Педагогикалық ұжымдағы қарым – қатынастардың әлеуметтік психологиясы


Педагогикалық ұжымдағы қарым - қатынастардың әлеуметтік психологиясы
- Педагогикалық ұжым
- Педагогикалық ұжымдағы ұйымшылдық және әлеуметтік психологиялық келіспеушілік
- Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуал.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
- Социальная психология. Под редакции А. В. Петровского. М., 1987.
- Андреева Р. Н. Социальная психология. М., 1998.
Қосымша әдебиеттер:
- Немов Р. С. Психология. м., 1990.
- Ковалев А. Г. Курс по социальной психологии. Ленинград ., 1972.
Ұлағатты сөздер
Ұжым - күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол
аспабымен ойнайды.
В. А. Сухомлинский.
Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады.
Н. А. Островский.
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым - қатынасы.
А. Линкольн.
Егер мақсатың болмаса, түкте тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай керекті нәрсе тындырмайсың.
Д. Дидро.
Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.
Л. Фейербах.
Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек.
Н. Н. Миклухо - Маклай.
Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.
Абай Құнанбаев.
СӨЗЖҰМБАҚ
- Белгілі мақсаты бар адамдар жиыны (Ұжым) .
- Тәрбиелеуші және қалыптастырушы тұлға (Мұғалім) .
- Адамдардың психологиялық климатына ықпал жасайтын әдістердің бірі (Сендіру)
- Ұжымның психологиялық климатына ықпал жасайтын әдістердің бірі (Сендіру)
- Әлеуметтік психологиялық ахуалдық қызметінің бірі (Реттеушілік)
- Әлеуметтік психологиялық ахуалдық тұлғаға ықпал жасау тетігі (Еліктеу) .
- Қолайлы әлеуметтік психологиялық климаттық көрсеткіштері (Сезімдік) .
- Әлеуметтік психологиялық ахуалдық қызметінің бірі (Ынталандыру)
1. Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік психологиялық талдау жасағанда оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлінетінін аңғарамыз. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары еңбек жүктемесінің бөлінісінің ресми реттелуге байланысты.
Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп ережелер негізінде еңбек ұжымының өзінің мүшелерімен әрекеттеседі. Бұл сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер білім стандарттары оқу бағдарламасымен сабақ кестесін кәсіптік әдеп қалыптарын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал мектеп басшылығымен ара қатынасымен реттеледі. Ұжымның қалыпты жұмыс істеуі оның ресми құрылымы бірінші кезекте ұжым әрекетіне, екінші шәкірттердің кадрларға, жұмысты ұйымдастыру деңгейіне әрекеттерді орындаудағы сапа мен жауапкершілігінің оқу тәрбие процесінің барысында тексеру нәтижесінің қорытындысына материалдық техникалық базасына, қоғамдық міндеттермен тапсырмалардың тең бөлінуіне байланысты айқындалады. Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын - ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс - әрекет негізінде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасында қалыптасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар түрлі сезімдер негізінде қалыптасады. Мұндай құрылым ішкі көбінесе жасырын көзге көрінбейтін жағдайлар танытады.
Адамдар қоршаған орта әлемімен өмір сүреді және дамиды. Бұл қоршаған орта әлемі көп қырлы:
- адамдардың бір - біріне қатынастары
- адамның табиғатқа қатынастары
- денелер әлеміне қатынастар
- материалдық және рухани құндылықтарға қатынастары.
Әрбір адам білім және тәжірибе жинақтауынна сәйкес әлемді танып өзін - өзі жаңғыртады, табиғатқа қатысты оны тану игеруі бойынша ұжымдық күште қоғамда жетіледі. Денелер әлемін табиғатты теориялық тұрғыдан түсінуіне сәйкес материалдық байлықты игеруі бойынша рухани жетілуіне қатысты әлеумет өркениеттілігін арттырады. Ұжым - дегеніміз - латын тілінен collektivus адамның әлеуметтік ұжымдасуы. Ұжым әлеуметтік ғылымдар саласындағы маңызды категория. Олар қоғамдық мақсаттылығы мен мәні негізінде бірігеді. Педагогикада негізгі категория ол тәрбиеленуші ұжым басты функциясы өскедең ұрпақты тәрбиелеу лайықты ізбасарларды даярлау әлеуметтік қоғамдарды дамыту.
Еңбек ұжымдары әрбір адамның қалыптасуына, дамуына, жетілуге ықпал етеді. Ұжым өзінің әрбір мүшесін тәрбиелейді. Ұжым мүшелері өздерінің білімін, біліктілігін, демократиялық талаптарын рухани байлығын іспен көрсетеді, нәтижеде ықпал жасайды. Ұжымның екі түсінігі айтылады.
- Кез келген ұжымды, топты мысалы, зауыт фабрикаларды, акционерлік қоғамдарды, ашық жабық кәсіптік қоғамдарды стдуенттік топтарды.
- Топтың ол жоғары жетілген деңгейімен білінеді. Ұжым негізінен құрамы бойынша тұрақты бірыңғай ереже, тәртіп, жоғыра жүйесімен қызмет етеді. Негізінен жұмыс оқу мақсаттары өмір функциясын жан - жақты дамыту, бірыңғай талап жүйесін жасау.
3. Ұжымда бірліктерді жетілдіру адамның белсенді жасампаздық қызметтері біліп береді. Саналы және біліктілік олардың рухани батыл ұйымдастырылған. Мысалы, Еуропа Одағы діни бірлестік халықтық ассамблеясы, бүкіл әлемдік сауда ұйымы немесе концерттік бірлестік, әрбір ұжым бастысы білім алатын, еңбек ететін азаматтардың қоғамның бірігуі. Олар еңбекте оқу қызметімен қоғамға қажет материалдық және рухани құндылықтар жатады. Жалпы еңбек етуші жастар еңбек ұжымына жаңа күш болып енуге қажетті білім тәжірибе біліктілікке ие болады. Ұжымдағы әрбір іс дәстүрге сай ережелер, жарғы, регламент, тәртіп бойынша жұмыс істейді.
2. Мектептегі педагогикалық ұжым қоғамдық ортаның ережесімен нормасына бағынады.
Педагогикалық ұжымның спецификалық ерекшеліктері былайша бөлінеді:
Біріншіден, педагогикалық ұжымда мәселені кең көлемде, яғни кім оқытады және тәрбиелейді, сонымен қатар, кімді оқытады және тәрбиелейді, осының нәтижесінде оқытушы және тәрбиелеуші ұжымы қалыптасады. Мектептегі оқыту және тәрбилеуші ұжымы түрлі қоғамдық жұмыстарға, ұйымдарға барлығы дерлік қатысады. Оның негізінде оқушылардың жекелік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Екіншіден педагогикалық ұжымның негізгі пән мұғалімдері құрайды. Өзара қарым - қатынаста шектелген көлемде сынып оқушыларымен оқу жоспары бойынша тапсырмаларды орындауда, егер де өзара қарым - қатынас ұйымдасқан түрде болмаса, сәттілік пен сәтсіздік осы екеуінің біреуі өзгелердің сәтті немесе сәтсіз жағдайы болмайды.
Үшіншіден, педагогикалық ұжымның іс - әрекет эффектісі оқыту деңгейі бойынша анықталады. Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жасағанда нәтижеге жетуде мақсатқа байланысты және кіші сынып оқушыларының жұмысшының нәтижесіне де байланысты болады.
Төртіншіден, еңбек ұжымының эффективті мінездемесінде өндірілетін өнімнің сапалық және сандық бағасының көмегімен педагогикалық ұжымдағы іс - әрекеттің эффективті креитерииі сапалық және сандық есебі қиындықпен орындалады. Әр түрлі жағдайларда педагогикалық ұжымның жұмысының нәтижелілігі үлгерім пайызы бойынша қанағаттанарлықтай бола бермейді.
Педагогикалық ұжымға әлеуметтік психологиялық мінездеме ұйымдағы спецификалық ерекшелігі бойынша беріледі.
Педагогикалық ұжымға берілетін мінездеме оның ауыз біршілігінен көрінеді. Ауызбіршілік - бұл педагогикалық ұжымға берілетін интегративті әлеуметтік психологиялық мінездеме.
Жас және тәжірибесі жоқ педагог ұйымшыл ұжымда жетекшілік етуде тәжірибесі мол және талантты мұғалімдерден гөрі көптеген табыстарға қол жеткізеді. Қандай болмасын ұжымда оның мүшелерінің ұйымшылдығымен және ауызбіршілігінің негізінде көздеген мақсатқа жетеді. Ұжым мүшелерінің жалпы мақсаты, анық көрінген қабілеттіліктері, бір - бірінің қалауы мен міндеттері негізінде екінші бір адамның іс - әрекетінен күткен жағдайда көрініс береді.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе климаттық ауытқуды атауға болады. Әлеуметтік психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамның тікелей қарыс - қатынасы саласында пайда болатын қарама қайшылықтардың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырылады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ол дегеніміз іс - әрекеттің мақсатына келіспейді, бірін-бірі түсінбейді, келіспеушіліктер әр түрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Олардың негізгі үш тобын атауға болады.
- Кәсіптік педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін іскерлік.
- Мінез - құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуі.
- Педагогикалық процестерге қатысушылық мінезімен темпераменттік ерекшелігі негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушілік.
3. Ұжымдағы көңіл - күй, қоғамдық пікір, эмоциялық күш қуат, өзіндік ара қатынастардың деңгейін онда қалыптасқан әлеуметтік психологиялық ахуалмен анықталады. Психологиялық климат әлеуметтік психологиядағы ахуал немесе микроклимат әлеуметтік ұғымдары ғылыми емес, астарлы ауыспалы ұғымдар географиялық ахуал сияқты ұжымдағы әлеуметтік психологиялық жағдайлары адамның сол ахуалдағы өзін сезінуі тұлғалық және кәсіптік қатынастарда өзін - өзі жан - жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын ондағы ұжымдағы ұжым мүшелерінің өзара қарым - қатынасы, көңіл - күйі, бірлесе атқарған жұмыс процестеріне көңілінің толуы оның сапасы, ең негізгісі өсуі маңызды. Жағымды әлеуметтік психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым моральдық психологиялық күш береді, жауапкершілік, құрметтеу, талап қоюшылық, сергектікпен ерекшеленеді. Әлеуметтік психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс - әрекетімен өзара қарым - қатынас үдерісі оның даму сипатын танытатын ұжымның сезімдік психологиялық жағдайының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік психологиялық ахуалды осылай түсіне отырып негізгі 4 қызметін атауға болады:
- топтастырушылық қызметі, яғни ұжым мүшелерінің оқуға, еңбекке қатыстары бойынша міндеттерін шешуге қатыстары бойынша мінедеттерін шешуге ұжымдық күш жігерді топтастыруын және бірігуін іске асырады.
- Ынталандырушылық қызмет-педагогикалық әрекеттің қолда-нылуына қажетті ұжымның эмоционалдық күш қуатын қалыптастыру қызметі.
- Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғы шарт жасайды.
- Реттеушілік қызмет өзара қарым - қатынас қалыптарын нығайтуда ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді. Психологияда қолайлы әлеуметтік психологиялық климаттардың көрсеткіштері:
1) тұлғааралық
2) адамгершілік
3) сезімдік
4) құқықтық
5) Өзара қатынастар алынады.
Ендігі бір жағдайда ұжымдық әрекет тиімділігі барынша жалпы сипатына баса мән беріледі. Ондай 8 сипаттар мыналар:
1) ұжым мүшелерінің ұжымдағы еңбек процесі және нәтижесіне қанағаттануы.
2) ресми және бейресми жетекшінің беделін мойындау.
3) ұжымдағы жарқын көтеріңкі көңіл - күй.
4) ұжым мүшелерінің басқаруы және ұжымның өзін - өзі басқаруға қатысуының жоғарғы деңгейі
5) ұжым мүшелерінің ынтымақтастығы және ұйымшылдығы.
6) сапалы тәртіп
7) еңбектің өнімділігі
8) кадрлардың тұрақтылығын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz