АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе бөлім

АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы

Негізгі бөлім

1) Табиғат жағдайлары мен ресурстары

2) Халқы

3) Шаруашылығы

4) Экономикалық аудандары

5) Туристік оъбектілері. Сыртқы экономикалық байланыстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе бөлім

АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы

Америка Құрама штаттары - дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады. Мемлекттік құрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан, ел астансы - Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералды округінен тұратын федерациялық республика болып табылады. АҚШ республикасын президент басқарады, ол 4 жыл мерзімге сайланады.

Экономикалық-географиялық жағдайы. АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады. АҚШ жері бес сағаттық белдеуде жатыр: мұнда батыстан шығысқа қарай тынықмұхиттық, таулық, орталық, шығыс және атлантмұхиттық уақыт ажыратылады. Елдің жалпы алғанда қолайлы деп деп бағаланатын экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері мынадай:

АҚШ құрамына енетін Аляска және Гавай штаттары елдің басқа бөліктерімен құрлық арқылы шектеспейді; бұл елдің біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіріп, әлеуметтік-экономикалық айырмашылыққа себепші болады.

Елдің шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр; бұл жағдай АҚШ -тың халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, өз кезегінде дайын тауарлады сатып алатын Латын Америкасы елдерінің салыстырмалы түрде жақын орналасуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады.

АҚШ -тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен құрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Мемлекет тарихы. XVI ғасырда Солтүстік Америкаға еуропалықтар қоныс аудара бастады. 1607 жылы қазіргі АҚШ жеріндегі Виргиния штатында алғашқы қоныстар пайда болды. 1620 жылы Массачусетс шығанағы жағалауына ағылшын қоныс аударушылары келіп жетті. Осы аймақта пайда болған Жаңа Англияның тұрғындары янки деп аталды. Қазіргі кезде байырғы америкалықтардың барлығын осылайша атайды. Жаңа Англияда іргетасы қаланған алғашқы қала - Бостон оның орталығына айналды.

Үндістерді табиғат жағдайлары қолайсыз ішкергі аудандарға ығыстырып тастаған еуропалық қоныс аударушылар ауыл шаруашылғымын айналыса бастады. Солтүстікте олар өз фермаларында жұиыс істесе, оңтүстікте ұлан-ғайыр плантацияларды иеленіп, Африкадан әкелінген құлдардың еңбегін пайдаланды. Құлдар саны XVIIIғасырдың ортасында 300 мыңға жетті. Иеліктердің көпшілігі Ұлыбританияның қол астында болатын. 1763 жылы Ұлыбританияда шығарылған Жарлық бойынша қоныс аударушыларға Аппалачтан батысқа қарай жер иеленуге тиым салынды. Бұл Жарлыққа наразы болған қоныс аударушылар бірігіп, өздерінің байырғы отаны - Ұлыбританиямен сауда қатынастарын тоқтатты. Олар 1775 жылы Бостон қаласы маңына бүлікшілерді басу үшін арнайы жіберілген ағылшын әскерлерін талқандады. Виргиниялық жер иеленуші Джордж Вашингтон басқарған азаттық үшін күрес 1776 жылы 4 шілдеде жаңа мемлекет - Америка Құрама Штаттарының пайда болуымен аяқталады. Бұл күн АҚШ-тың тәуелсіздік күні ретінде жылда мерекеленеді. Филадельфия қаласында алғаш АҚШ тәуелсіздігін жариялаған Конституция қабылданған болатын. Сондықтан бұл қаланы АҚШ мемлекетінің «бесігі» деуге болады.

Атлант мұхиты жағалауындағы 13 штатты ғана қамтыған бұл мемлекеттің алғашқы президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1790 жылы арнайы астана ретінде жобаланған Вашингтон қаласының іргетасы қаланды. Елдің 1787 жылы қабылданған Конституциясына біршама өзгертулер енгізіліп, осы кезге дейін пайдаланылып келеді. Әр штаттың аумағында жергілікті қабылданған заңдар жүзеге асырылады.

Ел тәуелсіздігін алған соң бекітілген АҚШ-тың мемлекеттік байрағында кезектесіп орналасқан 19 қызыл және ақ жолақтар алғашқы біріккен штаттар санын білдіреді. Байрақтың сол жақ жоғары рұрышында бейнеленген жұлдыздар елдегі әкімшілік бірліктердің санын көрсетеді. Қазіргі кезде жұлдыз саны 50-ге жеткен.

Кейінгі ғасырларда ел аумағы кеңейіп, оның құрамына жаңа жерлер енгізілді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында АҚШ экономикасы жедел қарқынмен дамып, тез арада дүние жүзіндегі жетекші орынға шықты.

Геосаяси жағдайы. АҚШ-тың геосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты, ең алдымен, оның дүние жүзіндегі айрықша орнымен анықталады. АҚШ ғасырдың басында бейтарап саясат ұстанатынын жариялағанымен, идүние жүзінің саяси картасын түбегейлі озгерткен аса маңызды саяси оқиғалар бұл мәләмдемені іс жүзінде асыруға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде АҚШ екі дүние жүзілік соғысқа араласып, әлемдегі басқа ірі мемлекеттермен бірге өзінің ықпал ету аймақтарын бөлісті.

Осы ғасырда халықаралық аренада пайда болған орасан зор жаңа ел - Кеңестер Одағы ендігі жерде АҚШ-тың барлық саладағы, ең басты қарулану ісіндегі негізгі бәсекелесіне айналды. Әлемдік саясаттанушылар «қырғи қабақ соғыс» деп атаған текетірес кезең 1990 жылдары Кеңестер одағының ыдырауына байланысты аяқталды. 1945 жылы тамыз айында АҚШ Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады. 1964-1975 жылдары АҚШ Въетнам жерінде соғыс қимылдарын жүргізді. Осы кезеңде бұл шағын елдегі АҚШ-тың тұрақты армиясында 500 мыңдай әскер болған. Барлық бейбітшілік сүйгіш халықаралық қауымдастық осы кезеңге дейін аза тұтып, еске алатын бұл оқиғалар АҚШ-тың «бейбітшілік сүйгіш» саясатына күмән келтіруге себепші болды.

Кеңестер Одағыныңи ыдырауы, Еуропа мен Азиядағы социалистік елдердің даму бағыттарының қайта құрылуы бұл елдерге қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатының да өзгеруіне апарып соқты. Жаңадан пайда болған орасан зор ықпал аймағына қатысты АҚШ үкіметі өзіндік жаңа геосаяси бағдар алды. Тәуелсіздік алған жас мемлекеттер көп жағдайда сыртқы саясатын өзін «демократия қамалы» деп санайтын АҚШ тұрғысында айқындай бастады. Демократия шарттары мен адам құқығы туралы қағидаларды алға ұстанған АҚЩ XX ғасырдың соңына қарай Таяу Шығыс пен Югославия жеріндегі соғыс оқиғаларына белсене кірісті. Нью-Йорк қаласында 2001 жылы 11 қыркүйегінде болған аса ірі террорлықәрекеттерге байланысты АҚШ мемлекетінің Азия аймағына қатысты ұсынған саясаты дүние жүзіндегі саяси күштердің арасалмағын елеулі түрде өзгертті. Сонымен күллі әлем санасатын, 200 жылдан артыфқ тарихы бар бұл аса ірі мемлекеттің геосаясаты «қай жағдайда да, ең бастысы АҚШ мүддесі» деген ұранға тәуелді болды. Аса күшті дамыған, ядролық қаруға ие жетекші мемлекет ретінде АҚШ өзінің аумағына ғана емес, шекарасынан тыс жерлерде орналасқан иеліктері мен ықпал ету аймақтарында да бұл шарттың мүлтіксіз орындалуын айрықша назарына ұстайды.

Негізгі бөлім

  1. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

АҚШ аумағының жер бедеріне айқын ажыратылатын бірнеше ірі орфаграфиялық бірліктер тән. Батыста Кордильера тау жүйесі орналасқан. АҚШ жерінде осы тау жүйесіне енетін Аляска, Брукс, Сьерра-Невада және тағы басқа жоталар, Сеңгір таулары, Үлкен алап пен Колорадо үстірті орналасқан. Кордильераның ел аумағындағы ең биік нүктесі - Аляска жотасындағы Мак-Кинли тауы (6193) . АҚШ-тың шығысында аласа Аппалач тауы орналасқан. Биік таулы аудандар мен тауаралық шөлдер ауыл шаруашылығына қолайсыз. Елдің орталық бөлігінде Ұлы және Орталық жазықтар жатыр. Бұл жазықтар шаруашылық мақсатта кеңінен пайдаланады: егістіктер мен құанрлы жайылымдар, негізінен осы жазықтарда орналасқан. Ал Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін теңіз деңгейінен 100 м-ге дейін биіктіктегі ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр.

Алып жатқан аумағының үлкендігіне байланысты АҚШ жерінің климат жағдайлары алуан түрлі. Алясканың солтүстігінде қаңтарда ауа температурасы -60С-қа дейін төмендесе, оңтүстіктегі Өлім аңғарында шілде айында +57С-қа жететін температура байқалған. Елдің солтүстік-батысында жылына 3000 мм-ге дейін жауын-шашын түссе, оңтүстік-батыста оның мөлшері 100мм-ден де азаяды. Климат жағдайларының әркелкілігі ландшафтардың күрт айырма жасауына себепші болады. Мысалы, солтүстіктегі Аляскага көпжылдық тоңдар мен тұманды тундра тән болса, оңтүстіктегі Флорида штатында жыл бойы жайма-шуақ жаз болып, кокос пальмалары мен тропиктік өсімдіктер өсіп тұрады. Жалпы алғанда, АҚШ-тың климат жағдайларын қолайлы деп бағалауға болады. Мұнда қоңыржай және субтропиктік барлық дерлік дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавай аралдарында тропиктік дақылдарды да өсіруге мүмкіндік бар. Оңтүстік-батыста жауын-шашынның жетіспеуіне байланысты егістіктер қолдан суарылады.

АҚШ жеріне табиғат апаттары да тән. АҚШ-тың батыстағы таулы аудандарында жер сілкіністері болып тұрады. Елдің жазық болып келетін орталықбөлігінде аңызақтар иен құрғақшылық, ауаның қарқынды алмасуы нәтижесінде болатын күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар- торнадо жиі байқалады. Қуатты торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, елді мекендерді қиратып өтеді. Максимум жылдамдығы сағатына 800 км-ге жетеді. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында соғатын өте күшті, апатты дауылдар болып тұрады. Оңтүстік штаттарда кей жылдары болатын аяздар және қардың аса мол түсуі жергілікті тұрғындардың тіршілігіне, көлік қатынасына қиындықтар туғызып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді.

АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ең үлкен - Миссисипи ағып өтеді. Өзендер ішкі су жолы ретінде көлік қатынасына қолайлы. Елдің Канадамен шекаралас аймағында Ұлы көлдер шоғырланған. Ал Ұлы көлдерді АҚШ-тың «үшінші теңіз жағалауы» деп атайды. Әулие Лаврентий өзені арқылы Ұлы көлдер жағалауындағы теңіз портынан Атлант мұхитына тікелей шығуға болады.

АҚШ жерінде, негізінен. Құнарды қара және қоңыр топырақ, ал оңтүстіктегі ойпаттардақызыл топырақ тараған. Табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгеріске түскен. Аляска мен Кордильера аймағында ауыл шаруашылығына қолайсыз жерлер басым. Ормандар аумағы қысқарған, қазіргі кезде АҚШ аумағының 25 %-ын ғана ормандар алып жатыр.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың биік таулы аймақтары мен шөлдері, Аляска штатынан басқа бөліктері адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы деп бағалануда.

Табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен сипатталатын АҚШ жері табиғи ресурстарға да өте бай. Әсіресе минералды шикізат түрлері кең таралған, бұл ел аумағының қалыптасу тарихы мен құрылымдық ерекшеліктерңне тікелей байланысты болады.

Пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарына сәйкес, батыста магмалық, ал шығыста, негізінен, шөгінді пайдалы қазбалар тараған. Кезінде АҚШ-та өнеркәсіптің қарқынды дамуына алғышарт болған таскөмір мен мұнайдың, табиғи газ, темір мен басқада пайдалы қазбалардың мол қоры елдің барлық делік бөліктерінен табылған.

Жан-жақты жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде 30-дан астам штаттың аумағында көмір мен мұнай қоры бар екені анықталған. Қазіргі кезде 15 штатта көмір өндіріледі, әсіресе Аппалач көмір алабының маңызы зор. Қазіргі кезге дейін Аппалач көмір алабы елде өндірілген тас көмірдің 80%-ын береді. Мұнай мен газдың аса ірі кен орындары Мексика шығанығы жағалауынан, Калифорния мен Аляскадан табылған. Оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Елдің отын-энергетикалық кешеніндегі олардың үлесі 70%ды құрайды.

АҚШ энергетикалық ресурстарға да бай. АҚШ өзендерінде су энергиясының аса мол қоры бар. Елдегі ең ірі СЭС тізбектеріТеннеси және Колумбия өзендеріндесалынған. Колумбия өзеніндегі Гранд-Кули су электр станциясы қуаттылығы жөнінен әлемдегі ең ірі станциялар қатарына жатады. Кейінгі онжылдықтарда энергияның дәстүрлі емес көздері де пайдаланылуда. Мысалы, Калифорния штатындағы Сеңгір таулардың беткейінде жел күшін пайдаланып жұмыс істейтін әлемдегі ең қуатты электр станциялары орналасқан. АҚШ гелиостанцияларының қуаттылығы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ. АҚШ-та геотермалды станциялар да жұмыс істейді, олардың ең іргесі Калифорниядағы Гейзерлер аңғарында орналасқан.

Алуан түрли климат жағдайларымен сипатталатын АҚШ жері агроклиматтық ресурстарға да бай. Бұл қоңыржай белдеудің барлық дерлік дақылдарын, сондай-ақ көптеген субтропиктік және тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. АҚШ-тың су ресурстары, негізінен, шығыста шоғырланған. Олар энергетикалық маңызымен қатар, көлік қатынасында және егістік жерлерді суаруғада пайдаланылады. АҚШ-тың негізгі аумағының жартысына жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Орталық жазықта жыртылған жерлердің үлесі 80%-ға жуық. Аляска мен Кордильера орман ресурстарына бай. АҚШ-та табиғи ресурстарды пайдалану барысында қоршаған ортаға неғұрылым аз зиян тигізетін жаңа технологиялар пайдаланылады. Соңғы жылдары АҚШ үкіметі мен кәсіпкерлері өз жеріндегі табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мақсатында дамушы елдерден құны арзанырақ шикізат түрлерін сатып алып, өңдеуге айрықша көңіл бөледі.

  1. Халқы

АҚШ халқының жалпы саны (290 млн адам) жағынан дүние жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алады . АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қәзіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14, 2%) -ге тең өлу коэффициенті 8, 6%-яғни халықтың халықтың орташа жылдық өсуі 5, 6%-ге тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 75 жас әйелдерде 80 жас.

2. 1 Нәсілдік, ұлттық құрамы. АҚШ - көп ұлтты ел. Ресми түрде ел азаматтары шыққан тегіне қарамастан, америкалықтар деп аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топқа ажыратылады: еуропалықтар(халықтың 84%-ы) ; африкалықтар(12%) ; азиялықтар(4%) . Нәсілдік топтардың ұзақ жылдар бойы араласуынан қалыптасқан және этностық топтардың (метистер, мулаттар, самбо) өкілдері де бар.

Қазіргі кезде АҚШ-тағы байырғы халық - үндістердің үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек XIX ғасырдың басынан бері жер шарын 70-ке тарта елінен 55 млн-ға жуық адам осында қоныс аударған. XX ғасырдың екінші жартысында иммигранттар арасында еуропалықтар үлесі азайып, Азиядан, Латын Америкасымен бұрынғы Социалистік елдерден қоныс аударушылар көбейді.

Соңғы жылдары олардың арасында мамандану деңгейі және білім дәрежесі жоғары азаматтардың саны артқан. Қазіргі кездегі шектеулерге қарамастан, иммигранттар есебінен ел халқы жылына 1 млн адамға артты.

Халықтың діни құрамы да өте күделі. Америкалықтардың діни бағдарының алуан түрлілігі олардың шығу тегі мен түсіндіріледі. Ел халқының көпшілігінің христиан дінінің әртүрлі бағыттырын ұстанған өкілдері құрайды: Ұлыбритания, Скандинавия елдерінеи қоныс аударғандардың ұрпақтары протестанттар болса, ата-бабалары Италия, Испаниядан келгендер -католиктер. Юта штатындағы Үлкен Тұзды көл маңында мормондардың айрықша діни сектасынының орталығы қалыптасқан; мұнда діни қағидалар күнделікті өмірдің бұлжымас заңдылығына айналған. Сонымен қатар елде ислам, буддизм дініндегі халықтақтар да біршама. Байырғы тұрғыедарда дәстүрлі діни нанымдар сақталған . Жалпы алғанда, АҚШ-та 250-ден астам әр түрлі бағыттағы шіркеулер жұмыс істейді.

2. 2 Орналасуы. Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. АҚШ халықтың орташа тығыздығы (1 км 2 -ге 28 адам) жөнінен дүние жүзінде 18-ші орын алады. Халық тығыз қоныстанған аудандар қатарына Атлант мұзитының жағалауы мен Ұлы көлдер маңы, батыстағы Калифорния штаты жатады. Мұнда 1км 2 -ге 200-400 адамнан келеді. Аляска мен таулы аудандарда халқы сирек қоныстанған. Аляска штатының солтүстігінде халқы мүлде қоныстанбаған жерлер де бар. Таулы аудандарда халықтың тығыздығы 1км2-қа 1-10 адамнан ғана болады. Соңғы жылдары оңтүстіктегі штаттарда (Флорида, Техас, Калифорния) халық санынының жедел өсуі байқалуда. Бұл халықтың бейнелі түрде «қар белдеуі» аталатын солтүстік штаттаррдан табиғат жағдайлары неғұрлым қолайлы оңтүстік штаттарға «күн белдеуі» жиі қоныс аударылумен түсіндіріледі.

АҚШ халқының ¾ -і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Америка калалары өзіндік сипатқа ие. Көбінесе төртбұрышты болып келетін қала аумағы айқын ажыратылатын зоналардан тұрады. Қаланың орталық іскер бөлігіндегі зәулім үйлерде офистер мен банктер, биржалар мен сауда орталықтары т. б орналасады. Жалпы, Америка қалаларындағы зәулім үйлер қаланың гүлденуі мен даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олар бірте-бірте 3-5 қабатты тұрғын үйлерге ауысады. Қалаарда өнеркәсіптік зона оқшау орналасады.

Америкалықтар көбінесе өз үйінде тұрғанды қалайтындықтан, жеке үйлер орналасқан қала маңының аумағы шамадан тыс ұлғаюда. Географтар бейнелі түрде «бір қабатты Америка» деп атайтын мұндай аудандарда АҚШ-тағы отбасылардың 2/3-сі тұрады. Қаланың орталық бөлігінде тұратын ауқатты адамдардың қала сыртына жаппай қоныс аударуымен сипатталатын урбандалудың бұл түрі субурбандалу деп атайды. Қалалар аумағының ұлғаюы және олардағы халық санының артуы қала агломерациялары мен мегаполистердің пайда болуына апарып соқты. Қазіргі кезде АҚШ-та аса ірі үш мегаполис бар. Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан Солтүстік-Шығыс мегаполисін қысқаша «Босваш», Чикаго мен Питтсбург арасындағы Көл маңы мегаполисін «Чипиттс», Сан-Франциско мен Сан-Диего қалалары аралығында орналасқан Калифорния мегаполисін «Сан-Сан» деп атайды.

АҚШ-та ауыл халқы, негізінен, бір-бірінен оқшау орналасқан фермаларда тұрады. Олардың тұрмыс жағдайлары қалалықтардан аса үлкен айырмашылық жасай қоймайды. Бұл жалпы америкалықтардың өмір салтына тән бірыңғай стандарттылықты көрсетеді. Яғни, АҚШ халқына ортақ америкалық өмір салты туралы айтуға болады.

2. 3 Ғылымы және мәдениеті. АҚШ ғылымдарының дүние жүзіндегі ғылым мен техниканың даму барысында қосқан үлесі де зор болды. АҚШ-тағы Гарвард (Бостон, 1636 жылы негізі қаланған), Колумбия (Нью-Йорк, 1754), Принстон (Нью-Джерси, 1746) сияқты байырғы университтеттермен қатар ондаған жоғары оқу орындарында америкалықтар ғана емес, дүние жүзінің басқа елдерінен келген студенттерде білім алды. Соңғы онжылдықта Қазақстан республикасының талантты жастары арнайы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ университеттерінде білім алуда, . АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы мен Гарвард университетінің кітапханасы кітап қоры жөнінен әлемдегі ең бай кітапханалар қатарына жатады.

Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары ұстайды. Өз Отанын қалтқысыз сүйетін әрбір америкалық жаңа күнді «Құдайым, Американы сақтай гөр!» сөзімен бастайды деуге болады. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке, АҚШ мемлекеті мен өзінің жеке басының әл-ауқатын жақсарту үшін еңбек етуге тәрбтелейді.

Америкалықтар спортты өте жақсы көреді. Әсіресе ұлттық спорт түрлері (америкалық футбол, бейсбол, баскетбол және т. б. ) кеңінен тараған. Сондықтан қалаларда орасан зор спорт ғимараттарын салуға айрықша көңіл бөледі. Мысалы, Жаңа Орлеан қаласында биіктігі 27 қабаттық үймен бірдей елдегі ең ірі жабық стадион бар. АҚШ жерінде 7 рет Халықаралық Олимпиадалық ойындар өткізілген.

  1. Шаруашылығы.

АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, оның үлесіне жалпы дүние жүзінде өндірілетін өнімнің 1/5 бөлігі, өнркәсіп өнімнің 15%-ы тиеді. АҚШ экономикасының даму дәрежесіне нақты баға беруде соңғы жылдары пайдаланып жүрген бірқатар көрсеткіштер ескеріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Геосаясаттың даму тарихы
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Геосаясат
Азиядағы жаңа индустриялы елдер экономикасы
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Канада
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz