Автоматтандырылған оқыту жүйесі


АННОТАЦИЯ

Tez için otomatik öğrenme sistemi oluşturmatekniği çalışması "Bilgi süreçlerinin bilgisayar modelleme". Temel öğrenme süreçlerinin otomasyonu bilgi ve yapısının optimizasyonu, hem de öğrenmesürecinin izlenmesi ve değerlendiril mesiaraçlarının geliştirilmesi ve eğitimli becerileri edinerek sunmanın farklı şekillerde bir kombinasyonu yoluylaöğrenme sürecinin etkinliğini artıracaktır. Yerel alan ağları, elektronik kaynaklar sunmak veuzak hizmet. Üretmek ve vb e - kitaplar, kitaplar süreli yayınlar, referans ve öğretim materyalleri, tam metin veritabanları kolu; sistemi sağlar süreci ve kitaplar, ders kitapları, dergiler, makaleler, notlar ve haritacılık malzemeleri, ses ve video, ve diğerleri dahil olmak üzere yayınların her türlü tarif.

В дипломной работе рассмотрена методика создания автоматизированной обучающей системы по «Компьютерное моделирование информационных процессов». Автоматизация основных процессов обучения, позволяют повысить эффективность процесса обучения за счет комбинации различных способов представления информации и оптимизации ее структуры, а также за счет совершенствования средств контроля и оценки процесса усвоения знаний и приобретения навыков обучаемым. Обеспечения пользователей электронными ресурсами как в локальных сетях, так и в системе дистанционного обслуживания. Система позволяет: формировать и обработать полнотекстовых баз данных электронных учебников, книг, периодических изданий, справочно-методической литературы и др. ; обработать и описать любых видов изданий, включая книги, учебники, журналы, статьи, картографические материалы и ноты, аудио- и видеоматериалы, и другие.

In the thesis, work the technique of creating an automated learning system for "Computer modeling of information processes". Automation of basic learning processes will improve the effectiveness of the learning process through a combination of different ways of presenting information and the optimization of its structure, as well as by improving the means of monitoring and evaluation of the process of learning and acquiring skills trained. Provide users with electronic resources in local area networks, and in the remote service. The system allows you to: generate and handle full-text databases of e-books, books, periodicals, reference and instructional materials, etc. ; process and describe any kind of publications, including books, textbooks, magazines, articles, notes and cartographic materials, audio and video, and others.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
8
КІРІСПЕ:
  1. Автоматтандырылған оқыту жүйелерінің бүгінгі күндегі

қалыптасқан жағдайы және олардың жалпы құрылымы . . .

8: 11
КІРІСПЕ: 1. 1
8:

Автоматтандырылған оқыту жүйелеріндегі қолданыстағы

құрал-жабдықтар және олардың ерекшеліктері . . .

11
КІРІСПЕ: 1. 2
8: Автоматтандырылған оқыту жүйелеріндегі компьютерлерді пайдалану және оның алғы шарттары . . .
14
КІРІСПЕ: 1. 3
8:

Автоматтандырылған оқыту жүйелерінің жалпы құрылымы

және олардың негiзгi модулдерінің атқаратын қызметтері . . .

19
КІРІСПЕ:
  1. «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсының

автоматтандырылған жүйесінің оқу-әдістемелік қамтамасы . . .

8: 27
КІРІСПЕ: 2. 1
8: «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсы автоматтандырылған оқыту жүйесінің силлабусы . . .
27
КІРІСПЕ: 2. 2
8: «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсы бойынша зертханалық жұмыстарды орындау нұсқаулығы . . .
36
КІРІСПЕ: 2. 3
8: «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсы бойынша тест тапсырмалары . . .
56
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
8: 66
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
8: 67

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диплом жұмысын орындау барысында келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  • ҚП ХҚТУ-4. 2. 3-2009 Құжаттаманы басқару;
  • ҚП ХҚТУ-4. 2. 4-2009 Жазбаларды басқару;
  • УС-ХҚТУ-022-2013 Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы, мазмұны, дайындау және бекіту тәртібі;
  • УЕ-ХҚТУ-030-2013 Мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының педагогикалық стратегиясын әзірлеу ережесі;
  • ЖН-СМЖ-065-2013 Мамандықтың негізгі оқу жоспарын дайындау.

АНЫҚТАМАЛАР

Диплом жұмысында төмендегі анықтамалар қолданылды:

Ақпараттық ресурстар - кітапханалар, мұрағаттар, қорларда, мәліметтер бланкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Автоматтандырылған оқыту жүйесі - оқытуды дербестендіру үшін арнайы компьютерлік негіздегі техникалық, оқу-әдістемелік, лингвистикалық, бағдарламалық, ұйымдастыру және т. б. қызметтік қамтамасыз ету кешені болып, келесі функциялар: бастапқы білім деңгейін, үйренуші іскерліктерін, олардың дербес ерекшеліктерін анықтау; оқу материалдарын даярлау - түсіндірілетін мәтіндер мен оқылатын мәселе бойынша, оқу және бақылау тапсырмалары бойынша иллюстрациялар; оқу материалын көрсету, оның күрделілік деңгейі және ақпаратты беру қарқыны бойынша адаптациясы; оқушының танымдық іс-әрекетін басқару; олардың жұмыс істеу қабілеттілік көрсеткішін анықтау; меңгеру сапасына қорытынды бақылау жасау; материал меңгеру процесінің көрсеткіштерін тіркеу және оған статистикалық талдаулар жасалады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Диплом жұмысында төмендегі қысқартулар қолданылады:

  • АОЖ - Автоматтандырылған оқыту жүйесі
  • АПКМ - Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу
  • КО - Компьютерлiк оқулық
  • КП - Компьютерлiк практикум
  • КЛП - Компьютерлiк лабораториялық практикум
  • ТЖМ - Тапсырмалар жүйесi модулi
  • ОИМ - Оқытушы интерфейсi модулi
  • ОПБМ - Оқу процесiн басқару модулi

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. XXI ғасырдағы Қазақстанның даму стратегиясында бүкіл ішкі саясат жүйесінің ядросы білім, ал жоғары технологиялардың дамуына мүмкіндік беретін ұлттың негізгі капиталы шикізаттық ресурстар емес жоғарғы білімді мамандар болып табылады. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында «біздің ішкі және сыртқа саясаттың 30 маңызды бағыттардың» ішінде «білімнің халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге» бағытталған ең маңызды стратегияларының бірі ретінде «ақпаратты таратудың жаңа формасы мен ақпараттық технологияларға тоғысталған оқытудың мамандандырылған бағыттарын құру» мәселелері тұжырымдалған.

Бұл аспектіде, білікті мамандарды даярлау үдерісіндегі оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда жаңа концептуалды негіздерді өңдеу мен оқу процесіне қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға негізделген автоматтандырылған оқыту жүйесін (АОЖ) енгізу, бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі саналады. Автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану, пәнді оқыту процесін белсендіріп, жаңа материалдарды меңгеруді жеңілдетеді, яғни студенттердің білімін тереңдетуге және оқыту сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады [4] .

Теориялық курстың ең маңызды тақырыптарын, практикалық және зертханалық сабақтардың материалдарын оқыту процесінде стандартты және сонымен қатар кафедраларда өңделетін арнайы бағдарламалар қолданылады. Компьютерлік технологиялардың қолданылуымен құрылған оқыту жүйелері оқытудың техникалық құралдарының арнайы түріне жатады және олар оқытушының еңбегін жеңілдетуге, оны қиын жұмыстан босатуға бағытталған.

Техникалық мамандықтары бойынша білім алатын студенттер үшін, нақты физикалық процестерді сипаттаушы есептерді шешуге арналған ақпараттық процестерді компьютерлік модельдеуде, өтілетін пәндердің дәрістік курстарын, практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуде, білімдерді аралық бақылауда, автоматтандырылған оқыту жүйелері қолданылады [12] .

Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу, автоматтандырылған оқыту жүйелерінің ерекше мүмкіндіктерінің бірі болған - күрделі техниканы қажет ететін (немесе оларды қолдану мүлде мүмкін болмайтын жағдайларда), күрделі математикалық өрнектерді талдау және тек қана сандық шешімге ие болатын есептерді үлгілеу процесін жүзеге асыруда мүмкін болатын эксперименттік зерттеулерді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде компьютерлік модельдеу мен есептеу тәжірибесі ғылыми танымның жаңа құралы мен маңызды әдісіне, сонымен қатар күрделі, сызықсыз жүйелерді зерттеу қажеттілігінен туындаған жаңа ақпараттық технологияның негізгілерінің біріне айналып отыр. Себебі, біздің қоршаған әлем туралы біліміміз, сызықты және детерминирленген болып, ал процестер сызықты және стохастикалық [18] .

Компьютерлік модельдеу жүйелерінің артықшылығы ретінде - олардың жоғары дәрежелі интеграциясы мен интерактивтілігін және нақты уақыт режиміндегі қызметін айтуға болады. Сондықтан, ақпараттық процестерді өңдеуге негізделген физикалық құбылыстарды модельдеу үшін қолданбалы бағдарламалардың, графикалық және кестелік процессорларының, визуалды және когнитивтік орталардың арнайы пакеттері пайдаланылады [7] .

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ тәрбиелеп, кәсіби оқыту болғандықтан, білімдегі оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының бірі және бірегейі болған автоматтандырылған оқыту жүйелерімен тығыз байланысты. ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасырында, Қазақстан білім беру жүйесін ақпараттандыру, еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып, білім беру үдерiсін ақпараттандыру - автоматтандырылған оқыту жүйелерін пайдалану арқылы жетілдіру, дара тұлғаны бағыттап жекеше оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үдерiсінің барлық деңгейлері тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісінің басты мақсаты - замана талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес, оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Автоматтандырылған оқыту жүйесін пайдалану - ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үдерiсін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану жоғарғы оқу орындарындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды [10] .

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған арнайы пакеттер), мультимедиалық, телекоммуникациялық, виртуальдық жүйелердегі ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстандағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үдерiсін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы өте кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

«Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсының арнайы білім беру жүйесіндегі ролі - ақпараттық білімдердің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын - ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен айқындалып, қамтамасыз етіледі.

Жоғарғы білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсын оқытудың сапасын арттыру қажет. «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсын оқытуда оқытушы студенттердің ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданғандары дұрыс.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі болған білім беру саласын ақпараттандыру, қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнделікті пайдалану ісі, қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденістері мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типтегі ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында зерттеу жұмысының негізгі бағытын автоматтандырылған оқыту жүйесін қолданып студенттердің білім сапасын арттыру деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды оқу-тәрбие үдерiсінде қолдану арқылы «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсын оқытудың сапасын арттыру.

Зерттеудің міндеттері: білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеп, жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясы мүмкіндіктерін айқындау; оқытудың жаңа ақпараттық технологиясына негізделген «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсы бойынша автоматтандырылған оқыту жүйесін мемлекеттік тілде әзірлеу.

Зерттеу нысаны - кәсіптік білімнің арнайы және жоғарғы мектептері мен арнайыландырылған орта мектептердің жоғарғы сыныптары, ал пәні ретінде «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсының автоматтандырылған оқыту жүйесі қабылданды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы : білім ақпараттандыру тұжырымдамалық негіздері зерделеніп, автоматтандырылған оқыту жүйелеріне салыстырмалы талдаулар жасалды және оқыту технологиялары мүмкіндіктері айқындалды; оқытудың жаңа ақпараттық технологиясына негізделген «Ақпараттық процестерді компьютерлік моделдеу» курсы бойынша автоматтандырылған жүйесінің оқу-әдістемелік қамтамасы мемлекеттік тілде әзірленді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Автоматтандырылған оқыту жүйелерінің бүгінгі күндегі қалыптасқан жағдайларына жасалған шолу мен талдаулар

  1. Автоматтандырылған оқыту жүйелеріндегі қолданыстағы құрал-жабдықтары және олардың ерекшеліктері

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жəне оларды жобалау мен оларды оқыту үдерісінде қолдану - білім саласын ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі болып, жаңа ақпараттық технологияларға негізделген оқыту əдістері мен осы саланың мамандарына заманауи талаптар қояды [13] . Ақпараттық технологиялардың басты құралдарының бірі - автоматтандырылған оқыту жүйесі болғандықтан, компьютерлік технологияларды қолдану жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Ол үшін оның түрлері мен жұмыс істеу қағидаларын, қолданылу мазмұнын тереңдету, ашық оқыту əдісімен ұштастыру жəне дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Курсты оқытудың мақсаты - білім берудің барлық салаларын тиімділеуде компьютерлік технологияларды қолданып автоматтандырылған оқыту жүйелерін жасау жəне оларды пайдаланудың ғылыми негіздерін игеру.

Əр түрлі мамандықтар бойынша оқу үдерісінде автоматтандырылған жүйелер қолданылуда [14] . Жалпы алғанда, алуан түрлі білім салаларындағы мағлұматтарды байланыстыру үшін, алдымен олардың негізін құрайтын жетекші ғылыми ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, идеялар, сондай-ақ ортақ іс-əрекеттер анықталуы тиіс.

Негізінде автоматтандырылған оқу жүйесін құру үшін пəн оқытушылары мен бірге - педагогтарды, психологтарды, бағдарламашыларды және т. б. с. с. күштерін біріктіру қажет. Мультимедиялық құралдар, гиперсілтемелер, дизайн мүмкіншіліктерін пайдалану қажеттілігі өзекті мəселелердің бірі болғандықтан, автоматтандырылған оқыту жүйесін жасау үдерісінде негізгі жетекші рөлді бағдарламашы мамандар алады.

Информатика, дискреттік құрылымдар, компьютерлік желілер және т. б. с. с. курстар мен пəндерден жасалынған автоматтандырылған оқыту жүйелері практикада кеңінен қолданылуда. Бұл автоматтандырылған оқыту жүйелерін жасау - білім саласындағы «ақпараттық жүйелер» мамандығы түлектерінің, яғни «Aвтоматтандырылған оқыту жүйелері» курсы негізінде алынған білім мен біліктілік жəне машықтарының нəтижесінен көрінеді.

Мұндай жүйелерді құруда оқу материалының əдістемелік жағы ескеріліп, тəжірибеден өткізілулері керек. Бұл оқу-əдістемелік құралдар HTML-де жəне жоғарғы деңгейдегі тілдердің бірінде жасалынып, бір жүйеден басқа жүйелерге өту процедуралары ұйымдастырылады және динамикалық, графикалық тəсілдерді қолдану мүмкіндіктері дəстүрлі дидактикалық көрсету принципінде жаңа сапалы даму дəрежесін береді.

Қазіргі уақытта автоматтандырылған оқыту жүйелерінің барынша көп саны және оларды жасау жабдықтары жасалған. Оқыту материалдарының ұсынылуы бойынша оларды үш негізгі түрге бөліп - жай қарапайым түрде, мультимедия және гипермәтіндік құжаттар түрінде қарастыруға болады.

Сызықтық мәтін негізіндегі жүйелер. Қарапайым құжат түрінде, яғни сызықтық мәтін түрінде материалды айтқанда кейбір мәтіндік тақырыптарды, беттерді, сонымен бірге кейбір суреттерді қамтитын материалды елестетуге
болады. Берілген мәтінмен білім алушыны таныстыру алдын-ала анықталған жағдайда, яғни ол өзгертуге болмайтындай етіп жүргізіледі. Өте жақсы жағдайда нақты жүйе кейін адымдап қайта оралады немесе оқуды ең басынан бастауды адымдайды.

Берілген нақты ұйымдастырылған жүйе қандай да тесттік бағдарламамен өлшенбейді, ал егер ондай болса, онда барлығы неге қабілетті, бұл - білім алушыға оқыған материал бойынша баға қою болып табылады, оқып үйренген емес, оқып берген еңбегі үшін қою.

Мультимедиалық оқыту жүйесі [7] . Мультимедиялы оқу жүйелері оқу материалының демонстрациясы мен теорияны біріктіруге рұқсат етеді. Сонымен қатар компьютерлік имитатор түріндегі практикалық сабақтарды, тестілеу жүйесін және барлық интерактивті компьютерлік оқулықтағы қосымша материалдарды біріктіруге рұқсат етеді. Мультимедиялы оқулық тек қана оқытушыны әрбір күндік функциядан тасымалдайды, ол сонымен қатар білім алушының пәнге деген қызығушылығын маңызды жоғарылатады және білімді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Бірақ мультимедиялы жүйелер аппаратты қолдауды талап етеді. Жадында үлкен көлемді алып отырады, оларды қолданудың аймағын шектейді.

Гипермәтін негізіндегі жүйелер. Оқу жүйесінің үшінші түрі болып оқудың гипертекстік жүйесі табылады. Гипертекст ішіне басқа мәліметтерге сілтеу енгізілген өзге түсті мәтіннен немесе суреттен тұрады. Мәліметтер ішіндегі парақтарда гипертекстік немесе жай, қарапайым сілтеулер асты сызылған сөздер арқылы немесе белгіленген сурет көмегімен іске қосылады. Сол сөзді немесе суретті тышқанмен шерткенде сонымен тығыз байланысты құжат пайда болады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда орналасып бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Гипермәтіндік тәсіл пакетінің өңдеу жүйесі - электрондық каталогтарды, CD-дискісінде жарнамалық басылымдар мен оқулықтарды, Internet-тегі публикация және көмек жүйесін, сонымен бірге басқада электрондық оқулықтар және қосымшалардың мультимедиасын жасап шығаруға арналған құрал. Гипермәтіндік тәсіл - мәтінді, анимацияны, бейне суреттерді, дыбыстарды толықтай біріктіре отырып, қазіргі стандартпен жауап беретін қосымшаның күрделі және әдемі мультимедиасын жасауға мүмкіндік береді.

Пакеттің стандартты нұсқасы екі модульді құрайды: монтаждау столы -редакциялаудың элементінсіз болып, ал тексеру бағдарламасы - қосымшаны тексеруге және жалпы дизайнға арналған.

Пакеттің кәсіптік нұсқасы келесі модулмен толықтырылған: байланыс бойынша ассистент - берілген ереженің өңдеушісі бойынша автоматты түрде гипермәтіндік байланысты шығарады; мәтін бойынша ассистент - үлкен мәтінмен гипертексті автоматты түрде ерекшелейді; құрылым бойынша ассистент - өңделетін қосымшаның құрылымын тексеруге көмектеседі; орналастыру бойынша ассистент - қосымша мультимедиясының дистрибутын автоматты түрде шығарады.

Жоғарыда көрсетілгендей, берілген пакет мультимедия-қосымшаның жұмысына негізделген және оқу жүйесін құруға арналған арнайы құрал болып табылмайды. Мұнда оқу жүйесінің жұмысы кезінде қажетті кейбір мүмкіндіктер бар, мысалы: гипертекстпен байланысты автоматты түрде жоғарылату, құрылымды талдау мүмкіндігі. Бірақ, ондай заттардың болмауы оқу жүйесінің сапалы жүруі үшін бұл жүйелерді жарамсыз етеді.

АОЖ ерекшеліктері. Электрондық анықтамалықтар, энциклопедиялар, газеттер, журналдар - АОЖ құралдарының анықталған түрі болып табылады. Электрондық оқулықтың негізі ретінде олар электрондық кітапты, ал екінші жағынан - диалогты оқу-бақылау бағдарламасын құрайды. Көпшілік жағдайда электрондық оқулықтар қағаз оқулықтарды алмастырмайды, бірақ осы қағаз оқулықтарға компьютерлік және толықтырушылық қызметін атқаруға тиіс. Бұл жаңа білім технологиялары - дәстүрлі оқу технологиялары мақсатына жетуде жаңа ақпараттық технологиялардың барлық ерекшеліктерін пайдалану мүмкіндіктерін береді. Сонымен қатар, мұндағы қажеттіліктер өздігінен оқуға немесе сырттай оқуға негіздделген білімді бақылаудың құрал-жабдықтары мен оқу материалдарының сапасына тығыз байлынысты болады.

Бұл сұрақтар эталонды жауабы бар немесе таңдаулы түрде құрастырылған әртүрлі тест тапсырмаларын жасауға арналған ақпараттық-логикалық негіздерді қамтиды және олардың ең қарапайым түрі эталондық жауапты тест тапсырмасы болып табылады. Тесттің бұл түрі оқу материалдары бойынша дайындалады және альтернативті дұрыс емес жауапты өңдеуді қажет етпейді.

Келесі мәселе - қазіргі дербес компьютерлерде электрондық оқулықтарды әзірлеу үшін бағдарламалық қабыршақты жасау болып, тест тапсырмаларымен бірге, оқу материалдары арқылы жасалынатын жұмыстың диалогтық формасын және тест тапсырмаларына арналған құрал-жабдықтарды қолданып, нәтижесінде автоматтандырылған өңдеуді орындайды.

Осы ақпараттық-логикалық тәсілдер, оқу материалы және оқу жоспары бағдарламасымен байланысты бақылау сұрақтарының жүйесі ретінде, тиімді электрондық оқыту құралдарын және сапалы оқу жүйесін дамытуға адекватты тәсіл болып табылады.

Жоғарыда келтірілген тұжырымдамаларды [14] қорыта келе, компьютерлік жүйелер мен дербес компьютерлердің диалогтық режимдері мен және т. б. мүмкіндіктері, автоматтандырылған оқыту жүйелерінде қолданатын электрондық оқулықтар мен ресурстарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың базасы болып және оның ішінде, қашықтан оқыту жүйелерінің технологиялық базисі ретінде пайдалануға болады деп, сенім білдіреміз.

  1. Автоматтандырылған оқыту жүйелеріндегі компьютерлерді пайдалану және олардың алғы шарттары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйесінде машина жасау
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz