Лизинг мәнін атқаратын функциясына қарай конвергенция ретінде
қарастыруға болады, яғни өзара әсерді кеңейту және әрдайым тереңдету
негізінде функцияларды жақындату.
Лизингтің барлық жаңа қасиеттері лизингтің жеке элементтерін өзара
байланыстыратын жүйе ретінде функция болып саналады. Бір жағынан, барлық
функцияларды жеке-жеке қарастыру олардың қызметін жеңілдетеді, екінші
жағынан барлық функцияны бір жүйеге енгізу лизинг қызметін толығымен бір
мезгілде орындайды.
Лизинг жүйесінің дамуы барысында санды және сапалы ілгерілеу жасайтын
бірнеше функциялардың өзара әсер ықпалын тигізеді. Олар лизинг операциясы
кезінде барлық құрылымдық міндетін сақтай отырып бірін бірі ауыстарады және
толықтырады.
Жоғарыда келтірілген лизинг анықтамалары – лизинг мәніне экономист
мамандарының әртүрлі көзқараста екенін көрсетеді, дегенмен лизинг
түсінігі жеткілікті бір жақты.
Кейбір экономист мамандары лизингті экономикалық категория ретінде
қарастырады, меншік қатынасына көп көңіл бөледі, кейбіреулері лизингті
кәсіпкерлік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде сипаттайды, ал үшіншілері
қаржыландырудың тартымды формасы (нысаны) десе, басқалары оны ұзақ мерзімді
аренда (жалға беру) деп түсіндіреді [15].
Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап
қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы: лизинг
беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Іс-жүзінде лизингтік мәмілеге мындай субъектілер қатыса алады [16]:
– Лизинг беруші – лизингтік мәмілені іске асыру барысында
меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг
объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге,
уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік
құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға
беретін жеке немесе заңды тұлға.
– Лизинг алушы – лизинг келісімшартына сәйкес лизинг объектісін
белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша
пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
– Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен сату-сатып
алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға
белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды
тұлға.
– Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) – лизинг объектісін
сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға.
Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді
көрсетуге болады, Оларға:
– Сақтандыру компаниясы – лизинг мәмілесін іске асыру кезінде
пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға.

Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент
немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел
инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола
алады [17].
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісімшартта көрсетілген
төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг
берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің
меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды,
құрал-жабдықтарды, көлік құралдарды, жер телімшелерін және т.б.
тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады.
Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды,
транспорт түрлерін, құрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға
алу деп түсінеді. Бірақ лизинг түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан
ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.
Лизинг мәні лизинг келісіміне қатысатын қатысушылардың экономикалық
қатынас жиынтығынан көрінеді.
Лизинг беруші болып заңгер білімі болмаса да жеке кәсіпкерлікке
тіркелген, лизингтік қызметті жүзеге асыратын заңда немесе жеке тұлға бола
алады.
Көбіне көп лизинг беруші болып тәуелсіз лизингтік компаниялар немесе
ірі өнеркәсіптік дайындаушы кәсіпорындардың лизингтік компаниялары немесе
филиалдары бола алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг беруші болып
төмендегі ұйымдар танылады:
– лизингтік операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық
банктер, сонымен қатар ірі банктердің еншілес компаниясы
болып табылатын лизингтік компаниялар. Олар жетістікті
әдстерді қолдана отырып, кең көлемдегі клиенттерге
стандартты лизингтік қызмет көрсетуге бағытталған және
білікті мамандарға ие;
– сала және өндіріс бойынша құрылған лизингтік компаниялар,
анықталған сала бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсетуге
бағытталған іс-әрекет, мысалы, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
ауыр машина жасау, көлік және т.б.;
– жартылай коммерциялы лизингтік компаниялар, мемлекеттік
немесе муниципалды мекемелердің қатысуымен және біртіндеп
немесе толығымен қаржыландыратын бюджетіне сай құрылған
компаниялар, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін
арнайы бюдюжеттен қаржыландыру жеңілдігі бар лизингтік
компаниялар, олар клиенттер үшін тартымды және қолайлы болып
келеді;
– мүліктің ірі партиясына ие болуға мүмкіндігі бар,
корпоративті клиенттерді тарту үшін сауда компанияларымен
құрылған лизингтік компаниялар, мысалы, ұйымдық техникалар,
сауда құралдары және т.б.;
– өз өнімін өткізу үшін құрылған лизинг механизмін
қолданатын, құралжабдықтарды жеткізетін шетелдік фирмалар.
Оларға Xerox, Scania, BMW және тағы басқалары жатады;
– халықаралық лизингтік компаниялар.
Бұрынғы кездері лизингтік қызметтің заңды құқықығын лицензия беретін
болған, мамандардың пікірінше ол лизинг алушыға ешқандай кепілдеме
бермеген. Лицензияны алғаннан кейін лизинг қызметі нарығында осы бизнестен
әлдеқайда алшақ өз қызметін ұсынушы компаниялар қаптап кетті.
Лизингке мүлікті тек қана оның иесі немесе оны жеткізушілер бере алады.
Лизингтік қызметті жүзеге асыруда коммерциялық банктердің, сақтандыру
компанияларының, сонымен қатар инвестициялық қордың, лизингтік компаниямен
ссуда беретін немесе лизинг алушыға тікелей мүлікті ұсынатын компаниялардың
ролі өседі. Лизингтік келісімге негізгі қатысушалрдың делдалы болып
брокерлер, өткізу агенттері және дистрибьюторлар табылады.
Лизинг алушы болып кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын заңды және жеке
тұлғалар танылады. Лизинг объектісін сатушы болып лизинг берушімен сату
сатып алу келісімін жасайтын және лизинг алушыға лизинг құралын сататын
мүлік иесі, өндіруші-кәсіпорын, сауда фирмалары, өткізу жабдықтау ұйымдары
табылады.
Халықаралық лизингте және қазақстандық лизингтік қызмет нарығының
субъектілері болып лизинг алушы, лизинг беруші немесе жеткізуші ретінде
шетелдің заңды тұлғалары болуы мүмкін.
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің
көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып :
– Шұғыл лизинг;
– Қаржы лизингі;
– Қайтарылатын (возвратный) лизинг;
– Үлестік лизинг;
– Тура лизинг;
– Сублизинг.
Шұғыл лизинг
Шұғыл лизинг – ағымдағы жал туралы келісім. Әдетге бұл келісімнің
мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни,
келісімшартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді,
сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімшартты
уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымнен бірге бұл келісімде лизингке
берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер
түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моралъді) құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк
автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизнгтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан
бұрын келісімшартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік
қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті
алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары
туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық
персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
– басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал
төлемдерінің жоғары болуы;
– аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
– уақытынан бұрын өтеу кезінде айыппұлдың төленуі;
– мүлік иелерінін тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа
да шарттары;
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын
мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан
бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің
құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық
шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Лизингтің бұл түрі кезінде кұралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету
бойынша барлық шығыңдар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен
қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы
негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы [18].
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі
едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді
несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық
өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын
қарастырады.
Қаржы лнзингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен
құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып
табылады.
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға
болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол
сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісімшартына отырады. Бұл
кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық,
сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің
нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала
отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер
негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың
қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг – қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі 3
жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк,
сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім
кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісімшартын жасап, лизингтік
объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған займның кепілі
ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал болып табылады,
тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен
өтеліп отырады, Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және займды
өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі туады.
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-
жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісімшарт жасасады.
Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға
болады. Яғни келісімшарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз өнімін
лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хегох, GАТХ, көптеген
әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар
жатады. Мысал үшін, "Даймлер-Крайслер" және ВМW концернлері ірі лизингтік
компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы
өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг – сублизинг келісімшартымен рәсімделетін, лизинг объектісін
пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін
лизинг берушіден лизинг келісімшарты негізінде 3 тұлғаға уақытша
пайдалануға береді. № 7В-ІІ 05.07.2000 ж. Қаржы лизингі туралы ҚР заңына
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің
міндеттемелерің 3 тұлғаға аударуға тыйым салынады[19].
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты
міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол
да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық
сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісімшартының
мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Жалпы танылған тәжірибеде лизингтің түрлеріне мыналар жатады :
– шартқа қатысушы тұлғалардың саны;
– мүліктің түрі;
– нарық секторы;
– лизинг төлемінің формасы;
– міндет алу көлемі;
– мүлікті пайдалану көлемі мен соған байланысты амортизация
шарттары.
Шартқа қатысушы тұлғалардың санынан лизингтің мына түрлерін бөліп
қарастыруға болады:
– екі жақты лизинг шарты (немесе тікелей лизинг), бұл шарт
бойынша мүлікті қоюшы мен лизинг алушы бір тұлға болады.
– көпжақты лизинг шарты (немесе жанама лизинг). Бұл шарт
бойынша лизингті қоюшы емес, қаржылық делдал өткізеді.
Қаржылық делдал ретінде лизинг беруші мекеме танылады.
Шарттың бұл түрінің классикалық нұсқасы үш жақты болуы
табылады. Қатысушылар: қоюшы – лизинг, беруші – лизинг,
алушы.
Мүліктің түрі арқылы мыналарды айыра аламыз:
– жылжымалы мүлік лизингі (жұмыс машиналары, көлік құралдары,
өндірістік кұралдар).
– жылжымайтын мүлік лизингі (өндірістік ғимараттар, т.б.).
Лизинг операциясының қай жерде өткендігі жайында нарық секторына
байланысты бөліп көре алатынымыз:
– ішкі лизинг, бұл бойынша шартқа қатысушы тұлғалар бір ғана
мемлекеттің атынан болады;
– сыртқы лизинг (халықаралық), бұл шарт бойынша лизинг беруші
мен лизинг алушы әртүрлі мемлекеттерден болады. Мүлікті
сатушы басқа бір мемлекетте болуы мүмкін. Халықаралық лизинг
импортты және экспортты болады. Халықаралық лизингте лизинг
алушы импортты лизингке қатысады, ал лизинг беруші экспортты
лизингте болады.
Лизинг төлемінің формасына байланысты мынадай түрлері бар:
– ақшалы формадағы лизинг, бұл бойынша төлемақы ақшамен
белгіленеді;
– өтемақы төлемді лизинг (немесе өтемақылы лизинг), бұл шарт
бойынша лизинг алушы лизинг берушімен тауар арқылы
есептеседі;
– аралас төлемді лизинг, бұл лизинг бойынша төлем жартылай
ақша түрінде, жартылай тауар түрінде немесе белгілі бір
қызмет көрсету арқылы төленеді.
Мүлікті қолдану уақыты мен соған байланысты амортизация шарттарының
мынадай түрлері бар:
– мүлік амортизациясының толық болуына байланысты толық
төлемді лизинг. Бұл жерде келісімшарт уақыты мүліктің қызмет
ету уақытымен теңеседі де лизинг берушіге лизингтің мүліктің
толық құны төленеді.
– мүлік амортизациясының толық болуының еместігіне байланысты,
жартылай төлемді лизинг. Бұл жерде келісімшарт уақыты
мүліктің қызмет ету уақытынан аз болады да, лизингтің
мүліктің қызмет ету уақытынан аз болады да, лизнигтік
мүліктің жарты құны ғана төленеді.
Келісімшарт уақыты мен лизинг мүлігінің негізгі шектік критерийлерінің
бірі ол лизингтің қаржылығы және оперативтілігі.
Оперативті лизинг
Оперативті лизинг бойынша жалға берілетін мүлік, мүліктің қызмет ету
мерзімінен аз уақытқа беріледі. Осыған байланысты бір ғана келісімшарттағы
лизинг төлемақысы, мүліктің толық құнын толтыра алмайды. Сондықтан да
лизинг беруші оны бірінші рет жалға беруі керек, егер оның мүлкіне сұраныс
аз болса, онда лизинг беруші үшін мүліктің толық құнын шығара алмау қаупі
туады.
Оперативті лизингке мынадай белгілер тән:
– лизинг келісімшартының күшіне еніп тұратын уақыты мүліктің
қызмет ету уақытынан әлдеқайда аз, сондықтан да лизинг беруші
бір-ақ рет жалға беруден, өз мүлкінің құнын шығара алмайды;
– мүлік лизингке бірнеше рет беріледі.
Лизинг берілетін мүлік арнайы лизинг берушінің тапсырмасымен
берілмейді, лизингтік мекемеде бар мүлік қана беріледі. Басқаша айтқанда
лизигтік мекеме мүлікті алған кезде, нақты пайдаланушыны білмейді.
Осыған байланысты оперативті лизинг жағына мамандандырылған лизингтік
мекемелер лизинг мүлкінің нарықтық конъюктурасын жақсы білуі керек:
– лизинг шарты екі жақты болады (лизинг беруші-лизинг алушы);
– техникалық қызмет, жөндеуден өткізу, сақтандыру міндеті
лизингтік мекемеге жүктеледі;
– егер мүлік қолдануга жарамай қалса немесе белгілі бір
ақаулар болса лизинг алушы шартты бұза алады;
– егер лизинг мүлігі байқаусызда бүлініп немесе жойылу қаупі
лизинг берушіге төнеді;
– оперативті лизинг төлемі қаржы лизинг төлемінен жоғары
болады, себебі лизинг беруші сұраныстың аз болып қалу қаупін,
мүліктің байқаусызда бүліну қаупін болдырмауды қарастыруы
керек;
– келісімшартың уақыты біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге
қайтарылады. Өзінің қалауы бойынша лизинг алушы келісімшартты
ұзартуға немесе мүлікті өзінің жеке меншігіне алып қалуға
құқығы бар.
Оперативті лизинг көлікте, кұрылыста, ауылшаруашылықта және де
өндірістің басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Сонымен, қорыта айтқанда оперативті лизинг барлығымызға белгілі жалға
беру болып табылады.
Қаржы лизингі бойынша уақытша қолдануға берілген мүлік келісімшартты
ұзарту нәтижесінде лизинг алушының жеке меншігіне ауысады. Келісімшарт
уакыты біткенше лизинг беруші лизинг төлемінен мүліктің толық құнын шығарып
алады да, оның үстіне өзіне жеке пайда көреді [20]:
Қаржы лизингіне тән негізгі белгілер:
– қарым-қатынас кезінде жаңа субъект пайда болады, ол мүлікті
сатушы;
– лизинг беруші мүлікті өзі пайдалануы үшін емес, арнайы
лизингке беру үшін алады;
– мүлік пен оның сатушысын таңдау құқығы мүлікті пайдалаңушыға
беріледі;
– мүлікті сатушы адам, оның тек қана лизингке беру үшін
алынғандығын жақсы біледі;
– мүліктің сапасына байланысты, дұрыс емес жерлерін жөндеу
сияқты жұмыстарды лизинг алады тікелей мүлікті сатушыға
табыстайды;
– мүліктің байқаусызда құртылған жағдайдағы міндет мүлікті
өткізу жайлы актіге қол қойылғаннан кейін лизинг алушыға
өтеді.
Қаржы лизингінің өзінше жеке сала ретінде қалыптасқан бірнеше түрлері
бар:
Классикалық, қаржылық лизинг – бұл түр бойынша шартқа үш тұлға қатысады
және мүліктің толық құны орнайды. Лизинг алушының арызы бойынша лизинг
беруші керекті. Мүліктерді алып, оған береді де, осының нәтижесінде өзінің
қаржылық шығынының орнын толтырып үстінен пайда көреді.
Қайтарымды лизинг – ол екі жақты лизинг шартының бір түрі болып
табылады. Құрал-жабдықтары бар мекеме, өз мүлкін лизингтік мекемеге сатады,
ал лизинттік мекеме осы мүлікті оған қайтадан лизингке береді. Осылай
айналымға түсіреді. Келісімшарт былай жасалады: келісімшарт уақыты
біткеннен кейін мекеме құрал-жабдықтарды өзіне жеке меншікке қайтадан өз
атына өңдеуіне құқығы бар.
Осы сызбаға қарағанда лизингке үлкен мекемелерді де беруге болады, ал
лизинг алушы мен қоюшы бір ғана заңды тұлға болып қалады.
Лизингтің бұл түрі қаржылық ресурстардан қиындық көріп отырған қандай
мекемені болмасын қызықтырады. Мұндай мекемелерге лизингтік мекемелердің
мүлкін сатып, бір уақытта лизингтік келісімшартқа отырып, мүлікті пайдалана
беру өте тиімді.
Левередж лизинг – бұл лизингтің ең күрделі түрі болып табылады, себебі
ол көп қаналды қаржыландырумен байланысты болғандықтан көбінесе қымбат
ғимараттарды реализациялауда қолданылады. Бұл лизингтің айрықша белгісі
құрал-жабдықты лизинг беруші алатын кезде, өз қалтасынан құрал-жабдықтың
барлық құнын емес, тек бір бөлігін ғана төлейді. Ал қалған бөлігін бір
немесе бірнеше несиеге алушылардың қаржысынан төлейді. Сонда да лизингтік
мекеме барлық салықтық жеңілдіктерін пайдалана береді, салық жеңілдіктері
мүліктің толық құнына есептелген. Бұл лизинг бойынша негізгі қауіп -
банкке, сақтандыру компанияларына, инвестициялық қор мен басқа да қаржылық
мекемелерге төленеді. Батыста лизинг шарттарының 85 пайызынан астамы
левердж лизингті қолданады.
Сату кезіндегі лизингтік көмектер. Бұл лизинг бойынша келісімшартта
мүлікті сатушы мен лизингтік мекеме қатысады. Бұл келісімдердің әртүрлі
формалары бар. Ең қарапайым жайттағы керек болатын анықтамалар: лизинг
компаниясының аты, мекен-жайы, телефон нөмірі және негізгі лизинг шарттары
сатушының жарнамалық материалдарында көрсетіледі, ал лизингке берілген
мүлікті қолдану жайлы сұрақтарды лизинг мекемесі өзара келісім жасай алады,
сатушы лизинг шартында лизинг мекемесінің атынан көрініс таба алады. Бұл
келісім мынадай шартпен жасалады; егер лизинг алушы банкрот жағдайына
ұшыраса, сатушы лизингке берілген мүлікті сатып алуға міндетті.
Лизинг көбінесе тікелей емес, делдал арқылы жүзеге асады. Ол былай
болады. Негізгі лизинг беруші болады, ол делдал арқылы құрал-жабдықтарды
лизинг мекемесіне немесе лизинг алушыға береді. Бұл шартта мынадай мәселе
алдын-ала қарастырылады. Егер делдал банкротқа ұшыраса немесе лизинг
төлемін төлеуге шамасы келмесе, төлемді негізгі лизинг беруші мен лизинг
алушы әртүрлі аймақтарда болса қолданылады. Бұл жағдай болған кезде құрал-
жабдықтың дұрыс қолданылуын, төлемдердің дұрыс төленуін жергілікті лизинг
мекемесі бақылап отырса жөн болады.
Халықаралық деңгейдегі сублизинггік шарттар дабл диппинг деген атпен
салық пайдасын екі немесе одан да көп мемлекеттерден көре алады. Мысалы, 80-
ші жылдардың басында сублизинг арқылы Ұлыбритания арқылы АҚШ-қа ұшақтар
өндірілді. Бұл шарттың жеңілдігі мынада: егер Ұлыбританияда лизинг
берушінің жеке меншікке құқығы болса, ол жерде салықтық жеңілдіктер көп
беріледі, ал АҚШ-та лизинг беруші билеу құқығына ие болады. Осы белгілерді
негізге ала отырып, мынадай сызба жасауға болады.
Лизинг Ұлыбританиядағы лизингтік мекеме жеке меншіктікке ұшақ сатып
алады да оны Американың лизингтік мекемесіне лизингке береді, ал ол өз
кезегінде ұшақтарды жергілікті авиа мекемелерге лизингке береді.
Көбінесе лизингтік мекемелер салық жеңілдіктерін қолдана отырып,
бірнеше филиал ашады.
Лизинг түрлерінің классификациясы
Лизинг түрлерінің классификациясы шетелдік, отандық теорияда да,
тәжірибеде де жеткілікті дәлелденген [21].
Лизингтің түрлерін бөліп шығару, классификациясының белгілерінен бастау
алады.
Ондай белгілер:
- келісімге қатысушылардың құрамы;
- жалға берілген мүліктің түрі;
- орнын жабу дәрежесі;
- амортизация шарты;
- қамтамасыздандыру көлемі;
- операциялар өтіп жатқан, рынок секторы;
- салық және амортизация жеңілдіктеріне қатынасы;
- лизингті төлем мінездемесі.
Келісімге қатысуышылар құрамына байланысты, ол екіге бөлінеді:
Тура лизинг, мұнда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке береді.
Жанама лизинг, мүлікті делдал арқылы беру.
Лизинг алушының қалауы.
- лизинг сферасына жаңа мүліктік объектілерді қатыстыру
мүмкіндігі;
- жұмысқа қажет жоғары өнімді жабдықты лизингке тезірек алу
және жаңа технологияларды тезірек пайдалану, рыноктың кеңеюі,
тұрақтылықтың өсуі, келген пайдадан үзінді алу мүмкіндігі;
- жабдықтарды сатып алуда лизинг бойынша заттарды үнемдеу
жиынтығы;
- лизингті алушының экономикалық меншігіндегі лизингтің
объектісі үшін төлем жүйелерінің майысқақтығы;
- техниканы қайта жабдықтау өнімінде жеке меншік старт
капиталында қажеттіліктің төмендеуі;
- лизинг төлемдерінің шығынға қатынасты салық салу пайдасының
азаюы;
- лизинг беруші төлеп отыратын мүлікке салынатын салықты
үнемдеу есебінде салық шығындарының төмендеуі;
- еңбек көлеміндегі операциялардан басқа мүлікті алу,
ликвидациялау және сатуда административті шығындарды азайту;
- өндірілген өнімдер бірлігіндегі ресурстардың шығындарын
төмендету;
- еңбекті өндірудің көтерілуі;
- өндірістік-техникалық инфраструктураның жетілуі;
- продукцияны өндіру масштабының өсуі;
- несиелік ресурстарды таратуға қарағанда, лизинг келісімін
жасау процедураларының жеңілдеуі;
- өндірістің техникалық қайта жабдықтау және ескірген заттарды
тез жаңарту мүмкіндігінің кеңеюі;
- айналымдағы капиталдың босатылу және жабдықтарды қарызға
сатып алуда туатын ликвидациялық босату есебінде өнімнің
кеңеюі негізінде пайда болатын айналымдағы капиталдың
кеңеюі;
- лизинг келісімінің барлық уақыт мерзіміндегі пайда және шығын
қозғалыстарына параллель жүріп отыратын қаржылық және
капиталда жоспарлау оптимизациясы;
- лизинг келісімінің бүкіл уақыт мерзімінде ақша жүйесін
жоспарлау оптимизациясы.
Жабдықтаушының қалауы
- қолданушылар шеңберін кеңейту;
- жабдықтардың конструктивті кемшіліктерін тезірек жөндеу;
- шығарушы жабдықтың конкуренция тудыра алушы мүмкіндіктерінің
жоғары болуын қамтамасыз ететін модельдердің алмасулары;
- лизинг затын қолданушылар мен ұзақ мерзімді қарым-қатынас
қалыптастыру.
Жанама қатысушылардың қалауы
Инвестор қалауы:
- лизинг операцияларын несиелеуден пайда пайызын табу;
- лизинг заттарын және несие ресурстарын тек белгілі бір
мақсатпен қолдану.
Кепілдік болған адамның қалауы
- екі жақты келісім немесе кепілдеме берілгенде, агенттік
төлемақы төлеу;
- мүлікті лизингке алғанда, лизинг өзі қамтамасыз ететіндіктен,
лизинг операциясы бойынша кепілдемені қорғау дәрежесінің
өсуі;
- кепілдеме гарантия немесе екі жақты келісім бергенде
қорқынышты минималдау.
Делдалдың қалауы
- өзінің агенттік функцияларын атқарғаны үшін комиссиялық
төлемақы төлеу.
Сақтандырушының қалауы
- мүліктік сақтандыруда әртүрлі сақтандырушылық жағдайлардан
сақтағаны үшін сақтандыру сыйақысын алу.
Лизинг операцияларын қатысушылардың ортақ қалауы:
- бәсекелестік туғызу мүмкіншілігін жоғарылату.
Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне байланысты
болады. Оны 2-суреттен келесі бетте көруге болады.
Лизингтің жалға беруден айырмашылығы [22].
Лизингтік қатынас пен жалға беру қатынасыңың көптеген ұқсастықтары бар,
бірақ та олардың өзара ерекшеліктері де болады. Оларды келесі түрлерінен
көреміз:
1. Лизингтік қатынаста лизинг беруші мен лизинг алушының арасында
лизингтік мүлікті сатушы тұлға болады, ал жалға беруде ол жоқ.

2-сурет Лизингтің белгілеріне қарай жіктелуі

2. Лизингте ерекше рөлді лизинг алушы атқарады, ал жалға беруде біз
оны кездестіре алмаймыз. Мүлікті таңдау құқығы пайдалануымызға беріледі,
сонымен қатар лизинг беруші мүлікті сатушыға мүлік үшін ғана қажет
екендігін түсіндіруге міндетті. Ал жалға беруде сатушы ешқандай рөл
атқармайды.
3. Лизингте лизинг алушыға құқықтар мен міндеттер жіктеледі. Атап
айтсақ: Мүлік лизинг алушының тұрғылықты жеріне сатушы арқылы жеткізіледі.
Ал лизинг беруші тек мүліктің құнын төлейді және де лизинг беруші сату-
сатып алу келісімшартын бұзуға құқылы.
4. Жалға беру келісімшарты бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Форфейтинг операциялары
Мәміле объектісін сақтандыру
Инвестициялық операциялары
«Банк ісі» лекциялық курсы
Банктің қаржылық операциялары
Пәндер