Жалға алынған негізгі құралдардың есебі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 7
1. 1Негізгі құралдар түсінігі, мәні және бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері. . 7
1. 2 Негізгі құралдарының қозғалысының құжаттарын жүргізу және түгендеу. . 15
1. 3 Жалға алынған негізгі құралдар туралы Қазақстан Республикасындағы жалпы ережелер . . . 26
2 «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС-НІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ31
2. 1 «Астана Тазалық» ЖШС- нің жалпы сипаттамасы және есеп саясаты31
2. 2 «Астана Тазалық» ЖШС- нің экономикалық көрсеткіштерін және жалға алынған негізгі құралдардың келісім шарттарын талдау. 36
2. 3 Жалға алынған негізгі құралдардың ағымдағы және қаржылық есебі мен жалдық төлем ақыны есептеу тәртібі. . 43
3 ЖАЛҒА АЛЫНҒЫН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ………52
3. 1 Жалға алынған негізгі құралдардың ағымдағы есебінің аудиті52
3. 2 Жалға алынған негізгі құралдардың қаржылық есебінің аудиті . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н. А. Назарбаев әр уақытта халқымыздың әл-ауқатының күшейуіне, тұрмыс жағдайының жақсаруына, ел экономикасының қарқынды дамуына бас назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығының ел экономикасының дамуына, халықты жоғары сапалы, құнды әрі сіңімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосатын үлесі жоғары [4, б. 12] .
Бүгін Қазақстан дамыған елдердің қолданған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді.
Сонымен қатар, аталған құбылыстар қардылық есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Сондықтан да қаржылық есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысының жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ. К. Кеулімжаев өзінің «Бухгалтерлік есеп принциптері» -атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсыну талаптарын, есепке алудың негізгі қағидалары мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау мен сыртқы аудит талаптарын, сонымен қатар ұймдардың құқықтары мен міндеттерін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңы анықтайды. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің басты шешімі болмақ. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және түскен қаражатты үнемді бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорынның шаруашылық үрдістерінің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады.
Бүгін Қазақстан дамыған елдердің қолданған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді.
Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Қазіргі кезде мемлекет, субъект және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өз өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстадың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он сегіз жылға таяу уақыт болып жатыр. Осы жылдардың аралығында бухгалтерлік есеп саласында, жалпы экономиканы басқаруда көптеген өзгерістер болды. Экономикамызды дамыту мақсатында тартылған шет елдік қаржылардың есебін жүргізу барысында бухгалтерлік есеп жұмысына өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.
Ұйымның шаруашылық қызметінің жүзеге асырылуына оның қолда бар экономикалық ресурстары мүмкіндік береді. Экономикалық ресурстар, яғни ұйымның активтері шаруашылық үрдістеріне қатысуына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Жалпы экононмикалық ресурстардың ішінде ұйымның шарауашылық қызметі үшін негізгі қорлардың маңызы зор, олар ұйымның материалдық-техникалық жарақтандырылу дәрержесін, оның өндірістік қуатын сипаттайды.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрі мен көлемін сақтай отырып, өзінің құнын сол арқылы өндіріліп шығарылатын жаңа өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударым шегінде біртіндеп қосатаын еңбек құралдары болып табылады. Өндіріс үрдісін негізгі құралдармен толық қамтамасыз ету үшін оларға жұмсалатын бастапқы шығындар мөлшері де өте жоғары болмақ.
Сондықтан ұйымдар көп жағдайларда қаржыландыру мәселесін уақыттылы шеше алмайтын болғандықтан бұл объектілерді жалдауға тура келеді. Жалдық төлемнің дұрыс есептелуі жалға алушы мен жалға берушілер арасындағы құқықтар мен міндеттемелердің айқындылығын талап етеді. Сол себепті жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебінің дұрыс ұйымдастырылуы бухгалтерлік есептің маңызды бөлімі болып табылады.
Қазіргі экономикалық қатынастар жағдайында жалдық қатынастар тіптен көбеюде, себебі жалға алу арқылы ұйымдар көп қаражатты бірден төлемей-ақ өндірістің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда жалдау қатынастарын шешуге банктер және банктік операцияларды іске асыратын несиелік серіктестіктер, тіпті жекелеген лизингтік ұйымдар саны да арта түсуде. Міне, жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде анықтайды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында негізгі құрал объектілерінің жалға алынуы мен жалға берілуінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды зерттеу менің негізгі мақсатым болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу жолында менің міндеттерімді келесідей сұрақтар анықтайды:
- негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуымен, олардың тозуы мен амортизациялық аударымды есептеу жолдарымен танысу;
- жал түрлерімен танысу;
- қаржылық және операциялық жал шарттарымен, жалға алушы мен жалға берушілердің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыру;
- жал операцияларының бухгалтерлік есепке алынуы мен аудиторлық тексерілуін қарастыру;
- қаржылық есептілікте жалдық операцияларға қатысты ақпараттың ашылуын қарастыру.
Дипломдық жұмысты жазу мақсатында «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің нақты деректері мен бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметке қатысты заңдық нормативтік актілер, халықаралық есептілік стандарттары, отандық және шетелдік экономист авторлардың оқулықтары қолданылды.
1 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Негізгі құралдар түсінігі, мәні және бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері
Қазіргі кезде кез-келген ұйымдарды алып қарасақ та олардың бухгалтерлік есеп барысында негізгі құралдардың алатын орны, күн сайын өсуде. Сондықтан да негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретіндегі алатын орны зор. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалауда кездесетін көптеген мәселелер туындайды. Өйткені олар тікелей өндіріске немесе басқа да салаларда пайдаланылу барысында алатын орны үлкен.
Сондай-ақ олардың амортизациялық аударымдарын дұрыс есептеу мен есептік әдістерін таңдау барысында олардың әр түрі өзіндік құнның мөлшерін өзгеріске ұшыратады.
Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз.
Негізгі құралдарға ұйымның қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқаларын жатқызамыз. Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды.
Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есептегі мәнін ашып қарау үшін олардың бағалануын, пайдалану және шығындарын зерттеу керек. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Ал өндірістік емес негізгі құралдар қатарына шаруашылықтың өндірістен тыс салаларында, яғни тұрмыстық үй-жай, денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.
Барлық «негізгі құрладар» өздерінің өндіріске қатысуна қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негігі құралдар мен өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдры, әр түрлі станоктар, двигательдер, құралдар-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдиниет саларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының саларына қарай топтастырған кезде олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстармен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлағы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Кәсіпорынның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады,
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалары) ;
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары) ; б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және тағы басқалары) ;
в) машианалар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монметрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары) ;
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер(прицеп), тракторлар және тағы басқалары) ;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және тағы да басқа негізгі құралдар) ;
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы да басқалары ) ;
е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны) ;
и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын ;
к) басқа да негізгі құралдар(кітапхана қорлары және тағы басқалары) ;
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негігі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немнсе басқа да жағдайларға байланысты істен шыгатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлық-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байлынысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады) .
Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агентікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар
Сызба 1. Негізгі қор құрамы мен сыныптамасы
Жерді тиісті мақстақа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі) .
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бұліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарғы жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайды.
Ескерту: салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз (процент) сомасы бұған жатпайды. Сатып алыған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz