Шаманизм



Кіріспе
1. Шаманизм туралы түсінік
2. Шаманизм тарихы
3. Қорқыт . Түркі жұртының алғашқы бақсысы
4. Шаманизмнің салт.дәстүрмен алмасуы
Қорытынды
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген діни наным-тип – шаманизм болды.
Әуелі, «Шаман» атауының шығу төркініне көз жүгіртсек: өте ертеде жапондар көне будда ілімнің монахтарын «шоман» деп атаған-мыс.
1. Ә.Төлебаев, «Қазақтағы бақсылық» атты зерттеу мақаласы
2. Ш.Уәлиханов, Таңдамалы шығармалар жинағы, Алматы, «Жазушы» 1985. 170-бет
3. С.Садырбаев, Қазақ халық әдебиеті, Рауан, Алматы, 1990.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Реферат

Тақырыбы: Шаманизм

Орындаған:
Тексерген:

Өскемен қаласы, 2016 жыл
Жоспар

Кіріспе
1. Шаманизм туралы түсінік
2. Шаманизм тарихы
3. Қорқыт - Түркі жұртының алғашқы бақсысы
4. Шаманизмнің салт-дәстүрмен алмасуы
Қорытынды

Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-
мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін –
руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты
мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең
тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын,
оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни
жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Қазақ мәдениетіне үлкен
ықпал тигізген діни наным-тип – шаманизм болды.
 Әуелі, Шаман атауының шығу төркініне көз жүгіртсек: өте ертеде
жапондар көне будда ілімнің монахтарын шоман деп атаған-мыс. Екінші,
нұсқа – Қиыр Шығыста өмір сүрген эвенкі және тұнғыс халықтарының тіліндегі 
Саман (saman) атауынан шаман  сөзі шыққан делініп жүр. Осындағы Саман
сөзі  білу, түйсіну деген ұғымды білдіреді екен.
Жалпы шаманизмді әлемдік дәрежеде ғылыми айналымға енгізген адам
моңғол-бурят тұқымнан шыққан этнограф-ғалым  Доржи Банзаров (1822-1855). 
Бұл кісі Шығыс-Сібір генерал-губернаторы Н.Н.Муравьевтің тапсырмасымен
арнайы зерттеулер жүргізген. Банзаровқа дейін шаман-шаманизм жайында
ешқандай  ғылыми ұғым-түсінік болмаған. Д.Банзаровтың  шаманизмді зерттеп,
 жазған еңбегі 1846 жылы  Черная вера или шаманства у монголов деген
атпан жарық көрген. Еңбек шамандық жайлы жазылған алғашқы туындылардың бірі
болып саналды. Осыдан кейін шаман жеке зерттеу обьектісіне айналды.
Бертінде Тюркский шаманизм (В.Н. Потапов), Алтайский шаманизм
(А.Алексеев) т.б. еңбектер жарық көрді. Кеңес кезінде арнайы қаржы
қарастырылып, ғалымдар тобы жұмыс істеді.
Банзаров айтады: моңғолдардар буддизмнің элементтері мен шаманизмнің
қалдықтары қосылған қойыртпақ дін ұстанып жүр, деп. Дәл осы идеяны қазақ
ғалымы Шоқан Уәлихановта қайталайды. Ол: Қазақтарда шамандық салт-сана
мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты дін құрайды... Осы
екі діннің, қазақ нанымына мидай араласуына ертеден келе жатқаншамандық
дін негіз болды демекпіз дейді. 

Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой
машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік
діндерден бұрынғы жөн-жоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты
нәрсе - бақсы мен бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы әрекеттерінің
бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған.Магия дегеніміз нақты дүниеге
ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады,
олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын құрайды.
Шаманизм дін емес. Ол – исламнан бұрынғы ырым-жырымдардың қалдығы
десек қателеспейміз. Оны дін ретінде қоғамға тықпалау зор қате. Ислам
тұрғысынан қарағанда Жаратушыға серік қосу болып табылады.  Шаманның іс-
әрекеті жын шақыру һәм жындармен байланыс арқылы жүзеге асады. Әрі көзіне
көрінген  нәрсеге (тау-тас, тал-терек, жан-жануар т.б) табынады. Онда күнә
дейтін ұғым жоқ. Сондықтанда діннен жеріген коммунистік идеологияның
жетегіндегі адамдардың қолайына жаққан. Халықтың санасын мұсылманшылықтын
аластату үшін ойдан осындай жасанды дін тауып, оған ғылыми  түсінік беріп,
негіздеме жасап, зерттеушілер тобын қалыптастырған.
Қазіргі шамантанушылардың пікіріне жүгінсек: шаман діні қанат жайған
екі мектеп бар дейді.  Біріншісіне – Сібір, Оралдың солтүстігі, екіншісіне
– Қиыр Шығыс тұрғындарын жатқызады. Бұлардың қай-қайсыда ғаламдық
өркениеттен кенжелеп қалған үрдіс бар. Олардың осылай көне шаман қағидатын
ұстап, дамымай қалуына үлкен отарлаушы елдер мүдделі. Өйткені, шамандық
жол, оны ұстанған халықтың жойылып кетуіне алып баратын, қатерлі сүрлеу
екенін олар жақсы біледі.
Қазақ тарихында ХҮІІ ғасырға дейін қазақ халқы шаман болды дейтін
ешқандай дерек жоқ.  Ондай пікірді – көне жазбалардан, жыраулар
поэзиясынан, ұлттық шежірелік генеологиядан таба алмайсыз. Әлемде тұңғыш
рет қазақтың арасынан шамандық белгілерді тауып,  жар салған адам – Шоқан
Уәлиханов. Қазақ ғалымы өзінің ұстазы Д.Банзаровтың ізімен жүрген.
Ұстазының буряд-моңғолдарға таңған танымдық ұстанымын, шәкірті Шоқан да
қазақ халына дәлме-дәл әкеліп жапсыра салған. Әрине, бұл адамдардың артында
Ресейдің отарлау саясаты мен даладағы мұсылманшылықтың қанат жайуына
кедергі келтіру мақсаты тұрғаны айдан анық.
Ш.Уәлиханов Қазақтардағы шамандықтың қалдығы атты очеркінде:
Шамандық дегеніміз – әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат
және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау дейді. Барлық діни
рәсімдерді тек аруақтарды қадірлеуге әкеліп тіреп қойған.  Өзі разы болмай
тірі байымайды деген мақал да осы орайда шыққан. Кеңес заманында Шоқанның
айтқанына күмән келтіру білімсіздік саналатын. Бұл үрдіс артынан
Ш.Уәлихановтың жолын қуған, қазақтың дүниетанымын білмейтін,
мұсылманшылықтың иісі мұрнына бармайтын, санасы еуропаланған жүздеген
этнограф ғалымдардың пайда болуына жол ашты. Бұлар арабтың бір әріпін
білмей тұрып және ислам жайлы ешқандай хабары жоқтығына қарамастан,
мұсылмандық жайлы пікірлер айтып, ғылыми еңбектер қорғады. Сонымен орыс
оқымыстылары жалған дінді шаманизм деп, дін көсемдерін шаман деп атаса,
қазақ ғалымдары шаманға қазақша бақсы деген түсінік беріп жүр. Нақтырақ 
айтқанда, қазақ қоғамында баяғыдан келе жатқан бақсылық мектеп мен
шамандықтың байланысы бар ма?! Біз, бар деп айтар едік. Өйткені, барлық
күнәнің бастауы бір.
Шаман немесе қазақша айтқанда бақсы-бәлгердің қайдан шыққаны жайлы:
басқа емес, адам баласына тура жол нұсқаушы Құран Кәрімде айтылған. Өте
ерте заманда Сүлеймен пайғамбардың кезінде жындар мен адамдар бір-біріне
жақын өмір сүрген.  Илаһи төрт кітапта (Забур, Таурат, Інжіл, Құран)
Сүлеймен пайғамбардың әскері және жұмысшылары жындардан болғаны жайлы:
Нәміл сүресінің 36-44 аяттарында айтылады. Және Сәба сүресінің  12-
аятында: Сүлейменге күндіз ескенде бір айлық жолды алатын, кешке қайта
ескенде бір айлық жол алатын желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан
бұлақ ағыздық. Раббының бұйрығымен оған жұмыс істейтін жындарды да
бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан
таттырдық делінген.
Жындар адамдармен аралас өмір сүрген осы бір дәуірде, олар жақындықты
пайдаланып, адамдарға әртүрлі сиқырлық оқуын үйреткен. Сүлеймен пайғамбар
жындардың зиянды әрекеттін біліп қалып, сиқыр үйретушілерді суға батырып,
адамдардың қолындағы шимай парақтарды жинап алып, сандыққа жасырған.
Сүлеймен өлген соң жындар оны сиқыршы болған деп өсек таратады.
Сенбегендерге сиқыр жазулар жасырылған сандықты көрсеткен. Сенбесеңіздер
ашып көріңдер деген. Сандық ашылып, парақтар (жазулар) адамдарға
таратылған. Бұл парақтарда жынды шақыратын, жынға табынатын култь сөздер
(музыкалар) болған.  Осылай жынмен байланыс құрған адамдар өздерін әулие,
көріпкел немесе қасиетті адам деп жариялаған. Сөйтіп, жер бетінде
сиқырлық  қатты жайылған.

Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы
айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. “Шаманизм” термині әр түрлі мағынада
қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай
туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды.
Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық
қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған
зерттеушілер, оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса,
ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп
бағалайды. Шаманизмді зерттеген еуропалық ғалымдар көп құнды пікірлер
айтқанмен, ғылымдағы еуроцентристік көзқарас шеңберінде қалып қойды.
Шаманизм олар үшін бөтен мәдениет туындысы болғандықтан, еуропалықтар оған
экзотикалық құбылыс, архаикалық дүниетаным рудименті ретінде қарады, ал бұл
шаманизмге әділ ғылыми баға беруді қиындатты. Ғалым Қ.Ш.Шүлембаев
шаманизмді революцияға дейінгі Қазақстанда кең тараған діни наным-
сенімдердің айрықша формасы деп санайды. “Шаманизм анимизм мен магия
элементтері басым “пұттық” діндердің күрделі қоспасы”. Бұған қарама-қарсы
көзқарасты Ғ. Есімнің “Шамандық деген не?” атты мақаласынан кездестіреміз.
Автор шамандық пен бақсылықты әр түрлі, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
құбылыс деп қарастырып, шамандық туралы былай дейді: “...шамандық деген дін
жоқ... шаманизм діндердің синкретизмінен туған, қолдан жасалған түсінік” .
Шамандықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның виртуалдық,
тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды. М.С.
Орынбековтің пікірінше, бақсы адам мен әлем арасындағы ажыраған байланысты
қалпына келтіреді. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы арқылы адам мен
әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. “Шаман дүние түйсінуінің
негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі, кең ауқымдылығы
болып табылады. Ол сырқат адам мен дүние арасындағы үйлесімділіктің
бұзылуының салдары”.
Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың
алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе шамандық
тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. Барлық шамандар өз
әулетінде, ата-бабаларының бірінде осындай қасиет болғандығын айтады. Осыны
ескере отырып, біз шамандықты генотиптік сипаттағы діни жүйе деп санаймыз
және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік: шаманизмде өлі табиғат
ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың киелі иесі
бар. Адам мен әлем тұтас. Оларды бөліп тұрған құз-жартас жоқ. “Адам –
табиғат патшасы”, –дейтін еуропалық ұран шамандыққа жат. Адам қанша
құдіретті болса да табиғаттан жоғары емес, ол тіршіліктің ерекше бітімі.
Дүниедегінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс шаман-
медиум арқылы іске асады. Ғарышты мекендейтін рухтар адамның күнделікті
тұрмысына жақын араласып отырады, қолдайды немесе жазалайды. Рух ниетін,
әмірін адамдарға жеткізуші тұлға – шаман, бақсы. Шамандық қасиет тұқым
қуалау, тегіне тарту, рухтың қонуы арқылы дариды. Шаманизм рулық қоғамның
діни идеологиясы ретінде қалыптасады, шаман бір әулеттің немесе рудың абызы
қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың
болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін
айқындайды.
Шаманның рухтар тандаулысы болуы және сәуегейлік, яғни болашақты
болжау қасиеті әлемдік діндердегі пайғамбар идеясының қалыптасуында маңызды
рөл атқарған деп топшылауға болады, сол сияқты жаратушыны таза рух ретінде
түсінуде де шамандық әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы жаратушы-құдай
идеясының түп-тамыры табиғатқа табыну, оны құдіреттендіру мен аруаққа,
рухқа табыну десек, артық айтпаған болар едік.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең
таралды. Біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Шаманизм туралы ақпарат
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Діндердің классификациясы
Діни нанымдар
Ахмет Яссауи
Дін және руханият
Тәңірлік дін
Ежелгі діндердің ортақ мінездемесі
Өзге діндер жайында
Пәндер