Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қылмысқа қатысудың түсінігі мен түрлері
1.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қылмысқа қатысудың түрлері мен нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау
мәселелері
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден бас тартуы ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық.
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiне түсiнiк.- Алматы: Норма К, 2004.- 647 б.
2 Әпенов, С. Қылмысқа қатысушылық бойынша қылмыстық құқықтағы жауаптылықты жекешеленудің құралдары //Әділ сот.- 2010 - №2.- 17 - 19 б.
3 Мұратханова М. Б. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау: Автореферат.- Астана: Б.ж., 2007.- 30 б.
4 Өзбеков Д. Ө. Қылмысқа қатысу нысандары мен түрлерінің теориялық мәселелері.- Қарағанды, 2002.- 30 б.
5 Әпенов С. М. Қылмысқа қатысушылық: Теория және практика мәселелерi.- Алматы: Заң әдебиетi, 2006.- 173 б.
6 Ағыбаев А. Қылмысқа қатысудың негіздері // Заң.- 2010.- №5. - 18-24 б.
7 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2001
8 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Алматы, 2001
9 Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Астана, 2008
10 Наумов А.В. Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі
тұжырымдамалары. Алматы, 2005.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қылмысқа қатысудың түсінігі мен түрлері
1.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қылмысқа қатысудың түрлері мен
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9
2. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау
мәселелері
2.1 Қылмысқа қатысушылардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қылмысқа бірге қатысушылардың
жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден бас
тартуы ... ... ... ... ... ... ... 2 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..32
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын
берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму
бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты.
Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам
елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты
жиналысында сөйлеген сөзінде біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған
жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік
құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға
алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы
Конституцияның жемісі, деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары
құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен
ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда
демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жж.
Арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік – экономикалық реформаларды
және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы
реформаларды , қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа
құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан
Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында Екі
немесе оданд а көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп
қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады— делінген.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатыскан жекелеген
қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты
қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге
бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп
атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың
барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан
аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстын объективтік жағының
бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы
қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге
ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де
мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-
бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты
бірге тікелей істейтінін білуі қажет.
Қазақстан аумағында қылмысқа қатысушылықпен 2003 -22356; 2004 -21993;
2005 -19342; 2006 -16491; 2007 -14360; 2008 -16573; 2009 -15310 кылмыс
тіркелген. Осы саңдардан қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстардың жалпы
қылмыстылықтың үлес салмағын салыстырып қарасақ, онда 2003 жылы тіркелген
қылмыстарда қатысушылықпен жасалған қылмыстар 13,6%; 2004 ж.-13,8%; 2005 ж.-
13,8%; 2006 ж.-13,3%; 2007 ж.-9,6%; 2008 ж.-10,2%; 2009 ж.-9,2% болып отыр.
Көрсетілген мәліметтерге карағанда, қылмыс жасау төмендеп келе жатқандай
көрінеді, алайда бұл - кылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстылық пен
қылмысқа қатысушылар жауаптылығының мән-мағынасына әлі де толық көңіл
бөлінбей отырғандығыныц куәсі деп атап өтуге болады.
Зерттеу деңгейі. Қазақ ССР-і және Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің шешілуіне өз үлесін
қосқан ғалымдар З.О.Ашитов, Н.М.Абдиров, А.Н.Ағыбаев, Қ.Ә.Бәкішев,
Б.М.Жүнісов, Г.М.Мұқашев, И.И.Рогов, А.А.Смағұлов және т.б. ғалымдардың
еңбектерін айтуға болады.
Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексіне байланысты қылмысқа қатысудың
қылмыстық-құқықтық мәселелеріне арналған Л.М.Вайсберг, У.С.Жекебаев,
Р.н.Судакованың ғылыми еңбектері бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыста қылмысқа қатысуға,
және оның нысандары мен түрлерінің тарихына шолу жасау арқылы қылмысқа
қатысуға терең және жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатқа
төмендегі міндеттерді шешу жолымен жетуге болады:
- қылмысқа қатысу нысандары мен түрлерінің жауаптылығын көздейтін
қылмыстық – құқықтық нормалардың түрлі тарихи кезеңдердегі
мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
- қылмысқа қатысу нысандарының жіктелу өлшемдерін белгілеп, оларға
қылмыстық - құқықтық сипаттама беру;
- қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын жеке даралау
мәселелерің айқындау;
- қылмысқа қатысу нысандарының ерекшеліктерін анықтау.

1.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны
ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара кылмыс жасауға қарағанда қылмысты
осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор.
Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың —
қатысушылардың — өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана
қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен
қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай
жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір
адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте
көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді
бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу
арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың
өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудың
объективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп
адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі
дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі
дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жағына толмаған
жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып
саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды
қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде
жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту кодекстегі
131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге
қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік
жағынан алғанда кылмыс істеуге бірлесіп катысу деп, оны істеуге бірге
қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетті
істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Өзінің мәні
жөнінен жекелеген адамдардың кылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген
қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге
біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған
басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған
(көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың айдап
салушылардың; көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі
қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген
қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі
және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты
болуы шарт.
Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен
шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-
әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей
жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара
байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.
Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге
орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы,
көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана
қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты
тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге
асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмыска қатысу барлық
қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға
қасақана қатысуы ұйымдастырудың, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының
істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардың өз іс-
әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған
түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.
Абайсыздықпен істелетін қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне
екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың
әрекетін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналыкпен істелген қылмысты
әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша
саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе
кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының
істейтін қылмысының қоғамға зияндылығының мәнісін сезу, сондай-ақ сол
адамның қылмысты жалғыз өзінін емес, басқалардың әрекетімен бірге жасайтын
мән-жайларды сезінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы
қылмысты орындаушының істейтін қылмысының, мәнін, ниетін, және өздерінің
орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі қажет.
Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа катысушылардың өзіне
қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да
хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп
қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа
қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және
мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
1.2 Қылмысқа қатысудың түрлері мен нысандары
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,
олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың
өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара
өрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне
байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік
дәрежесіне байланысты қыллмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей
қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл
нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан.
Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және
кылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерінде бөліп
көрсеткен.

Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болыл саналып, оны
орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар
мағынадағы қылмысқа қатысушылыкқа тән белгілердің бірі қылмысқа
қатысушылардың өзара рольдер бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл
түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы
ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер
болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабардар болады.
Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды,
олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп жағдайларда
ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей кылмыстың
объективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға
қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын ала келісіп қатысу (қатысу
нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық
(қатысушылардың түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады. Қылмысқа
қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралауға және жазаны
даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа катысудың нысаны мен түрін
белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесін анықтауға және қылмысқа катысушылардың әрекеті мен
келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың
өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты білдіреді.
Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын көрсетеді.
Осы аталған бапта қылмысты іс-әрекетті істеудің келісушілігінің
дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс
жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын ала
келіспеушілігінің болғанына немесе болмағанына байланысты қылмысқа қатысу
нысаны тәмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.
Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу (31-бап, І-бөлігі). Мұндай ретте
қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде, қылмысқа
қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта
орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың
өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың. объективтік жағының
белгілерін орындауға кіріскен уақыттан бастап жүзеге асырылады. Алдын ала
келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда төбелеске катысып кісі
өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі кездеседі. Бұл қылмысқа
тән белгі — қылмыс істеуге, яғни қылмыстың объективтік жағын орындауға
кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушылардың қосылып кетуі болып
табылады. Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың объективтік жағының
белгілерін толық немесе ішінара орындайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23
сәуіріндегі Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды
соттардың қолдану тәжірибесі туралы қаулысының топ болып жасалған зорлау
деп — бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, сондай-ақ айыпкердің
бірнеше адам (екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен
жыныс қатынасын жасаса, бұл әрекеттен болып зорлау деп саралануға жатады.
Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану
арқылы басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зорлауды
орындаушылар болып табылады— делінген. Алдын ала келіспей қылмысқа топ
болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кездесетін қылмыс
болып табылады.
Қылмысқа қатысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала
сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын
уағадаласқан түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың объективтік жағын
құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді істегенге дейін басқа бір
адаммен болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын
ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны
екіден кем болмайды; екіншіден, олардың қылмыс істеу туралы келісімі
қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе
бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Қылмысқа қатысудың бұл нысаны
Қылмыстық кодексте нақты қылмыс құрамының негізгі немесе жетілдірілген
(квалифицирующий) белгілері немесе жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
ретінде көрсетілген. Мысалы: 175-баптың 2-бөлігінде бөтеннің мүлкін адамдар
тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлау; — делінген. Бұл жерде қылмыс
істеуге келісу деп қылмысқа қатысушылардың дайындалу немесе істейін деп
жатқан қылмыс жөніндегі өзара ауызша, жазбаша келісімге қол жеткізуін
айтамыз. Кейде мұндай келісімдерге конклюдеттік әрекеттер арқылы қол жетуі
мүмкін. Келісімнің түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың барлығынан да
істейтін қылмыс құрамының объективтік жағын орындауға тікелей қатынасатыны
туралы болады, яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге асырылады. Егер
қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен
адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп
танылады.[1] Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері:
біріншіден — қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден — ондай
қатысу алдын ала қасакана бір немесе бірнеше кылмыс істеу жөнінде
келісіледі, үшіншіден — қылмыстық топ тұрақты топқа жатады. Алдын ала
ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу
жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс
істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара рөлін белгілейді;
қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге
асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу
топқа қатысушылардың белгілі бір рөльдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ
ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше қасақана қылмыстар істеу
үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай тұрақты топтың мүшелері болып
кейде мемлекеттік өкімет: басқару органдарының жауапты қызметкерлеріде
болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес ұйымдасқан топ болып
қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта
көрсетілген. Мысалы. 175-бап, 3-бөлік, а тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, а
тармағы, 177-бап, 3-бөлік, атармағы, т. б.
Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған
бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан
топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық сыбайластыққа тән өзіңдік белгілердің бірі
қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәрежеде
болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым
екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ауыр немесе
ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтаскан
тобының көрінісі болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық
ұйымның) қатысушылардың тұрақтылығын, топтасқандығы қылмысқа катысудың тек
қана осы түріне тән белгілері болып табылады. Бұл жерде қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) тұрақтылығы деп оның мүшелерінің өзара
үнемі байланыста болуын және олардың бірнеше ауыр немесе ерекше ауыр
қылмысты істеуге даярлану, оқталу, жүзеге асыру әрекетінің өзіндік
әдістерінің көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және озара тығыз
сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылығын көрсетеді. Қылмысқа бірге
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық белгілерін сипаттайтын қылмыстық
мақсатты жүзеге асырудағы ортақ бірлігінің бар болуын қылмысты
сыбайластыққа (қылмысты ұйымға) топтасқандық деп танылады. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) істеген қылмысының қауіптілігі сол, бұл
ұйым жәй ғана өзара келіскен адамдар тобынан емес, қылмысты құкыққа қарсы
әрекеттермен шұғылдану үшін жасалған тұрақты, басқаратын ұйымға топталған
адамдардан тұрады. Бұл басқарылатын тұрақты ұйымның мақсаты ауыр немесе
ерекше ауыр қылмысты әрекеттермен шуғылдану болып табылады. Мұндай ұйым,
әдетте бірнеше, саны белгісіз, қылмыстарды жасау үшін, орындалуы қиын,
аукымы кең, тәсілі мен әдісі жөнінен күрделі ауыр немесе ерекше ауыр
қылмыстарды жүзеге асыру үшін құрылады. Қылмысты топтың мүшелері арасында
әркайсысының атқаратын рөльдері белгіленеді. Мұндай басқарылатын ұйым көп
жағдайларда ауыр немесе ерекше ауыр қауіпті қылмыстарды жүзеге асырады.
Қылмыстық сыбайластықпен (қылмысты ұйыммен) істелетін қылмыстардың кейбір
түрлері қылмыстық заңда жеке қылмыс құрамы ретінде көрсетілген. (Мысалы,
237-бап. Бандитизм). Банда дегеніміз азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл
жасау мақсатында тұрақты, қарулы топ кұру. Бұл қылмыс тұрақты басқарылатын
ұйымға топтасқан адамдар арқылы ғана жүзеге асырылады.
Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін
қылмыстың зияны да, кауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда
қылмыстық сыбайластықтың айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың
(қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты — ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу
қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оның күнкөріс көзіне айналдыру.
Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса
ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналыл кетеді. Сол сияқты қылмыстық
сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану
үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай
белгі болмайды.
1 – сызба. Қылмысқа қатысудың нысандары

2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар,
айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге
қылмысқа қатысудаты атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола
алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылығын негіздеу,
іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза тағайындағанда әркайсысының
ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор. Қылмысқа қатысушылардың
түрлері және олардың әркайсысына заңдылық сипаттама ҚК-тің 28-бабында
көрсетілген.
2 – Сызба. Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Орындаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа
адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ
жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-
жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды
пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану
жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-бап, 2-бөлігі).
Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа
адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып
әйелді зорлау қайсыбір жағдайларда қылмыстың субъектісі болып танылатын
жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың
тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге
пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмысты орындаушы, ал есі
дұрыс емес адам қылмыс істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен
әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыс жасалса да, қылмысты орындаушы
болып соны пайдаланған адамның өзі танылады. Мысалы, С. деген адам өзі жек
көретін Ж. деген жолдасының карсы келе жатқанын көріп, оны басқа біреудің
өолымен өлтіру үшін өзіне таяп қалғанда жанында келе жатқан Т. деген
серігін алдап Ж-ны қоркытайық мына мылтық ішіне оқ салынбаған, құр дәрімен
ғана жабдықталған оталғыш бар, соған қаратып мылтық ат — дейді. Т.
мылтықты алып Ж-ға қарсы мылтық атады, нәтижесінде мылтық атылып, Ж-ның
кеудесіне оқ тиіп, табан астында каза болады. Бұл жерде Т-ның әрекеті
абайсызда, ал С-ның әрекеті қасақана кісі өлтіру болып табылады. Өйткені ол
мылтық оғын С-ға сеніп тексермеді. Яғни, қасақана қылмысты орындаушы С.
болып табылады. Ол бұл жерде абайсыздықпен әрекеттенген адамды қылмыс
істеуге пайдаланады. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып
табылады:
а) Адам қылмысты басқалардың көмегімен (біреу болса да) істелгенін
сезеді;
б) кылмыстың нәтижесінің жалпы зардабын болжайды;
в) соның болуын тілей немесе соған саналы түрде жол береді. Қылмысты
орындаушылардың әрекеті ҚК-тің 28-бабы, 2-бөлігіне сілтеме жасалмастан ҚК-
тің Ерекше бөлімінде көрсетілген қыллмыс құрамы бойынша тікелей сараланады.
Ұйымдастырушы Қылмыс жасауды үйымдастырған немесе оның орындалуына
басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық
қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам
ұйымдастырушы деп танылады (28-бап, 3-бөлігі). Ұйымдастырушы қылмысқа
катысушылардың ішіндегі ең кауіптісі болып табылады.Оның әрекеті Қылмыстық
кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты
ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстық топ, қылмысты ұйым
құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жағынан алғанда
қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына
жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың
өзара міндеттерін белу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей
басшылық жасау жағынан көрінеді. Барлық жағдайларда да ұйымдастырушы,
қылмысты істеуді дайындағанда немесе басқарғанда олардың қатысушыларын
біріктіріп, басшылық жасайды; көп жағдайларда қылмыс істеудің бастамашысы
болады. Кейбір ретте қылмысты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық
қызметін істелген қылмыстың тікелей орындаушылық қызметімен коса аткаруы да
мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның ұйымдастырушылық қызметін қылмысты
орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмысты
ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға қарағанда жоғары және қауіпті болып
табылады Ұйымдастырушы тек қана тікелей касақаналықпен әрекет жасайды. Ол
өзінің әрекетінің қоғамға кауіпті екенін білетұра содан туындайтын
зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни
айтқанда, ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығынын қылмысты
әрекетінің біріктірушілері болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты
қылмыс құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.
Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, корқыту жолымен немесе
өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz