8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар … . . . 4 Белгілеулер мен қысқартулар. 5КІРІСПЕ. . . . 6
І 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 9
1. 1. Қазақ мәдениеті мен дәстүр сабақтастығында сәндік - қолданбалы өнерінің маңызы . . . 9
1. 2 Жас жеткіншектерді қолөнерге баули отырып дәстүрлі мәдениетке және еңбекке тәрбиелеудің негізі . . . 14
1. 3 8-сынып оқушыларын дәстүрлі мәдениетке баулуда көркем өнер мен табиғаттың байланысы . . . 19
2 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 23
2. 1 Технология пәнінде оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге оқыту мазмұны . . . 23
2. 2 8-сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын дайындау жолдарын оқытудың әдістері мен формалары . . . 29
2. 3 Сабақ үлгісі . . . 38
2. 4 Қолөнер шеберханасының жабдықталуы . . . 46
3 БҰЙЫМ ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 53
- Мата таңдау, сәннің сырт көрінісін анықтау . . . 53
- Киімнің атқаратын қызметі. Киімді топтастыру . . . 54
3. 3 Киімнің пішімі . . . 56
3. 4 Адам тұлғасының құрылымы, өлшемді алу . . . 59
3. 5 Көйлекті тігу технологиясы . . . 65
3. 6 Қазіргі стилдегі бойжеткен киімінің композициясы . . . 67
3. 7 Бұйымның өзіндік құны . . . 69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74
ҚОСЫМША . . . 76
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан №33-35 30. 01. 2010. 2б.
2. Технология, Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті пәндерінен бағдарламалар жинағы (5-11 сыныптар) -Алматы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 2000. -71 б.
3. Бағдарламалар. Технология (5-9 сыныптар), Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті 10-11 сыныптар
4. «Қолөнер» бағдарламасы Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған бағдарламалар. Алматы, 2004 / А. С. Ұзақова, Р. А. Наурызбаева, Н. А. Салыбекова. -Шымкент, 2002 ж.
5. Н. Назарбаевтың "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан №22 20. 03. 2006. 2б.
АНЫҚТАМАЛАРЕңбек - алға қойылған мақсатқа жеткізетін саналы іс - әрекет. Еңбек процесі - бұл қоғамға пайдалы іс - әрекет саласындағы материалдық құндылықтарды тудыру үшін адамдардың белгілі функцияларды орындауды жүзеге асырудағы әрекеттер жиынтығы. Философиялық сөздіктерде «мәдениет» (лат. cultura - возделывание, обрабатывание) - қоғамның және адамның түрлендіруші іс-әрекетінің барлық түрінің жиынтығы, сондай-ақ осы іс-әрекеттің нәтижесі" ретінде анықталады. Эстетика - грек сөзі, «әдемілік», «сұлулық», «әсемдік» деген мағынаны береді, яғни, эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты - адамдарға өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, қабылдай білу қабілетін арттырып, өмірді өзгертіп отыру. Технология - қоршаған ортаны өзгерту мен қайта құру барысында адамның іс-әрекет тәсілдері туралы ғылым; бұл ғылым негіздерін өнеркәсіп, энергетика, байланыс, ауыл-шаруашылығы, көлік және басқа бағыттағы адам қызметінің салаларында пайдалануды бірлестіретін интеграциялық оқу пәні. Сұлба - жазықтықта немесе кеңістікте сызықпен көрсетілетін тұлғаның кескіні. Стиль - сәннің негізін құрайды, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін білдіреді. Пропорция - костюм бөліктерінің өзара және адам тұлғасымен салыстырғандағы ара-қатынасы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРЖОО-жоғары оқу орны
ХҚТУ-Халықаралық қазақ-түрік университеті
АТИФ-Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
ТОҚ- техникалық оқыту құралы
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жасалып, жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер рухани өміріміздің жанды саласы мектеп, оның оқу-тәрбие жұмысын қамтиды.
Елбасы Н. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық [1] .
Тарихи, археологиялық зертгеулер арқылы тастан, қоладан, темірден, ағаштан, сүйектен т. б. жасалған еңбек құралдарын, сайман-жабдықтарын, ежелгі адамдардың еңбек қызметін, өз кезеңіне сай материалдық байлығының, рухани өмірінің мәдени сипатын танытады. Ғалымдар сапасы әр түрлі материалдан еңбек құралдарын жасау адам үшін азығын тауып жеудің жолы гана емес, белгілі бір кәсіпке, шаруаға бейімделудің, әлеуметтік қорғанудын, мәдени дамудың бастамасы екенін нақты дәлелдеген.
Ағылшын ғалымы Э. Б. Тайлор мәдениетті адамның ақыл-ойымен, еңбегімен жасалған материалдық және рухани құндылық ретінде бағаласа, австралиялық психолог З. Фрейдтің айтуынша, мәдениет адамзаттың ғасырлар бойы жинактаған білімі мен тәжірибесі, сол негізде игерген кәсібі, ақыл-ойымен жасаған еңбек құралдары мен берген өнімі жатыр.
Адамзаттың көркемдік мәдениетін қалыптастырудың негізі эстетикалық тәрбие беруден бастау алады. Эстетикалық тәрбие - адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі арқылы ұштастырылған нәтиже. Адамгершілік тәрбиесі адам бойына қажетті ізгі қасиеттерді сіңірумен айналысса, еңбек тәрбиесі сол адамға қажетті іс-әрекеттерге дағдыландырады. Сол себепті біз оқушылардың көркемдік мәдениетін қалыптастыруды зерттеуіміздің аймағы ретінде алып отырмыз.
Қазақ халқының іскерлік қолөнері негізінен үй кәсібі түрінде дамып отырған. Үнемі қолөнер шеберлері шығармашылықпен жұмыс істей отырып, халыққа қажетті қолөнерінің алуан түрлерін өмірге келтірді. Қазақ халқы қолөнерінің ішінде киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ бұйымдарын жасау, тоқымашылық, термешілік, сырмақ сыру, текемет басу өнерімен кеңірек айналысқан. Сәндік - қолданбалы өнері классикалық өнердің үлкен саласы ретінде тұрмысқа қажетті көркем дүние өндіруіне қарай сән және қосалқы өнер, немесе сәндік - қолданбалы өнер болып бөлінеді. Сәндік - қолданбалы өнер жасалыну тәсіліне қарай кесте, кілем, сырмақ, құйма, қалыптама болып қолданылатын материалына қарай сүйек, металл өңдеу, ағаш ұқсату және ою - өрнек өнері болып жіктеледі.
Қазіргі кезде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне үлкен талаптар қоюда.
Қолданбалы өнер - түрлі ұлттың халықтарына тегіс тараған өнер түрі болып саналады. Сәндік - қолданбалы өнерге оқыту арқылы жастарды тәрбиелеуде өз ұлтымыздың ұлттық мәдениетін, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге жастарды тәрбиелеуде өз ұлтымыздың ұлттық мәдениетін, ұлттық дүниетанымын кеңейтуге жастарды ой еңбегімен эстетикалық талғамдарының дамуына көмегін тигізеді.
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері-өзінің бай тарихи, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктерімен, халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп біте қайнасқан өміршең өнер. Сондықтан, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге оқыту, олардың қазіргі өндірістің ғылыми - техникалық негізін түсінуге, ауқымды көзқарастарының қалыптасуына кең тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.
Келешек жастарды кәсіпке баулудың халықтық негізін, еңбекке тәрбиелеудің құралдарын атап көрсеткен Қазақстандық қоғам қайраткерлері мен ұлы ағартушы педагогтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. еңбектерін ерекше атауға болады.
Кәсіптік білім берудің ғылыми педагогикалық мәселелерін әртүрлі аспектілерде зерттеген Қазақстандық ғалымдар қатарында О. Сыздықов [2], К. Өстеміров [3], Д. Қ. Пошаев [4], С. А. Жолдасбекова [5], Б. Т. Ортаев [6], кәсіпке баулуды ұлттық қолөнер негізінде ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері Ә. Марғұлан [7], К. Ақышев [8], Х. Арғынбаев [9], Ө. Жәнібеков [10], Т. К. Басенов [11], С. Қасиманов [12], М. С. Мұқанов [13], К. Әмірғазин [14] т. б. бар.
Осы және т. б. ғылыми зерттеулерді және арнайы әдебиеттерді зерделей отырып біз тақырыбымызды «8 сынып оқушыларына сәндік - қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу жолдары» - деп атауды жөн көрдік.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды дәстүрлі мәдениетке баулу негіздерін анықтау, Қазақ мәдениеті мен дәстүр сабақтастығында сәндік - қолданбалы өнерінің мәнін аша отырып оқушыларды дәстүрлі мәдениетке баулуда сәндік - қолданбалы өнер сабақтарын оқыту әдістемесін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін сипаттау.
Зерттеу обьектісі : жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында оқытылатын технология пәні
Зерттеу пәні: «Технология» пәнінде 8 сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқыту жұмыстарының барысы
Зерттеу міндеттері :
- мектепте технология пәнін оқытудың мазмұны мен құрылымын талдау;
- оқушыларды дәстүрлі мәдениетке баулуда сәндік - қолданбалы өнер сабақтарын оқыту мәселелері бойынша арнайы, психологиялық - педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулудың мүмкіндіктерін айқындау;
- оқушыларды қолөнер бұйымдарын өңдеуге баулудың тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
- бұйымдарын өңдеудің мазмұнын, технологиясын мазмұндау.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми, әдістемелік әдебиеттерді оқу және оларға талдау жасау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін бақылау;
- мектепте іс-тәжірибе барысында әдіскерлермен, ұстаздармен және мектеп оқушыларымен әңгімелесу;
- озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және талдау, салыстыру
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
І 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІ ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТКЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қазақ мәдениеті мен дәстүр сабақтастығында сәндік - қолданбалы өнерінің маңызы
Адамзат дамуының барлық кезеңдерінде де әрбір ұлттың төл мәдениеті ұрпақтар сабақтастығының қайнар бұлағынан нәр ала отырып, өзінің өркениеттік мәдени тәжірибелерін дәстүр жалғастығы заңдылықтарына сай дамыта білген. Бұл табиғи өмірдің басты зандылығы больш табылады, өйткені ұлттық мәдениеттің өресі дәстүрлілік сарын мен жаңашылдық (инновациялық) өзара үндестік тапқанда ғана биік болады. Өз кезегінде тарихи - мәдени даму барысында әрбір ұлттың өзіне ғана тән бет - бейнесі, рухани бітімі қалыптасады.
Демек, тәуелсіздік таңы атқан бүгінгі таңдағы халқымыздың дәстүрлі мәдениетінің, дәстүрлі дүниетанымының ұлттық рухани ізденістер рухында қалыптасьш, қазақ халқының мәдени болмысының айнасына айналуы - тарихи - мәдени қажеттілік болып табылатындығы даусыз.
Өткен мәдени - тарихи өміріміздің барша асылын ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасына айналдыруға деген талпыныстың өзі бүгінгі таңдағы дәстүр жалғастығының басты дәнекері болып табылады. Олай болса, "Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана". Қазақ мәдениетін тарихилық пен диалектикалық ойлау тұрғысынан қарастырсақ, қазақтың ұлттық мәдениеті де заман ағымдарында қалыптасқан өзгерістерге ұшырамай, бір орнында тұрып қалуы мүмкін емес еді. Бұдан туындайтын ой: уақыты келгенде төл мәдениетіміз де өзге мәдениеттердің ықпалымен түрленіп, руханилануы керек болатын. Ал қазақ өркениетін дамытуға жол ашып беретін мұндай қолайлы жағдайлар тәуелсіздіктің таңы атқан бүгінгі таңда толық туып отырғандығын жоққа шығаруға болмас. Өйткені, егеменді ел болған аз уақыттың ішінде Республикамыз әлемдік қауымдастықпен тағдырлас, адамзаттық өркениетпен құрамдас мемлекет екендігін дүние жүзіне таныта білуде. Біздің ойымызша, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы мәдениетінің тарихын казақ халқының әлемдік өркениет құшағына қайта оралу тарихы деп айтуға толық негіз бар десек қателеспеген болар едік [15] .
Қазақстан жеріндегі мәдениет жайлы ғылыми деректердің тарих беттерінен орын алуына мол үлес қосқан зерттеуші - ғалымдар (антрополог, археолог, тарихшы, этнолог, мәдениеттанушы, шығыстанушы, фольклорист, философ, этнограф, т. б. ) Бартольд В. В., Бериштам А. Н., Радлов В. В., Грязнов М. П., Рашид-ад-Дин, Якубовский А. Ю., Толстов СП., Валиханов Ш. Ш., Кляшторный С. Г., Малявкин А. Г., Таскин B. C., Қадырбаев А. Ш., Тынышбаев М., Гумилев Л. Н., Сәтбаев Қ. И., Марғұлан Ә. Х., Қоңыратбаев Ә. Қ., Машанов А., Савельева Т. В., Рыков П. С., Қозыбаев М., Нысанбаев ӘҚ., Таймағамбетов Ж. К., Байпақов К. М., Акынжанов СМ., Ходжиков К., Ақышев К. А., Кумеков Б. Е., Жетібаев Ж. М., Темірбеков С., Есим F., Қойгелдиев М., Кішібеков Д., Орынбеков М., Озғанбаев Ө. О., Сейдімбек А. С., Балтабаев М. Х., Тұрлыгұлов Т. Т., Ұзақбаева С. А., Қожахметова К. Ж., Жарықбаев Қ., Қалиев С. т. б.
Тарихи, археологиялық зертгеулер арқылы тастан, қоладан, темірден, ағаштан, сүйектен т. б. жасалған еңбек құралдарын, сайман-жабдықтарын, ежелгі адамдардың еңбек қызметін, өз кезеңіне сай материалдық байлығының, рухани өмірінің мәдени сипатын танытады. Ғалымдар сапасы әр түрлі материалдан еңбек құралдарын жасау адам үшін азығын тауып жеудің жолы гана емес, белгілі бір кәсіпке, шаруаға бейімделудің, әлеуметтік қорғанудын, мәдени дамудың бастамасы екенін нақты дәлелдеген.
Мәдениетті адамның ақыл-ойымен, еңбегімен жасалған материалдық және рухани құндылық ретінде бағалар болсақ, онда адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған білімі мен тәжірибесі, сол негізде игерген кәсібі, ақыл-ойымен жасаған еңбек құралдары мен берген өнімі жатыр.
Түрлі ғылым салаларындағы зерттеулерге сүйене отырып, адамзат баласы жасаған мәдениетгің қайнар көзі еңбек екеніне көз жеткіземіз. Еңбек процесі - бұл берілген кәсіп үшін типті белгілі аяқталған жұмыс түрінің орындалуымен байланысты жүйелі жұмысшы әрекетінің жиынтығы. Қазақ халқы күн көріс тіршілігінде қажетті үй - жай салуды, киім кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән - салтанат та құра білді. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз. Еңбек - алға қойылған мақсатқа жеткізетін саналы іс - әрекет. Еңбек пен табиғат затының әрекеттесуі іс - әрекет өнімін көрсетеді. К. Маркс еңбек жөнінде «еңбек процесінің жай кезеңдері мыналар: мақсатқа сай қызмет атқару, яғни еңбектің өзі, еңбек заты мен еңбек құрал - жабдығы» - деп атап көрсетеді [16] . К. Маркс машинаны да, локомотивті де, темір жолды да табиғат жаратпайды, мұның бәрі адамның еңбегі дейді. Еңбек процесінің соңғы нәтижесі алғаш адамның ойында болған идеясының іске асуы. С. Я. Батышев өзінің еңбегінде «Еңбек процесі - бұл қоғамға пайдалы іс - әрекет саласындағы материалдық құндылықтарды тудыру үшін адамдардың белгілі функцияларды орындауды жүзеге асырудағы әрекеттер жиынтығы» - деп тұжырымдайды [17 ] .
Ал енді соңғы жылдары ерекше мән беріліп, гылыми айналымның төрінен орын ала бастаған «мәдениет» туралы түсінігімізді ортаға салып көрелік. Оның адамдар атқарған еңбек қызметіменен, кәсіп түрлерімен қандай сабақтастығы бар?
Ғылыми деректердің көрсетуінше, Еуропа тілдерінде «мәдениет» сөзі «табиғат» сөзінен кейін туылған. Мысалы, ХҮІ-ХУП ғ. ғ. латын тіліндегі әдебиеттерде «мәдениет» сөзі қолданылмаған. Ол сөз тек ХҮІІІ ғасырдан бастап латын тілі шеңберінде ғана емес, еуропа тілдерінде арнайы лексикалық бірлік ретінде қалыптаса бастайды. «Мәдениет» сөзі латын тілінде - cultura agri - «жерді өңдеу», cultura animi - «жанды тәрбиелеу», одан әрі жетіле келе өңдеуді ғана емес, «әлдекімге көңіл бөлу», «құрмет көрсету» т. б. ұғымдарды білдірген [18] .
«Мәдениет» термині ілгері уақыттан қолданыста, әрі философиялық, педагогикалық сөздіктерде, анықтамалықтарда олардың мән-мағынасы кеңінен ашылған.
Философиялық сөздіктерде «мәдениет» (лат. cultura - возделывание, обрабатывание) - қоғамның және адамның түрлендіруші іс-әрекетінің барлық түрінің жиынтығы, сондай-ақ осы іс-әрекеттің нәтижесі" ретінде анықталады [19] . Педагогикалық сөздікте: «мәдениет (лат. -cultura возделывание, воспитание, развитие, почитание) - адамдардың өмірді және іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері мен формаларында, олардың өз арақатынасында, сондай-ақ олардың өндірген материалдық және рухани құндылықтарында көрінетін, адамның шығармашылық күші мен қабілетінің, қоғамның дамуының тарихи анықталған деңгейі» ретінде сипатталады [20] .
Салыстыра айтсақ, табиғат шығыс халықтарында ежелден-ақ нағыз эстетикалық қызмет атқарды. Мысалы, түрік тектес халықтар мәдениетінің негізі сахарада, Ұлы дала кеңістігінде, көк пен жердің аралығында, дала дабылының өтінде қаланды. Сондықтан да, қазақ мәдениеті әркез табиғатпен етене, егіз болган деуге негіз бар. Түріктердің түсінігінде табиғат -адамзаттың анасы, ал ананы сүймеу мүмкін емес.
Мәселен, қазақ халқының тәлімгерлік тәжірибесі, ондағы экологиялық тәрбие беру бағыттары (халқымыздың табиғатқа оң көзқарасын танытатын ырымдар мен тыйымдардың өзі не тұрады!) ертеден-ақ қанымызға еніп, дәстүрге айналған мәдениет еді. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақтар мәдениетінің тіні шексіз ен даланың тау - тастарынан, өзен - көлдерінен, аң-кұстарынан, жан - жануарларынан ешқашан бөлінбеген. Табиғаттан үйреніп, оны бірде өзіне ана, әруақ, тәңір, ұстанар үлгі етсе, енді бірде перзентіндей әлдилеп аялаған, құрметін аямаған.
Қазіргі кезде «мәдениет» терминіне байланысты жаңа сөз тіркестері педагогикалық процесте кеңінен қолданысқа еніп отыр. Олар бірі «дәстүрлі мәдениет».
Дәстүр жөнінде де сөздіктер мен анықтамалықтарда кеңінен мазмұндалған. Педагогика және психология ғылым салалары бойынша қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Дәстүр - тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қарекет пен мінез - құлық нысандары, сондай - ақ оларға ілеспе астасқан ғұрыптар, қағидалар, құндылықтар, түсініктер. Дәстүрлер өзінің қоғамдық маңыздылығын және түлғалық пайдалылығын талай рет дәлелдеген қарекет нысандарының негізінде қалыптасады. Белгілі бір қауымның дамуының элеуметтік жағдаяты өзгеруіне орай дәстүрлер ыдырауы, басқадай болып өзгеруіне алмасуы мүмкін" - деп сипаттама жасалады [21] .
Қазақ Совет энциклопедиясында "Дәстүр - ұрпақтан - ұрпаққа көшетін, тарихи қалыптасқан элеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-қүлқы мен іс-әрекеттерінің негізі", - деп анықтама берілген [22] .
Сонымен, дәстүрдің негізі ретінде - белгілі бір қоғамдық ұстанымдар, мінез-құлық, құндылықтар, идея, әдет - ғүрып басқа да рухани дәстүрлік қасиеті бар іс - әрекет көрініс табады. Дәстүрдің адамдардың өмірлік қаракетін реттеудің маңызды факторы және тәрбие негізі болып табылатыны белгілі. Этнопсихологияда дәстүрлер топтамасы не шоғыры ұлттық қауымдастық сипаттамаларының бірі болып шығады. Халқымыздың дәстүрге өте бай халықтардың бірі екендігі дау туғызбайды. Қазақ халқының дәстүрлеріне қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмашылдық, төзімділік және т. б. жатады. Дәстүр қоғамдық өмірдің экономика, құқық, саясат, әдебиет, өнер салаларына тән. Бірақ сала сипатына байланысты дәстүрлердің орны мен рөлі әр түрлі болып келеді. Қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты дәстүр жаңа нысан мен мазмұнға ие болып, өзгеріп отыратынын уақыт көрсетіп беруде. Дәстүр ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты. Сондықтан мәдениеті дамыған елдің дәстүрі бай болады. «Дәстүр» ұғымымен қатар «дәстүрлі» сөз тіркесі қолданылады. «Дәстүрлі» сөз тіркесі біріншіден, дәстүрге негізделген көнені сақтаушы; екіншіден, салтты бекітетін, қаракет етуші дәстүр ретінде анықталады. «Дәстүрлі мәдениет» үғымы педагогикалық түрғыдан дәстүрге негізделген адамдардың өмірді және іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері мен формалары, олардың өз арақатынасы, сондай-ақ аға ұрпақтан кейінгі ұрпаққа берілген әрекет етуші талғам, әрекет үлгілері, салт, т. б [23] .
Ұлттық «Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, элеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі» - деген анықтаманы қуаттаймыз. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез-келген ұлттың өзіндік бітім болмысы сақталып қалады.
Бұл құбылыстардың өзегінде елжіреп карау, еліктеу , сүйсіну сезімдері жатыр. Материалдық және рухани мәдениет адамның әрекетшілдік, ізденімпаздық қызметі нәтижесінде туады.
Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар қазақ мәденит-танушылары Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. оқулығында жүйеге келтіріп берілген. Мәдениет сөзінің мағынасы «Мәдениеттану. XX ғасыр» атты жаңа сөздікте былайша сипатталған: «Культура (от лат. возделывание, воспитание, образование, развитие, почитание) - совокупность исскуственных порядков и объектов, созданных людьми в дополнение к природным заученным формам человеческого поведения и деятельности, обретенных знаний, образов, самопознания и символических обозначений окружающего мира"[24] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz