Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 4

I ТАРАУ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС

ОРЫНДАРЫ . . . 6

1. 1. Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру қажеттілігі . . . 6

1. 2. Автоматтандырылған жұмыс орындары принциптерінің

анализі . . . 8

1. 3. АОЖ-лардың классификациясы . . . 13

1. 4. МҚЖБ-нің архитектурасы . . . 16

1. 5. Мәліметтердің реляциялық құрылымы . . . 18

II ТАРАУ. ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ . . . 25

2. 1. Delphi программалау ортасы . . . 25

2. 2. MS Access-те берілгендер қорын құру . . . 36

2. 3. Қосымшаның Бас формасын сипаттау . . . 38

2. 4. Оқырман режимінде форманы және процедураны құру . . . 43

2. 5. Кітапханашының графикалық интерфейсін құру . . . 50

2. 6. Оқырмандар жайлы берілгендерді өңдеу . . . . 53

2. 7. Кітаптарды инвентаризациялау процедурасын құру . . . . . 57

2. 8. Оқырманға кітаптарды беру процедурасын құру . . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ӘЕДИЕТТЕР . . . 64

ҚОСЫМША . . . 65

Кіріспе

Қазiргi уақыт компьютерлердiң барлық салаларда кең қолданылуымен ерекшеленеді. Қоғам өмiрiнің қай саласы болмасын, ғылым, білім беру, техника, ауыл шаруашылығы, өндіріс, компьютер көмегiмен үлкен берiлгендердi өңдеу қажеттіліктері туындайды. Бүгінгі таңда электронды есептеуіш мәшинелерінің, ақпараттық технологиялардың даму қарқыны өте жоғары болып, олардың қолдау аясы күннен күнге арта түсуде. Компьютерлерді қолдану ғарышты, атом энергиясын бейбіт мақсатта игеру сынды күрделі салалардан бастап күнделікті адам өмірінің тіршілігінде де кең орын алуда. Мұның басты себебі, адам іс-әрекетiнiң барлық саласында компьютерді тиімді қолдана білу еңбек өнiмдiлiгiн артырудың құралы болуымен туындап отыр. Есептеуiш техниканы қолдана бiлудiң өзi бүгiнде жалпы мемлекеттiк маңызға ие болып отыр.

Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралык, логикалық және объектілі - бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі ("классикалық") процедуралық программалау тілдеріне - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдерге - ЛИСП, Пролог тілдері жататындығы белгілі. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдыктауды тиімді дайындауга қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыкқа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде кұрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және Microsoft Visual Basic, Borland Delphi визуальды программалау жүйелері пайда болды [ 1-3] .

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жүмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелер негізінде орындалатындығы белгілі. Объектіге бағдарлы оқиғалык программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылықка апып кұрылган (visual - көзбен көру, экрандық) . Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша кұруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды) .

Компоненттік тәсілде әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өндеуге арналған үстеме программа кұрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ - тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Дипломдық жұмыста мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі таңда қандайда бір сала жұмысын компьютерлік технологиялар жәрдемінде автоматтандыруға арналған көптеген арнайы программалар мен программалық жабдықтар көптеп саналады. Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру құралы ретінде мен Delphi визуальды программмалау жүйесін алдым. Себебі, Delphi тиімді қосымшаларды, берілгендер қорымен жұмыс істейтін қосымшаларды да, тез және ыңғайлы құру мүмкіндігін береді. Жүйе қолданушы интерфейсін құрудың жетілдірілген мүмкіндіктеріне, қолданбалы есептерді шешуге арналған көптеген функциялар, әдістер мен қасиеттерге ие.

Delphi қосымшаларды тез құру жүйелеріне жатады. Сонымен қатар, бұл жүйеде қазіргі заманғы Microsoft Access және Visual FoxPro сияқты БҚБЖ-дегі мүмкіндіктер дерлік толықтай бар. Жүйе қосымшаларды саймандық программалық құралдар жәрдемінде ыңғайлы құру, берілгендер қорына сұраныстарды визуальды дайындау, сондай-ақ берілгендер қорына SQL-сұраныстары тікелей жазу мүмкіндіктерін береді.

Delphi - де локаль және қашықтағы берілгендер қорларымен жұмыс істейтін қосымшаларды құруға және берілгендер қорын Интернетте жариялауға болады. Сондықтан да мектеп кітапханасы жұмысын автоматттандыруда компъютерлік программалық тілдердің ішінен танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 7. 0 программалық тілі алынды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Borland Delphi программалау ортасында мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру бағдарламасын құру болып табылады, оны теориялық тұрғыдан негіздеп, практикада пайдаланудың тиімділігін көрсету.

Осы программаны жетілдіре отырып оны жалпы білім беретін мектеп кітапханасы жұмыстарында пайдалану арқылы кітапханашы жұмыстарын жеңілдетуге болады.

I ТАРАУ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

1. 1. Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру қажеттілігі

Кітапхана - ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы . Әсіресе, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдауға, оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсиби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы.

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.

Мектептерге оқытатын программалар, мектепті басқару жүйелерін енгізумен қатар соңғы уақытта мектеп кітапханалары жұмыстарына компьютерлік технологияларды енгізу маңызды мәселеге айналды.

Білім беруді жетілдірудің қазіргі заманғы кезеңі мен мектеп кітапханалары жүйесін дамыту мектеп кітапханалары жұмысына ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты.

Бүгінгі таңда мектеп білім беру ісінде ақпараттық ортаны ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру қажеттіліктері пайда болды. Жалпы білім беру мекемелерінің кітапханалары жаңа мектептің ақпараттық білім ортасы болуы тиіс. Компьютерлердің пайда болуы мен оның адам іс-әрекетінің барлық салаларында кең қолданылуы, компьютер жылдамдықтары мен мүмкіндіктерінің күннен-күнге жылдам артуы, оларды мектеп кітапханасы жұмысында қолдану нәтижесінде кітапханашының өнімсіз қол жұмысы өзгереді, электрондық каталог, мультимедиалық және интернет - ресурстар секілді жаңа қызмет түрлері көрсетіледі.

Кітапхана жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыратын замануи ақпараттық технологияларды пайдалану ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтереді.

Мектеп кітапханасының басты міндеттерінің бірі: мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламалары, кітаптарды және ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады.

Кітапхананың мақсаты - оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпараттық мәдениет - ақпаратты құрастыру, өңдеу, сақтау, іздестіру мен пайдалану деген ұғымды білдіреді, сондай- ақ, кітапхананың ақпараттық кеңістігінде өзінің орнын сезіне білу, өзін ақпаратты құрастырушы, тұтынушы ретінде қабылдау, ақпараттық жағдайды түсіне білу.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек» - деген болатын.

Мектепке жаңа ақпараттық технологиялардың және интернет желісінің келуі оның білім беру мақсаттары мен міндеттерін өзгертуге алып келді. Қазіргі таңда мектеп кітапханасының жұмысы оқушыларда қажет ақпаратты өз бетінше іздеу, жинақтау, талдау мен бейнелеу қабілеттіліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Мектептік білімді жетілдіру ақпараттық-кітапханалық қызметтердің жаңа түрлеріне көшу, қызмет түрлерін кеңейту мен оның сапасын көтеруді мақсат тұтады. Мектеп кітапханасы ағымдық оқу процесін қамтамасыз ету және оқушылардың оқуын басқарып қоймастан, бүгінгі күнде мектеп білімін жаңалаудың ресурстық базасы, оқытушылар үшін ақпараттық орталық болып табылады.

Кітапханашы ақпараттық ресурстар мен пән оқытушылары арасында байланыстырушы қызметін атқаратын болды.

Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты- мектепті өз уақытында сенімді және толық информациямен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасау. Мектеп кітапханасы бірыңғай кітапханалық-ақпараттық кеңістікке енуі қажет. Ал бұл бүгінгі күннің қажеттілігіне айналып отыр.

Кітапханалық технологиялар мен практикасында программалық қамтамасыздандыруды ендіру мен дамыту кітапхана жұмысын автоматтандыру деп аталады.

Қазіргі таңда білім беру процесінің барлық қатысушылары: педагогтар, оқушылар, кітапханашылар баспа және электрондық ресурстар көмегімен жылдам және толық информация алуға ұмтылады. Информацияны тез табу, оны өз мақсатында пайдалану әрбір адамның қажетті дағдысына айналуда.

Білім беруді жетілдірудің қазіргі заманғы кезеңі мен мектеп кітапханалары жүйесін дамыту мектеп кітапханалары жұмысына ақпараттық технологияларды енгізумен байланысты.

Бүгінгі таңда мектеп білім беру ісінде ақпараттық ортаны ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру қажеттіліктері пайда болды. Жалпы білім беру мекемелерінің кітапханалары жаңа мектептің ақпараттық білім ортасы болуы тиіс. Компьютерлердің пайда болуы мен оның адам іс-әрекетінің барлық салаларында кең қолданылуы, компьютер жылдамдықтары мен мүмкіндіктерінің күннен-күнге жылдам артуы, оларды мектеп кітапханасы жұмысында қолдану нәтижесінде кітапханашының өнімсіз қол жұмысы өзгереді, электрондық каталог, мультимедиалық және интернент - ресурстар секілді жаңа қызмет түрлері көрсетіледі.

Кітапхана жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыратын замануи ақпараттық технологияларды пайдалану ақпараттық--кітапханалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтереді.

Кітапханалық технологиялар мен практикасында программалық қамтамасыздандыруды ендіру мен дамыту кітапхана жұмысын автоматтандыру деп аталады.

Қазіргі таңда білім беру процесінің барлық қатысушылары: педагогтар, оқушылар, кітапханашылар баспа және электрондық ресурстар көмегімен жылдам және толық информация алуға ұмтылады. Информацияны тез табу, оны өз мақсатында пайдалану әрбір адамның қажетті дағдысына айналуда.

Мектептерге оқытатын программалар, мектепті басқару жүйелерін енгізумен қатар соңғы уақытта мектеп кітапханалары жұмыстарына компьютерлік технологияларды енгізу маңызды мәселеге айналды.

1. 2. Автоматтандырылған жұмыс орындары

принциптерінің анализі

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел технологиясы «жұмыстық станциясы» ( work station) . Бұл жұмыс орны сол қолданушы маманның немесе басқа мамандықтың жабдығының белгілі функцияларын орындау үшін автоматтандыру қажет болады.

ПК -ге қосылатын электронды жабдықтар атап айтсақ: дискті жинақтаушылар, баспаға шығару құрылғылары, оптикалық оқу жабдықтары немесе штрихты кодтың санаушылары, графика жабдықтары, басқа АЖО-мен қосылады және локальді есептеу желілерімен және т. с. с.

ПК-дің базасындағы кеңінен таралған АЖО IBM PC архитектурасы арқылы жасалынған. АЖО негізінде есептеуіш техникадан арнайы дайындық өтпеген қолданушыға арналған. АЖО-ның басты мақсаты мәліметтерді децентрализалды түрде жұмыс орынарында өңдеу, өздерінің мәліметтер қорларын қолданады және АЖО мен ПК-лердің локальді желілеріне кіру мүмкіндіктері бар, ал кейбір кездерде қуатты ЭЕМ-дерге қосылатын глобальді есептегіш желілерге кіреді [4-6] .

Қазіргі кезде көптеген мекемелерде халықтық шаруашылықтық жүйелік басқару концепциясы қолға алынып жатыр. Оларда локальді ақпаратты өңделіп біткені әртүрлі дәрежелерде қаралады. Бұл жүйелерде ақпаратты төменнен-жоғары қарай берілуінде, ақпараттың керекті бөлігін жоғарғы дәрежесіне берілуі керек. Осылай бола тұра ақпараттың өңделген маңызды бөлігінің нәтижесі және мәліметтер, мәліметтердің локальді қорларында сақталуы керек.

Бөлшектелінген басқарудың идеяларын жүзеге асыру үшін, басқарудың әрбір дәрежесіне және автоматтандырылған жұмыс орындарынның пәндік облыстарына профессионалды ПК-лердің базасын құру қажет болды. Мысалы, экономика саласындағы АЖО-дарында жоспарлау, модельдеу, процесстерді оптималдастыру, түлі ақпараттық жүйелерде шешім қабылдау және әртүрлі есептерді шешу үшін қажет. Әрбір басқару объектісінің соған келетін АЖО қарастыру керек. Бірақ та АЖО-ны құру принциптері мынадай болуы тиіс:

  • Жүйелілік
  • Иілгіштік
  • Тұрақтылық
  • Эффективтілік

Осыларға түсініктеме беріп өтейік.

Жүйелілік. АЖО-ларды жүйе ретінде қарастыру үшін қажет, оларды құрылымдары функционалды арнау арқылы табылады.

Иілгіштік. Ө зінің модульдік құрылысының барлық жүйе асты және элементтерінің стандарттылығының арқасында, жүйе мүмкін болатын бетбұрыстарға бейімделген.

Тұрақтылық. Принцип бойынша АЖО жүйесі басты функцияларды оған сыртқы және ішкі, кері факторладың әсеріне қарамастан орындауы қажет.

Эффективтілік. АЖО-ның эффективтілігін жоғарыда көрсетілген принциптердің интегралды көрсеткіш дәрежесі ретінде қарастыру қажет, олар эксплуатациялық жүйелерге және құруға кеткен шығындарға жатқызылады. Бұл дегеніміз оның бөлек бөліктеріндегі бұзылулары оңай жөнделуі керек, ал жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігі жылдам орнатылуы керек.

Қазіргі кезде мұндай «гибридті» интелектті құру қиынға соғады. Бірақта осылай жасаған кезде АЖО-ны жетілдіруге және функцияландыруда мынандай нәтиже беруі мүмкін - АЖО басқарудың эффектілігі мен еңбектің өнімді мамандардың социалды жайлы жұмысы жақсарады. Осылай бола тұра адам АЖО-ның жүйесінде басты буын болып қалуы тиіс.

Өндірістік мекемелерде АЖО басты құрылым болып табылады. Ол мәліметтерді өңдеп шешім қабылдайтын, персоналды жоспарлау немесе басқару сияқты «Автоматтандырылған басқару жүйесінен» (АСУ - АБЖ) тұрады. АЖО - ол әрқашан да мамандандырылған жүйе болып табылады, АЖО-да және де техникалық амалдар мен программалық қамтамасыз ету терімдері бар. Олар нақты мамандарға арналған, атап айтсақ - администраторға, экономистке, инженерге, конструкторға, проектантқа, архитекторға, дизайнерге, дәрігерге, ұйымдастырушыға, зерттеушіге, кітапханашыға, мұражай қызметкеріне және басқа да көп мамандарға қолдануға өте қолайлы.

Сонда да қандай да болсын «маманның» АЖО-сына жалпы талаптардың қатарын ұсынуға болады. Осы талаптар оны құрған уақытта жасалуы керек, атап кетсек:

  • Ақпараттарды өңдеу амалдарының тікелей жинағы;

Қоршаған орта мен АЖО комплексінің элементтері және функция мен оператор араларындағы рационалды орналастыру, жұмыстың жайлы жағдайын құру, АЖО-ның жайлы құрылымы, оператор -адамның психологиялық факторларының тіркеуі, АЖО-ның элементтер түстерінің және формаларының тартымдылығы және т. б.

АЖО жүйесінде жұмыс істейтін ПК-дің беріктілігі және жоғары өнімділігі;

Программаны қамтамасыз етудің шығарылатын есептердің мінездемелерімен пара-пар келуі;

АЖО операторлар мамандығының өздерін күту шарттарының оптималдығы;

Маманның АЖО-ны жұқмысты сайман ретінде қолданып қанағаттану және толық түрде жайлы жұмыс қамтамасыз ету факторлары .

Техникалық жүйеасты туралы жоғарыда айтылған болатын. Ортақ желіде жұмыс жасайтын объектінің және де басқа да байланыс құралдарымен (телефон, телекс, телефакс) , басқа да АЖО-лардың байланыс құралдары, тікелей бейнеленген АЖО-ның, бұдан алдын көрсетілген техникалық құралдарының терімдерін айтып кетсек болады.

Ақпараттық жүйеасты ақпараттық массивтер жатады. Олар дискті жинаушылардағы локальді мәліметтер қорында сақталады. Осы жерге мәліметтер қорын басқару жүйесін жатқызуға болады.

Программалық қамтамасыз ету өзіне операциялық жүйелерді, сервисті программалар, қолданушылардың стандартты программаларын және қолданбалы программалардың пакеттерін қосады, олар модульдік принцип бойынша жасалынған және нақты есептің түрін шығару үшін АЖО-ның белгілеу шарты бойынша істелінген.

Программалық қамтамассыз етуге керекті мөлшерге дейін графикалық ақпаратпен жұмыс істеу программалар пакеттері қосылады.

АЖО-ның ұйымдық қамтамасыз етуі өзінің мақсаты ретінде функцияландырудың ұйымдастырудың, дамуын, кадрларды даярлау, және де администрациялау, сонғыға жатады: жұмысты жоспарлау, тіркеу, байқау, анализ, реттеу, АЖО қолданушылардың міндеттері мен құқықтарын құжатты түрде тіркеу.

Егер АЖО қиын болып, ал қолданушы арнайы маман болмаса, онда арнайы үйрететін құрылғыларын қолдануғаболады. Олар қолданушыны уақыт өте автоматтандырылған жұмыс орны ортасына кіргізе алады. АЖО -ның функцияларын іске асырғанда(ол дегеніміз оның өзін функцияландыру) . Ағымды қызмет мақсатының методикасын табу керек, және де ақпараттық сұраныс, оны құрудағы барлық процесстердің сценарияларын.

АЖО-ны проекттілеу тәсілі оны функцияландыру тәсілімен байланысты болмайды. Оның себебі АЖО-ның дамыған тұрін функцияландыруы қолданушылардың өздерімен дамыту мүмкіндігін қарастырады. АЖО-ның тілдік құралдары қолданушының пікірі бойынша тәсілдік құралдары еске асыру болып табылады. Ал программалықтар қолданушының тілдік құралдарын еске асырып сонғы қолданушыға барлық іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді.

АЖО-ның құралдары қолданушының және ПЭЕМ-ның іс-әрекеттерінің бірдей түсініп жұмыс жасау керек . Олар болмаса үйрету процесі мүмкін емес және де диалогты ұйымдастыру, қатені табу мен оны түзеу. Егер процедураның тіл берілген іс-қимыл қалай орындалуын көрсетіп тұрса, онда процедуралық емес -детализациясыз не істеу керектігін көрсетеді, және қандай іс-қимылдар оған керектігін көрсетеді. Шекті қолданушылар ақпараттық сұраныстың іске асыру процесінің бөліктерін бөлмегендіктен, анағұрлым АЖО-ның интеллектуалдығы жоғары болса, соғұрлым оның тілдерінде процедуралық емес мүмкіндіктер жоғары қарастырылу керек.

АЖО-ның тілдері қолданушылық бағытталған болуы керек және кәсіптік бағытталған болуы керек . Бұл қолданушылардың кклассификацияларының айырмашылықтары мен байланысты, олар тек кәсіптік қажеттілікке бөлінбейді және де жұмыстық орын иерархиясына, білімдік мөлшеріне, мәліметтерді қолдану түрлеріне және т. с. с. Ескере кететін жағдай қарапайым тілді қолдануда клавиатура арқылы енгізілгенде қиын емес нәтиже алу қиынға соқпайды.

Барлық тілдердегі сияқты, АЖО тілдерінің түбірін алдын-ала табылатын терминдер құруы қажет және солардың көмегімен жаңа терминдердің орнатылуы тәсілдерінің бейнелері, барларды ауыстырып немесе толықтырып тұруы керек. Бұл АЖО-ны проектілеуге әкеліп соғады, АЖО-ның терминалогиялық негізін белгілі тәсілмен классификациялау болып табылады, ол дегеніміз тіл құрылымының басты синтаксистік құрылым табады және терминдер мен олардың жиынтықтарын арасындағы семантикалық байланыстарын анықтайды . Осыған орай АЖО-ны қарапайым классификациялау қажеттігі туындайды . Мысалы, кейбір қолданушылық өңдеу режимдерінде мәліметтерді мүмкіндігінше көрсетуі: сандық, текстік, араласқан.

Бұдан қиынырақ жағдайда АЖО-ның классификациясы мәліметтер қорының ұйымы мен анықталуы мүмкін. Тілдің мүмкіндіктері көбінесе ережелер тізімін табады, соларға қарап қолданушы формальді құрылым соға алады. Мысалы, кейбір АЖО-ларда барлық мәліметтер мен құрылымдар таблицалық формада бекітіледі (таблицалық АЖО) немесе арнайыц операторлар түрлері ретінде (функционалдық АЖО) .

Қолданушының тілдері АЖО-ны диалог түрлеріне де бөледі. Диалогты қолдау құралдары анықтайды, оларды қолданушы білуі керек.

АЖО-ның құрылымдары бірнеше мүмкін болатын диалогтар типтерін қарастырады, қолданушының оқу немесе жұмыс істеу барысындағы белсенділігіне қарамастан, және де қолданушының құралдарымен АЖО-ны дамыту қажеттілігімен . АЖО-ны өңдеудегі көбінесе өолданылатын бар диалогтар: диалог, талаптан . ПЭЕМ, формаларды толтыру диалогы, гибриті диалог, үйретілмеген қолданушы диалогы және ақпараттар кадрларын бекіту диалогы көмегімен. Талаптандырушы ПЭЕМ диалогінде АЖО қолданушысы толық түрде тіл құрылымын және мнемоника оқудан босатылады. Осы әдістің модификациясының бірі меню әдісі болып табылады, ол бір немесе бірнеше ПЭЕМ -нің ұсынған варианттарын таңдайды.

ПЭЕМ талаптандыратын форманы толтыру диалогінде қолданушы арнайы таңдалған формаларды толтырады, олар дисплейде орналасқан, олардың кейінгі анализі мен өңдеуінен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғашқы 1991-1999 жылдарында еліміздің кітапхана саласы
Кітапханашының жұмысын автоматтандыру
Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару
Ғылымның негізі - кітапта
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz