Қылмыстық жауапкершілік
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру нысандары
1.1 Қылмыстық жауапкершілік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің түсінігі,
маңызы және құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қоғамдық немесе жеке қайшылықтардан туындайтын қылмыс – адамзат қоғамының ажырамас серігі. Қылмыстың құқықтық салдары ретінде жаза да – мәңгілік құбылыс. Сондықтан қазіргі заман шарттарында жаза жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа қылмыстардың алдын алуға және сотталған адамды түзеуге бағытталған қылмыстық саясаттың маңызды әрі қажетті құрамдас бөлігі болып қалып отыр.
Қылмыстық құқықтың мәнін құрайтын «қылмыс» пен «жаза» атты екі институттың байланысын, сабақтастығын көрсететін үшінші бір категория – қылмыстық жауапкершілік. Қылмыс – қылмыстық жауапкершіліктің материалдық негізін құраса, жаза – қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексi.- Алматы: ЮРИСТ, 2007.- 144 б.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiне түсiнiк.- Алматы: Норма К, 2004.- 647 б.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Құқығы: Жалпы бөлiм. Оқулық / Авторлар ұжымы:Әбiлезов Е.Т.,Рахметов С.М. ж.б.- Алматы: Жетi жарғы, 2001.- 272 б.
4. Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм: Оқу құралы..- Өңд., толықт. 4-бас.- Алматы: Жетi Жарғы, 2007.- 360 бет
5. Өзбеков Д. Ө. Қылмысқа қатысу нысандары мен түрлерінің теориялық мәселелері: Автореферат.- Қарағанды, 2002.- 30 б.
6. Әпенов С. М. ҚР-ның қылмыстық заңы бойынша қылмысқа қатысушылықтың нысандары (теория және практика мәселелері): Автореферат : 12.00.08..- Астана: 2005.- 23 б.
7. Әпенов С. М. Қылмысқа қатысушылықпен және оның ұйымдасқан нысандарымен жасалған қылмыстармен күресу тиімділігінің мәселелері: Автореферат.- Астана, 2009.- 40 б.
8. Есқалиев, Қ. Жазаланғанды жұмыспен тәрбиелеу // Заң.- 2004.- N 4.- 38 б.
9. Нақысбеков Т. Ә. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар: Автореферат.- Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 23, [4] б.
10. Есмағамбетов Қ. Қылмыстық жауапкершілік қисындары // Астана ақшамы.- 2010.- 30 қаңтар. - 8 б.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру нысандары
1.1 Қылмыстық жауапкершілік
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің түсінігі,
маңызы және
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..9
2. Қылмыстық жауапкершіліктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27
Кіріспе
Қоғамдық немесе жеке қайшылықтардан туындайтын қылмыс – адамзат
қоғамының ажырамас серігі. Қылмыстың құқықтық салдары ретінде жаза да –
мәңгілік құбылыс. Сондықтан қазіргі заман шарттарында жаза жеке тұлғаның,
қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа қылмыстардың
алдын алуға және сотталған адамды түзеуге бағытталған қылмыстық саясаттың
маңызды әрі қажетті құрамдас бөлігі болып қалып отыр.
Қылмыстық құқықтың мәнін құрайтын қылмыс пен жаза атты екі
институттың байланысын, сабақтастығын көрсететін үшінші бір категория –
қылмыстық жауапкершілік. Қылмыс – қылмыстық жауапкершіліктің материалдық
негізін құраса, жаза – қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асырудың басты
нысаны болып табылады.
Қолданыстағы қылмыстық заңнамада қылмыстық жауапкершілік тіркесі өте
жиі қолданылғанымен, оның мазмұны ашылмайды. Осы себепті қылмыстық құқық
ғылымында қылмыстық жауапкершілік ұғымы түпкілікті шешімін таппаған, даулы
мәселелердің қатарынан саналады.
Қылмыстық заңдарда көзделген қылмыстар әр қилы болады, олар мазмұны,
бағыты, зардаптары және қоғамдық қауіптілігі бойынша бір-бірінен көп
ерекшеленеді. Қылмыс жасайтын адамдар да сан алуан болады. Субъектілердің
және жасалатын қылмыстардың әркелкілігі қылмыстық жауапкершіліктің де
әртүрлі нысандарда жүзеге асырылуын талап етеді. Міне сондықтан ХIХ-
ғасырдан бастап демократиялық мемелекеттердің қылмыстық саясаты өз бойында
белгілі бір құқықтық шектеулерді, жаза тағайындау немесе орындау қатерін
бостандықта жүзеге асырылатын тәрбиелік ықпалмен оңтайлы үйлестіретін
жазаға балама қылмыстық-құқықтық шараларды іздестіру және заң жүзінде
бекіту бағытында өрбуде.
Жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары қылмыстық
жауапкершілікті жіктеу (дифференциация) мен жеке даралау (индивидуализация)
мүмкіндігін айтарлықтай молайтады және қылмыстық құқықтың әлеуметтік
маңызын елеулі түрде арттырады. Осыған орай Қазақстан Республикасының 2010
жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында
қылмыстық құқықты дамытудың басым бағыттарының қатарында қылмыстық қуғын-
сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау
қажеттігі жөнінде айтылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – қылмыстық жауапкершілік ұғымын кешенді
ғылыми сараптамаға салып, қылмыстық жауапкершілік институтының қылмыстық
құқық теориясы мен тәжірибесіндегі заманауи үрдістерге жауап беретін
негізгі категорияларын тұжырымдау.
Аталған мақсатқа жету үшін ғылыми жұмыстың алдына төмендегідей
міндеттер қойылып отыр:
– қылмыстық жауапкершілік ұғымы жөніндегі теориялық көзқарастарды талдау,
солардың негізінде қылмыстық жауапкершіліктің анықтамасын тұжырымдау;
– қылмыстық жауапкершіліктің негізін, оның пайда болуына, өзгеруіне және
доғарылуына түрткі болатын құқықтық фактілерді сипаттау;
– қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асырудың негізгі нысаны ретінде
жазаның түсінігін, белгілерін және мақсаттарын талдау;
– қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асырудың жазадан өзге нысандарының
сипаттамасын беру;
– жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының ара қатынасын
көрсету;
– қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің түсінігін беру, маңызын ашу,
шектерін айқындау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі – жасалған қылмысқа
қатысты оны жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болатын қоғамдық
қатынастар, олардың аясында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.
Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық
заңнамасының қылмыстық жауапкершілік негізін, оны жүзеге асыру нысандарын
және жіктеу құралдарын реттейтін нормалары, қылмыстық саясаттың негізгі
бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжаттар, қылмыстық жауапкершілік
туралы жалпы ілімнің басты қағидалары құрады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық жауапкершілікті жіктеу
мәселелері И.М.Гальперин, Г.А.Злобин, С.Г.Келина, Л.Л.Кругликов, А.А.Тер-
Акопов, А.М.Яковлев сияқты Кеңес ғалымдарының еңбектеріне арқау болған.
Қазіргі заманғы авторлардың ішінде Т.А.Лесниевски-Костареваны ерекше атауға
болады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен түрады.

1.1 Қылмыстық жауапкершілік ұғымы
Қылмыстық құқық ғылымында кездесетін ұстанымдарды ортақ белгілері
бойынша жүйелеп талдау арқылы қылмыстық жауапкершілік атты күрделі
феноменнің мазмұнын ашады. Оның өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын
қасиеттердің қатарында мыналарды атайды:
- қылмыстық жауапкершілік қылмыстың құқықтық салдары болып табылады,
абстрактілі қылмыстық жауапкершілік қылмыстық заң қабылданған
сәттен басталады, ал қылмыс жасау оқиғасы орын алғанда қылмыстық
жауапкершілік жүзеге асырыла бастайды.
- қылмыстық жауапкершіліктің әлеуметтік мазмұнын мемлекет атынан
қылмысқа теріс баға беріп, оны жасаған адамды мінеу, ал құқықтық
мазмұнын ол адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын қолдану құрайды;
- қылмыстық жауапкершілік аясында қылмыстық-құқықтық қатынастар
өрбиді, бұл қатынастардың бір тарапы болып табылатын мемлекет
қылмыс жасаған адамның құқықтық мәртебесін шектеуге құқылы болса,
екінші тарап – қылмыс жасаған адам – заңмен көзделген келеңсіз
зардаптарды басынан өткеруге міндетті.
Мәселенің құқықтық қырларын ашу барысында қылмыстық жауапкершіліктің
негізі ретінде қылмысты, кінәні, есі дұрыстықты атайтын немесе қылмыстық
жауапкершіліктің негізін қылмыстық іс қозғаудың, қылмыстық жауапкершілікке
тартудың негіздерінен ажыратпайтын ғалымдардың ұстанымының дәйексіздігі
көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасында
қылмыстық жауапкершіліктің тек және жеткілікті негізі ретінде жасалған
әрекетте нақты қылмыс құрамы белгілерінің болуы (ҚР ҚК-нің 3-бабы) аталған.
Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының ең қаталы
болғандықтан және құқықтық шектеулердің кең көлемімен ұштасатындықтан,
құқықтық мемлекетте оның шектері, қолданылу аясы заңда нақты айқындалуы
тиіс. Осы себепті Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі
алғаш рет маңызды деген белгілерін көрсете отырып, жазаның жалпы
анықтамасын бекітті (ҚР ҚК-нің 38-бабы). Дегенмен ғалымдар жазаның
нормативтік анықтамасына қатысты сын пікірлер де білдіреді. Заңнамалық
анықтаманың ең басты кемшілігі ретінде ізденуші онда жазаның қылмыстық
жауапкершілікпен байланысының көрсетілмеуін атайды.
Сонымен қатар жаза анықтамасын оны қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларының өзге түрлерінен ажыратуға мүмкіндік беретін белгілермен
толықтыруды ұсынады. Нормативтік анықтамада жаза түрлерінің тұйықталған
тізіміне кірген мемелекеттік мәжбүрлеу шаралары ғана жаза деп танылады және
жаза соттылық түріндегі құқықтық салдарды туындатады деп атап көрсету
қажет.
Қылмыстық жазаның мәні қылмысты және оны жасаған адамды мемлекет
атынан мінеуден тұрады, бұл орайда әрекетке және оны жасаған адамға
берілген теріс баға міндетті түрде сотталған адамды құқықтары мен
бостандықтарынан айыру немесе шектеумен ұштасады.
Әлеуметтік қызметтің кез-келген саласында оның мақсаттарының, яғни осы
қызметтің субъектілері қол жеткізуге ұмтылатын нәтижелердің маңызы ерекше.
Жаза мақсаттары оның әлеуметтік құндылығын көрсететіндіктен, қалыптасқан
заңшығарушылық тәжірибе бойынша олар заң жүзінде бекітіледі.
Қылмыстық құқық – өзінің мәні бойынша тыйым салушылық құқық. Сондықтан
жаза мәселелерін реттемейтін қылмыстық құқық өзінің болмысынан айырылады.
Тіпті қылмыс жасаған адамға жазадан өзге қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шаралары қолданылған (мысалы, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары,
шартты түрде соттау) жағдайдың өзінде олардың алдын алушылық және
түзетушілік әлеуеті жазаны іс жүзінде орындау қатерінің көмегімен
қамтамасыз етіледі.
Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары тіркесі Қазақстан
Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасында отандық құқық тарихында
тұңғыш рет қолданылған. Олар жаза сияқты ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі бабының
санкциясында көрсетілмейді және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының
негізгі түрі болып табылатын жазаның орнына ғана қолданыла алады. Соңғы
жайт оларды жаза орнына қолданылатын, жазаға балама қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шаралары деп атауға толық негіз береді.
Жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары идеясы бүгінгі
күнгі Қазақстан үшін ерекше өзекті. Ресми статистикалық мәліметтерге
қарағанда, сотталғандардың жартысына жуығына бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалады.
ҚР ҚК-нің 2-бабының 2-бөлігінде өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларының жазамен қатар аталуы оларды бір деңгейдегі, бір-біріне етене
жақын категориялар ретінде қарастыруға негіз береді. Өзге де шаралар жаза
сияқты қылмыстық-құқықтық ықпал ету құралы болып табылады, сондықтан
бірқатар белгілері бойынша жазадан еш ерекшеленбейді: екеуі де мәжбүрлеу
шарасы болып табылады, екеуі де қылмыс пен оны жасаған адамға мемлекет
атынан берілген теріс бағаны білдіреді, екеуі де соттың айыптау үкімімен
қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамдарға тағайындалады.
ҚК-тің Жалпы бөлімімен көзделген, жазалау сипатынан ада құқықтық
шектеулерден көрініс табатын қылмысты және оны жасаған адамды мемлекет
атынан мінеуден тұратын, әлеуметтік әделеттілікті қалпына келтіру,
сотталған адамды түзеу және қылмыстардың алдын алу мақсаттарына қол
жеткізуге бағытталған, соттың айыптау үкімімен тағайындалатын жазаға балама
шаралар (құралдар).
Бұл анықтама әрі жаза, әрі өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шаралары қылмыстық жауапкершілік аясында қолданылатындығын, олардың
діттеген мақсаты бір екендігін көрсетеді.
Дәстүрлі түрде қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру нысандарының
қатарына жаза (негізгі нысан), тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жатқызылады. Ізденуші медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларының қатарына жақызбайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы
қылмыстық заңнамасын талдау негізінде ол өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал
ету шараларының қатарына шартты түрде соттау мен тәрбиелік әсері бар
мәжбүрлеу шараларын жатқызады және олардың сипаттамасын береді.
1.2 Қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің түсінігі, маңызы және
құралдары
Қылмыстық жауапкершілікті жіктеу отандық қылмыстық-құқықтық саясаттың
басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2010-2020
жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық заңнамада ауыр
қылмыс жасаған адамдар мен қоғамдық қауіптілігі төмен қылмыстарды жасаған
адамдар үшін түрлі сипаттағы құқықтық салдарды көздеу қажеттігі айтылады.
Құқыққолдану тәжірибесінде, құқық теориясында өте жиі ұшырасатынына
қарамастан, қазіргі заманғы қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікті
жіктеу ұғымы бір мағынада түсініліп, бірізді қолданылмайды. Жалпылама
тұрғыдан алғанда жіктеу (дифференциация) деп бүтінді бөліктерге,
нысандарға, сатыларға бөлшектеуді, айыруды атайды. Қылмыстық
жауапкершілікті жіктеу дегеніміз – заң деңгейінде қылмыстардың және оларды
жасайтын адамдардың әртүрлі типтеріне сәйкес келетін қылмыстық-құқықтық
сипаттағы шаралардың сан алуан түрін көздеу.
Қылмыстық-құқықтық әдебиетте қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің
қасиеттері мен негізгі белгілері ретінде мыналар аталады: оның субъектісі –
заңшығарушы; жіктеудің мәні – қылмыстық жауапкершілікті бөлшектеуде; оның
негізі – қылмыс пен айыптының жеке басының типтік қоғамдық қауіптілік
дәрежесі; жіктеудің мазмұнын жауапкершілікті жіктеу құралдары құрайды;
жіктеу үрдісі жіктеу құралдарын қолдану тәртібіне тәуелді.
Қылмыстық құқықта жауапкершілікті жіктеу идеясымен әуестену салдарынан
кейде қылмыстық жауапкершілікті жіктеу ұғымы негізсіз кеңейтіліп
жіберіледі. Осы орайда қылмыстық жауапкершілікті жіктеуді қылмыстық
жауапкершілік негіздерін жіктеу, қылмыстық жауапкершілік орнату,
қылмыстың құқықтық салдарын жіктеу, қылмыстық жауапкершілікті жеке
даралау үрдістерінен ажырата білу қажеттігіне назар аудару жөн.
Әдебиетте қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің екі түрі аталады: 1)
типтік жазаны құбылту жөнімен жіктеу; 2) жауапкершіліктен босату жолымен
жіктеу. Олардың әрқайсысы өзіндік құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Жіктеудің бірінші түрі қылмыс құрамының ауырлатушы (саралаушы) және
жеңілдетуші белгілері түріндегі арнайы құралдардың арқасында жүргізіледі.
Олардың көмегімен заңшығарушы ауырлатылған және жеңілдетілген қылмыс
құрамдарын түзіп, жазаның негізгі қылмыс құрамына сай келетін санкциямен
салыстырғанда жоғары немесе төмен жаңа шектерін көздейді. Бұл жағдайда
қылмыстардың белгілі бір түріне тән типтік қоғамдық қауіптілік дәрежесі
жауапкершілікті жіктеу негізі болып табылады. Ауырлатушы және жеңілдетуші
мән-жайлардың қылмыстардың белгілі бір түріне тән типтік қоғамдық
қауіптілік дәрежесін заңда бейнелеу қасиеті қисынды түрде типтік жазаны
түрлендіруге әкеліп, сол арқылы жауапкершілікті де жіктейді. Олай болса,
ауырлатушы және жеңілдетуші мән-жайлар қылмыстық жауапкершілікті жіктеудің
маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Жіктеудің екінші түрі қылмыстық-құқықтық норманың санкциясында
көзделген жазаның делдалдығынсыз қылмыстық жауапкершіліктен босату жолымен
тікелей жүзеге асырылады. Бұл институт ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінің Қылмыстық
жауапкершілік пен жазадан босату тарауының нормаларымен және ҚР ҚК-нің
Ерекше бөлімінің қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы түрлерін
көздейтін нормаларымен реттеледі.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамдық
қауіпті әрекетті жасағаны үшін ғана көзделеді. Құқықтық жауапкершіліктің
өзге түрлері құқықбұзушылықтардың қылмыстан басқа түрлері үшін көзделеді.
Екінші ерекшелік – жауапкершіліктің мазмұнымен байланысты. Қылмыстық
жауапкершілік қылмыс жасаған адамды және оның қылығын мемлекет атынан
мінеп, адамды елеулі құқықтық шектеулерге ұшыратудан тұрады. Өзінің мазмұны
бойынша қылмыстық жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің ең қатал түрі.
Үшінші ерекшелік – жауапкершілікті қолдану субъектісінде. Қылмыстық
жауапкершілікті тек қана сот, тек қана заңды күшіне енген айыптау үкімімен
қолданады. Құқықтық жауапкершіліктің өзге түрлерін сот та, өзге органдар
мен лауазымды тұлғалар да қолдана алады.
Төртінші ерекшелік – жауапкершілік жүктелетін субъектілер аясы
бойынша. Қылмыстық жауапкершілік жеке сипат тасиды, яғни тек қана қылмыс
жасауға кінәлі жеке тұлғаға жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің өзге
түрлері (мысалы әкімшілік, азаматтық-құқықтық) заңды тұлғаларға да жүктелуі
мүмкін.
2. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлері
Әрбір мемлекетте, әрбір қоғамда әрбір адамзат кезеңінде, қылмыс
мәселесі әрдайым маңызды мәселелердің бірі бола берген. Сондықтан осыған
орай қылмысты, жауапкершіліктің орны да ерекше. Жасалған Қылмысы үшін
әрбір кінәлі қылмыстық жауапкершілік тартуы тиіс. Бұл қоғамды қәділдік те,
бұл әрбір дамыған құқықтық мемлекетке де тән. Сонымен қылмыстық
жауапкершілік қоғамда тәртіп, қауіпсіздік орната қоймай, қылмыс істеген
кінәләнің жауапкершілікке тартуының кепілі де болып табылады.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылы,
жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық жауапкершілік болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің
заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатері мен тыйым салынған
қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелінген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді
адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс әрекеттерінде қылмыстық заңда
көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.
Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру,
бұзақылық т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауапкершіліктің, оның іс әрекеті
нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі турде
ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Кез келген құқық бұзушылық мінез құлық
қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Ал қылмыс
дегеніміз – қоғам үшін ерекше құбылыс. Жасалған қылмыс нәтижесінде ең
алдымен қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан :
қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар,
орыстар тағы басқалар болуы мүмкін. Қылмыстық әрекеттерден әсіресе жас
өспірімдер зардап шегеді,. Олар құрбандыққа тікелей де, жанама түрде де
тап болады. Егер елде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді.
Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса,
ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл
осындай отбасынан шығады.
Сонымен қылмыс дегеніміз не ?
Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық тың өрескел көрінісі,
бұл заң тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік
нәтижесінде туындайтын өрескел қылықтар.
Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың
формальды анықтамаларында түсік беруі орын алса, отанымыздың қылмыстық
құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тиым салынған
материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы
бегілі.
Егер қылмыстың түсінігі формальды анықтамаға түсінік бере отырып қол
сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал
материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде бірге
материалды – қоғамға қауіптілік , әрекет немесе әрекетсіздік болып
табылады.
Қылмыс міндетті белгілермен сипатталады. Бұлар қоғамға қауіптілік,
оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген
белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс
болып табылуы мүмкін.
Қылылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға
қауіптілік – қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым қатынасқа нақты
қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті
белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі).
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып
табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін
анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына
жатқызуға болатындығын длелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс -
әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келу қаупін
туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы , егер қол сұғушылыққа
тыйым салуды міндетті түрде деп таба отырып , қауіп туғызған нақты әрекет
немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі болып құқыққа қайшылық – яғни
қылмыстық заңмен тыйым салынған іс - әрекет немесе әрекетсіздік болып
табылады. Қылмыстың формальды және материалды белгілері бір – бірімен тығыз
байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс
- әрекеттерді істеуін құқыққа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық –
қылмыстың формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі
болып заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада
көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгіленген жазаның белгілі
түрінің тағайындалуы болып табылады.
Құқыққа қайшылықпен қатар онымен байланысты қылмыстың екі белгісі
кінәлілік және жазалылық болып табылады. ҚК 19-бабы 2- бөлігіне сәйкес,
объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді. Қаақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам
ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті
шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстың қаншалықты зардабы болғанына
қарамастан , егер оны істеген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі
болмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа, жазаға тартылмайды.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгісі – қылмыстық жазаланушылық
болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салған әрекет
немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі
болады. Адам бір нақты бір қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға
тартылуы тиіс.
Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау
органының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың тегін
қалаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олар жеке
меншік ылғида қылмыстың пайда болуының негізгі себебі болған және боладыда
деген. Олардың ортақ пікірі бойынша, қанаушы тапты жойғаннан кейін
байлардың кедейлерді қалағаны да жойылып, социализм орнағаннан кейін
қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылды деп есептеді.
Біздің елімізде кемелденген социалистік қоғам құрылды, ұрлық, бұзақылық,
тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның қоғамның
мемлекеттің мүддесіне қолсұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды.
Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншіктікпен, қалаушылық пен
байланыстыру дұрыс болмайды. Біз социализмнен, социалистік идеядан, бас
тарттық. Конституциямыз шынайы демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы
адамргершілікті қоғам құру міндетін алға баса қойып отыр. Қазірдің өзінде
Қазақстан мемлекеті саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық
мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ, өкінішке орай қылмыс
азаймай отырып, тіпті көбейіп кету тенденсиясы бар. Кей біреулер мұның
себебі жазалау шараларының жұмсақтығынын десе, кейбіреулер керісінше заң
тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді, жеңіл,
жазалауда кескілеп өлтіруде, отқа жағып жіберуде – бәрі де болды. Бұлардың
барлығы да қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлі де қылмыс дегеніміз
мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін
құбылыс па? Шынын айтқанда, мұндай ғылыми түрде негізделген теория жоқ
емес. Қылмыстың болашақ тағдыры жөнінде дәл айта қоюы мүмкін бола қояр ма
екен, бірақ оның жалпы алғандығы немесе кейбір жеке нақты себептерін
анықтау болса керек қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептер:
жоқшылық, кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендеп кетуі,
адамгершілік азғындауы, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі, маскүнемдіктің
етек алуы наша қорлық, порнографияның кері ықпалы, милиция, прокуратура,
сот жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі тағы басқа себептер екені айқын.
Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан сазайын тартпаған одан
сайын басынып, басқа да қылмыстар жасайды .Жоғарыда айтылғандарға қарап,
біздің қоғамда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz