Жергiлiктi мемлекеттiк басқару


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жалпы сипаттамасы

1. 1 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері . . . 6

1. 2 Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру . . . 9

2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдарының құзыреті

2. 1 Жергілікті өкілді органдар құзыретінің мәні . . . 18

2. 2 Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі өкілді орган - маслихаттың құзыреті . . . 19

2. 3 Жергілікті өкілді органдарының қызметінің негізгі нысандары . . . 28

3 Қазақстан Республика заңдарына бойынша жергілікті өкілді органдарының құзыретінің ерекшеліктері

3. 1 Жергілікті бюджеттер саласындағы жергілікті өкілді органдарының құзыреті . . . 38

3. 2 Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру . . . 51

3. 3 Білім беру саласындағы жергілікті өкілді органдардың

құзыреті . . . 57
3. 4 Жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi . . . 59

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66

Қосымша . . . 69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қай елде болмасын басқару - мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып екі деңгейге бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзыретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады деп көрсетілген.

Жергілікті өкілді органдарының жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдарының қалыптасуы - бұл мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп кезеңді және серпінді процесс.

Еліміз Тәуелсіздік жылдары дәулетіне сәулеті сай әлем таныған абыройлы мемлекетке айналды. Осы игіліктің барлығы халқымыздың берекелі бірлігі мен тату тірлігі арқылы жүзеге асып, қоғамның тұрақтылығы мен ынтымағына халық қалаулылары елеулі үлес қосып келеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған жергілікті билік органдарының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі мен маңызын көтеру жөніндегі тапсырмаларды іске асыру жергілікті өзін өзі басқарудың толымды жүйесінің қалыптасуы және тікелей мемлекеттік басқару үдерісіне халықты тарту үшін нақты алғышарттар жасайды. Ал бұл - мемлекеттік басқаруды әрі қарай жетілдіру мен демократияны дамытудың мықты діңгегі.

Дүниедегі сайланбалы өкілді қызмет саласының тарихы ертеден бастау алғанымен біздің еліміз үшін жергілікті мәслихаттардың қадамы жас болса да, демократиялық мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы қоғамда алатын орны бөлек. Олар жыл өткен сайын есейіп, рухани-саяи, қоғамдық мәдени тұрғыда нығайып, заман талабына орай қалыптасып келеді. Осыдан аз ғана бұрын бәсекелестікке қабілеті әлемдегі елу елдің қатарына қосылуды мақсат еткен болатынбыз. Енді бүгін Қазақ елі бұл межені де бағындырып, әлемдегі алдынғы қатарлы отыз мемлекеттің біріне айналуға бағыт алып отры. Осы тұста ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, орнықты дамуды жалғастыруда, қоғамды әлемдік өркениет жолымен демократияландыруда жергілікті мәслихаттардың жүгі салмақтана түсті.

Мәслихат - халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган. Мәслихат өз өкілдігін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті мен Үкіметінің актілеріне және де мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта жергілікті өкілді органдарының ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар проблемалы мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде қалыптасқаны және бұл процесс тарихи ұзақтығымен сипатталатыны белгілі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару проблемаларын шешу тәсілдері де пысықталуда және негізгі мәселе біздің еліміздің жағдайы мен болмысына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару моделі параметрлерін айқындауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен дамуы процесі салыстырмалы түрде жақында басталды. Заңнама базасын, қолдану практикасын қайта қарауда, басқару жүйесін түзетуде және халықтың таным-түсінігін өзгертуде үлкен жұмыс күтіп тұр.

Жоғарыда аталған саяси-құқықтық реформаларды, ол реформалардың қоғамға, мемлекетімізге тигізген пайдасын, жетістіктері мен кемшіліктерін ашу, болашағын айқындау, кез-келген реформаның құқықтық негізін ғылыми тұрғыдан саралау, талдау бүгінгі күннің талабы деген ойдамыз.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жергілікті өкілді органдар жайлы тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында айтылды. С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтың, Н. А. Шайкеновтың, А. К. Котовтың еңбектерінде өз көрінісін тапқан осы маңызды мәселелер бойынша идеялар сол кездегі қазақстандық құқықтанушылар мен мемлекеттанушылардың жарқын да өткір де маңызды идеялары болып табылды.

Мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді органдар құзыреттерін зерттеу болып табылады.

Диплом жұмысының алдына қойылған мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өкілді органдардың ара қатынасын анықтау;
  • жергілікті өкілді органдардың қызметі мен құзыретінің құқықтық негізін айқындау;
  • жергілікті өкілді органдардың мемлекеттік басқару механизмдегі орны мен рөлін көрсету;
  • мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өкілді органдарының жүйесін дамытуғы ұсыныстар беру;

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы өкілді органдар, олардың құзыреті, жергілікті басқару механизміндегі алатын орны мен рөлі болып табылады.

Зерттеу жұмысының деректік көздері. Жергілікті өкілді органдарының құзыретін зерттеуде Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінің деректік маңызы зор. Осымен қатар, әлемдік саяси ой мен отандық саяси көзқарастар мектептерінің озық үлгілерін зерттеу деректер ретінде пайдаланылды.

Қазақстандағы жергілікті өкілді органдардың жүйесінің дамуын нақты саяси кеңістікте іске асуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық құжаттары. Солардың ішінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы», ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы», т. б. заңдарының актілері құрайды.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу жүргізудің сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жалпы сипаттамасы

1. 1 Жергілікті мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілкті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жергілікті мемлекет органдарының аталған үлгісін қабыл алды. Конституциясының осы органдарға арналған бөлімі «жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» деп аталады. Бұл бөлімде жергілікті мемлекеттік бас органдары туралы жалпы айтылады [1] .

2001жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы” жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген [2] . Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгіленген құзіреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару - жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзырет шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай күйіне жауапты қызмет.

Мемлекеттік билікті бөлу жөніндегі классикалық ғылыми теорияның негізін қалаған ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушысы Ш. Монтескьенің теориясы бойынша, халық - биліктің бірден бір бастауы бола отырып, мемлекеттік билік халықтың өкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады және барлық билік халыққа тиесілі, оны жүзеге асырудың жолы халықтық жиналыста болуға тиісті деген қағида орнады.

Алғашында Парламент атын иеленген заң шығарушы орган әуелгі кезде мемлекеттік биліктің басқа органдарымен қатар өмір сүре отырып, аса маңызды мемлекеттік міндеттерді кеңесіп шешетін, пікірмен есептесетін кеңесші органға айналған. Мемлекеттіліктің даму нәтижесі, оның демократиялы сипат алуы заң шығарушы әрі өкілді орган Парламенттің саяси билік сахнасына келуіне тікелей әсер етті. Парламент туралы ұлы ойшылдар идеясы алғаш рет 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясында жүзеге асты. Заң шығарушы өкілеттікті - Сенат пен Өкілдер палатасынан тұратын Конгресс жүзеге асырады [3] .

Өкілді билік көптеген елдердің конституцияларында жеткілікті көрініс тапқан. Алайда, оның нақты жүзеге асуы мемлекеттік құрылымға, басқарудың жолдарына, елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Өз елiмiздiң тарихына сүйенер болсақ, Қазақстан XVI-ғacыpдың екiншi жартысынан XVIII-ғacыpдың басына дейiн, яғни Ресейдiң қол астына кiрiп, егемендігін жоғалтқанға дейiн хан билеген біртұтас мемлекет болды. н қауымдар өкiлдерiнiң съезi жүзеге асырып, атқарушы билiк ханның қолында болды. Мәслихат жылына бiр рет шақырылып, жалпы мемлекеттiк маңызды iстердi қарады. Сонымен бірге, мәслихат меритократия - аса қадiрлiнi таңдау принципiне сәйкес хандарды сайлап және оларды орнынан түсiре алатын болды [4] .

Қазақ хандығындағы парламентаризм белгiлерi Ресей боданында болған кезде жоғалып, 1917-жылғы қазан оқиғасы тұсында «Алаш» партиясының бағдарламасында қайта жанданды. Дегенмен, белгілі саяси жағдайларға байланысты «Алаш» партиясының көздеген мақсаты жүзеге асқан жоқ

Қазақстанның тарихында бірінші рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1938 жылы шақырылды. Бұл Қазақстанда заң шығару және өкілді органның алғашқы рет құрылып, қызметіне кірісуінің көрінісі еді. Мұндай Жоғарғы Кеңес аталып келген жоғары өкілді органды "парламент" деп атауға болмады. Кеңестік Жоғарғы Кеңестің нақты заң шығару саласында тындырған ісіне көз салсақ, КСРО Жоғарғы Кеңесі елу жыл аралығында, яғни 1938-1988 жылдар ішінде тек 90 ғана заң қабылданған. Ал, Қазақ КСР XI шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің 5 жыл ішінде (1986-1990) тек 40 заң қабылдаған. Ал, өзге елдерде, мейлі ол республикада немесе монархияда болмасын халық өкілдігінің бұл органы үлкен роль атқарды. Салыстыру үшін Германия Бундестагын алсақ, ол 1949-1990 жылдар аралығында 4400 заң қабылдаған. Қабылданған заңдардың санымен Парламенттің жұмысының сапасын өлшеу асығыс болса да, қоғам өмірінің маңызды салалары реттелмей қалғандықтан ел үшін заңдардың санының өсуінің өзі де - сөзсіз жағымды фактор.

Парламент - халық сайлаған елдегі ең жоғары заң шығарушы мемлекеттік өкілді орган. Ғылыми әдебиетте қолданыста жүрген «өкілдік қызмет» пен «заң шығарушылық қызмет» өз алдарына жеке - жеке мағыналарға ие болып, бір органның әр түрлі функцияларын байқатады. Бұл парламент функциясының екі қыры, әсіресе, депутаттар қызметінде бірімен - бірі астасып жатады. Халық қалаулысы күнделікті өз жұмысында заң шығарушылық және өкілдік қызметтерді де қатар пайдаланады.

Қазақстан өз егемендігін алғанға дейiн, Республиканың билiк мәселесiн дербес шешуге мүмкiндiгi болған жоқ. Мемлекеттiк билiк бiр партияның меншiгiнде болды. Ол өз шешiмдерiн орталықтандырылған түрде жүзеге асырды. Кеңестер Одағы атты алып державада мемлекеттiк билiктiң бiр қолға шоғырлануы тоталитарлық тәртiп үшін қолайлы болды. Ол кездегі атышулы ұран «Барлық билiк Кеңестерге» деген ұран болатын. Өкiлеттi билiк пен атқарушы билiк қосылып, халық депутаттары Кеңесiнiң атқару комитетiн құрды.

Коммунистiк партия қоғамның жетекшi және бағыт берушi күші ретiнде парламент қарауына жататын мәселелердiң барлығын дерлiк шешiп отырды. Парламент кеңестiк республикаға сәйкес құрылып, оның кемшiлiктерi партия тарапынан жасалған әрекеттермен толықтырылып отырды. Оның үстiне Қазақ КСР-да әрекет ететiн заңдардың басым көпшiлiri КСРО Жоғарғы Кеңесiмен қабылданды. Сессияның жылына екi рет шақырылуы Жоғарғы Кеңестiң қарауына жататын мәселелердi жан-жақты талқылап, шешiм қабылдауға мүмкiндiк тудырмады, «тоталитаризм жағдайында Конституциялық ережелердi жүзеге асыру мүмкiндiгi болған жоқ». Парламентаризм идеясы Қазақстан өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн ғана қалыптаса бастап, оның қалыптасуына тәуелсіздiк табалдырығын аттатқан қос құжат Егемендiк туралы Декларация мен Тәуелсiздiк туралы Конституциялық заңы жол салды [5] .

Қазақстанның демократиялық жолмен құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнатуы - қазіргі өркениеттi әлемдiк тәжiрибеде нық қалыптасқан билiк бөлу қағидасына негізделеді. Билiк бөлу қағидасына сәйкес Республикадағы бiртұтас мемлекеттiк билiк Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы өзара iс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Айтылған билiк тармақтарының iшiнде заң шығарушы билiк негiзгi орынды иемденедi.

1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңынан бастап, жергілікті өкімет органдарының жүйесін реформалау үдерісі басталды. Қазастан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында билікті бөлу тұжырымдамасы баянды етіліп, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың және одан әрі дамытудың құқықтық негіздері туындады. 1994 жылы 7 наурызда сайлау болып XII және сайланған Жоғарғы Кеңес дүниеге келді. Жоғарғы Кеңес бір жылға жуық уақытта 138 акт, соның ішінде 8 заң қабылдайды. Жоғарғы Кеңес төменгі деңгейдегі Кеңестерінің бастамасымен өзін-өзі таратқан соң, 1995-жылғы Республика Конституциясында заң шығарушы билiктi жүзеге асырушы жаңа орган - қос палаталы Парламент бекiтiлiп, бүгінгі күнi өз қызметін жүзеге асыруда. 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңда жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзіретін, қызметін ұйымдастырудың тәртібін, мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайы белгіленген болатын.

Еліміз Тәуелсіздік жылдары дәулетіне сәулеті сай әлем таныған абыройлы мемлекетке айналды. Осы игіліктің барлығы халқымыздың берекелі бірлігі мен тату тірлігі арқылы жүзеге асып, қоғамның тұрақтылығы мен ынтымағына халық қалаулылары елеулі үлес қосып келеді. Біздің тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді. Өзінің қалыптасқан 20 жылдан асқан уақыт ішінде мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы - қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде өз белсенділіктерін танытып келеді.

1. 2 Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру

Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы мен шежіресі, қол жеткен биігі - еркіндік аңсаған ұлы халық пен Елбасының ерен еңбегінің жемісі, зор жеңісі. Сындарлы жылдарда ғасырға бергісіз ғаламат белестерді бағындырдық. Дамудың даңғыл жолына түскен қуатты мемлекетіміз мұнымен тоқтамайды. Алда - асқаралы асулар мен айқын мақсаттар күтіп тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы осы ұлы мұрат жолында баянды болашаққа бағыт сілтеген бағдаршам десек, артық айтқандық емес [6] . Осы Жолдау арқылы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақ елі өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап алды. Бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз бұл межені бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағыт түзеді. Әрине, бұл жерде тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыстарында үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілетті органдардың да қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару - бұл тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты үргiзу, оны дамыту мақсатында заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай - күйiне жауапты болып табылатын қызмет.

Еркін нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, құқықтық, демократиялық мемлекет құруға бағытталған заманауи мемлекет жергілікті және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың тікелей қатысу нысандарын дамытуға обьективті түрде мүдделі. Бұл мүдделілік, ең алдымен, арнайы нормативті-құқықтық актілерді, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, жергілікті өзін-өзі басқару сияқты маңызды саладағы арнайы шараларды қабылдау арқылы білдірілуі керек. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру тиімді жұмыс істеп тұрған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің бар болуын болжайды [7] .

Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттің басқарудың құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы, мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Заңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып табылады:

1. жергілікті өкілді органдар -мәслихаттар;

2. жергілікті атқарушы органдар - әкімдіктер

Бұл органдар жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда заңмен белгіленген талаптар мен шектеулерді ұстануға тиісті. Ашып айтсақ, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз қызметiнде:

1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол

бермеуге;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы

мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын

қамтамасыз етуге мiндеттi.

Оларға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.

Олардың қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.

Жергiлiктi өкiлдi органдар -мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. [8] .

Жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын мен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар деп танылады (ҚР Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 1-бабы) .

Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Жергілікті өзін-өзі басқару
Коммуналар сияқты департаменттер анағұрлым маңызды аймақтық құрылымдар
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz