«М-1 enternational» ЖШС


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 10
1 Негізгі бөлім
1. 1 «М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы мінездемесі . . . 11
1. 2 Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудиттің құрылу негіздері . . . 13
1. 3 Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау . . . 15
2 Қаржылық есеп және аудит
2. 1 Меншікті капиталдың аудиті мен есебі . . . 20
2. 2 Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың есебі мен аудиті . . . 26
2. 3 Инвестицияның есебі мен аудиті . . . 35
2. 4 Тауарлы материалдық қорлардың есебі мен аудиті . . . 36
2. 5 Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті . . . 43
2. 6 Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті . . . 50
2. 7 Міндеттемелердің есебі мен аудиті . . . 56
2. 8 Еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелердің есебі мен аудиті . . . 61
2. 9 Кіріс және шығыс есебі және аудиті . . . 68
2. 10 Қаржылық есептілік, оларды құру әдістері, аудиті және анализі . . . 75
3. Басқару есебі және аудит
3. 1 Өндірістік шығындардың есебі және аудиті . . . 81
Қорытынды . . . 84
Қосымшалар
Кіріспе
Мен «» мамандығы студенті өз өндірістік тәжірибемді аралығында, « М-1 enternational» ЖШС өткіздім.
Жалпы өндірістік тәжірибенің мақсаты теориялық білімдердің тәжірибе жүзінде күнделікті қолдана отырып одан әрі жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта мен бірінші күннен бастап өз жұмысымды дұрыс оқу бағдарламасына сай жоспарлауға тырыстым, алдыма келесі міндеттерді қойдым:
- «М-1 enternational» ЖШС бухгалтерия бөлімінде қызмет атқаратын әрбір бухгалтердің қызметі, құқығы, жауапкершілктерімен танысу;
- «М-1 enternational» ЖШС мен мемлекетпен қаржыландырылатын әкімшіліктің бухгалтерлік есепті жүргізуге негіз болып табылатын есеп саясатының негізгі шарттарымен танысу;
- «М-1 enternational» ЖШС бухгалтерия бөлімінде болып жатқан шаруашылық операциялардың құпиялылығын сақтауды;
- «М-1 enternational» ЖШС қаржылық есептілікті даярлауда қойылатын талаптарды оқуға;
«М-1 enternational» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дербес коммерциялық ұйым ретінде құрылған. Серіктестік заңды тұлға статусын мемлекеттік тіркеуге тұрған күннен бастап иеленді. «М-1 enternational» ЖШС өз қызметін мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі 1С Бухгалтерия 8. 3. программасымен жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп ақпаратты жүйесін жүргізу үшін және бұларға бухгалтерлік есептің әрбір объектілері жөніндегі мәліметтерді күнделікті түсіру мен бухгалтерлік есептің тексеру және байқау функцияларын іске асыру үшін тіркеушілік міндет атқаратын бухгалтерлік есеп шоттар қолданылады.
Тәжірибенің міндеті: «М-1 enternational» ЖШС-гі бухгалтерлік есеп пен аудитті зерттеу және оның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау болып табылады.
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп кіріспеден, жалпы бөлім, қаржылық есеп және аудит, қорытынды, қолданылған материалдар және қосымшалардан тұрады.
1 Негізгі бөлім
1. 1 «М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы мінездемесі
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дербес коммерциялық ұйым болып табылады. Ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына және кәсіпорын жарғысына сәйкес жұмыс істейді.
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Мәртебесі-коммерциялық ұйым. қаласының Салық комитетінде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген. Ресми атауы-
«М-1 enternational». Орналасқан жері:
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталы 2 (екі жүз мың) теңгені құрайды. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы мен зияткерлік қызметтің нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік бола алады. Құрылтайшылар серіктестік жарғысына сәйкес мыналарға құқылы:
-серіктестікті басқару ісіне қатысуға;
-пайданы алуға;
-серіктестік қызметі жөнінде ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттарымен танысуға;
-серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін не оның құнын алуға;
-өз үлесін иелігінен шығару арқылы серіктестікке қатысуға тоқтатуға;
-жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысына заңдармен берілген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Серіктестік құрылтайшылары берген мүлік пен ақша қаражаттарының меншік иесі болып саналады және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап береді. Сонымен қатар серіктестік қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына және құрылтайшылық келісімшартқа сәйкес жүзеге асады.
Серіктестіктің Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде есепшоты, валюталық шоты және басқа да шоттары, өз атауы бар мөрі, мөртаңбасы, бланкілері болады.
Серіктестік қызметінің мақсаты заңды тұлғалар мен азаматтарды өнімдер, тауарлар және басқа да қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз ету, құрылтайшы мен еңбек ұжымының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін жүзеге асыру арқылы табысқа жету болып табылады.
Серіктестік қызметінің мәні болып мыналар табылады:
-металл және құрылыс заттарды сату;
-тұрғындарға ақылы қызмет көрсету;
-құрылыс, құрылыс жөндеу, монтаждау жұмыстары;
-көлік қызметі;
-құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығару;
-коммерциялық, ақпараттық, делдалдық, жарнамалық маркетингтік, лизингтік қызметі;
-импорттық-экспорттық операциялар;
-сыртқыэкономикалық қызмет.
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің органдары:
1. Жоғарғы органы-қатысушылар.
2. Атқарушы органы-директор
3. Бақылаушы органы-тексеру комиссиясы.
Серіктестік екі қатысушыдан тұрады және барлық шешімдер қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданып, жазбаша рәсімделеді.
Серіктестік қатысушыларының жиналысының ерекше құзырына мыналар жатады:
-Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін өзгертуді қоса алғанда оның жарғысын, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
-Серіктестіктің атқару органын құру оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті не оның мүлкін сенімгерлікпен басқару құқығына беру туралы шешу және оның шарттарын анықтау;
-Серіктестік ревизорын тағайындау және оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ ревизордың есебін және қорытындысын бекіту;
-жылдық қаржылық есепті бекіту және таза пайданы бөлу;
-Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ережелерді бекіту, оларды және басқа да құжаттарды қабылдау рәсімдерін анықтау;
-Серіктестіктің өзге де заңды тұлғаларға қатысуын, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуын шешу;
-филиалдар мен өкілдіктер құру туралы шешу және т. б.
Серіктестіктің атқарушы органы Директор болып табылады. Директор серіктестік жарғысымен және заңмен оның қатысушылардың жиналысынан ерекше құзырға жатпайтын мәселелерінен басқа серіктестіктің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорды құрылтайшы белгіленген мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындайды. Ол серіктестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді. Сонымен қатар серіктестік директоры:
-серіктестік қызметінің жоспарларын қамтамасыз етеді;
-құрылтайшылар жиналысында шешімімен, серіктестік жарғысымен және қолданылып жүрген заңдармен белгіленген шектерде серіктестік мүлкіне билік етеді;
-қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, сонымен қатар өзінің орынбасарларын, бас бухгалтерді, филиалдар мен өкілдіктердің, бөлімшелердің басшыларын және басқа да қызметкерлерді жұмысқа тағайындайды, жұмыстан босатады;
-іс сапар туралы шешімдер қабылдайды;
-серіктестік есепшоттарын, валюталық және басқа да шоттарын ашады, шарттар және басқа да мәмілелер жасайды және т. б.
Тексеру комиссиясы кез келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының қаржы шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы және осы мақсатта серіктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз көру құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының талап етуі бойынша атқарушы органның мүшелері ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсіндірмелер беруге міндетті. Директор тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды.
1. 2 Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудиттің құрылу негіздері
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтерлік есебін кәсіпорын бухгалтериясында жүзеге асырылатын бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкес келесі нормативтік құжаттар негізінде жүргізеді:
-ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы Заңы (2007 жылдың 28 ақпаны, №234-III) ;
-№2 Қаржылық есептің ұлттық стандарты;
-Бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары (2007 жылдың 22 маусымында Қаржы министрлігімен бекітілген, №185) ;
-Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері (2007 жылдың 22 маусымында Қаржы министрлігімен бекітілген, №221) ;
-ҚР «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер» туралы Заңы;
-«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты;
-«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс шот жоспары;
-«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салық есеп саясаты;
-бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, құралдар және басқа да нормативтік актілер.
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық бухгалтерлік жазбалары бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
Серіктестіктің салық есеп саясаты ҚР Салық Кодексіне сәйкес ұйымдастырылған және міндеттілік, анықтылық, әділеттілік және бірегейлік принциптеріне сәйкес жүргізеді.
Міндеттілік принципі Салық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның қатаң түрде толық көлемде әрі уақытылы бюджетке тиісті салықтарды аударуын міндеттейді.
Анықтылық принципі кәсіпорынның салық есебі мен салық регисрлерінде салықтық міндеттемелердің негізі мен пайда болу реті, міндеттемелердің орындалуы мен тоқтатылуын нақты көрсетеді.
Әділеттілік принципі ҚР салық және салық салу міндетті әрі жалпыға ортақ екенін көрсетеді.
Бірегейлік принципі кәсіпорын салық себін толыққанды ҚР Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес жүргізетіндігін көрсетеді.
ҚР «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер» Заңына сәйкес, «М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келесідей салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуші болып табылады:
-жеке табыс салығы;
-әлеуметтік салық
-көлік құралдарына салық;
-мүлікке салық;
-жер салығы;
-корпоративтік табыс салығы;
-қоршаған ортаға эмиссия бойынша төлемдер.
Кәсіпорынның есеп саясатының негізгі мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметі үшін толық айқын объективті ақпарат алуды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар есеп саясатына сәйкес, кәсіпорындағы жалпы бухгалтерлік есепті жүргізуге уәкілетті тұлға ретінде бас бухгалтер жауапты болады. Бас бухгалтер директорға бағынады. Бас бухгалтер:
-бухгалтерлік қызметтегі мамандарды таңдауға және жұмысын ұйымдастыруға;
-бухгалтерлік есептің жүргізілуіне, қаржылық есептілік нысандарын құру мен салықпен есеп айырысуға;
-ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының, құқықтық және басқа да актілердің, сондай-ақ Есеп саясатының талаптарын сақтауға жауап береді.
Серіктестік Бас бухгалтері бухгалтерлік бөлімнің жұмысын қадағалайды және бөлім үшін жауапты тұлға болып саналады. «М-1 enternational» ЖШС-нің бухгалтерлік бөлімі мынадай жұмыстарды атқарады:
-кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрады, нормативтік есептесу мен меншік айналым құралдарының қажеттілігін анықтайды, қаржылық нәтижелерді талдайды;
-ақша операцияларын реттеп және бақылап, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп құрады;
-салық саясатын және салық есебін дайындау әдістемесін анықтайды;
-шаруашылық қызметпен ақпараттың толық мерзімді қайта құрылуымен қамтамасыз етеді;
-есепті жылдың қаржылық есептілігін әзірлейді;
-ақша қаражатының түсу есебі мен тауарлы-материалдық құндылықтарды қадағалайды;
-сметалық шығындарды сақтау және инвентаризацияның жүргізілуін қадағалайды.
-кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне құжаттық ревизия жасайды;
«М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметі барысында «1С Бухгалтерия(8. 3) » бағдарламасын қолданады.
1. 3 Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорының қаржылық-шаруашалық қызметін талдаудың мақсаты серіктестіктің қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды алу болып табылады. Толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету-жылдам әрі дұрыс шешім қабылдаудың негізі. Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін талдау субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді. Осымен қоса, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
«М-1 enternational» ЖШС-де негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау-бұл ұйымның жұмысын талдаудың бағыты. Серіктестік қызметін сипаттайтын еңбек көрсеткіштеріне: еңбек өңімділігі, жұмысшылар саны, еңбекақы қоры, орташа жалақы жатады. Бұл көрсеткіштер жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты.
Еңбек өңімділігі деп оның нәтижелерін немесе жұмыс уақытының бірлігіндегі жұмысшылардың белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілетін айтамыз. Еңбек өнімділігі еңбек шығынының тиімділігін арттыру. Бұл қызмет процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі. Қызметкерлердің еңбек өңімділігін бір уақыт өлшемінде өндірген өнімнің немесе бір өнімге кеткен уақыт немесе табыс мөлшерімен, өлшемімен есептеледі.
Өзіндік құн өнімді өндіруге кеткен барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық аударымдар, еңбекақы және т. б. жатады. Өзіндік құн осы серіктестік шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнімге бөлу арқылы анықталады. «М-1 enternational» ЖШС-нің негізгі қормен қамтамасыз етілуін және олардың пайдалану деңгейін қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қормен жарақтану көрсеткіштері арқылы анықтайды.
Қор қайтарымы-негізгі өндірістік қорлардың бір теңгесін шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш. Қор қайтарымын талдау үшін еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен негізгі құрал-жабдықтардың деңгейі арқылы анықталады, яғни қор қайтарымын көтеру үшін өнім көлемі көбеюі тиіс.
Қор сыйымдылығы-белгілі бір өнім немесе жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге пайдаланылған қор шығынын білдіретін көрсеткіш. Жекелеген өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен қорлар шығынының өлшемі немесе өнімнің өзіндік құны құрылымында жұмсалған қорлар құнын пайыз түрінде көрсету.
Қормен жарақтану-еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қорлардың жылдық орташа құнын өндірістік қызметкерлердің орташа санына бөлгендегі қатынасымен анықталады.
Рентабельділік-бұл серіктестік жұмысының табыстылық, пайдалық көрсеткіші. Ұйым өзі өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді.
Ұйымның рентабельділік деңгейін, оның бір жылдық құнының сомасына бөлу жолымен шығарады, пайызбен көрсетіледі, ал жеке бұйымның рентабельділігін одан түскен таза пайданы оның толық өзіндік құнына бөлу арқылы анықтайды. Рентабельділікті көтерудің негізгі факторлары: еңбек өңімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнім сапасын жақсарту, т. б.
«М-1 enternational» ЖШС-нің қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі-табыс болып табылады. Ұйым тәжірибесінде пайданың келесі көрсеткіштері қолданылады:
- Баланстық пайда-қызмет көрсетуден түскен пайда, басқа да өткізулерден түскен пайда, сатудан тыс кірістер. Баланстық пайда көрсеткіші-ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін талдауда қолданылады.
- Салық салынатын пайда-жеңілдіктер мен ұйымның түрлі төлемдер төленетін пайда.
- Салық салынбайтын пайда.
- Ұйымның өзінде қалатын пайда. Ұйымдағы таза пайда көлемін резервтік қорға, қамсыздандыру қорына, жұмысшының жеке басын қамсыздандыру қорына, жинақ қорына төлемдер төленеді. Ұйымда қалған сома таза пайда болып саналады. Ұйымның қаржысы-бұл басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру және өнімдерді өндіру мен сату процесіндегі жинақталған ақша қатынастарының жүйесі.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдауда оның өндірістік, коммерциялық қызметін қалыпты жүргізу үшін қажетті қаржылық ресурстарын қамтамасыз ету жолдарын, оларды пайдаланумен қарастырудағы тиімділігін сипаттайды.
«М-1 enternational» ЖШС-сі серіктестік жарғысына сай 2013 жылы 12 желтоқсанда заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен болатын. 2013 жылы 27 желтоқсанда Орал қаласының Салық комитетінде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген. Осыған орай кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсету нәтижесі соңғы екі жылдың мәліметтерін қамтиды.
Кесте 1
«М-1 enternational» ЖШС-нің 2014-2015 жылдар аралығындағы қызмет көрсету нәтижесі, мың теңге
Кәсіпорының қаржылық іс-әрекет нәтижесін кестеден көріп отырғанымыздай соңғы 2 жылда жалпы пайдасы қарқынды түрде артып отырған. Атап айтқанда, 2014 жылы жалпы пайда мөлшері 1042192 мың теңге болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 240463 мың теңгеге жоғарлағанын көреміз. «М-1 enternational» ЖШС- нің жалпы пайдасының артуына байланысты шығындар көлемі де жыл сайын арта түскен. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 2014 жылы таза табыс мөлшері 49262 мың теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 19147 мың теңгеге ұлғайып, 68409 мың теңгені құраған. Қорыта келе, бұл көрсеткіштер кәсіпорынның тұрақты түрде жұмыс істейтінін және пайда табатынын көрсетіп отыр.
Кесте 2
«М-1 enternational» ЖШС-нің негізгі құралдарының құрамы мен құрылымы
Құры
лымы %
Құры
лымы %
Құры
лымы%
Енді келесі 2-кестеден көріп отырғанымыздай, «М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі құралдар көлемі мен құрылымы берілген. Кестені талдай келе кәсіпорын бойынша негізгі құралдардың жалпы көлемі 2014 жылы 372892 мың теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 395643 мың теңге, яғни 22751 мың теңгеге ұлғайған. Атап айтқанда, машина мен құрылымдар көлемі 15111 мың теңгеге ұлғайса, басқадай негізгі құралдар 7640 мың теңгеге ұлғайған. Оның себебін атап өтетін болсақ, кәсіпорынның өндірістік көлемінің ұлғаюына байланысты қосымша негізгі құралдары сатып алуынан болып тұр.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесін талдау қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды беріп қана қоймай, субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді.
«М-1 enternational» ЖШС-нің қаржылық қызметінің алдында тұрған басты тапсырмалары болып төмендегілер саналады:
-кәсіпорын қызметінің тұрақты жұмыс істеуін одан әрі сақтау;
-кәсіпорын кірісін ұлғайту жолдарын іздестіру;
-қаржы органдары және кредиторлардың алдыңдағы міндеттемелерді толық және уақытында орындау;
-айналым қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
-қаржылық және кассалық операцияларды құжаттандырудың белгіленген тәртібін сақтау.
2 Қаржылық есеп және аудит
2. 1 Меншікті капиталдың аудиті мен есебі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Меншікті капитал -субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, ол негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады. Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп отырады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
-жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
-мерзімінді, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиаталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
-меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
-инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
-резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
-алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:
-кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары (жарғылық капитал)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz