WEB-сервер түсінігі және оны ұйымдастыру кезеңдері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

1 WEB.СЕРВЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Деректер қорының web.серверін тағайындау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1.2 Серверді ұйымдастыру кезеңдері . . . . . . . . . . ... ... . . . . . . . . . . . . . . 13
1.3 Есептің қойылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . 14

2 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ
2.1 Web.серверді таңдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
2.3 Web.программалау тілдері . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25

3 СЕРВЕРЛІК БӨЛІКТІ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІ ЖОБАЛАУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
3.1 Деректер қорының реляциялық моделін құрастыру . . .. . . . . . . . . . ..37
3.2 Сервермен құруға дайындық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40
3.3 MySQL.де кестелер құру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
3.4 CGI.программаларды программалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . .45
3.5 Серверді қолданысына өткізу ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52

4 ЖҮЙЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЭФФЕКТИВТІЛІГІН БАҒАЛАУ
4.1 Жобаның экономикалық эффективтілігін есептеу әдістемесі . . . . . . 55
4.2 Жобаланған жүйенің экономикалық эффективтілігін есептеу . . . . 57

5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1 Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 63
5.2 Қауіпсіздік техникасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . ... . .65
5.3 Өрт қауіпсізідігі . . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70

ҚОСЫМШАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .72
КІРІСПЕ


Қазіргі кезде шығарылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы және де айналадағы орта үшін маңызы аса зор.
Білім беру жүйесі Қазақстан республикамыздың даму қажеттіліктеріне сәйкес келтірілуі керек. Бірақ осы өзгерістердің барлығы білім берудің ескі әдістемесімен, әлемдік білім кеңістігіне еліміздің білім беру жүйесі кезеңдік енуіне жеткіліксіз құрылымдар мен мазмұндармен жүргізілуде.
Жоғары білім экономиканың барлық салаларын жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз етеді. Жоғары білім жүйесінің дамуына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кейінгі тұрақты экономикалық даму мүмкіндігі тәуелді. Жоғары білім дамуының негізгі тенденциясы мамандарды дайындау сапасының жоғарлауына, интенсивті ғылыми-зерттеу әрекеттілігімен біріккен инновациялы білімнің дамуына, әлеуметтік сфера мен экономика талаптарымен жоғары білім беру ордаларымен тікелей байланысына, білім беру және ақпараттық технологиялардың дамуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқытушыларды, білімгерлерді және оқу процесін ұйымдастырушыларын оқыту, жоғары білім беру мекемелерінде құжаттардың электронды айналымын ендіру, жаңа оқу жоспарлары бойынша оқу процесін өңдеу білім беру аумағындағы ең маңызды мәселесі болып табылады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы көпкөлемді жұмыстардың автоматтандыруын анықтайды.
Жаңа техноллогиялардың дамуы қоғамның интеллектуальды потенциалына байланысты, демек, елдегі білім берудің дамуы деңгейіне де. Білім сапасы мен мазмұнының сұрақтары қоғамда әрқашан да басты орындарда еді.
Барлық дамыған және дамушы елдердің көбісінде білім беру ақпараттандыруының активті процестері байқалуда. Сонымен қатар, жалпы білім сапасын арттыру жолдары қарастырылуда, жаңа ақпараттық технологияларды іздеуге үлкен қаражат жұмсалуда
Біздің өмір сүру ғасырымыз – жоғары технологиялар ғасыры адамзат тұрмысына көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі таңда біреуді «Интернет» және «Мәліметтер қоры»(МҚ) терминтерімен таң қалдыра алмайсың. Компьютерлік мәліметтер қорын, мәліметтер қорын басқару жүйелерін қолданып, басқа ұйымдармен мәліметтермен алмасушы ұйымдар көбеюде. Күн сайын Интернет желісін қолданушылар саны және локальды компьютерлер мен желілерде МҚ-ң саны артып жатыр. Қолданушылар web-түйіндерде желі мүмкіндіктерін МҚ ресурстарымен байланыстыруда.
Глобальді Интернет желісінің қарқынды дамуы адамзат әрекетінің көптеген салаларына аса зор әсерін тигізеді. Интернет программалық

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1 WEB-СЕРВЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Деректер қорының web-серверін тағайындау . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .11
1.2 Серверді ұйымдастыру кезеңдері . . . . . . . . . . ... ... . . .
. . . . . . . . . . . 13
1.3 Есептің қойылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. .. . . . . . . . . . . . . . . 14
2 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАУ
ЖӘНЕ ТАҢДАУ
2.1 Web-серверді таңдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдау . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 21
2.3 Web-программалау тілдері . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .25
3 СЕРВЕРЛІК БӨЛІКТІ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІ ЖОБАЛАУ МЕН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ
3.1 Деректер қорының реляциялық моделін құрастыру . . .. . . . . . . .
. . ..37
3.2 Сервермен құруға дайындық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 40
3.3 MySQL-де кестелер құру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 41
3.4 CGI-программаларды программалау . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .. . .45
3.5 Серверді қолданысына өткізу ... ... ... ... . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 52
4 ЖҮЙЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЭФФЕКТИВТІЛІГІН БАҒАЛАУ
4.1 Жобаның экономикалық эффективтілігін есептеу әдістемесі . . . . .
. 55
4.2 Жобаланған жүйенің экономикалық эффективтілігін есептеу . . . .
57
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1 Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 63
5.2 Қауіпсіздік техникасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . .. . . . . . . . ... . .65
5.3 Өрт қауіпсізідігі . . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .. . . . . . .66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 70

ҚОСЫМШАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .72

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде шығарылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар денсаулық
сақтау және білім беру салаларындағы және де айналадағы орта үшін маңызы
аса зор.
Білім беру жүйесі Қазақстан республикамыздың даму қажеттіліктеріне
сәйкес келтірілуі керек. Бірақ осы өзгерістердің барлығы білім берудің ескі
әдістемесімен, әлемдік білім кеңістігіне еліміздің білім беру жүйесі
кезеңдік енуіне жеткіліксіз құрылымдар мен мазмұндармен жүргізілуде.
Жоғары білім экономиканың барлық салаларын жоғары мамандандырылған
кадрлармен қамтамасыз етеді. Жоғары білім жүйесінің дамуына елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кейінгі тұрақты экономикалық даму
мүмкіндігі тәуелді. Жоғары білім дамуының негізгі тенденциясы мамандарды
дайындау сапасының жоғарлауына, интенсивті ғылыми-зерттеу әрекеттілігімен
біріккен инновациялы білімнің дамуына, әлеуметтік сфера мен экономика
талаптарымен жоғары білім беру ордаларымен тікелей байланысына, білім беру
және ақпараттық технологиялардың дамуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқытушыларды,
білімгерлерді және оқу процесін ұйымдастырушыларын оқыту, жоғары білім беру
мекемелерінде құжаттардың электронды айналымын ендіру, жаңа оқу жоспарлары
бойынша оқу процесін өңдеу білім беру аумағындағы ең маңызды мәселесі болып
табылады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы көпкөлемді жұмыстардың
автоматтандыруын анықтайды.
Жаңа техноллогиялардың дамуы қоғамның интеллектуальды потенциалына
байланысты, демек, елдегі білім берудің дамуы деңгейіне де. Білім сапасы
мен мазмұнының сұрақтары қоғамда әрқашан да басты орындарда еді.
Барлық дамыған және дамушы елдердің көбісінде білім беру
ақпараттандыруының активті процестері байқалуда. Сонымен қатар, жалпы білім
сапасын арттыру жолдары қарастырылуда, жаңа ақпараттық технологияларды
іздеуге үлкен қаражат жұмсалуда
Біздің өмір сүру ғасырымыз – жоғары технологиялар ғасыры адамзат
тұрмысына көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі таңда біреуді Интернет және
Мәліметтер қоры(МҚ) терминтерімен таң қалдыра алмайсың. Компьютерлік
мәліметтер қорын, мәліметтер қорын басқару жүйелерін қолданып, басқа
ұйымдармен мәліметтермен алмасушы ұйымдар көбеюде. Күн сайын Интернет
желісін қолданушылар саны және локальды компьютерлер мен желілерде МҚ-ң
саны артып жатыр. Қолданушылар web-түйіндерде желі мүмкіндіктерін МҚ
ресурстарымен байланыстыруда.
Глобальді Интернет желісінің қарқынды дамуы адамзат әрекетінің
көптеген салаларына аса зор әсерін тигізеді. Интернет программалық
қамсыздандыру индустриясына жаңашыл өзгерістер әкелді. Интернет үшін арнайы
өңделген және Web серверлерінің ерекшеліктерін ескеретін қосымшалардың жаңа
категориясы шығарылды. Web серверлерінің ерекшеліктерін ескеретін
қосымшалар негізгі рөлді атқарады, сондықтан да Интернетке арналған
программаларды кеңінен Web қосымшалары деп атайды. Бұл көптеген Интернет-
дүкендер, нақты уақыттағы Интернет-телефониясы мен хабарламалармен алмасу
үшін іздеуге арналған және анықтамалық жүйелер, Интернет арқылы видеоны
жіберу жүйелері.
Әрекетіне байланысты web қосымшалар статикалық HTML парақтарға мүлдем
ұқсамайды. Web серверінің қатысымен олар түрлі активті объектілерге,
сервистерге және жүйелерге қатынаса алады, мысалға мәліметтер сияқты.
Сөйтіп, браузер терезесінде қолданушымен жіберілген сұранысқа web сервер
есеп беруді даярлап, оны сол терезеде бейнелей алады. Мұнда мәліметтерді
алу үшін web сервер мәліметтер қорында сұранысты өңдейді.
Дипломдық жоба мақсаты –корпоративті деректер қорының серверін
ұйымдастыру. Серверді үйымдастыру – университеттің мысалында қарастырылды.
Осы мақсатта келесідей мәселелер қарастырылады:
- Деректер қорының web-серверін тағайындауды және құру кезеңдерін
анықтау;
- web-серверді ұйымдастыруға қажеттті программалық өнімдерді қарастыру;
- программалық интерфейсті құру;
- экономикалық эффективтілікті есептеу;
- еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздік ережелерін
ұйымдастыру шаралары келтіру.
Дипломдық жоба негізгі бес бөлімдерден тұрады. Олар – web-сервер
түсінігін беретін және оны ұйымдастыру технологиясы, жоба үшін программалық
қамсыздандыруды таңдау, программалық интерфейс пен жобалау мен жүзеге
асыру, экономика және өндірісті ұйымдастыру және тіршілік әрекетінің
қауіпсіздігі.
Алғашқы бөлімде web-серверін тағайындау себептерін анықтау мәселесі
мен есептің қойылымы тақырыптарынан тұрады.
Екінші бөлім корпоративті web-серверін ұйымдастырудың алғашқы кезеңі
серверді таңдаудан басталады. Apache HTTP-сервері түрлі платформалар мен
түрлі орталарда бейім болып жұмыс істей алатын қуатты және иілгіш веб-
сервер ретінде жасалынған. Түрлі платформалар мен орталар түрлі
мүмкіндіктерді талап етеді немесе сол бір мүмкіндіктің жүзеге асырылуына
түрліше эффективті жолдарды ұсына алады. Мәліметтер қорын ұйымдастыруды
басқару жүйесі ретінде MySQL – реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесін
таңдадым. Өйткені MySQL өте тез жұмыс істейтін, сенімді және қолданыста
қарапайым болып келеді. Осы дипломдық жобада менің қолданатын тілім – Perl
тілі.
Үшінші бөлім дипломдық жобаның негізгі бөлімі болып табылады, өйткені
онда мәліметтер қорын құру, сұраныстарды өңдеу, программалық интерфейс құру
сияқты кезеңдері толық сипатталған.
Келесі бөлім – экономикалық бөлім болып табылғандықтан, онда құрылған
жүйенің экономикалық эффективтілігін есептеу мысалы қарастырылған. Ол
жүйені өңдеу кезінде жабдықтауға кеткен шығындар мен орындаушыларға
төленген қаражаттарды есептеу көмегімен жүзеге асырған.
Әдеттегідей, жобада еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің
қауіпсіздігі бөлімі бар. Онда компьютерлік бөлмелердегі гигиена мен
өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі
мәселелері қарастырылған.
Жобада жасалынған әрекеттер мен алған нәтижелерін қорытындылаушы
бөлімімен аяқтадым. Жобаны жазу мен орындау барысында қолданылған
әдебиеттер тізімі, программа листингісі, мәліметтер қорын құру және т.б.
материалдарынан тұратын қосымшалар тіркелген.

1 WEB-СЕРВЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 Деректер қорының web-серверін тағайындау

Тез арада дамып жатқан ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің
барлық сфераның ақпараттандыру процесінің негізі болып табылады. Ақпараттық-
технологиялық даму мен оның қарқынды күйінен экономика жағдайы, халық
өмірінің жағдайы, ұлттық қауіпсіздік, әлемдік қоғамдыстықтағы мемлекет рөлі
тәуелді. Білім болса ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың
мүмкіндіктерін өмірге ендірудің шешуші факторы болып табылады.
Қазіргі таңда республикамызда 9 мыңнан астам компьютерлермен
жабдықталған 47 мемлекеттік жоғары оқу орындары бар.
Жоғары оқу білімінің ақпараттану жағдайы білім беруді басқарудың
автоматтандыру жүйесін құру мен қолдану бөлімінде негізінен жеке локальды
факультеттерде (деканаттарда) оқу процесін басқару бойынша, қаржылық-
бухгалтерлік (жалақы, стипендия, материалдар және негізгі құралдар және
т.б.) әрекеттерін басқару бойынша Автоматтандырылған жұмыс орындарының
(АЖО) болуымен сипатталады, электронды оқулықтар, оқытушы программаларды
құру бойынша жеке өңдеулер бар болады. Бірақ осы бағытта систематизацияның,
координация мен мақсатты жобалау және қаржыландыру болмайды. Алшақтан оқыту
аумағында жеке жоғары оқу орындарында зерттеулер мен өңдеулер басталуда,
бірақ сезілетін нәтижелер жоқ.
Республикадағы оқу-әдістемелік процесінің программалық қамсыздандыруы
келесі түрлер бойынша жасалуда:
- басқарушы және тестілеуші программалар;
- программа-жаттықтырулар;
- оқытушы ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
- маманды-бағытталған модельдеуші программалар мен орталар;
- оқытушы және дамушы компьютерлік ойындар;
- электронды оқулықтар.
Қазіргі уақытта бақылаушы және тестілеуші программалар кеңінен
қолданылады.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолданбайтын
сала жоқ. Компьютер көптеген операцияларды жеңілдетті: құжаттарды жүргізу,
есептеулер жасау, графикалық кескіндер және т.б. Үйден шықпай-ақ әлемде
болып жатқан түрлі жаңалықтарды глобальды Интернет желісі арқылы біліп
отыруға болады.
Желіде мәліметтер қорындағы ақпараттың алмасуын ұйымдастыру үшін
сервер қолданылады. Ал Интернет желісіне қосылып жұмыс істеуге арналған
серверлер Web серверлер деп аталынады. Web серверлер – бұл әлемнің түрлі
жерлерінде орналасқан түрлі тақырыбты қамтитын ақпараттардың түпсіз
қоймалары. Web технологиясының шегінде құрылған қуатты іздеу жүйелері мен
каталогтары осы қоймалардағы сізге қажетті ақпараттарды тауып беруге
мүмкіндік береді.
Технологиялық процесс көмегімен оқытушылар білімгерлерді оқыту процесі
барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіншілігіне ие болуда.
Осы мақсатта қызмет етуші оқытушылар өз жұмыстарымен таныстыруда web-сервер
қолдануды ұсынамын. Сол сияқты web сервер көмегімен оқытушылар мен
білімгерлердің әрекеті туралы ақпарат сақтайтын сервер құруға болады. Онда
оқытушылардың және білімгерлердің жұмыстары браузерлер көмегімен көрінетін
беттерде орналасады.
Сервер мәліметтер қорындағы ақпаратты сақтап, клиентке қажет
мәліметтерді ішінен суырып алады.
Осы жүйені құру арқылы кафедрадағы оқу процесін бақылауға болады. Оны
оқытушылар мен білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқытушылардың
беретін пән лекциялары мен лабораториялық жұмыстары арқылы жүргізуге
болады.

1.2 Серверді ұйымдастыру кезеңдері

Программалық өнімді құру процесі кезінде өңдеушілер төрт негізгі кезең
анықтаған. Олар:
1.Анализ – құрылатын жүйеге қолданушымен қойылатын талаптарды анықтау.
2.Жобалау – қолданушымен қойылатын талаптарды қанағаттандыратын
программалық шешімдерді жасау.
3.Жүзеге асыру – қажетті программалық қамсызданыдыруды құру.
4.Тестілеу – құрылған программалық қамсыздандырудың қойылатын
талаптарға сәйкестігін бақылау.
Кейбір өңдеушілер ұсынылып отырған әрекеттерді тізбекті, жеке кезеңдер
ретінде орындауды дұрыс деп алады. Бұндай модельді каскадты не сарқырама
моделі деп атайды. Басқа жағдайларда өңдеушілер жобаның аса маңызды бөлігін
алдымен орындайды, бұл жұмыс графигінің бұзылу тәуекелін төмендетуге
мүмкіндік береді. Осыдан кейін әрекеттер жоба түгелімен аяқталмайынша
кеңейетін спираль түрінде жүзеге асырылады.
Жүйені құру процесі өте үлкен және көп уақытты қажет етеді. Жүйе
өндіргіштігі жоғары сапалы болу мақсатында оны құру процесін бірнеше
кезеңдерге бөліп қарастырғаны жөн. Алдыменен мен жүйенің алдына қойған
мақсатын анықтап, қолданушымен қойылатын талаптарды нақтылап аламын. Оны
мен есептің қойылымы бөлімінде тереңірек зерттеймін.
Бөлімнің аяқталуы келесі кезеңнің орындалуын талап етеді. Ол - жүйені
құруға қажетті программалық өнімдерді таңдап, олардың мүмкіншіліктерін
қолдану болып табылады. Бөлімнің аталуы да осыған сәйкес аталынып кеткен.
Алдымен серверді таңдаймыз, ал сонан соң мәліметтер қорын басқару жүйесін
қарастырамыз. Мәліметтер қорын басқару жүйесі құрылып болған соң олармен
web-серверде жұмыс істейтін программалар жазуға кірісемін. Программалар
программалық өнімнің сыртқы интерфейсін таңдап қана қоймай, сондай-ақ
мәліметтер қорында сақталған ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін CGI-
программалар деп аталынатын программалар құрамын.

1.3 Есептің қойылымы

Деректер қорының web-сервері жұмысы көп аса көп жұмысы бар
қолданушылардың көптеген мәселелерінің шешімі бола алады. Web серверде
лекциялар курсы, ағымды тапсырмалары бар парақтарды орналастыруға болады.
Бұл жерде кафедрада жұмыс істейтін оқытушылар мен білімгерлердің мәліметтер
қоры жасақталып, қажет жағдайда олардың әрқайсысы туралы қажет мәлімет
алуға болады.
Серверде университет туралы мәліметтер сақталынады. Ол университеттегі
оқытушылар, білімгерлер, оқытушылармен білімгерлерге берілетін пәндер
туралы ақпарат. Осы мәліметтер оқытушылар мен білімгерлерге қол жетерлі
болып табылады және қажетінше Университетінің жеке Web парағына шығарылуы
мүмкін.
Сервер мәліметтерді сақтап, МҚ-на сұраныстар жасау мүмкіндігін береді.
CGI-программалар серверде орналасқан мәліметтер қорымен жұмыс істеуі
керек және мәліметтер дұрыс емес түрде жазылған кезде олардың мәліметтер
қорына жазылып қоймауына жол бермейді.
Сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қолданушы станциясына, біздің
жағдайда, бұл - кафедра серверіне төменде көрсетілген программалық
қамсыздандыру орнатылуы қажет: Apache сервері, MySQL Мәліметер Қорын
Басқару Жүйесі, Perl сцениарийлер тілін және оның кітапханаларын.
Дискілік кеңістігі - 7,09 Мб-тан кем емес, ал оперативті жадының бос
көлемі - 1 Мб-тан кем емес болу керек.
Жүйенің Windows және Linux Операциялық Жүйелерінде жұмыс істей алу
мүмкіндігі бар.
Университеттің web-серверін ұйымдастыру технологиясын зерттеу және
өңдеу жүйесі оқытушылар мен білімгерлер әрекеттілігі туралы ақпарат алуға
арналған және сервер ретінде Apache сервері таңдалынып, MySQL МҚБЖ-ында
мәліметтер қоры құрылып, ондағы ақпаратпен жұмыс істеу үшін Perl
программалау тілі қолданылды.
Құрылған интерактивті web-бет мәліметтер қорында сақталған ақпаратқа
(оқытушылар, білімгерлер әрекеттілігі туралы) сұраныстар жасауға мүмкіндік
береді. Қолданушы (біздің жағдайда бұл - оқытушы, білімгер) кафедрадағы
оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мамандықтарға беретін лекцияларын,
лабораториялық жұмыстарын және білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын
көріп, олармен таныса алады.

2 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ
ТАҢДАУ

2.1 WEB-СЕРВЕРДІ ТАҢДАУ

Егер мекеме серверді үй беті (домашняя страница) ретінде емес,
профессионалды деңгейге жеткізіп шығарғысы келсе, онда ол мекеме өз Web-
серверін жасау қажет. Қазіргі таңда олардың көптеген түрлері бар.
Web-серверлер нарығының зерттеу аумағында беделді атаққа ие Netcraft
компаниясы (http:www.netcraft.comsurvey) мынадай көрсеткіштерді
анықтады(кесте 1).
Кесте 1. Серверлер нарығын салыстыру

Сервер Сайттар саны Нарық үлесі, %
Apache 20497607 56.50
Microsoft 11156732 30.75
Iplanet 1302788 3.59
Zeus 792530 2.18

Кесте 1-ден көрініп тұрғандай, Web-серверлер нарығы Apache және
Microsoft Information Server (IIS) болып екіге бөлінген. Олардың үлесінде
нарықтың 87%, ал iPlanet мен Zeus бәсекелестерінде не бары-ақ 3%. Сондықтан
Web-серверді таңдау – бұл Apache мен Microsoft Information Server (IIS)
арасындағы таңдау.
Қазіргі кезде Apache сервері IIS-тен екі есе артық үлесімен алда келе
жатыр (Apache-ң 20 млн. сервері IIS-ң 11 млн. серверіне қарсы).
Apache HTTP-сервері түрлі платформалар мен түрлі орталарда бейім болып
жұмыс істей алатын қуатты және иілгіш веб-сервер ретінде жасалынған. Түрлі
платформалар мен орталар түрлі мүмкіндіктерді талар етеді немесе сол бір
мүмкіндіктің жүзеге асырылуына түрліше эффективті жолдарды ұсына алады.
Apache компиляцияланатын немесе қосылатын модульдер көмегімен компиляциядан
кейін сервермен жүзеге асырылатын барлық қажетті қызметін вебқұраушыға
таңдауға мүмкіндік беретін өзіндік модульдік сәулетінің арқасында әрқашанда
түрлі қоршаған орталарда жұмыс істей алатын. Сервердің кейінгі
версияларында модульдік архитектура веб-сервердің жалпы функцияларымен
кеңейтілген еді. Енді сервер компьютердің желілік порттарымен қосылуына
және сұраныстарды қабылдау мен олардың балалық процестермен өңделу
координациясына жауапты мультипроцесті модульдер жиынымен әкелінеді. Осы
деңгейге дейін модульдік архитектурасының кеңейтілуі екі негізгі жетістікті
береді:
- Apache тиянақты және эффективті түрде түрлі операциондық жүйелерде
жұмыс істей алады. Әсіресе Windows-қа арналған Apache версиясы енді
эффетивтірек жұмыс істейді, өйткені МП-модуль POSIX деңгейінің желілік
функцияларының орнына Windows-тың өзіндік желілік функцияларын қолдана
алады. Бұл басқа операциондық жүйелерге де тән.
- Сервер нақты бір сайт қажеттіліктері үшін тиімдірек бапталған болуы
мүмкін. Сонымен қатар, түрлі қолданушылар привилегиялары бар процестермен
түрлі хосттарға қызмет көрсету сияқты арнайы мүмкіндіктері ұсынылады.
Қолданушы деңгейінде МП-модульдері Apache-нің басқа қалған
модульдерінен мүлдем ажыратылмайды десек те болады. Негізгі ажырау белгісі
– сервермен тек бір Мп-модуль компиляцияланады.
Apache серверінің көптен таралу себептерін екі топқа бөлуге болады:
бәсекелесушілерден техникалық жетістіктермен байланысты технологиялық
себептер және технологиялқ емес себептер.
Технологиялық көшбасшылық. Өз тарихының алғашқы кезеңінде Apache
нарықтағы технологиялық көшбасшы – өндіргіштігі өте үлкен, ал ресурстар
қажеті аз еді. Сонымен қатар, программа бәсекелестерге қарағанда
модульдерді қосу жолын оңай кеңейту мүмкіндігі жақсы жүзеге асырылған еді.
Технологиялық консерватизм. Мәлім программаларынң авторлары
қолданушылардың сұраныстарына тап болады. Программмалар қолданушылардың
азына қажет көп қызметтерімен күрделеніп, код қиындығы мәселелер санымен
және т. б. өседі. Apache авторлары осы аумақта қажеттті балансты сақтап
қалған, олармен өңделінетін ПӨ тұрақты және жобалана алатын беделге ие.
Өңдеу процесінің ашықтығы. Оны өңдеу процесі барлық көрушілерге
бақылау мен комментарийлер үшін ашық және жорияланған болып келеді. Бұл
жаңа версияларға қосымша модульдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Демократиялық өңдеу. Apache жобасында өңдеудің уникальды схемасы
жүзеге асырылған – әр өзгерістер бойынша дауыс берулер жүргізіледі, нақты
өзгерістер өңдеушілер тобының кез келген мүшесінің дауысымен тоқтатылуы
мүмкін, ал нақты емес өзгерістер “иә” дауыстарынан “жоқ” дауысына қарағанда
көбірек жинауы керек. Осындай схема технологиялық консерватизмді қолдап,
күдікті технологиялық шешімдерді қабылдамауға мүмкіндік береді. Демек,
осындай схема кез келген жобада қолданылмайды, өйткені өңдеушілер тобының
барлығына жауапкершілік артады, ал бұл барлық жағдайларда бола бермейді.

Қолданушыларды қолдау. Үлкен қолданушылық базаға және коммерциялық
емес статусына қарамастан Apache қолдауы сапа жағынан жақсы еді және сол
сапаға әлгі күнге дейін ие.

Лицензиялау. Apache-ң ең негізгі себебі болып еркін лицензілеу
табылады. Apache License кең таралған OpenSource GNU GPL ортасына қарағанда
туынды жұмыстардың еркін таралуын міндеттемейді, тек аталуына құқықтың
сақталуын – туынды жобаның Apache Group өңдеген кодын қолданатынын
көрсетуді талап етеді. Лицензиялаудың осындай схемасын қолдану кезінде
коммерциялық компаниялар өнімнің дамуына өз ресурстарын салуды ұнатады,
мысал ретінде Apache 2.0 өңдеуінде IBM компаниясының қатысуы және Apache-ң
Windows платформасына ауысуын атап кетуге болады.

Apache-ң осы аталған жетістіктері маңызды болып келеді, олардың
біреуінің болмауы өнімді қолданушылар немесе бөлім алдында беделі нашар
болар еді.

Web-серверлер келесідей тұтынушылық сапаларға ие болады:
Қол жетерлік (доступность) – қолданушылар үшін Web-сервердің үздіксіз
қол жетерлігі. Бұл жерде веб-сервердің оның қайта бапталуына, апаттар
(авариялар), қолданушылардың көптен іске қосылуна, т.б. жағдайларға
қарамастан тоқтаусыз жұмыс істеуі критерий негізі болып табылады.
Қорғаныс дәрежесі – сервердің рұқсат етілмеген қол жетерліктен
қорғанысы. Осы түсінікте сервер хакерлер мен вирустардың бұзғыштық
әсерлеріне және веб-сервер арқылы коммерциялық ақпараттың ұрлануынан
қорғанысқа тұрақтылығы жатыр.
Администрлеу және басқару – сервер басқаруының қарапайымдылығы және
эффективтілігі.
Өндеу (разработка) – сервер үшін Web-қосымшаларды өндіру қиындығы.
Өндіргіштік – сервердің тезәрекеттілігі.
Өзінің тестілеінде беделді Zdnet компаниясы Web-серверлерге бес балдық
баған бойынша келесідей бағалар қойып шықты. Осы зерттеулерде Microsoft IIS
и iPlanet алдыңғы орындарға ие болды(кесте 2).

Кесте 2. Web-серверлер сапасы бойынша тестілеудің нәтижесі

Сервер Жалпы Қол Қорға-нысАдмини- Өңдеу Өндір-гі
жетер-лідәре-жесістрирлеу штік
к 4 және
басқару 6
2 3 5 7
1
Microsoft 5 4 5 5 5 5
IIS’імен
Microsoft Windows
2000 Advanced
Server

Кесте 2 жалғасы.

1 2 3 4 5
C Үлкен емес, Тез орындалатын программалрды Жоғары деңгейлі Үнсіз келісім
машиналық құрастырады; құрастырмалардың біраз бойынша барлық
кодатарға жақсы Темір, жады және IO-ға толық қол саны өңдеудің UNIXLinuxBSD
компилятор жетерлік; эффективлігін машиналарында
Қатаң типтеуілдік қателерден сақтайды.төмендетеді; орнатылған.
Программалаушы үшін жады Windows үшін
көрсеткіштері мен жадыны алынуы мүмкін.
таратуды басқару
қажеттілігі
программалаушы үшін
кеңінен қателерге
соқтырады;
Қатаң типтеу өңдеуді
тежетеді.
C++ C + ОБП С-ң барлық артықшылықтары, бірақ одан C тіліндегідей Үнсіз келісім
баяуырақ; кемшіліктер. бойынша барлық
Кластар және объектілер программаларды UNIXLinuxBSD
масштабтырақ етеді; машиналарында
Қатаң типтеуілдік қателерден сақтайды; орнатылған.
Толық объектті инкапсуляция Windows үшін
көрсеткіштер мен буфердің толып алынуы мүмкін.
кетуіне байланысты мәселерді
ескермегенде, программаларды
сенімдірек қылады.

Кесте 3 жалғасы.
1 2 3 4 5
Java Арнайы байткодқа Кірістірілген ОБП көмегімен үлкенОрындау жылдамдығы өте Барлық
компеляцияланатын жобалар үшін масштабталады. төмен болуы мүмкін. платформалар үшін
машиналы-тәуелсіз Жадыдағы сорды жинау және Қарапайым программаның қол жетерлі.
тіл. Алғашында көрсеткіштердің болмауы қателер өзі ОБП талап етеді,
объектіге бейімделгенсанын минималдайды. сондықтан қарапайым
болып жасалған. Java программаларының баптау программалардың өздері
фазасы өте жылдам. сіздің қалайыңызша
Қатаң типтеу қателерден сақатйды.қарапайым емес..
Қатаң типтеу өңдеуді
Толық объектті инкапсуляция тежетеді.
программаларды сенімдірек етеді.
Java программалаушылар үшін үлкен
нарықтың бар болуы.
Python ОБП-мен жақсы ОБП-мен жақсы интерграция Типтерді тексерудің UNIX, Linux, BSD
интеграцияланған кең Python-ды үлкен жобаларға дейін болмауы қиынұсталынатын және Windows қол
таралған жақсы масштабталған етеді. қаталердің пайда болуына жетерлі. Linux-ң
интерпритатор. себеп болады. көптеген
дистрибутивтерімен
бірге әкелінеді,
бірақ жиі
орнатылмайды.

Кесте 3 жалғасы.
1 2 3 4 5
Жадыдағы сорды жинау және Орындау жылдамдығын С
көрсеткіштердің болмауы қателер және С++ тілдерінікімен
санын минималдайды. салыстыра алмайсың.
Типтерді тексерудің болмауы Python
программаларды тезірек өңдеуге программалаушылары үшін
мүмкіндік береді. нарық жоқ.
Объектілер инкапсуляциясы қол
жетерлі, егер сіз (__айнымалы)
қалай екенін білсеңіз, сондықтан
жақсы, сенімді программалар жаза
аласыздар.
Python кірістірілігі
(вложенность) отступқа
сезімталдылығы оны әлемде ең
оқымалы тіл етеді.
Ruby ОБП туралы ойлармен ОБП-мен жақсы интеграция Ruby-ді Орындау жылдамдығын С Linux-те қол
төменнен жоғарыға үлкен көлемді жобаларға дейін және С++ тілдерінікімен жетерлі, бірақ
құрылған кеңійтеді. салыстыра алмайсың. жиі орнатылмайды.
интерпретатор. Perl Жадыдағы сорды жинау және Ruby программалаушылары Басқа
мен Python тілдеріне көрсеткіштердің болмауы қателер үшін нарық жоқ. платформаларда
ұқсас. санын минималдайды. әркім жұмыс.
Типтерді тексерудің болмауы

Кесте 3 жалғасы.
1 2 3 4 5
программаларды тезірек өңдеуге вариантын
мүмкіндік береді. компиляциялап
Объекттік инкапсуляциясенімді орнатуы мүмкін
программалар жазуға мүмкіндік
береді.
TCL С және т.б. Нақты программалар ТСL тілінің ОБП жоқ және өте Жеткізілдеі және
тілдерінің тек бірнеше операторларын масштабты емес. әдетте Linux-та
синтаксисінен және қолданып жаузға болады. TCL жиі қолданылмайды орнатылады. Басқа
қолданылуынан және TCL нарығының платформалар,
ерекшелінетін программалаушылары өте сонымен қатар
интерпретатор. Көп аз. Windows үшін қол
көлемді емес жетерлі.
программаларды құруға
мүмкіндігі бар.
QT Графикалық Тез және эффективті графикалық Қолдану қиындығы. Linux-пен
кескіндерді құруға қосымшалар жасайды. жеткізіліп, басқа
арналған платформалардың
компиляциялаушы тіл. көбісінде
компиляциялау
көмегімен қол
жетерлі.

Кесте 3 жалғасы.
1 2 3 4 5
gTk Графикалық Тез және эффективті графикалық Қолдану қиындығы. Linux-пен
кескіндерді құруға қосымшалар жасайды. жеткізіліп, басқа
арналған платформалардың
компиляциялаушы тіл. көбісінде
компиляциялау
көмегімен қол
жетерлі.
Bash Командалық Жақсы модульділік орындаушы Циклдар жылдамдығы төмен.Барлық Linux
интерпретатор тіл файлдарға, piping және қайта машиналарында
ретінде қолданылуы бағыттауға бөлу арқылы Синтаксисі ыңғайсыз. орнатылған.Bash
мүмкін. жеткізілген. ОБП жоқ. немесе осы сияқты
Сапаны бағалау қарапайым, егер Мәліметтердің комплексті барлық UNIX және
сіз программаны тестіленген, құрылымдар қолдауы аз. BSD машиналарында
жақсы танымал программалардан орнатылған.
құрасаңыз. Windows
Циклсыз өндіргіштік тиімделген машиналарында
программа оны қаншалықты тез орнатылуы мүмкін.
шақыратынына қарай өте тез.
Өте ерте жүктеу процесі кезінде
қол жетерлі, сондықтан
bash-скриптілері жүктеуді бақылау
үшін қоллануға болады.

Кесте 3 жалғасы.
1 2 3 4 5
Perl Үлкен нәрселерді ОБП қол жетерлігі Perl-ді орташа Инкапсуляция мен жабық Үнсіз келісім
Ескерту: бірнеше жолдармен көлемді жобаларға дейін айнымалылардың болмауы бойынша барлық
бұл баға жасауға тиімділген масштабталу мүмкіндігін жасайды. үлкен жобаларда Linux, BSD және
тек 5 интерпретатор. ОБП Жадыдағы сорды жинау және қателерге әкеп соғуы Unix машиналарында
версиясы кейіннен қосылған. көрсеткіштердің болмауы қателер мүмкін. орнатылады.
үшін. санын минималдайды. "Есепті орындау үшін қөпWindows және т.б.
Типтерді тексерудің болмауы жолдарды болуы" платформалар үшін
программаларды тезірек өңдеуге философиясы оқылмайтын де қол жетерлі.
мүмкіндік береді. кодқа, баптаудағы
Бірегей барлық UNIXLinuxBSD қиындықтар мен жақсы
әлемінде қоладынлады. тәжірибенің болмауына
Perl программасы кез келген соқтырады.
машинада жүктеледі. Жақсы тәжірибенің
Perl біліміне үлкен нарық. болмауы Perl-ң нашар
Интерпритатор үшін өте жылдам. кодына соқтырады.
CPAN модульдерінің Perl
репозитариі сіздерге қажеттінің
барлығын оңайлататын саймандардан
тұрады.
Perl-ді қолданғандағы өңдеу мерзімі кішірейеді. Кейбір тілдерде
бірнәрсені орындау үшін кодтың көптеген жолдары болу керек, ал ол үшін Perl-
де тек бірнеше жолдың болуы жеткілікті. Ол деген жаңа скриптілерді өңдеу
үшін уақыттың үлкеюін және өңдеуді қажет ететін код көлемінің кішіреюін
білдіреді.
Perl жоба тек CGI скриптілері ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді
өңдеудің бөлек программаларынан тұрғанда да жақсы. Бұл үлкенкөлемді
жобаларға тиісті. Мысалға жобада регулярлы аралықтар арқылы мәліметтер
қорының белгілі санын жаңарту, мәліметтер қорындағы ақпаратты web-ке салып,
осы мәліметтер негізінде қолданушымен өңделінетін есеп берулерді құру
қажет. Perl бұл мәселелердің барлығын шеше алады, ал, мысалға, РНР web
клиентте мәліметтері бейнеленетін бөлкті ғана өңдей алады. Бұл деген жобаны
орындау үшін бірнеше тілдің бар болуын білдіреді. Егер барлық есептер үшін
бір тілді қолданатын болса, өңдеушілер өзара бірге жұмыс істей алатын
болады, өңдеу ауқыты азаяды, және Perl-ді білетіндер кодтың кез келген
бөлігін өңдей алады(егер код жақсы жазылған болса).
Perl CGI және жалпы қолданыс үшін ең жақсы таңдау болып келуінің тағы
да басқа себептері бар, бірақ Perl – көптеген құрал-саймандардың тек біреуі
болып табылады. Perl барлық жобалар үшін ең жақсы таңдау бола алмайды,
бірақ ол қорда бар болуының құнды құралы.

3 СЕРВЕРЛІК БӨЛІКТІ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСТІ ЖОБАЛАУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

3.1 Кафедраның реляциялық моделін құрастыру

Кез келген мәліметтер қорын ұйымдастыру мәліметтердің реттелуін талап
етеді. Мәліметтер қорын құрудың реляциялық моделі кеңінен таралған. Оның
негізгі принциптері мынадай – мәліметтер қорының барлық мәліметтері бір
жиын болып сақталмай арнайы бөлек кестелерде сақталынады. Осының көмегімен
жылдамдық пен иілгіштікте ұтысқа жетеді. Кестелер өзара бір-бірімен
байланыстар (қатынастар) арқылы байланысады, соның көмегімен сұранысты
орындау кезінде бірнеше кестелердегі мәліметтерді біріктіру мүмкіндігі
туындайды.
Жобаның зерттеу облысы университет болып табылатындықтан университетті
зертеу аймағының маңыздарын бөліп алу қажеттігі туындайды. Зерттеу
барысында оқытушылар мен білімгерлердің әрекеттері туралы мәліметтер қорын
құрайтындықтан оларға тиісті көптеген маңыздар анықталды.
Реляциялық модельдерді құруда дайын программалық жабдықтаулар
қолданылады. Яғни осы программалар арқылы маңыздар, байланыстар, атрибуттар
диаграммаларын оңай құру мүмкіндігіне ие бола аламыз. Көрнекі болу үшін
ERWin программасында маңыздарды анықтаймыз. ERWin программасының
артықшылығы - маңыздар оңай бейнеленіп, сонымен қатар кестелер арасындағы
байланыстарға тексерулер жасалынады.
Кафедра аумағының маңыздарын, атрибуттарын, байланыстарын анықтауда
ERWin программалық өнімі қолданылды. Оларды сурет 1-ден көре аламыз.

Сурет 1. ERWin-дегі маңыздар диаграммасы

Маңыздар анықтау кезінде олардың атауларын ағылшын атауларына аударып
жазған едім. Олардың баламасын төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 4. Кафедра зерттеу аумағының маңыздары
Маңыз атауы МҚ-дағы белгіленуі
Факультет Facul
Кафедра Kaf
Мамандық Spec
Оқытушы Teach
Тағайындалған қызметі Dol
Білімгер Stud
Оқу түрі Form
Оқу тілі Yaz
Оқытушының ғылыми жұмыстары Nr
Білімгердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Nirs

Байланыстар сұраныстар жасауда аса маңызды рөл атқарады. Осы маңыздар
бірнеше атрибуттардан тұрады. Атрибуттар көмегімен кестелер арасындағы
байланыстар жасалынады. Жоғарыда көрсетілген кестедегі маңыздар
атрибуттарын келесі кесте көмегімен көрсетуге болады:

Кесте 5. Маңыздар атрибуттары
Маңыз Атрибуттары
Facul Id
Name
Kaf Id
Name
Facul
Spec Id
Name
Facul
Teach Id
Fio
Kaf
Dol Id
Dol
Teach
Stud Id
Fio
Dat_post
Spec
Form
Yaz
Form Id
Name
Yaz Id
Name
Nr Id
Teach
Tip
Tema
Dat
Prim
Nirs Id
Stud
Tip
Tema
Dat
Teach
Prim

Маңыздар байланысының логикалық моделі төменде келтірілген (сур. 2).
Осы cуреттен біз жоғарыда анықталған маңыздардың құрамымен және маңыздар
арасындағы байланыстарды айқын көре аламыз. Әр маңыздың екінші маңызбен
байланысқандағы рөлі, яғни қай кесте қай кестеге қарағанда аталық не
балалық рөлге ие. Осы байланыстарды Erwin программасы арқылы көрсеткені жөн
(сурет 2).

Сурет 2. ERWin-дегі атрибуттар диаграммасы

Мәліметтер қорының жалпы құрылымы дайын, енді осының барлығын
мәліметтер қорын басқару жүйесінде жүзеге асыруға кірісейік.

3.2 Серверді құруға дайындық

Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі - бұл серверді орнату. Ол үшін
Apache серверін кафедра серверіне орнатамыз. Орнату кезінде үнсіз келісім
бойынша барлық әрекеттермен келісеміз. Сонда жұмыс стөліне серверді
басқарушы ярлыктар пайда болады. Олар сервермен жұмыс істеу режимдерін
реттеп отырады. Мұнда Start Servers - сервермен жұмысты бастайды, Restart
Servers - серверді қайта іске қосу, Stop Servers - сервермен жұмыс істеуді
тоқтату.
Сервермен жұмыс істеуді бастау үшін Start Servers ярлыгын шертеміз,
сонда егер барлық орнатылымдар дұрыс болса, мынадай диалогты терезе пайда
болады(сурет 3).

Сурет 3. Apache серверін жүктеу терезесі

Бұл терезе барлығы дұрыс - сервермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие
болғанымызды білдіреді. Енді мәліметтер қорын MySQL мәліметтер қорын
басқару жүйесінде құру процесіне кірісуге болады.

3.3 MySQL-де кестелер құру

Жоғарыда қарастырылған реляциялық модельді енді MySQL мәліметтер қорын
басқару жүйесінде жүзеге асырамыз.
Кестелердегі маңыздардың әрбір атрибутының өзіндік сипаттамасы болады.
Әрбір маңыз атрибуттарына келіп тоқталатын болсақ.

Кесте 6. Маңыздың әрбір атрибутына сипаттама
Маңыз Атрибут Типі Қосымша
1 2 3 4
Facul Id Int(2) Not null
Auto_increment
Primary key
Name Varchar(50) Not null
Kaf Id Int(2) Not null
Auto_increment
Primary key
Name Varchar(40) Not null
Facul Int2) Not null
Teach Id Int(6) Auto_increment
Primary key
Not null
Fio Varchar(45) Not null
Kaf Int(2) Not null
Dol Int(2) Not null
Dol Id Int(2) Not null
Index
Dol Varchar(20) Not null
Stud Id Int(6) Auto_increment
Not null
Primary key
Fio Varchar(50) Not null
Dat_post Date Not null
Spec Int(6) Not null
Form Int(2) Not null
Yaz Int(2) Not null
Spec Id Int(6) Not null
Auto_increment
Primary key
Name Varchar(35) Not null
Facul Int(6) Not null
Form Id Int(2) Not null
Auto_increment
Index
Name Varchar(10) Not null
Кесте 6 жалғасы.
1 2 3 4
Yaz Id Int(2) Not null
Auto_increment
Index
Name Varchar(11) Not null
Nr Id Int(6) Not null
Auto_increment
Index
Teach Int(6) Not null
Tip Varchar(20) Not null
Tema Varchar(60) Not null
Dat Date Not null
Prim Varchar(100)
Nirs Id Int(6) Not null
Auto_increment
Index
Stud Int(6) Not null
Tip Varchar(20) Not null
Tema Varchar(60) Not null
Dat Date Not ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Онлайн оқыту жүйелеріне шолу
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Web - қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары
Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері
Балалар әлемі интернет-дүкенің құру
Ғылыми зерттеу институтыныңақпараттық жүйесін жобалау
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Пәндер