10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5
Кіріспе . . . 6
1 10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің теориялық негіздері
1. 1. «Ұлттық киім» ұғымның мәні мен маңызы . . . 10
1. 2. Дәстүрлі емес әдістерге сипаттама . . . 14
1. 3. 10 сынып оқушыларының ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . 24
2 10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеудің жолдары
2. 1. Ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеу ерекшеліктері . . . 30
2. 2. Ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің мүмкіндіктері . . . 36
2. 3. Ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеудің жолдары . . . 41
3 Ұлттық киім дайындау технологиясы
3. 1. Ұлттық киім (қамзол) үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама . . . 48
3. 2. Қамзолдың сызбасын сызу және модельдеу . . . 50
3. 3. Қамзолдың өзіндік құнын есептеу . . . 59
Қорытынды . . . 62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63
Қосымшалар
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Назарбаев Н. Ә. 1-наурыз 2006 «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауы.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. - Алматы: Казахстан, 1994. - 40 б.
АНЫҚТАМАЛАР
- Қазақ халқының ұлттық киімдері - этникалық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сәнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген.
- «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның бөлігі ғана» - деп көрсткен В. Беспалько
- Инновация(латын сөзі іn - в, nous- жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді.
- Дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.
- Икемділікдегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті.
- Қамзол - жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
АТИФ - Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
КШЖ - Кеуде шеңберінің жартысы
БШЖ - Бел шеңберінің жартысы
ЖШЖ - Жамбас шеңберінің жартысы
АББҰ - Артқы бойдың белге дейінгі ұзындық
БҰ - Бұйым ұзындығы
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жасалып, жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер рухани өміріміздің жанды саласы мектеп, оның оқу-тәрбие жұмысын қамтиды.
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық [1] .
Қазіргі уақытта экономика мен индустрияның дамуына сәйкес өндірістік жүйелерді жетілдіру жағдайында халықтың өзіндік болмысы мен мәдениетіне баса назар аударылуы жастардың ұлттық мәдени мұралар негізінде адамгершілік қасиеттері мен өнімді еңбек ету дағдыларын, шеберліктерін шыңдау қажеттілігін арттырып отыр. Бұл бір жағынан студент-жастардың еңбекке жағымды қатынасы мен белсенділігін арттыруды көздесе, екінші жағынан олардың ұлттық мұраларды сақтау мен дамытуға оң көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Осы талапқа қазақ ұлттық киім үлгілерінің мазмұны мен технологиясын меңгерту процесі толық жауап береді. Өйткені ұлттық киім - халықтың дүниетанымынан, эстетикалық талғамынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты хабардар ететін тарихи-мәдени және материалдық мұра. Ал, оны әзірлеу ұзақ та тыңғылықты, табанды еңбекті қажет ететін, сан қилы әдіс-тәсілдер негізінде күрделі еңбек әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын көп қырлы еңбек процесі.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.
Педагогтар оқушылардың оқуға деген ынтасының және танымдық қызығушылықтарының дамуының төмендігін ескере отырып, оқытудың моделін, тиімді әдістері мен формаларын құрастыруға тырысуда.
Педагог кадрлардың күнделікті тұрмысындағы ұсақ түйек жетіспеушілікті қамтамасыз етуден бастап, мектептердің материалдық базасын нығайта түсуге дейін жан-жақты қамқорлық жасауды көздеп отыр. Бүгінгі таңдағы мақсат, мүдделердің баршасы өмір практикасына толық кіре қойған жоқ. Халыққа білім беру жүйесіндегі кейбір жаңалықтарды педагог мамандардың барлығы ұғып, біліп алды және нық сенімділікпен табан тіреп іске кірісуде деп айту да артығырақ. Ал оның аржағындағы бой көтеретін ауыртпалықтар - мұғалім кадрлардың жетіспеушілігі, оқулықтар мен бағдарламалардың, көмекші құралдар мен көрнекіліктердің тапшылығы тағы бар.
Мектептеріміз қажетті мамандарымен және оқу құралдарымен, дидактикалық құралдармен толық қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар, мамандардың барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етілмей жатыр.
Білім берудің жүйесінде жалпы білім беретін мектептердің өзіндік орны бар. Жалпы орта білім беру жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасы сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірітті жеке тұлға деп санап, оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде бір қатар міндеттерді шешу керек екендігі айқын. Жалпы білім беретін мектептің мақсат, міндеттері шешуде мектеп көлемінде оқытылып отырған оқу пәндерінің, еңбекке баулу пәнінің өзіндік орны, ерекшеліктері бар.
Технология пәні оқушылардың талғамы мен еңбектік ептіліктері мен дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін пән болып табылады. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу міндеттері еліміздің қоғамдық - экономикалық дамуын онан әрі арттыру мүдделерімен және адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен, балаларды еңбекті сүйюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық даулетін көздің қарашығындай сақтау болып табылады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді.
Кез-келген материалдық өндіріс үшін еңбек құралдармен жұмыс жасаушы маман керек. Осындай мамандар мектеп қабырғасынан бастап дайындық сатыларынан өтеді. Еңбек тәрбиесінде, политехникалық оқытуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан-жақты әзірлеудің рөлі айрықша және барынша жан-жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Технология сабақтарының сапалы өтуі - оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту процесі үшін оқыту бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдарының, дидактикалық құралдармен сапалы қамтамасыз етілуі - мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мектептердің қажетті көрнекі құралдарымен толық жабдықталуы, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі т. с. с. сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Мұғалімдер үшін оқулықтар қажет. Оқулық бойынша оқушылар мұғалімнің сабақта хабарланған және түсіндірілгендерін оқиды және қайталайды, бекітеді. Демек, білімгерлердің іскерліктері біліктіліктің және дағдылардың саналы, тиянақты, әсерлі болуы оқулықтың сапасына байланысты. Қазір де «Технология» пәні бойынша оқулықтар, оқу құралдар қазақ тілінде жоқтың қасы. Бұл оқыту процессінің сапасына кері ықпал ететіні белгілі. Сабақтың нәтижелі болу тек оқулыққа ғана байланысты емес екендігі белгілі. Сабақтың нәтижелі болуына оқытудың әдістері мен тәсілдерінің де өзіндік орны бар.
Оқушыларды сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негізін мазмұндайтын, педагогикалық оқулықтарды жазған: Ю. Н. Бабанский, Г. А. Ильина т. б. еңбектері мұғалімдер үшін, педагогикалық қызмет үшін қажетті әдебиеттер болып табылады және әрбір мұғалімнің жұмыс столында болуы қажет әдебиеттер [2; 3] .
Еңбекке баулу сабағында ұйымдастыру жақтары мен мазмұнын П. Р. Атутов, В. А. Поляков, Д. А. Тхоржевский және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [4; 5; 6] .
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында тәрбиелеу мәселелері бір қатар педагог - ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылады. Атап айтқанда: М. Қоянбаев, С. Әбдіғаппарова, Қ. Қожахметова [7; 8; 9] .
Оқытудың жаңа технологиялар бойынша Қ. Қабдықайырұлы, Г. Еркибаева, кәсіпке оқыту Д. Қоңыратбай және т. б[10; 11; 12] .
Оқушыларды еңбек сабағында оқыту әдістемесіне оқу процесін ұйымдастыруда Мельникованың «Еңбекке баулу әдістемесі» атты еңбегінде [13] қазіргі кездегі киім әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А. Байбатшаева[14], киімді көркемдеп сәндеу С. Жолдасбекова[15], толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға А. И. Зюзин[16], балалар және әйелдер киімдерін сәндеу А. Бағжаева[17], сырт киімдерді әзірдеуде В. Литвина[18], киімді конструкциялау және модельдеу бойынша К. Махмутова[19], ал стильдерді қазіргі талабына сай таңдауға А. Б. Гофман «Мода и люди» т. б[20] .
Оқушыларға ұлттық киімдердің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту олардың танымдық түсініктерінің кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға, еңбекке оң қатынасын дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал бұл болса, 10 сынып оқушыларына ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын арттырады.
Ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар: Ұ. М. Әбдіғапбарова, С. А. Жолдасбекова, Р. А. Дәрменова жасап ұсынған [21; 22; 23] .
Сонымен, аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін 10сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету проблемасының ғылыми тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, оқушыларды ұлттық киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету жолдары» , - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретуді теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі - жалпы орта мектептің оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні - ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- 10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің теориялық негіздерін айқындау;
- Ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
- Ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің мүмкіндіктері;
- 10 сынып оқушыларына ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеудің жолдарын анықтау;
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық, философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, технологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орнының оқу құжаттарына (мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), педагогтардың озық тәжірибелерін талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 10 сынып оқушыларын ұлттық киім стиліндегі киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйретудің теориялық негіздері
- «Ұлттық киім» ұғымның мәні мен маңызы
Ұлттық киімдер- халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің дамуымен қатар дамыды. Бұл бізге ұлттық киімдердің қайсыбір түрінің қай кезеңде дамып жетілгенін, қай түрінің басымырақ дамығандығын, қай түрінің қай кезеңдерде тоқырап қалғандығын айқындауға мүмкіндік берді. Көптеген авторлар қазақ киімдері негізінен сәндік-мерекелік болып келетіндігін, бірақ осы сәнділік оның атқаратын қызметтерімен органикалық үйлесімділікте болатындығын негіздейді. Мәселен, киімдердің жиектеріне сәнділік тұрғысында безендірілген ызбалар мен оқа жіптер оның етегін тозудан сақтандырады. Үлбірден жасалған ішіктер мерекелік тұрғысынан және үлбірін сақтап тұру үшін барқытпен тысталды. Теріден жасалған белдіктер сәндік үшін және мықты ұстап тұру үшін металл тілімшелермен әшекейленді.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі қазақтың ұлттық киімдері түрлерінің көптігі мен алуан түрлілігін, оның әлеуметтік мәнінің кеңдігін, бірқатар ерекшеліктерге ие екендігін, атқаратын қызметтерінің жан-жақтылығын, шығу, даму тарихының тереңдігін, қоғамдық қатынастық, тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғарылығын, құрастыру, әзірлеу технологияларының сан түрлілігі мен көп қырлылығын, еңбек операцияларының қиындығы мен күрделілігін, дизайнының мазмұндылығын аңғартады [24] .
Қазақ халқының ұлттық киімдері - этникалық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сәнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап-ақ қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады. Ұлттық киімдеріміз ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын көрсетер еді. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады. Киім жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды) . Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе, Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық - күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық - шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі - қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім - “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі - сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім - кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады:
1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б. ), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік) ;
2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz