Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері
1. 1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы . . . 5
1. 2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы . . . 5
1. 3 Азия даму банкі және ислам даму банкісі . . . 7
ІІ. Араб Әмірлігінің экономикалық дағдарыстан шығу ерекшеліктері
2. 1 Араб Әмірлігінің экономикалық жағдайы . . . 10
2. 2 Әлемдік қаржы жүйесінің көрсеткіштерін талдау . . . 14
ІІІ. Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың болашақтағы бағыттары
3 . 1 Дағдарыс кезеңінде орталық банктердің отандық кәсіпорындарды несиелендіру жағдайлары . . . 17
3. 2 Дағдарыс жағдайындағы шаруа қожалықтарын қолдау мәселелері . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
КІРІСПЕ
Жұмыс өзектілігі . Жер шарын алаңдатқан қаржылық дағдарыс неден басталды? Оның әлемдiк нарыққа келтiрген шығыны қаншалықты? Қазақстандық экономиканы «қаржылық дағдарыстың» үсiгi шалмас үшiн бiздiң билiк ненi ескеруi тиiс? Халықаралық қаржы қорының Қазақстан мен оған көршiлес жатқан өзге де орталықазиялық елдерде экономикалық саясатты күшейте түсуге кеңес беруi не себептi?
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс - ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22, 6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы - рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:
- Араб Әмірлігінің әлемдік қаржы жүйесін қарастыру;
- Араб Әмірлігінің ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету;
- халықаралық қаржы жүйесін қарастыру т. б.
Зерттеудің маңызы: Араб Әмірлігіндегі әлемдік қаржы жүйесінің мазмұнын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: І - бөлімінде «Әлемдік қаржыжәне экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері» деп аталады.
Екінші бөлімнің мазмұны - Әлемдік қаржы жүйесі, қаржы жүйесінің әлемдік практикадағы жағдайы қалай болып жатыр, соны талдау.
Қорытында бөлімінде барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы ақпан айындағы халқына Жолдауы, «Қазақстан-2030» стратегиясынан, «Экономикалық теория», «Халықаралық экономикалық қатынастар» және т. б. кітаптарынан алынған материалдар ұсынылған.
І. Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың
теориялық негіздері
1. 1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы
Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет - капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз - қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:
-қарыз капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл қаржы нарқы деп аталады.
-қарыз капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы - бұл капитал нарқы деп аталады.
Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.
Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.
Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.
1. 2 Еуронарық және шетелдік валюта нарығы
Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты.
Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 - жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды.
Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді.
Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы.
ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.
Олар:
-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.
Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.
-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:
-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұл міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.
-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.
-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.
Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет - мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі - банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3, 6, 9, 12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.
Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік - несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.
Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:
-инвестициялық барлық соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп жүргізіледі
-несие белгіленген лимит бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде беріледі
-несиенің көлемі, ставка пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше айға немесе 10 жылға, одан да көп мерзімге беріледі;
-ролловерлік шарт бойынша қажетті соманы толық беру мүмкіндігін қалыптастыруға назар аударылған.
Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде.
Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері:
-халықаралық банк несиелері;
-халықаралық эмиссиялық облигациялық қарыздар;
-еуропалық векселдер болып табылады.
Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар.
Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.
1. 3 Азия даму банкі және ислам даму банкісі
Азия даму банкісі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Біріккен Араб Эмираттары, Жапония, Австралия елдері де кіреді.
1980 ж. азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретінде банк мүшелерінің жиналысында 66, 6 % дауыс алса, оның ішінде Жапония үлесі - 26, 2% дауыс, Австралия -11, 1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып, тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33, 4% құрайды, Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы беледі. Штаб-пәтері Филиппиннің астанасы - Манила қаласында.
АзДБ өз операцияларын ЕКДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9, 5 млрд. доллар болды, оның 8, 9 млрд. долларына қол қойылды. Банктің ережесі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады. Оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.
АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жұмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркін мен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қаражаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфракұрылымдарын жақсартуға жеңілдікпен несие беру үшін пайдаланылады.
АзДБ облигация шығару арқылы өзінің қаражаттарын әлемдік-қаржы нарығанан тартады /5, 445 б/.
АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге берді - Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8, 7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оныцң қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым - 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі. .
Несиені беретін негізгі бағыттары - экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп объектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдейтін өнеркәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне - сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.
Ислам даму банкі. Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясындағы Джидде қаласында орналасқан. Аймақтық кеңселері үшеу, олар - Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Банктің құрылтайшылары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халыкаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы -16, 6%, Ливия - 6, 7%, Кувейт - 8, 3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Мальдив Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0, 4% құрайды.
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде халықаралық және аймақтық қаржы мекемелерімен бірлесіп жобаларға берілген қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.
Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т. б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сақтау объектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.
Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімінен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.
Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Баскарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6-шы сайланады.
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды.
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі.
ІІ. Араб Әмірлігінің экономикалық дағдарыстан шығу ерекшеліктері
2. 1 Араб Әмірлігінің экономикалық жағдайы
... жалғасыЖалпы жер бетінде Парсы елдері, Оңтүстік-шығыс және Орталық Азия елдері, Араб елдері, Солтүстік Африка елдері мұсылман әлемі болып саналады.
Мұсылман әлемін танумен олардың барлық географиялық жағдайларын (экономикасын, ақшасын, басқару жүйесін, халқын, білім саласын) білу мақсатында бірнеше елдерге тоқталдық. Олар:
Кувейт, Сауд Арабиясы, Бангладеш, Ливия, Біріккен Араб Әмираттары, Сирия Араб Республикасы, Алжир, Пакистан, Индонезия.
Кувейт. Халықтың 84% -ын арабтар құрайды. Олардың жартысынан көбі кувейттік, ал қалғандары басқа араб елдерінен келген арабтар.
Біріккен Араб Әмираттары. Ресми атауы - Біріккен Араб Әмираттары (БАӘ) .
Халқының 19%-ы жергілікті арабтар, 23%-ы басқа елдерден қоныс аударған арабтар, ирандықтар, 50% -ы оңтүстік азиялықтар: үндістандықтар, пакистандықтар мен бангладештіктер, қалғандары - Еуропа мен Шығыс Азиядан келгендер.
Жерінен мұнай табылған кезден бастап халық саны сырттан келіп қоныстанушылар есебінен өсті. Бұл өсімнің ең басты себебі, экономикасы үлкен қарқынмен дамыған елде шетелдік, яғни сыртқы жұмысшы күшіне деген қажеттілік еді.
Ресми тілі - араб тілі. Одан басқа парсы, ағылшын, үнді және урду тілдері де қолданылады.
Ресми діні - ислам, Халықтың 96% -ы мұсылман, олардың 83% -ы сунниттер, 17%-ы шииттер.
Ақша бірлігі - 1 (АҚПІ) - 3, 67 БАӨ дирхемі.
Біріккен Араб Әмираттары солтүстік Басра шығанағы, шығысында Омман мен Омман теңізі, оңтүстігі мен оңтүстік батысында Сауд Арабиясымен шектесіп жатыр. Негізінен, жері шөлді. БАӘ-да Хаджарул Ғарби тауынан бастау алатын кішкене өзендерден басқа ағын су жоқ.
Басқару жүйесі - монархиялық бір федерация. Жеті әмираттан тұрады. Олар: Абу Даби, Аджман, әл-Фуджайра, әш-Шарқия, Дубай, Рас әл-Хайма және Умм әл-Қайуан.
Абу Даби әмірі федерацияның да басшысы болып табылады. Қалған әмираттардың әмірлері сыртқы істері мен қорғаныс мәселелерінде федерация басшысына бағынады, ал ішкі істерінде тәуелсіз. Үкіметті премьер-министр басқарады. Әр әмираттың әмірі билік басына мирас жолымен келеді.
БҰҰ, ИКҰ (Ислам Конференциясы ұйымы), ІМҒ (Халықаралық Ақша қоры), Ислам Даму Банкі және т. б. халықаралық ұйымдарға мүше.
БАӘ-ның ең басты табыс көзі - мүнай. 1992 жылы барлығы 837 млн. баррель мұнай өндірілген. Табиғи газ да ел экономикасына маңызды табыс әкелуде.
Сыртқы сауда негізінде АҚШ, Франция, БАӘ, Голландия елдерімен қарым-қатынас жасалады.
Білім саласына келсек, міндетті түрде бастауыш білім 6 жастан басталып, алты жыл жалғағады. Білім алу тегін. Бастауыш пен орта білім алу орындары бірге орналасқан. Елдегі жалғыз университет - Біріккен Араб Әмираттары университеті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz