Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі - Лизинг
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің түсінігі, анықтамасы және болмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Лизинг түрлері мен әртүрлілігін жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.3. Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептеу әдістері ... ... ... ... 12
2. «Ақтық Агрофирмасы» ЖШС қызметін талдау
2.1. Фирма туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.3. «Ақтық Агрофирмасы» ЖШС шаруашылық қызметі
көрсеткіштерін және лизингтін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастырудың кезеніне кірді. Шаруашылық пен өндірісті дамутудағы Қазақстана экономикасындағы негізгі мәселе капиталдың физикалық қартаюуы болып табылады. Бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын алыс және жақын шет елдерден машина–техникалық құралдарды импорттауда мұқтаждық етсе, басқа жағынан сол техниканы алу үшін толық қаражат төлеуге немесе несие алуға мүмкіндігі жоқ.
Осындай мәселені шешуде инвестиция мен капитал жинаудың қаржыландырудың формасы ретінде-лизинг-құрылымдық дағдарыс пен негізгі құралдарды жаңартудың тиімді құралы болып табылады.
Кәсіпорында құралдардың физикалвқ және материалдық жағынан ескіру, капиталды жаңарту үшін қаржы ресурстардың болмауы лизингтік бизнестің дамуы Қазақстан үшін переспективті құрал болып табылады.

1. Газман В.Д. «Лизинг: теория, практика, комментарии», М., 2008 г.
2. Оралбаева Ж. З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру [Мәтін]: Алматы, 2005.- 26, [4] б.: сызба кесте, диагр.
3. Оралбаева, Ж. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары // Қаржы қаражат.- 2009.- N 2.- 91-96 б.
4. Смагулов А. С. Лизинг в Казахстане: опыт, проблемы, перспективы: статьи, выступления, интервью, письма. Алматы: Экономика, 2008.- 415 с.
5. Алпысова В.Ж. Лизинг как эффективный инструмент развития малого и среднего бизнеса в Казахстане // Вестник. Серия экономическая.- 2007.- № 1.- С. 127-131
6. Арманов С. Лизинг - бизнестің жаңа өрісі [Ауыл шаруашылығы] // Ел.- 2009.- 22 желтоқсан.- 2 б.
7. Аскарова З. Б. Развитие лизинга в Республике Казахстан: состояние, тенденции и перспективы: Автореферат: 08.00.05.- Алматы: Б.и., 2005.- 26 с.
8. Бейсекова, Ж.Ы. Финансовый лизинг на автотранспортную технику // КазЭУ хабаршысы.- 2005.- N 4.- С. 26
9. Бугубаев А. А. Финансирование лизинговой деятельности // Банки Казахстана.- 2010.- N 11. - С. 17-23
10. Давлетбаева Н.Б. Проблемы и перспективы развития лизинга в Казахстане // Транзитная экономика.- 2007.- N6. - 30-38 б.
11. Дедикова О.Т. Лизинг как фактор развития АПК Акмолинской области // Вестник. Серия экономическая.- 2007.- № 1.- С. 146-152
12. Жумахметова, Г. Ш. Современное состояние лизинга в РК // Вестн. с.-х. науки Казахстана.- 2005.- N9.- С.11- 12

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Лизингтің теориялық негіздері
1. Лизингтің түсінігі, анықтамасы және
болмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Лизинг түрлері мен әртүрлілігін жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3. Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептеу әдістері ... ... ... ... 12
1. Ақтық Агрофирмасы ЖШС қызметін талдау
1. Фирма туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
3. Ақтық Агрофирмасы ЖШС шаруашылық қызметі
көрсеткіштерін және лизингтін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... . 32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .34
Кіріспе
Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастырудың кезеніне кірді.
Шаруашылық пен өндірісті дамутудағы Қазақстана экономикасындағы негізгі
мәселе капиталдың физикалық қартаюуы болып табылады. Бір жағынан Қазақстан
кәсіпорындары жақын алыс және жақын шет елдерден машина–техникалық
құралдарды импорттауда мұқтаждық етсе, басқа жағынан сол техниканы алу үшін
толық қаражат төлеуге немесе несие алуға мүмкіндігі жоқ.
Осындай мәселені шешуде инвестиция мен капитал жинаудың
қаржыландырудың формасы ретінде-лизинг-құрылымдық дағдарыс пен негізгі
құралдарды жаңартудың тиімді құралы болып табылады.
Кәсіпорында құралдардың физикалвқ және материалдық жағынан ескіру,
капиталды жаңарту үшін қаржы ресурстардың болмауы лизингтік бизнестің дамуы
Қазақстан үшін переспективті құрал болып табылады.
Қазақстан экономикасының барлық салаларында, әсіресе агроөнеркәсіп
кешенінде негізгі капиталдың моральдық ескіруі мен физикалық тозуын жылдам
және түпкілікті жаңартудағы шұғыл қажеттілік, кіші және орта бизнесті
дамыту қарқыны мен масштабын жылдамдатудың қажеттілігі және оның техника
технологиялық қолдауы лизингтің ерекшелігіне практикалық қызығушылық пен
аса көңіл аударатын маңызды алғышартымен алға шығады. Қазақстан үшін
лизингтік бизнестің кең масштабта дамуы инвестициялық процесті
жандандырудың перспективалы бағыттарының бірі, сонымен қатар экономиканың
құрылымдық қайта кұрылуы және ендірістің техникальқ қайта қарулануының
күшті әсері болуы керек.
Қазіргі таңда лизинг инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі. Мемлекет үшін
лизингтің дамуы жаңа технианы сатуды ынталандыру құралы болып отыр, сонымен
қатар лизингтік фирмалар капитал жинауды арттырады, ал түтынушы фирмалар
үшін өндіруші қорларын үнемі жанаруына әкеледі.
Жұмыстың мақсаты:
1.Лизингтің түсінігін ашып, түрлерін сипаттау
2.Лизингтің қалыптасуына шолу жасап, белгілері мен функцияларын
анықтау;
3.ҚР лизингтің қалыптастыру қажеттігін көрсету
4.ҚР лизингтің қызмет ету жағдайын бағалау;
5.ҚР лизингтің кемшіліктері мен артықшылықтарын баяндау;
6.Қазакстан Республикасындағы лизингтің дамытудың, жетілдірудің
жолдары мен іс шараларын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті
1.Экономикалық және қаржылық әдебиеттерді қолдана отырып,
лизингтің экономикалық мәні мен мазмұнын ашу,
2.Оның қоғамдық өмірдегі маңызы мен қажеттігін түсіндіру, 3.Қазакстан
Республикасындағы лизингтің қызмет етуіне талдау және дамыту жолдарын
қарастыру болып табылады және оның қазіргі жағдайда әрекет етуіне баға
беру.
4.Даму жоспарларын пайдалана отырып, Қазакстан Республикасының
лизингтің дамыту шараларын анықтау және оны жетілдіру жолдарын көрсету
болып табылады.
Жұмыстың әдістемесі болып, колданылған Қазақстан Республикасының
заңдары, экономикалык каржылық әдебиеттер мен журналдар, статистикалық
көрсеткіштер табылады. Жұмысты жазу барысында экономикалық және қаржылық
әдебиеттер, статистикалық мәліметтер, инновациялық-индустриалық даму
жоспары мен газет-журналдар қолданылды. Қазақстандағы лизингтің
қазіргі жағдайын, даму перспективалары мен проблемеларының талдауы
берілген.
1. Лизингтің теориялық негіздері
1.1 Лизингтің түсінігі, анықтамасы және болмысы
Лизинг термині ағылшынның to lease жалға беру немесе жалға алу
деген мағынаны білдіреді. Бірақ лизингтің қандай анықтамасын алсақ та, ол
шектеулі және несиенің осы тұрпатына дұрыс баға бере алмайды, осының
есебінен лизингтің мәніне көптеген концепциялары мен көз қарастар дүниеге
келген болатын. Лизингтің қаржы – коммерциялық, құқықтық, техникалық
аспектілері бар. Санайтын болсақ, лизингтің жүзге жақын анықтамасы бар.
Анықтамалардың сараптамасы лизингтің кең және қысқа мағынасындағы негізгі
белгілерін көруге болады:
1. Лизингтік келісім шарттың құқықтық тұтпаты және экономикалық
мағынасы.
2. Лизингтік келісім шарттың объектілері.
3. Келісім шартқа қатысушы субъектілердің саны мен құрамы.
4. Келісім шарт мерзімі.
Лизингтің тар және әмбебап түрде түсіндірілуі осы терминологияның
түрлі комбинацияларын қолданады.
Осы салада қолданылатын терминологиялар да түрлі болып табылады. Әр
түрлі салалардың мамандары (заңгерлер, кәсіпкер коммерсанттар,
маркетологтар, банкирлер сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын
жұмысшылар) лизингті баяндағанда оны инвестициялық немесе банктік, немесе
арендалық немесе іскерлік байланыстарға жатқызады. Олардың ойынша лизинг
сұраныс пен ұсынысты реттейді, тауарлардың қызметін күшейтеді, машиналық
техникалар дами түседі, жалға беру уақыты ұзартылып экспорт айналымы
күшейеді. Осы қатынастардың күрделілігі оның заңды табиғатын айқындауға
айтарлықтай қиындық туғызады. Еуропада лизингтің құқықтық табиғаты туралы
көптеген теориялар дүниеге келді. Лизюроптың (Еуропадағы лизингті дамытумен
айналысатын халықаралық ұйым) алғашқы сессияда айтылғандай, ешкім лизингтің
анықтамасы не екендігін толық қанды айта алмайды.
Мысалға, Е.Кабатова лизингтің шетелдік құқықтық теорияларын ой
есебінен өткізтіп, мынандай шешімге келді, яғни ол лизингтің бес
концепциясын көрсетті:
1. Арнайы белгілері бар, лизингтің келісімге негізделген
лизингтік келісім шарт.
2. Лизингтік келісім шарттың уақытын создыра отырып, сатып алуға
негізделуі.
3. Лизинг өзінің бойында кепілдік беру институттарының белгілерін
атқаратынын анықтайтын концепция.
4. Лизинг үшінші жақтың пайдасын ескеретін келісім шарт теориясы
ретінде қарастырылады.
5. Узуфрукт пен лизингтің жалпы құқықтық байланыстардың болуы.
Осы жерде проблеманың шешілуін негіздейтін екі жол бар. Біріншісі,
лизингті азаматтық – құқықтың дәстүрлі институттарына негізделеді: сату –
сатып алу, жалға алу келісім шарттары және тағы басқалар, екіншісі лизингті
лизингтегі қатынастардың ерекшелігі мен күрделігіне байланысты оларды
өзіндік ерекше қатынастарға жатқызады.
Отандық әдебиеттерде лизинг деп техниканы, көлікті, машиналарды жалға
алу болып саналады. Бірақ та, мұндай анықтама лизингтің мәнін толығымен
ашып көрсетпейді.
Лизинг жалға алудан әлдеқайда ерекшеленеді. Жалға алушыдан жалға
алушыға қарағанда лизингке алушы объектіні тек ұзақ уақытқа ала қоймайды.
Оған меншік құқығымен байланысты сатып алушының дәстүрлі міндеттері
жүктеледі: меншікті өтеу; мүліктің бұзылған жағдайда орнын толтыру; оны
сақтандыру және техникалық қызмет көрсету; соынмен қатар жөндеу жұмыстары.
Бірақ та мүліктің иесі болып лизингке беруші тұлға болып табылады.
Лизингтік келісім шарттың объектісінің қолданысқа келмеуі немесе бұзылуы
оның мойнынан қарызды өтеу міндеттерін алмайды. Лизингке алушы жалға
берушіден айырмашылығы ол лизингке беруші тұлғаға объектіні қолданғаны үшін
айлық немесе тоқсандық, төлем жүргізбейді, керісініше оның толық құнын
өтейді. Заттың жарамсыздығы байқалатын болса, лизинг берушіге ешқандай айып
тағылмайды, барлық міндеттерді жабдықтаушыға жүктеледі.
Осы жол өте дұрыс, өйткені лизинг берушінің лизинг алушының сұрауы
бойынша ол затты әкеледі. Егер жалға беру екі жақты келісім бойынша
жүргізілетін болса, лизинг үш жақты келісіммен, кей жағдайда көп жақты
келісімге түйінделеді. Оны мына схемадан көруге болады.
Жалға беруші
Жалға алушы
1.1.1. Жалға беру келісім шарт кестесі
Жабдықтаушы өндіруші Лизингке беруші Лизингке
алушы
1.1.2. Лизинг келісім шартының кестесі
Кейбір экономистер лизингті арнайы маманданған лизингтік компанияның
қатысуымен жүргізілетін ерекше капитал салымдарды қаржыландырудың формасы
ретінде қарастырады, бұл жағдайда ол үшінші жаққа белгілі бір тауарды
қысқа, орташа және ұзақ мерзімге жалға береді. Лизингті қаржыландырудың
көзі ретінде қарастыру, ол лизинг алушының бастапқы уақытта ақша төлемей
соңынан ақша төлейтіндігі несиелендіру қызметтерін атқаратындығын айқын
көресетті.
Басқалардың пікірінше, лизинг тауарды өткізудің және инвестициялық
үрдісітің маңыздың каналына айналған іскерлік қатынастардың жаңа тұрпаты
деп санайды. Оны сонымен қатар, тауар экспортын несиелендірудің ұзақ
формасы ретінде қарастырады.
Қаржыландыру формасы, несиелендіру формасы, тауарларды сату осының
барлығы лизинг - несие, несие - жалға беру, жалға беру-жалға алу,
лизинг - сатып алу, жалға алу – сатып алу, сату + кесдеспелі лизинг,
сатып алу + лизинг. Сондықтан да кейбір жағдайларда, лизинг сауда –
қаржылық немесе қаржы – коммерциялық үрдістері ретінде қаралса, кей
жағдайларда сауда – жалға берушілік, ал үшіншіден несиелік – жалға беруші
келісім ретінде қарастырылады.
Австрияның беделді бизнесмендерінің бірі Вольф Ганк Хойер Еуропада
бизнесті қалай жасау керек атты кітабында: Лизинг деген ол жалға
берушілік келісімді, әлде несиені ұсыну келісім шартына – деп сұрайды. Осы
сұрағына өзі жауап береді: жалпы, лизинг ерекше түрдегі келісім шарт,
мұнда жоғарыда көрсетілгендердің екеуі де кедеседі.
Көптеген лизинг мәселелерімен айналысатын Қазақстандық экономистердің
зерттеуіне қарағанда лизинг деген – жалға беру мен несиелендіруді қажет
ететін келісім шарт.
Е. Чекмарева, Е. Кабатова, В. Перов лизинг түсінігін кең мағынада
талқылаушылардың айтуына қарағанда, лизинг – екі немесе одан да көп келісім
шарттардың негізінде іске асырылатын кешенді келісім шарттарды қамтиды,
оның ішінде сату – сатып алу және мүліктік жалға алу келісім шарттары
кіреді.
Е.Чекмареваның айтуына қарағанда: Лизингтің өзегі – затты уақытша
имденуге беру. Көмекші рөльді көбінесе мүлікті сату – сатып алу қатынасы
анықтайды. Мұндай қатынастар әдетте мүлікті қолдануға беруге септігін
берумен қатар лизингтік қатынастардың жалпы кешенін аяқтауға мүмкіндік
береді.
1988 жылы Оттава қаласында өткізілген халықаралық – қаржылық лизингтік
Конвенциясында да, осындай әдіс анықталды, Конвенцияға сәйкес: Лизинг
түсінігі астында үш жақты келісім шарт жатыр. Лизингтік компания лизинг
алушының өтінішін орындап, оған өндірістік құрылғыны уақытша қолдануға
мүмкіндік береді, келісім шарт мерзімінің аяқталуы кезінде осы құрал –
жабдықтарды өз меншігіне алу мүмкіндігі туады.
Экономикалық қатынастар жағынан қаратстыратын болсақ лизинг капитал
салымдарды жүргізудің әдісі, қаржылық операциялардың жаңа формасы ретінде
қарастырылады. Лизингті тауарды несиелендірудің негізгі қоры ретінде
қарауға болады.
Әрбір лизингтік келісім шарт – ол несие операциясы болып табылады.
Лизинг беруші лизинг алушыға қаржылық көмек береді: ол мүлікті өз меншігіне
ай сайын лизинг берушіге қаржы аудару арқылы иемденеді.
Сондықтан да экономикалық мағынада лизинг – бұл несие болып табылады.
Мұнда бірақ тауарды ұзақ мерзімге дейін беру көзделеді. Лизинг субъектісі –
лизинг беруші мен лизинг алушы болса, ал объектісі машиналар, құрал-
жабдықтар, көліктік құралдар және негізгі қорлардың басқа элементтері
табылады.
Ұйымдастыру тәртібіне қарағанда, лизинг коммерциялық несиеге ұқсайды,
бірақ та олардың арасында маңызды ерекшеліктер де байқалады.
Ол көбінесе коммерциялық несие мен лизингтегі жеке меншікке байланысты
қатынастарда байқалады. Коммерциялық несие кезінде тауарларды уақытша
қолдануға бере отырып, сонымен қатар келісім шарт объектісі болып табылатын
тауарды да жеке меншікке береді. Лизинг кезінде мүлікті қолдану құқығымен
оны иемдену құқығы бір-бірімен ерекшеленеді. Лизингке беруші тұлға жалға
берілетін мүліктің иесі болып қала отырып, ал лизингке алушы тұлғаға тек ол
мүлікті қолдану құқығы беріледі. Бұл құқықты иемдену үшін лизингкке беруші
тұлғаға ол лизингтік төлемдер жүргізіп отырады.
Лизинг кезінде тауарды пайдаланумен, оған толық құқық лизинг алушыда
болмайды. Оны толық иемдену үшін ол әуелі қарыздын төлеу керек. Қарыз төлеп
болғасын ол объект лизинг алушының қарамағына көшеді.
Коммерциялық кредит пен лизингтік кредит сауда және несиелік келісім
шарттарға көзделген. Лизинг тауарды сатып алудан басталмайды, өйткені ол
тауар лизинг берушінің толық иелігінде. Барлық уақытта лизинг келісімі
толық қарыз өтеумен бітпейді.
Коммерциялық кредит тауарлы түрде кездеседі, бірақ ақшалай түрде қарыз
өтеледі. Лизинг кезінде де несие тауарлы формада кездеседі. Келісім
біткеннен кейін лизинг беруші уәделі. Лизингтік келісім –– қайыру ретінде
кездесеуі әбден ықтимал. Коммерциялық кредит жедел қарыз ақыны төлеу
күйінде кездеседі. Классикалық лизинг көп уақытқа несиені береді.
Банктік несиеден лизингтің айырмашылығы, банк заттың толық құқығын
иемденуге береді. Жалға беру уақыты біткеннен кейін лизинг беруші затты
иемдену құқығынан толығымен айырылмайды.
В.А.Перовтың айтуына қарағанда: “80-ші жылдардағы лизингтік феномені
тек ұзақ мерзімге жарайтын несие түрі емес, ол дәстүрге жатпайтын, арнайы
қаржыландырудың көзі ”.
Лизинг қаржыландырудың көзі. Ол үлкен кәсіпорындарға үлкен қаржы
жұмсамай құрылғыларды алуға көмектеседі.
Нақты экономикалық анықтамасына келетін болсақ, ол тауарды уақытша
тұтынушыға жалға беру.
1.2. Лизинг түрлері мен әртүрлілігін жіктеу
Лизингтің жіктелуі шетелдік және Отандық теория мен практикада кең
өріс жайды.
Ол белгілерге мыналар жатады:
- келісімге отырушылардың құрамы;
- лизингке берілетін тауар;
- оны сатып алудың мүмкіндігі;
- амортизация талаптары;
- дайындық деңгейі;
- нарық секторы;
- салық және амортизациялық жеңілдіктерге жол беру;
- лизингтік төлемдерді ескеру.
Субъектілердің лизингке қатынасу тәртібіне сәйкес, келісімдер былай
бөлінеді:
- тікелей лизинг. Мүліктің лизинг сұраушыға өндірушіден берілуі;
- жанама лизинг.
Делдал арқылы жүргізілетін келісім. Мұнда классикалық үш жақты келісім
орын алады, одан да көп алуы да ықтимал.
Тікелей лизинг қатысуын қайтармалы лизинг деп атауға болады ( Sale
and leaseback ). Оның ерекшелігі – лизинг беруші және тауар өндіруші де бір
жақ.
Рис.1.2.1. Лизинг түрінің топтамасы
Мүлікке байланысты ажыратылуы:
Қозғаушы лизинг (машиналық-техникалық лизинг)
Қозғалмайтын мүліктің лизингі.
Құнын өтеу басынан ажыратылады:
Құнын толық өтеу лизингі, онда лизинг берушіге лизинг алушы тауардың
толық бағасын беру керек;
Құнын толық өтемейтін лизинг, берілген мерзім ішінде лизингтік құнын
толық өтемеу.
Амортизация талаптарына сәйкес:
Толық амортизация, объектінің толық төлеуін талап етеді.
Толық емес лизинг, толық емес төлену.
Қаржы лизингі (finance leasing ) лизингтік мүліктің толық төленуін
керек етеді.
Қаржы лизингі кезінде берілген мерзім амортизацияны өтейтін уақытпен
сәйкес келеді.
Оперативті лизингтің мерзімі. Келісімнің уақыты қысқа.
Таза лизинг ( net leasing ).
Лизинг толық барлық мүмкіндікті лизинг алушыға береді.
Лизингтік операциялардың нарық секторына байланысты мына түрлері бар:
Ішкі лизинг – келісімнің барлық мүшелері бір мемлекет атынан өкілдік
етеді.
Сыртқы лизинг. Бұл кезде келісімнің мүшелері әр түрлі елге жатады.
Сыртқы лизинг экспортты және импортты болып бөлінеді.
Лизингтік төлемдерге қарай:
Ақшалай лизинг – барлық төлемдер ақшалай жүзеге асырылады.
Компенсациялы лизинг – төлемдер тауарларды әкелу түрінде асырылады.
Бөлек лизинг кезінде лизинг беруші лизинг объектісін сатып алған кезде
өзінің ақшасының тек бір бөлігін ғана береді, ал қалған ақшаны басқалардан
алады. Бұл лизинг түрінде банктің ролі жоғары.
Бұндай классифкацияны Е. Чекмарева ұсынады. Бочареваның
классификациясы бойынша:
Рентинг – бір күннен бір жылға дейін созылатын қысқа мерзімдік
мүліктік аренда.
Хайринг – бір жылдан екі жылға созылатын орта мерзімдік.
Рентинг – машина, көлік құралдары, тұрмыстық техника, жабдықтарды
арендалаудың қысқа мерзімдік формасы. Оны пайдаланушы заңды, сондай-ақ жеке
тұлға бола алады.
Осылайша Бочаров бойынша қаржы лизинг жүйесінде пакеттен лизинг бар
- өндірісті қаржыландыру жүйесі, бұл кезде ғимараттар және құрылыстар
кредитке беріледі, ал жабдықтар аренда шарты бойынша арендаторға беріледі.
Бочаровта жаңа жабдықтардың лизингі және пайдаланған жабдықтардың
лизингі бөлек көрсетіледі.
Шындығына келгенде, біздің көзқарасымыз бойынша негізгі лизинг түріне
тек оперативті және қаржылай лизингтер жатады, ал қалғандары олардың
түршелері болады.
Сондай-ақ лизингтің мына түрлері бар.
Топтық немесе акционерлік лизинг қаржы лизингтің бір түрі болып
табылады, бұл кезде лизинг беруші лизингке берілетін жабдықты қолдану үшін
заемдік құралдарды пайдаланады. Жабдықтың жалпы бағасында заемдік
құралдардың бөлігі 60-80%-ке жетуі мүмкін.
Тікелей қаржы лизингі – бұл лизингтік операцияны бір ғана лизинг
беруші өзі жүргізеді.
Бөлек лизинг көптеген ірі миллиондаған келісімдер кезінде қолданылады.
Шынайы лизинг кезінде барлық экономикалық және құқықтық міндеттер мен
артықшылықтар лизинг берушіге бекітіледі. Бұл лизинг түрінің бір ерекшелігі
– лизинг беруші лизинг алушыға қосымша қызметтер көрсетеді.
АҚШ-та шынайы лизинг кезінде лизинг берушінің мынадай салық
жеңілдіктеріне құқығы бар: инвестициялық жеңілдік және тездетілген
амортизация; ал лизинг алушы лизингтік төлемдерді табыстардан ала алады.
Шартты лизинг – сату. Мысалы, АҚШ-та бұндай түрге мүлікті пайдаланушы,
оның иесі болып табылатын келісімдерді жатқызады.
Жалпы лизинг – бұл лизинг беруші мен лизинг алушының арасындағы жалпы
лизинг туралы шарт.
Капиталды лизинг – американ нарығында жүзеге асырылатын лизингтік
операция:
Контрактты жалдау – аренданың ерекше түрі. Контрактты жалдау кезінде
мүлікті пайдалануға алатын адам, оны иесіне белгілі бір мерзім ішінде
қайтару қажет, оның уақыты 12-ден 36 айға дейін.
Таза лизинг кезінде лизинг алушы жабдықтарды қолданумен байланысты
барлық шығындарды өтейді және олар лизингтік төлемге кірмейді.
Халықаралық аренада халықаралық келісімдердің 2 түрі белгілі: тікелей
шетелдік лизинг және жанама лизинг.
Тікелей шетелдік лизинг халықаралық ұйымдардың арасындағы жүзеге
асатын операцияларды айқындайтын келісім болып табылады.
Жанама шетелдік лизинг – бұл кезде лизингтік келісім бір мемлекеттің
заңды тұлғалары болып табылатын лизинг беруші мен лизинг алушының арасында
болады.
1.3. Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептеу әдістері
Лизингтік төлемдердің жалпы соммасы мыналарды өзіне қосады:
Лизингтік мүліктің құнын өтейтін сомма.
Лизинг берушіге кредиттік ресурстар үшін берілетін сомма.
Лизингтік төлемдердің түрлері:
Қаржылай төлемдер кезінде төлем ақшалай жүзеге асырылады.
Компенсациялық төлемдерде барлық төлемдер тауарлар арқылы жүзеге
асады.
Аралас төлемдер – қаржылай және компенсациялы төлемдердің араласып
келуі.
Қолданатын әдіске қарай:
- бекітілген жалпы соммасы бар төлемдер;
- авансы бар төлемдер;
- минималды төлемдер;
- айқынсыз төлемдер.
Тәжірибе жүзінде көп кездесетін төлемдер:
1. Лизингтік төлемнің бекітілген жалпы соммасы – барлық жақтардың
келісімімен жүзеге асады.
2. Авансы бар төлем, бұл кезде лизинг алушы лизингтік фирмаға
лизингтік келісімнің объектісінің құнының 15-20% аванс түрінде шартқа қол
қойяр алдында, ал қалған 80-85% қол қойғаннан кейін 3-5 жыл бойына әр
тоқсан сайын төлейді.
3. Минималды лизингтік төлемдер: бұл аренда лизингінің бойына
төленетін төлемдердің соммасы.
4. Айқын емес арендалық төлемдер жазып алынған соммалар арқылы
бекітілмейді.
Жиілігі бойынша төлемдер:
Мерзімді төлемдер – жыл сайын, квартал сайын, ай сайын төленетін
төлемдер.
2. “Ақтық Агрофирмасы” ЖШС қызметін талдау
2.1 Фирма туралы жалпы мәліметтер
“Ақтық Агрофирмасы” ЖШС Ақмола облысының Целиноград ауданындағы бидай
өсірумен айналысатын ірі компаниялардың бірі.
Фирма қолда бар техника мен өндірістік қуаттылықтарды бидай
мәдениетін өсіру мақсатында қолдану үшін құрылған.
Көнушілік шарт бойынша жер берілген, аренда шарттары бойынша фирма
кәсіпорынды жанғыш-майлау материалдарымен, құрал- саймандармен дәндермен,
тыңайтқышпен, гербицидтермен қамтамасыз етеді. Өндірістік тауарлық бидайдан
өнім алу фирма арқылы жүзеге асады. Болашақта жер ауданын кеңейту мен мал
асырайтын фирманы құру жоспарланып отыр.
Жұмыстың негізгі портфелі: өндірістік біраз қаулы бойынша комерциялық
және ара қатынастық қызмет.
Фирмадағы өндірілетін өнімдердің мынадай түрлері бар: астық дәнді
дақылдары, үшінші класстық жұмсақ бидайдың тауарлық дәні, фуражды арпа,
дәндік қалдықтар, сүрлемге арналған жүгері, зығыр, дәндер үшін күнбағыс.
2010 жылы фирмаға енген қожалықтар инвестор қожалықтары өндіргне
бидайдың 41% құрайтын 5000 тонна бидай мен 2003 тонна дәнді мемлекеттік
азықтық корпорация арқылы өндіріп шығарды.
Қожалықтың өндірістік материалдық – техникалық базасы бар және
ауылшаруашылық жұмыстың барлық комплексін өткізуге арналған машино-
тракторлық паркпен қамтамасыз етілген. Дән өндейтін бес механикалық ток,
ауылшаруашылық техниканы жөндеуге арналған үш шеберхана, 2 автокөлік, 10
комбайн, 13 трактор бар. Сонымен қоса тауарлық –материалды қорды сақтауға
арналған қоймалар және токарь мен ағаш шебері жұмыстарына қажетті станоктар
да бар. Одан басқа лизинг бойынша инвестор фирма қожалықтарды “Кейс”
комбайындарымен, жаңа тракторлармен және германияда шығарылған егін оратын
машиналармен қамтамасыз етті.
Мал шаруашылық орындар да бар.
Көбінесе “Ақтық Агрофирма” ЖШС “Қазэкспортастықпен” ЖАҚ (Алматы
қаласы), “Ақмолаастық” ЖШС (Астана қаласы), “Агросервис” АҚ (Көкшетау
қаласы) және Қазэкспортастық ЖАҚ енген Уәлихан және Тайынша
аудандарындағы шаруа қожалықтарымен жұмыс жасайды. Сонымен қатар нан
қабылдаушы Қызыл Ту ААҚ кәсіпорнымен де жұмыс жасайды.
Жарғылық капитал бекітілген қаулы бойынша 117 585 теңгені құрайды
және тағайындалған үш серіктестік арқылы енгізілген.
Әкімшілік өкіл құрамының 10% жоғарғы білімі бар жалпы санақ бойынша
механизаторлық кадр 70% құрайды, орташа есеппен әр жұмысшының стажы шамамен
20 жыл.
Жұмысшылардың негізгі бөлігі өсімдік өсіру саласына қатысты.
2.1.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы.
2.2 Негізгі экономикалық көрсеткіштер талдауы
Берілген кәсіпорындағы жұмысшылардың мәліметтік құрамын 316 адам
құрайды.
Әкімшілік өндіріс талаптары мен жұмыс шарттарына сәйкес еңбек
тәртібінің ішкі ережелерін орнатады.
Еңбек шарттары дұрыс жасалған, зиянды және өте зиянды шарттары бар
цехтер жоқ.
Сырқат қағаздары төленеді, жыл сайынғы төленетін еңбек демалыстары
беріледі. Қойылған нормалар бойынша арнайы киім мен арнайы тағам бөлінеді.
Қауіпсіздік ережелері сақталып, өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жас жұмысшыларды көршілес мамандықтарға үйрету үшін тәжірибелі
мамандар мен жұмысшылар бөлінеді.
Айналымдық қорлар – бір цикл ішінде өнім бағасы қайта өндірілген
өнімге ауысатын өндіріс құралдарының бөлігі болып есептеледі.
Айналымдық құралдар айналымдық активтердің әр түрлі элементтеріне
авансталатын, әр түрлі меншіктік формалары бар кәсіпорында өндіру
процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшлық ресурстар болып
есептеледі.
Айналдыру қорлары – шығаруға арналған дайын өнім, кассадағы және
банктегі ақшалар және есептегі ақшалар.
Айналым қорлар + айналу қорлары = айналым құралдар
Кесте 1
Ақтық Агрофирмасы ЖШС қызметінің негізгі техникалық- экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2008ж. % 2009ж.
1 Негізгі қорлар, барлығы 160158 195147 228170
Сонымен қоса:
Жер 0 16590 16590
Құрылыстар мен ғимараттар 36007 39849 41375
Машиналар және құрал-жабдықтар 178635 209723 242360
Негізгі құралдардың басқа түрлері 19934 22039 38698
2 Негізгі құралдардың тозуы, іске 74418 93054 110853
жарамсыз болып қалуы
3 Өнім көлемі, барлығы 214101 154795 275419
4 Өндіру мен шығару шығыны 166260 127243 148638
5 Түскен пайда (+), шығын (-), 47481 27552 126781
барлығы
6 Дебиторлық қарыз 17190 4035 1020
7 Кредиторлық қарыс 34309 49550 27314
8 Жұмысшылар саны, барлығы (адам) 329 328 316
Өндірістік негізгі қорларды қолданудағы экономикалық тиімділігі
мынандай көрсеткіштермен сипатталады.
- қор қайтарымдығы – жалпы өнім бағасының өндірістік негізгі қорлардың
ортажылдық бағасына қатысы.
Өнімнен түскен ақша
Негізгі құралдардың ортажылдық бағасы
2008жыл = 214101228857=0,9
2009 жыл = 154795254185=0,6
2010 жыл =275419327126=0,8
2009 жылы қор қайтарымының төмендеуі 2010 жылы негізгі қорларды
қолданудың эффективтілігінің төмендеуінің куәсі болды, 2010 жылы қор
қайтарымы өсті, кейін негізгі құралдарды қолдану эффективтілігі өсті. Қор
қайтарымының жоғарылауы негізгі құралдардың кіші салмағының арқасында және
олардың техникалық деңгейінің арқасында жүзеге асты. 2010 жылдағы қор
қайтарымының жоғарлауы есеп беру кезеңінің созылуының азайғанының себепкері
болды.
- өнімнің қор сыйымдылығы – негізгі өндіру қорларының ортажылдық бағасы
жалпы өнім бағасымен сәйкес келеді.
Негізгі құралдардың ортажылдық бағасы
Шығарылған өнімнен түскен ақша * 100
2008 жыл = 228857214101*100=106,8%
2009 жыл = 254185154795*100=164,2%
2010 жыл = 327126275419*100=118,7%
2010 жылғы қорлық сыйымдылықтың төмендеуі негізгі қорларды қолдану
эффективтілігінің жоғарылауының көрсеткіші болды.
- қорлық қарулану - өндірістік негізгі қорлардың ортажылдық бағасы
ортажылдық жұмысшымен есеп айырысады.
Негізгі құралдардың ортажылдық бағасы
Жұмысшылар саны
2008 жыл = 228857329=695 мың. тенге
2009 жыл = 254185328=775 мың. тенге
2010 жыл = 327126316=1035 мың. тенге
Қорлық қаруланудың өсуіне себепкер болған негізгі құралдардың
ортажылдық бағасының өсуі және жұмысшылар санының болар- болмас төмендеуі.
2.3 Ақтық Агрофирмасы ЖШС шаруашылық қызметі көрсеткіштерін және
лизингтін талдау
Кесте 3.
Ақтық Агрофирмасы ЖШС 2008-2010 жж. (мың.тенге) жинақталған
балансы
Актив 2008жы2009жы2010жыПассив 2008жы2009жы2010жы
л л л л л л
1.Ұзақ 3. Өзіндік капитал40100 40100 40100
мерзімді
активтер
1.1.Материалды68 0 19 3.1.Қаулылық 117585117585117585
қ емес капитал
активтер
1.2. Негізгі 1601581951472281703.2.Қосымша 15333 22777 24481
құралдар төленген капитал
1 бөлім 1602261951472281893.3.Бөлінбеге н 16917 25244 167960
бойынша кіріс(жабылмаған
барлығы шығын)
2. Аралық 3 бөлім бойынша 189935205706350126
активтер барлығы
2.1.ТМЗ 58782 70834 60788 5. Аралық
міндеттер
2.2.Дебиторлық17190 4035 1020 5.1. Қысқа 7808 6429 0
қарыз мерзімдік несиелер
2.3. Қысқа 103 435 435 5.2.Кредиторлық 34309 49550 27314
мерзімдік қарыз
финанстық
инвестициялар
2.4.Қаржылық 1412 206 32716 5.3.Салық бойынша 1014 4325 6155
бұйымдар қарыз
2.5. Басқа 0 0 60447 5.4. Мерзімінен 4647 4647 0
аралық кешіктірілген
активтер салымдар
2 бөлім 77487 75510 1554065 бөлім бойынша 47778 64951 33469
бойынша барлығы
барлығы
Баланс 237713270657383595Баланс 237713270657383595
Тұжырым: Тығыздалған баланс кәсіпорын финанстық (қаржылық) жағдайының
болжамды бағасын жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, жұмыстың
қанағаттандырылмағандығын айтатын мақалалар бар. Екіншіден, белгілі бір
кемшіліктерге куә болатын мақалалар – бұл үлкен кредиторлық қарыз.
Баланс валютасының өзгерісі - 2010 жылғы өсу өндірістік
мүмкіндіктің жоғарылауын көрсетеді.
Қаржылық жағдай динамикасының жалпы бағасын алу үшін баланс валютасы
коэффициенті саналады.
Бк = ((Б1-Б0)Б)*100, қайда
Б1 – есеп беру жылының барлық балансының орташа өсімі
Б0 - өткен жылдың балансының барлығының орта өсімі
Кб = (327126-254185)327126*100=22,29
Кесте 4
Қорлардың негізгі қалыптасу көздері
№ Көрсеткіштер 2008 жыл 2010 жыл Ауытқулар
аяғында(мың.тг) аяғында(мың.тг) (мың.тг)
1 Өзіндік және 199802 184999 -14803
айналымдық құралдардың
қайнарының қалыптасуы
2 Айналымды емес 160226 228189 67963
активтер
3 Қолда бар өзіндік және39576 -43190 -82776
айналымдық құралдар
4 Қысқамерзімдік жалға 7808 0 -7808
алған құралдар
5 Өзіндік және жалға 47384 -143190 -90574
алған құралдардың
жалпы көлемі
6 Қалдықтардың жалпы 58782 60788 2006
көлемі
7 Өзіндік және -19206 -103978 -84772
айналымдық
құралдарының қалдығы
және кемшілігі
8 Қалдықтар қалыптасуы -11398 -103978 -95580
қайнарының негізгі
көлемінің жалпы
артықшылықтары мен
кемшіліктері
Кесте фирманың қалдықтары өз айналымдық құралдармен жабатынын
көрсетеді. Қалыптасу қайнарының жетіспейтін бөлігін қысқа мерзімдік жалға
алу арқылы толтырады. Мұндай құралдар фирмада жеткілікті емес, кезеңнің
соңына- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz