Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І.ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ
ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. ДӘРІСТЕРДІҢ ОҚЫТУДЫҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЦИКЛІНДЕГІ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІІ. ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ
«ӘЛЕМДІК НАРЫҚ КОНЪЮНКТУРАСЫ»
КУРСЫН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ДӘРІСТЕРДЕ ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

3.1 Экономикалық пәндер бойынша дәрістердің
негізгі арналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2 Визуализация тәсілдерін алдын.ала
жоспарланған қателерді ендіру тәсілдермен
біріктіріп дәрістерде пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.3 Проблемалы дәріс тәсілдерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.4 Баспасөз.конференциясы тәсілдерін
дәрістерде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.5 Нақты оқиғаларды талдаудың
тәсілдерін дәрістерде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.6 Екеуара дәріс (диалог) тәсілдерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.7 Әңгіме.дәріс «аудиториямен диалог»
тәсілдерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.8 Пікірталас.дәрістер тәсілдерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
3.9 Кейс. стади оқыту әдестерін
дәрістерде пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қазіргі таңда оқу үрдісі тұрақты жетілдіруді талап етеді, өйткені басымдықтар мен әлеуметтік құндылықтардың ауысымдары жүріп жатыр: ғылыми-техникалық прогресс адам қажеттіліктерін ұдайы арттыруды, жеке тұлғаның рухани байлығын дамытуды қанағаттандыруға біршама мөлшерде жауап беретіндей өндіріс деңгейі жетістіктерінің құралы ретінде екендігі неғұрлым жете түсінілуде.
Сондықтан да мамандарды даярлаудың қазіргі жағдайы ЖОО-да оқытудың стратегия мен тактикасын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Кез келген білім беру мекемелерінің бітірушісінің басты сипаттамасы оның құзіреттілігі мен ұтқырлығы болып табылады. Бұл байланыста оқу пәндерін зерделеу кезіндегі екпіндер тиімділігі студенттің өзінің танымдық белсенділігіне толығымен тәуелді танып-білу үрдісінің өзіне ауыстырылады.
Осыған байланысты студентке дайын білім беруге негізделген оқытудың дәстүрлі сызбасының төмен тиімділігі анықталып келеді. Теориялық білімдердің бекітілуі және олардың іс-тәжірибе қызметінде пайдаланылуы барлық кезде оларды алуменен бір уақытта жүзеге асырыла бермейді. Тәжірибе көрсеткеніндей, дайын білімдерді беру оқиғаларының көпшілігінде адамның мәселелерді айқындауға және талдауға, оларды шешудің жолдарын өз бетінше анықтауға деген дайындығы мен қабілеттілігіне барлық уақытта бірдей қозғау сала бермейді.
1. Коробейникова Е.В. Применение активных и интерактивных методов
обучения при проведении занятий по дисциплине «Страховое дело». Сборник «Модернизация финансово-экономического образования: проблемы и перспективы», 2012
2. Борисова И.И., Ливанова Е.Ю. Интерактивные формы и методы обучения в высшей школе. Учебное пособие, Нижний Новгород, 2011
3. Модель медицинского образования КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова. Вып. 1. – Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2010. – Ч.3. – 71 с.
4. Хвесеня, Н. П. Методика преподавания экономических дисциплин: учебно-методический комплекс / Н. П. Хвесеня, М. В. Сакович. – Минск : БГУ, 2006.
5. Активные и интерактивные образовательные технологии (формы проведения занятий) в высшей школе: учебное пособие / сост. Т.Г. Мухина. – Н.Новгород: ННГАСУ, 2013. – 97 с.
6. Гущин Ю. В. Интерактивные методы обучения в высшей школе Психологический журнал Международного университета природы, общества и человека «Дубна» Dubna Psychological Journal № 2, с. 1-18, 2012 www.psyanima.ru
7. Долгоруков А. Метод case-study как современная технология профессионально-ориентированного обучения: http://www.vshu.ru/lections.php?tab_id=3&a=info&id=2600
8. Ступина С.Б.Технологии интерактивного обучения в высшей школе: Учебно-методическое пособие. – Саратов: Издательский центр «Наука»,2009. – 52 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Е.Ж. Оспанов

Әлемдік нарық конъюнктурасы
пәні бойынша
интерактивтік әдістерді қолдану ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ
ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ПРИНЦИПТЕРІ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Түркістан- 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4

І.ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ
ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. ДӘРІСТЕРДІҢ ОҚЫТУДЫҢ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЦИКЛІНДЕГІ
РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІІ. ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ
ӘЛЕМДІК НАРЫҚ КОНЪЮНКТУРАСЫ
КУРСЫН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ДӘРІСТЕРДЕ
ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15

3.1 Экономикалық пәндер бойынша дәрістердің
негізгі арналымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...15
3.2 Визуализация тәсілдерін алдын-ала
жоспарланған қателерді ендіру тәсілдермен
біріктіріп дәрістерде пайдалану ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.3 Проблемалы дәріс тәсілдерін

пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.4 Баспасөз-конференциясы тәсілдерін
дәрістерде
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .24
3.5 Нақты оқиғаларды талдаудың
тәсілдерін дәрістерде пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.6 Екеуара дәріс (диалог) тәсілдерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... .28
3.7 Әңгіме-дәріс аудиториямен диалог
тәсілдерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 29
3.8 Пікірталас-дәрістер тәсілдерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 30
3.9 Кейс- стади оқыту әдестерін
дәрістерде
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 40

ПАЙДАЛЫНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.41
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 42
 

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда оқу үрдісі тұрақты жетілдіруді талап етеді, өйткені
басымдықтар мен әлеуметтік құндылықтардың ауысымдары жүріп жатыр: ғылыми-
техникалық прогресс адам қажеттіліктерін ұдайы арттыруды, жеке тұлғаның
рухани байлығын дамытуды қанағаттандыруға біршама мөлшерде жауап беретіндей
өндіріс деңгейі жетістіктерінің құралы ретінде екендігі неғұрлым жете
түсінілуде.
Сондықтан да мамандарды даярлаудың қазіргі жағдайы ЖОО-да оқытудың
стратегия мен тактикасын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Кез келген білім
беру мекемелерінің бітірушісінің басты сипаттамасы оның құзіреттілігі мен
ұтқырлығы болып табылады. Бұл байланыста оқу пәндерін зерделеу кезіндегі
екпіндер тиімділігі студенттің өзінің танымдық белсенділігіне толығымен
тәуелді танып-білу үрдісінің өзіне ауыстырылады.
Осыған байланысты студентке дайын білім беруге негізделген оқытудың
дәстүрлі сызбасының төмен тиімділігі анықталып келеді. Теориялық
білімдердің бекітілуі және олардың іс-тәжірибе қызметінде пайдаланылуы
барлық кезде оларды алуменен бір уақытта жүзеге асырыла бермейді. Тәжірибе
көрсеткеніндей, дайын білімдерді беру оқиғаларының көпшілігінде адамның
мәселелерді айқындауға және талдауға, оларды шешудің жолдарын өз бетінше
анықтауға деген дайындығы мен қабілеттілігіне барлық уақытта бірдей қозғау
сала бермейді.
Сонымен бірге, әлемдік экономика дамуының жоғары қарқындары,
мамандарға деген талаптардың барынша ауыспалылығы, оқытуды аяғына дейін
меңгеруі үшін қажетті ақпараттардың үлкен көлемі ЖОО білім беруде белсенді
оқытудың әр түрлі әдістерін пайдалануға мәжбүрлейді [1].
Біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқытудың активті
әдістерінің мәні студенттердің біліктер мен дағдыларды өз бетінше меңгеруі
тиіс шешімдер процесіндегі міндеттерді олардың өздері орындауын қамтамасыз
етуден тұрады.
Оқытудың активті әдістерінің пайда болуы және дамуы оқыту алдына
студенттердің білімдерді меңгеріп және кәсіби біліктері мен дағдыларын
қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның шығармашылық және
коммуникатвиті қабілеттерін дамыту, туындаған мәселеге деген дербес тәсілді
қалыптастыру міндеттерінің қойылуымен де шарттастырылған.
Мәселен, оқу үрдісі барысындағы активті оқу-танымдық қызметке тікелей
студенттердің қатыстырылуы оқытудың активті әдістері жалпылама атауын
алған тәсілдер мен әдістерді қолданумен байланысты.
Активті оқыту әдісінің басымдығы студенттерді белсенді ойлау кызметіне
қызықтырудан тұрады. Бұл әдіс шығармашылық ойлауды барынша дамытуға
мүмкіндік береді, студенттерді құбылыстың мәнін ойлануға, олардың
арасындағы өзара байланысты іздестіруге, теориялық жағдай ретінде
тұжырымдар жасауға үйретеді. Активті оқыту студенттерден белгілі бір
интеллектуалды шеберлікті, ойлау күш-жігерін талап етеді, қиындықтарды
жеңуді міндеттейді.

Оқу құралда ұсынылған дәрістерде интерактивті нысандарды қолдану
негізінде оқушылардың білім алу қызметтерінің белсенділігін арттыруға
бағытталған тәсілдер көпшілікке мәлім және әдебиеттерде баяндалған
білім беру технологяларға негізделген.

Бірақ сонымен қатар бұл оқыту нысандарын едәуір кеңейтілуіде
мүмкін. Біріншіден, оқытудың түрлі нысандарында пайдалану себебінен
олар қосымша сипаттарға ие болады. Екіншіден, интерактивтік
нысандардың біреуі басқа нысанының құрамдас бөлігі ретінде көрініс
алуы мүмкін. Үшіншіден, бұл технологиялардың көпшілігі іс-әрекеттердің
күрделі кешені ретінде құрылуына байланысты, оларды толық түрде
пайдалану мен қатар бөліп пайдалануға да болады.

Мұнда кәсіптік қызметке қабілет ретінде көрініс алатын жоғары
білім берудің түпкі өнімі оқушының белсенді қатысуы арқылы қалыптасуын
жәнеде осыған орай шешуші дәрежеде студенттің өзінің талпынысына
тәуелді болуын ескеру қажет.

Әдестемелік тұрғыдан қарағанда интерактивті технологиялардың
төмен және жоғары курстарда пайдалану мүмкіндіктердің бірдей болмауын
есепке алу аса маңызды. Сонымен қатар оқу пәндердің
ерекшеліктерін де ескеруде қажет. Әсіресе, студенттердің тандауы
бойынша жаңадан еңгізілген оқу құралдар және оқулықтармен әлі
қамтылмаған пәндер бойынша жәнеде толық көлемде әдістемелік қамтылған
пәндер бойынша сабақтарды жүргізудің бірдей әдістемесін пайдаланудың
мүмкін еместігін есепке алі керек [1].

Оқу құралда аталмыш жаңадан енгізілген пәндердің қатарына жатадын
Әлемдік нарық конъюнктурасы пәнін оқыту үрдісінде визуализация,
алдын-ала жоспарланған қателерді ендіру, баспасөз-конференциясы, нақты
оқиғаларды талдау, екеуара дәріс, әңгіме-дәріс, пікірталас, кейс- стади
оқыту сияқты интерактивтік әдістерін тәсілдермен пайдалану
мүмкіндіктері ашылып көрсетілген.

І.ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
ПРИНЦИПТЕРІ

Педагогикада оқытудың бірнеше модельдері ажыратылған:
1.Оқытудың пассивті моделі – бұл оқытушы негізгі әрекет етуші тұлға
және сабақ барысын басқарушы болып табылатын, ал студенттер оқытушының
нұсқауына бағынышты пассивті тыңдаушылар рөлінде шығатын оқытушы мен
студенттің өзара әрекеттесу формасы [2,3].
Оқытушының студенттермен байланысы пассивті сабақтарда сауалнамалар,
дербес, бақылау жұмыстары, тестілер және т.б. арқылы жүзеге асырылады
(сурет 1).

Сурет 1 - Оқытудың пассивті моделі

2.Оқытудың активті моделі – бұл оқытушы мен студент бір-бірімен сабақ
барысында өзара әрекеттесетін, бұл жерде студенттер пассивті тыңдаушылар
емес, активті қатысушылар ретінде шығатын, студенттер мен оқытушы тең
құқықта табылатын, оқытушы мен студенттің өзара әрекеттесу формасы. Егер,
пассивті әдістер өзара әрекеттесудің авторитарлық стилін болжамдаса, ал
активті әдістер демократиялық стильді көбірек болжамдайды (сурет 2).

Сурет 2 - Оқытудың активті моделі

3. Оқытудың интерактивті моделі – өзара әрекеттесу. Оқытудың
интерактивті моделі өмірлік оқиғаларды модельдеуді, рөлдік ойындарды
пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу үрдісінің қандай да
бір қатысушысының немесе қандай да бір идеяның басымдық жағы шығарылады.
Студент әрекет ету объектісінен өзара әрекеттесетін субъекті болады, өзінің
жеке дербес бағытыменен ол өзі оқыту үрдісіне белсене қатысады.
Оқытудың активті әдістері – оқушылардың өз бетінше ойлауын және
стандартты емес кәсіби міндеттерді біліктілікпен шешу қабілеттілігін
дамытуға бағытталған оқыту формасы. Оқытудың мақсаты – оқушылардың ойлауын
дамыту, оларды мәселелерді шешуге қатыстыру, білімдерді кеңейту және
тереңдету, сонымен бір уақытта өз әрекеттерін ойлаудың, ойланудың,
зерделеудің практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқытудың активті әдістері дәстүрлі әдістерге қарағанда үлкен
белсенділіктің пайда болуын қамтамасыз етеді, өйткені адам жадында оның
тыңдағаны 10%-ға дейін, көргені 50%-ға дейін және не істеп жатқаны 90%-ға
дейін әсер қалдыратыны экспериментті түрде бекітілген.
Сонымен бірге, интерактивті оқыту термині әр түрлі түсініледі.
Интерактивті ұғымы ағылшынның interact (Inter - бұл өзара, act -
әрекет ету) сөзінен шыққан. Интерактивті деген сөз әрекет етуді, әңгімелесу
тәртібінде табылуды, әлденемен (мысалы, компьютермен) немесе әлдекіммен
(адаммен) диалог құруды білдіреді. Осыған орай, интерактивті оқыту –
бәрінен бұрын, ынтымақтастағы оқыту. Білім беру үрдісінің барлық
қатысушылары (оқытушы, студенттер) бір-біріміен өзара әрекеттеседі,
ақпараттар алмасады, мәселелерді бірлесіп шешеді, оқиғаларды модельдейді.
Және де бұл жаңа білімді алып қана қоймай, сонымен бірге танымдық қызметтің
өзін де дамытуға мүмкіндік беретін ақ пейілділік және өзара қолдаушылық
ахуалында өтеді.

Сурет 3 - Оқытудың интерактивті моделі

Интерактивті оқыту – бұл танымдық қызметті ұйымдастырудың арнайы
формасы. (сурет 3). Ол толық нақты және болжамданған мақсаттар түріне
иеленген:
▪ білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру, жоғары нәтижелерге
қол жеткізу;
▪ пәнді зерттеудің мотивациясын күшейту;
▪ оқушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
▪ талдау және рефлексивті көрсету дағдыларын дамыту;
▪ заманауи техникалық құралдарды меңгеру және технологияларды
қабылдау дағдыларын дамыту және ақпараттарды өңдеу;
▪ ақпараттарды дербес табу және оның сенміділігін анықтау
шеберлігін қалыптастыру және дамыту;
▪ студенттердің аудиториялық жұмыстарының үлесін қысқарту және
олардың дербес жұмыстары көлемін арттыру.
Интерактивті формалар аудиториялық сабақтарды өткізу кезінде,
студенттердің өз бетінше дербес жұмыс істеуі және оқу сабақтарының басқа
түрлері кезінде дайындықтың (бакалавр, маман, магистр) барлық деңгейінде,
сондай-ақ біліктілікті арттыру кезінде қолданылады. Активті және
интерактивті формаларда өткізілген сабақтардың үлес салмағы нақты пәндер
мазмұнында оқытылатын контигенттің ерекшеліктерімен анықталады және тұтас
алғанда оқу үрдісінде олар аудиториялықтың кемінде 20%-ын құрауы тиіс.
Оқытудың интерактивті формасына берілген сағаттар көлемі оқу жоспарында
қарастырылуы және пәндердің Оқу-әдістемелік кешенінің тақырыптық жоспарында
көрініс табуы тиіс.
Интерактивті оқытудың ерекшеліктері:
1.Білім беру үрдісі барлық оқушы түгелімен таным үрдісіне тартылуы тиіс
жағдайда ұйымдастырылуы керек, олардың нені білетіні және нені ойлайтыны
тұрғысынан олардың түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндіктері бар. Танып-білу
үрдісіндегі студенттердің бірлескен қызметі оқу материалдарын меңгеруге
әрбір студенттің өзінің ерекше дербес үлесін қосуын білдіреді,
білімдерімен, идеяларымен, қызметтік қабілеттерімен алмасу жүреді. Және де
бұл жаңа білімді алып қана қоймай, сонымен бірге танымдық қызметтің өзін де
дамытуға мүмкіндік беретін ақ пейілділік және өзара қолдаушылық ахуалында
өтеді, оны кооперациялар мен ынтымақтастықтың неғұрлым жоғары формаларына
ауыстырады.
2.Интерактивті оқытудың негізгі әдістемелік принциптері:
• жұмысшы терминдерін, оқу, кәсіптік лексикаларды, шартты
ұғымдарды мұқият іріктеу;
• оқып жатқандардың әр түрлі рөлдік жұмыстарды орындайтын
басқарушылық және кәсіптік қызметтерінің нақты іс жүзіндегі
мысалдарын жан-жақты талдау;
• барлық оқып жатқандардың өз арасындағы үздіксіз визуалды
байланыстарын қолдау;
• әрбір сабақта оқып жатқандардың бірінің оқу мәселесін талқылауға
басшылық ететін жетекші қызметін орындауы;
• техникалық оқу құралдарын, оның ішінде оқу материалдарын
безендіретін слайдтардың, фильмдердің, роликтердің,
бейнеклиптердің, интерактивті тақталардың көмегін активті түрде
пайдалану;
• оқытушылардың активті топішілік өзара әрекетерді үздіксіз
қолдауы, олардың қарқындылығын алып тастау;
• пікірталасу барысында алдын-ала көрінбейтін қиындықтардың
туындауы жағдайында, сондай-ақ тыңдаушылар үшін оқу бағдарламасы
ережелерінің жаңаларын түсіндіру мақсатында оқытушының жедел
түрде араласуы;
• дербес сабақтарды (шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын) және
топтық сабақтарда дербес жеке қабілеттерді интенсивті пайдалану;
• қол жеткізілген нәтижелер үшін оқытушымен тұжырымдалған
нормаларды, ережелерді, ынталандыруларды (жазаларды) қатаң
сақтау тәртібінде өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
• қатаң тәртіп жағдайында және ақпараттардың айқынсыздық
элементінің бар болуы кезінде шешімдер қабылдауды оқыту.
1. Интерактивті оқыту болжамдайды:
• электрондық оқу-әдістемелік басылымдарды ұдайы жаңарту және пайдалану;
• оқу сабақтарын өткізу үшін оқытудың заманауи мультимедиалық құралдарын
пайдалану;
• дәрістер мен бизнес-кейстер дәрістерімен бірге бейнежазбаларды
қалыптастыру;
• студенттер мен оқытушылар дәрістерді тыңдап қана қоймай, сонымен бірге
сол немесе басқа тақырыптарды талдауға, жарыссөздерге қатысуға және
т.б. мүмкіндіктері бар кезде Интернет арқылы нақты уақыт тәртібінде
аудиториялық сабақтар өткізу.

ІІ. ДӘРІСТЕРДІҢ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЦИКЛІНДЕГІ РОЛІ

Дәріс (лекция) – бұл оқу материалының қисыны жағынан дұрыс, жүйелі,
терең және анық баяндалуы. Оқу үрдісіндегі дәрістерді арналымы тақырып
бойынша барлық ақпараттарды ұсыну емес, курстың іргелі мәселелерін
меңгеруге, ғылыми танымдар әдістерін игеруге көмектесу, ғылыми ойлардың
жаңа жетістіктерін ұсынуболып табылады. Оқу үрдісінде дәрістер әдіснамалық,
ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметтерді орындайды [4].
Оқу сабақтарының барлық басқа формалары – семинарлар, зертханалық
сабақтар, курстық және дипломдық жобалаулар, оқу іс-тәжірибесі, кеңес беру,
сынақтар мен емтихандар – дәрістермен байланысты, іргелі ережелер мен
тұжырымдарға сүйенеді.
Бірқатар жағдайларда дәріс ақпараттардың негізгі дереккөзі болып
табылады, мысалы, жаңа курстар бойынша оқулықтар, оқу құралдары жоқ кезде.
Дәріс білімнің нақты саласының түсінікті аппаратын, оның мәселелерін ашады,
пән туралы мақсатты түсініктер береді, басқа пәндермен өзара байланысын
көрсетеді.
ЖОО-дағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. Оның
мақсаты – студенттің оқу материалының келесісін меңгеруі үшін бағдарлық
негізді қалыптастыру.
Оқу үрдісінде оқытудың дәрістік (лекциялық) формасын басқа ештеңемен де
алмастыруға келмейтін бірқатар оқиғалар жинақаталды.
Оқу үрлісіндегі дәрістер төмендегі атқарымдарды орындайды:
• ақпараттық (қажетті мәліметтерді баяндау);
• ынталандырушы (тақырыпқа деген қызығушылықты ояту);
• дамытушы (құбылыстарға баға береді, ойлауды дамытады);
• бағдарлық (мәселеде, әдебиеттерде);
• түсіндіруші (ғылымның негізгі ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған);
• көзін жеткізуші (дәлелдеу жүйесіндегі екпінменен);
• жүйелендіруші және құрылымдаушы (аталмыш пән бойынша білім);
• тәрбиелік [2].
Егер оқытудың дәрістік ерекшеліктері туралы заманауи көріністерді
ықпалдайтын болсақ, онда оның өзгешелігін төмендегіше анықтауға болады.
Дәріс – оқытушы тақырып мақсаты бойныша оқу материалдарын жүйелі,
дәйекті басымдықтармен монологиялық түрде баяндайтын және түсіндіретін, ал
студенттер дәрістер мазмұнын тыңдайтын және жазып отыратын, жекелеген
жағдайларда сұрақтар қойып, оған оқытушы жауап беретін оқытуды ұйымдастыру
формаларының бірі.
Оқытудың дәрістік (лекциялық) нысандарын ажыратуға болады:
• алғашқы кіріспе (бағыт сілтейтін, нұсқаушы);
• тақырыптық;
• қорытынды;
• шолу дәрістері.
Кіріспе дәріс ерекше рөл атқарады, өйткені нақ сол студенттің нақты
пәннің пәндік әдіснамасын қабылдауға дайындайды.Кіріспе дәріс әдістемелік
жағынан білімнің аталмыш сферасына деген қызығушылықты оятып, ол туралы
мақсатты түсінік беретіндей болып құрылуы тиіс. Мұнда курстың өзектілігі,
практикалық маңыздылығы, мақсаты, міндеттері жазылуы керек, ақпараттық
дереккөздердің тізімі ұсынылады.
Тақырыптық дәрістер курстың мазмұнын дәйекті, жүйелі баяндау үшін
арналған. Педагог терең байыпты және әдістемелі игерілген материалды ұзақ
уақыт кезеңіндегі аралыққа ұсынады. Ол тезистер мен дәлелдемелерден,
хабарламалар мен аргументтерден, себептер мен салдарлардан білімнің
логикалық тұжырымдарын құруға міндетті.
Қорытынды дәрістерде кілтті идеялардың және оқу мақсаттарының
шолулары мазмұндалады. Қорытынды дәрістер алға қойылған мақсаттардың
жетістіктері туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Шолу дәрістері қандай да бір мәселеге, тақырыпқа арналады және белгілі
бір логикалық байланыстардағы сұрақтардың жүйелендірілген баяндауларын
береді. Бәрінен бұрын, лектор неғұрлым күрделі мәселелерге, теорияларға,
әдістерге тоқталады. Әдеттегідей, студенттердің типтік қателерін
қарастырады. Дәрістердің барлық түрі қисынды түрде өзара байланысқан,
тұтас, мақсатты курстың бөліктерін көрсетеді. Олар материалдарға
жақындасудың әр түрлі дәрежелеріне, білім беру мақсаттарын жүзеге асырудағы
дәйектілікке бағдарланған.
Материалды баяндаудың тәсілдері бойынша дәрістер әдістерін кесте 1
көрсетілгендей бөліп көрсетуге болады : дәстүрлі, проблемалы, визуализация-
дәрісі, екеуара дәріс, өршіту дәрісі, баспасөз-конференциясы дәрісі, әңгіме-
дәріс, пікірталас, нақты оқиғаларды талдау дәрісі [ 2].

Кесте 1- Материалды баяндаудың тәсілдері бойынша дәрістердің жіктемесі
Пассивті Активті Интерактивті
Дәстүрлі Проблемалы Алдын-ала жоспарланған
қателері бар (өршіту)
Визуализация Визуализация Баспасөз-конференциясы
Екеуара Пікірталас
Баспасөз-конференциясы Нақты оқиғаларды талдау
Әңгімелесу

Қазіргі таңда оқу материалдарын дәрістік баяндауды жақтаушылармен қатар
ЖОО-дағы оқытудың негізгі формасы ретіндегі дәрістердің қарсыластары да
бар, олар мыналарды дәлелдейді:
• дәріс бөтендердің пікірін пассивті түрде қабылдауға үйретеді, өз
бетінше ойлауды тежейді, сонымен бірге дәріс жақсы болған сайын,
бұл ықтималдылық та үлкен;
• жеке өз бетінше сабаққа деген дағдыларын тойтарады;
• дәрістер оқу әдебиеттерінің жетіспеушілігі кезінде ғана қажет;
• кейбір студенттер баяндалған материалдарды байыптап үлгереді, ал
енді біреулері – лектордың мәтінін жәй ғана жазып отырады.
Сонымен бір уақытта тәжірибе көрсеткеніндей, дәрістерден бас тарту
студенттер дайындығының ғылыми деңгейін төмендетеді, семестр ағымындағы
жұмыстардың жүйелілігі мен тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан да дәріс,
бұрынғысынша, ЖОО-дағы оқу үрдісін ұйымдастырудың жетекші формасы болып
қала береді. Жоғарыда атап көрсетілген кемшіліктер айтарлықтай елеулі
мөлшерде оқу үрдісіндегі дәрістердің дәстүрлі және дәстүрлі емес
формаларының ұтымды үйлесімділігімен жойылуы мүмкін [2].
Дәрістерді ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларына және олардың
құрылысының (ұйымдастырылуының) кейбір ерекшеліктеріне қысқаша тоқталамыз).

Дәрістер құрылымы. Дәрістерді дайындау.
Дәрістер құрылымын үш бөлікке бөледі: кіріспе, негізгі мазмұны және
қорытынды.
Кіріспеде өткен материалдармен байланыстар орнатылады, дәрістің
мақсаттары, міндеттері анықталады, дәріс жоспары тұжырымдалады. Ақпараттық
дерекккөздердің тізімдерін кіріспеде де және дәрістің аяғында да ұсынуға
болады. Лектор өте қысқа да нұсқа айтып өтуі тиіс. Кіріспеге 5–8 минут
жіберіледі.
Мазмұнында, негізінен, түйінді идеялар, сұрақтың теориялары
айқындалады. Мүмкіндігінше, әр түрлі көзқарастар тұрғысынан баяндалады.
Лектордың бағалаған пікірлері де көрсетіледі. Әрбір логикалық бөлімнен
кейін қорытындылар тұжырымдалады.
Дәрістің үшінші бөлімінде – қорытындысында – тұтас тақырып бойынша
жалпылама қорытындылар жасалады. Болашақ дәрістік материалға алғашқы
таныстырулар жүреді. Оқытушы студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын
анықтайды.
Жақсы сөйлеу үшін жақсы дайындық қажет. Шығыс даналығы құмырадан ішінде
не бар, сол нәрсе құйылатын болады дегенді айтады. Дәрістерге дайындық
кезінде төмендегі процедураларды сақтауға ұсыныс береміз.
Алғашқы қадам нені және қандай дәйектілікпен баяндау керектігін
анықтаумен қорытындыланады. Бұл үшін тақырыптың мазмұны айқындалады,
жетекші идеялар бөліктерге бөлінеді, материал құрылымданады. Лектор
теориялық материал мен фактологиялық материалды қандай арақатынаста ұсынуды
ойластырады. Экономикалық пәндер бойынша екі сағаттық дәрісте мүмкіндігінше
үш-төрт сұрақты ғана қарастырған дұрыс.
Екінші қадам тыңдаушыға материал мазмұнын толық және түгел жеткізуге
мүмкіндік беретін құралдарды іздестіруді болжамдайды және бүкіл дәріс
арқылы түйінді, жетекші идеяларды, ережелерді бөлшектеу әрі өткізу үшін
жасалады. Бұл жердегі мәселе аудиторияны әңгімелесуге тартуға, пікірталасқа
қызықтыруға, олардың ойлау қабілетін белсенділендіруге көмектесетін
әдістемелік тәсілдерді пайдалану туралы болып отыр.
Үшінші қадам – дәрістерді толық мәтін немесе тезистер түрінде жазып
алу. Толық мәтін екі сағаттық дәрістер үшін мәшеңкелік қағазда (А-4) 16-17
бетке орналастырылады.
Соңғы, төртінші қадам – бұл жұмыстың нәтижесін тексеру. Дайындалған
мәтінді дауыстап айту, әрбір сұраққа уақыт бөлу [4].
Дәрістерге дайындық өзіне толыққанды дәрістік араласу секілді маңызды
компонентті кіріктіреді. Лектор тиімді нәтиже алуы үшін бірқатар талаптарды
ескеруі тиіс. Бұл талаптарды келтірейік:
• ой-пікір дәлелдеу барысында өзгеріске ұшырамай, анық, айқын, нақты,
тиянақты, кесімді тұжырымдалуы керек;
• көрнекіліктерді пайдалану оқытылатын ережелерді қабылдауды және
түсінуді жеңілдетеді; дегенмен аудиторияға иллюстративті материалдармен
шамадан артық салмақ түсірудің қажеті жоқ, ол бағынышты рөл (оны
тыңдаушылардың назарын сұрақтарға аударуды қамтамасыз ету үшін қаншалықты
керек болса, соншалықты дәрежеде ғана пайдаланған жөн) атқаруы тиіс;
• аудиторияда сөйлеу жағдайындағы жылдам әрі сенімді бағдар жасау,
қорқыныш-үрейге берілмей, артық толқуға бой ұрмай, қақпақыл сөздерге төтеп
беретіндей болуы керек;
• тыңдаушылармен байланыс. Логикалық байланыс – бұл студенттің
оқытушының ой-пікірлік қызметіне жауап қатудағы ойлау белсенділігі.
Психологиялық байланыс оқытушы мен студенттің достастығын қамтамасыз етеді.

ІІІ. ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ӘЛЕМДІК НАРЫҚ КОНЪЮНКТУРАСЫ КУРСЫН ОҚЫТУ
ҮРДІСІНДЕГІ ДӘРІСТЕРДЕ ҚОЛДАНУ
3.1 Дәрістердің экономикалық пәндер бойынша негізгі арналымы, сатылары

Экономика жөніндегі сабақтарда пайдаланылатын экономикалық ақпараттар
адамдарда экономика туралы белгілі бір түсініктерді қалыптастыру мақсатында
экономикалық теориялар ұғымдарын таратады. Сабақты жүргізу кезінде
экономикалық ақпараттар мынадай бірқатар атқарымдарды орындайды:
• экономикалық ойларды қалыптастыру. Дәрістерден экономикалық
дайындықты алатын тыңдаушылар теориялық экономиканың негізгі
ережелерін оқиды, әлеуметтік-экономикалық өмір құбылысытарын
бағалауды үйренеді;
• экономика жағдайы туралы ақпараттану экономиканы дамыту
тенденциялары мен перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді;
• экономикалық әдістерді оқыту;
• тиімді шаруашылық жүргізудің практикалық дағдыларын меңгеру;
• экономикалық тәрбие. Лектор экономика жөніндегі дәрістерінде
еңбекке және меншіктің барлық формалары мен түрлеріне адал
ниетпен қарым-қатынас жасауды, фирмалара мен тұтас қоғам
мүдделерін қамтамасыз ету туралы қамқорлығы мен ұқыптылығын,
іскерлігі мен жігерлілігін, ұйымдастырушылығы мен тәртіптілігін,
ұқыпсыздыққа деген ымырасыздығын үстемелеуі тиіс.
Оқытушының экономика бойынша дәрістермен жұмыстарының негізгі сатылары.
Оқытушы дәрістер мен сабақтың теориялық және әдістемелік деңгейі үшін
жауапкершілікті мойнына алады. Дегенмен, нормативті құжаттардың, оқу
жоспарлары мен бағдарламаларының, кафедра, пәндік-әдістемелік комиссия
шешімдерінің талаптарын ұстану қажет.
Дәрістер мен сабақтар (оқу) дайындығының сатылары:
1) алдын-ала дайындық – білім Министрлігінің, өз ЖОО-ның, кафедрасының,
пәндік-әдістемелік комиссиясының тиісті құжаттарын тақырыптық жоспары, пән
бағдарламасын, аталмыш дәрістен бұрынғы және кейінгі сабақтардың формалары
мен мазмұнын білу:.
2) дереккөздерді білу (жақсы дәрістере әдебиеттерден және өнерден
алынған үлгілер орынын табады);
3) дәрістердің мәтінін дайындау. Әдетте, әдістемеде екі сағаттық
дәрістің өзіне 2-3 сұрақты қарастыруды кіріктіру қабылданған.
Интерактивті дәрістердің технологиялық негізін үш сатының базалық
моделі құрайды: студенттердің өздерінің ақпараттарды белсенді түрде
іздестіруіне және олардың өз білгендерін ойлануына көмектесуге мүмкіндік
беретін шақыру – мағынаны (мәнін түсіну) іске асыру – рефлексия (ойлану)
[1].
Дәрістерді өткізу құрылымы төмендегіше түрде көрінеді. Мысал ретінде
Әлемдік конъюнктура, оның факторлары тақырыбына дәріс өткізу механизмін
қарастырайық. Әрбір оқытылған дәріс сұрақтары өзіне үш сатыны кіріктіреді.
1.Шақыру сатысында (evocation) – оқытушы дәрісте қарастырылатын:
Әлемдік конъюнктура туралы түсінік, оның деңгейлері бірінші сұрақты
дауыстап айтады.
Ең алдыменен студенттерге аталмыш сұрақты оқып білу мақсатында 2-3
оқушылардан құрылған бірнеше кіші топтарға бөлініп келесі сұрақ
жөнінде ойлануы ұсынылады:
Нарықтық конъюнктура ұғымын негізін қалаушы нарықтық оқиға түсінігі
қандай сипаттаушы көрсеткіштерді қамтиды? және Нарық конъюнктурасының
деңгейлері?
Әрбір жүп тапсырылған сұрақ бойынша бар білімдерін көрсететін кестені
жазбаша түрінде құрады, бұл жұмысқа шамамен 5 минут уақыт жұмсалады. Одан
ары қарай әлеуметтендіретін үрдіс әрбір жүптің өкілі сұрақтын бір-бір
басқа жүптерде қайталанбаған жауабын тақтадағы кестенің бағанасына
енгізу арқылы өтеді.
Бұл сатысында оқытылатындардың санасында өздері білетін білімдерін және
оқу пәні туралы түсініктерін өзектендіру үрдісі іске асырылады. Сонымен
бірге жұмыстың дербес және топтық формалары байланыстырылады. Студенттердің
білім беру үрдісіне қатысуы белсенділендіреді, танымдық қызығушылықтары
қалыптастырылады.
Аталмыш үрдістердің нәтижелері олардың одан ары қарайғы оқу қызметінің
мақсаттарын өз бетінше дербес анықтауы болып табылады.
2.Мәнін түсіну (realization) сатысында – оқытушы дәріс сұрақтару
бойынша ақпараттар береді және сабақты тыңдау бойынша тапсырманы анықтайды:
студенттердің бірі дәрістегі еске салынған өзінің тізімі пунктінің қатарына
+ белгісін, дәрісте кездеспейтіндердің қатарына - белгісін қояды.
Екіншісі – өзінің құрастырған тізімінде тіпті кездеспеген, ең
негізгілерінің барлығын таза параққа жазып отырады.
Бұл сатысында оқытушы алдына ала дайындалған презентация түріндегі
көрнекілік құралдарды пайдалануы да мүмкін.
Аталмыш жағдайда студенттер жаңа ақпараттармен тікелей байланысқа
түседі. Оны жүйелендіру жүреді. Студенттер оқытылатын объектінің табиғаты
туралы ойлану мүмкіндіктерін алады, бұрыннан белгілі және жаңа
ақпараттардың арақатынасы мөлшері бойынша сұрақтарды тұжырымдауды, өзінің
жеке ой тұжырымын жасауды үйренеді.
3.Рефлексия (reflection) сатысы – ойлану – оқытушының атқарылған жұмыс
қорытындысын шығаруы, студенттердің сабақта қандай идеяларды айтқаны,
олардың қандайы дәлелденбегені жөнінде пікірлесуі үшін бірнеше минут уақыт
береді. Оқытушы бірнеше жүптарға аудиториядағылардың барлығының
пікірлерімен бөлісуіді ұсынады. Осылайша, жаңа сабақты иеленуі және соның
негізінде оқытылған объекті туралы дәйекті де дәлелді ұғымдардың қалыптасуы
өтеді. Аталмыш сатының негізін студенттердің өздерінің ойлау операцияларын
тиімділікпен дамытуы және талдауы құрайды.
Аталмыш сызба бойынша дәрістің барлық сұрақтарын оқытуды
құрастыруға болады Мысалы, қарастырып отырған тақырыптың екінші
Әлемдік конъюнктура факторлары сұрағы бойынша Қандай факторлар
нарықтық конъюнктураны құрушы болып табылады?, Конъюнктуралық
тербелістер қандай түрде бейнеленеді? және Тұрақты әрекет ететін
циклді емес факторларды атап көрсетіңіз сияқты сұрақтар жөнінде
ойлануды
ұсынуға болады.
Егер оқу жоспарында пәнге бөлінген уақыт шеңберінде мүмкін болса,
сабақтың соңында материалды бекітуі үшін кішігірім жазбаша дербес жұмыс
жүргізу – эссе жазуды орындау ұсынылады. Нәтижесінде студенттер жаңа
білімдерін нығайтып, өздерінің санасына жаңа түсініктерді кіріктіруі үшін
жеке ұғымдарын белсенді түрде қайта құруға күш салады.
Негізіне интерактивті дәрістердің дамытылған заманауи тәсілдері
қойылған сыни ойлауды дамыту технологиясы әр түрлі әдістердің
интеграциялануын, көптеген технологиялардың жетістіктірін жинақталуын
жорамалдайды, ойлауды дамытуды да, коммуникативті мүмкіндіктерді
қалыптастыруды да, өзіндік жұмыстарды жасау шеберлігін де қамтамасыз етеді.
Технологияларға кіретін тәсілдер мен әдістердің құралдарының ауқымдылығына
байланысты әрбір оқытушы аталмыш технологияның шеңберлі тәсілінің
шекарасынан шықпай, жеке өзіне ең жақынын таңдай алады.

3.2 Визуализация тәсілдерін алдын-ала жоспарланған қателерді ендіру
тәсілдермен біріктіріп дәрістерде пайдалану
Визуализация-дәрістер белсенді оқытудың жаңа формалары мен әдістерінің
пайда болуына орай мазмұны өзгеретін көрнекілік принциптерін пайдаланудың
нәтижесі болып табылады [2,4].
Студенттер визуализация-дәрістер барысында пәннің неғұрлым маңызды
элементтерін жүйелендіруді бөліп алуға мүмкіндік беретін визуальды
формадағы ауызша және жазбаша ақпараттарды қайта жасайды.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер көрсеткеніндей, көрнекілік
оқу материалының ойдағыдай табысты қабылдануына және есте сақталуына
мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге ол шешімдерді қабылдауды
шығармашылық үрдістермен өзара байланыстарды құру арқылы ақыл-ойлы қызметті
белсенділендіруге де мүмкіндік береді, адам қызметіндегі салттың реттеудің
рөлін бекітеді.
Студенттер визуализация-дәрістер барысында пәннің неғұрлым маңызды
элементтерін жүйелендіруді бөліп алуға мүмкіндік беретін визуальды
формадағы ауызша және жазбаша ақпараттарды қайта жасайды.
Визуализация үрдісі өзі арқылы ойлаушылық және практикалық әрекеттер
үшін тірек ретінде қызмет ете алуы мүмкін болашақтағы қабылданатын және
жазылатын көрнекілік үлгілеріндегі ақпараттардың саналуан түрлерін ширатуды
көрсетеді. Визуализацияның сануалуан түрлерін бөліп қарауға болады –
табиғи, бейнелеушілік, символикалық – оқу материалының мазмұнына байланысты
олардың әрқайсысынан немесе өзара үйлесімділігінен іріктеп, таңдап алуға
болады. Мәтіннен көру формасына немесе көрнекіліктің бір түрінен екіншісіне
өту кезінде ақпараттардың кейбір саны жоғалуы мүмкін. Бірақ бұл артықшылық
болып табылады, өйткені, оның ең жақсысын түсінуге және меңгеруге мүмкіндік
жасай отырып, дәрістің неғұрлым маңызды аспектілеріне назар аударуға
мүмкіндік береді.
Көрнекілік формасындағы ақпараттар, әдеттегідей, проблемалық сипатты
иеленді. Шешілуі үшін сұрақтар қолданылатын проблемалық дәрістерден
визуализация-дәрістердің айырмашылығы ақпараттарды талдау, синтездеу,
жалпылау, жазу немесе ширату негізінде, яғни белсенді ойлау қызметін
кіріктіру арқылы проблемалық оқиғаларды құрастыруға мүмкіндік береді.
Оқытушының міндеті ауызша ақпараттарды толықтырып қана қойятын емес,
сонымен бірге өзі де ақпараттарды алып жүруші болып табылатын көрнекіліктің
формаларын пайдалануда тұрады.
Визуализация-дәрістерге дайындықтың маңызды ерекшеліктерін біз
төмендегіше бөліп қарадық:
1.Дәрістерге дайындық студенттерге оқытудың техникалық құралдары арқылы
немесе қолдан (сызбалар, суреттер, сызықтар және т.б.) көрсету үшін
оқытушыдан визуалдық формадағы дәрістік материалдың бейнеөзгерістерін талап
етеді.
2. Оқытушының дәрістерді оқуы (баяндауы) аталмыш дәрістің тақырыбын
толығымен ашатын дайындалған көрнекілік материалдарының көрсетілуіне
(түсіндірме берілуіне) байланысты жүргізіледі.
3.Ақпараттар бір жағынан, студенттердің бұрыннан білетін және жаңадан
алған білімдерін жүйелендіруді, проблемалық оқиғаларды және оларды шешу
мүмкіндіктерін алдын-ала көруді, ал екінші жағынан, көрнекіліктің әр түрлі
тәсілдерін пайдалануды қамтамасыз ететіндей болып көрсетілуі тиіс.
4.Оқу материалын және көрнекілік логикасын берудің белгілі бір ырғағы
маңызды. Бұл үшін оқытудың техникалық құралдары кешені пайдаланылады:
сурет, оның ішінде, гротесктік формаларды пайдалану, сондай-ақ түр-түс,
сурет өнері, аузыша және көрнекі ақпараттардың үйлесімділігі.
Визуализация-дәрістерді бәрінен бұрын студенттердің жаңа пәнге,
тақырыпқа немесе тарауға енген сәттің кіріспесінде пайдаланған жөн.
Мысалы, Әлемдік нарықтың конъюнктурасы пәнінің Әлемдік нарық
түсінігі, Әлемдік конъюнктура, оның факторлары тақырыптары бойынша
визуализация тәсілдерін слайдтар түріндегі презентацияларды ұсыну
арқылы қолдануға болады (қосымша А,Ә ).
Дәрісті өткізудің алдын-ала жоспарланған қателері бар дәрістері формасы
студенттердің кәсіптік оқиғаларды жедел талдау шеберліктерін дамыту,
эксперттер, оппоненттер, пікір білдірушілер рөлінде шығып, сенімсіз немесе
нақты емес ақпараттарды бөле алуы үшін жасалған [2,5].
Оқытушының дәріске дайындығы оның мазмұнына белгілі бір санда маңызды,
әдістемелік немесе мінез-құлықтық сипаттағы қателерді салудан тұрады.
Оқытушы мұндай қателердің тізімін дәріске әкеліп, студенттерді онымен
дәрістің аяғында ғана таныстырады. Дәрісті оқу барысында студенттердің де,
оқытушының да неғұрлым жиі жіберуі мүмкін қателер іріктеледі. Оқытушы
дәрістерді баяндау кезінде мұндай қателердің мұқият жасырынуын және оларды
студенттердің байқамауы қиындау болатын деңгейін қарастырады. Бұл
оқытушыдан дәрістің мазмұнымен арнайы жұмыс істеуін, материалды меңгерудің
жоғары деңгейін және лекторлық шеберлігін талап етеді.
Студенттердің міндеті дәріс барысында конспектісіне байқаған қателерін
белгілеп отырып, оны дәрістің соңында айтуыменен қорытындыланады. Қателерді
талдауға 10-15 минут жұмсалады. Бұл талдау барысында сұрақтарға дұрыс
жауаптары беріледі – оқытушы, студенттер немесе бірлесіп жауап береді.
Жоспарланған қателер саны оқу материалының, дәрістің дидактикалық және
тәрбиелік мақсаттарының, студенттердің дайындық деңгейінің ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Әлемдік нарықтың конъюнктурасы пәнінің Әлемдік нарықтың
конъюнктурасын зерттеу тақырыбының екінші Әлемдік нарықтың
конъюнктурасын болжамдау әдістері сұрағын қарастыру барысында алдын-ала
жоспарланған қателерді ендіру тәсілдерін кесте 2 -де көрсетілген
түрде пайдалануға болады (қосымша Б).

Кесте 2- Әлемдік нарықтың конъюнктурасын зерттеу тақырыбында
алдын-ала жоспарланған қателерді ендіру тәсілдерін визуализация
тәсілдермен біріктіріп пайдалану

№ Алдын-ала жоспарланған қателер Қосымша Б бойынша
ендірілген сұрақтар слайдтар реті
Қателер Дұрыс
енгізілген жауаптарды
слайдтар қамтыған
слайдтар
Нарықтар конъюнктурасын болжамдаудың Слайд 2 Слайд 6
экстраполяция әдісінің мәні
Нарықтар конъюнктурасын болжамдаудың Слайд 3 Слайд 7
эксперттік бағалау әдісінің мәні
Заманауи тауар нарықтар конъюнктурасын Слайд 4 Слайд 8
зерттеуге кедергі келтіруші жағдай -
көлеңкелі экономиканың көлемі және
даму тенденциясы
Елдердің ЖІӨ көлемі бойынша Слайд 5 Слайд 9
рейтингісіндегі алғашқы 10 –дыққа кіретін
елдер, олардың орны
Қазақстанның ЖІӨ көлемі бойынша Слайд 5 Слайд 9
рейтингісіндегі орны

Өршіту-дәрістері жоғары интеллектуалдық және эмоционалдық белсенділігін
тудырады, өйткені студенттер іс-тәжірибеде өзінің бар білімін пайдаланады,
оқытушымен бірлесе отырып, оқу жұмыстарын іске асырады. Өршіту-дәрістерін
құрудың ерекшеліктері:
• Дәріс мазмұнына маңызды, әдістемелік немесе мінез-құлықтық сипаттағы
қателердің белігілі бір санын салу қажет. Оқытушы студенттер де,
оқытушылар (мамандар да) да неғұрлым жиі жіберетін қателерді іріктейді
және дәріс материалында қателердің мұқият жасырынылатынындай,
студенттер үшін айқын көрінбейтіндей етіп баяндауы тиіс.
• Оқытушыдан қосымша және тіпті шығармашылық жұмыстарды, лекторлық
шеберліктің жоғары деңгейін талап етеді.
• Дәріс барысында қателерді талдауға 10-15 минут жұмсалады. Бұл талдау
барысында сұрақтарға дұрыс жауаптары беріледі – оқытушы, студенттер
немесе бірлесіп жауап береді. Жоспарланған қателер саны оқу
материалының, дәрістің дидактикалық және тәрбиелік мақсаттарының,
студенттердің дайындық деңгейінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
• Оқытушымен жүргізілетін интеллектуалды ойындар элементтері жоғары
эмоционалдық фонды, оқытушылар мен студенттер арасындағы сенім ахуалын
жасайды, студенттердің танымдық қызметін белсенділендіреді.
Жоспарланған қателері бар дәрістер ынталандырушылық атқарымды ғана
емес, сонымен бірге бақылаушылық қызметті де орындайды. Оқытушы
студенттердің пән бойынша дайындық деңгейін бағалай алады, ал бұл өз
кезегінде материалдағы өз бағдары деңгейін тексереді. Оқытушы қателер
жүйесі көмегімен студенттермен пікірлесу барысында оқу материалының
құрылымы туралы және оларды меңгерудегі қиындықтардың көріністерін
алып, оларды талдай отырып, жетімсіздіктерді де анықтауы мүмкін.
Дәрістердің аталмыш түрін студенттердің негізгі түсініктері мен
ұғынулары қалыптасқан оқу пәні тақырыбының немесе тарауының аяғында
өткізген жақсы. Біздің пікірімізше, өршітуші-дәріс жоғары курс
студенттерінің тар ауқымда мамандандырылған пәнінің аясындағы кәсіптік
дағдыларды еңбекпен өтеуі үшін мінсіз тура келеді.

3.3 Проблемалы дәріс тәсілдерін пайдалану
Проблемалы дәріс.материалды баяндау барысында шешілуі қажет
сұрақтардан, мәселелерді қоюдан басталады. Проблемалы сұрақтар проблемалы
емес сұрақтардан ажыратылады, оларда жасырынып жатқан мәселелер бір типті
емес шешімдерді талап етеді, яғни өткен тәжірибеде шешімнің дайын сызбасы
жоқ. Егер проблемалы емес сұрақтың жауабы үшін білуге тиіс ережесі бар
болса, проблемалы сұраққа жауап беру үшін ойлану қажет [2,5].
Проблемалы дәрістер болашақ мамандардың оқытылып жатқан ғылымның
принциптері мен заңдылықтарын шығармашылықпен меңгеруін қамтамасыз етеді,
студенттердің оқу-танымдық қызметтерін, олардың өзіндік дербес аудиториялық
және аудиториялық емес жұмыстарын, білімдерді игеруін және оларды
тәжірибеде қолдануын белсенділендіреді.
Проблемалы дәрістер төмендегі дидактикалық мақсаттардың жетістіктерін
қамтамасыз етеді:
1) студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін;
2) студенттердің теориялық ойлауын дамытуын;
3) болашақ маманның оқу пәні мазмұнына танымдық қызығушылығын және
кәсіптік мотивациясын қалыптастыруға.
Проблемалы дәрістердің мақсаттарына қол жеткізудің табыстылығы оқытушы
мен студенттердің өзара әрекеттесуімен қамтамасыз етіледі. Оқытушының
негізгі міндеті ақпараттарды берумен ғана шектелмей, сонымен бірге ол
студенттердің ғылыми білімді дамытудың объективті қарама-қайшылықтарына
және оларды шешу тәсілдеріне қатысуын және ойластыруын қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл студенттердің ойлауын қалыптастырады, олардың танымдық
белсенділігін тудырады. Оқытушымен ынтымақтастығында студенттер жаңа
білімдерді алады, өз мамандығының теориялық ерекшеліктерін зерделейді [2].
Біздің пікірімізше, проблемалы дәрістердің төмендегі ерекшеліктерін
бөліп қарауға болады:
1.Дәрістерде алынған ақпараттар (жаңа білімдер) студенттер үшін
белгісіз ретінде енгізіледі және студенттерде ғылымдағы бұрыннан белгілі
ашылымдардың иллюзиясын (елесін) жасайтын жеке ашылым ретінде
меңгеріледі.
2.Студенттің танымы (білімі) студенттің ойлауына және оның оқу
мәселелерін қалыптастырудың арқасында меңгерілген материалға деген жеке
қарым-қатынасына қатысатын іздестіру, зерттеу қызметтеріне жақындайды.
3.Дәрістер барысында студенттердің ойлауы оқытушының жасаған проблемалы
оқиғасының көмегімен олар үшін жаңа білімді құрайтын қажетті ақпараттардың
барлығын олардың алуына дейін өтеді.
Соған орай, проблемалы оқиғаның компоненттері таным (дәріс материалы)
объектісі және таным (студент) субъектісі болып табылады, субъектінің
объектімен өзара ойласа әрекеттесу үрдісі студент үшін әлі белгісіз,
жаңаны, оқу мәселесінде мазмұндалған білімді меңгеруі танымдық қызметі де
болады.
Проблемалы дәрістердегі оқу материалы танымдық міндеттердің логикалық
(қисынды) формасы бар, оның жағдайындағы кейбір қарама-қайшылықтарды
белгілейтін, сұрақтарды аяқтайтын, аталмыш қарама-қайшылықтарды
объектілендіретін оқу мәселесінің формасында көрсетіледі. Проблемалы оқиға
оқу мәселесінен шығатын мәліметтердегі қарама-қайшылықтарды тапқаннан кейін
пайда болады. Проблемалы мазмұндама үшін болашақ кәсіптік қызмет үшін
маңызды және студенттердің игеруі үшін неғұрлым күрделі болып табылатын оқу
пәндерінің негізгі концептуалды мазмұнын құрайтын курстың маңызды тарауынан
іріктеліп алынады.
Проблемалы дәрістердің сұрақтарына қойылатын талаптар:
1.Сұрақта есептерді шешу шарттарының алдыңғы ойлы талдауларының
нәтижесі, түсініктінің түсініксізден, белгілінің белгісізден бөлінуі
көрінеді;
2.Ізделіп отырған есептерге және проблемалы оқиғалардың (мысалы, әзірге
студентке белгісіз, есептерді шешу шарттарынын талдау тәсілдері, т.б.)
белгісізін іздестіру саласын көрсетеді;
3.Студенттердің танымдық қызметтері мақсаттарының құрылымдық орынына
және оның үстіне бұл қызметті басқарудың факторы болып табылатын бұл
белгісізді қою;
4.Танымдық міндеттерді шешуді табу жөніндегі ойлау қызметі оқытушымен
бірлестікте студентті диалогиялық тілдесуге тартудың құралы болып табылады.

Егер дәрісте проблемалық принципі іске асырылса, онда ол проблемалы
бола түседі және екі өзара байланысты шарт орындалады:
1.Дәрістерге дейінгі оқу курсының мазмұнын іріктеу және дидактикалық
өңдеу кезінде проблемалық принципі іске асырылады;
2.Дәрістерде тікелей бұл мазмұнды ашып көрсету кезінде проблемалық
принципі іске асырылады.
Біріншісіне оқу пәнінің негізгі мазмұнын көрсететін танымдық міндет –
оқу проблемасы жүйелерін оқытушының жасауымен қол жеткізіледі; екіншісіне –
дәрістерді оқытушының студенттермен диалогиялық тілдесуі ретінде құрумен
қол жеткізіледі. Проблемалық дәрістерге оқытушының тілдесу стилі:
1.Оқытушы студенттермен байланысқа заң шығарушы ретінде емес, дәріске
олармен өзінің жеке мазмұнын бөлісуі үшін келген әңгімелесуші ретінде
шығады.
2.Оқытушы студенттің жеке пікірге деген құқығын мойындап қана қоймайды,
сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауышты бітірген оқушы
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Ақпараттық қоғам дәуірі
Пәндер