Отбасы тәрбиесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
1. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Отбасы тәрбиесі түсінігі мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
1.2. Отбасы тәрбиесінің құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.14
2. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
2.1. Халык ауыз адебиеті мен шығармашылығы арқылы отбасында тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.20
2.2. Отбасында жеке тұлғаны жан жакты дамытудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қазақ елінің дербестігінен туындайтын әлеуметттік-экономикалық қажеттіліктерге қарай білім алу туралы заң жеткіншектерді салауытты саналы, сауатты өмірмен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен формасын жаңалауға, оларда ұлттық мәдение және аймақтық ерекшеліктерге орай нақтылауға, қажеттілікке қарай түзетулер жасап, қазақ тілінде оқытатын мектептерді қайта құруға жетелейді.
Отбасындағы білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушығы белгілі бір көлемдегі білім-білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, адам, қоғам айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
1. Ә. Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика Алматы, 1992
1. Ф. Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика Астана, 2008
2. В.С. Мухина 6 жастағылар мектепте Алматы, 1989
3. С.А. Веретенникова Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру Алматы, 1989
4. Н.Л. Татурова Мектепалды бағдарламасы Алматы, 2001
5. К. Б. Сейдалиев Тәрбие теориясы Алматы, 1986
6. Қ. Жарықбаев Қазақтың тәлім тәрбиесі Алматы, 1995
7. С. Ұзақбаева Тамыры терең тәрбие Алматы, 1995
8. Ә. С. Әмірова Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу Алматы, 1998
9. С. Ғаббасова Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1994
10. Е. Сағындықова Типтік оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы Алматы, 2000

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
1. Баланың психикалық дамуындағы отбасы тәрбиесінің теориялық қалыптасу
аспектілері
1.1. Отбасы тәрбиесі түсінігі мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6-8
1.2. Отбасы тәрбиесінің
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-14
2. Қазақ халқының отбасы тәрбиесі
2.1. Халык ауыз адебиеті мен шығармашылығы арқылы отбасында
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-20
2.2. Отбасында жеке тұлғаны жан жакты дамытудың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21 -25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26-27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

І Кіріспе
Қазақ елінің дербестігінен туындайтын әлеуметттік-экономикалық
қажеттіліктерге қарай білім алу туралы заң жеткіншектерді салауытты саналы,
сауатты өмірмен еңбекке тәрбиелеуге бағытталған, оқытудың мазмұны мен
формасын жаңалауға, оларда ұлттық мәдение және аймақтық ерекшеліктерге орай
нақтылауға, қажеттілікке қарай түзетулер жасап, қазақ тілінде оқытатын
мектептерді қайта құруға жетелейді.
Отбасындағы білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы
екенін ескере отырып, оқушығы белгілі бір көлемдегі білім-білік дағдыларды
меңгертумен бірге табиғат, адам, қоғам айналаны қоршаған дүние туралы
танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту,
жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кезде қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді демократияландыру,
ізгілендіру процестері баланың еркін дамуын белсенді, шығармашыл болуын
талап етеді. Мектеп жасындағы баланың өмірде кездескен сан түрлі сезімінің
және оның жалпы дамуының деңгейіне байланысты. Өсіп келе жатқан жастарға
ғылым негізін үйретіп адамгершілікке тәрбиелейтін отбасы мен мектеп
ішіндегі басты тұлға-мұғалім болып табылады. Мұғалім сынып оқушыларының
толық үлгерімі жолында күш-жігерін салып еңбек еткенде ғана бұл міндеттерді
орындай алады.
Балаларды дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының
дәрежесі ғана емес, солармен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін,
ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін
жолға қою, оқушыларға қолданатын дәрістері мен құралдарының жүйесі болып
табылады.
Шынымен-ақ оқушылардың тәрбиесіндегі қателікті байқап сол қатенің мән-
мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операциялары
дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға эстетика саласынан теориялық білім
керек. Сол себептен тәрбие практикасында бұл бір бөлек диалектикалық
мәселені құрайды. Міне, баланың тәрбиесін дамытудың әдіс-тәсілдері арқылы
олардың бойында жақсы тәрбиені қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру
мәселесі қазіргі таңда отбасы мен ұстаз алдында тұрған негізгі
міндеттердің бірі болып табылады. Осыдан келіп зерттеудің өзектілігі
туындайды.
Өзектілігі: Ата-ана беретін тәлім мен тәрбиенің мақсаты-баланың жасын,
жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды
жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие
төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқор жасау, тазалықты
қалыптастыру
- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға жасы
үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету
- Әдебиетке, өнерге ,мәдениетке тәрбиелеу
- Ұқыптылыққа, адамгершілікке ойшылдыққа тәрбиелеу.
Осы мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен
бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі.
Тәрбиеге кіріспестен бұрын әрбір ата-ана өз баласының келешегін ойлауға
тиіс. Кейбір ата-аналардың өздерінің тәрбие нормаларын бұзуы әдепсіздіктің
әр түрінен арыла алмауы бала тәрбиесінде, әсіресе отбасы тәрбиесінде
көрініс табады.
Балаларды тәрбиелеу-біздің өміріміздің маңызды саласы. Олар біздің
елдің болашақ азаматтары және дүние жүзілік әлемдік азаматтары.
Отбасында барлық адамның өзара алға қойған мақсатына ұштасқан процесс
болуға тиіс. Әке үлгісі, ана үлгісі үлкнедердің кішіге үлгісі-сенімді
құрал. Баланы отбасындағылардың ұнамды үлгісінде тәрбиелеуге жету керек.
Қазақ баласын мәдениеттілікке үйретуді әдеп үйретуден бастаған.
Тәрбиенің бастауын да әдептілік қағидаларды орындауға жаттықтырудан алып,
баланы әдептілікке дағдыландырған.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ
тәрбиесінің құндылықтарын үйрету мен отбасы тәрбиесінің маңызын ашу болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- отбасы тәрбиесі туралы түсінік беру;
- қазақ халқының отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету,
- мектеп жасына дейінгі балалардың отбасы тәрбиесінің мәнін көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Баланың психикалық дамуындағы отбасы тәрбиесінің теориялық қалыптасу
аспектілері
1.1. Отбасы тәрбиесі түсінігі мәні мен маңызы
Бала үшін отбасы-ең алғашқы да, аса белсенді тұлғалық қалыптасу
көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар,
әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша
өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері – бұл ата-аналардың
санасына және мінез-құлқына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің
тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға
негізделген және тұлғаға үйлестірілуін сәйкестендірілген балаға жекелік
әсер, әдістерді таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты.
Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңеске
иландыру), жеке өнеге, мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты
перспектива) жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу
денелік жазалау). Кейбір отбасыларда педагогтардың кеңесі бойынша
тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.
Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрі құралдар баршылық: сөз,
ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық
пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт,
мейрамдар, символ, атрибуттар.
Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан
шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі отбасы өзінің басты
функциясы, яғни бала тәрбиелеуді жүзеге асыруда.
Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты
гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі,
гуманитарлық фондылармен қоғамдық ұйымдармен жұмыстарын үйлестіру.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті
болу, оларды өсіру мен тәрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық –экономикалық (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану,
еңбекке жарасыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына
жағдайлар жасау отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап
баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік
құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру-отбасы ішіндегі қатынас түзу, (отбасының басқа
адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті бос уақыттарындағы демалыс іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш-қуатын денсаулығын
қайта тіркеу шараларын қамтамасыз ету);
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей.
Құрылымы бойынша: үш әулетті отбасылар-ата-аналар, балалар,
немерелер: екі әулетті отбасылар-ата-аналар және балалар; бір балалы, көп
балалы отбасылар, толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ, перзентсіз
және тағы басқа отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына
байланысты.
Әкімшіл отбасы-бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын
туындататын қаталдығы шектен тыс талаптармен сипатталады. Сырттай бұл
дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден екіжүзділіктен көрініп, балада
қорқыныш пен қоғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі ата-аналардың бала тұлғасына болған
сыйластық, құрметімен, оның көзқарас ой –пікірлерін қабылдауымен, өзіндік
дербестігімен шектелмейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына
құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл
ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы
сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, ат-анасымен бөліседі,
олардан қорықпайды, керісінше ішкі нәзік сырларын ортаға салып, мәселелерін
бөліседі, кеңесетерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.

1.2. Отбасы тәрбиесінің құралдары
Отбасы тәрбиесінің обьектісі-тәрбиелік институт ретінде отбасы
дамуының жағдайы және негізгі үрдістері болып табылады. Отбасы тәрбиесінің
пәні-отбасындағы тәрбиенің механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының
құрылуына әсері.
Ата-аналар - өз балаларының бірінші тәрбиешілері. Отбасында тәрбиелеу
мәселесі педагогика назарын көптен бері өзіне аударып келеді. Отбасындағы
ата-ананың ролі мен ерекшеліктеріне ең алғаш рет сипаттама берген Я. А.
Каменскийдің бүкіл дүние жүзіне әйгілі Ана мектебі деген кітабы болатын.
Ата-налара балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде қоғам мен
мемлекет алдында жауапты екенін естен шығармауға тиіс. Егер де ата-налар
тәрбие мақсатын жадынан шығармайтын болса, ондай ата-аналар өз міндеттерін
ойдағыдай орындай алады. Ата-налар кейде барлығы бірдей тапсырманы дәл
орындаудың маңыздылығын әзірге түсіне бермейді.
Тәрбиенің мақсаты мен құралдарын белгілей отырып, ата-аналар
өздерінің отбасында азамат, қайраткер, жалпы бақыт үшін күрескер өсіп келе
жатқанын ұмытпағаны жөн. Ата-налар мынаны да ұмытпаған жөн, өздері шын
мағынасныдағы азамата болғанда ғана, өз балаларын нағыз азамат етіп
тәрбиелей алады. Балалар өз ата-анасының қоғамдық бет-бейнесін көріп
отыруға тиіс. Сондықтан да ата-аналардың мінез-құлық үлгісі балаларға үлкен
тәрбиелік ықпалын тигізеді. Былай деп атап көсреткен А. С. Макаренконың
пікірі дұрыс, ата-налар балаларды тек әңгімелесу ретінде ғана тәрбиелеп
қоймай, сонымен бірге олар үйінде болмаған кездерінде де, өзінің үлгі-
өнегелерімен де тәрбиелейді. Сондықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін, ата-
аналардың үлгісі мен өнегесі олардың еліктеуіне лайық болғаны маңызды.
Ата-налар балаларын қолпаштай бермеуі тиіс. Олар басқа балалармен
араласатын болсын, бірақ та үлкендер балалардың қайда болатынын жақсы біліп
отыруға тиіс. Балаларға кезінде көмек беріп, бағыт сілтеп отыруы тиіс, жиі-
жиі бақылау жасап, олардың ата-аналар берген нұсқаулары мен тапсырмаларын
қалай орындап жүргенін тексеріп отыру керек.
Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас сипаттары балаларға
үлкен ықпалын тигізеді. Егер де отбасныда ынтымақ, өзара көмек, бір-біріне
сенушілік, өзара сыйластық басым болса мұндай жағдай турашыл, бүкпесіз
ашық, ілтипатты, өз жолдастарына келуге әрқашан даяр тұратын адамды
қалыптастыруға ықпал жасайды.
Отбасындағы тәрбиені үйдегі тәрбие деп те атайды. Қазіргі жағдайда үй
тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен толықтырылады.
Отбасы тәрбиесін зерттеу үшін бірін-бірі толықтыратын әдістері кешенін
қолданады:
- әдеби көздерді зерттеу, бақылау, әңгіме педагогикалық консилиум,
тәуелсіз міндеттемелер әдісі, шығарма әдісі, тәжірибені зерттеу мен
жалпылау, балалардың іс-әрекетінің нәтижесін зерттеу, құжаттарды зерттеу,
тәжірибелік жұмыс жүргізу тағы басқалар.
- Социлогиялық әдістер: социологиялық сұраулар, интерьвю және
анкеталау, тестілеу, социометрия.
- Психологиялық әдістер: балалардың суреттері арқылы отбасын
зерттеудің әдістемесі, ойындарын және тағы басқа әрекеттерін бақылау;
- Математикалық әдістер: шкалалау, ранжирлеу, орташа шамасын есептеу
тағы басқа.
- Отбасы дүниесі көркемдік-образдық формада көрініс табуда әдебиетте,
музыкада, суреттерде, халық шығармашылығы еңбектерінде.
Отабсындағы тәрбие-қажетті нәтижеге жету мақсатындағы ата-аналар мен
отбасының басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің жалпы аталуы.
Отбасы бүкл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді.
Сондықтан отбасы өмірі тұлғаның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері-бұл ата-аналардың санасына
және мінез-құлығына мақстаты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдерді.
Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және
тұлғаға үйлестірілген сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді
таңдау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты.
Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру, жеке өнеге, мадақтау, жазалау.
Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар
қолданылады.
Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз,
ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт дәстүр, қоғамдық
пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт,
мейрамдар, символ, атрибуттар тағы басқалар.
Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
- балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын
көңілден шыққандығы мәнді;
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана
үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да, ең қонымды тәрбие
әдісін таңдап, қолдануға болады;
- баланың не айтқысы келгенін түсініп алған жөн, аығыс қорытынды
жасаудан сақтанған дұрыс;
- бала жөнінде басқалар тарапынан айтылған сын пікірлерден
қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін
анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн, жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын
деген шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған
дұрыс;
- балаға үйретініңді адымен өзің үйреніп біліп ал;
- өз балаңызға қанша рет жоқ деп бетін қайтаратыныңызға мән беріп
көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;
- бала жасына қарамай басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата
анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ұнатады. Бала табиғатынан ата-
анасын сүйеді;
- балмен өмір, тұрмыс жөнінде сұхбаттасып тұрған жөн, себебі
қателіктен еш бір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы қиындықтар құрсауында жападан-жалғыз қалдыруға
болмайды.
Балабақшадағы оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін
дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет
кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез
тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде
дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек
балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше
бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық
ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды
тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, Қобыланды,
Алпамыс, Ер Тарғын сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың,
жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық
ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда
өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері
айтылады. Домбырамен күй шерту, Аттың құлағында ойнау, Аударыспақ,
Күлкі ойыны, Балалар ойыны, Ақсүйек, Тоғызқұмалақ, Жұмбақ айтыс,
Асық ойнау өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-
бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын
көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын Ақсүйек ойыны байқағыштыққа,
қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын
дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – Он бір қара
жұмбақ. Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау
қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол.
Санамақ, Жылдам айт, т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз
салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл
табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ
бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей
емес. Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-
тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу,
қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс
шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар
да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер
айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады.
Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің,
тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын
емес.

2. Қазақ халқының отбасы тәрбиесі
2.1. Халык ауыз адебиеті мен шығармашылығы арқылы отбасында тәрбиелеу
Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды
өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір
жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі
міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана
тілінде түрлендіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Отбасы тәрбиесінің негізі
Бала тәрбиесі және отбасы
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Пәндер