Қылмыстық саясат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қылмыстық саясаттың түсінігі мен сипаты
1.1 Қылмыстық саясаттың түсінігі жəне оның мемлекеттің саяси
жүйесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қылмыстық саясаттың субъектілері жəне олардың атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2 Қазақстан Республикасындағы қылмыстық заңдарды ізгілендіру саясатының басты бағыты
2.1 Заңнаманы ізгілендіру . заман талабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.2 Заңнаманы ізгілендіру . жаңа қылмыстық кодекс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 Қылмыстық заңдарды ізгілендірудің іздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру – ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға тиіс. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға кінәлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай- ақ қылмыстар кәнігілігі кезінде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргізу қажет.
Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 04 шілдесінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қол қойылды. Бүгінгі қолданыстағы қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданып, оған осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өзгерістер енгізіліп келді. Сондықтан қылмыстық заңнаманы жетілдіру заман талабынан туындап отыр. Жаңа редакциядағы Кодекстің тағы бір қажеттілігі ол ел Конституциясының жаңа нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге қатысты болып табылады. Жаңа қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.

1 Попов В.И.,Угушевич А.М.,Мажитов Ш.М.,Розенцвайг В.Е. и др. Тактические основы следственных действий. Учебное пособие, 5-й вып. Алматы, 1997.124ст.
2 Аскаров Г.И.. Құқықтық саясат. -Алматы, 1999.215б.
3 Чаадаев С.Г. Уголовная политика и преступность: проблемы, пути решения: (Пособие для слушателей народных университетов) .- М.: Знание, 1991.– 85 ст.
4 Мозговых Г.А. История криминалистического политики. -Алматы: Данекер, 2002-235ст.
5 Алауханов.Е. Қарамырза.Ж «Қылмыстық сақтандыру»-Алматы, ҚазАқпарат, 2008 - 254 б.
6 Сандыбаев Н.А. Қылмыстық саясатты реттеу. Алматы, 2000-123б.
7 Алауханов Е. Ажиметова З. «Қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілер» Монография, -Алматы, ҚазАқпарат, 2008 – 221б.
8 Қожахметов Б.К. «Қылмыстық саясаттың теориялық бағыты», Қарағанды, 2008-24б.
9 Әпенов.С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық, Алматы:- «Заң әдебиеті», 2006 ж. 332- б.
10 Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств:
сущность и методы. -М., 1976 – 127б.
11 Қондыбаев Ж.А. Мемлекеттік құқықтық саясатының негізгі бағыты. Алматы, 2001 – 214б.
12 Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы № 858 жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми веб-сайты: www.akorda.kz.
13 Танатаров Г.С. «Қылмыстық саясаттың субъектілері», Алматы, 2000 – 47б.
14 Алауханов.Е. Қарамырза.Ж «Қылмыстық сақтандыру» - Алматы, ҚазАқпарат, 2008 - 85 б.
15 Қожахметов Б.К. «Қылмыстық саясаттың теориялық бағыты», Қарағанды, 2008 - 93б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қылмыстық саясаттың түсінігі мен сипаты
1.1 Қылмыстық саясаттың түсінігі жəне оның мемлекеттің саяси
жүйесіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қылмыстық саясаттың субъектілері жəне олардың атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының негізгі
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2 Қазақстан Республикасындағы қылмыстық заңдарды ізгілендіру саясатының
басты бағыты
2.1 Заңнаманы ізгілендіру – заман талабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.2 Заңнаманы ізгілендіру – жаңа қылмыстық
кодекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .45
2.3 Қылмыстық заңдарды ізгілендірудің
іздері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.62
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі:
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру – ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және
ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік
әлсіз топтары – жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар
жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға
қатысты болуға тиіс. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға
кінәлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай-
ақ қылмыстар кәнігілігі кезінде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да
жүргізу қажет.
Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың 04 шілдесінде елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевпен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қол
қойылды. Бүгінгі қолданыстағы қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданып, оған
осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өзгерістер енгізіліп келді. Сондықтан
қылмыстық заңнаманы жетілдіру заман талабынан туындап отыр. Жаңа
редакциядағы Кодекстің тағы бір қажеттілігі ол ел Конституциясының жаңа
нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған
халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге қатысты болып табылады. Жаңа
қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға
дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.
Ізгілендірудің айқын көріністерінің бірі – кішігірім ауырлықтағы қылмыс
жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке
толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасының тағайындалмайтындығы,
сондай-ақ, қылмыстық жаза ретінде “қамаудың” алынып тасталуы. Сонымен қатар
қылмыстық қудалау орбитасына түскен адамның, енді, қоғам мен мемлекет
мүддесіне келтірген зиянның орнын толтыру арқылы қылмыстық жауапкершіліктен
босау мүмкіншілігі бар, тек бұл шарттың сыбайлас жемқорлық қылмыс
жасағандарға қолданылмайтынын ескеру қажет. Құқық қорғау органы
қызметкерінің, судьяның өз қызмет жағдайын пайдаланып қылмыс жасауы
қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылуына
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың бір жолы деп
қараған жөн.
Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық
қауіп тудырмайтын адамдарға (абайсызда қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа
толмаған адамдар, өзге де адамдарға - жазаны жеңілдедетін мән-жайлар)
қатысты қалмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық
қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау
болып табылады.
Зерттеу пәні болып, Қазақстан Республикасындағы қылмыстық заңдарды
ізгілендіру саясатының басты бағыты болып табылады.
Зерттеу нысаны ретінде, заңнаманы ізгілендіру саясатының басты бағыты
таңдалды.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнаманы
ізгілендірудің маңыздылығын өзекті екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының өзектілігі,пәні,нысаны,мақсаты
нақтыланады. Жұмыстың көлемі 57 беттен тұрады. Дипломдық жұмыста
1 кесте көрсетілген.
Қылмыстық саясаттың түсінігі мен сипаты атты бірінші бөлімде
қылмыстық саясат жүйесінің құрылымы мен күрделілігі, əлеуметтік қатынастары
жайлы баяндалады.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық заңдарды ізгілендіру саясатының
басты бағыты атты екінші бөлімде қылмыстық заңды ізгілендіру мақсаты,
заңнаманы ізгілендірудің маңыздылығын дәлелдей отырып, заңды ізгілендірудің
басты бағыты арқылы дамуын жетілдіру әдістемелері беріледі.
Қорытынды бөлімде зерттелген жұмыстар бойынша жалпы қорытындылар және
болашақта жасалынатын жұмыстарға ұсыныстар мен кеңестер ұсынылады.

жүйесіндегі орны.
Мемлекеттің қылмыстық саясаты жəне оның əлемдік құқықтық кеңістіктің
талаптарына сай жүргізілуі, отанымыздың ЕЫҚҰ төрағалығына ұмтылуының тарихи
сəтіндегі жəне бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру қарсаңындағы
күшті құқық қорғау құрылымдары мен қоғам мүшесін қылмыстан сақтандырудың
қалыпты жүйесін жасауымызға негіз болмақ.
Кез – келген методологиялық зерттеудің негізі болып құбылысты сапалық
түсіндіру құрылымы табылады, бұл құрылым сапа мен түсіндірмелерді құрайтын
белгілерді ары қарай зерттеуде маңызды рольге ие жəне де зерттеу негізіне
алынып отырған құбылыстың қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат
екендігі де аз маңызға ие емес.
Қылмыстық саясат мүдделер қақтығысынан туындап қана қоймай, сол
қақтығыстарды мемлекеттік тұрғыда реттеу үшін де керек. Қылмыстан
сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат біріншіден адам мен оның заңды
құқықтары мен бостандықтары мəселесін шешуге бағытталуы тиіс. Өйткені,
қылмыстық құқықтық бағыттағы ғылыми зерттеулер саласында: ғаламдану,
саясат, экономика, терроризм, ұйымдасқан жəне кəсіби қылмыстылық, жоғары
инновациялар мен ақпараттық саладағы қылмыстылық, барлық адамзат пен
жекелеген елдердің ұлттық қауіпсіздігі, жаппай заңсыз жəне криминалдық
миграция сынды əлемдік ауқымдағы əлеуметтік мəселелердің əсері анық
байқалады. Бұл жерде зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты “саясат” жəне
“қылмыстық саясат” ұғымдарының біріккен түсінігі жоқ.
Саясат термині философия, əлеуметтану, саясаттану ғылымдарына
тікелей қатысты. Саясатты – мүдделер қақтығысы жасайды. Түпкілікті
мақсаттар, билікке құлшыныс, түрлі мүдделер əрқашан саяси процестердің
қозғаушысы болып отырғандығы белгілі. Бұл жерде, мемлекет саяси қатынастар
мен саяси үрдістердің басым құқықты қатысушысы бола отырып,
саясаттың негізгі мəні мен бағытын айқындайды [1, 124б].
Саясат – экономика мен құқықтық реформалардың негізгі қозғаушы күші
ретінде экономикалық қатынастардың базистік негізі мен саяси құрылымның
дамуының да алғышарты. Ал қылмыстық саясат азаматтарды қылмысқа қарсы
күрестегі ортақ идеология талаптарына біріктіруді көздейді.
Саяси жəне идеологиялық əралуандылық - өзара байланысты құбылыс.
Идеология саясатқа тікелей сіңісіп кетеді, өйткені соңғысын адамның,
топтардың, жұртшылықтың, ұлттар мен басқа да əлеуметтік топтардың
санасынан, олардың мүдделерінен, сұраныстарынан, дүниетанымынан бөліп алуға
болмайды.
Экономикалық базис саяси жүйені өркендеткенімен де саясат –
экономикадан бастап барлық құрылымның бағытын анықтайтын жəне əлеуметтік
ортадағы үлкен күштің модераторы ретінде қатынасқа түседі. Түрлі мүдде,
бағыт пен саяси қызметтің субъектілерінің саяси жəне саяси сипаттағы
қызметі – саясат нысанының да өзгеріп отыруына əкеледі. Саясат қалай
жасалады? Бұл үлкен еңбек бөлінісі, өндірістік күшті дамыту, жұмыс берудің
жаңа нысандары мен жұмыссыздық факторлары саясаттың күрделі сипатын жасап
қана қоймай, оның мəніне өзгеріс енгізеді. Иə, экономикалық қатынастардың
қылмыстық-құқықтық саясаттың нəрменділігіне де өз əсері бар. Танымал
стратег – экономист Ли Куан Юдің Қытай кереметінің əкесі Дэн Сяо Пиннің
көмекшісі бола жүріп айтқан Алдымен экономика, содан кейін саясат деген
қанатты сөзін Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың өз баяндамаларында жиі қайталауы
тегін емес.
Саясат - объективті жəне субъективті себептердің жиынтығынан туатын
үрдісті құбылыс. Объективті құбылыстарға – қоршаған ортадағы материалды
игіліктер жатса, осы игіліктерге деген адам қажеттілігі мен игіліктер иесі
болуға деген ұмтылысы, саяси сипаттағы əрекеттердің туындау негізі
объективті жəне субъективті қатынастардың диалектикалық бірлігі мен қарама
– қайшылығы саясатты жасаушы тараптардың əрекетіне заңдылық, тарихи
негізділік кейде күйзелісті құбылыстар деңгейіндегі мəн сапасын береді.
Субъективті қатынастардың қайнар көзі ретіндегі қатынас қауіпті сипат
алатын болса, сонымен бір мезетте қылмыстың субъектісі де күрделі сипатты
иеленді жəне онымен жұмыс жүргізудің ерекше əдістерін іске қосудың
қажеттілігі де туындады дегенді білдіреді.
Адам құқықтарын қамтамасыз ету мен əлеуметтік əділеттілікті қамтамасыз
етуге қатысты қылмыстық саясатты қайта бағдарлау қылмыстық құқықтың негізгі
сапасын құрайтын қылмыстың субъектісін де теориялық зерттеуді тереңдетуді
көздейді деп көрсетеді - профессор С.С. Молдабаев. Біздің ойымызша,
қылмыстың субъектісі - бұл үлкен əлеуметтік зардаптарға əкелетін күш жəне
қауіпті сипаттағы жігерлі актінің қайнар көзі [2, 215б].
Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаттың негізгі
мақсаттарының бірі – қылмыс субъектісін теориялық талқылау ғана емес, оның
əлеуметтік теріс жақтарын толықтай ашу мен оған қарсы күрес шараларын
көрсету болып табылады. толық көлемде білмейді.
Кемшіліктерді жоюдың құралы болып табылатын мемлекеттік саясат - жалпы
сипатқа ие үрдіс болғанымен нағыз саясат салалық саяси əрекеттер мен
мүдделер қақтығысында жүзеге асырылады. Əр саланың реттеу пəні мен өзіндік
ерекшеліктері саясатты да жүйелендірудің негізі болып табылады. Осы
ерекшеліктер саясаттың төмендегідей түрлерін көрсетеді: - ішкі, бұл
мемлекеттің ішінде, мемлекеттің тиісті құрылымдарының өкілеттіктері шегінде
Қазақстан азаматтарының тікелей қатысуымен, солардың заңды құқықтары мен
мүдделеріне, əлеуметтік жағдайына қатысты жүретін саясат;
- сыртқы (халықаралық) – халықаралық саладағы мемлекеттің беделі мен
абыройын арттыруға негізделген, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін
орындауға бақылауды жүзеге асыратын жəне тиісті халықаралық шарттар
негізінде жүргізілетін саясат (арнаулы субъектісі – Қазақстан Республикасы
президенті, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі т.б );
- экономикалық – экономикалық, яғни, өндірістік тұтыну, ұсыну , базис
пен қондырма арасын реттейтін жəне кəсіпкерліктің барлық нысандарын іске
асыру саласында туындайтын саясат;
- əскери (қорғаныс) – мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі мен əскери
құрылысының бағытын айқындайтын саясат;
- ғылыми–техникалық саясат – ғылым мен техниканың дамуын тікелей
қамтамасыз ететін жəне өндірістік тəжірбие мен барлық қоғамдық қатынастарды
ғылыми негіздеу саясаты;
- əлеуметтік - əлеуметтік саладағы қатынастар мен əлеуметтік мүдделер
қақтығысындағы теңдікті қамтамасыз ететін, жəне осыған тікелей ықпал
жүргізетін саясат;
- қылмыстық саясат – мемлекеттегі қылмыспен күрестің негізгі бағыттарын
айқындап, онымен күрес жүргізудегі мемлекеттік жəне қоғамдық
күштердің ынтымақтастығы мен бірігуін идеологиялық, құқықтық, материалдық
тұрғыда қамтамасыз ететін саясат - (бұл саясаттың ерекшелігі əлеуметтік
саясаттың құрамдас бөлігі болып табылуында); [3, 85б].
Саясаттың түрлері өте көп, саясаттың нысаны қоғамдық қатынастардың
бағыты мен мəселенің мəнінен туындайды. Мемлекеттің қылмыстан сақтандыру
саласындағы қылмыстық саясатын қалай түсінеміз? Бұл тұрғыда авторлар
көзқарасы біржақты емес. Біздің ойымызша, мемлекеттің қылмыстан сақтандыру
саласындағы қылмыстық саясаты – қылмысқа қарсы күресте азаматтардың
бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейтін, оларды
қылмыстан сақтандыратын, қылмысқа төзбеушілік танытқандарға қатысты
көтермелеу шараларын қолданатын мемлекеттің саяси қызметінің бір нысаны.
Əлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық сұрақтардың жиынтығы
қылмыстық саясаттың да сұрақтарын туындатады.
Назар аударуға лайықты көзқарастарды көрсете кетсек:
а) Қылмыстылық пен нашақорлық, ұлттық төзбеушіліктің қатал көрінісі,
күштеу, пайдақорлық қылмыстардың өрістеуі, өндірістегі апаттардың өсуі міне
мұның бəрі – адамдардың мазасыздығын шақырады. Бұл құбылыстармен күрестегі
жеңістің кепілі – оларды туындататын себептерді білу.
ə) Бəрінен бұрын, қылмыстылық - қоғамдық организмнің қалыпты қызметін
бұзатын адамдардың əлеуметтік мінез-құлқының нысаны жəне əлеуметтік-
құқықтық құбылыс.
б) Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат - қылмыстылықпен
күрестің негізгі бағыттары, құралдарын, жолдарын көрсететін көзқарастар мен
танымды ойлардың жиынтығы ғана емес, қылмыс
жасауға бел байлаған адамның əрекетін құқықтық тұрғыда басқару мен бағыт
беру.
Мемлекеттің заңдары мен талаптарына бағынбаған, қоғамға деген аяшылығы
мен ізгілігін жоғалтқан айыпты адамның неғұрлым қауіпті, белсенді, ұзаққа
созылған əрекеті едəуір ауыр зардаптарға əкеліп соғуы мүмкін.
в) Қылмыстық саясаттың мазмұны нақты тарихи жағдай мен қоғамдық
дамудың қажеттілігіне тəуелді бола отырып өзгеріске түседі. Бұл
көзқарастардың əрқайсысы қылмыстық саясаттың түрлі қырларына анықтама
беруімен маңызды жəне кейбір кемшін тұстары да бар.
Жоғарыдағы көзқарастарды қылмыстық саясат субьектілерінің қызметінің
əлеуметтік-құқықтық мəнін, бұл үрдістегі қоғамдық қатынастардың
маңыздылығын жеткілікті ашпай жəне қылмыстық саясаттың рухани сипатын толық
көрсетуді қамтамасыз етпегендігі үшін қуаттамаймыз.
Біздің ойымызша, қылмыстық саясат - бұл мемлекеттің құқықтық тұрақтылық
пен қылмыстық ахуалды оңтайландыруды қамтамасыз ету жолындағы тиісті
құбылыстарды бақылау мен басқару арқылы адамды қылмыстан сақтандыру мен
қылмыстылықты жоюды жүзеге асыру қызметі.
Бұл қызметін мемлекет - азаматтардың, қоғамдық ұйымдармен
қозғалыстардың, мемлекеттік арнайы органдардың қызметін қаржыландыру немесе
белгілі-бір əрекетке рұқсат беру жолымен пайдаланады [4, 235б].
Қылмыстық саясаттың мəні субьектілердің бір жақты əрекетін танудан
жеткілікті ашылмайды. Кеңестік кезеңде берілген қылмыстық саясаттың
түсінігінің көп түрлері - қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық
саясатының негізгі мазмұнын толыққанды құқықтық тұрғыдан ашып бере алмайды.
Құқықтық үрдістер де уақытқа тəуелді болғандықтан - қылмыстық саясаттың
негізгі тіректері: саяси-құқықтық идеология мен заңдық нормалар, саяси-
құқықтық қатынастар мен қылмыстық саясат субъектілерінің де құқықтық
мəртебесінің жағдайын анықтау мен талқылаудың кезеңі келді.
Кеңірек қарасақ, қылмыстық саясаттың элементтеріне:
- құқықтық идеология мен құқықтық нормалардың қалыптасуы негізінде
жүзеге асырылатын құқықтық саяси үдерістің іргетасы іспетті объективті жəне
субъективті факторлардың болуы;
- қылмыстық саясат субъектілерінің əрекетін құқықтық қамтамасыз ететін
жəне оған ресми сипат беретін заңдық негіздің болуы;
- қылмыспен күрес жəне қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық
саясатты жасаушылар мен оны жүзеге асырушылар арасындағы ортақ мемлекеттік
мүдденің болуы;
- қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат субъектілерінің
мүдделері мен мақсаттарын біріктіретін жəне оны негізгі фактор ретінде
айқындайтын – ортақ əлеуметтік мəннің болуы; Яғни, осы факторлардың
толықтығы мен қылмыстан сақтандыру шараларының дер кезінде орындалуы
қылмыстық саясаттың терең түсінігін қалыптастырып қана қоймай, оның
нəтижелі болуының да алғышарты болмақ [5, 254б].
Қылмыстық саясат – əлеуметтік қатынастардың саяси мəнге ие болған
көрінісі. Сондықтан қылмыстық саясат жүйесінде арнаулы субъектілердің
əрекеті мен қызметінің əлеуметтік мəні толымды талқылауды қажет етеді.
Қылмыстық саясаттың əлеуметтік мəні дегеніміз – мемлекет пен қоғамның
құқықтары мен міндеттері, мүдделері мен мақсаттары негізінде жүзеге
асырылатын қызметтің көпқырлы сипаты. Кез-келген əлеуметтік-құқықтық
қатынас қылмыстық саясаттың пəнін құрамайды, егер де құраса: - ол
қатынастардың негізінде саяси-құқықтық байланыстар жатуы тиіс.
Қылмыстық саясат саласындағы қатынастардың құқықтық табиғаты – заң
нормаларынан ғана көрініс табады. Кез-келген қылмыстық заң нормасы құқықтық
қызмет өрісіне сай, қылмысқа құқықтық баға берумен қатар, қылмыстан
сақтандыру міндетін де атқарады.
Қылмыстық саясатты құқықтық реттеу – заң нормасын қолданумен ғана
шектелмейді, ол сонымен қатар саяси-құқықтық қатынастар пəнінің шегін
белгілеу арқылы жəне құқықтық қатынастардың қозғалтқышы рөлін иеленген заң
нормасын пайдаланумен байланыстырыла жүргізіледі.
Заңдық нормалар – саяси-құқықтық қатынастардың сыртқы көрінісін, ішкі
ұйымдастырылуын, қатынастардың ресми бекітілуіне жол ашатын тарихи-заңды
құрал ғана емес, саяси-құқықтық қатынасқа мəн мен нысан бере отырып,
қатынастың барлық түрін реттеудің жалғыз тетігі де. Заң нормасын
оңтайландыру жəне оның қатынастарды реттеу кезіндегі ролін дұрыс түсінудің
маңызы өте зор [6, 123б].
Мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктерін қайталайтын жəне
негізсіз кеңейтетін нормаларды жоюды - нормативті құқықтық базаны
жетілдірудің бір шарасы ретінде қарау керек деген көзқарас ұсынған
авторларды қолдаймыз.
Заң нормасы – өз кезегінде құқықтық əрекетке əсер етіп қана қоймай,
оның əлеуметтік бағытын да белгілейді. Екіншіден, қылмыстық саясаттың
маңызды элементі – құқықтық нормалар мен идеялар, көзқарастарды қолдану мен
саралаудың кезінде жүзеге асатын – қызмет. Бұл жердегі қызмет – қылмыспен
күрес пен одан сақтандырудағы əрекеттің белсенді бағытын көрсетеді.
Қызмет – əлеуметтік топтар мен олардың өкілдерінің өз мүдделері мен
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, əлеуметтік белсенді мінез-
құлықтың көрінісі жəне оның жүзеге асуы.
Қылмыстан сақтандыру кезіндегі қызмет бұл қылмыстық құқықтың қызметі
деген сөз. Бұл жерде міндет ұғымы қызмет ұғымының құрамдас бір бөлігі
екендігін ескерген жөн. Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі –
қылмыстан сақтандыру болып табылады.
Қылмыстық құқық жалпы жəне арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге
асырады жəне қылмыстық саясат əлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның негізгі
мазмұны – қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан
сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық
принциптерін қатаң сақтау - деп, профессор А.Н. Ағыбаев қылмыстық заңның
міндетін дұрыс бағалайды.
Қылмыстық саясаттағы қызметтің өзіндік мəні бойынша мынадай
ерекшеліктері бар: бұл қызмет қылмыстың алдын-алу мен сақтандырудан
туындайтын қоғамдық қатынастар. Бұл қоғамдық қатынастардың құрамында:
конституциялық, қылмыстық құқықтық, əкімшілік, қылмыстық іс жүргізу
салаларын қамтитын құқықтық қатынастар кіреді жəне олар тиісті құқық
саласының нормалармен реттеледі.
Қылмыстан сақтандыру - қылмыстық заңның ғана міндеті емес, қылмыстық
заң мен қылмыстық құқықтық шаралар қылмыстылыққа əсер етудің сөз жоқ басты
құралы бірақ, жалғыз құралы емес жəне бұл жерде қылмыстық заңның ролін
жеткіліксіз бағалауға да жол бермеу керек [7,
221б].
Қылмыстық саясаттың басты бағыты ретіндегі қылмыстан сақтандыру
қызметі кешенді түрде реттелетін үрдіс. Кешенді реттеуге: - қылмыстың жолын
кесу үшін барлық əлеуметтік, құқықтық, саяси ресурстарды жұмылдыру жатады.
Бұл жерде қылмыспен күрестің механизмінің қатынастарды реттеу пəрменділігі
мемлекеттің құрылымы мен оның даму бағытындағы өзгерістерге ғана емес,
қылмыстық ахуалдың өрістеу бағытына да тікелей тəуелді. Бұл жердегі негізгі
мəселе: күрделі жүйеге ие біздің мемлекетіміз тұрақты түрде дамып қана
қоймай, азаматтарға өмір сүрудің қолайлы шарттарын да ұсынуда, сонымен
бірге, өкінішке орай, қылмыстылық та дамуда.
Қылмыстық саясаттағы қызмет – материалды жəне процессуалды бағыттағы
əрекеттердің жиынтығы ғана емес. Бұл қызметтің негізгі сипаты жоғарыдағы
көрсетілген əрекеттердің саяси мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылуында
жатыр. Материалды бағыттағы қызмет қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтық
шараларды қолдану мен үнемі жетілдіруден тұрады. Бұл қызмет қылмыстық саяси
үрдістердің тəжірибесін де қалыптастырады, яғни мемлекеттің құқық қорғау
қызметі мен қылмыстық саясаттың тəжірибесі өзектес ұғымдар. Ұғымдар
өзектестігі – қылмыспен күрес пен сақтандырудың бағытын айқындап қана
қоймай, Қазақстан халқын жеке қылмыстық қол сұғушылықтан, ұйымдасқан
қылмыстық топтың шабуылынан қорғаудың да маңызын ашады.
Ең бастысы, қоғамды аса алаңдататын қылмыстылықтың түрі қылмысқа
қатысушылықпен, оның ішінде ұйымдасқан топпен жасалатын əрекеттердің алдын
алу болып табылады. Себебі қылмыстылықтың мұндай түрінде өзге адамдарды да
қылмыстық əрекеттерге тарту, жалпы адамдардың санасын қылмыстылықпен улау
орын алады.
Қылмыстық саясаттың теориялық бағыттағы қызметі – ғылыми доктринальды
тұжырымдарды жасау, идеялар мен көзқарастарды қалыптастырудан да тұратын
күрделі шаралар кешені.
Қылмыстан сақтандырудағы қызмет – ол тек қана қылмыстық саясаттың бір
бағыты ғана емес, ол мемлекеттің осы саладағы саяси қызметінің негізгі
мазмұнын бейнелеуші қызмет. Өйткені бұл қызметтің тамырында мемлекеттік
мүдде мен мемлекеттік талаптардың негізгі өзегі жатыр.
Негізі, қылмыстық саясат жəне оның мемлекет саясатындағы рөлі – үлкен
тұжырым өзегі. Саясат – бұл маңызды үдерістерге мемлекеттің қатысуы, яғни
бұл үдерістердегі мемлекеттің бағытын, қызметінің мазмұнын, мəнін,
мақсатын, нысанын анықтау. Қылмыстың дамуын тежеу құқықтық мемлекеттегі ең
басты міндеттің бірі ретінде бақылау қызметін дұрыс жолға қоюмен нəтиже
береді [8, 24б].
Қылмыстылыққа қатаң əлеуметтік бақылау қою қажет. Ол тек қана
күштеудің əдістері мен тəсілдеріне ғана емес, сонымен қатар, интеллектуалды
мүмкіндіктерге де негізделуі керек.
Қылмыстылықты бақылау мына бағытта жүруі керек: мемлекеттік шаралар
арқылы əлеуметтік бақылау, яғни: құқық қорғау органдарының қылмыстылықтың
жайын тиісті міндеттерін жүзеге асыру барысында бақылау; қоғамдық бақылау,
яғни: қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық
ақпарат құралдарының өз қызметін атқару барысындағы қылмыстылықтың
жағдайына бақылау жасауы; Парламенттік бақылау, яғни: қылмысқа қарсы
күреске қолданылатын тиісті заңдар шығару; ( қылмыспен күрестің үдерісі мен
негіздерін заңдық базамен қамтамасыз ету). Бұл бақылау түрлері мемлекеттің
қылмыстық саясатының жүзеге асыру құралы ғана емес, негізгі нысаны да болып
табылады.
Қылмыстық саясат – мемлекеттің қылмыспен күрес жəне оның алдын-алу
саласындағы қызметінің нысаны жəне барлық қажетті басым əрекеттерінің
жиынтығы деген пікір білдіреміз.
Теориялық зерттеу кезінде қылмыстық саясатқа анықтама беруде ғалымдар
пікірінің бір бағыттағы тоқайласуын байқамадық. Ендігі бір мəселе,
қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясаттың жүйесін зерттеуге
тіреледі. Назар салсақ, қылмыстық саясаттың жүйесінің де өз ерекшелігі
ерекше назар мына жайтқа аударуды қажет етеді:
- қылмыстық саясат жүйесінің құрылымы мен күрделілігі - қылмыстан
сақтандыру мен қылмыстың алдын-алудағы кешенді құқықтық реттеуден пайда
болады;
- қылмыстық саясат жүйесінің қатаң аумақтық сипаты, бұл жерде басқа да
əлеуметтік саясат түрлерінен қарағанда қылмыстық саясаттың кейбір
талаптарының азаматтардың белгілі-бір тобының мүддесіне қарсы сипатта
болуынан көрініс табады;
Қылмыстық саясаттың ерекшелігі, басқа саясат салаларына қарағанда,
белгілі-бір объектіге қолайсыз əсер ете отырып, оң нəтижелерге қол
жеткізуінен көрініс табады. Оң нəтижелерді: əлбетте, адамдардың құқықтық-
мəдени танымының жоғарылығы, қылмыс деңгейінің төмендеуі, қылмыспен
күрестегі қылмыстық қудалау шараларының орынды қолданылуын құрайды.
Қылмыстық саясатты зерттейтін ғылымдардың пəніне (қылмысты əлеуметтік
тұрғыда тану) əлеуметтік қызметті жатқызамыз жəне осының ішінен заңдық
саясатты (заң шығару саясаты мен қылмыспен күрес саясатын) бөліп қарастыру
қылмыстық саясаттың негізгі мазмұнын ашатын фактор.
Біздің бағамдауымызша, саяси шешім мен құқықты қолдану билік қызметінің
ең таңдаулы əдісі. Құқықты заңға айналдыра отырып, билік ұзақ уақыт күші
жүретін заң нормалары арқылы өзінің ұстанымдарын нығыздайды жəне
мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Заң қабылдау қылмыстықахуалды
реттеу үшін ғана емес, азаматтарды қауіпті құбылыстарды бағалау мен одан
сақтандыру үшін де қажет.
Қылмыстық заң адамдарды қылмыстан сақтандырып қана қоймай, олардың
басқа қоғам мүшелерімен қарым- қатынасын да тең құқықтылыққа келтіріп, адам
əрекетін сауаттандырады.
Сақтандыру шараларының ішінде адамдармен сөз табыса білудің, төтенше
жəне қылмыстық жағдайда дұрыс мінез-құлық көрсете білудің де маңызы зор.
Бұл пікір, саясат, құқық, мемлекет арасындағы үшжақты үрдістегі əр
құбылыстың оның ішіндегі сақтандыру шараларының əлеуметтік жəне құқықтық
құндылығын анықтайды.
Қылмыстан сақтандыру саласындағы жүргізіліп отырған қылмыстық
саясаттың басты мақсаты – кəсіби кадрлармен жарақтандырылған құқықтық
мемлекет құру жəне адам құқықтарын қорғаудағы жоғары көрсеткіштерді
қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Құқықтық мемлекет құруға қол жеткізу дегеніміз – қылмысқа қарсы күресте
халықтық қолдауға ие болған саяси құрылым жасақтау. Құқықтық мемлекеттің
сипаты – ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бостандығының кепілдігі
мен мызғымастығы жəне азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы
мен қолдау принципі болып табылады.
Жалпы мемлекетке қылмыстық саясат не үшін керек? Əлеуметтік қайшылықтар
түрлі құқыққа қайшы құбылыстарды туындатады. Оның ішіндегі ең қауіптісі –
қылмыс.
Қылмыстардың көп жасалуы, жасалған қылмыстың ашылмауы – əлеуметтік
əріптестік пен əлеуметтік бірігудің басты кедергісі мен əділеттікті
орнатудың кедергісі болып қана қоймай, мемлекеттің көптарапты дамуын
тежейді. Бұл дегеніміз - мемлекеттегі тұрақсыздық пен бейберекетсіздік те
шарықтайды деген сөз. Бұл теріс үрдістер – тек қана мемлекеттің қылмыстық
саясатымен оң жолға қойылады.
Қылмыстық саясат – бұл арнайы белгі мен айрықша реттеу тəсіліне ие,
ерекше қауіпті қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекеттің
саясатының заңды бөлігі. Қылмыстық саясаттың арнаулы белгілеріне: əсер
ету аймағы, ерекше мақсаттылығы, нысаны, басқа саясат түрлеріне қатысы жоқ
белгілерінің болуы жатады (күштеу саясаты) [9, 332б].
Қылмыстық саясаттың түсінігіне тоқталған кезде, осы түсініктің құқықтық
ядросын дəл анықтаған маңызды. Қылмыстық саясат түсінігінің ядросы –
қылмыстық саясаттың басты мазмұнын ашатын белгілер арқылы анықталады.
Біздің ойымызша, қылмыстық саясаттың негізгі мазмұны өз бастауын қылмыстық
заңдар мен мемлекеттегі қабылданып, жүзеге асып жатқан шешімдерден алады.
Қылмыстық саясат қылмыстық заң арқылы қылмыс жəне оның қоғамға
қауіптілігімен күреседі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен салдарында
əлеуметтік-саяси саланың дұрыс дамымауының белгілері бар.
Қылмыс адамды əлеуметтік қолдау мен тиісті бақылаудың аздығынан пайда
болады. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен қылмыстың салдары саяси-
заңдық, қоғамдық-саяси тұрғыда ғана салалық белгіге ие болғандығымен ғана
емес, бұл құбылыстар барлық əлеуметтік топтардың мүддесін зақымдауымен де
қауіпті.
Қылмыстық саясаттың құқықтық құралы ретіндегі Қылмыстық заң - қылмысты
жойып жіберуде немесе қылмыстылыққа тосқауыл қоюда шексіз мүмкіндікке ие
емес. Қазіргі уақытта қылмысты жоюды қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстық
жауаптылықты белгілеу арқылы тек қана қылмыстық
кодекстің көмегімен ғана жүзеге асырудың мүмкін еместігіне ешкім күмəн
келтірмейді.
Қылмыстылықты жою – қылмыскердің белсенділігін заңды жолмен басу ғана
емес, қылмыскерге қауіпті мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік тудырмайтын
азаматтардың өзін-өзі сақтау шараларын дамытудан да тұрады.
Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат – əлеуметтік
саясаттың бір бөлігі бола отырып, дербес ғылымға, реттеу əдістері мен
тəсілдеріне ие. Ал қылмыс - əлеуметтік ортадағы теріс түсініктердің
ақиқатқа зардап келтіре айналуы. Осы тұрғыдан қарасақ, өзіндік жүйесі мен
қағидалары бар қылмыстан сақтандырудың қылмыстық саясаттың ғылыми негізді
құқықтық түсінігі де бары анық [10, 127б].

қызметтері.
Қылмыстық саясаттың негізін қалап, жүйесін құрушы – əрине субъектілер.
Олар қылмыстық саясаттың қайнар көздері, қылмыстық саясаттың негізгі
бағытын іске асырушы үлкен құқықтық-əкімшілік күшке ие органдар, қоғамдық
бірлестіктер мен азаматтық қоғамның өзге де институттары. Қазақстан
Республикасының тəуелсіздігін алған уақытынан басталған қылмыстық құқық пен
қылмыстық саясаттың қалыптасу кезеңі əлі жалғасуда.
Мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағытын қамтыған – Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаев Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты
Қазақстан халқына жолдауында: Құқық қорғау органдары
қызметкерлеріне сөз арнаймын. Біздің қалалардың көшелері мен ауылдардағы
тыныштық сіздерге байланысты.
Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен
табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың,
бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бəрін де істеу керек деп
көрсеткен болатын. Бұл - қылмыстық саясаттың басты мақсаты – адам құқықтары
мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік органдар жасақтау, ізгілік
қағидаларын арқау еткен заңнамалар қабылдау, жоғары құқықтық саналы адамдар
қалыптастыру, тəрбиелеу барысында жүргізілетін үздіксіз қызметтегі құқық
қорғау органдарының маңызын салмақтаған пікір ғана емес, алдағы атқарылар
жұмыстың негізгі басымдығы да [11, 214б].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамызындағы
№858 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға
арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы да қылмыстық заңнамада заңмен
қорғалатын əлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен
бостандықтарының ажырамастығы мен бастылығы бірінші орында тұруы тиістігін
атап көрсетеді. Еліміздің алдағы он жыл көлеміндегі құқықтық дамуының
бағытын айқындайтын бұл тұжырымдама қылмыстық саясат саласына да елеулі
өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда: қылмыстық саясаттың қос бағытта: яғни, ізгілендірген
жəне қатаңдандырылған сипатта жүруі тұжырымдама мазмұнын ашады.
Қылмыстық саясаттың ізгілендіру бағыты алғаш рет ауыр емес жəне
ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар мен халықтың əлеуметтік қорғауды
қажет ететін бөлігіне жататын: жүкті жəне асырауында кəмелетке толмаған
балалары бар жалғызбасты əйелдерге, жасөспірімдерге, жасы ұлғайған
адамдарға қатысты қолданылуға тиіс қылмыстық жазаларды орындауды кейінге
қалдыру жəне жеңілдетілген сипатта тағайындаудан көрініс тапса,
қатаңдандыру бағыты: ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталған,
қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, қылмыстардың қайталануы үшін
жауаптылыққа тартылатын адамдарға қатысты болмақ. Сонымен қатар бұл
тұжырымдаманың құқықтық жетістігі ретінде қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін
алғаш рет абайсызда қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарды қылмыстық
жазалаудан босату да құқық жүйені əлеуметке жақындатқан қадам ретінде
бағаланады.
Құқықтық саясат тұжырымдамасы декриминализациялау, яғни, кейбір
кішігірім ауырлықтағы қылмыстарды қылмыс түрінен əкімшілік құқық
бұзушылықтар санатына енгізе отырып, мұндай əкімшілік құқық бұзушылықтар
үшін əкімшілік жауаптылықты күшейте отырып, қылмыстық ахуалды жеңілдете
отырып, қоғамдық жағдайды бақылауда ұстаудың мемлекеттік негізі болмақ.
Зерттеуіміз, аталған тұжырымдама депенализация саясаты бойынша да
бірқатар жетістіктерге ие екендігін көрсетіп отыр. Яғни, жекелеген қылмыс
түрлері үшін көзделген санкциядағы жаза мөлшерін төмендету арқылы аталған
қылмыстың санатын ауырдан жеңілге ауыстыру жағдайы қарастырылған.
Бір ерекшелігі, қылмыс субъектілеріндегі өзгеріс көптен бергі айтылып
келген заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы жайындағы ғылыми орта мен
заңгерлер қауымы арасындағы айтысты мүлде жаңа арнаға салды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық бірлестіктер құрамында болу
арқылы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуді қылмыстық
саясаттағы мемлекеттік мүдде мен мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы
беделін қорғау бағытталған шара ретінде қабылдау керек.
Тағы бір маңызды өзгеріске қылмыстық жаза институтының айтарлықтай
өзгеріске ұшырауын жатқызамыз.
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану
саласын кеңейту, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауларды
жекелеген санкциялардан алып тастау мен бас бостандығынан айырудың ұзақ
мерзімін азайту – қылмыстық саясаттағы ізгілендірудің айқын көрінісі.
Жалпы, Кеңес Одағының жетпіс жылдық тоталитарлық езгісі қылмыстық
саясаттың сандық көрсеткіштерін ғана үстірт зерттеумен айналысуға, салалық
мəні ғылыми назар мен жəбірленуші мен мəжбүрлі түрде қылмысқа барғандардың
əлеуметтік жағдайын терең зерттеуге мүмкіндік бермеді. Бұл тұжырымдаманы
қабылдау – қылмыстық саясатты егеменді мемлекеттің заңдарына сай қайта
құрудың қажеттілігінен туындап отыр деген сөз. Жоғарыда көрсеткендей,
қылмыстық саясат субъектілері де бұл үрдісте маңызды рөлге ие.
Ғылыми əдебиеттерде қылмыстық саясат субъектілерінің шеңбері туралы
біртұтас көзқарас жоқ. Қылмыстық саясаттың негізгі субъектісі ретіндегі
мемлекеттің басты міндеті - өз азаматтарын қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау жəне оларға жеке құқықтарын заңмен қорғауға мүмкіндік тудыру.
Себебі, құқықтар мен мүдделер азаматтар үшін ерекше маңызды болса,
мемлекет үшін де сондай маңызға ие [12].
Қылмыстық саясат мемлекеттің қылмыстық əлемді бақылауда ұстау арқылы
азаматтарға əлеуметтік құндылықтар аясында өмір сүруді мақсат ретінде
қоюының қажеттілігінен туындап отыр. Қылмыстық саясаттың мақсаты
объективті қажеттіліктерге негізделген əлеуметтік дамудағы оның бағытын
айқындайды.
Қылмыстық саясаттың негізгі субъектісі - мемлекет. Бұл ғылыми негізді
тұжырым. Өйткені:
- қылмыстық саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі. Негізгі
саясатты мемлекет емес, оның билікке ие құрылымдары жасайды.
Мемлекет – абстрактілі ұғым;
- қылмыстық саясат – бұл мемлекеттің құқық қорғау мен қолдану жəне
қылмыстылыққа қарсы күресі саласындағы саясаты. Қылмыстық саясат мемлекет
атынан жүзеге асырылып, биліктегі əлеуметтік күштердің мүдделерін
бейнелейді жəне осы мүдделердің өзге мүдделер арасындағы басымдылығын
қамтамасыз етіп, жүзеге асуына, қанағаттандырылуына жағдай жасайды;
- қылмыстық саясат тек белгіленген заң шеңберінде жүзеге асады, яғни,
барлық қылмыстық саясат субъектілерінің əрекетінің мазмұны мен заң
нормаларының мазмұнының бірлігі;
- қылмыстық саясаттың объектілері ретінде қылмыстылық пен қылмыстан
сақтандыруға бағытталған əрекеттер, оларды қолдану мен күштеу, күштеудің ең
қатал түрін қолдану тек мемлекеттің құзырындағы іс;
Қылмыстық саясаттың субъектілері ретінде жалпы қоғам мен құқық қорғау
құрылымдары ғана көрініс табады деген пікір білдірсек, онда бұл ой
мемлекеттің нормативті-құқықтық актілерінің мəнін жеткілікті бағаламаудан
пайда болғандай əсер береді.
Жалпы қылмыстық саясатта тараптар пікірімен санаспай, бірқұрылымдық
құқықты абсолюттендіру (шырқаудеңгейіне көтеру) күтілген, оң нəтижеге
əкелмейді. Қылмыстың алдын-алу мен сақтануда мемлекеттің мүддесінен қоғам
мүшелерінің мүддесі де еш кем түспейді. Бірақ, көп жағдайда қоғам
мүшелерінің қылмыстың алдын-алумен одан сақтандыруға, сақтануға деген
ынтасы жорамалды-қиялдық сипатта қалып отыр. Көрсетілген қылмыстық саясат
субъектілерін осы қалыпта шектеу дұрыс емес.
Мемлекет – құқық жасаушы субъект. Белгілісі, құқықтың қалыптасуының үш
жолы бар:
а) нормативті-құқықтық актілер арқылы;
ə) үлгі-прецеденттер арқылы;
б) құқықтық əдеттер арқылы;
Кезіндегі қазақ мемлекеттілігінің құқығы осы үш жолмен қалыптасқан
болатын.
Мемлекеттің қылмыстық саясат үрдерісіндегі басты міндеті – құқықтық
тəртіпті қорғау. Құқықтық тəртіптің бұзылмауы – қылмыстық саясаттың оң
нəтижесі мен жетістігінің бастапқы шарты. Заңмен қорғалатын кез-келген
қоғамдық қатынасқа қол сұғудың негізі болып құқықтық тəртіпке келтірілген
зиян ғана емес, қоғамдық мүддені қауіпті мөр арқылы айтарлықтай зақымдау
да табылады. Кез келген елдің саяси жəне биліктегі элитасынан, əр түрлі
деңгейдегі лауазым иелерінен қылмыстық іс- əрекеттің барлық түрін көруге
болады.
Саясат – былғаныш іс, билік – адамдарды бұзады деген сөздер
лауазымды адамдардың криминалдық теріс қылықтарының нəтижесі. Сондықтан да
мемлекеттің қылмыстық саясатының қарқындылығы мен жемістілігі қылмыстық
саясатты жүзеге асыратын тұлғалардың тазалығынан бастау алады.
Мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қылмыстық саясаттың тұрақты субъектілері,
бірақ қылмыстық заңнамалар субъектілерін санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жасалған қылмысты ашу мен оны жан-жақты тергеу түрлі саланың құзіретіне
жатқанымен оларды қылмыстық саясаттың ортақ мүддесі біріктіреді.
Қылмыстық саясаттың субъектілері – бұл қылмыстық саяси-үрдіске
қатысушыларды білдіретін ұғым. Қылмыстан сақтандырудың субъектілерін
жүйелеудің негіздерін қалыптастыру барлық қылмыстық саясат қатысушылары
жəне олардың өкілеттіктері мен атқаратын міндеттерін жете түсінуден
басталады.
Қылмыстық саясатты жүзеге асыруда мемлекет заңдары мен Елбасы
жолдауларының негізгі бағыттарын аталмыш үдерістің өзегі етіп алу қылмыстық
саясаттың міндетінің толық сипатын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Жолдауын орындаудың атқарар орны үлкен. Себеі ол
қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ережелерге əсерін
тигізуші құрал болып табылады [13, 47б].
Мемлекеттің қылмыстық саясатқа қатысуы – мемлекеттік органдар арқылы,
заң шеңберінде болуы жəне мемлекеттік мүдделі органдардың бұл қатысуының
иесі азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың құқық қорғау қызметіне қатысуының
шегімен анықталады. Қылмыс – жалпы əлеуметтік құбылыс болғандықтан, бұған
қарсы жалпы құрылымдық күрес тəн.
Қылмыстық саясаттың субъектілерінің түрін анықтау мен жүйелеу белгілі
бір негіздер бойынша атқарылады. Ол субъектілер мынадай құзірет пен жүйеге
ие:
- жалпымемлекеттік өкілеттік ие – субъектілер – жергілікті билік
органдары, яғни, əкімшілік-құқықтық, реттеуші, бұйрық беруші жəне атқару
қызметтерін жүзеге асыратын органдар, бұлардың қызметінің əлеуметтік мəнін
тиісті заңнамалық актілер айқындайды;
- жалпыəлеуметтік өкілеттікке ие субъектілер – қоғамдық ұйымдар,
бірлестіктер мен мекемелер, саяси партиялар, кəсіподақтар, мешіттер мен
шіркеулер. Бұлардың міндетіне: қылмыстан сақтандыруға бағытталған, сондай-
ақ қылмыстық саясаттың мақсаттарымен үйлесетін өзге де рухани,
идеологиялық, сақтандыру, саяси сипаттағы қызметтерді атқару жатады;
- арнаулы мемлекеттік қатаң сипаттағы өкілеттікке ие субъектілер –
құқық қорғау мен қолдану қызметі негізгі міндеті болып табылатын құқық
қорғау органдары, (Ішкі Істер Министрлігі, Прокуратура, қаржы полициясы,
əскери полиция) Ішкі Істер Министрлігінің арнаулы саладағы комитеттері мен
департаменттері (жол, көлік, əуе) саласындағы құқықтық жəне қоғамдық
тəртіпті қадағалайтын органдар Кеден органдары, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің салық комитеті, Қазақстан Республикасының қарулы
күштері; Олардың қызметінің нысаны мен бағытын тану - аталған субъектілерді
жүйелеудің негізі болып табылады. Бұл үшін, құқық қорғау қызметінің
қылмыстық істі тергеу мен қылмысты ашудағы қызметін ғана емес, қылмыс пен
оның пайда болу ықпалын анықтайтын ғылыми негізді кешенді шаралар жүйесін
белгілейтін қызмет түрлерін анықтау да қажет. Оларға:
- қылмыстық саясат теориясы мен тəжірибесінің сəйкес тұстары мен қарама-
қарсы жақтарын көрсету, қылмыстылықты зерттеудің теориялықгнесеологиялық,
методологиялық, танымдық, қылмыспен күрестің жəне одан сақтандырудың бағыты
мен тактикасын жасау;
- əр құқық қорғау органы өз өкілеттіктерінің шегінде заң жобаларын
жасау, сондай-ақ нормативті актілер шығару (реттеу қызметіне тікелей
қатысты);
- құқық қорғау органдары құрылымдарының жұмысының табыстылығын жəне
əлеуетін арттыру мақсатында құрылымдық органдарын құру мен ұйымдастыру
(əкімшілік-ұйымдастыру қызметі);
- қылмыстылықты бақылауға алу, қылмыстылықтың жалпы əлеуметтік пайдалы
істер мен қызметтерге залалын келтірмеудің шараларын атқару мен жолға қою
(қорғау, бақылау, өкілеттікті қадағалау қызметі);
- қылмыстың алдын алу, сақтандыру жəне осы қызметпен тікелей байланысты
шараларды жасау мен жүзеге асыру (сақтандыру қызметі);
- қылмыстарды тергеу, тергеуі аяқталған қылмыстар бойынша, айыптыларды
жауапқа тарту, əділ үкім шығару, жедел іздестіру қызметі (соттық іздестіру,
қылмыстық қудалау қызметі);
- азаматтарға құқықтық тəрбие беру, құқық нормаларының мəнін түсіндіру,
заңисауатты өмір салтын қалыптастыруға Қазақстан халқын
үгіттеу (əлеуметтік-тəрбиелеу қызметі);
- қылмыстық саясаттың жəне мемлекеттегі қылмыспен күрестің, азаматтарды
қылмыстан сақтандырудың өзекті мəселелерін қарастырып, оларды шешу жолдарын
көрсететін ғылыми-тəжірибелік конференциялар ұйымдастыру, жоғарыдағы
сұрақтарға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу, əрсалалық органдардың
мамандарының біліктілігін көтеру мен мамандар даярлаумен айналысатын оқу
орындарының қызмет бағытын, мақсаттарын, міндеттерін айқындау; (мысалы:
С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
біліктілікті көтеру институты, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
Министрлігінің Жоғары заң академиялары, тағы басқа) (ғылыми зерттеу,
жұмысты ғылыми негізде ұйымдастыру қызметі);
- жоғарыдағы аталған қызметтердің атқарылуының толықтығына қол
жеткізетін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ар-тазалығы мен оларды
өз мамандығына қатысты қанаттандыратын өзге де шаралар; (арнаулы атақтар,
сыйлықтар беру, тағы басқа) Құқық қорғау органдары қылмыстық заңдарды
қолдана жəне оның талаптарын орындай отырып, қылмыстық əрекеттің қоғамға
қауіптілігінің дəрежесін, оның басқа да оң құбылыстарға деген ықпалын
анықтайды. Осы тұрғыда құқық қорғау органдары мемлекеттің құқықтық
жүйесінде шешуші рольді иеленіп қана қоймай, құқық қорғау мен қолдану
қызметінің маңызды орбитасын (ауанын) қалыптастырады.
Бұған қол жеткізудің құқықтық негізіне: азаматтардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау, демократиялық мемлекеттің барлық қағидаларына қайшы
келмейтін жұмыстарды атқаруды жатқызсақ болады. Мемлекеттің қылмыстық
саясатының жемістілігі мен талапқа сай жүруі – құқық қорғау құрылымдарының
қылмыстан сақтандыруды қалай ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Қылмыстан сақтандыру саласындағы қылмыстық саясат дегеніміз –
қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жою жөніндегі жəне əлсірету
бағытындағы жүргізілетін, қылмыстық қол сұғушылықтан мүдде мен заңдық
құқықтарды қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар
жүйесінің жиынтығы.
Мемлекеттік жəне қоғамдық шараларға:
- мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету; (мемлекеттік құрылысты
сыртқы қауіпті факторлардан сақтау)
- ұлттық; (ұлтаралық татулыққа сызат түсіретін барлық əрекеттерге
заңмен тосқауыл қою);
- аумақтық; (аумақтың экономикалық, географиялық ерекшеліктеріне
байланысты сақтандыру шараларын қолдану)
- ақпараттық; (ақпараттық экспансияға тосқауыл қою мен құқықтық сананы
зақымдайтын мəліметтер ағынын шектеу) Осы жерде ақпараттық қауіпсіздікті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастыруды көздеген ғалымдармен келісеміз [14, 85б].
Қылмыстық саясаттың маңызды белгілерін – қылмыстық саясаттың міндеттері
мен мақсаттарының ұстанымдары қалыптастырады. Бұл ұстанымдар мен құқықтық
идеологияның ұстанымдарының арасында елеулі айырмашылық жоқ. Құқықтық
идеология – адам мен азаматтар өмірінде өнегелі ахуалды қалыптастырушы
құрал.
Құқықтық идеологияның көрінісі – құқықтық тəртіпті сақтайтын, өз
тіршілік ұстанымдары мен өмірлік көзарастарын заң шеңберінде жүзеге
асыратын əрекеттерінен бастау алады. Қылмыс əрекеті – тек қылмыстық заңға
ғана емес, құқық саясат бағыттарына, құқықтық идеология ұстанымдарына,
сондай-ақ қалыпты өмір-салтын қалыптастырған Қазақстан азаматтарының
дəстүрлі мəдени-құқықтық өмір дағдысына да қарсы келу дегенді білдіреді.
Құқықтық идеология – құқықтық мемлекеттің дамуының негізі ғана емес, ол
қылмыстық саясаттың нысаны мен мақсатын анықтайтын, əлеуметтік
құндылықтарының жиынтығын анықтайтын тұжырымдамалар өзегі. Құқықтық
идеологияның қалыптаспауы немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
идеологиялық бағыт пен мақсаттарды дəйектей алмауы – қылмыстық саясаттың
əлеуметтік пəрменділігінің əлсіреуіне əкеледі.
Жетілдіру үстіндегі Қазақстан мемлекетінің заңнамалары, əсіресе,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару
кодексі – құқықтық идеологияның заңдық қалыптық бекітушісі болып табылады.
Яғни Қылмыстық заң арқылы қылмыстық саясаттың негізгі міндет- мақсаттары:
қылмыстан сақтандыру мен алдын алу, азаматтардың заңды мүдделері мен
бостандықтарын, құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау жатады.
Бұл міндеттердің толыққанды жəне заңға сəйкес жүзеге асырылуы –
мемлекеттегі қылмыстылықтың қозғалысына, құрылымына, сипатына тікелей
негізді əсері бар.
Іс-əрекеттің қылмыстық саясаттың талаптарына, құқықтық идеология,
қылмыстық заңнамаларға қайшы келуі посткеңестік елдердің дамуы мен
егемендік алуының өзара кезеңіндегі көп кездескен құбылыстар. Бұл
қайшылықтардың себебіне – қоғам мен мемлекеттің дамуындағы кезекті
дағдарысты жəне осы даму үрдісіндегі зиянды, кешенді себептерден туындаған
өзгермелі сипатты жатқызған дұрыс болар.
Кешенді себептер деп өзара байланысты, табиғатына сай біріккен, шығу
ерекшеліктері мен дамуы, жағдайы өзара шектесетін жəне осының негізінде
қылмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар жасалатын теріс əлеуметтік құбылыстар
түсініледі. Дəл осы жерде қарсы мəнге ие болатын қылмыстық саясаттың пайда
болу себептеріне - өндірістің тарихи əдістерінің өзгеруі, қоғам мүшелерінің
қажетті белсенділігінің ерекше сипатқа ие болуы, қоғамдық құрылыстың
өзгеруі, түптеп келгенде қоғам мүшелерінің жаңа өмір салтын аңсаған ой-
армандарын жатқызсақ, көп дау тудыра қоймас. Посткеңестік елдердегі ортақ
құқықтық мəселелер сол елдердің даму ерекшелігінің негізінде, дербес
қылмыстық саясат түрлерінің қалыптасуына себеп болды.
Қылмыстық саясатты құқықтық сараптау – саяси-құқықтық қатынастарды
сараптаумен, заңдық норма, көзқарастар мен негізді ұсыныстарды, қылмыстың
алдын-алу мен сақтандыруға байланысты мемлекеттік мүдделі субъектілердің
қызмет нысаны мен олардың қызметінің əсер ету жүйесінің бағытының ұдайы оқу
мен зерттеуден тұрады.
Қылмыстық саясатты оның əлеуметтік-саяси мəртебесін түсіне отырып
зерттеу күткен оң нəтижелерге əкелмек. Қылмыстық саясатқа түсінік берген
авторлардың ішінде пікірі көпқырлылығымен ерекше. Менің ойымша, қылмыстық
саясат - құқық қолдану, қорғау саясатына негізделген, дербес пəнді
қамтыған, мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі.
Саясат қоғамдық өмірдің барлық жағына бағыт беретін əсерге ие.
Саясаттың бір бағыты болып қоғамның əлеуметтік дамуына əсер ету табылады.
Айтылған пікір, мемлекеттік саясаттың əлеуметтік мəнін толық айқындап тұр.
Жалпы, қылмыстық саясат – заңмен берілген құқықтық мүмкіндіктер мен тыйым
салуды кешенді реттейтін, адамның құқықтық əрекетін жасайтын мемлекеттің
қызметі.
Кез-келген сала мемлекеттік реттеудің нысаны мемлекеттік реттеудің
пəні, əдісі, мəні мен əсер ету өрісінің ерекшелігі – салалық ерекшеліктің
қалыптасуына негіз болады. Қылмыстық саясаттың өзге саясат түрлерінен басты
айырым белгісі – саяси процестердің əлеуметтік реттеудегі өзіндік қасиеті
мен сапалық нысандарымен анықталады. Яғни, біртектес қоғамдық қатынастар –
бір сипатты үрдісті шараларды қабылдауға, қылмыстық саясатты жүйелеудің
құқықтық-əлеуметтік алғышарттар ретінде қабылдау керек.
Мемлекеттік саясаттың құрамды бөлігі ретінде қылмыстық саясат
мынадай өзіндік белгілерге ие:
- біріншіден, қылмыстық саясат əлеуметтік реттеудің криминогендік
элементтері бар арнаулы аймағына əсер етеді. Арнаулы аймақтың құқықтық
жай-күйі, қылмыстық ахуал, оған əсер етудің жолдарын қарастыру мен қолдану
тек осы саясат түріне тəн;
- екіншіден, бұл саясат əлеуметтік реттеудің өзіндік əдістерін, пəні
мен объектісін, қылмысты саяси реттеудің маңызды тұстарын қамтитын саясат;
Кеңірек тоқталсақ, қылмыстық саясаттың реттеу əдістері мəжбүрлеу-күштеу
функцияларын қамтып отырады жəне бұл əдістер қылмыстық саясаттың пəніне
тікелей əсер етеді.
Қылмыстық саясаттың пəнін қылмысты жою, сақтандырумен тікелей
байланысты біртектес қоғамдық-құқықтық қатынастар ретінде сипаттаймыз.
Қылмыстық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz