Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі


Халықаралық Ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 БӨЛІМ. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілік теориясы . . . 10

1. 1 Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтық жауапкершіліктің субъектісі ретінде . . . 10

1. 2 Халықаралық ұйымдардың жауапкершілік концепциясы . . . 13

2 БӨЛІМ. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық жауапкершілігінің

мазмұны . . . 21

2. 1 Халықаралық ұйымдардың жауапкершіліктің пайда болу негіздері . . . 21

2. 2 Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетерін саралау мәселелелері . . . 32

Қорытынды . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Кіріспе

Әлемдегі халықаралық қатынастар мен интеграциялық процесстердің жылдам дамуы жаңа институттар мен көкейтесті мәселелер пайда болатын халықаралық құқықта анық көрінеді. Олардың бірі болып халықаралық құқықтың институты болып табылады. Сонымен бірге дәл осы институт бүкіл халықаралық құқықтың кепілі және оның сенімділігі мен әлемдегі абыройының индикаторы болып табылады. Біріншіден, халықаралық құқықтағы жауапкершілік ретінде оның негізгі субъектілері мемлекеттердің жауапкершілігі болып табылады.

Қарама-қайшы болып бұл мәселенің көптеген жылдар ішінде қалай батыс, солай отандық халықаралық құқық ғылымында ашық қалатыны болып табылады.

Дәл осы жағдай авторға халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі тақырыбын кешенді зерттеуге бастауға себеп болды. Дәл осы жұмыс осы тақырыпты ары қарай зерттеуге алғашқы қадамы болып табылады. Осы тақырыптың өзектілігі келесі жағдайға байланысты түсіндіріледі:

  1. Мемлекеттерде болып жатқан ұлттық процесстерге белсенлді әсер ететін әлемдегі халықаралық жәнен интеграциялық ұйымдардың рөлі мен санының көтерілуі, мемлекеттермен және өздері арасында халықаралық келісімдерде тікелей қатысудағы олардың құзыреттерінің кеңеюі. Өз кезегінде, ол қабылданған міндеттерді адал ниетпен орындау жөнінде өз міндетін арттырады және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
  2. Халықаралық құқықтың қайсысы да субъектілерінің, жеке тұлғалардың және коммерциялық ұйымдардың, біріншіден, халықаралық ұйымдармен құқық қатынастарын орнататын ҚР азаматтары мен компаниларының қызығушылықтарын қорғау қажеттілігі. Осы субъектілерге халықаралық ұйымдардың жасалған халықаралық құқыққа қайшы әрекеттердің зардаптары үшін барабар өтеуді өз уақытымен алуға өз құқығын жүзеге асыру кепілін беру.
  3. Халықаралық ұйымдардың құқықтарын қорғаумен және олардың дәлелсіз жауапкершілікке тартылуын және қызығушылық блідірген субъектілердің осы құқықты теріс пайдалануын келтірмеу мақсатымен қатал шектеулер орнатылады.
  4. Халықаралық құқықтың дамуы және оның әрбір қатысушысы жауапкершілігінің нақты, жай және ыңғайлы схемасын құру, және сондай-ақ осы құқық жүйесінің тиімділігінің жоғарылуы;
  5. Халықаралық ұйымдар шеңберінде оларды жауапкершілікке тарту және оларға сондай күш көрсетудің жағымсыз салдарын жүктеу жолымен мемлекеттердің ұжымдық қарулы күштерін дәлелсіз және заңсыз қолдануды шектеу;
  6. Халықаралық құқық Комиссиясының осы тақырыппен ары қарай жұмыс істеуі үшін қосымша мәлімет ретінде халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы тармақтарының баламалы схемасын құру және бүгіннің өзінде халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің имплементациясы үшін әрекеттегі құқықтық негізді құру;
  7. Ғылыми көзқарастарды, батыс және отандық ғалымдардың, халықаралық ұйымдар өкілдерінің концепцияларын және халықаралық тәжірибені кең түрде жалпылау және осы тақырыпты халықаралық құқықтың ресейлік ғылымында ары қарай зерттеу үшін негіз құру.
  8. Мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі саласында халықаралық дауларды шешудің саяси құралдарын қолданудан бас тарту мақсатымен халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің әрекеттегі құқықтық механизмінің қолда барын көрсету жолымен мемлекеттердің сыртқы саяси көзқарасына әсер ету мүмкіндігі.

Зерттеу өзектілігі. Берілген тақырыптың өзектілігі халықаралық ұйымдар жуық арада, бірақ шапшаң халықаралық қатынастарға қатысуда. Ең басты мәселе - халықаралық ұйымдардың жауапкершілігін субъекті ретінде реттейтін жалпы нормаларының болмауы.

Осыған байланысты, ең бірінші міндеттері халықаралық ұйымдардағы халықаралық құқық субъектілерінің нормативтік бекітілуін мойындау болып саналады. Осы кезге дейін халықаралық құқықта халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілерін ресми мойындайтын нормалары жоқтың қасы.

Басқа жағынан, халықаралық ұйымдарда халықаралық құқықтардың және міндеттердің субъект болу қабілеттіліктерін теріске шығаратын нормалар жоқ.

Бірақ, мұндай ұйымдар үшін бұл қабілеттілікті бекітетін нормалардың болуы барлық қайшылықтар мен қайшылықты жағдайлардан арылтар еді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершіліктері туралы мәліметтер жинақтай отырып осы аталған мәселеге байланысты білімді жинақтау, алға қойған міндеттерге байланысты кемшіліктерді айқындау қарастырылады.

Мәселені зерттеу мен өңдеу деңгейі. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің әртүрлі теориялық және әдістемелік аспектілері В. А. Василенко, Ю. М. Колосов, Э. С. Кривчикова, П. М. Курис, Д. Б. Левин, И. И. Лукашук, В. А. Мазов, Л. А. Маджорян, Г. И. Тункин, Н. А. Ушаков, Е. А. Шибаев және басқа отандық ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген. Шет ел ңылыми әдебиетінде халықаралық ұйымдардың жауапкершілік мәселелері К. Ф. Амерасингхе, Е. Буткевитц, Б. Грэфрат, С. Дориго, К. Иглтон, П. Клинт, М. Перес-Гонсалес, Дж. П. Риттер, И. Сейдл және т. б. ғалымдардың еңбектірінде көрсетілген.

Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі саласындағы барлық ғылыми жұмыстар қазіргі кезде мерзімдік басылымдардағы түсіндірмелер, оқу құралдары мен монографиялардың тараулары ретінде ұсынылған. Халықаралық құқықтың отандық ғылымында халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі тақырыбы бойынша біріккен жүйелі зерттеу жоқ, және де кандидаттық және докторлық диссертациялар шеңберінде ұқсас дербес зерттеулер өткізілмеген. Бір авторлар халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі құқықтық аспектілерін мемлекеттердің жауапкершілігі контестінде қараумен ғана шектелген (В. А. Мпазов, Ю. М. Колосов, И. И. Лукашук және т. б. ), басқалары осы тақырыпқа тек қана оқу құралдарының қысқа бөлімдерін арнаған (К. А. Бекяшев, Г. И. Тункин ыжәне т. б. ) .

Отандық ғалымдардың негізгі қорытындылары халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі қолда бары фактісін мойындауға жауапкершіліктің формалары мен түрлеріне байланысты оған тартылудың негіздерін қысқа анықтауға ептеледі.

Халықаралық құқықтың шет ел ғылымында халықаралық ұйымдардың жауапкершілік мәселелері басым көпушіліктің өзінде ақ кешенді немесе дербес зерттеумен ие болмайды, және негізінде ғылымдардың тармақтары жөнінде комментарияларымен көрсетілген.

Осының барлығы, автордың ертелі белгілегендей, халықаралық ұйымдардың жауапкешілік тақырыбына арналған тәрізді зерттеу өткізудің нақты қажеттілігі туралы айтады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты болып халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің жүйелік концепциясын құру және тармақтардың альтернативті жобасын өңдеу болып табылады. Қойылған мақсатты жүзеге асыру ұщін диссертациялық жұмыста келесі міндеттер шешіледі:

  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің біріккен негіздерін құру;
  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі эколюциясына тарихи-құқықтың талдау жасау;
  • Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқыққа қайшы әрекеттердің қолда барының жалпы принциптерін анықтау;
  • Халықаралық міндеттемені бұзу негіздерін құру және халықаралық ұйымның басқа субъектісінің әрекетімен байланысында жауапкершілік деңгейін анықтау;
  • Халықаралық ұйым әрекетінің құқыққа қайшылығын келтірмейтін жағдайлардың тізімін тұжырымдау;
  • Жауапкершілік мазмұнының жалпы принциптерін халықаралық құқыққа қайшы әрекет жасағаннан кейін ұйымның құқықтары мен міндеттерін анықтау;
  • Халықаралық ұйымдарға қолайлы келтірген зиянды өтеу формасын өңдеу;
  • Халықаралық ұйымдардың эжауапкершілігі имплементациясының жан-жақты механизмін құру;

Зерттеу объектісі мен пәні . Зерттеу объектісі ретінде халықаралық құқықтағы жауапкершілік институты болып, ал зерттеу пәні ретінде халықаралық ұйымдардың жауапкершілігін құқықтық реттеу болып табылады.

Қорғaуғa ұcынылaтын негiзгi тұжырымдaр. Жүргiзiлген зерттеудiң жaңaлығын cипaттaйтын тезиcтердi негiздеу және қорғaуғa ұcынылaтын келеciдей принципиалды тұжырымдaрды жинaқтaу мен қaлыптacтыруғa мүмкiндiк бердi:

  • Мемлекеттердің жауапкершіліктеріне сәйкес келетін халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінң жалпы жағдайлары анықталған.
  • Халықаралық ұйымдарды жауапкершілікке тартудың ережелері жете зерттелген;

Зерттеудің теориялық және әдістемелік базасы. Өткізілген зерттеу жүйелі тәсілдемеде негізделеді. Зерттеу мақсаты мен қойылған міндеттерді шешуге жету үшін формальды құқықтық және салыстырмалы құқықтық әдістер қолданылған. Зерттеудің әдістемелік және теорилық негізі болып халықаралық құқық классиктерінің еңбектері, отандық және шет ел аворталырының зерттеулері, халықаралық үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың кодификациялық актілері, халықаралық-құқықтық ұлттық актілері, халықаралық сот тәжірибесі және жауапкершілік саласында халықаралық ұйымдардың тәжірибесі болып табылады.

Ақпараттық база ретінде БҰҰ халықаралық құқық Комиссиясының ресми мәліметтері, Арнайы баяндамашының халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі тақырыбы бойынша баяндамалары, БҰҰ ресми құжаттары, халықаралық ұйымдардың ішкі құжаттары, халықаралық ұйымдардың құқықтық департаменттерінің түсіндірмелері және аналитикалық жазбалары, халықаралық қоғамдық ұйымдардың баяндамалары, халықаралық ұйымдардың интернет-сайттары, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың мәліметтері.

Диссертауиялық зерттеудің ғылыми-жаңалығы қорғауға шығарылатын келесі нәтижелерден тұрады:

  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі тақырыбы халықаралық жауапкершілік құқығының дербес институты ретінде қаралады;
  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі эволюциясына және бұл тақырыптың кодификациясы нәтижелеріне талдау;
  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінің жұмыс істеу табиғаты мен механизмі зерттелген;
  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы барабар жобасы ұсынылған;
  • Мемлекеттердің жауапкершіліктеріне сәйкес келетін халықаралық ұйымдардың жауапкершілігінң жалпы жағдайлары анықталған;
  • Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігіне тартылатын нақты негіздері жете зерттелген;
  • Халықаралық ұйымдарды жауапкершілікке тартудың ережелері жете зерттелген;
  • Халықаралық ұйымдар халықаралық құқыққа қайшы әрекет жасағаннан кейін олардың жәбірленуші субъектілері алдындағы құқықтары мен міндеттері тұжырымдалған.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы автормен халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы тармақтардың барабар жобасы ұсынылғанында тұрады. Осы жоба халықаралық құқық нормаларын бұзғаны үшін халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі имплементациясының негіздері, ережелері мен механизмін анықтайды.

Осы уақытқа дейін жалғыз болып, ол әрбір жәбірленуші субъектіге дәл бүгін халықаралық ұйымды жауапкершілікке тартуға және өз бұзылған құқығын қайтадан құруға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың негізінде жатқан әдістемелік және теориялық зерттемелер осы саладағы болашақ зерттеулер үшін ғылыми база ретінде қызмет ете алады.

Басылымдар. Диссертация мәліметтері бойынша 2 баспа жұмыстары жарияланған.

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны . Зерттеудің жалпы ниеттері, мақсаттары мен міндеттері мәліметті жұмыс құрылымында мазмұндау логикасын анықтаған. Диссертация кіріспеден, негізгі мәтіннің екі бөлімінен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БӨЛІМ. Халықаралық ұйымдардың жауапкершілік теориясы

1. 1. Халықаралық ұйымдар халықаралық жауаптылықтың субъектісі ретінде

Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі, ережедегідей, олардың жасалатын құқыққа қарсы қылығы салдарынан пайда болады. Ағылшын заңгері Ц. Броунлидің пікірінше: «халықаралық қатынастарда, басқа әлеуметтік қатынастар сияқты, құқықтың бір субъектісінің қызығушылықтарын бұзу сәйкес құқықтық жүйемен анықталатын әртүрлі формалардағы жауапкершіліктің пайда болуына әкеледі»[ ??? ] . Халықаралық-құықтық жауапкершілік принципі қазіргі кезде толығымен халықаралық құқықтың жалпыға танылған принципі болып табылады. 1928 ж. «Хожуев қаласындағы фабрика туралы» ісі бойынша халықаралық әділ соттың күнделікті палатасы: «Халықаралық - құқықтық жауапкершілік принципі - ол халықаралық құқықтың және, одан басқа, келісім-шарттың қандай да бұзылуы тигізілген залалды өтеу міндеттемесіне ұшырайтын жағдайда құқықтың жалпы ұғымының принципі болып табылады» деп дәлелдеген[ ??? ] . Халықаралық әділ сотының Күнделікті палатасының төрешісі М. Хьюбер : «Жауапкершілік - құқықтың қолда барының ажыратылмас салдары» деп белгілеген[ ??? ] . Халықаралық сипаты бар барлық құқықтарда жауапкершілік қаралады. Оған отандық авторлар да көңіл аударған. Солай, П. М. Курис : «Халықаралық жауапкершілік институты құқықты қамтамасыз етудің қажетті құралы болып табылады» деп болжаған[ ??? ], ал Н. А . Ушаков «Халықаралық жауапкершілік халықаралық құқықтың принципі болып табылады» деп сендірген [??? ] . Ғылыми доктрина мен тәжірибе өзгермейтін болып табылады. Халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің құрылымын нақты жетілдірген. Халықаралық ұйымдар жөнінде халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің негізгі элементтері болып табылады:

А) субъективтік эелемент - халықаралық құқықпен реттелетін және мүшелер ретінде, мемлекеттермен қатар, басқа құрылымдарды да қосатын халықаралық құқық субъектілігімен ие болатын халықаралық келісім немесе басқа құжаттардыі негізінде бекітілген ұйымның халықаралық құқыққа сәйкес келетін қылығы;

Б) объективтік элемент - халықаралық ұйымның халықаралық құықы бойынша иеленетін және осы ұйымның халықаралық-құқықтың міндеттемесін бұзушылығы немесе зиян тигізудің себебі болып табылатын әрекеттен немесе әрекетсіздіктен тұратын қылық[ ??? ] .

Осы элементтердің тек қана объективті дәлелденген қолда барында халықаралық құқық бойынша халықаралық ұйымның жауапкершілігі пацда болуының фактісі туралы дәлелдеуге болатынын белгілеу қажет. Бұл формула халықаралық ұйымдардың жауапкершілігіне өз ішкі құқығы бойынша және тигізілген зиян үшін жауапкершілікке қолданылуы мүмкін екеніне көңіл аударыңыз. Халықаралық ұйымның ішкі мемлекеттік құқығы бойынша жауапкершілігі жағдайында формула қолданылуы мүмкін, бірақ анық мемлекеттің азаматтық құқығы бойынша объективті саралануымен байланысты өзгерістермен бірге, бірақ мемлекеттердің басым көпшілігінің құқықтың жүйесімен қолданылатын халықаралық ұйымдардың иммунитеті концепциясымен байланысты практикалық қолданылуы мүмкін емес. Халықаралық ұйымның міндеттемесі өздері үшін міндетті келісім-шартынан немесе ұйымға қалдыналатын халықаралық құықтың қандай болса да қайнар көзінен пайда болуы мүмкін. Халықаралық құқық Комиссиясының пікірінше, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерден шығатын құқық қатынастары екі жақты сипатымен ие болғаны аса маңызды емес. Мысалы, ол халықаралық ұйымның ішкі құқығы болуы мүмкін. Солай, Халықаралық Сот 1996 ж. «Мемлекеттердің қарулы жанжал кезінде ядролық қаруды қолданудың заңдылығы туралы» Консультативтік қорытындысында: «Халықаралық ұйымдардың құрылтай актілері нақты түрдегі келісім-шарттар болып табылады» деп болжаған[ ??? ] . Халықаралық ұйым халықаралық құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатын жағдай халықаралық құқықтың басқа субъектілерінің параллельді жауапкершілігінің дәл осы жағдайларда қолда барын шығармайды, сондықтан осы жағдайды болашақта екі қайтара оқуды келтірмеу үшін қазіргі тармаққа қосуды түсінікті деп санаймыз. Халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің жалпы құрамы келесі элементтерді қосады:

А) құқыққа қарсы әрекеттің объектісі;

Б) халықаралық ұйымның органдары, мүшелері, ресми тұлғалары және көмекшілерінің әрекеттерінде көрсетілген оның құқыққа қайшы қылығы егер ниеттес жауапкершілік мұнда орынды болған жағдайларда;

С) халықаралық ұйымның құқыққа қайшы әрекетінің салдары болып табылатын зиян;

D) ұйымның құқыққа қарсы қылығы мен басталған зиынның салдары арасындағы субептік байланыс.

Халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің элементтерінің бірінің болмауы немесе оныі дәлелсіздігі халықаралық ұйымның жауапкершілігі қолда бары туралы мәліметтей алмайды және сондай жауапкершіліктің салдарына әкелмейді. Халықаралық құқықа қайшы әрекеттің жалпы объектісі болып құқық бойынша реттелетін халықаралық қатынастар болып табылады, өйткені қандай да бір құқық бұзушылық халықаралық қатынастардың құқықтық реттелуіне, халықаралық құқық тәртібіне анық зиянын тигізеді. «Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың объектісі болып мемлекеттердің жетуге тырысатын және құқықтық қарым-қатынастарға қатысатын субъектілердің өмірлік қызығушылықтарына жауап беретін анық материалдық игіліктер болып табылатынына сеніп, құқыққа қайгы әрекеттің объектісі болып дәл сол материалдық және материалдық емес игіліктер болып табылатыны туралы қорытынды жасауға болады»[ ??? ] .

Халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің нағыз объектісі болып құқықтың бұзылған нормасы, немесе, нақытарық айтқанда, осы норма бойынша құрылған, халықаралық ұйымның міндеттемесі. Халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің объектісі халықаралық құқықтың бастапқы нормаларына сәйкес сипатталады.

Ұйымның халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің негізгі салдары болып құқыққа қайшы әрекетті, егер ол әлі жалғасып жатса оны шапшаң тоқтату, немесе сондай әрекетпен келтірілген залалды өтеу болып табылады. Егер халықаралық құқыққа қайшы әрекет жалпы халықаралық құқықтың императивтік нормасынан шығатын міндеттемесіне халықаралық ұйымымен маңызды бұзақылық жасауы болып табылса, онда сол бұзақылық айыпты ұйым мен оның әріптестері үшін (мемлекеттер, басқа халықаралық ұйымдар) қосымша жағымсыз салдарға әкеліңп соғуы мүмкін. Егер халықаралық ұйым халықаралық-құқықтық міндеттемені оның пайда болу негіздеріне қарамастан бұзса, онда маңызды мәселе қозғалған құқықтық қарым-қатынастарды қалпына келтіруде және олардың ары қарай дамуында тұрады. Халықаралық жауапкершілік құқығында халықаралық құқыққа қайшы әрекеттің құқықтық салдары бұзылған міндеттемені орындау бойынша субъектінің сақталатын міндеттемелерін қозғамауға сәйкес ажыратылмас принципі құрылған. Сондықтан сондай әрекеттің тоқтатылуы және келтірілген залалды толығымен өтеу түгел, халықаралық ұйымнан бұзылған міндеттемені орындау бойынша міндеті шешілмейді[ ??? ] .

Халықаралық құқықтың әртүрлі доктриналарында халықаралық ұйымдардың жауапкершілігіне жеткілікті көңіл аударылған жоқ, сондықтан бұл тармақ осы саладағы ғылыми кемістікті жоюға юағытталған.

Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігін мойындау олардың ішкі құқығымен қаралған өкілеттіктердің байланысынан тыс халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне тең құқықтар мен міндеттемелерге бөлуді білдіреді, немесе, керісінше, ұйымның іс-әрекетінің құқыққа қарсылығын анықтау тек қана олардың құрылтайшы актілеріне сәйкес орындалар еді және жалпы халықаралық құқық бойынша жауапкершілікті жалпы ескермес еді.

Халықаралық ұйымдарға берілген жалпы халықаралық жауапкершілікпен бірге соңғылары халықаралық құқықтың басқа субъектілері ретінде зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылады (объективтік жауапкешілік) . Жауапкершіліктің осы түрі, мысалы, 1967 ж. Ғарыш туралы шартында, ғарыш объектілерінің залал келтіргені үшін халықаралық жауапкершіліктің 1972 ж. Конвенциясы, ядролық залал келтіргені үшін азаматтық жауапкершілік туралы 1963 ж. Вена Конвенциясы, теңіз құқығы бойынша 1982 ж. БҰҰ Конвенциясы және т. б. «Халықаралық ұйымның үшінші тұлғалар жайында өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекет-мүшелердің құқықтық зардаптары туралы» халықаралық құқық Институтының шешімінде келесідей айтылады: «Халықаралық құқық өз міндеттеріне сәйкес үшінші тұлғалар алдында залал келтіргені үшін жауапкершілікке тартылады», және осы міндеттер «нақты мемлекеттің халықаралық құқығы (ұйымның өз ішкі актілерін қосқанда) немесе ішкі құқығы негізінде пайда бола алады». [9, 22 б. ]

Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар қазіргі халықаралық құқықта қалай халықаралық жауапкершілікке, солай зиян келтіргені үшін жауапкершілікке және мемлекеттердің ішкі құқығы бойынша азаматтық жауапкершілікке тартылады.

1963 ж. БҰҰ халықаралық құқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі кодификациясы мәселелерін қозғаған, бірақ ол кейінге қалдырылған, ал мемлекеттердің жауапкешілігі мәселелерінің кодификациясына Комиссия ерекше көңіл аударған және тек 2000 ж. олар Комиссия жұмысының ұзақ мерзімді бағдарламасына қосылған[ ??? ] .

Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі кодификациясының шығар принципі болып «мемлекеттердің жауапкершілігі саласында жалпы әрекеттегі нормаларға қосымша, халықаралық ұйымдарға қолданылатын халықаралық жауапкершіліктің құқығы осы тақырыптың ерекшеліктерімен қабылданған lex specialis нормаларын қосу қажет»[ ??? ] . Халықаралық құқық Комиссиясы мемлекеттердің жауапкершілігі туралы тармақтарды қарау кезінде: «осы тармақтар халықаралық құқық бойынша халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі жайында пайда бола алатын мәселелерді қозғамайды, - деп айтқан[ ??? ], ол мемлекеттердің жауапкершілігін реттейтін нормалар халықаралық ұйымдарға да кейбір өзгерістермен қолданыла алады.

БҰҰ жайында БҰҰ Бас Хатшысы: « . . . ол халықаралық ұйымдардың жауапкершілігіне кең қолданылатын мемлекеттердің жауапкершілік принципінің бейнесі, - халықаралық міндеттемені бұзуға сәйкес келтірілген залал ретіндегі және мемлекетке (немесе ұйымға) берілуі мүмкін принцип мемлекеттің (немесе ұйымның) халықаралық жауапкершілігіне тартылады». [9, 24 б. ]

1. 2 Халықаралық ұйымдардың жауапкершілік концепциясы

Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы тармақтарды кодификациялау бойынша жұмыс тобы: «оның жұмысы қазіргі уақытта мемлекеттердің жауапкершілігі туралы тармақтардан тәуелсіз болады[ ?? ] . . . Комиссия мүшелері 1960 ж. мемлекеттер арасындағы халықаралық ұйымдармен жасалған шарттардан бөлудің қажеті жоқ деген пікірге келген (халықаралық шарттардың құқығы туралы 1969 ж. Вена Конвенциясы және мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық шарттардың құқығы туралы 1986 ж. Вена Конвенциясы») .

«Халықаралық ұйымдардың мемлекеттер жөнінде толық емес мәртебесі бар, сондықтан осы екі субъектілерге бірдей шарттары бар нормаларды құру мүмкін емес, сондықтан осы екі субъектілерге бірдей шарттары бар нормаларды құру мүмкін емес[ ??? ], - деп сол кезінде болжаған Тункиннің басқаруындағы кеңестік заңгерлердің қарама қарсы ойларына көбінесе байланысты болған. Жұмыс тобы дайандаған жауапкершілік мәселелерін кодификациялау бойынша негізгі схемасы мемлекеттердің жауапкершілігінің логикалық схемасын кейбір өзгерістермен көшіреді4 және Комиссияның жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, жалпы ол өз негізгі схемасы бойынша қолданылады. Сондай-ақ, жоғарыда келтірілген ториялық бақылаулар практикалық негізінде орындала бастады. 2003 ж. болып өткен өзінің 55 сессиясында Арнайы баяндамашының алғашқы есебін қарап, халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы тармақтар жобасынан үш тармақты алдын-ала қабылдаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдар туралы
Халықаралық құқықтық жауапкершілік
Қазақстан Республикасындағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар
Халықаралық құқық субъектісі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
Халықаралық құқықтың қағидалары
ҚР дағы аудиттің даму тенденциясы
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
ҚР аудиторлық қызымет, жалпы стандарттарды және нормативтік құқықтық актілерді, аудитор құқықтары мен жауапкершілігін ашып көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz