Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тұрмаханова А.
«ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050600 -“Экономика” мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметік ғылымдар факультеті
“Қорғауға жіберілді”
Кафедра меңгерушісі,
э. ғ. д., профессор
_Б. С. Мырзалиев
«» 2015 ж
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
тақырыбы: «ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»
Орындаған: СЭК-211до тобының
студенті А. Тұрмаханова
Ғылыми жетекші:
э. ғ. к., доцент С. Қалтаева
Түркістан - 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық өсу адамның өмір сүруге құқығын сақтау мен қамтамасыз ету, өмір сүру құралдарын алу мен қорғалуы үшін өмірлік маңызды болып табылады. Қазақстан өз алдына әлемнің 50 бәсекелік қабілетті елдер қатарына кіру мақсатын қойған экономикасы тұрақты дамушы ел ретінде танылған. Елде макроэкономикалық тұрақтылыққа әлеуметтік, ақша және несие саясатын, жер қатынастары мен жеке секторды дамытуды реформалау арқылы қол жеткізілді. Дегенмен, соңғы жылдардағы қол жеткізген экономикалық өсудің жоғарғы көрсеткіштеріне қарамастан мемлекет әлі де елде шешілуі тиіс әлеуметтік мәселелерді жай қалдыра алмайды.
Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында халық өмірінің сапасын арттыру мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті саналды және солай болып қала бермек. «Қазақстан - 2030» стратегиясына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық үлгісі қалыптастырылды және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-еңбек саласында атқарылған істерді қорытындылай келе, әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланғандығын, қазақстандықтардың сапалы өмір сүру стандартының ұдайы дамып келе жатқандығын ерекше атап өткен еді. Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев қол жеткізілген жетістіктерге нақты баға бере отырып, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында ел азаматтарының тұрақтылық пен әл-ауқат жемісін тиімді пайдаланудың жаңа міндетін айқындап берді. « Әрбір қазақстандыққа қамқор болу . . . өмір және біздің еліміздің барлық азаматтарының күнделікті көңіл-күйі әлеуметтік жаңғыртудың алдыңғы шебіне қойылған» , - деген еді [1] . Дегенмен, әрбір адамның өзіндік жетістігі өзінің алған заманауи білімі мен еңбексүйгіштігіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Қазақстанда тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі кеңестік жүйенің дәстүрлерін мұра етіп, әлеуметік қамсыздандырудың әмбебап моделіне негізделді. Әлеуметтік мәселелер әлі күнге дейін оның өмірдің барлық сферасына ықпал ететіндігінен емес, әлеуметтік қорғаудың тиімділігі қоғамдағы әлеуметтік реформалардың тереңдету көрсеткіші болып табылатындықтан дамудың ұлттық басымдығы ретінде қалып отыр. Осыған байланысты Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелік қабілетті дамыған елдерінің қатарына кіру талпынысына сәйкес ұлттық басымдық қоғамның әлсіз топтарына бағытталған және экономикалық дамуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы әлеуметтік саясатты құру болып табылады. Сондықтан да бұл мәселе тақырыптың өзектілігін анықтайды және зерттеу жұмысында осы мәселелерді кешенді талдау мен қалыптасқан мәселелер төңірегінде олардың шешімін табу жолдары қарастырылған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері көптеген экономистерді қызықтырады. Аталған мәселені зерттеуге М. Блауг, У. Беверидж, Э. Долан, Д. Кейнс, А. Маршалл, Г. Мэнкью, П. Самуэльсон, М. Фридман, У. Ф. Шарп және т. б. шетелдік ғалымдар үлкен үлес қосты. Олар әлеуметтік қорғау теориясының негізі қалады, экономикадағы әлеуметтік институттардың рөлін көрсетті.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеуге С. Н. Алпысбаева, Л. Л. Бекренев, С. Н. Гайсина, А. Ш. Хамзин, С. Т. Жакупов, А. Б. Зейнельгабдин, М. Б. Кенжегузин, Н. К. Кучукова, К. С. Мухтарова, Т. П. Притворова, А. К. Оразғалиева, А. М. Сейтказиева, Х. Н. Сансызбаева, А. Ж. Султангазин сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Алайда экономикалық әдебиеттерде негізінен әлеуметтік қорғау мәселелері әлеуметтік қамтамасыз ету және қалыптастырудың қаржылық механизмдері тұрғысынан қарастырылады. Сондықтан әлеуметтік қорғаулы жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан тенденциясы мен заңдылықтарын анықтау және осының негізінде мемлекеттік деңгейде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру. Қойылған мақсат келесі мәселелердің шешімін талап етеді.
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері мен қызметтерін негіздеу;
- әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдерінің қалыптасу тәжірибесін зерттеу;
- Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі тенденцияларын анықтау және әлеуметтік көмектің қазіргі жағдайын талдау;
- әлеуметтік қорғау саясаты және оның бағыттарын анықтау;
- әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмдері мен оның тиімділігін қарастыру.
Зерттеу пәні мен нысаны. Зерттеу нысаны Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады. Зерттеу пәні - әлеуметтік қорғау жүйесінде туындайтын мәселелермен байланысты нарық субъектілері арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін әлеуметтік қорғау сферасындағы экономикалық ғылым тұжырымдамалары, әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан модельдері, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің заңдылықтарын ашатын теория мен тәжірибедегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілері, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі Президент жарлықтары, үкімет қаулылары мен үкіметтің әлеуметтік бағдарламалары, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық материалдары, ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері мен мерзімді баспасөз құралдарының ақпараттары құрады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын зерттеудің нәтижесінде жасалған тәжірибелік қорытынды мен ұсыныстар деңгейінен көруге болады. Жұмыста елдегі халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жағдайын талдау нәтижелері қарастырылды, әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мәселелері айқындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшеліктерін талдау негізінде әлеуметтік қорғауды жетілдірудің жолдарын қарастыру болып саналады. Зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
- халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық жүйесіне сипаттама берілді;
- халықты әлеуметтік қорғау реформаларының нәтижелері сараланып, әлеуметтік қорғауды жетілдіру мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыста барлығы 9 кесте, 11сызбадан, 29 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын 81 бетті қамтиды.
Бірінші тарауда нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері талданады.
Үшінші тарауда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру мен әлеуметтік саясат бағыттары негізделеді.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұны, құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның барлық мүшелері үшін өмір сүрудің минимальды стандарттарын қамтамасыз етуді көздейді. Көптеген дамыған елдерде «әлеуметтік қорғау» термині үкіметпен ұйымдастырылатын және ақшалай, натуралды формада мұқтаж адамдарға берілетін әлеуметтік бағдарламаларға қатысты қолданылады.
Қоғамдық әдебиеттерде «әлеуметтік қорғау» термині 90-шы жылдары қоғамдық қажетті және әлеуметтік мәнді процесс символы ретінде пайда болды. Кең құқықтық мағынасында әлеуметтік қатынастар жүйесі жөнінде айтылады және әлеуметтік қорғау мазмұны жекелік құқығының кепілдеме жүйесімен сәйкес келеді. Адамзаттық өркениет ағымында әлеуметтік қорғау механизмі жанұялық байланыстардан бастап азаматтардың әлеуметтік қорғалуы экономикалық және құқықтық институттардың күрделі кешенімен қамтамасыз етілетін қазіргі заманғы демократияға дейін тұрақты дамып отырды [2] .
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде келесі деңгейлерді бөліп көрсетуге болады:
- мемлекет пен басқарудың муниципалды органдары тарапынан әлеуметтік қорғау;
- кәсіпорындар, фирма әкімшілігі, жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік қорғау;
- еңбек коллективтері мен әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік қорғау;
- жанұялық қорғау және өзін-өзі қорғау.
Объектісі бойынша әлеуметтік қорғаудың келесі формалары ажыратылады:
- балаларды әлеуметтік қорғау;
- аз қамтылған жанұялар мен азаматтарды әлеуметтік қорғау;
- жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау;
- зейнеткерлік жастағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау;
- аурулар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
- әлеуметтік салалар: денсаулық сақтау мен білім беруді әлеуметтік қолдау.
Аталған деңгейлер мен формалар өзара байланысты. Өмірге келген бала алғашқы уақытта тікелей жанұяның әлеуметтік қорғауында болады. Қазіргі уақытта көптеген жанұялар өздерінің балаларына толыққанды өмір сүру шарттарын қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жанұяда баланың саны көп болған жағдайда. Осы жерден мемлекет пен муниципалды басқару органдары тарапынан балалар мен көпбалалы аналарды әлеуметтік қорғау қажеттілігі туындайды.
Басқа тең жағдайларда жанұяның өмір сүру үшін қажетті құралдары көп болған сайын ол әлеуметтік қорғауды аз қажетсінеді. Сондықтан тұрақты, жеткілікті, жоғарғы ағымдық табыстар, сондай-ақ жинақтар (меншік, бағалы қағаздар, банк жинақтары және басқа құндылықтар формасындағы) халықты өзін-өзі қорғаудың ең тиімді құралдары болып табылады [2] .
Дамыған батыс елдерінің тәжірибесі әлеуметтік қорғау жүйесі бүтіндей өзінің міндеттерін әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік көмектің өзара әрекеті жағдайында тиімді орындауға қабілетті екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік сақтандыру принципі көрсетілетін әлеуметтік көмекті жарналар есебінен алдын ала қаржыландыруға және жарналар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің өзара тығыз байланысына бағдарланады.
Көмек көрсеткен жағдайда индивидуальды жарналар мен ынтымақтастық қайта бөлу жүйесі роль атқарады. Әлеуметтік көмекті қаржыландырудың негізгі көзі бюджет болғандықтан, оның ауқымы сол мемлекеттің қаржы жағдайымен анықталады.
Әлеуметтік қорғаудың жалпы принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:
- тұрғындардың барлық топтарының өмір сүруінің қолайлы шарттарын қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;
- қажетті жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіби сауықтыруды жүзеге асыру;
- әлеуметтік және кәсіби тәуекелдерден жұмыс істейтін тұрғындарды қорғаудың жалпылама және міндетті сипаты;
- тұрғындардың үлкен бөлігіне әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану сферасының кеңею тенденциясы [3] .
Ақшалай жәрдемақылар табыс төмендеген жағдайда, еңбекке қабілетсіз, өндірістік ауруға ұшырағанда, асыраушысынан айрылғанда, жұмыссыздарға, баланың туылуына байланысты беріледі. Әлеуметтік қорғаудың натуралды формаларына медициналық қызмет көрсету, сауықтыру шаралары жатады.
Әлеуметтік жәрдемақылардың үлкен бөлігі әлеуметтік сақтандыру есебінен жүзеге асырылады. Жәрдем ақы мөлшері алдыңғы табыспен жиі байланысты. Егер индивидтің әлеуметтік сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқығы болмаса, ал оның нақты табысы елдегі кепілдендірілген минималды табыстан төмен болса, онда аз қамтылғандығы бойынша жәрдем ақы төлеу формасында әлеуметтік көмек бағдарламасы күшіне енеді.
Көптеген елдерде аз қамтылуы бойынша жәрдем ақы мен әлеуметтік сақтандырудан басқа үй шаруашылығының табысына тәуелсіз барлық жанұядағы балаларға жәрдем ақы төленеді. Балаларға жәрдем ақы демографиялық саясаттың бір бөлігі болып табылады және туылу көрсеткішін ынталандыру мақсатын көздейді. Әлеуметтік көмек жүйесінің элементтері болып сондай-ақ минимальды жалақы мәселелері бойынша заңдылықтар табылады. Индустриалды елдердің әлеуметтік қорғау жүйесінің құқықтық базасы жалпы танылған адам құқығы саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарға сүйенеді.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің элементтері:
1. Тағайындалған зейнетақының ең аз мөлшері - бұл зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетақы заңнамасында көзделген талаптар бойынша мемлекет кепілдендірген ең төменгі ақша сомасы.
2. Тағайындалған зейнетақының орташа айлық мөлшері - бұл бір зейнеткерге бөлінетін ай сайынғы зейнетақының орташа мөлшері. Әлеуметтік қорғау органдарында есепте тұратын барлық зейнеткерлерге тағайындалған айлық зейнетақының жалпы сомасының, жыл аяғындағы зейнеткерлердің жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы - бұл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мүгедектікке, асыраушысын жоғалтуға байланысты және жасына қарай мұқтаж азаматтарға мемлекеттің ақшалай қаражаттармен мерзімдік төлем жасауы болып табылады.
4. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы - бұл арнайы мемлекеттік жәрдем ақы әлеуметтік қорғауға мұхтаж адамдарға ақшалай төлем жасау болып саналады (ақшалай тұлғалаудағы бұрыңғы жеңілдіктер мен үстеме ақылар болып табылады) . Мұндай көмек жәрдемақылардың өзге түрлеріне қатыссыз төлене береді. Осындай жәрдем ақы алуға құқылы азаматтардың қатарына, атап айтқанда жататындар: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соғыс мүгедектері, ішкі істер органдарының қаза тапқан әскери және жай қызметкерлерінің отбасылары, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін Кеңестер Одағының медальдарымен және ордендерімен марапатталған адамдар т. б.
5. Мемлекеттік арнайы жәрдем ақы - бұл 1998 жылдың 1 қаңтарына №1 тізім бойынша адамдардың жұмыс стажының жай-күйіне қарай ақшалай төлем белгілеу болып табылады (еркектер үшін - 53 жасқа шыққанда және кемі 20 жыл жұмыс стажы болғанда, әрі оның 10 жылы Тізімде көрсетілген жұмыстар болуы тиіс; әйелдер үшін - 48 жасқа жеткенде және жұмыс стажы кемі 15 жыл, оның 7 жылы Тізімде көрсетілген жұмыстар болуы керек) . №1 Тізімге жер асты және ашық кен жұмыстарындағы өндірістер, жұмыстар, кәсіптер, қызметтер, өте зиянды және еңбектің ерекше ауыр жағдайларындағы жұмыстар кіреді. Жәрдемақы жалақы алушыларға қатыссыз төлене береді. Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде жәрдемақы алушы өзіне зейнетақы тағайындауды немесе жәрдемақы алуды таңдауға құқығы бар.
6. Тұрғын үйге берілетін көмек - бұл түрғын үйдің және коммуналдық қызмет көрсетулердің құнын жабу үшін осы аймақтағы тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамсыздандырылған тұрғындарға ақшалай төлем жасау жәрдемін көрсетеді. Тұрғын үй көмегі жергілікті деңгейде белгіленіп, жергілікті бюджеттерден төленеді.
7. «Кедейшілік шегі» - мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін беруге арналған критерий болып табылады. Ол бюджеттегі қолда бар қаржылай қаражаттарды есепке алу арқылы анықталатын күнкөріс минимумының (ең төменгі тұтыну себетінің) пайыздық үлесі ретінде жыл сайын белгіленіп отырады.
8. Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі - бұл айлық табыстары «кедейшілік шегінен» төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем болып табылады, мұндай көмек тоқсан сайын облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленіп отырады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы күнкөріс минимумы концепциясымен тығыз байланысты. Күнкөріс минимумы адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайтын табыстардың ең төменгі деңгейін көрсетеді. Әлемдік практикада күнкөріс минимумы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы бола отырып, «кедейшілік шегі» аталынады және оны абсолюттік кедейшілік критерийі ретінде қолданады. Қазақстанда да күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады [4] .
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы қалыптасатын нарықтық шаруашылық моделінің әлеуметтік жағының мәселелеріне көңіл бөлуді күшейтеді. Осыған байланысты қазіргі нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік компоненттерін бөліп көрсету және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесінде әлеуметтік қорғаудың орны мен ролін анықтау қажеттілігі туындайды. Нарықтық шаруашылықтың негізін қалаушы категория бұл еркіндік категориясы болып табылады. Яғни нарықтық экономика тек ғана тұтынуда еркін таңдау, кәсіпте және жұмыс орнында еркін таңдау, кәсіпкерлік еркіндігі, өндіріс құралдарын қоса алғанда жеке меншікті басқару еркіндігі жағдайында қызмет етеді. Экономикалық мағынасында еркіндік бұл өндіріс пен тұтыну деңгейінде өз жауапкершілігімен шешім қабылдауды білдіреді. Осы түсінікке қатысты көптеген пікірлерді білдірейік. Ресей ғалымдарының пікірінше халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің қалыптасуы келесі принциптерге негізделетін болады:
- тұрғындардың әртүрлі топтары мен қатарына олардың жағдайы, жасы, еңбекке қабілеттілігі және экономикалық дербестік дәрежесіне тәуелді әртүрлі көмек көрсетуді қарастыру;
- әлеуметтік қорғау механизмі қоғамның әрбір мүшесіне берілетін және оның маңызды құқықтарын қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің заңды түрде бекітілген жиынтығы ретінде қалыптасуы тиіс.
- әлеуметтік қорғау жүйесі республикалық, аймақтық, еңбек коллективтерінің деңгейінде әрқайсысының құқығын, жауапкершілігін, қызметін нақты айқындаумен байланысуы тиіс.
Көптеген авторлар еңбекке қабілетті азаматтар мен тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау механизмі бір-біріне ерекшеленуі керек деген қорытындыға келді. Әлеуметтік қорғау түсінігін оның кең және тар мағынасында түсіндіріп көрейік.
Біріншіден, тар мағынасынан ерекшелігі кең мағынасындағы бұл терминнің мәні нарықтық экономикада әлеуметтік қорғау объектісі елдің барлық тұрғындары болуы тиіс екендігін білдіреді. Екіншіден, әлеуметтік қорғау тар мағынасында тұрғындардың белгілі бір тобы үшін өндірілген өнімнің тұтынылуы, бөлінуі, қайта бөлінуі бойынша белгілі бір шараларды қамтамасыз ету актісі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, әлеуметтік қорғауды тар мағынасында қоғамға тұрғындардың белгілі бір қатары тарапынан арқа сүйеушілік ретінде қарауға болмайды. Әлеуметтік қорғау тек тұтыну ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы қызмет атқаруы тиіс. Белгілі бір жағдайда қоғамның әрбір мүшесі кепілдендірілген әлеуметтік-экономикалық қорғауға арқа сүйеуі тиіс. Осылайша әлеуметтік қорғау - бұл тек ғана белгілі бір құқықтар емес, сондай-ақ әлеуметтік қорағу субъектілері тарапынан белгілі бір міндеттемелер.
Төртіншіден, әлеуметтік қорғауды кең мағынасында түсіну әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмінің бүтіндей концепциясын құруға мүмкіндік береді. Әлеуметік қорғау жүйесі материалды, әлеуметік және экономикалық қамтамасыз етілген жағдайда тұрақты болады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынасында - өмір сүру шарттарын қамтамасыз ету үшін берілетін құқықтық, әлеуметтік-саяси, экономикалық кепілдіктер жүйесі:
- еңбекке қабілетті азаматтарға экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлік, өзінің жеке еңбек салымдары есебінен жүргізіледі;
- әлеуметтік әлсіз топтарға мемлекет есебінен, бірақ мемлекетпен белгіленген күнкөріс минимумынан төмен емес деңгейде жүргізіледі.
Нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік қызметінің тиімділігінің критерийі қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерінің белсенділігін сақтау, қоғамдық өндіріске белсенді қатысуға қабілетсіздерді қорғау, сондай-ақ өздерінің шаруашылық қызметтерін белсендендіру үшін және өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін қосымша қаржыға мұхтаж адамдарды қолдау болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген батыс елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары еңбек факторын «қымбат» ететіндігі жөнінде пікір бар. Олар жалақы шығындарының бір бөлігі бола отырып, бәсекелік қабілеттілікті төмендетеді және жұмысбастылық саласында саясатқа кері ықпал етеді. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін белгілі бір әлеуметтік топтардың экономикалық және әлеуметтік өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жиынтығы ретінде сипаттауға болады [4] .
Әлеуметік көмек - мемлекетпен объектіге өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде көмек, ал қажетті жағдайда даму шарттарын қамтамасыз ету міндеттерінің танылуы, әлеуметтік көмек принципі бюджеттен қаржыландыруды көздейді және алушының жеке мұхтаждығына бағдарланған. Мұндай көмектің мөлшері бұдан ерте жасалынған жарналарға тәуелді емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz