Геоақпараттық технологияларды қолдану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Геоақпараттық жүйелер кеңістіктік мәліметтер мен технологиялардың негізі ретінде . . . 6
1. 2 Геоақпараттық жүйелердің картографияда қолданылуы . . . 20
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Атырау облысының мұнай құбырларына сипаттама . . . 30
2. 2 Аймақтың географиялық-геологиялық жағдайы . . . 55
2. 3 Топографиялық картаға құбырларды түсірудің ерекшеліктері . . . 65
3. ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3. 1 Мұнай құбырын түсірудің тиімділігі . . . 74
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 92
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 93
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Өткен ғасырдың соңында ақпараттық жүйелердің жаңа класы - географиялы ақпаратты жүйелер (ГАЖ) пайда болды. Олар табиғи ресурстарды басқару мен өндірістің көптеген түрлерін ұйымдастырудың негізгі құралына айналып отыр.
Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы - Каспий теңізі Евразия материгінің үлкен және ішкі бөлігін алып жатыр. Каспийдің Казақстанға тиесілі бөлігіне Каспий теңізінің солтүстік - шығыс жағалауы мен Каспий ойпатының оңтүстік -шығыс бөлігі жатады.
Казақстандық жаға сызығының ұзындығы 2320км-дей, оның ішінде 20 м-ге дейінгі тереңдікті солтүстік бассейнінің үлкен бөлігі және 800 м тереңдікке дейінгі орта бассейннің шығыс бөлігі.
Каспийдің бір ерекшелігі - адам әрекетінен жиі өзгеретін климаттық жағдаймен түсіндірелетін, оның деңгейінің тұрақсыздығы. Соңдықтан да, теңіз деңгейін болжау, өзгерістері біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының балансын құрайтын экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің тұрақтылығынан туындайтын ықтималды - статистикалық және климаттық (гелиофизикалық) әдістерге негізделген.
Көмірсутекпен ластану көздері - су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Бірақ, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау шаруашылығынан жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты ластану өсіп келеді.
Қазіргі кезде мұнай - газ кешенінің су басуы басты мәселе болып отыр.
Сөйтіп, 2001 жылдың наурызында белсенді мұз қозғалысы Тажғалы, Южный өндірісіндегі екі консервацияланған ұңғымалардың бұзылуына себеп болды.
Су алу зонасындағы жартылай суда тұрған качалкалар тозған құбырлармен мұнай айдауда. Мартышенский, Приморский, Прорвинский және Бузачинский тобындағы кенорындарын теңіз және тежеме көтермелі грунт сулары жартылай алып жатыр, оларды толық су алудан үнемі жаңартылып отыратын, жергілікті материалдан (құм, саз, т. б. ) жасалған, техника жағынан тиімсіз, жел көтерме толқындармен жиі бұзылатын бөгеттермен қорғауда.
Шығыс Көкарна, Тажығалы, Прибрежный, Пустынная, Морское кен орындары толық су астында. Қазірдің өзінде, көмірсутекпен ластану деңгейінің жоғары көрсеткіші Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінде байқалды, онда оның концентрациясы шекті рауалы концентрациядан артық (0, 05 мг/л) .
Атырау облысы жерінің ластануын атап өту керек, ол, негізімен, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау, өңдеумен және қазіргі кезде 57600, 0 мың тоннаға жеткен, оның ішінде 2, 2 мың тоннасы - улы, ал 83, 1 мың тоннасы - радиоактивті өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты түсіндіріледі.
Шығарылатын қалдықтардың жылдық көлемі - 320057, 1 тонна. Мұнай өндіруші аймақтарда мазутталған жерлер ауданы шамамен 185, 2 мың шаршы метр.
Сөйтіп, Каспий теңізі мен оның жағалауы, Қазақстан үшін тек қала мұнай долларының көзі емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы. Бұл мәселелерді геоақпараттық технологияларының кешенді анализінсіз және дистанционды зондтау әдістерімен жаппай бақылаусыз шешу мүмкін емес.
Аумақ, адамның өмір сүру ортасы ретінде, көптеген жаратылыстанушылармен зерттелген, территория туралы ғылым классикалық ғылымдарға қарағанда ертерек пайда болған. Бірақ, қазіргі адамзаттық техникалық дамуы қоршаған ортамен араздыққа алып келген кезде, аумақты табиғи - техногенді кешен ретінде кешенді талдау қажеттігі өршуде. Аумақтың табиғи және антропогендік факторлар әсерімен даму заңдылықтарын білу - негізгі мәселе. Соңғы он жылдықта аумақты зерттеуді осы әдіспен жүзеге асуына көп көңіл бөлінуде.
Негізгі мәселелердің бірі - аумақты басқару. Қуатты ақпараттық технологиялар пайда болуының алдында, шешім қабылдау үрдісі уақытқа, кейде кеңістікте де біріктірілмеген берілгендерге негізделген. Аумақты зерттеу бағыттарының үш тобын көрсетуге болады (1. 1 сурет) . Ол - зерттеу бағыты , ол, мысалы, берілген аумақтың деградация үрдісі зерттеліп, оның ортақ заңдылығы қарастырылғанда қолданылады.
Қолданбалы бағыт , оған негізделіп, нақты мәселелер шешіледі, мысалы, мұнай өндіріс маңындағы мазутталған жерлер ауданын анықтау. Және де, жобалық - ізденіс жұмыстар, мысалы, берілген аумақта экологиялық таза тәсілмен мұнай өндіруді негіздеу және жобалау. Сөйтіп, тек соңғы қорытынды сатыда ғана шешім қабылданады, мысалы мұнай өндірісін қайта құру (реконструкция) туралы. Мұндай көпсатылы үрдіс кешенді және сапалы шешімге кепіл бола алмайды. Адам өмір сүру ортасы ретіндегі аумаққа қайтарымсыз апат әкелген бұрыс шешімдер нәтижелеріне көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазіргі кездегі геоақпараттық технологияларды қолдану аумақты зерттеудің барлық сатыларын - ғылыми зерттеуден жобалыққа дейінгі, бір уақытта зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай интегралданған берілгендер негізінде шешім қабылдау үрдісі тиімдірек, ал шешімдер негізделген болады.
Әсіресе Қазақстан жағдайында табиғи және минералды ресурстарды игеруді бақылау негізгі мәселе. Мұнда, біздің ойымызша, өзінде аумақтық объектілер, олардың қарым - қатынастар анализы үрдісі және космостық мониторингті біріктіретін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) мүмкіндігі жоқ сияқты. Әрине, мониторингтың алғашқы объектісі және оның негізіндегі «Каспий» ГАЖ - сі Каспийдің Қазақстандық бөлігінің аумағында құрылған.
Тиімді бақылау жүргізу үшін, әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-өндірістік міндеттер тұрғысынан шешімдер қабылдауды жеңілдету үшін жағдайға дұрыс баға беруі, болжау және басқару шараларын жүзеге асыруы керек.
Қазіргі кезде ақпараттық жүйелерді қолдану арнайы оқытылған программистер мен операторлардан тұратын тар шеңбердің шекарасынан шығып келеді. Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау қажеттілігі тұтынушылардың көп бөлігінде пайда болады. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау көмегімен басқару, бизнес міндеттері, мамандардың мониторинг ісі мәселелері ғана емес, сонымен қатар барлық басқару буындарындағы міндеттер орайлы шешіліп келеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу нысаны . Атырау облысының мұнай құбырларын топографиялық картаға салу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Атырау облысының мұнай құбырларын топографиялық картаға салу кезінде геоақпараттық жүйені және технологияларды қолдануды зерттеу.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- геоақпараттық жүйелердің мазмұны мен мәнін ашу;
- геоақпараттық жүйелердің картографияда қолданылуын анықтау;
- Атырау облысының мұнай құбырларына сипаттама жасау;
- аймақтың экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған геоақпараттық жүйесін жасау және оны жүзеге асыру;
- топографиялық картаға құбырды түсірудің ерекшеліктеріне баға беру;
Дипломның ғылыми жаңалықтары:
- алғаш рет геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, Атырау облысының мұнай құбырларын топографиялық картаға түсіру технологиясы мәселесін кешенді түрде шешу негізделді;
- мұнай-газ игеретін маңайдағы экологиялық тепе-теңдікті сақтайтын табиғатты пайдаланудың оңтайландырылған экологоиялық - экономикалық моделін жасау негізінде ресурстарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың кешенді шаралары жасалынды.
Дипломының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тұжырым мен пайдаланылған әдебиетттер тізімінен тұрады.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Геоақпараттық жүйелер кеңістіктік мәліметтер мен технологиялардың негізі ретінде
ГАЖ технологиясының даму тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең 50 жылдарда компьютерлік технологияның жетістіктерімен 60 жылдары пайда болған графикалық дисплейлер және де ЭЕМ басқа сыртқы құжаттарының дамуына байланысты болды. Бұл кезеңнің тағыда бір ерекшелігі грамматикалық алгоритмдер және де графикалық мәліметтреді дисплейде бейнелеу мүмкіншілігімен кеңістік сараптама әдістері және деректер қорын басқару жүйесіне байланысты программалардың шығуы.
Геоинформатика мен ГАЖ-дың шартты дамуына және жетістігіне ықпал жасаған, әрине бұл Канаданың географияның ақпараттық жүйесінің шығуы мен оның жасалуы. 60 жылдың басында жасалып, бұл ГАЖ осы уақытқа дейін қызмет жасап келе жатыр.
Канаданың ГАЖ-ның “атасы” болып Роджер Томплинсон болып табылады, және де осы кісінің жетекшілігімен көптеген концепциялық жетістіктерге технологиялық шешімдер жасалып, іске асырылды.
Сонда, Канаданың ГАЖ-лері ГАЖ технологиясына дамуына және өркендеуіне қосқан үлесі қандай деген заңды сұрақ туады.
1) Геодеректерді енгізу процессін автоматтандыру процессінде сканерлерді қолдану.
2) Картографиялық ақпараттарды тематикалық қатпарларға бөлу және олар үшін “деректер атрибуттік (өзіндік қасиеті) таблицасын құру. Бұл жетістік (пландық) геометриялық геоақпараттарды бірнеше файлдарға бөлу мүмкіншілігі пайда болды. Осы файлдан объектілердің тұрған орны (жері) туралы геоақпарат және сол объектілер туралы ақпараттар орналасқан [1, 10б] .
ГАЖ технологиясының дамуына және өркендеуіне Гарвардтың компьютерлік графика және Масачусец технологиялық университетінің кеңістікті сараптау лабораториялары өз үлестерін қосты.
Гарвард лабораториясының программалары кең түрде таралып көптеген ГАЖ қосымшаларына деректер қорын жасауға мүмкіншілік берді.
Қазіргі кездегі Гарвард лабораториясының белгілі программалары:
- SYMAP (көпбағытты картографиялық жүйе) .
-CALFORM (картографиялық бейнелерді плоттерге шығару программасы.
- SYMVU (үшөлшемді бейнелерді көрсету)
- ODYSSEY (белгілі ARK/INFO-ның негізін салушы)
Мемлекеттік кезең. 1930 алғашы, 1980 алғашы. Ірі геоақпараттық жүйелерді мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсету кезеңі деп айтсақ та болады. Себебі осы кезде жеке дара ізденушілердің және де шағын топтардың ГАЖ-ға қосқан үлесі саябырсыды. Соның салдарынан ГАЖ саласында мемлекет тарапынан ірі институттар құрылды.
Бұған себеп болған жәйт, АҚШ 60 жылдың басында ГАЖ-технологиясын халық санағын жүргізуге пайдалану еді. Оны жасау үшін халық санағын деректерін географиялық «бекіту» әдістемесін ойлап шығару қажет болды. Осы мәселені жүзеге асыру үшін АҚШтың Ұлттық әлеуметтік санақ бюросы құрылды (ҰСБ), және де «санақ географиясы» атты кешенді жоба жасалды. Картографиялық деректерді көрсету үшін арнайы формат DIME жасалды. Мұнда бүкіл АҚШтың тұрған мекен жайлары тік бұрышты координаттар мен жекеленген сегменттермен анықталды. Картографиялық деректерді көрсету және өңдеу алгоритмдерін программа ретінде POLYVRT (керекті координаттарда тұратын мекен жайларды және көшелердің сегменттерін сипаттайтын) Канада ГАЖынсы және Гарвард лабораториясынан алынды.
Сонымен, бұл кезеңде бірінші рет кең түрде географиялық ақпараттарды басқаруда топологиялық тәсілде пайдаланылды және де бұл тәсілде объектілердің кеңістікте бірімен бірінің байланысын математикалық амалмен көрсетілді.
Осындай ГАЖ-ды мемлекеттік қолдау ГАЖ-дың ары қарай дамуына мүмкіншілік берді де, DIME - файлын қолданып экспериментальдық (тәжірибелік) жұмыстар ГАЖ аумағында, әсіресе көшелердің торабынан дерекетер қорын жасауда үлкен әсерін тигізді.
ГАЖ аумағында, әсіресе көшелердің торабының көрсеткіші 1-суретке сәйкес көрсетілген.
1-сурет. ГАЖ торабы
Яғни, ГАЖ технологиясын мемлекеттік қолдау барысында жеткен жетістік:
- навигацияның (бағытты анықтау) автоматтық жүйесі жасалды;
- қала қоқыстарын шығару жүйесі жасалды;
- төтенше жағдайда қаладағы көліктердің жүру бағыттары анықталды тағы басқалар.
Осы кезеңде шоғырында айналып өткен пунктерге байланысты үлкен қалалардың атлас карталары жасалды. Ол атластарда 1970 санақ нәтижелері көрсетіліп тұрды.
Коммерциялық өркендеу кезеңі, 1980 басымен осы уақытқа дейін.
Осы кезеңде көптеген программа құжаттары столға қоятын ГАЖ технологиясы. Осы технологияны кеңістікте жатпайтын деректер қорымен интеграциялап, оны кеңейту, кәсіби емес көптеген қолданушылардың пайда болуы, деректер қорын қолдау жүйелері пайда болды. Жоғарыда жетістіктер арқасында геодеректер қорын үлестіруші және корпоративтік қолданушы жүйелеріне жол ашылды.
Осы кезеңдегі Джек Дендтермонд экология жүйесін зерттейтін институт ұйымдастырды (ESRI) . Бұл институттың негізгі бағыты Гарвард лабораториясы және де басқа мекемелердің ГАЖ-технологиясының әдістемелеріне, технологиясына және алдыңғы қатарлы ой сансарына негізделген.
1980-ші жылдардың басында атақты ArcINFO TUС - технологиясы іске асырылды және осы ArcINFO осы уақытқа дейін алдыңғы қатарлы технология болып есептелінеді. Бұл ГАЖ технологиясында Канадаға ГАЖ-дағы идеялар яғни ақпараттарды екі түрде графикалық (геометриялық) және интрузивтік түрде екі бөліп сақтау, және көрсету жүзеге асырылды.
Демек, интрузивті ақпаратты сақтау және онымен жұмыс істеу (INFO) үшін стандартты реакциялық басқару жүйесі жүзеге асырылды, ал графикалық білектілерді сақтау және олармен жұмыс істеу үшін (ARC) арнайы программа жасалды. ArcINFO жекеменшік компьютерлер үшін жасалған бірінші программалық пакет болды. Сонымен қатар, бұл пакет (ArcINFO) басқа техникалық платформамен (тірек) көп операциялық жүйелермен жұмыс істей береді. ArcINFO алғашқы жетістіктері орман-тоғай шаруашылығында қолдануы болады. Қазіргі кезде бұл программалық құжат, ESRI. INK компаниясының жеке дара компьютерде жұмыс станцияларда қолдануы дүние жүзіне белгілі.
Екінші коммерциялық кәсіп орын болып Intergraph Cozp болып табылады. Бұл кәсіпорын ГАЖ-дің ақпаратты программалар жасауда алдыңғы қатарда келе жатыр. Бұл 1969 жылы, бастапқы аты M&S Computing атымен IBM ломпаниясының бұрынғы қызметкері Д Мидлок құрған. Бұл компанияның алғашқы жетістігі А. Қ. Ш соғыс кәсіпорын кешендерін (ВПН) ракеталарды бағытын басқаруға арналған. Бұл фирманың активінде, бірінші болып жергілікті басқаруда картографиялық деректерді интерактивті жүйесін жасап шығарады.
Қазіргі кезде фирма ГАЖ-ге арналған жұмыс станциялар, оларды программалармен қамтамассыз етуде алғашқы қатарда келе жатыр.
Пайданушылар кезеңі. 1980жылдардың аяғы мен қазіргі уақытқа дейін.
Геоақпарат технологиясын жасаушылар арасында бәсекелер көбейіп, соның салдарынан ГАЖ технологиясын пайдаланушылар неғұрлым жетік программалармен қамтамассыз етіліп, тіпті бірімен бірі байланыс топтар құрып, геодеректерге үлкен сұраныстар жасалып және де бүкіл дүние жүзілік геоақпараттар инфроқұрылымы пайда болды.
Бұл шақта тұтынушыларға жаңа қарым - қатынасты, геоақпаратты программалар құрастырушы және иесі нәтижелі жұмыс істей білді. Бұлардың жасаған жұмысшы станциясы, осы жоғарыда көрсетілген программалармен жасақталып, табиғи байлықтарды және жерді пайдалануға бағытталған [2, 58б] .
Бәсекелердің арқасында ESRI. INS 1994 жылы (ArcView for Windows) интернетте ашық таратуға мәжбүр болды. Нарықтық экономика барысында және фирмалардың бәсекелесуінің кезінде дара компьютерлерге арналған программалар өте көбейді. Бұл жағдай кәзіргі кезеңде ГАЖ технологиясына бағытталған мамандарды оқытып дайындау фирмалар мәжбүр болды.
Ілгері дамыған елдерде бұл мәселе ұлттық немесе халықаралық. Геокеңістік деректер программаларын мамандар дайындауға бағытталады.
ГАЖ технологиясы басқа информациялы технологияларға қарағанда жеке дара тұрғандықтан және бұл технологияның жедел дамуы ғылым мен өндіріс салаларын кең түрде қамтуын, ГАЖ-ға қысқа да түсінікті анықтама беру өту қиынға соқты.
Жалпы түрде, ГАЖ - бұл жер бетінің бір бөлігіне бекітілген кеңістік информациясын өңдеуге және басқаруға арналған құрал. Ал термин болса интелектуалдық, мәдениеттік, экономикалық және саясаттық мақсатта өзгеріп тұрады. Бұл терминология өте өзгермелі, тіпті шым-шытырық, біріне - бірі қарама-қарсы анықтамалар пайда болды.
Егер біз ГАЖ-ға анықтама бермей, тек баяндама жасасақ, бұл деректер қорымен жұмыс істейтін қарапайым операциаларды сауал және статистикалық және географиялық талдау жасайтын және біріктіретін технология.
1-кесте
Географиялық ақпараттық жүйе көрсеткіші
Географиялық ақпараттар жүйесі
Геоматика
Американдық терминология
Еуропалық терминология
Табиғи қорлар ақпараттық жүйе
Жер ғылыми мен геологиялық ақпараттық жүйе
Кеңістік ақпараттық жүйе
Кеңістік талдау ақпараттық жүйе
Сонымен, географиялық ақпараттық жүйе деп - кеңістңкте координатты түрде таралған немесе белгіленген және бейнеленген деректерді жинақтап, сақтап өңдейтін сараптауды қамтамасыз ететін информациялық жүйені айтады.
ГАЖ территориялық қамыту бойынша, глобалдық планеталық, континенттік, националдық немесе мемлекеттік, регионгалдық, локалдық және жергілікті болып бөлінеді.
Ақпаратты моделдеу және қолдану аумағында - қалалық, функционалдық табиғатты қорғау жәен т. б. болып бөлінеді.
ГАЖ-дың істелінетін ГАЖ өзіне бес түрлі құрамнан тұрады. Бұл ақпараттық құрал, программамен қамтамасыздандыру, деректер, орындаушылармен (жұмысты) және әдістемелер.
2-сурет. ГАЖ торабы
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) кеңістіктік құрамдастың негізінде алуан текті деректер мен ақпаратты біріктірудің негізі ретінде, әкімшілік шешімдер қабылдауға арналған негізгі элемент болып табылады [3, 221б] .
Инфрақұрылымды, табиғи ресурстарды, қоршаған ортаның күйі мен жалпы алғанда аумақтарды тиімді басқару, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тек қана ГАЖ интеграциялау қабілетіне негізделеді. Бүгінгі таңда Компания ГАЖ/ДҚБЖ технологияларыын негізге алған қазіргі заманғы бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірлеп, бірнеше ірі қазақстандық мұнай компаниясының өндірісіне ендірді. Солардың ішінде:
- «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясында инфрақұрылым бойынша Корпоративтік геологиялық деректер қорын әзірлеу және ендіру - 2002
- «ҚаражанбасМұнай» компаниясында ГАЖ/ДҚБЖбазасында ҚО Өндірістік Мониторинг жүйесін әзірлеу - 2002
- «Аджип ККО» үшін қоршаған ортаның бүгінгі және тарихи күйі бойынша Геологиялық деректер қорын әзірлеу -2004, 2006, 2008
- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның өндірістік инфрақұрылымының Корпоративтік геоақпараттық жүйесін әзірлеу.
Орындалатын жұмыстардың түрлері:
Кеңістік бойынша үлестірілген ақпаратты басқару, талдау мен өңдеу бойынша бағдарламалық құралдарды әзірлеу:
Қоршаған ортаны қорғау мен байқау саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеу және ендіру.
Инфрақұрылымды және табиғат қорғау ақпаратын автоматтандыру мен басқару міндеттері үшін ҰҒЗ әзірлеу және жобаларды«сақадай сай» тапсыру.
Төмендегі мақсаттарда түрлі геоэкологиялық және ресурстық ақпаратты басқаруға арналған кеңістіктік деректердің электрондық жүйелерін әзірлеу:
аумақтық басқарушылық және жобалық шешімдерді негіздеу;
табиғатты қорғау қызметін басқару;
экологиялық және кеңістіктік бақылау мен байқауды жүзеге асыру;
кеңістіктік құрамдастың негізінде деректерді есепке алу, түгендеу және бір жүйеге келтіру.
Төмендегілер үшін қолданбалы қорларды әзірлеу:
ақпаратты жүйелендірген түрде сақтау және басқару;
табиғатты пайдаланушылар мен бақылаушы ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінің жұмыстарын кешенді түрде автоматтандыру;
қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында ақпараттық қолдау көрсету.
Геоақпараттық жүйенің жаңа буыны:
Қазіргі кезде ГАЖ әртүрлі компьютерлі платформада жұмыс істейді - ортақтандырылған серверлермен, торапталған жекеленген компьютерлер, стол үстіне орналасқан жекеменшік компьютерлерге дейін.
ГАЖ - технологиясы әртүрлі фуекциялармен құжатармен қамтамасыз етілген. Бұлар, географиялық ақпаратты сақтауға, өңдеуге және бейнелеуге арналған.
Негізгі бағдарламалық компонент болып деректер қорын басқаратын жүйе (ДҚБЖ) кеңістікте сұранысты қолдайтын және өңдейтін, бейнелейтін құралдар мен функцияларға оңай жету үшін географиялық қолданушы интерфейс.
Деректер - бұл ГАЖ технологиясының ең маңызды компоненті болып табылады.
Кеңістікте таралған географиялық деректер, олармен байланысты кестелік деректер пайдаланушының өзі жасауға мүмкіншіліг бар, немесе қамтамасыз етуші мекемеден, интернеттен т. б. алынады.
ГАЖ технологиясын кең түрде қолдану адамның қатысымен болады. Адамдар (мамандар) бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасайды, жобалар құрастырады, оларды жүзеге асырады. ГАЖ технологиясын пайдаланушы болып техникалық мамндармен жәй қарапайым қызметкерлерде істейді. Оларға ГАЖ күнделікті немесе проблемалы мәселелерді шешіп береді.
ГАЖ-ді қолдануда оның табыстылығы және нәтижелілігі дұрыс жоба жасау және жұмыс шартына байланысты. Ал мұның бәрі әрбір өндірістің алғы қойған мақсатына байланысты. Бұл кезде ГАЖ-ді қолданушы осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болады. Кеңістіктік сараптама және үлгілеу кезінде ГАЖ-ді қолданушы өзінен-өзі осы ГАЖ-дің бір бөлшегі болып кетеді. Әрине, мұндай жұмыс барысында үлкен тәжірибе қажет [4, 91б] .
ГАЖ-дің басты артықшылығы бұл картадағы объектілерді кеңістікте бірімен бірінің байланысын табу. Жалпы айтқанда, ГАЖ картаны өзінде сақтамайды, ол осы карталар туралы деректерді сақтайды. Ал осы деректер арқылы қолданушы алдына қойған керекті мақсатты орындайды.
ГАЖ кеңістіктегі деректерді, әрбір ерекшелеген (жекеленген) объектілермен географиялық ақпараттармен байланыстырады. Ал бұл ақпарат объектінің сипаттама түрінде ( графикалық) немесе атрибуттар ретінде сақталады. Мысалы, жол торабы жолдың осьтік сызығымен көрсетілсе, біз жол туралы көп мәліметтер ала алмаймыз. Ал осы жол туралы көбірек мәлімет алғымыз келсе (ұзындығы, ені т. б. ) біз деректер қорына жүгінуіміз керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz