Қылмыстық құқықтағы адам өлтірулер


Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 3

1 Қылмыстық құқықтағы адам өлтірулердің жалпы сипаттамасы

1. 1 Адам өлтірудің түсінігі, түрлері, оның белгілері және

оларды саралау маңызы . . . 6

1. 2 Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз

адам өлтіру (ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі) . . . … . . . …… . . . 25

2 Ауырлататын жағдайда адам өлтіру

(ҚР-ның ҚК-нің 99- бабының 2 - бөлігі)

2. 1 Адам өлтірудің құрамын субъективті жағынан ауырлататын

мән-жайлар . . …… . . . 27

2. 2 Адам өлтірудің құрамын объективті жағынан ауырлататын

мән-жайлар… . . . 38

3 Кейбір жеңілдететін жағдайда адам өлтіру

3. 1 Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (101-бап) … . . . …… . . . 48

3. 2 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған

адам өлтіру (102- бап) ……… . . . … . . . 52

3. 3 Абайсызда адам өлтіру (103- бап) … . . . 56

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген[1] . Осы аталған ережелерге сәйкес адам, оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық іс-әрекеттерден қорғау қылмыстық құқықтың да басты міндеттері болып табылады. Демократиялық зерттеулер нәтижесі әлем халықтарының басым көпшілігі, мерзімнен бұрын қайтыс болатынын көрсетіп отыр. Бізді қазіргі жағдайда күш көрсетумен туған адамның мерзімінен бұрын өлімі көп толғандырып отыр. Өйткені адам өлімі жақын туыстарына бауырларына, бүкіл қоғамға ауыр соғады.

Күш көрсетумен туған өлім ең алдымен соғыс салдарынан болады. Қазіргі демография ғылымы, жалпы жердің жатысынан көп тұрғыны мезгілінен бұрын қайтыс болады екен. Бізде қазіргі жағдайда күш көрсетумен туған адамның мерзімінен бұрынғы өлімі көп толғандырып отыр. Өйткені, мұндай өлім өлген адамнің туыстарына, жақын адамдарына, сондай - ақ бүкіл қоғамға ауыр соғады.

Тақырыптың өзектілігі . Адам өлімі көбеюде. Бұрыңғы тарихта азаматтық соғыс барысында аштық пен тоталитарлық режим репрессиясынан 20 миллион адамдар қайтыс болған. Кейінгі мәліметтер бойынша Отан соғысы жылдарында КСРО 20 миллионға жуық адамдарын жоғалтып алды, ал оның ішінді 14 миллионы бейбіт тұрғындар. Бірақ соғыстан да кейін адам өмірі бағаланған емес. 1945 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 1921 жылға дейінгі бейбіт кезеңде қарулы күштер қатарында 310 мың адам қайтыс болған, былайша айтқанда еш нәрсе үшін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) мәліметтері бойынша бұрынғы КСРО территориясында травматизм мен күш көрсету ерекше қатал болған, ал біз дүние жүзі бойынша бірінші екенбіз. Соның ішінде Ресей көптеген салыстырмалы көрсеткіштер бойынша ТМД - ның басқа елдерінен озып келеді екен .

Адам өлтіру барлық елдерде заң бойынша өте ауыр қылмыс болып келеді. Ол адамның өміріне қол сұғады, қауіп төндіреді, ал адамның өмірі оған тек бір рет берілгендіктен, адам өмірін қылмыстық құқық бойынша қорғауды күшейтуді талап етеді. Тергеу мен сот тәжірибесінде көрсетілгендей адам өлтіру және заң бойынша дәрежелеудің барысында көбінесе қиындықтар тудыратын қылмыстырдың қатарына жатқызады[2, 29б. ] .

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Адам өлтірудегі квалификациялау барысында пайда болған көптеген мәселелер, сол қылмыстардың жасалудың түрі жағдайларының бар екенің, сондай-ақ есепке алуға тиісті белгілердің күрделі екендігін білдіреді. Осы айтылған жағдайлардың жұмыстардың мазмұнына сәйкес келеді. Біз сол қылмыстар үшін жауапкершілікті жеке даралаудың және адам өлтірулерді квалификациялаудың түрлі аспектілерін қарастырамыз.

Жұмыста адам өлтіруі жөніндегі Қазақстан заңының дамуы, Қылмыстық Кодекс бойынша олардың шарттары, қылмыс құрамы белгілерінің мағынасы, адам өлтіруді дәрежелеудің айыптауға тәуелділігі көрсетіледі. Осының негізінде адам өлтірудің әр бір түрін квалификациялаудың ерекшеліктері танылады, қылмыстық заңды іс жүзінде қолдану бойынша нақты нұсқаулар жиналды және оны келешекте жақсартудың жолдары көрсетілген. Бұл жұмыста адам өлтіруді өзін-өзі өлтіруден, адам өлтіру өзін-өзі өлтіру дейін жеткізуге сондай ақ, өлім тудыратын басқа қылмыстарды өміріне қасақана қылмыстардан ажыратуға көп көңіл бөлінеді. Кеңес үкіметі кезінде шақырылған қаулылар кезде күш жоғалтқаны бізге толық түсінікті. Біздің пікірімізше, ондағы ережелер кеңес беру сипатында ғана қалды[3, 3б. ] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Егемен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары ақ адамның өміріне қол сұғатын әрекеттермен қауіп төндіретін әрекеттерге, қоғамға қауіпті қылмыстарға қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді. Адам өлімі үшін жауапқа тарту - қылмысты істегі күрделі проблемалары болып саналады, ол ежелден - ақ ғалым заңгерлердің назарын аударып келеді. Адам өлтіру қылмысына байланысты заңдылықтарды дамытуға Э. Ф. Побегайло, М. И. Вадеев, Н. И. Загородников, С. В. Бородин, В. Н. Кудрявцев, И. О. Портнов, Б. С. Волков, М. К. Аниянс, Н. С. Таганцев, Е. И. Терентьев, А. А. Пионтковский, М. Д. Шаргородский, А. В. Наумов, И. Н. Даньшин, Н. Ф. Кузнецова, А. Блумба, А. Н. Агыбаев, С. Х. Жадбаев, Н. Ф. Поленов, Р. T Нұртаев, Е. О. Алауханов, А. М. Мамытов, М. И. Якубович т. б. ғалымдар көптеген үлес қосты .

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Бұл жұмыста жас, егемен Қазақстан Республикасының ата заңы, одан туындайтын қылмыстық құқылық заңдары, сондай ақ кеңес үкіметі түрысында белгіленген әлі де пайдалануда жүрген Қылмыстық Кодекстерді әдістемелік негіз ретінде алдым.

Алыстағы және жақындағы шетелдік арнаулы әдебиеттер, философиялық, әлеуметтік, психологиялық ғылыми зерттеулер кеңінен пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. зерттеудің құрылымы. Менің бітіру жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының құқық саласындағы адам өлтірудің түсінігімен түрлері, екінші бөлімде адам өлтіруге жауапкершілікті жеке даралау және ауырлататын жағдайларда қасақана адам өлтіру, үшінші тарауда жеңілдететін жағдайдағы қасақана адам өлтіру, адам өлтірудің объективті құрамын сипаттайтын ауырлататын және жеңілдететін белгілерін ескеретін адам өлтіру, абайсыздықтан адам өлтіру жөнінде сөз болады.

1 Қылмыстық құқықтағы адам өлтірулердің жалпы сипаттамасы

  1. Адам өлтірудің түсінігі, түрлері, оның белгілері және оларды саралау маңызы

Заң саласында кейбір қылмыстарға анықтама берілмеген (мысалы: алып-сатарлық) . Бір жағынан қарасақ, бұған анықтама берудің қазеті жоқ секілді, өйткені адам өлтірудің өзі анықтама. Бірақ бұл түсінік тұрмыстық өмірде қылмыстық заңды сипаттамасын ашып бере алмайды. Қылмыстық заңында мағынасы бойынша адам өлтіру түсінігі өте ауыр аумақта көрсетілген, адам өлтіргеніне байланысты жауапқа тарту үшін сол қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін белгілері болуы қажет. “Адам өлтіру” термині XІX ғасырдың екінші жартысында пайда болды[4, 23б. ] .

“Адам өлтіру” түсінігі адамның өмірі мен өлімі тығыз байланысты, сондықтан өмір мен өлім түсінігінің мағынасын анықтамай адам өлтіру анықтамасы туралы сөз ете алмаймыз.

Биологиялық көзқарас бойынша адамның өмірі үздіксіз зат алмасуда, тамақтанудан және сыртқа шығарудан тұратыны белгілі. Осы қызметтердіің бітуімен адамның өмірі де аяқталады. Адамның өмірінің шегін анықтау үшін осы сөздің мағынасы зор. Өмірдің пайда болуы босану процесінің бастауымен тығыз байланысты. Ал өмірдің аяқталуын табиғи және қашып құтыла алмайтын түрлі организмнің қартаюының нәтижесінде физиологиялық өлімі[5, 118-124б. ] .

Медицина саласында өмірдің басталу кезеңі жөніндегі мәселе талданып келеді. Кейбір авторлардың көзқарасы бойынша адамның өлімі тыныс алумен жүрек ұрысы тоқтаған кезінен басталады деп есептейді. Ал басқалардың ойынша жүрек қағысы өмірдің абсолютті дәлелі емес деп есептейді.

Бас миында және орталық нерв жүйесінде органикалық өзгерістер пайда болған кезінен бастап адамның өлетіні даусыз қабылданған. Осы өзге істердің басталғанына дейін адамның өлімі клиникалық деп аталады. Клиникалық өлім пайда болғаннан кейін тыныс алумен жүрек қағысын қайта орнына келтіріп, адамды өмірге қайтарған жағдайлар да кездеседі. Әсіресе, медициналық ғылым мен реанимотология саласындақы тәжірибенің жетіліп дамыған соңғы жылдарында оның бір кезеңді құбылыс деген ұғым өзгерді.

Адамның шын мәнінде өлгенін тек биологиялық өлім ғана ойландырады, яғни, қайта орнатылмайтындай организмнің жойылуы, жүрек қызыметі тоқтағанда ірі артериялардағы пульсация жойылғанда тыныс алу, орталық нерв жүйесінің функциясы тоқтағанда. Осы аталған белгілер тұрақтанғаннан кейін 3 минут өткен соң биологиялық өлім басталады екен[6, 57б. ] .

Адамдардың кейбіреулері ауруға немесе күш көрсету әрекетімен байланысты өз уақытынан бұрын патологиялық өлімі нәтижесінде қайтыс болады. Патологиялық өлімде күш көрсету түрінің бірі - адам өлтіру де жатады.

Құқылық тәртіп бойынша өмірін қиюдың, бақытсыз жағдайдың, өзін-өзі өлтірудің, адам өлтіруден айырмашылығы Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімімен белгіленгендей құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 7 қаулысы қорыта келгенде адам өлтіру дегеніміз - Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімімен қарастырылған басқа адамның өміріне қол сұғып, оған өлім келтіретін кінәлі қылмыс[11] .

Адам өлтірудің түрлері: қасақана және абайсызда. Қасақана адам өлтірудің өзі: ауырлататын жағдайда жасалынғандар, қажетті қорғану шегінен асып жасалынғандар болып бөлінеді.

Қылмыстық Кодекстің 99-бабына сәйкес ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіруге жататындар: [11]

  1. Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.
  2. Адам өлтіру:

А) Екі немесе оданда көп адамдарды өлтіру;

Б) Осы адамдардың қызыметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру;

В) Дәрменсіз жағдайда екендігі белгілі адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру;

Г) Жүкті екендігі белгілі әйел адамды өлтіру;

Д) Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру;

Е) Көптеген адамдардың өміріне қауыпты тәсілімен жасалған адам өлтіру;

Ж) Ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру;

З) Пайда табу мақсатымен сол сияқты жалданып адам өлтіру;

И) Бұзақылық ниетпен адам өлтіру;

К) Қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру;

Л) Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе арыздық не қанды кек сияқты себебі бойынша адам өлтіру;

М) Жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру;

Н) осы кодекстің 97-100 баптарында көзделінген әрекеттерді де қоспағанда бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.

Қылмыс құрамы туралы жалпы ілім-тұлғаның іс - әрекетінде нақты қылмыс құрамының бар не жоқ екендігін анықтауда негіз болып табылады.

Қылмыс құрамы жөніндегі жалпы ұғымның негізінде ғана заңға сәйкес жасалған жұмысты талдау үшін қажетті жеткілікті анықтама алуға болады.

Қылмыстық жауапқа тарту және дұрыс талдау жүргізу үшін қылмыс құрамының әр бір белгісіне жан жақты анализ жүргізу қажет. Мұндай анализді жеңіл-желпі жүзеге асыра салу қате шешімдерге әкеп соғады[9, 60б. ] .

Атап айтқанда, тек осыған байланысты кейбір тұлғалар негізсіз жауапқа тартылатын жағдайлар көптеп кездеседі. Ал кейде кінәлінің іс-әрекетінде шын мәніндегі қылмыс құрамы бекітілмей, қылмыс дұрыс талданбаған болып шығады.

Адамның өміріне қол сұғатын қылмыстар үшін жауапқа тарту және оларды дәрежелеудің өзара тығыз байланысты, өйткені қылмыстық жауаптылыққа Қылмыстық Кодекстің 99-102 баптарында қарастырылған адам өміріне қарсы қылмыстардың құрамы бар болғанда ғана тартылады. Адамның өміріне қарсы қылмыстардың объектісі басқа адамның өмірі. Адам өмірі қоғамдық сипатта болады, ал оны қорғау қоғамға үстемдік ететін қатынастармен анықталады. Адамның өмірі қоғамдық қатынастардың ажырамас бір бөлігі, сондықтан адам өлтіру қылмысының объектісі болып адамның өмірі мен оны қорғауда қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Адам өлтірудегі объект, осы қылмыстың қоғамға аса қауіптілігін көрсетеді. Оның қауіптілігі мынандай, яғни адам өмірінен айырылады. Ал адамның өлімі, келтірілген залалды қайта орнына келтіру мүмкіндігін жояды. Егер кейбір қылмыстарды жасауда келтірілген залалды толығымен немесе белгілі бір мөлшерде өндірілетін болса, ал адамды өмірінен айыруда туған салдарды жою мүмкін емес. Мұндай жағдайда зиян тек жәбірленушіні өмірінен қию мен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ауыр моральдық залал келтіреді[10, 69б. ] .

Адам өлтіру қылмысының объективтік жағы басқа адамды өмірінен айыру. Адам өлтіру әрекеті немесе әрекетсізді жолымен жасалуы мүмкін. Көбінесе басқа адамдардың маңызды мүшелерін анатомиялық саулығына немесе функцияларын бұзуға бағытталған әрекет жолымен жасалады. Ол күш көрсетумен немесе психикалық әсер ету салдарынан жасалады. Осы жерде еске алатын жағдай, психикалық жарақаттың өзі жүрекке немесе сосудтық жүйесі ауыратын адамдарға өлім әкелуі мүмкін. Осындай адамге, яғни оның ауру жағдайы хабардар болған адамның психикалық жарақат тигізуі яғни, адамды өмірінен айыру мақсаты бар болған жағдайда адам өлтіру қылмысы болып танылуы тиіс[11, 157б. ] .

Адам өлтірудің объективті жағын талдауда әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып табылады, оны есепке алу қажет. Бұл дегеніміз, оның қоғамға қауіптілігін адамның өлімінен тұрады. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде өлімнің болуы адам өлтірудің міндетті түрдегі белгісі болып табылады. Ал кінәлінің әрекетсіздігінің нәтижесінде сондай салдардың болмауы, қылмысты аяқталған деп есептеуге жол бермейді. Егер адам өлтіруге дайындық және оқталғандық мән жайлар бар болғанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекспен квалификацияланады.

Адам өлтірудегі объективті жағының ендігі белгісі - жәбірленушінің өлімімен кінәлінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) арасындағы себепті байланыс болып табылады. Қылмысты іс пен жәбірленуші өлімінің арасындағы себепті байланыстың болмауы, өмірдің қиғаны үшін қылмыстық жауаптылықты толығымен жояды немесе басқа іс бойынша квалификациялануға жатады.

Адам өлтірудегі объективті жағынан басқа белгілерінен айырмашылығы, себепті байланыс әр уақытта да айқын емес. Адам өлтіру жөніндегі істер бойынша осы белгіні табу іс жүзінде қиыншылықтарға әкеліп соғады, яғни, көбінесе адам өлтіру жасалған нақты жағдай есепке алынбайды. Адам өлтіру жөніндегі әрбір іс бойынша жәбірленушінің өлімі адам өлтірілген нақты орында белгілі іс-әрекеттердің салдары болып табылады, яғни соны анықтау қажет.

Бұл адам өлтіру қылмысының субъектісі Қазақстан Республикасының заңы бойынша қылмыстық құқық бойынша 14 жасқа толған есі дұрыс азамат[12] .

Бірақ жас мөлшерінің есінің дұрыстығы субъективті жағынан белгілері қатарына жатқызылмайды. Олар тек қылмыстық жауапкершілікке тартудың шарттары болып табылады. Орыс ғалымы А. Н. Трайнииннің айтуынша[13, 78б. ], жасының мөлшерімен есі дұрыстық қылмыстың жауапкершіліктің субъективтік шарттары ғана болып табылады, яғни қылмыстық заң қылмыскерлерді сол белгілі жасқа жеткенімен есі дұрыс дегеніне жазаламай, тек сол белгілердің жас мөлшеріне жетті және есі дұрыс деген шартпен оны қылмыс жасағаны үшін жазалайды делінген.

Адам өлтіру қылмысының субъективтісіне қатысты жоғарыда көрсетілген басқа да заң ешқандай шаралар көрсетпеген. Заңда осы қылмыстың квалификациялауға әсер ететін адам өлтіру субъектісінің жеке белгілерін ғана атап көрсеткен. Мысалы, бұрын қасақана адам өлтірген адамның қайта адам өлтіруі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99 бабының *Н * тармағында қарастырылған. Адам өлтірудің субъектісі болып осы бапқа сәйкес заңда көрсетілген азамат бола алады. Жаңа туылған баланы жеңілдететін жағдайда өлтірудің субъектісі сол баланы туған оның анасы болуы мүмкін.

Адам өлтірудің субъективтік жағы субъектінің өзінің әрекетімен жәбірленушінің өліміне психикалық қатынасымен сипатталады.

Адам өлтіру қылмысының субъективті жағы:

Ниеті қасақана немесе абайсызда болады. Адам өлтіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен, яғни қылмыстық салақтықтың, сондай ақ қылмыстық өзіне өзі сенушіліктің нәтижесінде жасалатын қылмыстардың қатарына жатқызылады[14, 89б. ] .

Жәбірленушінің өлімі қасақаналықпен немесе абайсызда болғаны анықталмаған жағдайда адам өлтірудің субъективті жағын сипаттайтын міндетті белгілер болмайды. Яғни кінә де, қылмыс құрамы да жоқ. Субъективті жақтың белгілерін және кінәні анықтау адам өлтіруді квалификациялау үшін маңызы зор.

Тәжірибе көрсеткендей, адам өлтіруді квалификациялау барысында субъективті жағына анализ жасау, көптеген қиыншылықтарды әкеледі.

Осындай анализ жасауда қорытындының нақты болмауы, көбінесе қателіктер түзеді, яғни ниеті дұрыс анықталады, абайсызда адам өлтіру қасақана болып бағаланады, себепті байланыстың болуы кінәсінің дәлелі болып есептеледі.

Қасақана адам өлтіруді квалификациялау барысында тек қана қылмыстың қасақана жасалғанын міндетті түрде анықтамай, сонымен қатар ниетінің формасын анықтау қажет. Тек осы немесе жанама қасақаналығын анықтаған жағдайда ғана адам өлтіру шын мәнінде жасалған деген қорытынды жасауға негіз береді.

Тікелей немесе жанама қасақаналықты ажырату, жауаптылықты индивидулизациялау үшін, ал кейде адам өлтіруді басқа қылмыстардан ажырату үшін маңызы бар. Мысалы, адам өлтіруге оқталуды квалификациялау. Осында жанама қасақаналықтың болуы талданбай, шын мәнінде келтірілген салдар бойынша жазаланады. “Қасақана адам өлтіру жөніндегі істер бойынша сот тәжирбесі туралы” 1992 жылғы жоғарғы соттың пленумында адам өлтіруге оқталғандық тек, тікелей қасақаналықпен жасалуы мүмкін делінген[15] . Заң әдебиеттерінде тікелеә немесе жанама қасақаналық жөніндегі пікірлер айтылған. Онда жанама қасақаналық деп, кінәлі өз іс әрекеттерінің бір салдарының болу мүмкіндігін сезіп қана қоймай, сонымен қатар одан құтыла алмайтынында біледі. Осыған байланысты тікелей қасақаналықты кінәлі сол қылмысты жасауға өзінің іс әрекеттерін тікелей бағыттаған[16, 94б. ] .

Қасақана адам өлтіруді квалификациялау үшін маңызы бар, яғни сол қылмыстын субъективті жағын сипаттайтын жағдай лардың қатарына ниетіп, мақсатын, сондай ақ адам өлтіру кезіндегі адамнің эмоционалдық жағдайы жатады. Адам өлтіргені үшін кінәлі адамнің әрекетінің ниеті дегеніміз - сол қылмысты жасауға итермелейтін себеп. Сондықтанда адам өлтіру қылмысын квалификациялау жөніндегі мәселені шешудегі ниетін көңілден тыс қалмау қажет. Бірақ, өкінішке орай заңда барлық уақыттарда ниеті адам өлтіруде талдаушы белгілі деп тікелей көрсетпейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-шы бабында ниеті анық көрсетілген: пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалдану адам өлтіру, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру тағыда сол сияқты[17] .

Егерде осы бапта аталған ниеттер және басқа жағдайлар болғанда осы баптың 2-ші бөлігі қолданылады.

Ниетіне байланысты адам өлтіру қылмысына субъективті жағына анализ жасады қасақаналықтың ниеті мен формасы қарым қатынасы туралы сұрақ пайда болады. Жалпы ереже бойынша адам өлтіру ниеті тікелей қасақаналықта куәләндырылған. Мысалы, адам бұзақылық немесе пайдақорлық ниеті басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатқа жетеді.

Ниет субъектінің еркін сипаттайды. Кез келген іс әрекет белгілі ниетпен жасалынады.

Адам өлтірудегі ниеттің мақсаты қылмыстың субъективті жағының белгісі ретінде ажырата білуі қажет. Мақсаты дегеніміз, қылмыс жасай отырып кінәлінің тырысатын салдары. Ниеті мен мақсаты заңда ажыратылған және адам өлтірудің кейбір түрлері квалификациялау үшін маңызы зор. Басқа қылмысты жасыру мақсатын анықтаса онда ол ауырлататын жағдайларда жасалынған адам өлтіру деп табылады (ҚК - нің 99 бабы “к” тармағы) . Бірақ кейде адам өлтіруде мақсатымен ниеті бір-біріне тура келуі мүмкін. Мысалы, адам пайда қорлық ниетімен адам өлтіре отырып, пайдақорлық мақсатқа жетуге тырысады.

Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың топтық обьектісі болып жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатнастар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіруді саралау
Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Адам өміріне қарсы қылмыстардың түсінігі
Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу
Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
Адам өлтіруді және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz