Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

- Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Электротехника деп электрлік және магниттік құбылыстардың іс жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз.

Электротехника - электр және магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым.

Электроэнергетика - еліміздің экономикасының басты саласы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті;

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім;

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы.

БТШ - Балалардың техникалық шығармашылығы

КСРО - Кеңесті Социалистік Республикалар Одағы

ОДВФ - Әуе флоты достарының қоғамы

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.

Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне, мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай білетіндігіне, т. с. с. жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлермен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау және оларды әдейі әдістемелерді қолдана отырып дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.

Қазіргі кезеңде, оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту үдерісінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Оқушыларды сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негізін мазмұндайтын, педагогикалық оқулықтарды жазған: Ю. Н. Бабанский, Г. А. Ильина, В. И. Харламовтың т. б. еңбектері мұғалімдер үшін педагогикалық қызмет үшін қажетті әдебиеттер болып табылады және әрбір мұғалімнің жұмыс столында болуы қажет әдебиеттер [1; 2; 3] . Еңбекке баулу сабағын ұйымдасты-ру жақтары мен мазмұнын П. Р. Атутов, В. А. Поляков, Д. А. Тхоржевский және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [4; 5] .

Оқыту әдістемесі оқытудың теориялық тұжырымдарын басшылыққа алады. Сол себепті де оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелі ұйымдастырылуы үшін психологиялық және педагогикалық еңбектердің рөлі жоғары. Осы бағытта ғалымдар Қ. Жарықбаев, А. В. Петровский, С. Бабаев, Ж. Қоянбаев, О. Сыздықов, Д. Пошаев, А. Саипов, Ю. Камалов, Б. Ортаев, Ж. Күнпейіс, т. б. жазған еңбектерін атауға болады [6-15] . Бұл ғалымдардың еңбектерінде оқытудың психологиялық негіздері және оқытудың әдістері, қағидалары, ұйымдастыру түрлері, т. б. мәселелер қарастырылған.

Электротехника бағыты бойынша көптеген ғалымдардың еңбектерін (Пошаев Д. Қ., Ахметов А. Қ., Қабақова Т. А., Атабеков В. Б., Пантюшин В. С., Борисов Ю. М., Липатов Д. Н., Рекус Г. Г., Белоусов. А. И, Ктиторов А. Ф. және т. б. ) атап өтуімізге болады [16-23] . Бұл ғалымдардың еңбектерінде электротехника, радиотехника, электроника бағыттары бойынша көптеген мәселелер қарастырылған.

Электротехникалық жұмыстар бойынша техникалық шығармашылық іс-әрекеттерін факультатив курстарында ұйымдастыру оқу жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылады. Сол себепті де біздер диплом жұмысының тақырыбын: «Орта мектептердегі факультатив курстарында электротехниканы оқыту жолдары» - деп алдық.

Зерттеу мақсаты : Орта мектептерде факультатив курстарында ұйымдастырылатын электроникалық жұмыстарды ұйымдастыруды анықтау және педагогикалық тапсырмалар әзірлеу.

Зерттеу нысанасы : орта мектептерде факультатив курстарында ұйымдастыру үдерісі.

Зерттеу пәні : факультатив курстарында электротехникалық жұмыстарды оқыту барысы.

Зерттеу міндеттері:

- зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жұмыстарды зерделеу;

- орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқытудың теориялық негіздерін анықтау;

- электротехникалық жұмыстарды орта мектепте факультатив курстарында оқыту әдістемесін мазмұндау;

- факультатив курстарында жүзеге асырылатын электротехникалық жұмыстарды сипаттау.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.

1 Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқытудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушылардың техникалық шығармашылығы дамуындағы электротехникалық жұмыстардың бағыттары

Балалардың жалпы техникалық шығармашылығының пайда болуы мен дамуы ТМД елдерi iшiнен Ресейде жақсы деңгейде дамыды. Қазан төңкерісіне дейiн Ресейде Балалардың техникалық шығармашылығы (БТШ) жеке дара сипатта дұрыс ұйымдастырылмаған, бағытталмаған болды. Ескi жүйедегі мектептерде сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылмады, техникалық үйiрме төтенше құбылыстық сипатта болды. Мектептен тыс балалардың мекемелерi (практикалық) болмады. Техникаға қызығушы балдар, жасөспiрiмдер тек мектепте, өзiнiң қалауы мен ойы бойынша айналысты. Техникалық өзiндiк iс - әрекет бұл жағдайда қолөнершiлiк қызығушылықтың негiзiнде болды.

Балалардың, жасөспiрiмдердiң техникамен өзiндiк iс-әрекетiнiң ережесi Ұлы Қазан төңкерiсiнен кейiн қалыптасты. Кеңес үкiметi тұсында, оның алғашқы күндерiнiң өзiнде еңбек тәрбиесi коммунистiк тәрбиенiң ажырамас бөлiгi деп танылғаны белгiлi. Кеңестiк педагогика балалардың бейiмдiлiгiне, оның iшiнде, техникалық дамуына үлкен көңiл бөлдi. Елiмiзде мектептен тыс бiлiм беруде көптеген iстер басталды. Мұның өзi балалардың техникалық шығармашылығының алға дамуы үшiн белгiлi алғы шарт жасады.

Кеңесті Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) кезiндегi балалардың техникалық шығармашылығының дамуын шартты түрде 12 кезеңге бөлуге болады [16] .

Бірінші кезең. Бiрiңғай еңбек мектебiн қалыптастыру кезеңiмен сәйкес келедi. Балалар үйiне және мектептерде өзiне қызмет көрсетуге бағытталған (ағаш және темір ұсталығы, токар, картонож, түптеу) қолөнер сипатындағы еңбектiк үйiрмелер ұйымдастырылды, сондай-ақ оқу-көрнекi құралдар бойынша, оқу жабдықтары, электротехникалық, өнеркәсiптiк мекемелерге, электростанцияға және т. б. объектiлерге, топсеруенге шығу қолға алынды. Осы уақыттарда бұрынғы техникалық училище базасында ашылған шеберханаларда жұмыс нәтижелi жүрдi.

ХХғ. 20-жылдарында қолөнершiлiк сипаттағы техникалық iс - әрекеттердiң ұйымдастырылуы балалардың өзiндiк жұмысында белгiлi орын алды. Осы жылдары көптеген мектеп оқушыларында техникаға деген белсендi қызығушылық туындады. Халық шаруашылығының проблемалары жасөспiрiмдерге көңiл бөлуге ықпал еттi. Осыған сәйкес елiмiздегi электрлендіру мiндетiне байланысты мектептерде жас электриктер үйiрмелерi ашылды.

Алғашқы техникалық шығармашылық үйiрмелерi өздерiнiң жұмыстарында көптеген қиындықтарға тап болды. Олар: материалдардың және құрал-саймандардың жетiспеуi, үйiрмешiлерге арналған әдебиеттердiң жоқтығы, үйiрмешiлердiң жетекшiлерден кеңестi алуының күрделiлiгi, сол кезеңдерде үйiрмелердiң тұрақты жұмысы үшiн тәжiрибелi жетекшiлердiң жетiспеуi.

Екінші кезең. Мектептiк оқуда кешендi жүйенi ендiру мен пионер ұйымдарының туындауына сәйкес келуi. Пионер базалары (бiрнеше отрядтардың бiрiгуi) және отрядтар мекеменiң комсомол ұйымдары тұсында құрылды, оларға белсендi өндiрiсшiлер жетекшiлiк жасады. Қолөнершілік сипаттың негiзiндегi техникалық шеберханалар мен үйiрмелер ұйымдастырылды. Осы кезеңдерде шефтiк мекемелердiң жабдықтауымен техникалық шеберханалар пайда болды. Пионер үйлерi, аудандық және қала клубтары құрыла бастады. Шефтiк мекемелер техникалық үйiрмелерге жетекшiлiк ету үшiн қоғамдық нұсқаушыларды бағыттап отырды. Үйiрмелерде мектеп, жұмысшылар жатақханалары, тұрғын үйлер, пионер базалары мен отрядтарын жабдықтау үшiн құралдар және бейiмдеу құралдары, заттар дайындалды. Осы уақыттарда мектептерде сабақтан тыс техника сабақтарында, өнеркәсiптiк бағыты бар мектептерде жасөспiрiмдердi арнайы техникалық бiлiм мен еңбектiк дағдылармен қаруландыру қолға алынды.

1923 жылы Әуе флоты достарының қоғамы (ОДВФ) құрылып, жаппай авиамоделизмнiң дамуына ықпал еттi. Авиамоделизмге, радиоға қызығушылар (радиоәуесқойлар) қосылды. Көптеген ауылдық жерлердi радиоландыру үлкен рөл атқарды.

Балаларды техникалық шығармашылық ұйымдарының мазмұны мен формасы еңбекке баулу үдерісiнде және техникаға қызығушылар үдерісiнде дамыды.

Үшінші кезең. Бұл кезеңде оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастырудың мазмұны мен формасы айқын бола бастады.

Елiмiздегi индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру мақсатында жас инженер-техникалық мамандардың, адамдардың қажеттiлiгi туындады. Олар бiлiмiмен, тәжiрибесiмен қатар, шығармашылық қабiлеттiлiктi, өндiрiстi жетiлдiру iсiнде және құралдардың әзірлемесін дайындық iсiнде жаңашыл тәсiлдi игеруi қажет болды.

Осыған сәйкес оқушылардың техникалық өзiндiк iс-әрекетiне орталықтан жетекшiлiк ету оны ұйымдастыру мақсаты тұрды. Бұл мiндеттi Лениндiк комсомол өзiнiң қолына алды (VII съездi, 1926ж. наурыз) .

1926 жылы БЛКЖО орталық комитеті (ЦК ВЛКСМ) жас техниктер үшiн алғашқы “Бiлiм-күш” (”Знание-сила”) журналын шығарды. Сондай-ақ бiрiншi мамандандырылған мектептен тыс мекеме - балалардың техникалық станциясын (ДТС) ұйымдастырды. Олар ДТС-СЮТ жүйесiндегi әдiстемелiк нұсқау орталығы болып табылады.

БК/б/П орталық комитетінің (ЦК ВКП /б/) 1928 жылы 28 июндегi “Пионер қозғалыстарының жағдайы мен жақын уақыттағы мiндеттерi” атты қаулысы техника бойынша мектептен тыс жұмыстардың одан әрi дамуына ықпал еттi.

БТС (ДТС) қалыптасу кезеңi жаңа типтi мекеме ретiнде 1931ж. аяқталады: ол қоғамдық негiздегі балалардың мемлекеттiк мектептен тыс мекемесi болды, оның тәжiрибесi - балалардың ауылшаруашылық станциясын, турист-өлкетанушы станциялардың т. б. құрылуына негiз болды.

ХХ ғ. 20-жылдарының соңында балалардың техникалық шығармашылығының үш саласы: электротехника, радиотехника және авиамоделизм басты сала болып табылды.

Мектеп оқушылары жұмыс жасайтын моделдер дайындаумен шұғылдана бастады [24] .

1. Трамвайды және басқа жүретiн объектiлердi моделдеудi қолға алды.

2. Танымдық өндiрiс бағыты қоғамдық пайдалы бұйымдар: электроөлшеу приборлары, аккумлятор, электр қоңырау, столдық лампалар, т. б. дайындады.

3. Демонстрациялау бағытындағы заттар әзірледі.

4. Практикада жоқ объектiлердi (электрдi қолданумен) дайындады.

1920-1930 жылдары техникаға қызығушылықтың жаңа саласы пайда болды, ол - автомобиль.

1930 жылдың соңында балдардың техникалық шығармашылығы сол кезеңдегi жаңа техниканы зерделеумен айналысты. Сол кезеңге тән кемшілік ретінде төмендегілерді атауға болады:

- материалдық база төмен болды;

- ғылыми негiзделген бағдарламалар болмады (әдiстемелiк құралдар, нұсқаушы мамандар) .

Бұлар “өсудiң ауыруы” деп есептелді.

Төртінші кезең. БК/б/П орталық комитетінің 1932 жылы “Пионер ұйымдарының жұмысы жөнiндегi” қаулысымен БТС (ДТС) саны тез өстi. Техникалық шығармашылық бойынша көпшілікке арналған: әдiстемелiк әдебиеттер саны көбейді, қоғамдық ұйымдардың iсiне көңiл бөлу күшейдi.

Техникалық шығармашылықты үгiттеуде - слеттер, жарыстар ұйымдастырылды.

1933-1934 жылдары жұмыс жасаушы жақсы модел конкурстары ұйымдастырылды. Оған 300 - ден артық модел қатынасты, 1935 жылы бүкiлодақтық жас автомоделизм слетi ұйымдастырылды. Қолөнершiлiк қызығушылық техникалық шығармашылыққа орын бердi. 1930 -жылдардың ортасында БТС жүйесi интенсивтi дамыды.

Бесінші кезең. Жаппай ғылыми-техникалық үгiт жұмыстарын мектептерден тыс балалар мекемелері ортасында күшейту мен еңбекке баулудың пән ретінде қысқаруы арасында қарама-қайшылық болды. Мектеп материалдық техникалық базадан айырылды. Балалар тек мектептен тыс мекемелерде шұғылданды.

1939 жылы БТС (ДТС) - ЖТС (СЮТ - Жас техниктер станциясы) болып аталды.

Алтыншы кезең. Соғыстың алдындағы жылдары оқушылардың жалпытехника бойынша дамуы мектеп пен мекемелердегi үйiрмелерде болды. Ұлы Отан соғысы жылдары: үйiрме, шеберхана базалары - өндiрiстiк шеберханалар түзiлдi, оларда соғыс тапсырыстары, тылға қажетті өнiм шығарылды.

1. Шеберханалар кеңінен ұйымдастырылды.

2. Машина-трактор станцияларында автомобильдерді және ауыл шаруашылық техникаларын, оқу-көрнекі құралдарды, мектепті, т. б. жөндеу бойынша бригадалар ұйымдастырылды және жұмыстар орындалды.

Жетінші кезең. Мектептегi, мектептен тыс мекемелердегi техникалық өзiндiк iс-әрекеттердiң негiзгi (ячейкасы) түйiнi, физика-техникалық ұйымдар (мектепте) мектептен тыс мекемелерде - оқу-техникалық және оқу-өндiрiстiк үйірмелер жұмыс жасай бастады.

ХХ ғ. 40-50- жылдары көптеген мектептiк факультатив курстарында, үйiрмелерде оқушылардың электротехника, радиоғақызығушылар, механика, жылу техникасы, тәжiрибе приборларын дайындаумен шұғылданса, авиамоделдеу - кемде кем болды.

Көрнекi құралдардың мазмұны жетiлдiрiлдi. Ауа, су және жылу электростанциялары, ауылшаруашылық машиналарын модельдеу.

Сегізінші кезең. Политехникалық білім беруде техника бойынша оқушылардың сабақтан тыс жұмыстары белсендiлік танытты: 1. Электро; 2-радиотехника; 3-авиа; 4-кеме, 5-ауылшаруашылық машиналар техникалық базаға көңiл бөлiндi.

Тоғызыншы кезең. Шамамен 1958 жыл (1959) “КСРО ХББ жүйесiн одан әрi дамыту және өмiрмен мектептiң қаулысын бекiту туралы” заңына сәйкес мектепте өндiрiстiк оқыту енгiзiлдi.

Бұл кезеңнің (ХХғ. ) 60-жылдары басында заманауи техникалардың негіздерін зерделеу бойынша мектептен тыс мекемелерде үйірмелер мен клубтардың ұйымдастырылуы бағыт алды. Оларда негізінен іздеу-конструкторлыққа, тиімді ұсыныстық іс-әрекетке бағдар берілді және жаппай ғылыми-техникалық үгіт насихат күшейтілді. Оқушылардың сабақтан тыс техника бойынша жұмыстарына өндіріс мамандары, мекемелердің, оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатыстырылды және үйірмелердің материалдық базалары мекеменің жәрдемімен күшейтілді. Жас тиімді ұсынысшылар мен өнертабысшылардың қозғалыстары бой көтерді.

Оныншы кезең. Бұл кезеңде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық техникалық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мазмұны мен формаларын одан әрі жетілдірудің басты факторы 1966 жылы тиiмдi ұсыныс жасаушылар мен өнертабысшылардың мектеп пен мектептен тыс мекемелерiндегі жұмыстарының байқауы ықпал еттi.

ХХғ. 60-жылдардың ортасында мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығында өзiндiк iс-әрекеттiң негiзгi 4 бағыты орын алды [25] .

1. Мектеп үшiн оқу-көрнекi құралдарды және жабдықтарды дайындау.

2. Спорттық-техниканы моделдеу.

3. Кiшi транспорт құралдарын конструкциялау және қайта құру.

4. Өндiрiстiк тақырыптар бойынша тиiмдi ұсыныс сипаттағы iздеу-конструкторлық жұмыстар.

Он бірінші кезең. Бұл кезеңде жастардың (мектеп оқушыларының) ғылыми-техникалық шығармашылыққа толық мәнді және белсендi қатынасуы жүзеге асырылды, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде жастар техникалық шығармашылық iс-әрекетке қамтылды. Бұл қозғалыстың негiзгi бағыты - халық шаруашылығына қызығушылықтағы шығармашылық еңбек болды. Сонымен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығына қатысушылардың, мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының мазмұны мен сипаты анықталды. Балалар мен жасөспiрiмдердiң техникалық шығармашылығы iздену-конструкторлық iс-әрекеттерден және спорттың техника түрi бойынша сабақтардың жиынтығынан тұрды.

Сабақтан тыс жұмыстардағы оқушылардың техникалық дайындығы автомобиль, мотоцикл, трактор, электроника негiздерi, радиобайланыс (оқу-техникалық үйiрме) үйiрмелерде зерделеудi қарастырады. Әскери-техникалық тақырып бойынша шығармашылық iс-әрекеттер модельдiк (авиа-, авто-, кеме-, ракетамоделдерi) және малолитражды автомобильдердiң, моторлы, ескектi және желкендi кемелердi, радиоқызығушылық аппаратуралардың даярламасын түзу мен тұрғызу эксперименттік конструкторлық үйiрмелерде өткiзiлдi.

Он екінші кезең. ХХғ. 80-жылдардың ортасындағы жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығының елiмiздегi бiрыңғай қоғамдық-мемлекеттiк жүйесiнiң құрылумен сәйкес келедi. Оқушылардың техникалық шығармашылық жүйесiнің дамуы орта бiлiм беру мазмұнындағы өзгерiстердi, оның материалдық-техникалық базасын жетiлдiруге алғы шарт болып табылады.

Әрбiр кезеңде техникалық шығармашылықты ұйымдастыру кереметтей нәтиже бере бермедi. Жетiстiктер мен қатар кемшiлiктер де болды. ХХғ. 90-жылдардың ортасында қоғамға пайдалы, өнiмдi еңбектi, техника және ғылым салалары бойынша үйiрме, факультатив курстарын қысқарту тенденциясы пайда болды.

Елiмiздегi сабақтан тыс уақыттағы мектеп оқушыларының шығармашылық техникалық iс-әрекетiнiң мазмұнын талдау, бүл жұмыстың тоғыз негiзгi бағытын бөлiп көрсетуге мүмкiндiк бередi [26] :

1) оқу-көрнекi құралдарды дайындау;

2) оқу жабдықтарын дайындау;

3) тұрмыстық арналуы бар заттар дайындау;

4) өндiрiстiк техникаларды, көшiрме және эксперименттік моделдеу;

5) халық шаруашылығының өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сферасы үшiн нақты пайдаланатын техникалық құралдарды түзу;

6) спорттық радиоқызығушылық;

7) спорт және туризм үшiн көлiк құралын түзу;

8) ғылыми зерттеу үшiн техникалық құралдарды түзу;

9) көлiк техникасын, спорттық және эксперименттік моделдеу.

Осы аталған бағыттар қазiргi уақытта мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытудың бағыттары мен тенденциясын анықтауға негіз қалауы қажет.

Тарихи материалды зерттеу оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарда электротехникалық жұмыстарға қатыстырылғандығын көруге болады.

1. 2 Білім беру үдерісіндегі факультатив курстарының рөлі мен маңызы

Орта мектептерде факультатив курстарын ұйымдастырудың маңызы. Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, көлікте, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы басқа да халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады.

Электротехника деп электрлік және магниттік құбылыстардың іс жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз. Электротехника - электр және магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика - еліміздің экономикасының басты саласы. Ол ғылыми техникалық прогресстің және барлық өндіріс салаларының қарқынды түрде дамуында белгілі рөл атқарады. Электротехника осы заманғы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады. Сондықтан, орта мектептерде факультатив курстарын ұйымдастыру кажет деп санаймыз [27] .

Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы. Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері. Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды. Қазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді (деңгейлік және бағдарлы саралау) . Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады. Факультатив сабақтарының маңызы:

- оқушылардың қабілеттерін дамыту;

- қызығушылықтарын қанағаттандыру;

- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту;

- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру;

- оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру;

- оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баяндамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу) ;

- оқушыларға кәсіби бағдар беру.

Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады:

1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты - оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады.

2) Қолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
ОРТА МЕКТЕПТЕ ЭЛЕКТРОДИНАМИКА бөлімің ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫ
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Факультатив курстардың маңызы
Кәсіптік мектептерде электротехника курсын оқытудың әдіс- тәсілдері
Электротехниканы оқыту әдістемесі
Математикадан факультативтік сабақтар өткізу әдістері
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Спорт физикасы факультатив курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz