Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
2) Екнші дүниежүзілік соғыс жылдарыннан кейінгі географиялық зерттеулер
3) 1970.90 жылдардағы зерттеулер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн социолистік негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтерi — жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғылыми мекемелердiң жұмыс көлемiне байланысты болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы

СӨЖ

Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі

Орындаған: Ерболқызы.С.
Тексерген: Тумажанова.С.О

Алматы, 2016

Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
2) Екнші дүниежүзілік соғыс жылдарыннан кейінгі географиялық зерттеулер
3) 1970-90 жылдардағы зерттеулер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн социолистік негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтерi -- жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғылыми мекемелердiң жұмыс көлемiне байланысты болды.
Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан аумағы географиялық жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсiресе, 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасында елiмiзде халық шаруашылығын қайта құру және социолистік экономиканың негiзiн қалау кезеңiнде кең өрiс алды. Жеке облыс аумағын жүйелi және жан-жақты зерттейтiн ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.
Минералдық шикiзаттардың кеңiнен iздестiрiле барлануына байланысты, Қазақстан жерiн зерттеушi институттардың, геолог партиялардың және трестердiң (Сiбiр к-тi, Орталық геология институттың Сiбiр бөлiмi, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геология барлау трестерi, Ауыр өнеркәсiп халкомының Қазақ геология-гидрогеология басқармасы, т.б.) саны көбейе түстi. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономия республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорология басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлiмшесiне айналды).

Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Геологиялық зерттеулердiң басты мақсаты -- елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер iске асырылды. Геоморфологиялық байқаулар, Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан "Материалы по гипсометрии Казахстана" ("Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер") кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi [1].
Оңтүстік Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорология институты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың "Климатический очерк Казахстана" ("Қазақстанның климаттық очеркi") еңбегi] жасалды.
Қазақстандағы алғашқы гидрологиялық кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң "Краткий гидрографический очерк Казахстана" ("Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi") және "Гидрометеорологический очерк Казахстана" ("Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi") еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төмнгі ағысындағы көлдер зерттелдi.
КСРО Географиялық коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928 -- 30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физикалық-географиялық аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi [2].
Геоботаникалық зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботаникалық жұмыстың көпшiлiгi Батыс Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923 -- 25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты.
Өндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929 -- 32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының барлық салаларының техникалық базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы географиялық зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928 -- 40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң және жергiлiктi ғылыми кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi.
Климаттық және гидрологиялық жұмыстар метеорологиялық және гидрометеорологиялық станциялардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротехникалық құрылыстардың географиялық жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орталық Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы "КСРО су қорларының анықтамасы" жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргiздi [3].

Екнші дүниежүзілік соғыс жылдарыннан кейінгі географиялық зерттеулер
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 -- 45) жалпы географиялық зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi.
КСРО ҒА-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Табиғат жағдайларын зерттеу тарихының басты кезеңдері
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Қазба - байлықтарының қалдықтарының үйлінділерін қалпына келтіру
Пәндер