Кәсіпорындағы меншікті капитал


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І. КӘСІПОРЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1. 1 Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны . . . 5
1. 2 Кәсіпорындағы меншікті капталдың ұйымдастырлуы мен пайдаланылуы . . . 6
ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
- Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі . . . 11
- Резервтік капиталдың есебі . . . 18
2. 3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі . . . 20
ІІІ. МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қодданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып - «Кәсіпорындағы меншікті капиталдың ұйымдастырылуы мен пайдаланылуын талдау» болған соң, кәсіпорындағы меншікті капиталдың ұйымдастырылуы мен пайдаланылуын талдай отырып, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталдың түрлерін қарастыру.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- Кәсіпорындағы меншікті капиталдың ұйымдастырылуын;
- Кәсіпорындағы меншікті капиталдың пайдаланылуын талдау.
І. КӘСІПОРЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1. 1 Меншікті капиталдың мәні мен мазмұны
Латын тілінен аударғанда "меншікті капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп - өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К. Маркс бір-неше анықтама келтіреді:
1) Капитал - жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал - еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал - тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал - баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға ай-налдыратын жағдай - оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып та-былады.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", - деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
1. 2 Кәсіпорындағы меншікті капталдың ұйымдастырлуы мен пайдаланылуы
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:
- "Жай акциялар ",
- "Артықшылығы бар акциялар ",
- "Салымдар мен жарналар "
- деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жар-ғылык қордың өскен сомасына:
Д-т: "Төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Жай акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Төленбеген капитал" шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бүл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сөйкес:
- "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Есеп айырысу шотындағы ақшалар",
- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар",
- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар" - деп аталатын шоттарыныңң тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін "материалдық емес актив", "негізгі құрал", "материалдық құндылықтар" тағы да басқа түрде салатын болса: Д-т: "Материалдық емес активтер"; "Негізгі құралдар";
"Материалдық құндылықтар" және тағы да басқа шоттардың тиістілері, К-т: "Төленбеген капитал" деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: "Материаддық емес активтер"; "Негізгі құралдар"; " Материалдық құндылықтар "; "Ақшалар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі. К-т: "Салымдар мен жарналар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.
"Қайтарылып алынған капитал" деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты, К-т: "Ақшалар" шоты түріңде екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акциянын құнына:
Д-т: "Қарапайым акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоттарының тиістісі,
К-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда "Қосымша төленген капитал" деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал "Қосымша төленбеген капитал" деп аталатын шотта ақшаның құн-сыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның "негізгі құралдарын", инвестицияларын сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нөтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құраддарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: "Негізгі құралдар";
"Материалды құндылықтар"; "Инвестициялар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі,
К-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі құралдардың тозуы" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және ессптен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) " шоты түрінде;
- негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының азаю сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі қүралдар" шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.
"Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:
- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан -алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Қаржылық инвестициялар" шоты түрінде;
- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) " немесе "Құнды қағаздарды сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады. (Қосымша 1)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлык капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей теленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын. Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" белімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 1040, 1030, 1010 дебеті бойынша және 51110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық кұндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шотгар дебеттеліп: 2730, 2410, 1310, 1340 және 5110 шоты кредиттеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бүл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір белімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген - қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де 1010, 2730, 2410, 1320, 1330 шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.
ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
2. 1 Меншікті капитал -экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz