Қауіпті экзогенді процестер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық сипаттамасы мен оның экзогенді процестердің қалыптасуындағы маңызы . . . 7
І. 1 Рельефі және геологиялық құрылысы . . . 7
І. 2 Климаты мен ішкі сулары . . . 15
І. 3 Топырақ және өсімдік жамылғысы . . . 25
ІІ Қауіпті экзогенді процестер . . . 29
ІІ. 1 Экзогенді процестер түрлері туралы жалпы түсінік . . . 29
ІІ. 2 Өзен аңғарларының құрылысы және оларда жүретін экзогенді процестер . . . 37
ІІ. 2. 1 Өзен аңғарлары . . . 37
ІІ. 2. 2 Өзен жайылымдары . . . 39
ІІ. 2. 3 Өзен террасалары . . . 41
ІІІ Экстремалды қауіпті табиғи процестер . . . 45
ІІІ. 1 Селдер . . . 45
ІІІ. 2 Қар көшкіндері . . . 49
ІІІ. 3 Сырғымалар мен опырмалар . . . 49
ІІІ. 4 Су тасқындары . . . 51
ІІІ. 5 Шаңды борандар . . . 52
ІІІ. 6 Сел құбылыстарына қарсы іс - шаралар . . . 54
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Көптеген елдердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың алдын ала сақталуы мен күш салуларына қарамастан экзогенді процестердің, оның ішінде қауіпті де апаттылардың салдарынан үлкен аймақтарда ғана емес, сонымен бірге елді мекендердегі адам мен экономикалық шығындар барған сайын өсуде. Жапония мемлекетінің Хиого провинциясында орналасқан Кобе қаласында 2004 жылы өткен БҰҰ-ның басқаруымен Бас Ассамблеяның қаулысына сәйкес табиғи апаттардың қауіптілігін азайту жөніндегі Дүниежүзілік конференция мемлекеттер мен қауымдастықтар деңгейінде табиғи апаттарға, оның ішінде қауіпті экзогенді процестер де бар, қарсы әрекеттік әлеует құруды көздейтін 2005-2015 жылдарға арналған мағұлымдама мен жақтаулы бағдарлама қабылдады. Бағдарламаға енген басымды бағыттардың ішінде апаттар қауіп-қатерінің факторларын ашу, бағалау және қадағалау мен бұрынғы ескертулерді жақсарту, барлық деңгейлерде оларды зерттеп, апаттарға қарсы әрекеттерге қолайлы жағдайлар мен әлеует жасау үшін білімді, жаңашыл ғылыми негізделген шешімдерді пайдалану аталып өтті.
Зиянның алдын-алу және орнын толтыруда айтарлықтай орынды апаттарды алдын-ала зерттеу, оны қадағалау мен олардан сақтандыру шаралары атқарылуы керек. Бірақ зерттеу территориясы мен оның аймағында зерттеулердің әлі де толыққанды жүргізілмеуі себебінен, әлі күнге дейін облыс аймағы мен елді мекендерді экзогенді процестерден, оның ішінде апаттыларынан сақтандыру кең ауқымды және тиімді енгізуге бөгет жасауда. Осыған байланысты экзогенді процестерден қорғанудың географиялық астарларын және оны басқару жүйесін зерттеу және іс-шараларды әзірлеу өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты елді мекендер территориясында қалыптасып және жүретін экзогенді процестерді, оның ішінде экстремалды қауіптілерін зерттеу мен олардан қорғанудың тұжырымдамалық - әдістемелік негіздерін құру болып табылады.
Аталған мақсатты орындау барысында келесі міндеттер қойылады:
- Экзогенді процестердің қалыптасуындағы аумақтың физикалық - географиялық, яғни табиғат жағдайларының маңызын анықтау;
- Экзогенді процестерге түсінік пен олардың әртүрлілігін зерттеп, олардың пайда болуы мен дамуын және қауіптілігін бағалау;
- Экстремалды қауіпті экзогенді процестерді зерттеп, олардың зияндылығын анықтау;
- Елді мекендер территориясында жүретін экзогенді процестердің алдын-алу, олардан қорғануға бағытталған іс-шараларды ұсыну.
Жұмыстың жаңалығы.
- Экзогенді процестердің қоршаған ортаның физикалық - географиялық жағдайларымен байланыстылығы ғылыми-әдістемелік негізде дәлелденуі;
- Елді мекендер территориясында жүретін экзогенді процестердің әртүрлілігін тұжырымдау;
- Қауіпті экзогенді процестердің қоршаған ортаға, инфрақұрылымға және адамға тигізген кері әсерінің көлемді екенін бағалау мен анықтау;
- Экзогенді процестердің алдын-алу мен оларға қарсы іс-шаралардың ғылыми тұрғыда негізделіп тұжырымдау болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Аталған зерттеулер енді-енді қолға алына бастағандықтан оның қолданбалы маңызы біршама. Дипломдық жұмысты орындау барысында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Шымкент қаласының бас схемасын құратын сәулет басқармасына, көшелер мен мөлтек аудандарда жүргізілетін құрылыс санаттарын іске асыратын әртүрлі мекемелерге, қаланың экологиялық жағдайын қадағалайтын облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасында ұйымдастырылатын және іске асырылатын іс-шараларға теориялық және ақпараттық негіз бола алады және пайдаланады.
Жұмысты жазуда қолданылған материалдар. Жұмысты орындау үшін ғылыми басылымдар (жарық көрген монографиялар, мақалалар, интернет ресурстар), Казгидрометтің, «Қазселденқорғау» ББ-ның деректері, ҚР БҒМ ГИ-ның зерттеу нәтижелері, жергілікті басылым деректері, жеке зерттеулер материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Мәтіндік бөлімі 66 бетті құрайды, суреттермен, карталармен, кестелермен безендірілген.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, алға қойған мақсаты мен міндеттері, жаңалығы, практикалық маңызы айтылған.
Бірінші тарауда Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары баяндалып, олардың экзогенді процестердің, оның ішінде қауіптілерінің қалыптасуындағы маңызы ғылыми тұрғыдан негізделеді.
Екінші тарауда экзогенді процестерге жалпы сипаттама беріледі. Ары қарай олардың ішінде облыс территориясында қалыптасатын қауіпті деп апатты экзогенді процестер баяндалып, олар туралы толық мәлімет беріледі. Осы тарауда экзогенді процестерге қарсы іс-шаралар мен олардың алдын-алу бағытында іске асырылатын іс-шаралар әлеуеті қарастырылады.
Қорытындыда алынған нәтижелер келтірілген.
І Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық сипаттамасы мен оның экзогенді процестердің қалыптасуындағы маңызы
І. І Рельефі және геологиялық құрылысы
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады. Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік шыңы - Батыс Алемендин (4875 м) . Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді. Енді осы Батыс Тянь-Шаньның жоталарына жеке тоқталып, сипаттама берелік.
Талас Алатауы - Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Орташа биіктігі 4000 м, (4488 м, Қырғыз жерінде) . Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан тұрады. Талас Алатауының Қазақстан жеріндегі басты сілемдері - Өгем, Майдантал, Алатау, Кіші Ақсу жоталары. Оңтүстік беткейі қатты тілімденген; терең шатқалды өзен аңғарлары көп. Олардан Ақсу, Жабағылы, Майдантал, Жосалы тағы басқа өзендер бастау алады. Батысында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Етегінде дала өсімдігі, бұталар, жеміс ағаштары, тау беткейінде шырша, самырсын, арша, одан жоғарыда субальпі, альпі шалғыны өседі. [1, 2, 3] (1 сурет)
Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында 420 км-ге созыла орналасқан. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында жатыр. Оңтүстік батыста Талас және Қырғыз жоталарынан басталып солтүстік-батыс бағытта аласарып, Сарысу өзені мен Шу жазығымен шектеседі. Қаратау, Шу-Талас және Сырдария өзен алыптарының су айрығы жотасы. Ең енді тұсы Боралдай жотасы 60-80 км. Орташа биіктігі 1800 м, ең биік жері - Бессаз (мың жылқы, 2176 м) тауы Таукент кентіне жақын орналасқан. Қаратау - Кіші, Үлкен Қаратау, Үлкен Ақтау және Боралдай жоталарынан тұрады. Жоталар бір-бірінен тауаралық ойыстармен бөлінген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды тік жартасты. Геологиялық құрылымы Шығыс қаратау иротерезойдың тақтатас пен құмтастарынан, Батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломерат тастарынан, тау аралық аңғарлар девонның қызыл шөгінді жынысынан тұрады. Жергілікті жер бедері құрғақ климат әсерінен қалыптасқан. Қаңтардың орташа температурасы - 10° С, оңтүстік-батысында 6°С. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілденің орташа температурасы 22-26° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200-400 мм, тауда 400-600 мм. Беткей топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Өсімдігінен селеу, көде, боз, тағы басқа өсімдіктер өседі. Тамырында 35-40% каучук болатын тау сағызы тек Қаратау өңірінде кездеседі. Өзен бойларында тоғайлар өседі. Қаратау жерін таутеке, қасқыр, түлкі, тышқан, саршұнақ тағы басқа жануарлар мекендейді. Жер асты гидрокарбонатты. Кальцийлі су қоры мол. 400-500 метрлік тереңдікті алып жатыр. Пайдалы қазбаға бай өлке. Қазақстанның ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т. б. ) кен
1 сурет Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық карта
орындары шоғырланған. Құрылыс материалдарынан - гипс, цемент өнімдеріне қажетті жыныстар өседі. [4, 5]
Өгем - Тянь-Шань тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-ге созылған, енді жері 30 км-дей. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м) . Төменгі карбонның әктас, құмтас жыныстарынан түзілген. Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әртүрлі; төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазығұрт, Төлеби аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстігі мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, жалтыр Көнекті, Жетіүңгір, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрнақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Болдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады. Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі. [6, 7, 8, 9]
Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымына келетін болсақ, Қаратау жотасы протерезой тақтатастардан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге полезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой - кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Оңтүстік Қазақстан аумағындағы гидрографиялық желінің жиелігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің ірі салаларының бірі - Арыс өзені, Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне құяды.
І. 1. 1 Стратиграфиясы
Аумақтық геологиялық құрылысына шығу тегімен жасы әртүрлі жыныстар кешені - протереозойдан төрттік дәуірге дейінгі шөгінділер қатысқан. [10-12]
Қарастырып отырған аумақ литологофацияльдық және жыныстар кешенінің алуандылығымен сипатталады, сондай-ақ құрылымдық-тектоникалық жағдайының күрделілігімен ерекшеленеді.
Протерозой тобы
Жоғары протерозой
Кейінгі протерозой шөгінділері Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-шығыс баурайында байқалады және қайнар мен бақырлы қабаттары болып бөлінеді. Қайнар қабатының құрамына қышқыл құрамды (кварц порфирлері, альбитофиралар, кератофиралар), орта және негізгі құрамды эффузивиттер (диабаздар, спиллиттер, порфириттер), олардың туфтары, жылу туфтары, туфогендік конгломераттар, сланец кіреді.
Бақырлы қабаты қайнар қабатының үстінде жатыр. Бұл қабат литологиялық белгілері бойынша 2 қабаттан тұрады: төменгі ізбесті -доломиттік және жоғарғы массивті доломиттер мен ізбестен құралған.
Жоғары протерзой шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 2600 м.
Палеозой тобы
Полеозой тобының шөгінділері кембрийге дейінгімен салыстырғанда кеңірек таралған әрі үлкен қалыңдығымен көзге түседі.
Кембрий жүйесі
Кембрий шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең таралған. Олар ірі антиклиникальдердің ядросында байқалады. Кембрий үш бөлімге бөлінеді, дегенмен орта және жоғары бөлімнің арасындағы шекара шартты түрде жүргізілген.
Төменгі бөлім (t 1 )
Төменгі кембрий шөгінділері осьтік бөлікте байқалады. Үлкен Қаратауда төменгі кембрийлердің негізінде базальттық конгломераттар жатыр, олар жоғары қарай құмды, сазды және кремнийлі сланецпен алмасады. Үлкен Қаратаудағы төменгі кембрий қабатының қалыңдығы 1000 м жетеді. [13]
Кіші Қаратауда төменгі кембрий шөгінділері кремнийлі ізбес, конгломераттер және сланецтер түрінде берілген (порфириттер мен олардың туфтарының қабаты кездеседі) . Жалпы қалыңдығы 3500 м жуық. Орта және жоғарғы бөлімдер (t2-3)
Үлкен Қаратаудағы орта және жоғарғы кембрий шөгінділері конгломераттар мен сортталмаған құмдақтардан басталады (қалыңдығы 20-350 м), ол жоғары қарай құрамында ванадий мен фосфор, сланецтер, алевролиттер бар көмірлі - кремнийлі сланецтер қабатымен алмасады. Қабатты филлит тәріздес сланецтер, алевролиттер, ізбестер мен доломиттер сияқты кремнийлі жыныстар аяқтайды.
Кіші Қаратауда орта - жоғары кембрий шөгінділеріне доломиттердің, кремнийлі фосфориттердің және ізбестердің жалпы қалыңдығы 3000 м жуық қабаты жатады. [14]
Ордовик жүйесі
Ордовик шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең тараған.
Төменгі және орта бөлімдер
Үлкен Қаратауда төменгі - орта ордовик құрылымдары литологиялық жағынан кварцтық - хлориттік - филлиттік сланецтер түрінде (ізбеспен алмасып отырады) берілген. Одан жоғарыда қоңыр яшмалар мен ялима тәріздес ала - құла түсті сланецтер, алевролиттер, алевролитті сланецтер жатыр, олар филлиттік, кварц - серициттік сланецтермен алмасады. Қабаттың қалыңдығы 1000мжетеді. [15]
Орта және жоғары бөлімдер (О2-3)
Орта-жоғары ордовик құрылымдары Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінен байқалады. Қалың алевритті - құмдақ қабатпен, кварц-шпатты жасыл - сұр құмдақ түрінде берілген. Қалыңдығы 1000 м.
Орта палеозой (РZ 2 )
Девон жүйесі
Орта (живет қабаты) және жоғарғы (франклин қабаты) бөлімдер.
Орта және кейінгі девон шөгінділері Қаратаудың орталық бөлігінде кең тараған және туфогендік материалды конгломераттар мен аргиллиттермен берілген. Шөгінділердің жалпы қабаты 200 м жетеді.
Жоғарғы бөлім
Кейінгі девон шөгінділері (фамен қабаты) Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік - батыс бөлігінде және Өгем жотасында кездеседі. Литологиялық жағынан олар түйіршікті салмақты қара ізбес түрінде берілген. Қабат қалыңдығы 690-885 аралығында ауытқиды.
Тас көмір жүйесі
Төменгі бөлім (Турней қабаты)
Шөгінділер Қаратау оңтүстік - батысында, Боралдай және Өгем жоталарында көрінеді. Шөгінділер ізбес, доломит, мергель, құмдақ және алевролиттер түрінде кездеседі. Шөгінді қабаты 825-2825 м шамасында.
Визей қабаты
Визей қабатының шөгінділері Кіші Қаратауда және Арыс өзенінің сол жағасында кездеседі. Шөгінділер ізбес, мергель, құмдақ түрінде көрінеді. Қалыңдығы 700-1450 м аралығында өзгереді.
Намюр қабаты
Осы жастағы шөгінділер Өгем жотасының солтүстік - батыс баурайында таралған және ізбес, құмдақ, алевролит түрінде кездеседі. Қалыңдығы 100 м дейін.
Орта бөлім
Кіші Қаратау жотасының солтүстік - шығыс бөлігінде кездеседі. Жыныстары құмдақтан, конгломераттан және қызыл гипсті саздан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 500 м дейін.
Пермь жүйесі
Бұл жүйенің шөгінділері Қаржантау жотасындағы Ленгір көмір кенішінен оңтүстікке қарай таралған. Шөгінділер ізбесті конгломераттардан, құмдақтардан, альбитофирлердің қабатшасы бар порфиттерден тұрады. Қалыңдығы 650 м дейін жетеді.
Мезозой тобы (МZ)
Юра жүйесі
Төменгі бөлім
Ерте Юра шөгінділері Кіші және кен Қаратау арасында таралған және сұр, жақсы жылтыраған ізбестен, кварц тастары мен малта тастарынан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 700-800м.
Бөлінбеген юра шөгінділері
Келтемашат және Ленгір көмір кеніштерінің маңында жер бетіне шығып жатады. Конгломераттармен, көмірлі сланецтермен, құмдақты саздармен берілген. Қалыңдығы 200 м жуық.
Бор жүйесі Төменгі бөлім
Шөгінділер Үлкен Қаратау жотасында, Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының арасындағы депрессияда кездеседі. Ізбес пен мергель қабатшалары бар қызыл және қызыл-жасыл саздан қалыптасқан. Қалыңдығы 25-130 м аралығында. [16]
Төменгі және жоғарғы бөлімдер (сеноман қабаты)
Бұл жастың шөгінділері сипатталып отырған аумақтың оңтүстік - батыс бөлігінде өтіледі, онда олар қызыл саз түрінде берілген.
Қалыңдығы 120 м.
Жоғары бөлім
Жоғары бор шөгінділері кең тараған. Олар Қаратаудың оңтүстік - батыс бөктерінде, Ташкент маңындағы Чульде кездеседі және үш қабаттан тұрады.
Турон қабаты
Шөгінділер құмдақ, саз, мергель, гравелит және құм қабаттары арқылы берілген. Қалыңдығы 150-300 м аралығында ауытқиды.
Сеноман қабаты
Шөгінділер қызыл құмдақтан, алевролиттерден, саздан, аргиллиттен және гравелиттен тұрады. Қалыңдығы 350 м дейін.
Сенон қабаты
Шөгінділер құмдақ, құм және саз түрінде таралған. Қалыңдығы 37-45-тен 450 м-ге дейін өзгереді.
Бөлінбеген бор шөгінділері
Қаржантау жотасының солтүстік баурайында таралған және қалыңдығы 230 м дейін жететін конгломераттар, құмдақ, құм және саз қабатынан тұрады.
Кайнозой тобы
Палеоген жүйесі
Палеоцен
Палеоцен шөгінділері Қаратау жотасының оңтүстік - батыс баурайында көрінеді және сұр - жасыл гипсті саз және ашық сары доломиттер түрінде кездеседі. Жалпы қалыңдығы 15-20 м.
Эоцен
Шөгінділер Қаратаудың оңтүстік - батыс және солтүстік - шығыс баурайларының бойында байқалады және ізбесті құмдақ пен доломиттердің қабатшасы бар аркозды құмдармен берілген. Қалыңдығы 30-70-тен 430 м-ге дейін ауытқиды.
Олигоцен
Олигоцен шөгінділері екі кіші топтан тұрады.
Төменгі олигоцен
Қаратаудың оңтүстік - батыс бөліктерінің бойында таралған. Жасыл -сұр саздан қалыптасқан. Қалыңдығы 50 м.
Орта олигоцен
Шөгінділер Қаратау жотасының оңтүстік - батыс және солтүстік -шығыс етегін бойлай кездеседі және сары құмдақ қабатшасы бар қызыл саз түрінде таралған. Қалыңдығы 160-200 м.
Палеогеннің бөлінбеген шөгінділері
Өгем жотасының солтүстік баурайында таралған және әртүрлі түйіршікті ашық - сұр кварц құмдағы, ізбес, жасыл саз түрінде кездеседі. Жалпы қалыңдығы 50 м дейін.
Неоген жүйесі
Жоғарғы олигоцен және миоцен
Олигоцен - миоцен шөгінділері Ташкент маңындағы Чуль ауданында байқалады. Қоңыр және қызыл саз, құмдақ қабатшасы бар алевролитер, кейде құм түрінде таралған. Қалыңдығы 160-200 м.
Плиоцен - ежелгі төрттік дәуір шөгінділері
Бұл шөгінділері кең таралған. Қаратау етегінде жекелеген ақтаңдақтар түрінде сақталған және ірі малта тасты конгломераттармен, ізбесті саздақтармен берілген. Қалыңдығы 180 м дейін.
Төрттік дәуір жүйесі
Орта - төрттік дәуір шөгінділері
Орта - төрттік дәуір пролювиальдық және гравитациялық шөгінділері.
Тау өзендерінің аңғарларында кездеседі. Малта және құмды -қиыршықты материалдан қалыптасқан. Қалыңдығы 20 м дейін.
Орта төрттік дәуір аллювиальдылық - пролювиальдық шөгінділері
Ташкент маңындағы Чуль ауданында дамыған, онда лесс тәріздес саздақ түрінде таралған. Қалыңдығы 70 м дейін.
Орта - жоғарғы төрттік дәуір аллювиальдық шөгінділері.
Қаржантау жотасының етегіндегі жазықта кең тараған. Малта тастар, құм қабатшасы бар саздақ түрінде кездеседі. Қалыңдығы 127 м.
Жоғарғы төрттік дәуір аллювиальдық шөгінділері
Ташкент маңындағы Чуль ауданындағы сайларда және Арыс станциясының солтүстік - батысына қарай байқалады. Лесс тәріздес саздақпен берілген. Қалыңдығы 15 м дейін.
Қазіргі шөгінділер
Қазіргі аллювиальдық шөгінділер
Арыс, Ақсу, Бадам, т. б. өзендердің аңғарларында жиналған, мұнда олардан жайылмалар мен бірінші жайылма үстіндегі террасалар қалыптасқан. Литолгиялық жағынан олар малта тасты қиыршықтан, әртүрлі түйіршікті құм мен саздақтан тұрады. Қалыңдығы 0, 5-16 м.
Интрузивтік әрекет
Сипатталып отырған аумақта интрузивтік жыныстар кең таралған. Олардың ішінде жасы бойынша бірнеше топ бөліп көрсетіледі.
Кембрийге дейінгі интрузиялар
Қаратау жотасының батысында орын алған, мұнда олар қышқыл және негізгі құрамдағы жыныстармен берілген. Биотитті гранит, гранодиорит, габбро, норит, диабаз түрінде кездеседі.
Төменгі полеозой интрузиялары
Үлкен және Кіші Қаратаудың оңтүстік - шығыс бөлігінде, Бурунчад тауында кездеседі. Гранит, гранодиорит, плагиогранит, сілтілі гранит, сиенит, диорит сияқты қышқыл және сілтілі жыныстардан қалыптасқан.
Жоғарғы палеозой интрузиялары.
Өгем жотасында ауқымды жерді алып жатыр және гранит, гранодиорит, аляскит, сілтілі гранит және сиенит түрінде кездеседі. Құрамына және биіктікте орналасуына қарай жоғары аталған шөгінділер үшін белгілі бір процестер тән. Инрузивтік шөгінділер қар көшкіні, сел ошақтары мен сайларға тән.
Паеозой шөгінділері үшін карстар, көшкіндер, опырындылар, сел шұңқырлары мен ошақтары тән.
Кайназой шөгінділері жыра және арна эрозиясының қалыптасу аренасы болып табылады.
І. 2 Климаты мен ішкі сулары
Оңтүстік Қазақстан облысының климатында тым континеттік құбылыстар басым байқалады. Жер бетіне түскен ылғал мөлшері ауаға булану және топыраққа сіңу мөлшерінен кем. Әсіресе солтүстік жағында қуаңшылық жиі байқалады. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде - 9°С, оңтүсігінде - 2°С. Қысы қысқа, қар жамылғысы жұқа және тұрақсыз болады. Жылылық құбылысы жиі байқалады. Шілде айының орташа температурасы +22°С +29°С. Жазы ыстық қуаң келеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-650 мм, солтүстігінде ойысқан сайын бұл мөлшер кемиді 100-120 мм дейін түседі, таулы аймақтарда 800-1000 мм-ге көбейеді. Өніп-өсу кезеңі 215-265 күнде. Негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы субтропикалық және қоңыржай климаттық белдеулерде жатыр. (1 кесте)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz