Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы


МАЗМҰНЫ
2. 1
2. 2
Шығыс Қазақстан өңіріндегі туризмді дамыту ресурстары
Шығыс аймағындағы туризмнің дамуына талдау жүргізу
28
34
3. 1
3. 2
3. 3
Шығыс өңіріндегі туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
Шығыс аймағында дамуға мүмкіндігі бар туристік маршруттарды ұсыну
Шығыс өңіріндегі туризмнің кластерін құру проблемалары және даму болашағы
43
50
54
КІРІСПЕ
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Облыс көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, спорттық (альпинизм, таулы өзендермен жүзу, шаңғы спорты), аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі . Шығыс Қазақстан облысы туристік саланы дамытудағы алғашқы қатарлы туристік аймақтардың бірі болып табылады. Және де бұл аймақтағы туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен алғы шарттарының жетерлік болуы тартымды туристік аудандардың біріне айналдырып отыр. Сондықтан өңірде туризм түрлерін дамыту өзекті мәселе болып табылып отыр. Дегенмен бұл мақсатты жүзеге асыруда осы күнге дейін кедергілер мен мәселелер жетерлік. Ғылыми түрде туризмнің осы аймақта қалайша тарылып, дамып отырғаны жайлы да әдебиет басылып шығарылмаған. Сондықтан берілген диплом жұмысының тақырыбының іске асырылуындағы Қазақстан Республикасын танымал етіп, туристік саласын жоғары қарқында дамытудағы маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан өңіріндегі туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен әлеуетін зерттеу, осы саланы дамытуға талдау жүргізу.
Жұмыстың міндеттері . Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:
- туризмнің теориялық аспектілеріне, оның даму тарихына, жіктелетін түрлеріне, туризмдегі маршруттардың жіктеліміне толық сипаттама беру;
- Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресуртарына, оның ішінде табиғи-рекреациялық ресурстары мен әлеуметтік, тарихи-мәдени ресурстарына сипаттама беру;
- Шығыс Қазақстан өңіріндегі туризм ресуртарына талдау жүргізу;
- Аймақтағы жалпы туризм саласының дамуына талдау жасау;
- туризмнің дамуына, оны ұсынатын туристік мекемелерге, ұйымдастырылған маршруттарға талдау жұмыстарын жүргізу;
- Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді дамытудағы мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын іздестіру;
- Шығыс Қазақстан аймағындағы ерекше белгілі туризм бойынша маршруттарға сипаттама беріліп, біренешеуіне тоқталып өту;
- Аймақтағы туризмнің дамуының болашағына тоқталу.
Зерттеу пәні. Шығыс Қазақстан өңірінің туризмі
Зерттеу объектісі . Шығыс Қазақстан өңірі
Бітіру жұмысының барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер, жүйелік талдау.
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында Ресей және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды. Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, («Рудный Алтай», «Дидар»), мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны 38 әдебиет паqдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі ?? бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шығыс Қазақстан өңірінің туристік табиғи ресурстары
Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстарына тоқталмас бұрын жалпы туристік ресурстарға анықтама беріп өткен абзал. Сонымен, туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристік-экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын және табиғаттың және адамның күшімен салынған нысандар мен қоршаған ортаның құбылыстарының жиынтығы. Туристік-рекреациялық ресурстар 2 үлкен топқа бөлінеді: табиғи ресурстар және әлеуметтік-экономикалық ресурстар. Ал Багрова Л. Н., Багров Н. В., Преображенский В. С. ғалымдарының анықтамасы бойынша «Табиғи туристік-рекреациялық ресуртар - рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы белгілі бәр уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, табиғи құбылыстар» [1] . Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихи-мәдени нысандар (ескерткіштер, мұражайлар, т. б. ) және құбылыстар (этникалық-саяси, өндірістік) жатады.
Ал енді Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстарына толығырақ тоқтап өтетін болсақ.
Шығыс Қазақстан облысы ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін қажетті ресурстарға ие. Бүгінгі күні өңір:
- Жағымды табиғи-климаттық жағдайлар;
- Тиімді геосаяси және жағрафиялық жағдайы;
- Экономиканың дамуының жоғары қарқыны;
- Инвестициялық тартымдылық:
- Көліктік қолжетімділік;
- Ойын-сауық индустриясы;
- Бай тарихи және мәдени мұра;
- Ғасырлық қонақжайлық салт-дәстүр;
- Туристік индустрияның кәсіби кадрларын дайындайтын білім беру мекемелерінің болуымен сипатталады.
Табиғи ресурстары. Жалпы табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері мен жоталары алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың барлық оңтүстік -батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым.
Таулар шыңының биіктігі 800-ден 1500 м жетеді, ал Алтайдың шығыс бөлігіндегі шыңдар 3000-4000 м (Белуга шыңы) [2] .
Шығыс Қазақстан түрлі табиғи климаттық аймақтармен сипатталады. Шығыс Қазақстан табиғаты таңқаларлық: Азияның жазығы мен жартылай шөлейттері Сібірдің таулы ормандарымен қиылысуының нәтижесінде бірегей ландшафт түрлерін, яғни шөлді, жазықтарды, ормандарды және тауларындағы тұрақты мұздықтар мен өзендерді, көлдерді көруге болады.
Орман облыс аумағының 11, 9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік - батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000- нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300-ден астам, сүт қоректілердің 100- ге жуық түрлері мекендейді. Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді [3] .
Алтайдың Қазақстан бөлігінде 350 мұздық бар. Жалпы көлемі 99. 1 кв. км-ге орналасқан.
Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40% -і шоғырланған. Облыс аумағы су қорларына бай, мұнда жалпы ұзындығы 10 мың км-ден асатын 800-ден астам өзен ағып өтеді. Басты өзені Ертіс, және оның салалары Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Шар, Үлбі, Уба, Қызылсу. Ең үлкен көлдері- Марқакөл, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Ертіс өзені бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды [4] .
Көлемі 1га. - дан 528 кв. км. жететін 2000-ден астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері - Марқакөл, Зайсан, Сібе, Рахман қайнары, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл.
Алакөл көлі Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жоңғар Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл миниралды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, көл бойынан 35 км созылып жатқан Құстар Аралынан Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көруге болады. Рахманов Ыстық Көзі Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында, көпшіліктің ойынша, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахманов 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады [5] .
Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т. б. ) . Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады [6] .
Бұқтырма көлі - бұл жердің табиғаты керемет. Бұқтырма көлінің маржан суы өзінің тамаша көріністерімен және балық аулау орындарымен белгілі. Көптеген өзендер мен жауын сулары тау шатқалынан көлге құйылғандықтан әдемі сарқырамалар көп. Тек Шанды Бұлақ қана көлден ағады.
Шығыс Қазақстан жерасты суларының мол қорларымен де белгілі. Таулардағы жерасты сулары табиғи қорларының жалпы қөлемі 10 млрд. текше метрді құрайды.
Шығыс Қазақстан аймағындағы табиғи ресуртардың барлығы дерлік ерекше қорғау территориясымен қоршалынып отыр. Сондықтан да, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар әлеуеті бойынша, оның ішінде экологиялық туризмді дамытып отырған бірінші қатарлы орындардың біріне ие болып отыр.
Жалпылай алғанда, облыс аумағында жалпы көлемі 1784536 гектар 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның 50811 гектар алаңында суқоймалары бар, 641258 гектар жерді орман басып жатыр [7] .
Солардың ішінен табиғаты ғажайып қорықтар мен туристер көп тартылатын ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштеріне толығырақ сипаттама беріп өтетін болсақ.
Ерекше назарға Қиын-құрыш табиғи нысаны ие. Қиын Құрыш-біздің жеріміздегі отты планета. Отты Марс ! Жасыл-күлгін және жасыл қоңыр түсті сағымды сәулелер сары-ақ түске, қайтадан жасыл-сары және қызыл қоңыр, түстерге оранып мың құбылады. Бұл-Қиын Құрыш яғни, тәкаппар, асқақ тау. Жазық сар дала төсінен ақшаңқай тұзды көлдерімен биіктей түседі.
Қиын Құрыштың құндылығы сол-өлкенің тропикалық заманнан топырақ және құм қабаттарында сақталып қалған өсімдіктер флорасы іздерінің (пальма, магнолия, араукарий, гингко т. б. ) болуы; жоғары беткейлерінде көне замандағы бауырымен жорғалаушылар(крокодил, тасбақа, саламандр т. б. ) қаңқаларының сақталуы. Бұндай палеогендік қалдықтардың әртүрлілігі жағынан Азия мен Европа жерінде тең келер ескерткіш жоқ.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы. Шығыс Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі өте бай. Шөлді далалықтар - өзен, көл алқаптарымен кезектесіп отырады, альпі көгалдары биік қарлы шыңдарға жетелейді.
Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 жылы құрылған. Оның көлемі 56, 3 мың. га. Қорық Алтайдың Қазақстан бөлігіндегі таулы аймақтарының : Ақ және Қара Үбі өзендерінің қайнар көздеріндегі Иванов, Көксін, Холзун, Линейлікті және Тұрғұсұн өзенінің саласы Борсық өңірін алып жатыр [8] .
Ақ Үбі өзені бастау алатын жерде 14 мұздық бар. Орман шектеуінің биігінде мұзды тау өзендері мен батпақты жер жатыр, өзен жылғалары осы жерден бастау алады. Батыс Алтай қорығының ауа-райы өткір континентальды. Бұл жер- Қазақстан және ТМД елдерінің азия бөлігіндегі ең дымқыл жер. Қорықта қар жамылғысы 170 күнге дейін сақталады - қарашадан сәуірге дейін.
Қорықтың өсімдік жамылғысы 4 белдіктен тұрады: жапырақты орман, субальпі және альпі көгалы, биік шыңды тундра. Жапырақты орман шектеулі аумаққа орналасқан және өзен алқабын бойлайды. Таулы- жынысты орман құрамы жағынан өсімдіктерге бай: қарақошқыл тайга, самырсын, бал-қарағай орманы, қылқанды орман. Субальпі және альпі ормандары 1800- 2000м биіктікте орналасқан. Бұл белдеуліктердің арасында нақты шекара байқалмайды, бұл көрініс Алтайдың Қазақстан бөлігіне тән.
Құлынжүн мемлекеттік табиғи қорығы 1967 жылы 29 қарашада бұрынғы Самар, қазіргі Көкпекті ауданында ұйымдастырылған және 46 000 га. жер көлемін алып жатыр. Қорық аумағы Қызылқұм құмының негізгі бөлігін және Зайсан қазан шұңқырының солтүстік-батысындағы Құлынжүн өзенінің төменгі ағысына орналасқан [9] .
Үстіңгі рельефі екі типті. Біріншісі - тұнба қабаттарының шоғырлары, қоңыр - құба жазық және үнемі желдің әсерінен пайда болған құм төбелер сілемдері. Екіншісі - мүжілген тұнбалы қабаттар, Ертіс және Құлынжүн жайылмаларының сағымды рельефін береді. Құлынжүн жазығында ірі үш көл орналасқан - Казнаковка, Қамбар-Қарасу, Чаечье [10] .
Сонымен қатар, облыс аумағында келесідей ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған: Алакөл табиғи қорығы, Мемлекеттік табиғи "Төменгі-тұрғұсұн" қорығы (ботаникалық), "Синегорье май қарағай орманы" мемлекеттік табиғи қорық, «Қаратал құмы» мемлекеттік табаиғи қорығы (ботаникалық) .
Алаулаған адырлар. Оңтүстік Зайсан өңіріндегі табиғаттың палеонтологиялық ескерткішінің бірі- алқызыл түске боялған Маңырақ таулы жотасы-Алаулаған адырлар аталынған. Топырақтың түрлі-түске- қызыл-жалқын, қызыл-қоңыр, қоңыр-жасыл түстерге орана құбылуы сонау мезозой заманындағы жылы және дымқыл климаттың әсерінен болған құбылыс.
Аймақ өңірінде бентонит саз балшығы мен цеолиттің мол қоры бар. 1959 жылы бұл жерден бірінші рет динозавр жұмыртқасының қауызы, сәл кешірек шағын динозаврлардың қаңқалары табылған.
Алаулаған адырлардың шығысына таман, Сауыр жоталарының етегінде өсімдіктердің, теңіз балықтарының т. б. таңбалары; сол сияқты, жираф, ат, мүйізтұмсық т. б. жан-жануарлардың қаңқалары кездеседі. Бұндай жағдайлар өлкенің эволюциялық даму кезеңдерінен құнды мағлұматтар береді [11] .
Облыстың ауа райы ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық ауытқу үлкен амплидудасымен шұғыл континенталды. Мейлінше суық айлар-солтүстікте Кенді Алтай тауларында және биік таулы қазаншұңқырларда орта айлық температурасы - 17 С- ден 23, 8 С-ге дейінге және оңтүстік бөлігінің тауларында - 14, 1 С-ден +16, 6 С-ге дейінгі қаңтар, ақпан айлары. Мейлінше жылы ай-шілде, оның орта айлық температурасы +14 С-ден +16, 6 С-ге дейін, теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте -0 С, тау бөктерлері мен жазық бөлікте температура бірқыдыру жоғары. Облыстың бірегей және сан алауан табиғи жағдайы тиісінше инвестиция салған жағдайда туризмді жедел дамытуға мүмкіндік береді [12] .
Әлеуметтік-экономикалық ресурстары. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.
Облыс аумағы бүгінгі таңда 283, 3 мың шаршы шақырымды ( Қазақстан аумағының 10, 2 %) құрайды. Өскемен қаласы Астана қаласынан 1038 км және Алматы қаласынан 1068 км қашықтықта жатыр. Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседі [13] .
Облыстың бар туристік әлеуетін бірегей ету экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау-шаңғы және іскерлік туризмді дамыту болып табылады, ол ұзақ мерзімді келешекте қазақстандық және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті кешенді туристік өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді жасау негізінде қолайлы климаттық жағдай, су, бальнеологиялық ресурстарының болуы, бай ландшафтты-рекреациялық әлеует, сонымен қатар өзіндік тарихи-мәдени мұра, халықаралық маңызы бар бірегей мұражайлық кешендердің болуы жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдени-танымдық туризмнің өзегін қалыптастыратын тарихи, мәдени ескерткіштер және тарихи-мәдени мұражай-қорықтар бар.
Шығыс Қазақстан облысының негізгі танымал туристік, рекреациялық аймақтары: Солтүстік-Шығыс (Белуха), Шығыс (Марқакөл көлі), Орталық (Өскемен қаласы, Бұқтырма жағалауы), Солтүстік (Риддер қаласы), Батыс (Семей қаласы), Оңтүстік (Алакөл көлі) болып табылады.
Бұл аумақтарда ТМД ғана емес, алыс шетелдердің көптеген туристерін тартатын Оңтүстік Алтайдың негізгі табиғи ескерткіштері шоғырланған.
Туризмнің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешуге жүйелі және кешенді көзқарас болған жағдайда ғана қолда бар әлеуетті іске асыру мүмкіндігі туады [14] .
Жалпы туризм тұрақты даму үстіндегі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Түрлі аспектілерде - жасы, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, біліміне, тұрғылықты жеріне, мәдениетіне қарай адамдардың тәртібі мен мотивациясы зерттеледі. Туризммнің жаппайлылық қасиетін анықтайтын сипаты, әлеуметтік негізде туристік ағымдардың қалыптасуы зерттеледі.
Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында тұрақты да тыныш саясат орнаған, ол жергілікті тұрғындар мен шетел азаматтарының еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.
Туристік ағымдарды тартуды жүзеге асыруда көп аспектілі түрде әрі нақтыланып туристік ресурстары мен оның әлеуеті әсіресе туристік индустрия нысандарының әлеуеті, осы ресурстардың қажеттілігінің мүмкіншілігі, индустрия сегментін жоспарлайтындар мен ұйымдастырушылар анықталынып алады. Сонымен қатар, шетелдік туристерді күтіп алуға әрқашан даяр болатын жергілікті халықтың мәселелерін де қарастыру тыс қалмау керек.
Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Туризмнің дамуы қазіргі заманғы транпорттық жүйелер мен коммуникациясыз мүмкін емес. Резидент емес туристер облысымыздың аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz