Кассалық операциялар есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Кассалық операцияның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар13
1.3. Кассадағы тексеру (ревизия) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ.Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1. Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау,ақшалай қаражатты
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі ... ... ... ... ... ..24
2.3. Ақшалардың қозғалысын ішкі бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: Алматы. [Экономика] 2007ж-544б. Оқу құралы.
3. Альмереков, Н.А. Шетелдік валюталық қаржылық ағыстар қозғалысы және оның конъюктурасы // ҚазҰУ-нің хабаршысы. Эконмика. Алматы 2006ж. №5 45-48б.
4. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж. Оқу құралы.
5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., [Қаржы]. Алматы, 2005ж. Оқу құралы.
6. Найманбаев С.М. Салықтық құқық. [Жеті жарғы] Алматы, 2005ж.
7. Сартаев С.С., Найманбаев С.М., [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.
8. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 180б.:
9. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына
арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.
10. Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ. Оралтаев,
Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.- 170 б.
11 .Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі
Русско-казахский толковый экономический словарь делового
человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.- 793б.
12. Финансы. Денежные обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под
ред. Л.А.Дробозной. –М.: ЮНИТИ, 2000.-479б.
13. Финансы.Ученое пособие (Под ред. Проф. А.М. Ковалевой).
4+изд. М.: -2000.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Кассалық операцияның
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар13
1.3. Кассадағы тексеру
(ревизия) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..18

ІІ.Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .20
2.1. Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау,ақшалай қаражатты

түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20
2.2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі ... ... ... ... ... ..24
2.3. Ақшалардың қозғалысын ішкі
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол
уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы
жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір
заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін
кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп
айырысу операцияларының есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер
кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың
тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі кезде ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне
байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивіндегі ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан,
чектеріндегі ақшаларынан, банктегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-
ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы
жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық
сомасы жазылады.
Жалпы осы курыстық жұмысымда кассадағы ақша қаражатына, және кассадағы
ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебінің маңызын ашып
көрсетуге тырысамын.
І.КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ-НЫҢ ЕСЕБІ.

1.1.Касса операцияларының есебі.
Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда
бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек.
Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре
алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және
дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі
материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып
жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен
сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа
салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің
басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті
жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы
ақшаның түгелділігіне жұмысқа деген немқұрайдылық пен салақтық салдарынан
кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам
ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген
шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар
мен ұйымдарда , субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің
тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін
касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен
кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы
керек.
Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты
ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы
арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның,
ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты
толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке алынғалы отырған, яғни
кәсіпорынның, ұйымның, суъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының
сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі
тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас
бұхгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық
толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды.
Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың
қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат
етілмейді. Кәсіпорынның, ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық
субъектінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк
бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің
кассасына кіріске алынуы ерек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса
қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны
кассалық кітапқа жазуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010-
Кассадағы ақша қаражаты онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен
ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың,
яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін
жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның, субъектінің
кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас
бұхгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне
қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс
ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау
барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның,
субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субектінің ат-жөні қандай
мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол төленген уақыты (күні,
айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бұхгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша кассалық
шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бұхгалтері мен басшысының
қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа
құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің реквизиті
көрсетілген штамп басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса
тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының рұқсат етемін
деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне
оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің кассасынан адамдарға
кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты
ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да
құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы
көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы
адамның аты-жөнін, құжатының номерін және ол құжатты кім бергендігін, қай
уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан
нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың
теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс
ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және
оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды,
кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе
шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек. Бұл құжаттарды өзгернтуге
олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді.
Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына
жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бұхгалтерия қызметкерлері
тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы-
қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу едомостары
қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және
сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс
ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін
құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдау немесе
кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету
және кссалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда
кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бұхгалтерінің қолдары болуын және
ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге,
яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың
тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының
есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері
жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері (парақтары) номерленіп және оған жіп
өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бұхгалтері қолдарын қойып, куәландыруы
керек. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, екіріс етілген немесе
кәсіпорынның, ұйымның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақша
қаражаттарының кімнен келіп түскендігін білу үшін ол операцияларға
толтырылған құжаттардың номері және бұхгалтерлік жазулар, сонымен қатар
кіріске алынған немесе шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс.
Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша
қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын
кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс
енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен
ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына субъектінің бас
бұхгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның немесе
мекемелердің кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі
үшін өз алдына бөлек кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда
кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған
яғни келіп түскен және де шығыс етілген, кассадан төленген ақша
қаражаттарының сомасы шетел валютасымен де және сол күнгі баға (курс)
бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып та жазылады.
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша
қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша
қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2008
жылдың 25 тамзында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары
көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге
шаққандағы бағамдық айырмашылығы 119-ға тең) деп алатын болсақ бұхгалтерлік
есепте мынадай жазу жазылады:
Д-т: Касса
$5000 (595000 тг)
К-т: Тауарларды сатудан алынған табыс $5000 (595000тг)
Мұндағы 595000 тг = 119 х 5000.
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың
есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне
ұқсас жүргізіледі.
1010 Кассадағы ақша қаражаты деп аталатын шот бойынша жүргізілетін
операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал
дебеті бойынша осы журнал-ордерлердің ведомосында жүргізіледі. Яғни
кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында,
ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердері есептелініп
жүргізіледі.
Кассалық кіріс ету ордерінің үлгісі:
ККК фирмасы ККК фирмасы
Ұйымның аты-жөні. Ұйымның аты-жөні
№55 кассалық кіріс ету ордері №55 кассалық кіріс ету ордеріне
25 03 2002ж. квитанция
Күні, айы, жылы 25 03 2008ж.
Күні, айы, жылы
Кімнен қабылданды:
Алматы сауда қаржы банкісінен
Қандай мақсатқа: іс сапар шығындары
үшін сомасы жазумен:бір миллион
теңге 00 тиын.
Бас бұхгалтердің қолы:
Д.Нұрхан
Касса қызметкерінің қолы:
А.Актуова
25.03.2008жыл.
Мөртаңба орны
Коррес Талда- Төле- Мақ-
понден- малық нетін саттық
циялау- есеп сома коды
шы шот коды
1010 77 1000000 7
Кімнен қабылданды:
Алматы сауда қаржы банкісінен
Қандай мақсатқа:іс сапар шығындары
үшін сомасы жазумен:бір миллион теңге
00 тиын
Қосымша:
Бас бұхгалтердің қолы:
Д.Нұрхан
Касса қызметкерінің қолы:
А.Актуова

Кассалық шығыс ету ордерінің үлгісі
ККК фирмасы
Ұйымның аты-жөні
№60 кассалық шығыс ету ордері
25 03 2008ж.
Күні, айы, жылы
Корреспонденциялаушы шотТалдамалық есеп Төленетін сома Мақсаттық коды
коды
1250 77 10000 7
Берілсін: Аманкелдиев Қанатқа
Қандай мақсатқа: іссапары үшін аванс ретінде
Сомасы (жазумен) он мың теңге 00 тиын.
Ұйым басшысының қолы:
А.Алипбаев
Бас бұхгалтердің қолы:
Г.Сагымбекова
Алдым: Он мың теңге 00 тиын. 25.03.2008ж.
К.Аманкелдиев
Құжат: 1999 жылы 5 тамызда ҚР ІІМ берген жеке куәлік.
Касса қызметкерінің қолы:
А.Актуова

Касса кітабының үлгісі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2004 ж 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілді
_______________________
№КО-4 типтік формасы
ұйым
промпоровлрв
о

КАССАЛЫҚ КІТАП
_____________2008ж.
Бұл кітапта _______ бет нөмірленген, жіппен қайымдалып, мөрленген.
М.О. Ұйым басшысы
______________________

қызметі
________________
_________________

қолы қолды анықтау
Бас бұхгалтер ______________________

қызметі
________________
_________________

қолы қолды анықтау

____________2008 ж.
Касса ____________2008ж 5-бет

Құжат Кімнен алынды немесе кімге Коррес- Кіріс Шығыс
нөмірі берілді пондент-т
елетін
шот
нөмірі
1 2 3 4 5
Күн басындағы қалдық ... ... ... ... ... .38500 х
1 Дүкеннен түсім 702 51200
ҚҚС 15% 7680
1 Түб. №1 құлақтандыруға, 5580
жарнаға, қолма-қол ақша
2 В.К.Кадыровтан 333 20450
3 №375421 чегімен 441 98200
3 О.С.Оспановқа 333 28800
2 №1 төлем тізімдемесі 681 40000
4 И.В.Идрисовқа 333 6200
4а5 И.В.Идрисовқа 687 100
6 К.Е.Киреевке 333 57250
4 К.Е.Киреевке 333 50
7 О.В.Оспановқа 681 14000
8 В.К.Кадыровқа 333 400
9 В.К.Кадыровқа 333 30
10 К.В.Киреевке 821 2200



Көшіру ... ... ... ... 177580 207780

Құжат Кімнен алынды немесе кімге Коррес- Кіріс Шығыс
нөмірі берілді пондент-т
елетін
шот
нөмірі
1 2 3 4 5









Жиыны ... ... ... ... ... ... 177580 207780
... ... ... ..
Х
Күн соңындағы 8300
қалдық ... ... .
Оның ішінде тұтынуға
бағытталған қаржы
Кассир____________________
Кассалық кітаптағы жазбаны тексердім, құжаттар төрт кіріс, және он
шығысты алдым
Бухгалтер____________________

1.2. Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы 1010,1020 1121
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады
2 Алынған вексель бойынша түсуге тиіс 1010,1020
деби-торлық борыш сомасы кәсіпорынның 1122
касса-сына кіріске алынады
3 Еншілес, тәуелді серіктестіктердің берешек 1010,1020
ақшалары кәсіпорынның кассасына келіп түсті 1126
4 Есептелген пайыз бойынша алынуға тиіс 1128
дебиторлық борыш сомасы сомасы кәсіпорынның 1010,1020
касса-сына кіріске алынады
5 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс 1129
ретінде алған, жұмсалмаған (жұмсалғаннан 1010,1020
қалған) ақшалары кәсіпорынның кассасына
қайтарылды
6 Жұмысшылар мен қызметкерлерге артық төленген 1129
еңбекақы сомасы кәсіпорынның кассасына 1010,1020
қайтарылды
7 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек 1129
қарызы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды1010,1020
8 Алынуға тиісті жол төлемі кәсіпорынның 1129
кассасына кіріске алынды 1010,1020
9 Қызмет көрсетушілер мен қоюшы мердігерлерге 1129
аванс ретінде берілгенсоманың артығы 1010,1020
кәсіпорынның кассасына қайтарылды
10 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақшалар сомасы 1116
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020
11 Банктегі арнаулы шоттардан кәсіпорынның
кассасына кіріске алынған сомалар 1010,1020
12 Банктегі валюталық шоттардан кәсіпорынның 1114
кассасына кіріске алынған сомалар 1010,1020
13 Есеп айырысу шотынан кәсіпорынның касса-сына 1113
кіріске алынған сомалар 1010,1020
14 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес 3021
қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақшалар 1010,1020
кассаға кіріске алынады
15 Кәсіпорынның сатып алған өз меншігіндегі 3031
акциясын қайта сатудан түскен кіріс кассаға 1010,1020
кіріске алынады
16 Банк және банктен тыс мекемелерден несие 2211
түрінде алынған сомалар кәсіпорынның 1010,1020
кассасына кіріске алынады (үй-жай салу үшін
берілген)
17 Алдағы кезеңнің (уақыттың) кірістеріне 2118
жататын сома кәсіпорынның кассасына кіріске 1010,1020
алынады
18 Дайын өнімдерді сатудан алынатын ақшалар 4111
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020
19 Сатып алынған тауарларды сатудан алынатын 4111
ақшалар кәсіпорынның кассасына кіріске 1010,1020
алынады
20 Материалдық емес активтерді сатудан алынатын 4121
сома кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020
21 Негізгі құралдарды сатудан алынатын сома 4121
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020
22 Бағалы қағаздарды сатудан алған сома 4121
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020
23 Бағалы қағаздардан алынатын девидент, пайыз 4121
түріндегі табыстар сомасы кәсіпо-рынның 1010,1020
кассасына кіріске алынады
24 Жағымды бағамдық айырмаға байланысты 4122
алынатын табыс сомасы кәсіпорынның 1010,1020
касса-сына кіріске алынады
25 Атқарушы органдардың субсидия ретінде берген 4125
ақшалары кәсіпорынның кассасына кіріске 1010,1020
алынады
26 Демеушілерден көмек ретінде келген ақшалар 4125
сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске 1010,1020
алынады
27 Сақтандыру келісімшартына сәйкес төтенше
жағдайлардың орнын толтыруға байланысты 1010,1020
кәсіпорынның кассасына кіріске алынады
28 Сатылып алынған материалдық емес активтердің
бағасы (құны) кәсіпорынның кассасынан
төленді:
-сатып алынған құны боынша; 1261,1264 1010,1020
-қосылған құн салығы сомасына; 1141
29 Сатылып алынған негізгі құралдардың бағасы 1244, 1010,1020
(құны) кәсіпорынның кассасынан төленді: 1245,1241,
-сатып алынған құны боынша; 1242,1243
-қосылған құн салығы сомасына; 1141
30 Сатылып алынған материалдық қорлардың бағасы 1010,1020
(құны) кәсіпорынның кассасынан төленді:
-сатып алынған құны боынша;
-қосылған құн салығы сомасына; 1163
1141
31 Сатылып алынған тауарлардың бағасы (құны) 1010,1020
кәсіпорынның кассасынан төленді:
-сатып алынған құны боынша; 1161
-қосылған құн салығы сомасына 1141
32 Есеп беруге тиісті адамдарға берілетін 1129 1010,1020
ақшалар (іссапарына, керекті бұйымдар сатып
алу үшін т.б.) кәсіпорынның кассасынан
төленді.
33 Жұмысшылар мен қызмткерлерге несие ретінде 1129 1010,1020
берілетін ақшалар кәсіпорынның кассасынан
төленді.
34 Қызмет көрсетушілер мен қоюшы мердігерлерге 1123 1010,1020
аванс ретінде кәсіпорынның кассасынан
төленген сома.
35 Сатылып алынған бағалы қағаздардың бағасы 1131 1010
кәсіпорынның кассасынан төленді.
36 Кассаға тауарларды, дайын өнімдерді және 1114 1020
тағы да басқаларды сатудан түскен ақшалай
түсімдер валюталық шотқа аударылды
37 Кассаға тауарларды, дайын өнімдерді және 1113 1010
тағы да басқаларды сатудан түскен ақшалай
түсімдер есеп айырысу шотына аударылды
38 Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған2115 1010
несиелер сомасы ұйымның кассасынан
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы операциялар есебі
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Кассадағы нақты ақшаның есебі
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Кассалық операциялар аудиті
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Касса операцияларының есебі
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Пәндер