Айналыс активтері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Кәсіпорынның активтерінің жалпы сипаттамасы мен ұйымдастырылуы
1. 1 Айналыс активтерінің түсінігі, мәні . . . 5
1. 2 Айналыс активтерінің құрамы мен құрылымы . . . 7
1. 3 Кәсіпорынның айналыс активтерін қалыптастыру көздері . . . 8
2. Айналым капиталының басқарылуы
2. 1 Айналыс активтерін қолдану тиімділігін бағалау . . . 11
2. 2 Айналыс активтерін кешенді жедел басқару саясатына талдау . . . 14
3. Айналым капиталын басқару саясатын жетілдіру жолдары
3. 1 Айналыс активтерін басқару тиімділігін арттыру . . . 17
Қорытынды . . . 21
Қолданылған әдебиеттер . . . 23
Қосымшалар . . . 25
Кіріспе
Кәсіпорындардың өндірістік-коммерциялық қарекетінің тиімділігн арттыру мен олардың қаржылық жағдайын нығайту үшін айналыс активтерін рационалды пайдалану сұрақтарының мәні өте зор. Айналыс активтерін оптималды пайдалану мен олардың айналымдылығын жеделдету мәселесінің актуальділігі нарықтық шаруашылық механизмге өту кезеңінде және одан кейін де нығая түсті. Оны макроэкономикалық тұрақтандыру шегінде шешудің қажеттілігі, маңыздылығы жоғары екені анық. Бұны кәсіпорындардың және корпоративтік топтардың мүдделері талап етеді, себебі олардың қаржылық жағдайы айналыс қаражаттарының жағдайына, көбірек пайданы алу мақсатында мүмкін болатын минималды сомамен өндірістік циклдың фазалары бойынша айналыс активтерінің қозғалысын ұйымдастыруна тікелей байланысты.
Айналыс активтерін басқарудың негізгі міндеті - толық жылдың ішінде кәсіпорында оптималды айналыс қаражаттарының болуын қамтамасыз ету. Айналыс қаражаттарының (активтерінің) мөлшері минималды, бірақ күнтізбелік периодта қалыпты шаруашылық қарекетті қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу керек екендігі көзделеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - айналыс қаражаттарының мәні мен мазмұнын, құрамы мен құрылымын, оларды қаржыландыру көздерін анықтап, айналыс активтерін қолдану тиімділігін бағалауына мен оларды кешенді жедел басқару саясатына талдау жасап, айналым капиталын басқару саясатының жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Айналыс активтерінің мәні мен мазмұның ашып, олардың қозғалысының механизмін, құрамы мен құрылымын анықтау арқылы айналыс активтерінің қаржыландыру көздерін қарастыру;
- Айналыс активтерін қолдану тиімділігінің бағалануына, олардың басқарылуына мен оларды кешенді жедел басқару саясатына талдау жасау;
- Айналым капиталының қолданылу тиімділігін арттыратын оны басқару саясатының жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: бұл курстық жұмысты жазу барысында В. В. Бочаров, В. Е. Леонтьевтің «Корпоративные финансы», В. Д. Мельников пен К. К. Ильясовтың «Финансы» оқулықтары, Ж. Балуановтың «Методика оценки идержек финансирования оборотного капитала», А. Садвакасованың «Кредитование дефицита оборотных средств предприятия» мақалалары пайдаланылды.
І тарау. Кәсіпорынның айналыс активтерінің жалпы сипаттамасы мен ұйымдастырылуы
1. 1. Айналыс активтерінің түсінігі, мәні
Айналыс қаражаттары - өндірістік процестің үздіксіздігін жүзеге асыру мен дайын өнімді өткізу үшін кәсіпорынмен (корпорациямен) авансталатын ақша қаражаттары. Айналыс қаражаттарының экономикалық табиғаты екі жақты болып келеді. Бір жағынан, олар активтердің (мүліктің) бір бөлігін ұсынады: материалдық-өндірістік қорлар, аяқталмаған есеп айырысулар, ақша қаражаттарының қалдықтары мен қаржылық салымдар. Екінші жағынан, бұл - өндірістік-сауда процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін капиталдың (пассивтердің) бір бөлігі.
Кәсіпорынның (корпорацияның) авнсталатын капиталдың бөлігі ретінде айналыс активтері (қаражаттары) келесімен сипатталады:
- олар алдын ала салынуы тиіс, яғни табысты (тауарларды сатудан түсімді) алғанға дейін авансталуы керек;
- неғұрлым өтімді ресурстар ретінде айналыс қаражаттары шығындалмайды және тұтынылмайды, бірақ олар шаруашылық айналымда тұрақты жаңаруы тиіс;
- айналыс қаражаттарына абсолюттік қажеттілік шаруашылық қарекетінің көлеміне, жабдықтау мен өткізу жағдайларына тәуелді, сондықтан ол реттелуі керек.
Айналыс активтерін тиімсіз пайдалану немесе олардың жеткіліксіздігі жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нашарлайды және бұл оның төлемқабілеттілігіне ықпал етіп, соңында құлдырауға әкелуі мүмкін.
Айналыс активтерінің толық циклі - олардың қозғалысының уақыты, бұл цикл әрбір кәсіпорындағы өндіріс процесі мен өнімді өткізу ұзақтығына тәуелді.
Айналыс активтері қозғалысының сызбанұсқасы мынадай:
Д → МПЗ → НЗП → ГП → Д΄,
мұндағы
Д - айналыс активтеріне алдын ала авнсталған ақша қаражаттары;
МПЗ - материалдық-өндірістік қорлар;
НЗП - аяқталмаған өндіріс;
ГП - қоймадағы дайын өнім;
Д΄ - тауарды сатудан түсім нысанындағы, пайданы қоса есептегенде, ақша қаражаттары.
Д΄ = Д + ∆Д,
мұндағы
∆Д - талданатын периодтағы айналыс қаражаттары мөлшерінің өзгеруі;
∆Д < 0 болғанда, кәсіпорын шығынды;
∆Д > 0 болғанда, айналыс қаражаттары пайда сомасына өседі.
Айналыс қаражаттары айналымының толық циклін жабдықтаушылардан шикізат пен материалдарды сатып алудан (кредиторлық борышты төлеу) сатып алушылармен дайын өнім үшін төлеуге (дебиторлық борышты өтеу) дейінгі уақытпен өлшейді. Шикізат пен материалдар үшін жабдықтаушыларға төлем төлеу керек болған кезінде кәсіпорын өзінің сатып алушыларынан (клиенттерінен) ақша қаражаттарын әрқашан ала алмайды. Сол себептен айналыс активтерін басқару мәселесі туындайды.
Сонымен, өндірістік (операциондық) цикл - айналыс қаражаттары толық айналым жасайтын уақыт аралығы.
Өндірістік процесс бірнеше этаптардан тұрады:
- Қоймаға түсу мезетінен бастап өндіріске жіберілу мезетіне дейін
материалдық қорларды сақтау периоды;
- Өндіріс периоды;
- Қоймада дайын өнімді сақтау периоды.
Қаржылық цикл - жабдықтаушылар алдындағы өзінің міндеттемелері бойынша төлеу мерзімі мен сатып алушылардан ақшаны алу арасындағы аралық. Басқаша айтқанда, таза айналым капиталы (меншікті айналыс қаражаттары) толық айналым жасайтын период.
Операциондық және қаржылық циклдерінің азаюы оң тенденция болып табылады.
Бұл циклдердің азаюы келесілердің есебінен болуы мүмкін:
- өндіріс процесі уақытының қысқаруы (материалдық қорларды сақтау периодының, дайын өнімді өндіру ұзақтығы мен оны қоймада сақтау периодының қысқаруы) ;
- дебиторлық борыш айналымдылығының жеделдеуі;
- кредиторлық борыш айналымдылығының тежеуі.
Бәсекелестік орта жағдайында кәсіпорын (корпорация) тауарлық нарықта өз позициясын бекіту мақсатында өндіріс пен өткізудің қажетті көлеміне жеткізуге тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін сәйкес келетін материалдық және қаржылық ресурстар қажет. Оларды тарту масштабтары кәсіпорынның ағымдық және алдағы уақыттағы мақсаттары мен мүмкіндіктеріне тәуелді.
1. 2 Айналыс активтерінің құрамы мен құрылымы
Тәжірибеде айналыс активтерінің құрамы мен құрылымын айырады. Айналыс активтерінің құрамы - оларды қалыптастыратын элементтердің жиынтығы . Айналыс активтерінің құрамы келесідей болып келеді:
- Өндіріс сферасындағы айналыс активтері (қорларға салынған қаражаттар) :қоймадағы шикізат пен материалдардың қорлары; өсірудегі малдар; аяқталмаған өндірістегі шығыстар; өзге де қорлар мен шығыстар;
- Айналым сферасындағы айналыс активтері:
- қоймадағы дайын өнім мен қайта сатуға арналған тауарлар;
- тиелген тауарлар;
- қаржылық салымдар;
- дебиторлық қарыз;
- ақша қаражаттары;
- өзге де айналыс активтері.
Айналыс активтерінің құрылымы олардың ортақ көлеміндегі әрбір баптың үлестік салмағын сипаттайды.
Айналыс активтерінің құрылымы салалық және басқа да факторлардың ықпалымен қалыптасады, олардың ішінде:
- өндірістік факторлар: өндіріске шығыстардың құрамы мен құрылымы, өндірістің типі, шығарылатын өнімнің сипаты, технологиялық процестің ұзақтығы және т. б. ;
- материалдық ресурстарды сатып алу ерекшеліктері: жеткізілімдердің периодтылығы, уақыттылығы және кешенділігі; көлік түрлері; тұтыну көлеміндегі құрастырушы бұйымдарының үлестік салмағы және т. б. ;
- сатып алушылар мен жеткізушілермен есеп айырысу нысандары;
- қоймадағы дайын өнім көлемі мен дебиторлық борыштың көлеміне әсер ететін берілген кәсіпорынның өніміне сұраныс көлемі;
- кәсіпорынның есептік саясаты және т. б.
1. 3. Кәсіпорынның айналыс активтерін қалыптастыру көздері
Айналыс активтерін қалыптастыру көздері бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады. Айналыс активтерінің жіктелуіне сәйкес оларды қалыптастыру көздері меншікті, қарыздық және тартылатын болып бөлінеді.
Меншікті көздерге бірінші кезекте таза айналым капиталы (айналыс активтері мен қысқа мерзімді пассивтері арасындағы айырма) жатады. Таза айналым капиталы айналыс активтерінің 10%-дан кем емесін және қорлардың шамамен 50%-ын жабу керек. Кері жағдайда корпорация өзінің төлемқабілеттілігін жоғалтуы мүмкін. Таза айналым капиталын соңғы есептік датаға бухгалтерлік баланс бойынша анықтайды. Дәл сол жолменен болашақ кварталдың соңына активтер мен пассивтердің болжанатын балансы бойынша (баланстық бет бойынша бюджеттегі) оның жоспарлы мөлшерін табады. Ағымдық шаруашылық қарекетті жүзеге асыру барысында кәсіпорын (корпорация) шикізат пен материалдарды сатып алады, көліктік және басқа да төлемдерді төлейді, материалдық қорларды сақтау бойынша шығыстарды мойнына алады, сатып алушыларға (клиенттерге) төлемдерді өтеуді кейінге қалдыруды ұсынады. Сондықтан өтімді ақша қаражаттарына, яғни меншікті айналыс қаражаттарына қажеттілік әрқашан пайда болады. Меншікті айналыс қаражаттары - бұл корпорацияның айналымында әрқашан болатын бос ақша қаражаттары. Меншікті айналыс қаражаттарын жиі таза айналым капиталы немесе таза жұмыстық капитал, сонымен қатар қаржылық - эксплуатациялық қажеттіліктер деп те атайды.
Таза айналым капиталының мөлшерін бухгалтерлік балас бойынша екі әдіспен - «жоғарғы» және «төменгі»- анықтайды:
СК + ДО - ВОА
ЧОК
ОА - КО
мұндағы
СК - меншікті капитал («капитал мен резервтер») ;
ДО - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ВОА - айналымнан тыс активтер;
ОА - айналыс активтері;
КО - қысқа мерзімді міндеттемелер.
ЧОК-ң кері мәні кезінде өтімді қаражаттарына корпорацияның қажеттілігін кредиторлық қарыз немесе қысқа мерзімді банк несиелері есебінен жабады.
Қарыздық көздерге төлеу мерзімі бір жылға дейін қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар жатқызылады. Банктердің қысқа мерзімді несиелерінің келесі түрлері қолданылады:
- қамтамасыз етілген;
- бланктік (қамтамасыз етілмеген) ;
- вексельдік;
- тапсырыстық;
- кепілдендірілген және т. б.
Қықа мерзімді қарыздарға бір жылға дейінгі мерзіммен облигациялық қарыздар кіреді.
Тартылған көздерге кредиторлық борыш жатады. Тартылған қаражаттардың құрамы келесідей болып келеді:
- қысқа мерзімді қарыздар (қаржылық-өндірістік топтардың, холдингтердің, ассоциациялардың және т. б. қарыздары) ;
- кредиторлық борыш;
- қатысушыларға борыш (табыстарды төлеу бойынша құрылтайшыларға) ;
- алдағы кезең табыстары;
- алдағы шығыстардың резервтері;
- өзге де қықа мерзімді міндеттемелер.
ІІ тарау. Айналым капиталының басқарылуы
2. 1 Айналыс активтерін қолдану тиімділігін бағалау
Айналыс қаражаттарын пайдалану тиімділігін экономикалық көрсеткіштердің көмегімен, оның ішінде алдымен олардың айналымдылығымен сипаттайды. Басқа көрсеткіштерден сақталғыштықты, табыстылықты және өтімділікті бөліп көрсетуге болады.
Айналымдылық - материалдық қорларға ақшалай нысанда айналыс активтерін аванстау мезетінен дайын өнімді шығаруға дейін (оны сатып алушыларға сату мен ақшалай түсімді алу) қаражаттардың бір толық айналымының ұзақтығы. Қалыпты шаруашылық жағдайында қаражаттардың айналымы банктердегі кәсіпорындардың есеп шоттарына тауарларды (өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді) сатудан түсімнің түсуімен аяқталады.
Айналыс қаражаттарының айналымдылығы бірқатар өзара байланысты көрсеткіштермен сипатталады:
- анықталған периодтағы (квартал, жыл) айналымдардың мөлшері;
- күндермен алынған бір айналымның ұзақтығы;
- өнім бірлігіне кәсіпорында пайдаланылған айналыс қаражаттарының сомасы.
Көрсеткіштерді келесі формулалар бойынша анықтайды:
_
ВР Д С о
К о = −− ; П д = −− ; К з = −−,
_
С о К о ВР
мұндағы
К о - айналыс қаражаттарының айналымдылық коэффициенті, есептік периодтағы айналымдар саны;
ВР - тауарларды (өнімді, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсім (нетто) ;
_
С о - есептік периодтағы айналыс қаражаттарының орташа қалдығы;
П д - бір айналымның ұзақтығы, күндер;
Д - есептік периодтағы күндер саны (жыл - 365 күн; квартал - 90күн) ;
К з - айналыс қаражаттарының бекіту коэффициенті.
Айналымдылық коэффициенті неғұрлым жоғары болса, есептік периодта айналыс қаражаттары соғұрлым жақсырақ пайдаланылады.
Сонымен, бір айналым ұзақтығының төмендеуі айналыс қаражаттарын қолдану тиімділігінің өсуін көрсетеді.
Бұл параметрлерден басқа айналыс қаражаттарының қайтарымдылық және сақталғыштылық коэффициентерін қолдануға болады:
БП С факт.
К отдачи = −−− ; К сохр. = ,
_
С о С норм.
мұндағы
БП - бухгалтерлік пайда;
_
С о - айналыс қаражаттарының орташа қалдығы;
С факт. - соңғы есептік күнге айналыс қаражаттарының нақты қалдығы;
С норм. - кәсіпорынның есептеулері бойынша бұл күнге айналыс қаражаттарының нормативі.
К сохр. > 1, 0 болғанда кәсіпорында артық айналыс қаражаттары бар;
К сохр. < 1, 0 болғанда олардың жетіспеушілігі байқалады.
Аайналыс қаражаттарының айналымдылық көрсеткіштерін айналыс активтерінің жалы жиынтығы бойынша да, бөлек баптар бойынша (материалдар, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім мен дебиторлар) да анықтауға болады.
Айналымдылықтың өзгеруін базистік (жоспарлық) көрсеткіштерді есептік көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтайды. Көрсеткішиерді салыстыру арқылы айналыс қаражаттары айналымдылығының жеделдеуін немесе тежеуін байқайды. Олардың айналымдылығының жеделдеуі кезінде (оң тенденция) материалдық ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері айналымнан босатылады; тежеу кезінде айналымға қосымша қаражаттарды тартады. Айналымға қосымша тартылатын немесе айналымнан босатылатын қаражаттар сомасын келесі формуламен анықтайды:
__ ___
∆С с = (П д (отч. ) - П д (баз. ) ) * ВР ф ,
мұндағы
∆С с - айналымға қосымша тартылған ақша сомасы, егер ∆С с < 0 немесе айналымнан босатылған қаражаттар сомасы, егер ∆С с > 0;
П д (отч. ) - есептік периодтағы айналыс қаражаттарының бір айналымының ұзақтығы, күндер;
П д (баз. ) - базистік периодтағы айналыс қаражаттарының бір айналымының ұзақтығы, күндер;
__ ___
ВР ф - есептік периодтағы өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан орташа күндік нақты түсім (нетто) .
Егер есептік кезеңде айналыс қаражаттарының нақты қалдықтары базистік кезеңдегі сәйкес қалдықтардан кем және талданатын кезеңмен салыстырғанда есептік кезеңде сатудан түсім сол деңгейде сақталып немесе асатын болса, айналыс қаражаттарының абсолютті босатылуы орын табады.
Егер айналыс қаражаттары айналымдылығының жеделдеуі сатудан түсімнің өсуімен қатар жүрсе, айналыс қаражаттарының салыстырмалы босатылуы орын табады. Түсім өсуінің қарқыны айналыс қаражаттарының орташа қалдықтарының өсу қарқынының көрсеткіші болып табылады.
Айналыс қаражаттарын пайдалану тиімділігі сыртқы және ішкі факторларға байланысты. Сыртқы фактоларға кәсіпорын бейімделуі мүмкін. Оларға жататындар: елдегі жалпы экономикалық жағдай, мемлекеттің салық және несие саясаттары, республикалық және аймақтық бюджетерден қарыландырылатын бағдарламаларға кәсіпорынның қатысу мүмкіндігі т. б.
2. 2 Айналыс активтерін кешенді жедел басқару саясатына талдау
Берілген саясат келесіні ұсынады:
- әрбір кәсіпорынның (корпорацияның) қарекетінің мамандануын есепке алуымен айналыс активтерінің оптималды деңгейі мен рационалды құрылымын таңдау;
- айналыс активтерінің қаржыландыру көздерінің мөлшері мен құрылымын анықтау.
Айналыс активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді кешенді жедел басқарудың міндеттері келесідей болып табылады:
- айналыс активтерінің мөлшері мен оны анықтайтын факторларды модельдеу;
- айналыс активтеріне жоспарлық қажеттіліктерді анықтау;
- оларды қаржыландырудың стратегиясын таңдау;
- айналыс активтері мен қысқа мерзімді пассивтерді кешенді жедел басқарудың саясатын анықтау;
- айналыс активтерінің айналымдылығын жеделдету жолдары мен олардың табыстылық деңгейін көтеруді іздестіру.
Айналыс активтерін кешенді жедел басқару саясатының үш типін ажыратады:
- агрессивті;
- консервативті;
- қалыпты.
Агрессивті саясат кезінде кәсіпорын:
- айналыс активтері көлемінің өсуін шектемейді;
- шикізат, материалдар мен дайын өнімнің қорларын жинақтайды, дебиторлық борыш пен банктердегі шоттарда ақша қаражаттарының бос қалдықтарын өсіреді.
Нәтижесінде мүліктің көлемінде айналыс активтерінің үлесі - жоғары, ал олардың айналымдылық периоды - ұзақ (90 күннен астам) . Агрессивті саясат техникалық төлемқабілетсіздіктің деңгейін төмендетуі мүмкін, бірақ активтердің жоғары рентабельділігін қамтамасыз ете алмайды. Алайда тауарлық нарықта қолайсыз жағдайлар туындаған уақытта кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін жоғалтуы мүмкін.
Айналыс активтерін басқарудың консервативті саясаты кезінде кәсіпорын ағымдық активтердің өсуін тежеп, оларды минималдандыруға ұмтылады. Нәтижесінде мүліктің жалпы көлемінде айналыс активтерінің үлестік салмағы үлкен емес (40%-дан кем), ал олардың айналымдылық периоды қысқа болып келеді. Бұл саясатты кәсіпорын жеткілікті анықталған жағдайда жүзеге асырады: сату көлемі, міндеттемелер бойынша ақша қаражаттары мен төлемдердің түсу мерзімдері қорлардың кажетті көлемі мен оларды жеткізу мерзімдері алдын ала белгілі болғанда немесе ресурстардың барлық түрлерінің қатал үнемдеу жағдайында. Айналыс активтерін басқарудың консервативті саясаты активтердің жоғары рентабельділігін қамтамасыз етеді, бірақ тауар мен қаржы нарықтарындағы конъюнктураның күтілмейтін өзгерістерінен жоғары техникалық төлемқабілетсіздіктің тәуекелін әкеледі.
Айналыс активтерін басқарудың қалыпты саясаты аралық орынды алады. Бұл саясат активтердің рентабельділігі мен айналымдылығының орташа деңгейін қамтамасыз етеді (қосымша) .
Айналыс активтерін басқарудың әр типіне оларды қаржыландырудың анықталған саясаты сәйкес келуі керек, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.
Қысқа мерзімді пассивтерді басқарудың агрессивті саясатының белгісі қаражаттар көздерінің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың үлкен үлестік салмағы (50%-дан астамы) болып табылады. Бұл саясат кезінде қаржы тетігінің эффектісі (леверидж) активтер рентабельділігінің 30-50%-ын құрауы мүмкін. Алайда қарыздық қаражаттар бойынша пайыздық төлемдердің есебінен тұрақты шығындар да өседі. Нәтижесінде өндірістік тетіктің (маржалық табыс / пайда) әрекет ету күші өседі де, ол берілген кәсіпорынмен байланысты кәсіпкерлік тәуекелдің өсуін көрсетеді.
Қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудың консервативті саясатының белгісі баланстың валютасындағы қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың төмен үлестік салмағы немесе оның болмауы болып табылады. Берілген жағдайда айналыстан тыс және айналыс активтерін тек қана меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелермен жабады.
Қалыпты саясаттың белгісі баланстың валютасындағы несиелер мен қарыздардың орташа үлестік салмағы болып табылады.
Айналыс активтерін басқарудың консервативті саясаты кезінде оған қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясатының қалыпты немесе консервативті типі сәйкес келуі мүмкін, бірақ агрессивті емес. Айналыс активтерін басқарудың қалыпты саясатына қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудың кез келген типі сәйкес келеді. Айналыс активтерін басқарудың агрессивті саясатына қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудың агрессивті және қалыпты типі сәйкес келе алады.
Айналыс активтерін қаржыландырудың сәйкес көздерін таңдау айналым капиталын қолдану тиімділігіне және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігіне әсер ететін тәуекел деңгейі параметрлерінің ара қатынасын анықтайды.
ІІІ тарау. Айналым капиталын басқару саясатын жетілдіру жолдары
3. 1 Айналыс активтерін басқару тиімділігін арттыру
Айналыс қаражаттары өнімді өндіру мен өткізу процесіне тікелей қатысады. Айналыс активтерінің (қаражаттарының) жетіспеушілігі мен оларды тиімсіз пайдалану кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды және бұл жағдай оның төлемқабілеттілігіне теріс әсер етіп, соңында кәсіпорынды күйзеліске әкеледі. Сондықтан айналыс қаражаттарын басқару кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен баланстың өтімділігін ұстап тұру мақсатында кәсіпорынды ақша ресурстарының минималды көлемімен қамтамасыз ету болып табылады.
Айналыс қаражаттарын басқару өзіне келесіні қосады:
- әрбір есептік күнге (кварталдың соңына) айналыс қаражаттарының барлық құрамдас бөліктерін есепке алу;
- кәсіпорында айналыс қаражаттарының айналымдылығымен теріс жағдайды қалыптастырған себептер мен факторларға талдау жасау;
- айналыс қаражаттарын басқарудың осы заманғы әдістерін қалыптастырып, кәсіпорынның экономикалық қызметтерінің тәжірибесіне енгізу (маркетинг, шикізат пен материалды шығындауды нормалау мен бюджеттеу жүйесі және т. б. ) ;
- өндірістік - коммерциялық қарекетінің процесінде айналыс қаражаттарының маңызды баптарының ағымдық жағдайына бақылау жасау (қорларға, дебиторлық борышқа, ақша қаражаттары мен қаржылық салымдарға бақылау жүргізу) .
Айналыс қаражаттарының, олардың бөлек элементтерінің (қорлардың, дебиторлық борыштың және т. б. ), сонымен қатар олардың айналымдылығының жағдайын талдау келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- кәсіпорынның ағымдық қарекетінде ақша ресурстарының тиімді қолданылуын арттыруға;
- кәсіпорын балансының өтімділігін анықтау, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында жабу мүмкіндігі;
- айналыс қаражаттарының бөлек элементтерінің артықшылығын немесе жетіспеушілігін бағалау мақсатында қаржылық цикл ішіндегі таза айналым капиталы (меншікті айналыс қаражаттары) қайда салынатындығын анықтауға (таза айналым капиталы айналыс активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырмамен анықталады) .
Айналыс қаражаттарын минималды, бірақ жеткілікті деңгейде ұстап тұру қажет. Бұл айналыс активтерінің оңша өтімді емес элементтері үлесінің (қорлардың, шикізат пен материалдардың, аяқталмаған өндірістің және т. б. ) төмендеуін қамтамасыз етеді. Таза айналым капиталының бар болуы - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының қажетті шарты.
Бұл көрсеткіштің минималды мәні айналыс активтерінің жалпы көлемінен 10 %-дан кем емес деңгейде ұстау керек. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның қаржылық жағдайы да соғұрлым тұрақты болады да, тәуелсіз қаржылық саясатты жүргізу үшін оның мүмкіндіктері көп болады. Талдау процесінде жабдықтаушылар мен жеткізушілерге кредиторлық пен дебиторлық борыш арасындағы ара қатынасты есепке ала отырып, меншікті айналыс қаражаттары мөлшерінің өзгеру қарқынын зерттеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz