Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ - 340. 1 Қолжазба құқығында

Байметов Бекзад Тайматович

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

6М030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ мамандығы бойынша құқық магистрі академиялық дәрежесін алу үшін магистрлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Құқықтану кафедрасының

меңгерушісі, з. ғ. к., (PhD), қауым. проф

Қ. Т. Битемиров

(қолы)

«___»2015 ж.

Магистрлік диссертация

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

мамандығы: 6М030100 - ҚҰҚЫҚТАНУ

Магистрант Б. Т. Байметов

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Ғылыми жетекшісі,

з. ғ. к., аға оқытушы Е. П. Мергенбаев

(қолы) (аты-жөні, тегі)

ТҮРКІСТАН - 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ

ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ . . . 8

  1. Жастардың құқықтық мәдениеті құқықтың сапалық

деңгейінің көрсеткіші ретінде . . . 8

1. 2 Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қалыптасуы

мен дамуындағы жастардың құқықтық мәдениетінің орны . . . 19

  1. Қазақстан Республикасы жастардың құқықтық мәдениетінің

қазіргі жай-күйі . . . 35

  1. ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ. . . 40

2. 1 Құқықтық тәрбие түсінігі, қазіргі қоғамдағы маңызы . . . 40

2. 2 Құқықтық тәрбиенің нысандары мен әдістері . . . 51

2. 3 Құқықтық сана жастардың құқықтық мәдениетінің негізгі

элементі ретінде . . . 57

  1. КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ. . . 63

3. 1 Заңгердің құқықтық мәдениеті . . . 63

3. 2 Заңи қоғамдастықта жастардың құқықтық мәдениеті . . . 68

3. 3 Жастар қарым-қатынас мәдениетін дамытудың дәстүрлі жолдары . . . 72

Қорытынды . . . 81

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 86

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазақстандағы 1995-2013 ж. ж. орын алған конституциялық реформаны зерттеуге арналады. Жұмыста Қазақстанның конституциялық реформалаудың ерекшеліктеріне, қазақстандық конституционализмнің дамуына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын әзірлеу мен қабылдау ерекшеліктеріне, Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздеріне, конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жан-жақты талқыланған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [1] .

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуын халықтың жастардың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажыратуға болмайтындығы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен бекітілген «Құқықтық түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында ерекше айтылады» [2] .

Елімізде, халықтың саяси белсенділігінің заңдық нысандарының алуан түрлілігі мен мәдениетін шынайы қамтамасыз ету қажеттігінде Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы да көңіл бөлінген болатын [3] .

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығында Құқықтық түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығы» қабылданған болатын. н [4] .

Жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1116 Қаулысымен Құқықтық түсіндіру жұмысы, жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді [5] .

Тақырыптың өзектілігі - отандық мемлекеттіліктің жаңа даму сатысы, меншік түрінің өзгеруі, экономикалық реттеудің тәсілдерінің өзгеруі құқықтық тәрбие нысанының әдеттегі қалыптасқан салттарының өзгеруін талап етеді. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелерді жаңа талаптарға сай етіп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенің алдына қойған негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Қылмыстылықтың өршіп, азаматтардың әлеуметтік қорғалуының деңгейі төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсіндіру, олардың мүмкіндіктердін айқындаудың маңызы өте зор. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге тиістігі туралы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылып кеткен болатын [6] .

Қазақстандық қоғамдағы жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттілігін айта кету қажет. Қазіргі таңда біздің қоғамда келешектегі даму ориентирінің қалыптасу деңгейі өте нашар, ал барлық мемлекеттік саясаттың өзі осы ориентирлер негізінде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтік саяси құндылықтар қоғамға өзінің кері әсерін көптеп тигізуде. Осының негізінде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгілі бір дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазір мемлекет екі парралельді әлемде қатар өмір сүріп келеді; оның бірі - фантомдық легитимділік, яғни заңның қағаз жүзінде ғана болуы, ал екіншісі - біздің қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзінде қала береді. Бұл құқықты әлеуметтік құндылық ретінде жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге әкеліп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебі - қазақстандық экономика деңгейі және көптеген азаматтардың өмір сүру деңгейінің құлдырауы. Қоғамда ертеңгі күнге деген сенімсіздік, үмітсіздік дерті өршіп келеді. Бұның барлығы әлеуметтік теңсіздік негізінде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазіргі қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтік бақылау нормаларына түбегейлі қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтік бақылау нормаларымен келіспейтіндігі, қазіргі қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңгейін құлдыратуы мүмкін, ал аз ғана уақыттан кейін бұл қылмыспен күресу деңгейінің де құлдырауына әкеліп соғатындығы рас. Сондықтан біздің еліміз сияқты жас мемлекетке идеалды модель ойластырып табу керектігін атап өткім келеді. Міне, соның негізінде жастардың құқықтық мәдениетті әлеуметтік құндылық ретінде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексіз мүмкіндіктерінің бар екендігін атап айтайық және осы шексіз мүмкіндіктерді Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыс жасатуымыз керек.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі . Тұлғаның құқықтық мәдениет мен құқықтық санасын зерттеу мәселесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: С. К. Амандықова, А. Т. Ащеулов, Ж. Н. Баишев, М. Т. Баймаханов, М. С. Бейбітов, Ж. Д. Бұсұрманов, Л. Т. Жанұзақова, К. А. Жиренчин, С. З. Зиманов, А. С. Ибраева, З. Ж. КенжалиевО. К. Қопабаев, А. К. В. А. Малиновский, С. У. Өзбекулы, И. И. Рогов, С. Н. Сабикенов, Г. С. Сапаргалиев, С. С. Сартаев, С. Ф. Ударцев, А. А. Черняков және т. б.

Ресей ғалымдары арасында құқықтық сана және жастардың құқықтық мәдениеті мәселелерін зерттеуге үлес қосқан келесі ғалымдарды айта аламыз: С. С. Алексеев, В. К. Бабаев, И. С. Бондарь, А. Г. Воронин, Н. А. Емельянов, И. А. Исаев, В. Н. Карташов, О. Е. Кутафин, Л. Е. Лаптев, Г. В. Мальцев, B. C. Нерсесянц, И. И. Овчинников, И. Ф. Покровский, А. П. Рассказов, В. Б. Романовский, В. П. Сальниковтар және т. б.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы құқықтық мемлекет құрудағы мемлекетіміздегі азаматтардың құқықтық жүріс-тұрыс және құқықтық санасына жасалған талдаудың жеткіліксіздігімен байланысты және келесі мәслелерді шешуге арналады:

  • мемлекетіміздегі тұлғаның жастардың құқықтық мәдениетін және құқықтық санасына теориялық талдау жасау;
  • индивидуалды құқықтық сананың элементтерін анықтау және жүйелеу;
  • азаматтардың жастардың құқықтық мәдениетін және құқықтық санасын қалыптастыратын факторларды талдау және бағалау;
  • құқықтық сананың тұлғаның және әлеуметтік топтың жүріс-тұрысына тікелей реттеуші әсер ету ролі барын анықтау.

Қорғауға шығарылған тұжырымдар :

1. Жастардың құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

2. Қазақтардың көшпелі кезеңдегі дәстүрлі жастардың құқықтық мәдениеті, оның құқықтық менталитеті ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп қана қоймай, құқықтық тәжірибеде қолданылуы керек.

3. Жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін ең алдымен мынандай жолдарды айқындап алу керек: мәдениетті қалыптастыру барысын жалпы білім беру мен тәрбиелеу контексінде қарастыру; заңи білім беру стандарттарына өзгерістер енгізу, үздіксіз білім берудің жүйесін қалыптастыру.

4. Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Жастарды қоғамдық тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуін қамтамасыз етуін мақсат ететін мемлекеттік бағдарламалар қабылдануы тиіс.

Зерттеудің пәні болып қазақстандық тұрғындардың әр түрлі топтардағы тұлғаның жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық санасы болып табылады (бұқара, кәсіби заңгерлер, мектеп оқушылары) .

Бұл жұмыстың зерттеу объектісі болып қазақстандық жастардың құқықтық мәдениетінің көрінісі және құқықтық сананың жағдайының нысаны ретінде тұлғаның құқықтық жүріс-тұрысы.

Зерттеудің мақсаты . Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сана түсінігін, олардың құрылысын, көрініс табу деңгейін, түрлерін, қызметін, құқықтық тәрбиені зерттеуге арналған, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениеті пен құқықтық сананың негізгі проблемаларын және оларды шешу жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатты іске асыру үшін зерттеу жұмысына келесі негізгі міндеттер қойылды:

  • негізгі түсініктерге анықтама беру (жастардың құқықтық мәдениеті, құқықтық сана, құқықтық тәрбие) және олардың байланысын қарастыру;
  • жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сананың құрылысын, көрініс табу деңгейін, түрлерін және қызметін зерттеу;
  • жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық сананың қалыптасуының және оны арттырудың негізгі проблемаларына талдау жасау;
  • қазіргі кездегі азаматтардың жастардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттырудың негізгі жолдарын анықтау.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация көлемі бетті құрайды.

1 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1. 1 Жастардың құқықтық мәдениеті құқықтың сапалық деңгейінің көрсеткіші ретінде

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік құбылыстарды бастан өткеруде. Бұл заңды да, өйткені тарихта әрбір қоғамдық дәуір өзіне тән саяси экономикалық, рухани әлеуметтік мәдениет деңгейін бастан кешіреді. Осыған байланысты білім, сана, әлеуметтік көзқарас, адамгершілік пен өнеге мәселелері үнемі басты назарда болып, дамып отырады. Дәуір тынысы жаңа қоғамдық қатынастар арнасында реформалық сипатта болғанымен, ескі мен жаңаның үйлесімін, бірізділігі мен сәйкестігін талап етеді. Демек, бұл құбылыс бүгінде өзінің тиімді жалғасын табуда. Еліміздегі құқық қорғау органдарына кешенді талаптар қойылып, заңгерлердің Отанға, ел жағдайына, саяси және құқықтық процестерге, табиғатты қорғауға деген көзқарасы мен қатынасын, кәсіби деңгейлерінің орнықтылығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік жағдай да қолға алынып, білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» деген түсінікпен үкімет болашақ мамандарға сапалы кәсіби білім беру мақсатында талаптарды күшейтуде. Әсіресе болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығына, кәсіби мәдениетіне, соның ішінде жастардың құқықтық мәдениетінің қалыптастыруына аса назар аударып отыр. Бұл өте өзекті мәселе, өйткені табиғаттан тыс адам әрекетінің болуы мүмкін емес. Ќоғам цивилизациясының деңгейі қоршаған ортаның табиғи мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу дәрежесімен өлшенеді. Олай болса, адамзат проблемасының ең басты мәселесінің бірі әрбір адамның алдымен технологиялык ойлау мен білімді игерудің ғылыми-теориялық негіздерін түсіну қажет.

Ғылыми-теориялық негізде табиғат, қоғам және ойлау (таным үдерісі) дамуының жалпы заңдары зерттеледі. Ғылыми танымның табиғи ерекшелігі логика, әдіснама және әдіс деген ұғымдардың мән-мағынасын ашуды ќажет етеді. Ғылым логикасы - материалистік диалектикаға сүйенеді, өйткені, ғылыми таным қарама-қайшылықта және өзара байланыста болатын күрделі әлеуметтік үдеріс. Ғылыми танымның теориялық негізі адамның танымдық және практикалық қызметінің әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Ал, әдіс болса танымдық немесе практикалық мәселелерді шешудің тәсілі. Демек, әдіс адамның танымдық және практикалык іс-әрекетінде реттеушілік қызмет атқарады. Сонымен, дамудың жалпы философиялық теориясы (таным теориясы) және логика мен әдіснамасы материалистік диалектика негізінде түсіндіріледі. Оны адамның жаңаша ойлануының да және әлеуметтік шығармашылығының да логикасы десе болады.

Табиғат пен коғамдағы құбылыстар мен заттардың бір-бірімен өзара жалпы байланысы және тікелей байланысы туралы диалектиканың заңы білім алудың теориялық негізі болып саналады. Бұл заң бойынша табиғат пен қоғамдағы бірде-бір құбылыс не зат басқа бір құбылыстар мен денелердің әсерінсіз ешбір өзгеріске ұшырамайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтін тұтастығын бір бөлігі ретінде ќарастырылады деген түсінікті береді. Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда "табиғатта ешнәрсе өздігінше жеке дара оқшауланып тұрмайды. Әрбір құбылыс басқа бір кұбылысқа әсер етеді және керісінше әсерлеседі. Осындай жан-жаќты қозғалыстың және өзара әсерлесудің нәтижесінде, көптеген жағдайларда, өте айқын байқалатын қарапайым заттардың өзін біздер көре алмайтын жағдайға ұшыраймыз".

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі, көбінесе, табиғаттағы өзара байланыстылықтың негізінде жүзеге асырылады. Бұл заңдылықты түсініп ескергенде ғана табиғаттың қоғамға, қоғамның табиғи ортаға әсер ету үдерісін ғылыми тұрғыда дұрыс бағалауға болады. Табиғат пен қоғамдағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстағы сандық және сапалық ерекшеліктеріне қатысты табиғатты қорғау жұмыстарының сипаты, принципі, әдісі айқындалады. Материалистердің пікірінше, адам өзінің еркімен санасына байланыссыз орындалатын осындай табиғи өзара тәуелділік заңын білсе, онда ол өзін табиғаттың иесі деп санауына болады.

Бүгінгі педагогика саласындағы зерттеулер ғылым мен мәдениетті кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінің негізі ретінде қарастырады. Біз олардың көзқарастарын жүйелей отырып, кәсіби мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекеттері біріншіден , оның кәсіби мәдениеттілігіне, екіншіден, оның кәсіптік білім алуына, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне, ү шіншіден , қазіргі бәсекеге қабілетті, ойлау жүйесі жетілген, өзіндік пікірі бар, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алатын, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына, төртіншіден, рухани адамгершілік сезімінің қалыптасуына және әлем мен отандық мәдениетке бейімделуіне байланысты деп ой тұжырымдаймыз.

Жалпы құқық теориясында жастардың құқықтық мәдениеті мәселесі әртүрлі аспектілерде қарастырылып жүрген өте ауқымды мәселе. Себебі, жастардың құқықтық мәдениетті бір түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін емес.

Ғылыми зерттеу жұмысымыздың түйінді ұғымдарының бастысы «жастардың құқықтық мәдениетінің» шығу, қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын, құқық және құқықтық тәрбие ұғымдарына тоқталған жөн. Өйткені, жастардың құқықтық мәдениеті жүйелі жүргізілген құқықтық тәрбиенің жемісі екені түсінікті. Ал құқық ұғымының мәнін әр қырынан түсініп алмай, құқықтық тәрбиені жүргізу мүмкін емес.

Зерттеушілердің пікірінше, құқық мемлекетпен бірге пайда болған. Құқықтың пайда болуының бірнеше негіздері бар: әлеуметтік негізі - адамдар мінез-құлқы мен психологиясындағы өзгерістерге байланысты. Экономикалық негізі - бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда айналымының өсуі алынған өнімді жеке иелену тәжірибесін дүниеге әкелді, яғни жеке меншік пайда болды. Жеке меншіктік қатынастарды реттеудің ең икемді құралы ретінде құқық дүниеге келді. Өйткені моральдық, діни нормалар мен дәстүр өз табиғатында жеке меншіктік қатынастардан аулақ болды. Саяси негізі - қоғамдық қатынастардың дамуы өмірге мемлекет, әлеуметтік топтар және т. б. адамдардың ұйымдасу құрылымдарын әкелді. Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. Құқықтың саяси негізі осылайша қаланды.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады: - біріншіден, құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Бұл субъективтік мағынада қолданылуы деп түсінеміз; - екіншіден, құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес; - үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т. б. ; - төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Сонымен, «құқық - мемлекет бекітіп, жүзеге асырылуын қадағалайтын, жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығы және қоғам өмірінде тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет етуінің көрсеткіші» деген анықтама ұсынамыз.

“Мәдениет” адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Мәдениет - көпқырлы үдеріс. Өйткені, адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласында мәдениетті көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста адамзаттың әлеуметтік даму бағытындағы шығармашылық іс-әрекетін түсінуге болады, өзінің ішкі жан дүниесіне қарай адамның әлеуметтік тұлға ретінде даму үдеріс, оның - таным, қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік, шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша ерекшеленеді.

Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын мәдени ортада оның үздіксіз даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда тұтастай жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін мәдениет анықтайды. Олай болса, мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.

Мәдениет субъектісі ретінде қоғаммен және әлеуметтік топтармен бірге жеке адамдар да саналатындықтан «тұлға мәдениеті» түсінігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Мәдениеттілік болса адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамыту - мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерінен құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту, жан мен тән тазалығы, иманды болу және мұның бәрі мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық, эстетикалық, құқықтық, саяси және т. б. талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арасында дамиды [7, 91] .

Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде және еңбек нәтижесінде көрінеді. Еңбек әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізді, өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Құқықтық тәрбие - құқықтық мемлекет болудың кепілі
Жастар мәселесінің түйткілдері
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz