Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Халықаралық жеке құқықтағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтық жағдайы
1. 1Кәмелетке толмаған балалардың жеке мүліктік емес құқықтары
- Кәмелетке толмаған балалардың жеке мүліктік
құқықтары
2 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуы
2. 1 Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының міндеттері мен қызметтері
2. 2 Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауы
2. 3 Қазақстан Республикасындағы қорғаншылық және қамқоршылық заңнамасын жетілдіру
3 Шетелдердегі қорғаншылық және қамқоршылықты туғызушы заңдық әрекеттердің табиғаты
3. 1 Еуропа елдеріндегі қорғаншылық және қамқоршылық
3. 2 АҚШ - тағы қорғаншылық және қамқоршылық
Қорытынды
Қолданылған қайнар көздерінің тізімі
Кіріспе
XX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылысының күрт өзгеруі, бұрынғы идеологиядан бас тартуы, жағымсыз көші-қон және демографиялық процестер қоғамдағы жеке тұлғаның жағдайын айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Экономикалық тұрақсыздық, отбасының өмір сүру деңгейінің төмендігі, жұмыссыздық және ата-аналардың әлеуметтік емес мінез-құлқы - балалардың басым бөлігінің мүдделерінің бұзылуының алғышарттары осылар. Әсіресе, өз отбасының қорғауынсыз қалған кәмелетке толмағандар кіретін бөлігінің құқықтарының бұзылуының себептері осы болды. Сонымен қатар, ұлт денсаулығы және өсіп келе жатқан буынның толыққандылығының тікелей байланыстылығы мемлекеттің қолдауына мұқтаж балаларға көмек көрсетуге бағытталған қадамдар жасауға міндеттейді. Бірінші кезекте, әр түрлі себептермен ата-аналарының қорғауынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» аталатын II бөлімінде адамның құқығы мен бостандықтары мойындалады және оған кепілдік беріледі Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар [1, 7 б. ] .
Соңғы жылдары шиеленіскен әлеуметтік жетімдік мәселесі, яғни ата-анасы тірі бола тұра, балалардың әр түрлі себептермен ата-ана қорғауынан айырылуы, Қазақстандағы ерекше алаңдататын мәселелер қатарына жатады: жетімдерге арналған мемлекеттік мекемелердегі балалардың 80% жуығының ата-аналары бар. Тура мағынасындағы жетімдікті, сонымен қатар әлеуметтік жетімдікті тудыратын себептердің алуан түрлілігі, олардың жалпы мемлекеттік көлемдегі мәселелермен тығыз байланысы, әр түрлі мазмұндағы балалар құқығын сақтау шараларының болуын түсіндіреді. Мұндай шаралардың кейбіреулері жетімдік сияқты құбылыстың кез-келген көрінісінің алдын алуға бағытталады. Оларды қорғау шаралары дейді. Кейбірі баланың бұзылған құқығын қорғауға арналған. Дене бітімі мен ақыл-ойының толық жетілмеуі себепті баланың өз конституциялық құқықтарын өз бетінше қорғауға және жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ, ол арнайы қорғау мен қамқорлыққа мұқтаж. Бұл жөнінде мемлекет пен қоғам алаңдауы тиіс. Уагадугу қаласында өткен 106-парламентаралық конференцияның тақырыбы «Балаларды қорғау және қорғаншылық - болашақ қоғамның қозғаушы күші» деп алынуы кездейсоқтық емес. Конференция резолюциясы мемлекеттерді арнайы өкілетті балалар қамқоршысы лауазымын тағайындап, тиімді әрекет етуі үшін оған қажетті тәуелсіздік пен өкілеттілік беруге шақырады [2, 24б. ] .
Қорғаншылық (қамқоршылық) кәмелетке толмағандарды жайластырудың кең таралған құқықтық формасы болып табылады және солай қала бермек. Бұл формада зор жаратымды мүмкіндік қамтылған, ол әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж баланың тағдырын ең жақсы жолмен жайластырады, бір жағынан отбасылық өмірге жуықталған ортада өмір сүруге, екінші жағынан, баланың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мүмкіндік береді. Алайда, жүргізілген зерттеулер қорғаншылық және қамқоршылықтың бұл потенциалы жеткіліксіз пайдаланылатынын көрсетеді. Тәжірибе жүзінде қамқорлықтағы баланың туыстары ғана қорғаншы немесе қамқоршы бола алады, қамқорлық пен қорғаншылық ұзақ мерзімге бекітіледі және қамқорлықты бекіту процедурасы өте күрделі әрі ұзақ деген сенім қалыптасып, бекіген. Бұл сияқты адасушылықтар тек ықтимал қамқоршылар мен қорғаншыларға ғана емес, сонымен бірге қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлеріне де тән. Мұндай жағдай белгілі себептер жиынтығына негізделеді, дегенмен, халықта қажетті ақпараттың болмауы немесе бюджеттегі ақшалай қаражаттың жетіспеуі - негізгі себептер болып саналмайды. Ең маңызды себебі - тұтастыққа мұқтаж қамқорлықтың қазіргі заманғы құқықтық үлгісінің кемелсіздігі. Қорғаншылық және қамқоршылықты құқықтық реттеуде диспозициялық бастаманы күшейту, құқықтық қатынастар қатысушыларының әр түрлі мүдделеріне жауап беретін қорғаншылық және қамқоршылық түрлерін (үлгілерін) құру қажеттігі анық байқалады. Қорғаншылық және қамқоршылық туралы заңнама іс жүзінде ондаған жылдар бойы өзгерген жоқ. Құқық институттарының көбін өзгерткен жаңа заңнаманың қалыптастырылуы, дегенмен, әрекетке әрекетке қабілетсіз немесе жартылай әрекетке әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы нормалардың мазмұнын қозғаған жоқ. Қазіргі уақытта қорғаншылық және қамқоршылық институтының мәселелері ұзақ уақыт бойы жете зерттелмегені себепті, заң ғылымының назарынан тыс қалмауы керек. Заңгер-ғалымдардың арасында бұл мәселеге деген болмашы көзқарас дәстүрге айналып отыр. Әйтсе де, заңнамадағы және цивилистикалық ғылым - халықаралық жеке құқықтағы өзгерістер қорғаншылық және қамқоршылық институтын реформалау қажеттігі туралы ескертеді. Құқық жүйесіндегі отбасылық құқық туралы түсінік өзгерді, қалыпты емес келісімдердің орын алуы жиіледі, құқықтық қатынастардағы мемлекеттің қатысу шеңберін кеңейту тенденциясы көрініс тауып, қызмет көрсету теориясы белсенді дайындала бастады. Бұл жағдайлар қорғаншылық және қамқоршылықтың құқықтық механизмдерін талқылау үшін маңызды алғышарттар болып табылады.
Аталған бағыттағы ең толық зерттемелерді Антокольская М. В., Белов В. А., Беляева Л. И., Владимирский-Буданов М. Ф., Ерошенко А. А., Ершова Н. М., Жайлау Ж, Загоровский А. И., Иоффе О. С., Куликпаева М. Ж, Михеева Л. Ю., Нечаева А. М., Победоносцев К. П., Рясенцев В. А., Фирсов М. В., Шахматов В. П., Шерстнева Н. С., Шершеневич Г. Ф. және басқалар жүзеге асырды. Аталған ғалымдардың жұмыстарының жиынтығы халықаралық жеке құқықтағы қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерін жетілдіруде қомақты теориялық-методологиялық базаны құрайды. Өкінішке орай, аталған тақырыппен айналысатын қазақстандық ғалымдардың еңбектері жоқ, бұл таңдалған диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
Бұл диплом жұмысының мақсаты - халықаралық жеке құқықтағы қорғаншылық және қамқоршылық институтын зерттеу. Зерттеу мақсатына сүйене отырып, келесі міндеттер анықталды:
- кәмелетке толмаған балалардың құқықтық жағдайын қарастыру;
- қорғаншылық және қамқоршылық түсінігін, негіздемесі мен белгілену тәртібін анықтау;
- балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен қорғалуын зерттеу;
- қорғаншылық және қамқоршылық туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін қарастыру;
- шет елдердегі қорғаншылық және қамқоршылықты тудырушы заңдық әрекеттердің табиғатын анықтау.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған мәлімет көздерінің тізімінен тұрады.
1 Халықаралық жеке құқықтағы кәмелетке толмаған балалардың құқықтық жағдайы
- Кәмелетке толмаған балалардың жеке мүліктік емес құқықтары
«Неке және отбасы туралы» заңы бойынша кәмелетке толмаған балалардың тек құқықтары ғана бар және бірде-бір заңдық міндеттері жоқ Ата-анаға деген сүйіспеншілік, тіл алу, отбасылық дәстүр мен салттарды сақтау сияқты және т. б. міндеттер құқықпен қарастырылмаған. Осы тұрпатты отбасылық қарым-қатынастар адамгершілік, өнегелілік, этика, діни нормалармен реттелуі мүмкін, тек заңдық емес.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңында кәмелетке толмағандардың құқығы екі түрге бөлінеді: жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар. Кәмелетке толмаған балалардың мүліктік емес құқықтарына:
- Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы жатады (52-бап) [3, 121 б. ] .
1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конвенциясын бекітті және тек 10 жыл өткен соң, «Бала құқықтары туралы»(2004 ж. ) Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конвенциясы да, ҚР тиісті заңы да баланың отбасында тұру және тәрбиелену құқығын баланың ажырамас құқығы деп таниды. БҰҰ Конвенциясының анықтамасы бойынша: «әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» [4] . Әр бала мүмкіндігінше отбасында тұруға және тәрбиеленуге, өз ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына, өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, солармен бірге тұруға құқылы. Бала өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, жан-жақты дамуға, өзінің адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқылы. Ата-аналары болмаған жағдайда, олардың ата-аналық құқықтарынан және ата-аналық қорғаншылықтан айырылуының басқа жағдайларында баланың отбасында тұру құқығын қорғаншылық және қамқоршылық органдары қамтамасыз етеді.
- баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы (53-бап) .
Бала ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсет етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда, баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әр түрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да, бала өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Қысыл-таяң жағдайға
(ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу және т. с. с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
- Баланың өз пікірін білдіру құқығы (54-бап)
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Осы Заңда (56, 70, 84, 86, 88, 97, 98, 122-баптар) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.
- Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы (55-бап)
Қазақстан қатысушысы болып табылатын БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 7-бабына сәйкес, «Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы. …» [3] . Конвенцияның бұл ережесі едәуір жұмсақ тұжырымдалған, ол қатысушы-мемлекеттерге баланың өз биологиялық ата-анасы туралы ақпарат алу құқығын сөзсіз орындауға мүмкіндік тудыруды міндеттемейді. Дегенмен, Конвенция құқықты тұжырымдайды және мемлекеттерді оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге шақырады.
Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты- жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.
- Баланың қорғалу құқығы (59-бап)
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата- анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Баланың ең маңызды құқықтарының бірі - 52-бапта қарастырылған баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда, баланың тұратын орны ата-анасының келісімімен анықталады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, дау сот көмегімен шешіледі. Баланың отбасында тұру және тәрбиелену құқығы тек ерекше жағдайларда, ата-анасымен бірге тұруы баланың мүдделеріне қарама-қайшы келгенде ғана жүзеге асырылмауы мүмкін. Баланың ата-анасынан бөлек тұруы туралы шешім тек сот арқылы, белгіленген қажетті процедуралар мен шарттарды сақтай отырып, қабылданады. Бұл халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келеді, баланың ең абзал мүдделерін қорғай отырып, баланы ата-анасынан айыруға сот шешімі бойынша рұқсат етіледі. Мысалы, ата-анасы балаға қатігездік көрсетсе немесе оған қамқор болмаса, не ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын орны туралы шешім қабылдау керек болғанда («Бала құқықтары туралы» Конвенциясы 9-бап) [4] . Отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы түсінігі баланың басқа да құқықтарын кірістіреді: өз ата-анасын білу, ата-анасының қамқорында болу, мүдделерінің қамтамасыз етілуі мен жан-жақты дамуы, оның адамдық қасиеттерінің құрметтелуі. Баланың мүмкіндігінше өз ата-анасын білу және олардың қамқорлығында болу құқығы «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 7-бабының талаптарынан туындайды және ата-ана мен балалар арасында туындайтын өзара құқықтары мен міндеттері балалардың нақ осы ата-анадан туғандығына негізделеді. Ата-анасы туралы мәлімет алу мүмкін болмаған жағдайда, іс жүзінде баланың ата-анасын білу құқығы шектелуі мүмкін. Бірінші кезекте сөз тастанды (тауып алынған) балалар туралы болады. Баланың қамқорлыққа құқығы оның материалды-тұрмыстық сипаттағы өмірлік қажеттіліктерін (тамақтану, киім-кешекпен, аяқ киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету және т. б. ) қанағаттандырумен шектелмейді, сонымен қатар балаға көңіл бөлу, оны қызықтырған сұрақтардың, басқа балалармен болуы мүмкін дау-жанжалдардың шешімін табу, т. б. (яғни, балалардың алуан түрлі мүдделерін қамтамасыз ету) . Ата-ана қамқоршылығын жоғалтқан жағдайда (ата-анасының болмауы, ата-анасының өлімі, ата-аналық құқықтан айырылуы, әрекетке әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқат болуы және т. б. жағдайларда), баланың отбасында тұру құқығы қорғаншылық және қамқоршылық органы арқылы белгіленген заңды тәртіппен қамтамасыз етіледі. Бұл орайда ата-ана қорғауынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің отбасылық формаларына: асырап алушы отбасына балалыққа беруге немесе қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) беруге айрықша көңіл бөлінеді. Кәмелетке толмаған балалардың отбасында тұру және тәрбиелену құқығы 53-бапта бекітілген балалардың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інісімен, апа-сіңлісімен (қарындасымен) және басқа туыстарымен қарым-қатынаста болу құқығымен үздіксіз байланысты. Бірге тұрмайтын ата-аналар (некесін бұзғаны немесе бұзбағанына қарамастан) өшпенділік, кектену, болып жатқан жайларға кінәлілік сезімінің жетегінде болады, балаға жеке-дара ие болғысы келеді, оның махаббатын жоғалту қорқынышына бой алдырады. Көбінесе бұл екі тарапта да санасыз түрде жүзеге асып жатады, мұны ажырасудан кейінгі қарым-қатынастың әдеттегі белгілері деп санауға болады. Баланың ата-анасымен қарым-қатынаста болу құқығы төмендегі жағдайларда сақталатыны айрықша атап көрсетіледі:
- а) ата-анасы некесінің бұзылуы;
- б) ата-анасының некесі жарамсыз саналуы;
- в) ата-анасының бөлек тұруы, соның ішінде осы сұрақ бойынша халықаралық-құқықтық нормалалармен расталса, басқа мемлекеттерде тұруы.
Төмендегі жағдайлар қарастырылады:
- ата-анасының бірінің басқа мемлекетте тұруы;
- ата-анасының екеуінің де басқа мемлекетте тұруы;
- ата-анасының екі бөлек мемлекеттерде тұруы.
Баланың ата-анасымен (екеуінің бірімен) қарым-қатынасының дәрежесі тұлғаның даму сатысының қалыптасуына керекті өмірлік қажеттілік екенін түсіну «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 9-бабында көрініс тапты, онда: «Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді» [4] . Сөйтіп, ата-анасы екі бөлек елде тұратын бала, ерекше жағдайларды қоспағанда, тұрақты негізде ата-анасының екеуімен жеке қарым-қатынас және тікелей байланыс жасауға құқылы. Осы мақсатта, бала да, сол сияқты ата-анасы да кез-келген елден, соның ішінде өз елінен кетіп, кейіннен қайта оралуға құқылы («Бала құқықтары туралы» Конвенциясы 10-бап) . Бала ата-анасының екеуінің де туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқылы. Заңда баламен қарым-қатынас жасауға құқылы туыстарының барынша толық тізімі қарастырылмаған. Баланың қысыл-таяңжағдайда (ұсталса, қамалса, қамауға алынса, т. б. ) өз ата-анасымен және басқа туыстарымен байланыс жасау құқығы, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері және бала үшін маңыздылығын есепке ала отырып, 53-бапта ерекше атап көрсетілген. 55-баптың мазмұны жоғарыдағы жағдайларда баланы тез арада өзіне тағылған айыптаулармен тікелей, ата-анасы немесе заңды қамқоршысы және қорғаншысы арқылы хабардар ету құқығын, өз қорғанысын дайындау және жүзеге асыру барысында олардың көмегімен құқықтық және басқа да қажетті көмек алу құқығын қарастыратын халықаралық құқық нормаларымен де сәйкес келеді («Бала құқықтары туралы» Конвенциясы 40-бап) . 55-бап мұндай жағдайлардың шамалық тізімін береді. Мысал ретінде заң ұсталу, қамалу, қамауға алыну, сол сияқты емдеу мекемесінде болуды атап көрсетеді. Бала болып қалуы мүмкін қысыл-таяңжағдайдың өзге мән-жайының түрлерін анықтау үшін, қиындық келтіретін өмірлік ахуал түсінігі қолданылуы мүмкін, оның астарында азамат өмірін объективті түрде бұзатын, ол өз бетімен жеңе алмайтын (мүгедектік, науқасына байланысты өзіне қызмет көрсете алмауы, жетімдік, бақылаусыздық, күнкөрісі төмендік, белгілі тұрғын орнының болмауы, отбасындағы дау-жанжалдар мен қатыгездік, жалғыздық, т. б. ) қиындықтар жатыр. «Неке және отбасы туралы» заң балаға тиісті құқықтар беріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың сенімді кепілдіктерін бекітеді. Сондай кепілдіктердің бірі - 59-бапта бекітілген баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы болып табылады.
Халықаралық құқықта бала құқықтарының төмендегі қауіптер мен озбырлықтардан (қол сұғушылықтан) :
а) баланың жеке өміріне озбырлықпен не заңсыз араласқан кезде немесе оның ар-намысы мен абыройына қол сұғылған жағдайда («Бала құқықтары туралы» Конвенциясы 16-бап) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz