Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
КІРІСПЕ
3
1 Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастырудың теориялық негіздері. 7
1.1 Ауыл шаруашылық саласында логистиканың мазмұны және қағидалары 7
1.2 Логистиканың әдістемесі, логистикалық жүйелер және олардың элементтері 17
1.3 Логистиканың даму тарихы және шетел тәжірибесі
39
2 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы логистикалық инфрақұрылымын талдау және бағалау 49
2.1 ҚР ауыл шаруашылығындағы ағымдағы ахуалды талдау 49
2.2 Ауыл шаруашылығы логистика инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру 60
2.3 Ауылшаруашылық кәсіпорындарында сатып алу логистикасы
69
3 Ауылшаруашылығына логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту 76
3.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық кәсіпорындағы логистиканы жетілдіру жолдары 76
3.2 Өндірісте материалдық ағындармен логистикалық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
86
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
98
100
ТІРКЕМЕЛЕР

Тақырыптың өзектілігі. ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің ауылшаруашылығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Логистика» аггы жаңа ғылыми зерттеу объектісі материалды және сонымен байланысты ақпараттык ағымдар болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі және оны зерттеуге деген кызығушылыктың артуы, логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоға-рылататын әлеуетті мүмкіндіктерімен түсіндіріледі.

1. Мате Э., Тиксье Д. Материально-техническое обеспечение деятельности предприятия / пер.м франц.-М.,1993.-С.16-18.
2. Плоткин Б.К. Управление материальными ресурсами (очерк коммерческой логистики).-Л.,1991.-128 с.
3. Гордон Е.А., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. –М.,1998.-168 с.
4. Голиков Е.А., Пурлик В.М. Основы логистики и бизнес-логистики. –М.,1993.-161 с.
5. Логистика и бизнес // Логистика в современных условиях развития экономики РФ: сборник материялов первой межотраслевой научно-методической и научно-практической конференции. –М.,1997.-430 С.
6. Сергеев В.И. Менеджмент в бизнес-логистике.- М.,1997.-772 с.
7. Петере Х.Д, Торговля, производство и индустрия сервиса / перюс англ.- М., 1991.-СЛ2-13.
8. Dietz W76 Sashs B. Grunlge der Logistik.-Wein61971.-P.25
9. Bowersox D.J., Closs D7J76 Helferich O.K. Logistical Management,-N.Y.: McMillan-Publishing,1991.p.42.
10. Langley C.J. The Evolution of the Logisticsconcert// Journal of Business Logistics7-1979.-Vol.7,№2.-P.21.
11. Математическая энциклопедия / гл. Ред. И.М.Виноградов.-М.,1979.-Т.З.-С.298.
12. Balloi R.H7 Bisness Logistics management. Third Edition, Pretice-Hall International Inc7619937-P.47.
13. Теория фирмы / под ред. В.М.Гальперина.- Санкт-Петербург, 19995.- Вып.2.-534 с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастырудың 7
теориялық негіздері.
1.1 Ауыл шаруашылық саласында логистиканың мазмұны және қағидалары 7
1.2 Логистиканың әдістемесі, логистикалық жүйелер және олардың 17
элементтері
1.3 Логистиканың даму тарихы және шетел тәжірибесі 39
2 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы логистикалық 49
инфрақұрылымын талдау және бағалау
2.1 ҚР ауыл шаруашылығындағы ағымдағы ахуалды талдау 49
2.2 Ауыл шаруашылығы логистика инфрақұрылымының қолжетімділігін 60
арттыру
2.3 Ауылшаруашылық кәсіпорындарында сатып алу логистикасы 69
3 Ауылшаруашылығына логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және 76
дамыту
3.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық кәсіпорындағы логистиканы 76
жетілдіру жолдары
3.2 Өндірісте материалдық ағындармен логистикалық басқарудың 86
тиімділігін арттыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ 98
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 100
ТІРКЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің
ауылшаруашылығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар
негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен
өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын
қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі
қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау
өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Логистика аггы жаңа ғылыми зерттеу объектісі материалды және сонымен
байланысты ақпараттык ағымдар болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі
және оны зерттеуге деген кызығушылыктың артуы, логистикалық әдісті
қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоға-
рылататын әлеуетті мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен
жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді түтынушыға жеткізгенге
дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың
күрт кыскаруына әсер етеді. Логистиканы колдану ақпарат алу үрдісін
жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық
ғалымдардың, жоғары оку орындарының оқытушыларының, ғылымитехникалық
жүмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің,
инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандык экономика үшін жаңа
және айтуға қиын терминмен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған
елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі
нәтижелерімен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа
үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады,
жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан әрі –
КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіруі
жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі,
пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ
тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге,
материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды
қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы
факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді,
бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына,
жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну
құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының
өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен
қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл
шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты векторы атты 2012 жылғы
27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті [1].
Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның
КО-ға кіруі мен ДСҰ-ға алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен
жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР АӨК-ті
дамытудың жаңа салалық бағдарламасы әзірленді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ауылшаруашылығы инфрақұрылымдағы
логистикалық мәселелер батыс экономистер еңбектерінде кең қарастырылған
А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Гэлбрейт, Э.Долан, А.Маргиалл т.б.
Теориялық және практикалық мағынада логистикалық қызметтер Қазақстан
және Ресей ғалымдарының еңбектерінде кеңіннен анықталған:А.И.Алтухова,
А.С.Васютина, Т.М.Лысенкова, Л.А.Трисвятский, Р.Р.Аутова, В.В.Григорук,
Х.Б.Жарекешова, О.И.Ельцова, Г.А.Калиева, А.Е.Ковалева, Ж.К.Коргасбаева,
А.Б.Молдашева, А.А.Сатыбалдин, М.И.Сигарева, Ж.Сундетова т.б.
Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде ауылшаруашылығында
логистикалық қызметтерді қарастырғанмен логистикалық ауылшаруашылық
инфрақұрылымындағы ерекшеліктері толық қарастырылмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Магистрлік жұмыстың мақсаты
ауылшаруашылық инфрақұрылымының тиімділігін көтеру мақсатымен логистикалық
қызметтерді қалыптастырудың концептуалдық экономикалық және ұйымдастыру
негіздерін зерттеу. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді
қарастырады.
Магистрлік жұмысты орындауда келесі міндеттер анықталған
• Ауылшаруашылық инфрақұрылымында логистикалық қызметтің теориялық
негіздерін зерттеу.
• Ауылшаруашылық инфрақұрылымында логистикалық қызметі ұйымдастырудың
отандық және шетелдік тәжірбиені зерттеу.
• Ауылшаруашылық инфрақұрылымында логистиканың жумыс істеу ерекшелігін
зерттеу.
• Ауылшаруашылық инфрақұрылымында логистика қызметін реттеудің
экономикалық шаралар жүйесін және отандық тауар өндірушілердің табыс
дәрежесін қолдауды негіздеу.
Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеу пәні ауылшаруашылық
инфрақұрылымында логистиканы ұйымдастыруды қамтамасыз ететін факторлар мен
жағдайлардың жиынтығы. Зерттеу объектісі материялдық, қаржы, ақпарат
ағымдарының қозғалысын қамтамасыз ететін ҚР ауылшаруашылық өндірісі мен
мекемелер.
Зерттеудін теориялық әдіснамалық негіздері болып ауылшаруашылық
инфрақұрылымының логистикалық ұйымдастырудың және оны реттеудің теориялы
практикасының отандық және шетел экономис ғалымдарының еңбектері және заң
актіле, ҚР президентінің жарлықтары, ҚР үкіметінің өкімдері.
Зерттеудің ақпараттық базасы-статистика жөніндегі ҚР агенттігінің
материялдары, ОҚО статистика депортаменті, ауылшыруашылық өңдеу, қайта
өңдеу, сақтау, жеткізу кәсіпорындарының есеп корсеткіштері, ғылыми-зерттеу
институттарының жобалары, нормативті-анықтамалық материялдары.
Магистірлік жұмысты жазуда статистикалық, монографиялық, абстрактілі-
логистикалық, есеп-конструктивтік т.б. зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Логистиканың теориясының эволюциясы, оның дамуын ынталандыратын
факторларды және тауар айырбасының маңызды ерекшеліктерін зерттеу
негізінде тауар айырбасының дамуында логистиканың рөлі анықталған.
- Тауардың өндірушіден тұтынушыға жылжу процесінде ауылшаруашылық
инфрақырылым мекемелінің өзара қатынастарының преспективаның түрлері
мен механизмдері анықталған.
- Ауылшаруашылығы логистиканың мазмұны мен механизмі анықталған әрі
тауарды сақтау, өткізу және жеткізуде логистиканың басымды бағыттары
негізделген
Қорғауға шығарылатын негізгі ұсынылымдар.
- Тауар айырбас циклын қысқарту мақсатында логистиканың қажеттілігі
негізделген, бұл эеономикалық өнімнің өмірлік циклының барлық сатылары
оптимизатциялауға мүмкіндік береді.
- Логистикалық әдісті және мелекеттік реттеу механизмін қол жетімді
пайдалануда ауылшаруашылық өнімін торын дамыту жөнінде ұсыныстар
негізделген.
- Ауылшаруашылық инфрақұрылымындағы логистикалық қызметтің өндіріс
тиімділігін көтеру жолдары ұсынылған.
- Ауылшаруашылық саласының инфрақұрылымнда логистиканы жетілдіру жолдары
мен иновациялық дамыту бағдарламасы.
Магистрлық жұмыстың тәжірбелік маңызы. Магистрлық зерттеу
нәтежелерінде алынған нәтижелер статистикалық мәліметтерді пайдалана
отырып, ауылшаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылым
кәсіпорындары қызметін талдау негізінде жасалған. Мұның өзі аймақтық
аграрлық саланың өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамуын
жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар дайындауға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымның мәні
жөніндегі теориялық талдау қортындылары экономикалық теория,
ауылшаруашылығы экономикасы және кәсіпкерлік қызметтің негізін оқытуда
агроөнеркәсіп өндірісі және оның құрылымының әрекет етуімен байланысты
мәселерді зерттеген кезде жұмыстың жеке тұжырымдарын пайдалануға мүмкіндік
береді.
Магистрлық жұмыстың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы.
Магистрлық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралык қазақ-
түрік университетінің кешенді Экономика кафедрасының ғылыми зерттеу
тақырыбы мен сәйкес жасалған.
Зерттеу нәтежиелері мен қолдануы.
Зерттеу жұмысындағы негізгі қорытындылары Оңтүстік Қазақстан облысы
ауылшаруашылығы басқармасында және Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық
дамыту басқармасында баяндалып жұмыстың нәтежелері өндірісте қолданылды.
Жарияланған жұмыстар.
Магистрлық жұмысының негізгі нәтежелері үш ғылыми мақалада көрініс
алды.
Магистрлық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлық жұмыс
кіріспеден, уш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен,
тіркемеден тұрады.
1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
Ауыл шаруашылық саласында логистиканың мазмұны және концепциялары
Логистика – заманауи ақпараттық технологияларды және
үйлесімділенген экономикалық шешімдерді қолдану негізінде материалдық
ағымдарды белсенді басқарудың шоғырлану жүйесі.
Логистиканың мақсаты – еңбек, материалдық, қаржы ресурстарының барынша
төмен мүмкінді жиынтық шығындарында тұтынушыға керек уақытта және орнына
өнімді (тауарды) жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Дәл уақытында
материалдарды, шикізатты, дайын өнімді жеткізу бүкіл экономикалық жүйенің
қызмет етуіне жағымды әсерін тигізеді, оларды қалыптастыру және ұстау
бойынша материалдық қорларды және шығандарды, өндірістің және айналымның
жалпы шығандарын маңызды қысқартады. Логистика, маркетинг сияқты
тұтынушының мүддесінен шығады.
Логистикалық қызметтің мақсаты алты шартты орындағанда шешіледі:
1) керекті тауар;
2) керекті сапада;
3) керекті санда жеткізілген;
4) керекті уақытта;
5) керекті жерге;
6) төмен шығындарымен.
Логистиканы зерттеу объектісі - өндірістік-коммерциялық іс-әрекетке
себеп болатын материалдық және соған сәйкес қаржы, ақпараттық ағымдар болып
табылады.
Логистикалық әдіс зерттеудің жаңа объектісін (ағымдың) енгізуді талап
етеді, оның анықтамасын келтірейік. Ағым – біріңғай тұтыс ретінде
қабылданатын, бір уақыт интервалында үрдіс ретінде өмір сүретін және
белгіленген уақыт мерзімде абсалютты бірлікте өлшенетін объектілер
жиынтығы. Ағым ендігі параметрлермен сипатталады: бастапқы және соңғы
нүктелер, жылдамдық, уақыт, траектория, жолдың ұзындығы, қарқындылығы.
Ағымның қарқындылығы – уақыт бірлігінде пунктер (мекендер) арқылы өтетін
ағымның объектілер саны.
Логистика әртүрлі ағымдармен жұмыс жасайды – материалдық, көліктік,
қаржы, энергетикалық, ақпараттық, адамдар. Жие логистикада материалдық
ағыммен жұмыс жасайды.
Материалдық ағым – логистикалық (тасымалдау, қоймада сақтау) және
технологиялық (механикалық өңдеу, жинау) операцияларды қосу үрдісінде
қарастыратын жүктердің, қосалқылардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың
жиынтығы.
Материалдық ағым өнімді өңдеу, түйеу-түсіру операциялары, тасымалдау,
қоймада жинау және сақтау үрдістерімен сипатталады.
Логистиканың зерттеу пәні - өндірістік-коммерциялық іс-әрекетке себеп
болатын материалдық және соған сәйкес қаржы, ақпараттық ағымдарды
үйлесімділеу болып табылады. Тұтас біріңғай позициясынан жүйелі
үйлесімділеу орындалады, яғни барлық логистикалық жүйеде шығындарды барынша
төмендету.
Логистикалық жүйе ендігідей ірі блоктарды қамтиды: көлікпен қамтамасыз
етілген жеткізу (кәсіпорындарға өнімді жеткізу), өндіріс, көлікпен
қамтамасыз етілген өнімді өткізу (тұтынушыларға өнімді жеткізу). Осыған
байланысты логистиканың ендігі функционалдық салалары бөлінеді: өнімді
дайындау немесе өнімді толайым сатып алумен байланысты логистика; өндіріс
логисикасы; өнімді өткізуге, іске асыруға маманданған логистика.
Өндіріс логистикасы – кәсіпорын ішінде материалдық ағымдар қимылының
үрдісін қамтитын логистиканың саласы.
Коммерциялық логистика термины пайдалану саласын ғана білдірмейді
(шикі заттарды және материалдарды сатып алу бойынша коммерциялық іс-әрекет,
дайын өнімді өткізу), сондай-ақ прагматикалық мақсатты да білдіреді,
шығындарды төмендету, пайданы өсіру, фирманың бәсекеге қабілеттілігін
көтеру.
Материалдық ағымды өңдеу көзқарасынан, логистикада ендігі салаларды
бөлуге болады: қорлар, өнімді тасымалдау, қоймаға жинау, қоймада өңдеу және
материалдық ағымның ақпараттық қамтамасыз етілуі (1.1 кесте).
Кесте-1 Әртүрлі салаларда шешілетін логистиканың негізгі мақсаттары
№ Логистика саласы Негізгі мақсаты
1 Өндіріс Концепцияны қалыптастыру және логистикалық
ұйымға және өндірісті басқаруға көшу.
2 Қорлар Жоспарлау, қажетті материалдық қорларды
қалыптастыру және ұстау.
3 Өнімді тасымалдау Көлік түрін, көлік құралын таңдау, өнімді
жеткізуді жоспарлау және бақылау.
4 Қоймада жинау және Қоймада орналастырудың нұсқасын таңдау,
қоймада өңдеу қоймада өңдеуді басқару, қораптау.
Логистикалық тізбек – ендігі басты тізбектерді бөлу арқылы:
материалдарды, шикі заттарды және шала фабрикаттарды жеткізу; өнімді және
шикі затты сақтау; тауарды өндіру; тарату, дайын өнімді қоймадан тұтыну
орнына дейін жеткізу сияқты, материалдық ағымдардың қимылы өтетін арқылы
логистикалық тізбектердің жиынтығы.
Логистикалық жүйеде әртүрлі операцияларды жоспарлау және элементтерді
талдау логистиканы ендігі түрлерге бөлді: макрологистика, мезологистика
және микрологистика.
Макрологистика – жабдықтаушылар және тұтынушылар нарығын талдаумен,
таратудың жалпы концепциясын өңдеумен, қызмет көрсету жерінде қоймаларды
орналастырумен, көлік және көлік құралдарын таңдаумен, тасымалдау үрдісін
ұйымдастырумен, материалдық ағымдарды, шикі затты, материалдарды және шала
фабрикаттарды орындарын ұтымды бағыттаумен, дайын өнімді жеткізу орнын
ұйымдастырумен, тауар қимылының транзиттік немесе қоймалық әдісін таңдаумен
байланысты мәселелерді шешетін логистика саласы.
Мезологистика – бір саладағы бірнеше фирмаларды бір жүйеге
шоғырландыратын логистика саласы.
Микрологистика – логистиканың бөлек тізбектер және элементтер
шеңберінде жергілікті мәселелерді шешетін және ішкі өндірістік денгейде
материалдық және ақпараттық ағымдардың басқаруын жүргізетін логистика
саласы. Мысалы, кәсіпорын шеңберінде тиеу-арту, тасымалдау-қоймада жинау
сияқты логистикалық операцияларды жоспарлау. Микрологистика кәсіпорын
ішінде өнімді жоспарлау, дайындау, іске асыру және басқару үрдісі бойынша
операцияларды қамтамасыз етеді.
Логистикалық әдісті қолдануға дейін жеткізу - өндіріс - тасымалдау
жүйесінде тиімділікті бағалау критерийі, әр тізбекте мақсатты функция
шығындарды төмендетуге бағытталған:
L=minШж+minШө+minШт, (1)
мұнда L – мақсатты функция, Шж, Шө, Шт – жабдықтау, өндіріс,
тасымалдау шығындары.
Логистикалық әдіс шығындарды бөлек қараудан бастартуға бағытталған,
оның орнына жаңа критерий келді – белгіленген шығындар соммасының барынша
төмен критерийі, онда В.Парето қолайлы критерийі қолданады, ол нақты объект
бойынша ұсынған шешім жүйенің жалпы күйін жақсартынын тексеруге мүмкіндік
береді. Бұл жағдайда мақсатты функцияның түрі:
L=min(Шж+Шө+Шт). (2)
Сүйтіп, логистика жиынтықта өндіріс және айналымның бар саласын тиімді
етуге бағытталған.
Бизнесті ұйымдастыру денгейінде логистикалық функциялар арасында
базистік, негізгі және демеу беретін қызметтерді бөлеміз. Базистік
логистикалық қызметтерге жатындар: жабдықтау, өндіріс және өткізу.
Көрсетілген үш логистикалық қызметті кез-келген таур өндіруші орындайды.
Бизнестің логиситикалық концепциясын, оның маркетингтік және интегралдық
парадигмаларын түсіну үшін базистік логистикалық қызметтерді бөлген
маңызды.
Негізгі логистикалық қызметтер ретінде ендігілерді бөледі:
• тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандартпен ұстану;
• сатып алуларды басқару;
• тасымалдау;
• қорларды басқару;
• тапсырыстар процедурасын басқару;
• өндіріс процедураларын басқару;
• баға құру;
• физикалық таратып бөлу.
Тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандартпен ұстану, берілген денгейде
өнім сапасымен, тауарларды дистрибьютерлеу және сатудан соң сервистік
қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кез-келген батыс фирмасының логистикалық
менеджменттің алғашқы мақсаты болып табылады. Шетелде сапаны жаппай басқару
иделогогиясы, ISO-9000 серия стандарты арқылы тауарларды және қызметтерді
міндетті сертификаттау кеңінен тарады.
Логистикалық менеджменте өндірістік мақсаттарды қамтамасыз ету үшін
материалдық ресурстарды сатып алу процедурасына үлкен назар аударылады.
Фирмада сатып алуларды ұйымдастыру және басқару өзіне материалдық
ресурстардың жабдықтаушыларын таңдау, ресурстар қажеттіліктерін жоспарлау,
оларды жеткізуде ұтымды мерзімдерін және көлемдерін анықтау, келісім шарт
жұмыстарын ұйымдастыру, фирманың өндірістік бөлімшелеріне материалдық
ресурстарды жеткізу үшін жеткізіп беру формаларын және көлік үлгілерін
таңдау және т.с.с. мақсаттар кешенін қамтиды.
Негізгі кешенді логистикалық қызметтерінің бірі тасымалдау болып
табылады. Тасымалдаусыз материалдық ағым болмайды. Тасымалдау үрдісі кең
мағынада қарастырылады. Тасымалдауды басқару тасымалдаушыны және
экспедиторды (жөнелтушіні) таңдау, көлік түрін таңдау, ұтымды маршруттарды
анықтау, белгіленген жүк түріне көлік құралын таңдау және т.б. міндеттерді
шешуді қарастырады.
Материалдық ресурстардың және дайын өнімнің қорларын басқару
жабдықтауда, өндірісте және өнімді өткізуде қорлар денгейін жасау, бақылау
және реттеу үрдісі. Әдетте, материалдық ресурстардың жабдықтаушылары және
өндіріс арасында, бір жағынан, өндіріс және дайын өнім тұтынушылары
арасында, екінші жағынан, аралық рольді (буфердің) ойнайтын, материалдық
ресурстар және дайын өнім қорларына белгіленген қажеттілік бар. Өнім
өндірісі үрдісінде материалдық ресурстардың тапшылығының немесе
тұтынушылардың дайын өнімге қанағаттандырылмаған сұраныстың пайда болатын
тәуекелдігін төмендетіп, тауарлы-материалдық құндылықтардың бизнесін
ұйымдастыруда қаржы ресурстарын жұмсамай тоқтатуы, экономикаға қорлар теріс
әсерін тигізеді. Сондықтан логистикалық менеджменттің маңызды міндеті талап
етілген денгейде тұтынушыларға қызмет көрсетудің қамтамасыз етулінде
логистикалық тізбектерде және жүйелерде қорлар денгейін оңтайландыру.
Тапсырыстар процедурасын басқару қызметі тапсырыстарды алу және оңдеу
тәртібін, тұтынушыға дайны өнімді немесе қызмет көрсетуді алу уақытының
сәтін, тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу және сату бойынша фирмалық тарату
жүйесінің немесе логистикалық делдалдардың жұмысын анықтайды.
Өндіріс процедураларын басқару, немесе операциялық менеджмент (Батыста
солай атайды), өнім өндірісінде негізгі логистикалық қызметті атқарады.
Логистика позициясынан операциялық менеджменттің маңызы дайын өнімді
шығарудың технологиялық үрдісінде бітпеген өндірістің және материалдық
ресурстардың ағымын тиімді басқару (шығындарды төмендету және өнім сапасын
көтеру көз қарасынан). Мұнда бітпеген өндірістің және материалдық
ресурстардың қорлар денгейін барынша төмендету, материалдық ресурстарда
қажеттіліктерді жобалау, өндіріс циклының ұзақтығын қысқарту және көлемдік-
күнтізбелік жоспарлаудың логистикалық міндеттері үлкен маңызға ие.
Негізгі логистикалық қызметтердің біріне баға құру да жатады. Баға
құру стратегиясы өнімді өндіруші-фирманың маркетингтік және логистикалық
стратегиялармен тығыз байланысты. Логистикалық стратегия дайын өнім
бағасының негізін құрайтын жалпы логистикалық шығындар денгейіне бағыт
береді, ал маркетингтік стратегияға нарық конъюнктурасымен, бәсекелес
бағалар денгейімен және сұраныс жобаларымен анықталатын, тұтынушыға
сатылатын дайын өнімнің соңғы бағасы және жоспарланған рентабельдік денгейі
байланысты.
Демеу беретін логистикалық қызметтерге жататындар: қоймада жинау,
жүкті қайта өңдеу, қорғайтын орауыш, тауардың қайтуын қамтамасыз ету,
қосымша бөлшектермен қамтамасыз ету және сервистік қызмет көрсету,
қайтарылған қалдықтарды жинау, ақпараттық-компьютерлік қолдау.
Қоймада жинау қорларды кеңістіктерде орналастыруды басқарудың
логистикалық қызметі және қоймалардың санын, үлгісін және орналасуын
анықтау, материалдық ресурстардың, дайын өнімдердің сақтау көлемін, қоларды
орналастыруды жоспарлау, тасымалдау, сорттау, жүкті арту - жүкті түсіру
аймақтарын жобалау, жүкті арту - жүкті түсіру және т.б. қойма жабдықтарын
таңдау сияқты міндеттерді орындауды қарастырады.
Жүкті қайта өңдеу қоймада жинаумен бірге орындалады және қорларды
демеу қызметімен қамтамасыз етеді. Жүкті қайта өңдеу үрдісінің логистикалық
операциялары – қоймада материалдық ресуртарды және дайын өнімді орнынан
жылжыту, қойма стеллаждарында өнімді орналастыру және т.б.
Өндірушілердің дайын өнімін дистрибьюттау үрдісінде тұтынушыларға
әртүрлі көлік түрлерімен жеткізуде жүктің сақталуын қамтамасыз ететін
қорғау орауышы маңызды роль атқарады. Және де маркетингте орауыш үлкен
мағынаға ие, себебі тұтынушы сұранысы оның тартымдылығына байланысты.
Логистикалық демеу қызметтеріне, сондай-ақ тұтынушыны бір себептен
қанағаттандырмаған немесе кепілдік қызмет мерзімі өтпеген тауарларды
қайтару процедурасын айтады.
Фирмада логистиканың міндетттерін бизнестің стратегиялық мақсаттарынан
бөлек қарастырмау керек. Бұл мағынада Батыста, өнімнің (қызметтің)
өтімділік нарығында фирманың философиясын анықтайтын, миссия деген
түсінікпен пайдаланады. Фирманың миссиясын анықтауда оның басшы менеджменті
екі түрлі сұраққа жауап беру керек: қазіргі уақытта фирма өзімен нені
білдіреді және оның дамуының негізгі бағыттары қандай? Сүйтіп, миссия –
негізгі іргетас, ол фирманың барлық стратегиялық және тактикалық
мақсаттарын және міндеттерін, солардың негізінде қабылданатын шешімдерді
анықтайды.
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму кезеңінде көптеген фирмалардың
миссиялары, шетелде жаппай сапаны басқару философиясы кеңінен тарағаннан,
тауардың және қызметтің сапасымен тұтынушылардың талаптарын барынша
қанағаттандыру мақсатына ие. Логистиканың әлеуеті бәсекені күшейту
шарттарында стратегиялық фактор болып, фирманың миссия шеңберінде
мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған орай шетелде логистикалық
миссияны жеті R ережесі ретінде, немесе логистикалық микс деп атайды
(маркетингтік микске ұқсас): ensuring the availability of the right
product, in the right quantity and the right condition, at the right place,
at the right time, for the right customer, at the right cost, оны
аударғанда төмен шығындармен нақты тұтынушыға орнатылған уақытта, керек
орынға (мекенге) талап етілген санда және берілген сапада керек өнімнің бар
болуын қамтамасыз ету. Жеті R ережесінде бизнесті ұйымдастырудың
логистикалық миссияның маңызды белгілері көрсетілген, оның негізгілері өнім
сапасы, уақыт және шығындар. Фирма жалпы маркетингтік және өндірістік
стратегияларға қарама-қарсы келмейтін логистикалық миссияны өңдеу керек.
Фирмада логистиканың мақсаты бизнесте ұзақ мерзімді табысқа жетудің негізі
ретінде материалдық және сервистік ағымдардың жалпы менеджментін қамтамасыз
ету болып табылады.
Фирманың сыртқы ортасының факторларын саяси, экономикалық, құқықтық,
технологиялық, әлеуметтік және экологиялыққа бөлуге болады. Саяси
факторлар, елдегі және дүние жүзіндегі жалпы саяси жағдайларды айқындай
отырып, фирманың стратегиялық құлығын анықтап, бизнесті ұйымдастыруға
маңызды әсерін тигізеді, мысалы бизесті кенейту немесе тежеу бойынша
стратегиялық шешімдерді қабылдау, инвестициялық және қаржы саясатында, т.б.
Экономикалық факторларды көпаспекті жоспарда қарастыру керек:
- жалпы елдің экономикасы денгейінде макроэкономикалық көрсеткіштер
тұрғысында (ұлттық валюта курсы, инфляция денгейі, ЖҰӨ қосымша өнімнің
орташа темпісі, өнеркәсіп өндірістің даму темпілері, биржалық индикаторлар,
т.б.);
- салалық және өңірлік денгейлерде (бөлек салалардың және территориялардың
даму темпілері және шектеулері, салаларда және өңірлерде инвестициялық
саясат, т.б.);
- өндіріс факторлары нарықтарының (еңбек нарығы, жерді пайдалану, капитал),
қаржы нарықтарының, банк жүйесінің тұрғысында;
- тауарлар және қызметтер нарығында сұранысты және ұсынысты талдау, мүмкін
бәсекелестерді талдау тұрғысынан және т.б.
Құқықтық факторлар заң шығару нормалармен анықталады. Қазақстанда
логистиканың құқықтық базасының негізі ҚР Конституциясы, Азаматтық кодекс,
салық, кеден заңдары, банк, биржалар туралы заңдар, т.б.
Технологиялық факторлар тобы логистика үшін маңызды, олар елдің ғылыми-
техникалық әлеуетінің жалпы денгейін, экономиканың бөлек салаларының және
инфрақұрылымының технологиялық денгейін сипаттайды. Логистикалық
концепцияны жылжыту үшін көліктің және телекоммуникацияның, ақпараттық-
компьютерлік жүйелердің, икемді автоматтандырылған өндірістердің, т.б. даму
денгейі маңызды рольге ие.
Логистиканы дамыту үшін әлеуметтік факторлар (халық миграциясы, жұмыс
және еркін уақыт құрылымының өсіңкілігі, еңбек ресурстарының құрылымы,
мәдениет денгейі, т.б.), сондай-ақ қоршаған ортаны ластауды төмендетуде
көлік және көлік коммуникацияның дамуымен байланысты экологиялық факторлар
да басымды мағызға ие.
Ішкі фирмалық ортаның факторлары: функционалдық өндіріс, маркетинг,
қаржы салалары, еңбек ресурстары, жоғары басқару персоналы.
Концепция – қандай-бір құбылыстарды, үрдістерді түсінудің жүйелік
көзқарасы (шетел сөздер сөздігінен). Материалдық ағымдарды тиімді басқару
арқылы шаруашылық іс-әрекетті жетілдірудің көзқарастар жүйесі логистиканың
концепциясы болып табылады. Оның негізгі ой желістерін қарастырайық.
Жүйелік әдісті іске асыру принципы. Экономикада материалдық ағымдар
көптеген қатысушылардың іс-әрекеті нәтижесінде жиналады, олардың әрқайсысы
өз мақсатын көздейді. Егер барлық қатысушылар бірлескен объектіні басқару
ұтымды ету мақсатында өз іс-әрекеттерін келістере алса, онда барлығы бірге
маңызды экономикалық табысқа жетеді.
Логистикалық тізбектің бойында логистикалық шығындарды есепке алу.
Логистиканың негізгі мақсатының бірі – шикі заттың алғашқы көзінен соңғы
тұтынушыға дейін материалдық ағымдарды жеткізу бойынша шығындарды басқару.
Бірақ шығындарды нақты өлшегенде ғана оларды басқару мүмкін. Сондықтан
логистикалық үрдістердің қатысушыларының өндіріс және айналым шығындарын
есептеу жүйесі логистикалық қызметтерді іске асыру үрдісінде пайда болатын
шығындарды бөлу керек, маңызды шығындар туралы ақпараттарды қалыптастыру
керек. Аталған шартты сақтағанда логистикалық жүйенің оптималды нұсқасының
маңызды көрсеткішін пайдалану мүмкіндігі туындайды – логистикалық тізбектің
бойында жиынтық шығындарды барынша төмендету.
Универсалды технологиялық және көтергіш-көлік жабдықтауды шығарудан
бас тарту. Нақты шарттарға сәйкес жабдықтаумен пайдалану.
Технологиялық үрдістерді жетілдіру, заманауи еңбек шарттарын жасау.
Логистикалық жүйелердің маңызды элементтерінің бірі кадрлар болып табылады,
яғни өз қызметтерін орындауға қажетті жауапкершілік дәрежесіне қабілетті
маманды оқытылған персонал. Материалдық ағымдарды басқару саласында іс-
әрекеттің қоғамдық маңыздылығын күшейте отырып, логистикалық әдіс жоғары
еңбек әлеуетіне ие, салаға кадрларды тарту үшін объективтік жағдайлар
жасайды.
Логистикалық сервисті дамыту. Нарықта өз нишасын қалай алуға болады:
- тауар сапасын көтеріп;
- жаңа тауарды шығарып;
- логистикалық сервис денгейін көтеріп.
Алғашқы екі стратегиямен қолдану үлкен капиталды салу қажеттілігімен
шектеледі. Үшінші жол едәуір арзан. Сондықтан көптеген кәсіпкерлер
бәсекелестік қабілетті көтеру құралы ретінде логистикалық сервиске
жүгінеді.
Қоршаған ортаның белгісіздік шарттарында логистикалық жүйелердің
бейімделу қабілеті. Әртүрлі тауарлардың және қызметтердің көп санда пайда
болуы, оларға деген сұраныстың белгісіздік деңгейін көтереді, логистикалық
жүйелерден өтетін материалдық ағымдардың сандық және сапалық
сипаттамаларының күрт тұрақсыздануына себеп болады. Осы шарттарда
логистикалық жүйелердің қоршаған орта өзгерісіне бейімделу қабілеті нарықта
тұрақты жағдайдың маңызды факторы болып табылады.
Логистикада зерттеудің, басқарудың және оңтайландырудың (оптимизация)
негізгі объектісі материалдық ағым болып табылады.
Логистиканың анықтамасы кең және тар мағынада беріледі. Логистика, кең
мағынада – алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгіленген микро-, мезо-
немесе макроэкономикалық жүйеде материалдық ағымдарды, қызметтер ағымын
және солармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын басқару және
оңтайландыру туралы ғылым. Тар мағынада (бизнес позициясынан), логистика –
материалдық және сервистік ағымдарды, солармен бірге жүретін ақпарат және
қаржы құралдарын тиімді басқару арқылы (жалпы шығындарды төмендету және
соңғы тұтынушылардың сапалы өнімге және қызметке талаптарын қанағаттандыру)
бизнесті ұйымдастыруда стратегиялық, тактикалық немесе оперативтік
мақсаттарға жетуге ықпал ететін менеджменттің интегралдық құралы.
Материалдық ағымдардың өмір сүру формасы сатып алу, өндіріс және
өткізу үрдістерінде нақты өнімдердің (материалдық ресурстардың, бітпеген
өндірістің, дайын өнімнің) қимылы болу керек. Сондықтан материалдық ағымды
материалдық ресурстарды, бітпеген өндірісті, дайын өнімді қимыл күйінде
деп анықтаймыз, оларға кеңістікте физикалық жылжумен (өнімді арту, түйі,
тараға салу, тасымалдау, сорттау, т.б.) байланысты логистикалық операциялар
немесе қызметтер қолданады. Материалдық ресурстар (МР) деп еңбек заттарын
түсінеміз: шикі зат, негізгі және қосымша материалдар, шала фабрикаттар,
отын, жөндеуге арналған бөлшектер. Бітпеген өндіріс (БӨ) – берілген
кәсіпорын шеңберінде өндіріспен бітпеген өнім. Дайын өнім (ДӨ) – берілген
кәсіпорында өндіріс циклынан толық өткен, толық жасақталған, техникалық
бақылауды өткен, қоймаға берілген немесе тұтынушыға (сауда делдалына)
түсірілген өнім.
Логистикалық операция деп зерттеумен немесе менеджментпен қойылған
мақсаттар шеңберінде, материалдық және сонымен бірге жүретін ақпараттық,
қаржы және сервистік ағымдардың пайда болуымен, қайта өзгеруімен немесе
жойылуымен байланысты әрі қарай өзгертуге келмейтін қандай-да бір іс-
әрекет. Логисткалық қызмет деп логистикалық жүйе және оның тізбектері
алдында қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған жеке логистикалық
операциялардың жиынтығы.
Айналым саласында материалдық ағымдардың логистикалық операциялары –
жүкті арту, түсіру, тасымалдау, жасақтау, қоймаға қою, тарату, тараға салу
операциялары.
Өндіріс саласында материалдық ағымдардың логистикалық операциялары –
тапсырыстарды орналастыру, қойманы басқару, жабдықтауды, өнімді және
жеткізушіні таңдау, өндіріс үрдісін жоспарлау, қорларды есептеу және
басқару.
Ақпараттық ағымдардың логистикалық операциялары – ақпараттық жүйені
жасау, осы жүйе шеңберінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша
іс-әрекет ету.
Қаржы ағымдардың логистикалық операциялары – экономикалық іс-әрекеттің
барлық кезеңдерінде құндық талдау жасау, барлық бағдарламалар үшін және
оның бөлек миссияларының, материалдық және ақпараттық ағымдардың
операциялары үшін бюджеттер жасау, ақша формасында көрсетілген қорларды
және шығындарды бақылау.
Экономикалық жүйеге кіруде және шығуда тауарға меншік құқығы,
сақтандыру тәуекелдігі беріледі. Меншік құқығын бермейтін операцияларды бір
жақты дейді, меншік құқығын беретінді – екі жақты деп атайды.
Логистикалық операциялар сыртқы және ішкі болады. Сыртқы операциялар
жабдықтау үрдісін, жеткізушілермен өзара іс-әрекетті, дайын өнімді таратуды
қамтамасыз етеді.
Логистикалық операциялар жіктемесі 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2. Логистикалық операциялардың жіктеу кестесі.
Жіктеу нышаны Логистикалық операциялар түрі
Меншік құқығын беру Бір жақты
Екі жақты
Жүк бірлігінің қасиеттерінің Қосымша құн қосу
өзгерісі Қосымша құнды қоспау
Жүйеге қатысы Сыртқы операция
Ішкі операция
Логистикалық операцияның объектісіМатериалдық ағым
Ақпараттық ағым
Қаржы ағымы
Ескерту- автормен жасалған
Логистикалық жүйе – материалдық және сонымен бірге жүретін ағымдарды
біріңғай басқару үрдісінде өзара байланысқан элементтер-тізбектерден
тұратын, күрделі, ұйымдасып, біткен, экономикалық жүйе, мұнда тізбектердің
қызмет ету мақсаты бизнесті ұйымдастырудың ішкі және сыртқы мақсаттарында
біріккен.
Қандай-да бір логистикалық жүйе элементтер-тізбектерінен тұрады,
олардың арасында белгіленген функционалдық байланыстар және қатынастар
орнатылған. Логистикалық жүйенің тізбегі деп белгіленген логистикалық
операциялармен байланысты, өзінің жергілікті мақсатын орындайтын, талдаудың
қойылған мақсаты шеңберінде әрі қарай жасақтауды қажет етпейтін, бір
экономикалық және функционалды жеке объект.
Логистиканың әдістемесі, логистикалық жүйелер және олардың элементтері
Логистиканың және логистикалық менеджменттің заманауи теориясы
концептуалдық жоспарда ендігі әдістемеде негізделеді: экономикалық талдау;
кибернетикалық әдіс; операцияларды зерттеу; экономикалық-математикалық
модельдеу.
Әртүрлі экономикалық деңгейде логистикалық жүйелерді және басқару
әдістерін талдауда және жобалауда пайда болатын нақты мәселелерді шешуде
бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау, функционалды-құндық талдау, макро- және
микроэкономиканың, жобалаудың, модельдеудің әдістері қолданады.
Логистиканың ғылыми базасын кең спектірлі пәндер құрайды:
- математика (ықтималдық теороиясы, математикалық статистика,
кездейсоқ үрдістердің теориясы, оңтайландырудың математикалық теориясы,
функционалдық талдау, матрицалар теориясы, факторлық талдау, т.б.);
- операцияларды зерттеу (оңтайландырудың математикалық әдістері
(сызықтық, сызықтық емес және өсіңкілік бағдарлама жасау, ойындар теориясы,
статистикалық шешімдер теориясы), жалпыға қызмет көрсету теориялары,
қорларды басқару, имитациялық модельдеу әдістері, торабтық жоспарлау,
т.б.);
- техникалық кибернетика (үлкен жүйелер теориясы, жоба жасау,
басқарудың жалпы теориясы, автоматтық реттеу теориясы, ақпараттық,
байланыс, кестелік, оңтайлы басқару теориялары, т.б.);
- экономикалық кибернетика және экономика (үйлесімді жоспарлау
теориясы, экономикалық жобалау әдістері, маркетинг, менеджмент,
стратегиялық және оперативтік жоспарлау, өндірістік (операциялық)
менеджмент, баға құру, жаппай сапаны басқару, персоналды басқару, сатуларды
ұйымдастыру, кәсіпкерлік, қаржы, бухгалтерлік есеп, жобаларды басқару,
инвестицияларды басқару, әлеуметтік психология, көлік экономикасы және
ұйымдасуы, қоймалық шаруашылық, сауда және т.б.).
Өткенді шолатын мерзімде логистикалық менеджменттің логистикалық
жүйелерін, әдістерін және тәсілдерін талдауда және жобалауда көптеген
әдістемелік принциптер өңделген, қазіргі уақытта олардың негізгілер
ендігілер:
- жүйелі әдіс, басқарудың біріңғай мақсатына жету үшін өзара
байланысты және өзара әс-әрекет ретінде логистикалық жүйенің барлық
элементтерін қарастырғанда қолданады;
- жалпы шығындар принципі, яғни логистикалық тізбекте материалдық,
ақпараттық және қаржы ағымдарын басқарудағы жиынтық шығындарды еспке алу;
- жаһандық үйлесімділеу принципі – жобаланатын логистикалық жүйеде
басқаруды немесе құрылымды үйлестіруде жаһандық үйлесімге жету үшін жүйе
элементерінің қызмет етуінің жергілікті мақсаттарын келістіру;
- логистикалық үйлестіру және интеграциялау принципі – логистикалық
менеджмент үрдісінде мақсатты функцияны іске асыруда материалдық
(ақпараттық, қаржы) ағымдарын басқаруда логистикалық жүйенің барлық
тізбектерінің келісілген, интеграциялық қатысуына жету;
- модельдеу және ақпараттық-компьютерлік қолдау принципі. Логистикалық
жүйелерде объектілерді және үрдістерді талдауда, жобалауда және үйлестіруде
кеңінен әртүрлі модельдер қолданады: математикалық, экономикалық-
математикалық, графикалық, физикалық, имитациялық (ЭЕМ-да) және т.б.
Қазіргі уақытта логистикалық менеджментті іске асыру сәйкес ақпараттық-
компьютерлік қолдаусыз мүмкін емес;
- логистикалық менеджменттің үрдісін қамтамасыз ететін: техникалық,
экономикалық, ұйымдастыру, құқықтық, кадрлық, экологиялық және т.б. жүйлер,
қажетті жүйелер кешенін өңдеу принципі;
- сапаны жаппай басқару принципі – соңғы тұтынушыға жеткізілетін
тауарлардың және қызметтердің жалпы сапасын қамтамасыз ету үшін
логистикалық жүйенің әр элементінің қызмет етуінде сенімділікті және
жұмысының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- логистикалық жүйелерде барлық қызметтерді және технологиялық
шешімдерді гуманизациялау принципі, ол деген қоршаған ортаны қорғау бойынша
экологиялық талаптарға, персонал жұмысының этикалық, эргономикалық,
әлеуметтік талаптарына сәйкес келу;
- тұрақтылық және бейімделу принципі. Логистикалық жүйе сыртқы орта
параметрлерінің және факторларының мүмкін болатын ауытқуларында тұрақты
жұмыс істеу керек (мысалы, материалдық ресурстарды сатып алу немесе жеткізу
шарттарының өзгерісінде, көлік тарифтерінің өзгерісінде, т.б.).
Логистикалық менеджмент тәжірибесінде әдістемені және теориялық
зерттеулердің нәтижелерін пайдалану үшін, осы салада ғалымдардың және
мамандардың жұмыстарын үйлестіру үшін Батыста көптеген логистикалық
қауымдастықтар, ұйымдар, ассоциациялар, институттар қызмет етеді. Жоғарыда
айтылғаннан бөлек, АҚШ-та өндірісті және қорларды басқару мәселелерінің
Американдық қоғам, менеджмент мәселелері бойынша Американдық кеңес,
тасымалдау және логистика Американдық қоғам, материалдық менеджменттің
Халықаралық қоғамы және т.б. бар. Еуропада логистикалық ұйымдардың ең
белгілері: өндіріс және қорларды басқару Британдық қоғамы, логистика және
дистрибьюторлықты басқару Институты (Ұлыбританя), логистика Орталығы
(Испания), өндірістегі логистика француздық ассоциациясы, Италия, Германия,
Швейцария және т.б. бір қатар елдерінде логистика ассоциациялары бар.
Айтылған логистикалық қоғамдастықтар Еуропалық логистикалық ассоциация
(ЕЛА) құрамына кіреді, олардың штаб-квартирасы Брюссельде орналасқан.
Модель дегеніміз логистикалық жүйенің кез келген кескіні деп түсіну
керек, оның қасиеттерін зерттеу үшін және оның құлықтарын жобалау үшін
пайдаланады.
Логистикалық жүйелерді әртүрлы жолмен модельдеуге болады және
нәтижесінде әртүрлі модельдерге келеді. Бірақ модельді жасауда ендігі жалпы
принциптерді ескеру керек:
- модельдік логистикалық жүйеге немесе оның компонентіне ұқсас,
модель құлықққа, құрылымға және қызметке ие болу керек;
- модельдік логистикалық жүйенің сәйкес параметрлерінен модель
параметрлерінің ауытқуы оның қызмет ету үрдісінде модельдеудің мүмкінді
дәлдік шеңберінен шықпау керек;
- модельді және оның құлығын зерттеу негізінде берілген модельді
жасауға пайдаланған модельді логистикалық жүйенің жаңа қасиеттерін ашу
мүмкіндігі;
- нақты логистикалық жүйеге қарағанда модельде зерттеулерді және
эксперименттерді жүргізу ыңғайлы болу керек [2].
Жоғарыда көрсетілген шарттарды ескеріп, модельде жүргізілген
зерттеулер ендігі жаңа сапалы мүмкіндіктер береді:
- зерттеулер логистикалық жүйені іске асыруға дейін, оны жобалау
және оны жасаудың, қолданудың мақсатқа лайықтылығын анықтау кезеңінде
жүргізіледі;
- зерттеулер өндірістік-өтімділік жүйенің қызмет етуіне араласуысыз
жүргізілуі мүмкін, себебі ол өте қымбат және қайтарымсыз салдары болатын
еді;
- егер эксперименттің мақсаты өндірістік-өтімділік жүйенің
материалдық ағымдарының мүмкінді көлемдерін және статистикалық, өсіңкілік
параметрлерін анықтау болса, онда модельде зерттеу жүргізу модельденетін
жүйені бұзу тәукелісіз жүргізуге болады.
Логистикалық жүйелердің модельдері әртүрлі болады және келесі түрде
жіктелуі мүмкін (Cурет 1).
Жүйелердің барлық модельдері изоморфты және гомоморфты болып бөлінеді.
Изоморфты модельдер модельденетін жүйенің барлық морфологиялық және
құлықтық ерекшеліктеріне толық балама болып табылады және оны толық
айырбастауға қабылетті. Бірақ изоморфты модельді жасауға және зерттеуге
мүмкін емес, себебі нақты жүйе туралы білімдер толық емес және ондай
модельдеудің әдістері және құралдары жеткілікті сай емес.
Сондықтан, логистикада пайдаланатын барлық модельдер гомоморфты болып
табылады. Гомоморфты модельдер модельдеу үрдісі үшін маңызды және ерекше
қатынастарда көрсетілетін объектілерге ұқсас модельдер. Логистикалық
модельдер, тиімді басқару үшін маңызды, кейбір қатынастарда ғана оригиналға
ұқсастығын қамтамасыз ететін, тек гомоморфтық модельдердің көмегімен
модельнеді.
Гомоморфтық модельдер өз кезегінде материалдық және абстрактылық-
концептуалдыққа бөлінеді.
Материалдық модельдер логистикалық басқаруда шектеулі қолданады. Ол
геометрикалық, физикалық және функционалдық сипаттамаларды оригиналда
көрсету қиын және қымбат, олармен жұмыс істеу үрдісінде мүмкіндіктері
шектелген. Сондықтан логистика үшін көп жағдайда абстратылық-концептуалдық
модельдеумен қолданады.
Абстрактылық-концепуалдық модельдер, өз кезегінде символдық және
математикалыққа бөлінеді.
Символдық модельдер зерттелетін оригиналды суреттейтін әртүрлі
ұйымдасқан белгілер, символдар, кодтар, сөздер немес сандар негізінде
жасалған. Ондай модельдерді жасау үшін модельденетін құрылымдарды және
үрдістерді сипаттайтын символдар және кодтар пайдаланады. Мысалы, модельді
тіл арқылы суреттеу үшін арнаулы жасалған сөздіктермен пайдаланады, ондағы
әр сөздің тек бір мағынасы бар.
Ондай сөздікті тезаурус деп атайды.
Мәлімет көзі: Автордың зерттеуімен құрастырылған
Cурет 1. Логистикалық жүйелер модельдерінің жіктелген құрылымы
Символдық модельдер арқылы алынған ақпаратты логистикалық басқару
жүйесінде әрі қарай пайдалану үшін өңдеу ыңғайсыз. Сондықтан логистикалық
басқару жүйесін жасау және пайдалану үшін кеңінен математикалық
модельдермен қолданады.
Математикалық модельдеу екі түрлі болады – аналитикалық және
имитациялық.
Аналитикалық модельдерді құруда аналитикалық қатынастар суреттеледі.
Бұл қатынастар теория және эксперимент арқылы алынуы мүмкін. Математикалық
модельдеудің универсалды әдісі, теория және эксперимент арқылы зерттелетін
объектіні аналитикалық суреттеу мүмкіндігі жоқ болғанда, имитациялық
модельдеумен қолдануға болады.
Имитациялық модельдеу – модельденетін жүйенің қызмет етуін компьютер
арқылы бейнелеу, яғни белгіленген операциялық ережелерге сәйкес
орындалатын, оның бір күйден екінші күйге ауысуын суреттейді. Логистикалық
жүйелердің күйінің өзгеруі дискретті уақытта, дискретті жүргізледі. Бұл
жағдай да имитациялық модельдеудің негізгі принципі өз күшінде қалады:
модельденетін жүйе күйінің өзгерісін көрсету.
Имитациялық модельді өңдеу үрдісі мәселені анықтау және зерттеу
мақсатын тұжырымдаудан басталады. Сонан соң жүйені статикалық суреттейді,
онда оның элементтері, параметрлері беріледі, өсіңкілігін суреттейді, онда
осы элементтердің өзара іс-әрекеттері беріледі, нәтижеде жүйе күйі
өзгереді.
Логистиканың ғылыми зерттеу обьектісі ретінде және кәсіпкерлік
саласында логистиканы басқару обьектісі материалдық, ақпараттық, қаржылық
және басқада ағымдар жүйесі болып табылады. Материалдық ресурстардың
қозғалысын басқарудың алғашқысынан логистиканың негізігі айырмашылығы тұтас
біріңғай қабылданатын көптеген объектілердің ағымдары.
Логистиканың басты категориясы ағын және қор болып табылады, яғни олар
бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Ұзақ мерзімде барлық ресурстардың жиынтығы
ағым түрінде көрсетіледі, ал қорлар соңғылардың жеке түрінде қарастырылады.
Бірақ прагматикалық жоспар бойынша қысқа мерзімде ағымдарды және қорларды
тең логистикалық категориялар ретінде қарастырған жөн.
Жалпы ағын - бұл ағында, топтасып тасымалдауды қажет етеді, мысалы,
темір жол, көптеген вагондар, трейллер және т.б. тасымалдаулар жатады.
Ірі ағын - бұл ағын, бірнеше вагондар немесе трейллер көмегімен
тасымалдауды қажет етеді.
Орта ағын - бұл ағын, жеке вагон немесе трейллерлер көмегімен
тасымалдауды қажет етеді.
Кіші ағын - бұл ағын жүк көлігімен тасымалдауды қажет етеді.
Ауырсалмақты ағын-бұл ағындар, жалпы жүктерді жоғарғы тығыздықпен
және шағын орын алуы тиіс.Мұндай ағындарды көбінесе теңіз
тасымалдауда 1т салмақты алады, ал темір жол тасымалдауында 0,5т
салмақты алады.
Жеңіл салмақты ағын-бұл ағындар, жалпы жүктердің тығыздығы аз
болуы тиіс,жеңіл салмақты жүктерді таситын көліктер болуы керек.
Мұндай ағындарға 1т жүк 2куб м болғаны жөн.
Ұнтақталған жүктер-мұндай ағында арнайы тасымалдаушы жабдықтар
керек; бункерлік вагон,контейнер, трейллер және т.б.жатады. Көбінесе
осындай ағындарға бидай жатады.
Шашыраңқы жүктер-арнайы тасымалдау жабдығын қажет етпейді. Осындай
түрдегі жүктерге руда, көмірді жатқызуға болады.
Жеке тауар жүктері-жалпы түрде физикалық және химикалық
құрамдардан тұрады. Оларды жеке бөлу арқылы (жәшік, қораптарға және
т.б.) және бөлмей арқылы ( жалдау, ұзын жүктер және т.б.)
тасымалдайды.
Құймалы жүктер-бұл жүктер цистерндерге құю арқылы
тасымалданады.
Маңызды параметрлер, ағындардың материал және басқа да түрімен
көрсетеді;
- транспорттық масса М.
- транспорттық жол L
- транспорттық уақыт Т
Логистикада транспорттық масса скалярлық және векторлық болып
бөлінеді.Біріншіден, ағынның жалпы бірліктердің құрамы шектеліп
отырады.Сұранысын басқару немесе факт түрде болып транспорт түрін
көрсетпейді.Екіншіден, нақты көрсетілген ақпараттардың шыққан
нүктелерден және берілген материалдық ағындарды қарастыру арқылы
көрсетіледі.
Транспоттық жол-логистикалық кестеде тасымалды ұйымдастыру
тікелей сызықтық векторы бойынша көрсетілген, бірақ онда шынайы
тасымалдау жолының маршрутында көрсетеді.
Транспоттық уақыт-бұл уақытта, тасымалдау процесстердің басталу
және аяқталу уақыты көрсетіледі.Көбінесе мұнда транспорттық массасының
қозғалысын және дәл сол жолда тұрған трансмассасының жалпы уақыты
арқылы ажыратады.
Кей жағдайларда транспорттық жұмыс түсінігін қолданады. Сонымен
бірге векторлық транспорт жолын, транспорт массасын скалярлық
кәсіпорын негізде ажыратылады.
Материалдық ағын - бұл өнімдер (жүк түрі, тауар-материал құндылығы)
логистикалық түрінде берілген процесстерін қарастыру(сақтау, транспорттау
және т.б.) немесе технологиялық (өңдеу,жөндеу және т.б.) операциялары және
интервалдары белгілі бір уақытқа байланысты.Ағындық материал интервал
уақытына емес, нақты уақытында ғана материал қорына көшеді.
Сыртқы ағындық материал - ағындық материал сыртқы ортаға көшу
(логистикалық жүйелердің ара қатынасына байланысты)
Ішкі ағындық материал - ағындық материал логистикалық жүйенің ішкі
бөлігі.
Ену ағындық материал - сыртқы ағындық материалдың логистикалық
жүйелердің ішкі ортасына ену бөлігі.
Шығу ағындық материал - сыртқы ағындық материалдың, логистикалық
жүйелердің ішкі ортасынан шығу бөлігі.
Жүк ағыны - жүктердің көлемі, жеткізілген транспорт түрлерінің белгілі
бір бағытқа бағытталған нүктеге жеткізуді ұйымдастыру (әр жыл сайын).
Қаржылық ағын - әрдайым әртүрлі өндірістік ұйымдарда, шаруашылық
жүргізуші субьектілермен жұмыс жасай береді. Бір жағынан тәжірибеде
көрсетілгендей қозғалыс эффективтілігі материалдарды басқарудағы
логистикалық принципі және қаржылық ресурсына қолдануға болады. Жаңа
экономикалық категория логистикалық ағындардың қаржысын пайда болуына алып
келді. Логистиканның ағындық қаржысы тауар ағындарының қозғалысының
эффективтілігін қамтамасыз етіп, құралады.Мұндай кезде ең алдымен қызмет
көрсету процесстерінің өзгеру яғни тасымалдау жағынан ерекшеленеді,сонымен
бірге тауар материал ағындарының байланыс уақында немесе тауар-шикізат
құндылығымен әрекеттеседі. Осындай жағдайда ағындық қаржы логистикада
қаржы бөлігінің қозғалысы деп түсінеміз, сонымен қатар логистикалық
жүйелердің сыртқы ортасының арасындағы айналуы. Тауар ағындарын эффективті
қозғалысын қамсыздандыру. Осыдан кейін келесілерді іс-әрекеттерді жатқызуға
болады [3]:
- біріншіден, логистикалық ағынды қаржы-бұл жай ғана қаржылық
ресурстары емес қозғалыс бағыты болып табылады.
- екіншіден, қаржылық ресурстардың қозғалысын логистикалық ағын
тауарын ауыстыруды қамсыздандыру қызметіне бағыттау.
- үшіншіден, қаржылық ресурс қозғалысы логистикалық жүйеде немесе
сыртқы ортада пайда болады.
Логистиканың ағындық қаржысы құрамына қарай бір текті емес, олар
көрсетілген бағытына және басқада белгілеріне де байланысты. Қаржылық ағын
классификациясы логистиканың келесі маңызды белгілері бойынша қолданады:
логистикалық жүйелердің қарым-қатынасымен, қозғалыс бағыты, нұсқау,
аванстық құндылықтарды тасымалдау жолдары,есептеу формасы.
Логистикалық жүйенің нақты қатынасы қаржылық ағындардың ішкі және
сыртқы ортасында ажыратылады. Сыртқы қаржылық ағын сыртқы ортаға
логистикалық жүйесінің шекарасынан өтеді. Ішкі қаржылық ағын логистикалық
жүйенің ішкі және тауар ағындарының логистикалық операциядағы жалпы
бөлімдердің қарым-қатынас түрлерінің өзгерісін есептеу болып саналады. Өз
тәртібімен, логистикалық ағынның қаржы қозғалысын бағыттау шығу және кіру
ағындық қаржысы болып бөлінеді.
Нұсқау бойынша логистикалық ағындық қаржыны келесі топтарға бөлуге
болады;
- ағындық қаржы
- инвестициялық ағындардың қаржысы
- ағындық қаржылардың жұмыс күшін іске қосу
- ағындық қаржы кәсіпорын процесіндегі өндіріс қызметтерін материал
шығындармен байланысты жоспарлау
- ағындық қаржы ,тауарды сату процесіне қатысу
Тасымалдау тәсілі-аванстық құндылғы логистикалық тауар ағындық
қаржысы, ағындық қаржылық ресурс болып бөлінеді. Өндірістің маңызды қорлар
қаржысында қатысады. (Оларға инвестициялық ағындық қаржы
бөлшегі,материалдық шығындар байланысы). Сонымен қатар өндіріс құралдардың
айналым қозғалысынмен серікттесу (оларға классификациялық нұсқау бойынша
бөлінген ағындық қаржылардың қалған топтары жатады). Ағындық қоржынның
тәуелсіз қабылданған барлық форм есебі логистикада 2 үлкен топқа
бөлінеді;
- Ақшалай ағындық қаржы, ақшалай түрдегі қаржы құралының қозғалысын
негіздеді.
- Ағындық ақпараттық-қаржы, ақшалай емес түрдегі қаржы құралының
қозғалысын қамтамасыз ету.
Қаржының қызмет көрсетудегі басты құралы логистикада ағын тауарлар
қозғалысын қаржы ресурстарын керекті уақытына дейін, қызмет көрсету болып
саналады.Қандай да бір қарапайым жағдайда ағын тауарына өзінің жалғыз ағын
қаржысына сәйкес келеді.
Мысалы: Кәсіпорын-сатушы, кәсіпорын шарттың басты бөлігінде өнімді
сату жайлы талап қояды, кәсіпорын-сатушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz