Қазақстан Республикасының сот жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай.күйі және болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Кеңес үкіметі құрылғаннан кейінгі Қазақстандағы сот жүйесінің дамуы...8
1.3 Сот билігінің Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі институты ретіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесі және оның құрылымы..14
2.2 Сот төрелігі . сот билігін іске асырудың жаңа нысаны ретінде ... ... ... ... 18
2.3 Қазақстан Республикасы судьяларының құқықтық мәртебесін салыстырмалы түрде зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей: «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады және оның мақсаты мен міндеті азаматтар мен ұйымдардьтң құқықтары мен бостандықтарын ... қорғау...» [1], - деп көрсетілген. Демек бұдан былай сот әрбір азаматтың құқығын қорғайтын билік деп көрсетудің түпкі мәні терең де, ақиқат екендігі даусыз. Заң тілімен айтканда, азаматгық кодекстің 9-бабында: «Азаматтық құқықтарды қорғауды сот... жүзеге асырады», - делінген.
ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2009 жылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек.
1 ҚР Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз // «ЗАҢ» базасы - ҚР электрондық жүйеленген нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы.
2 ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2009 жылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға»//Егемен Қазақстан, 2009
3 Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларациясы, 1990 жылы 25 қазан
4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы
5 Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы
6 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы
7 2007 жылғы 1 қаңтардан қабылданған «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
8 Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
9 Сапаргалиев М. История народных судов Казахстана. Алма-Ата. Издательство "Казахстан". 1966, 193 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының сот жүйесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кеңес үкіметі құрылғаннан кейінгі Қазақстандағы сот жүйесінің дамуы...8
1.3 Сот билігінің Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі
институты ретіндегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР
ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесі және оның құрылымы..14
2.2 Сот төрелігі - сот билігін іске асырудың жаңа нысаны
ретінде ... ... ... ... 18
2.3 Қазақстан Республикасы судьяларының құқықтық мәртебесін салыстырмалы
түрде
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-бөлімінде
көрсетілгендей: Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады
және оның мақсаты мен міндеті азаматтар мен ұйымдардьтң құқықтары мен
бостандықтарын ... қорғау... [1], - деп көрсетілген. Демек бұдан былай сот
әрбір азаматтың құқығын қорғайтын билік деп көрсетудің түпкі мәні терең де,
ақиқат екендігі даусыз. Заң тілімен айтканда, азаматгық кодекстің 9-
бабында: Азаматтық құқықтарды қорғауды сот... жүзеге асырады, - делінген.
ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2009 жылғы
Дағдарыстан – жаңару мен дамуға атты Жолдауында Құқық қолдану және
құқық тәжірибесін нығайту бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның
іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –
ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте
сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық
бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың
экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды
құру [2, 3 б.] деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының
саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді мемлекетің жаңа қылмыстық саясатты
құрумен байланыстырды.
Барлық әділет жүйесінің түбірлі реформалану жағдайларында, сонымен
қатар сот өндірісінің денгейінің жоғарлауына, және сот тәуелсіздігін,
кәсіптілікті қамтамасыз етуге бағыталған сотта сот қызметінің сапасын
арттыру мәселесі өзекті болып келді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, сот жүйесіндегі Негізгі Заң
қабылдағалы құқықтық реформа өткізумен, қоғам өміріндегі заңының, құқықты
қорғаудың, азаматтар мен ұйымдардың бостандығы мен заңдық қызушылығын
бекітетін, еліміздің Конституциясы мен заңдарымен сөзсіз орындалатын
жауапты мәселелер қойылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта
және саясатта елеулі өзгерістер болды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің
қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларациясы 1990 жылы 25 қазанда
қабылданды [3]. Артынша бір жылдан кейін, 1991 жылы 16 желтоксанда
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданып [4],
Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін жария етті. Онда: Қазақстан
Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл өкімет билігіне
ие болатындығын және де өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес аяқтап, өзі
жүзеге асыратындығы белгіленді. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан
Республикасы халықаралық қоғамдастықтың субектісі болып, өзінің баска
мемлекетгермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрды.
Бұрынғы Қазақ ССР-ның аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды.
Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды.
Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркін білдіреді. Мемлекеттің өкімет
билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына боліну
қағидасы тұңғыш рет танылады, - делінді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне кадам басуды мақсат етуде. Міне
сондықтан да, қоғамды экономикалық жағынан Қазақстан Республикасы түбірлі
қайта құруды және оны құқыктық реттеуді негізгі мәселелердің бірі деп
таныды. Нарықтық жүйеге сәйкестендіру үшін де біз мемлекетіміздің құқык
жүйесін қайта құруға мәжбүр болдық. Талаптарға сәйкес құқық базасы мен
механизмі құрылды. Қоғамдық меншік түрлері пайда болды. Мемлекетпен
танылған заң мен сот алдында барлық меншік иелері теңдігі қағидасы
жарияланды. Ал оның түпкі мақсаты әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіру
және азаматтық қоғам құру болып табылады. Ал азаматтық қоғам құруда соттың
рөлі өте маңызды.
2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: Реформалардың аса маңызды
бағыттарының бірі - сот құқығын жетілдіру және биылдан бастап біз алқабилер
сотын енгізуіміз қажет екенін айта келе, тұтқындауға құзырлылықты соттарға
беру туралы шешім қабылданғанын, біз біртіндеп осы заманғы және ашық
тұрпатты сот өндірісіне көшеміз, [6]- деп көрсетті.
2008 жылы да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Яғни, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында:
Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де
тиімді қорғалуын... қамтамасыз ету үшін сот жүйесін тереңдете реформалау...
қажет екенін көрсетті.
2007 жылғы 1 қаңтардан қабылданған Алқабилер туралы Қазақстан
Республикасының заңы [7] және Алқабилердің катысуымен қылмыстық сот ісін
жүргізудің кейбір мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы қолданысқа
енгізілді. Бұл заңдар қабылданбас бұрын алқабилер институтын құру және оның
қызметінің құқықтық негізін дайындау үшін идеологиялық базис жасау бойынша
алдын ала ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ең алдыңғы кезекте бұл Қазақстан
Республикасы Конституциясының 75-бабының 2-тармағына енгізілген
алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің мүмкін екені туралы
конституциялық жаналық болатын. Ол 2000 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының сот жүйесі және судьялардын мәртебесі туралы Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңының 1-бабында бекітілді. Онда былай деп
жазылған: Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялардан, сондай-
ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге
тартылған алқабилері арқылы соттарға гана тиесілі [2].
Қазақстан Республикасында алқабилер сотының енгізілуі сот реформасының
бір бағыты болып табылады, ол сот ісін жүргізудің ашықтығы мен
демократиялылығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот билігіне сенімін
қалыптастыруы тиіс.
Сот жүйесінің мемлекеттік билік механизмінде алатын орнын, оның жұмыс
істеуінің методологиялық және көзқарас аспектілерін айқындау үшін кеңестік
және қазіргі ресейлік ғалымдары: С.С, Алексеев, М.В. Баглай, С.В. Боботов,
А.Д. Бойков, Н.В. Ветрук, Л.А. Воскобитова, К.Ф. Гуценко, В.В. Ершов, Б.Д.
Завидов, Л.А. Захожий, В.Д. Зорькин, А.Ф. Изварин, М.И. Клеандров, В.А.
Кряжков, О.Е. Кутафин, В.А. Лазарева, А.М. Ларин, В.М. Лебедев, П.А.
Лупинская, П.Л. Михайлов, М.В. Немитин, Ю.К. Орлов, М.А. Пакирдинов, С.А.
Пашин, И.Л. Петрухин, И.В. Радутная, В.А. Ржевский, В.М. Савицкий, Ю.И.
Стецовский, Н.М. Чепурнова және де тағы басқаларының зерттеулерін негізге
алдық. Біз кеңес өкіметінің идеологиясы мен саяси доктринасы үстемдік
құрған 70 жылдан асатын кезеңде соттардың дамуының нәтижесі болып табылатын
негіздерді қарай отырып және оларға сілтемелер жасай отырып, қазіргі сот
жүйесін зерттедік және Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің ахуалы мен
оны реформалау жолдары туралы тұжырымдар жасадық.
Бүгінгі таңда жалпы сот билігіне және сот реформасына қатысты
еңбектердің арасынан Қайрат Мәмидің орыс тілінде жазылған Становление и
развитие судебной власти Реснублики Казахстан, М. Нәрікбаевтің Ұлы
билерімізден Жоғарғы сотқа дейін, С.З. Зимановтың Қазақтың билер соты -
бірегей сот жүйесі және Конституция и Парламент Республики Казахстан, Б.
Тұрғараевтың Атқарушылық іс жүргізу құқығының теориялық проблемалары, А.
Оразбаеваның Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты атты
монографиялары, К.Х. Халиковтың Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау
органдары туралы оқу кұралын көруге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - еліміздегі сот жүйесінің қазіргі жағдайына
талдау жасай отырып, сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде
қарастыру және Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін жетілдіру барысын
қарастыру.
Зерттеу жұмысының белгіленген мақсаттарына байланысты мынадай
міндеттер туындады:
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы толық мәліметтер жинай
отырып зерттеу;
- Қазақстандағы сот жүйесініңтарихына, жай-күйіне және болашағына
тоқталу;
- Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында билер сотын құрудың
перспективаларын қарастыру.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптасу тарихы -
қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін
қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ
даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет
аумағында қолданылған құқық нормаларының заңдар мен салт-дәстүрлердің
тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің
қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші
нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның
ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын
талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және
шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру
әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды[8, с.7].
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт
беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен
тіпті, жоғары шонжарлар - сұлтандар мен хандар да санасты. Билердің
көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде
соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Өзінің көнелілігі мен ескілігіне қарамастан, қазақ халқының дағдылы
құқығы феодал тап өкілдерінің де, билердің де құқықтарын жақсы қорғаған.
Биді сөзбен жәбірлеу, сот талқылауы кезінде билерге қарсы сөз айту, оларға
зақым келтіру және т.б. адат бойынша қатаң жазаланды. Дағдылы құқық сондай-
ақ билердің мүліктік, жеке және отбасы мүдделерін де қызғанышпен қорғады.
Билердің қоғамдық жағдайының тағы бір ерекшелігін де еске сала кеткен
жөн. Олар сұлтандар сияқты қазақ руларынан шет болған жоқ. Олар қауым
қорынан шықты, олардын мүшелері болып, сұлтандарға қарағанда халыққа жақын
тұрды. Әрбір ру тайпасында ұжымның ішкі және сыртқы істерінен хабардар бір
не бірнеше билер болды.
Үстем идеология барлық ру мүшелері мүдделерінің біртұтастығын, билер
мен қатардағы көшпенділер арасындағы айырмашылықты көрсетті. Билер туралы
елес халық қолдаушысы-судья ретінде әлі толығымен жоғалған жоқ. Мұның
барлығы билердің қоғамда аса берік орын алғандығына саяды. Кейбір
зерттеушілер әлденені сөз қылып жатады. Олар үшін билер - жай ғана ірі
феодал. Осылайша билердің ерекшелігін белгілі бір феодал тобы деп қана баға
береді де, орындалуы өз кезегінде осы топ өкілдерінің баю көзі болып
табылатын оның қоғамдық қызметтері деп көзге ілмей, шек келтіреді.
Дауларды қазақ құқығының атақты білгірлерінің арасынан мүдделі тараптар
таңдап алған билер шешті. Қазақ халқының тарихында әділдігімен,
тапқырлығымен атағы жайылған көптеген билердін есімдері белгілі. Төле би
Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке би Байбекұлы - міне осылар үздік
билер болды. Олардың жігерлерімен, білімдерімен және данагөйлігімен "Жеті
жарғы" дағдылы құқық нормаларының жинағы жасалды. Бұл қазақ қоғамы мен
жалпы қазақ мемлекеттілігінің құрылысын сала бастаған кірпішке айналды[9,
193 б.].
Кеңес билігі құрыла бастағаннан сол құрылыстың көшбасшысы болған жаңа
сот органдары құрыла бастады.
Қазақстанда, оның ішінде оңтүстік облыстарда дағдылы құқықтарға
негізделген би соттарымен қоса, XIX ғасырдың ортасынан бастап Құран
нормаларын басшылыққа алатын қазылардың соттары өмір сүрді. Бұл Қазақстанды
мекен еткен халықтардың ислам дінін қабылдауымен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанға өтіп, жаңа құқықтық жүйе - мұсылмандық немесе шариғаттың
бекітілуімен байланысты болды. Шариғат - бұл заң нормаларының, адамгершілік
қағидаттарының және өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Құқықтың негізгі
көздері Құран мен Сүрелер - Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері мен нақыл
сөздері туралы әңгімелер - хадистерде баяндалған қасиетті әңгімелер. Бұл
соттарда ауыр істерді талқылауды жүзеге асыратын молдалар судьялар болып
табылды.
Қазақстан аумағында билер, қазылар сотының, сондай-ақ ақсақалдар
соттының тоқтатылғанына қарамастан, олар Кеңестік Қазақстанның халықтық,
облыстық және Жоғарғы соттарын қалыптастыру мен дамытуда маңызды роль
атқарды. Билер, қазылар және ақсақалдар соттарының қызметі туралы
мұрағаттық жәдігерлер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің дамуының
қазіргі кезеңінде де маңызды рөлге ие. Қоғамымызда сот-құқықтық
реформалаудың жүргізілуіне байланысты осы соттарды құру және даму
тәжірибесі айрықша маңызды. Осы соттарды ұйымдастыру мен оның қызметінің
көптеген ережелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы
отырыстарында бірнеше рет жобасы талқыланған "Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңын жасау кезінде зерделеніп, барынша қолданылды. Осы заң
жобасын әзірлеу кезінде судьялар ғана емес, Президент Әкімшілігінің, Бас
Прокуратураның, Әділет министрлігінің жауапты қызметкерлері, ғалымдар және
11 заңгерлер қауым 11заңгерлер қауым қатысты."
Шоқан Уәлиханов: Би болып атану үшін қырғыздар халықтың алдында
өздерінің құқықтық білімін, шешендік қабілеттілігін бірнеше рет көрсетуге
тура келеді,[10, 177 б.] - деп жазды. Қазақ мемлекетіндегі зани
нормалардың жиынтығы толыққан құбылыс болған жоқ, ол даму жолында өзгеріп
отырады. Қазақ хандығының біртұтас бірігуі тұсында Қасым ханның қасқа
жолы атауымен XVI ғасырдың шамамен бірінші ширегінде Қасым ханның
ережелерінің жиынтығы шықты. Ал қазақ хандығының өрлеген кезеңінде XVII
ғасырдын бірінші жартысында толықтырылған заңи норма шығармашылық - Есім
ханның ескі жолы шықты.
XVII ғасырда Қазақстанға жоңғар шапқыншылығының қаупі төніп тұрғанда,
хандыққа тұтастығын сақтап қалуға мүмкіндік беретін құқықтық құрал қажет
болды. Осы мақсатта қазақ хандығының ұлы біріктірушісі Тәуке хан өз
қарамағындағыларға Жеті жарғы атауымен жаңа әдет-құқықтық нормаларды
біріктіруді тапсырды. Барлық жұмыстар сол кездегі кемеңгер, негізгі
Қазақстанның үш аумағына өкілдік еткен үш бидің - Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке билерінің басшылығымен жасалды.
Қазақтар ерте кезден бастап - ақ шешендікті өнердің ең биік шыңы деп
бағалады. Өйткені шешендік сөздер - елдің әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-
тіршілігінде аса маңызды роль атқарды. Академик С.З. Зимановтың
зерттеулеріне көз жүгіртсек: Ерте және кейінгі жазба деректерге қарағанда,
ұлттық және аймақтық әділ сот тарихына енген билер саны жүзден астам. Ол
билердің ішінде зандылық пен әділ соттың Алтын ғасырының дәстүрлерін
ғасырдан-ғасырға жеткізіп, сақтаған және оны әркез уағыздап отырған билер
де көп болатын..., [11, 356 б.]- дейді. Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл
құқықтық әлемінде негізгі билік Дала заңының билігі болды. Ал оның
қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші - билер болды. Би,
ең алдымен, - сот (судья). Бидің өзі де, билігі де түп - тамыры халықтың
тарихына байланысты. Сол себспті ол беделді, дәстүрлі билік катарында
болды.

1.2 Кеңес үкіметі құрылғаннан кейінгі Қазақстандағы сот жүйесінің дамуы
1917 жылғы демократиялық қазан төңкерісінен кейін, социалистік
мемлекет құру барысында ескі сот жүйесін қысқарта отырып, оның орнына жаңа
сот жүйесіи құруды алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп ең алғашқы рет Кеңес
екіметі сот құрылысы жөніндегі № 1,2,3 декреттерді қабылдады.
Қазақстан аумағында ең алғашқы рет революциялық трибунал 1917 жылы 28
желтоқсанда Ақмола облысында құрылды. 1919 жылдың екінші жартысына дейін
Орал, Семей, Бөкей облыстарында және Түркістан республикасының құрамындағы
Жетісу, Сырдария облыстарында революциялық трибуналдардың саны өсті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін 1921-1925 жылдары халық шаруашылығын
қайта құру негізінде, сот аппараттарын қайта қалыптастыру қажеттілігі туды.
Демек кеңес үкіметі юстиция мен сот органдарын күшейтуді алға мақсат етіп
қойды. Осыған орай 1922 жылы РСФКР (РСФСР) Сот құрылысы туралы ережесін
қабылдады. Бұл ереженің бірінші бабы бойынша РСФКР территориясында мынадай
сот жүйесі қызмет атқарды:
1) Халық соттары (құрамында бір судья мен екі халық заседательдері);
2) Губерниялық (облыстық) сот (екі бөлімнен құрылды - азаматтық және
қылмыстық сот алқасы және азаматтық қылмыстық кассациялық алқа);
3) РСФКР Жоғарғы соты (құрамында Төралқа (Президиум), Пленум, қылмыстық
және азаматтық кассациялық алқалар, азаматтық және қылмыстық сот алқалары,
әскери, көлік және тәртіптік алқалар кірді).
1926 жылдың 19 қарашасында РСФКР Бүкілодақтық Орталық Атқару
Комитетінің бекітуімен жаңа сот құрылысы туралы ережені қабылдады. Бұл
ережеге сәйкес Қазакстанда сот органдарының төмендегідей жүйесі көзделді:
1) Халық соттары;
2) Губерниялық соттар;
3) РСФКР Жоғарғы сотының казақ бөлімі және осы соттармен бірге әскери
трибуналдар мен мамандандырылған соттар қызмет етті.
Мамандандырылған соттарға: Жер дауларын шешу үшін - Жер комиссиялары,
мемлекет пен мекемелердің, кәсіпорындардың мүліктік қатынастарын реттеу
үшін - Төрелік комиссия құрылды.
1926 жылғы сот құрылысы туралы ереже, 1937 жылдың аяғына дейін
өзгеріссіз қалды. Сөйтіп, 1937 жылы 26 мамырда қабылданған Қазақ ССР
Конституциясының 83-бабында мынадай сот жүйесі белгіленді:
1) Халық соты;
2) Облыстық сот;
3) Қазақ ССР Жоғарғы соты;
4) Аумақтық сот;
5) КСРО-ның арнайы соты.
Бұл ереже 1958 жылға дейін қолданылды. Сөйтіп, 1958 жылы 25
желтоқсанында Қазақ ССР сот құрылысы туралы Заңын қабылдап, онда Қазақ
ССР Жоғарғы сотын, облыстық сотын, аудандық (қалалық) халық сотын бекітті.
1970 жылдың екінші жартысынан бастап, заман талабына сай келетін жаңа
конституция жариялауға тура келді. Сөйтіп 1977 жылы 7 қазанда КСРО
Конституциясын, артынша 1978 жылы 20 тамызда Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының Конституциясын қабылдады. Қазақ ССР Конституцияда
белгіленгендей, Қазақ ССР соттарына мыналарды жатқызды: Қазақ ССР Жоғарғы
Соты, облыстық соттар және Алматы қалалық соты, аудандық (қалалык) халық
соттары.
Қазақ ССР-інде барлық судьялар мен халық заседательдері сайланып қойылу
негізінде құрылды.
1991 жылы тамыз төңкерісінен (августовское событие) кейін, біріккен
мемлекеттер ыдырап КСРО құрамынан шыға бастады. Сөйтіп, 1991 жылдың 16
желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздік туралы
Конституциялық заңы қабылданып бекітілді.
Өз егемендігімізді алғаннан кейін сң алдымен Республикамыздың сот
билігін және құқық қорғау органын қайта реформалаудың қажеттігі туды.
Сол себепті 1992 жылы Сот-құқықтық реформаның концепциясы дер кезінде
жасалып қолға алынды. Концепция сол жылы Жоғарғы Кеңестің талқылануына
ұсынылды. 1993 жылы Республика Президентінің - Қазақстан Республикасында
құқықтық реформаның тиімділігін арттыру шаралары туралы Жарлығы шығып,
құқықтық реформаның қажеттілігін нақтылай түсті. Президент Жарлығынан кейін
Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туды. Бағдарламаның негізгі
бөлімінде мемлекеттік сот жүйесін қайта реформалау туралы мәселе айтылды.
Азаматтардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауда сот
билігінің заң шығарушы және атқарушы билікпен терезесі тең болғандықтан
соттардың тәуелсіздігін және олардың ықпалдарын күшейту реформаның негізгі
мәселелерінің бірі болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық жүйесінің дамуын екі
ғасырға бөле отырып, казіргі жағдайдың өзінде де әр ғасырдың өзін екі
кезеңге бөліп қарауға болатындыгын көрсеттік (сот-құқықтык реформа әлі де
жүргізілуде):
1) 1993 - 2000 жыл аралығы, оның өзі екі кезеңнен тұрады;
2) 2000 жылдан бастап осы күнгі аралықты қамтиды (XXI ғасырдың басы),
оның өзі екі кезеңнен тұрады.

1.3 Сот билігінің Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі
институты ретіндегі орны

Құқықтану ғылымында сот билігі деген ұғым салыстырмалы түрде алғанда
жаңа категория болып табылады және оны зерттеу жұмыстары да берігіректе
ғана, 80-ші жылдардың аяғында - 90-шы жылдардың басында қолға алына
бастады. Мұны түсіндірер болсақ, кеңестік мемлекетте теориялық тұжырымдама
дәрежесіне көтерілген мемлекеттік саясат бойынша, елде белінбейтін біртұтас
мемлекеттік билік болды. Сондықтан мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы
ретіндегі сот билігі туралы мәселе мүлдем туындаған емес.
Зандық мағынада алғанда сот ұғымы басқаша мәнге ие және ол адамдардың
өздері жасаған, қалыптастырған және заң жүзінде немесе басқа да құқықтык
нұсқаларында бекіткен дүниелерге сүйенеді. Бұдан шығатын корытынды -
адамзат қоғамы қанша уақыт тіршілік етсе, адамдар сотының жасы да сондай.
Қазақстан Республикасының сот билігінің мынадай белгілерін (заң жүзінде
бекітілген) бөліп көрсетуге болады:
1) сот билігі мемлекеттік биліктің бір түрі, оның бір тармағы болып
табылады.
2) Қазақстан Республикасында сот билігін судьялар және заңда
белгіленген тәртіппен сот төрелігін атқаруға тартылатын алқабилер
тұлғасындағы соттар ғана іске асырады. Басқа ешқандай органдар мен тұлғалар
сот төрелігін атқаруды өзіне алуға құқылы емес, Қазақстан Республикасында
сот төрелігін тек қана сот атқарады. Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарында көзделмеген төтенше соттарды кұруға жол
берілмейді.
3) сот билігі дербес және ол заң шығарушы және атқарушы биліктен
тәуелсіз қызмет атқарады. Соттар сот билігін дербес, кімнің болмасын
еркінен тәуелсіз іске асырады және Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарына ғана бағынады. Демек судьяларға және сот төрелігін атқаруға
қатысып отырған алкабилерге заңсыз ықпал етуге, сондай-ақ соттың қызметіне
өзгедей араласуға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
4) Қазақстан Республикасының сот билігінің шығарылған және заңды күшіне
енген шешімдері мен үкімдері, сондай-ақ олардын заңды өкімдсері, талаптары,
тапсырмалары, шақыртулары мен басқа да жүгінуі мемлекеттік билік органдары,
қоғамдык бірлестіктер, басқа да жеке және заңды тұлғалардың барлығы үшін
міндетті болып табылады және мүлтіксіз орындалуға тиіс. Соттың қаулысын
орындамау, сол сиякты сотка басқадай сыйламаушылық білдіру Қазақстан
Республикасының заңында көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады.
5) бәрінің заң мен сот алдында тең бопуы қағидасына орай сот билігі
қандай да бір органдарға, процеске қатысушы тұлғаларға, тараптарға олардың
мемлекеттік, әлеуметтік қасиетіне, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе саяси
көзкарасына, не тегіне, мүліктік және қызметтік жағдайына, дінге
көзқарасына, сол сияқты Республика заңдарында көзделмеген басқа да
негіздерге орай ешкандай артықшылық бермейді.
6) сот билігі жыл сайын Қазақстан Республикасының жеке көзделген
мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылады.
Сот билігінің міндетті белгілерінің бірі - сот өкілеттіктерінің билік
сипатында болуы. Бұл мынадан көрінеді: судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге
асыру кезіндегі талаптары мен өкімдерінің барлық мемлекетгік органдар,
ұйымдар және басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті күші бар.
Соттың талаптарын орындау және оның шешімдерін атқару мемлекеттің күшімен
қамтамасыз етіледі.
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және
атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын
білдіреді.
"Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі
Қазакстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық
актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет
етеді.
К.Х. Халықовтың, Г.Ж.Сүлейменованың жұмыстары сот билігі проблемаларын
зерттеуге арналған. Тек 2001 жылы сот билігі құбылысын зерделеуде Қазақстан
ғылымының олқылықтарын толықтырған Қ.Ә.Мәмидің монографиялық зерттеуі жарық
көрді[15, 177 б.].
Сот билігі істі қарау кезінде кімге тиесілі - нақты судьяға ма (немесе
сот алқаларына) немесе сот мекемесіне ме деген сұрақ талқыға түсті. Б.А.
Страшун және Л.А. Мишин "сот билігі құқық қоғамдық қатынастарға ықпал ету
құралы ретінде барлық сот органдарының жиынтығына жүктелген, әрбір сот
органы сот билігін ұстанушылар болып табылады"- деп есептейді. В.Е.-
Чиркиннің пікірінше, "сот билігі сот мекемесіне емес, сот рәсімінде
белгіленген талаптарға сәйкес істі карайтын сот алқасына (немесе тек
судьяға) тиесілі"[17, 356 б.]. Осындай пікірді С.А. Пашин де айтады, яғни
"сот билігі құқық қолдану және өз құзыреті шегінде істерді қарайтын
органдарды білдіруші, заңдарды қолдану мәселелері бойынша басшылыққа
алынатын түсіндірмелер беруші және істің соттылығын өзгерту туралы мәселені
шешуші құқық ретінде соттарға тиесілі. Жеке судья, егер ол соттың атынан
әрекет жасай отырып, белгіленген іс жүргізу тәртібімен істі қараса немесе
жекелеген мәселелерді шешсе, сот билігінің өкілеттігін іске асырады".
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сүйене
отырып, Қ.Ә. Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:
Бірінші белгі - бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас
мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны
мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген
мемлекеттік органдар билік тармағының (мысалы, Конституциялық Кеңес,
прокуратура) табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды.
Екінші белгі - сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға -
Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.
Үшінші белгі - оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен
құрылатын арнайы мемлекеттік органдарды құруда; сот алдында жеке міндеттері
мен мақсаттарын коюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ
мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық,
функционалдық және қаржылық дербестікте ұсынатын сот билігінің
тәуелсіздігі.
Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан
Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен
бірғе абсолюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына
бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерін тек сот күшін жоя алады, ал
басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.
Төртінші белгі - бұл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы:
Қазақстан Республикасының атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін
жария ету (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-тармағы).
Бесінші белгі - сот төрелігін, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға
байланысты жүзеге асыру.
Алтыншы белгі - осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік
құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған
дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға
байланысты жанжалдарды қарамайды және шешпейді.
Жетінші белгі - осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз
ісін жүргізу, процеске айыптауға және қорғауға қатысу).
Сегізінші белгі - осы биліктің құқық қорғау сипаты, қызметінде осыған
байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның жапы үстемдігін
қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Тоғызыншы белгі - оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен
қамтамасыз ету[19, 191 б.].
Жазылғандарды ескере отырып, сот билігін К.Ә. Мәми азаматтардың,
мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін
қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген
басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен
Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында
жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағында міндетті сипаттағы
шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін
арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын,
Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы
ретінде айқындайды.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР
ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕГІ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесі және оның құрылымы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағы
бойынша Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек
Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен
тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік
құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді[20], - делінген.
2000 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар
туралы [21] Жарлығы шықты, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сотының жанында Сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылды. Осылайша
биліктің бөлінуі жөніндегі конституциялық қағида неғұрлым толық іс жүзіне
асырылды. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі бойынша соттардың қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган Жоғарғы соттың жанында жұмыс
істейді. Осыған орай жергілікті соттарды ұйымдық және езге де қамтамасыз
ету және сот шешімдерін орындау жөніндегі функциялар Әділет министрлігінен
алынып бұл органға және облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы
сот әкімшілігіне берілді.
Сонымен қатар соттардың қызметін қамтамасыз ету жүйесінің Әділет
министрлігінің құрылымынан шығарылып, бұл жүйенің Жоғарғы соттын қарамағына
берілуі бұдан былай материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету
мәселелерінде соттар Жоғарғы сотка тәуелді болады деген сөз емес. Айталық,
Жарлықта аталған Комитеттің Жоғарғы соттан оқшау болатыны көзделген.
Комитет төрағасын ҚР Президентінің тағайындайтыны және Комитеттің құрылымы
туралы ережені де мемлекет басшысының бекітетіні осыны айтақтайды. Ал
жергілікті соттар деңгейінде олардың қызметін қамтамасыз ету міндетін
Комитетке бағынатын әкімшіліктер атқарады.
Сот билігінің тәуелсіздігі, судьялардың ауыстырылмауы қағидаларының
бекітілуі - бұл өзіндік мақсат емес, ол ең алдымен сот төрелігінің
бейтараптығын қамтамасыз ету үшін қажет.
Заң бойынша басқа соттардың құзырына жатқызылған істерден басқа,
бірінші саты бойынша барлық істерді қарау аудандық соттың өкілеттігіне
жатқызылған.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың құрамында жалпы отырыс,
апелляциялық сот алқасы, кассациялық сот алқасы бар екенін айта кеткеніміз
жөн. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар
құрылуы мүмкін.

Облыстық соттың өкілеттігіне келетін болсақ, олар: өзінің қарауына
жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды; сот тәжірибесін
зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот
төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықты сақталу мәселелерін қарайды;
облыстық соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Облыстық сот жүйесінің осы буынының алқасының құзырына өз өкілеттігі
шегінде бірінші саты соты ретінде, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық
тәртіппен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарау
жаткызылған. Облыстық (және оған теңестірілген) сот төрағасының қажет
болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында істерді
қарауға тарта алатыны да көзделген (соттың төрағасы азаматтық істер
жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған
құрамдарды жүргізе алады).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті және басқа да
соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша
жоғары сот органы болып табылады және заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін кадағалауды жүзеге асырады, сонымен қатар бұл
орган сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты жалпы отырыстан, азаматтық және әкімшілік
істер жөніндегі қадағалау сот алқасынан және қылмыстық істер жөніндегі
қадағалау сот алқасынан тұрады.
1996 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында экономикалық
дауларды шешуге тиіс болған арнаулы сот органдары жүйесі жойылып,
мемлекеттегі төрелік соттар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы
төрелік соты таратылды (ол бір жүйеге келтірілген сотқа біріктіріліп арнайы
мамандандырылған экономикалық сотқа айналды). Осындай реформаның негізін
1995 жылғы 30 тамыздағы Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы белгіледі.
Осы Конституциялық заңға сәйкес, Қазакстан Республикасында сот билігі
тұрақты судьялар тұлғасындағы соттарға ғана, сондай-ақ қылмыстық сот ісін
жүргізуге қатыстырылатын алқабилер соттарына тиесілі. Қазақстан
Республикасында сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты,
Республиканың жергілікті және басқа да соттары құрайды.
Жергілікті соттарға жататындар: облыстық және оларға теңестірілген
соттар (Республика Астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар
қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан
Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық сот және тағы
басқалары), аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық
мамандандырылған соттарға - гарнизонның әскери соты және экономикалық,
әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар т.б.).
Конституциялық заңда тікелей жазып көрсетілгендей: Қандай да бір атаумен
арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Мамандандырылған соттар құру мақсатқа қаншалықты сай келеді деген
мәселеге келсек. Бұл орайда мамандандырылған соттар құрылуының бірқатар іс
жүргізушілік мәселелерді неғұрлым оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін
мойындауымыз керек
Біздің мемлекеттің Конституциясында: Қазақстан Республикасы –
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады,- деп атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы
ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
- республиканың мемлекеттілігін;
- басқару нысанын;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерді өзара қатнастарының
тәсілдерін;
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Мемлекеттік құрлығы құрлымында мемлекеттік билікті заңдық,
атқарушылық және соттық (ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін
атап өтеді.
Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президентті мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және
халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы
лауазымды тұлғасы болып табылады. Елдің Президентті конституциялық заңға
сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және тікелей сайлау
құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган, сенат пен
мәжілістен тұратын парламент болып табылады.
Заң шығарушы билік экономиканы басқару тетігінің негізгі болып
табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.
Үкімет республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы
органдар жүйесін басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің
барлық қызметімен ол президент алдына жауапты, сондай-ақ парламент алдына
жауап береді. Экономиканы реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық
азаматтарының игілігі үшін, экономиканы дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін
жағдай тудыру.
Премьер-министрдің мідетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды
басқару және бағыттау енеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы 1-суретте
көрсетілген.
Суретте экономикалық дамуға жауапты биліктің үш бұтағы
белгіленген.

1-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымы

Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң
сақталуын қадағалайды. Ол жоғарғы сот және Конституциялық Кенесті жүзеге
асырады. Мемлекетті басқару органдары тікелей президентке есеп береді,
оларды шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: елдің ұлттық қауісіздігіне
жауап беретін министрліктер мен ведомстолар және ұлттық экономиканы
дамытуға жауапты ведомстволар.
Нарықтық қатынастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту
шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттілігі
туындайды.
Мұны төмендегінің есебінен жүзеге асырады:
1. Құрлымды ықшамдау.
2. Қайталанатын қызметті жою.
3. Артық штаттарды қысқарту.
4. Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару
қызметін нақты шектеу.
5. Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді
шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.
Қазақстанда қазіргі уақытта он жеті министрлік, мемлекеттік
комитеттер, сондай-ақ басқа да ведомстволар жұмыс істейді.
Елдегі экономикалық жағдайға жауапты, маңызды органдардың қатарына:
Қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің
Ұлттық банкі жатады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін құрайтын соттар бір-бірінен өз
құрылымы мен құзыретінің көлемі барынша ажыратылады. Сот билігін жүзеге
асыру барынша бірдей құрылымы мен құзыреті бар соттар сот жүйесінің
буындарын құрайды. Әдетте, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауданда,
қалада, облыста) тиісті буындар құрылады. ҚР Қарулы Күштерінің құрылымына
және ұйымдастырылуына жақын құралатын әскери соттар өзгеше болады. Осыған
сәйкес республиканың сот жүйесі үш буыннан тұрады:
1) жоғары буын - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
2) орта буын - облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика
астанасының қалалық соты, республикалық манызы бар қалалардың қалалық
соттары, мамандандырылыған сот - Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери
соты және басқалары);
3) негізгі буын - аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық,
ауданаралық, мамандандырылған сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Сот билігі органдары
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының сот билігі
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Пәндер