Ғаламтор желіcіндегі ақпараттарды іздестіру


АННОТАЦИЯ

Araştırma kağıtinternette bilgi alma araştırma ve eğitim kaynaklarınınyöntem tartışılmaktadır. Bir arama strateji oluşturma ve arama sorgusu binanın temel aşamaları: formülasyonu ve bilgi istek (hedeflenen kısıtlama ve ortak arama hedeflerin özellik) arıtma; planlama arama prosedürü (yollar ve akılcı çözümler arama sorunun araçları tanımlamak) ; gereksinimleri tespit setleriuygulanması için çağrıda, arama stratejileri geliştirmek; arama ( nihai çözüm arama sorun ) uygulanması. Onlarkullanıcı yeni bilgi ortamında bilimsel ve eğitsel kaynakların bir arama yapmak için izin verir. Bu bilgi içinçıkan aramakalitesini artırmak, aynı zamanda bütünlüğü geliştirmek için mümkün değil sadece yapar.

В дипломной работе рассмотрена методика информационного поиска научно-образовательных ресурсов в Интернет. Приведены основные этапы построения стратегии поиска и формулировка поискового запроса: формулировка и уточнение информационного запроса (целенаправленное ограничение и конкретизация общей цели поиска) ; планирование поисковой процедуры (определение путей и способов рационального решения поисковой задачи) ; разработка поисковых стратегий, предусматривающих выполнение выявленных наборов требований; реализация поиска (окончательное решение поисковой задачи), которые позволяют пользователю самостоятельно проводить поиск научно-образовательных ресурсов в новой информационной среде и дает возможность не только улучшить качество получаемой в результате поиска информации, но и повысить ее полноту.

In the research, paper discusses the methodology of information retrieval research and educational resources on the Internet. The main stages of building a search strategy formulation and search query: formulation and refinement of information request (targeted restriction and specification of common search targets) ; planning search procedure (identify ways and means of rational solutions search problem) ; develop search strategies, calling for the implementation of identified sets of requirements; implementation of search (final solution search problem) . They allow the user to conduct a search of scientific and educational resources in the new information environment. This makes it possible to not only improve the quality of the resulting search for information, but also enhance its completeness.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
8
КІРІСПЕ . . .: 1. Ғаламтор желіcіндегі ақпараттарды іздестіру негіздері . . .
8: 10
КІРІСПЕ . . .: 1. 1
8: Ақпараттық-іздестіру үдерісінің негізгі түсініктері . . .
10
КІРІСПЕ . . .: 1. 2
8: Қазіргі заман ақпараттық-іздестіру жүйелері . . .
19
КІРІСПЕ . . .: 1. 3
8: Ақпараттық-іздестіру үдерісінің моделдері . . .
24
КІРІСПЕ . . .: 2. Ғаламтор ресурстарын ақпараттық іздестіру әдістемесі . . .
8: 35
КІРІСПЕ . . .: 2. 1
8: Ғаламтор ресурстарын іздестіру әдістері . . .
35
КІРІСПЕ . . .: 2. 2
8: Ғаламтор ресурстарын ақпараттық іздестіру әдістемесі . . .
40
КІРІСПЕ . . .: 2. 3
8: Ғаламтор ресурстарын іздестіру үдерісінің бағдарламалық қамтамасы және олардан пайдалану нұсқаулығы . . .
45
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
8: 60
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
8: 61

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диплом жұмысын орындау барысында келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

  • Қазақстан Республикасының «Ғылым-білім туралы» Заңы;
  • ҚП ХҚТУ-4. 2. 3-2009 Құжаттаманы басқару;
  • ҚП ХҚТУ-4. 2. 4-2009 Жазбаларды басқару;
  • УС-ХҚТУ-022-2013 Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы, мазмұны, дайындау және бекіту тәртібі;
  • УЕ-ХҚТУ-030-2013 Мамандық бойынша ғылым-білім беру бағдарламаларының педагогикалық стратегиясын әзірлеу ережесі;
  • ЖН-СМЖ-065-2013 Мамандықтың негізгі оқу жоспарын дайындау.

АНЫҚТАМАЛАР

Диплом жұмысында төмендегі анықтамалар қолданылды:

Ақпараттық ресурстар - кітапханалар, мұрағаттар, қорларда, мәліметтер бланкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Автоматтандырылған оқыту жүйесі - оқытуды дербестендіру үшін арнайы компьютерлік негіздегі техникалық, оқу-әдістемелік, лингвистикалық, бағдарламалық, ұйымдастыру және т. б. қызметтік қамтамасыз ету кешені болып, келесі функциялар: бастапқы ғылым-білім деңгейін, үйренуші іскерліктерін, олардың дербес ерекшеліктерін анықтау; оқу материалдарын даярлау - түсіндірілетін мәтіндер мен оқылатын мәселе бойынша, оқу және бақылау тапсырмалары бойынша иллюстрациялар; оқу материалын көрсету, оның күрделілік деңгейі және ақпаратты беру қарқыны бойынша адаптациясы; оқушының танымдық іс-әрекетін басқару; олардың жұмыс істеу қабілеттілік көрсеткішін анықтау; меңгеру сапасына қорытынды бақылау жасау; материал меңгеру процесінің көрсеткіштерін тіркеу және оған статистикалық талдаулар жасалады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Диплом жұмысында төмендегі қысқартулар қолданылады:

АҒБР - ақпараттық ғылым-білім ресурстары;

ААІЖ - автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері;

АІЖ - ақпараттық-іздестіру жүйелері;

ҒБР - ғылым-білім ресурстары;

ҒЗАЖ - ғылыми-зерттеулерді автоматтандыру жүйелері;

IM - іздестіру машиналары (МIM - мета іздестіру машиналары) .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғаламтор желісіндегі ғылыми-білімдік ресурстарды ақпараттық іздестіру үдерісін ұйымдастыру барысында, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде орын алған заманауи ақпараттық технологиялардың даму тенденцияларымен таныс болу, оларды оқып-үйрену мен тиімді пайдалану және олардан ақпараттық ресурстарды интеграциялау мен кооперациялауда үнемді пайдалану, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінен саналады. Бұларға - қоғамның ақпараттануы, ақпараттық технологиялардың корпоративтік негізде дамуы, қолданыстағы кітапханалық жүйелердің электрондық-ақпараттық ресурс орталықтарына айналуы, автоматтандырылған электрондық кітапханалардағы жұмыс орындарын жасақтау және олардағы ғылыми-білімдік ресурстарды іздестіру үдерісінің әдістемесін жетілдіру тенденциялары жатады.

Диплом тақырыбының маңыздылығы бүгінгі күндегі ақпараттық-іздестіру үдерісінің қоғамдағы тек қана адамзат іс-әрекетіндегі өндірістік, техникалық және технологиялық орталарды ғана емес, сонымен қатар ақпараттық кеңістіктердегі - кітапханалар, мұражайлар, ақпараттық орталарға да енуіне байланысты болып, ендігі қоғам өмірін Ғаламтор, телекоммуникация құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық-іздестіру бәрінен бұрын ақпараттық орталықтардағы ақпараттарды дер кезінде іздеп тауып сақтау, сұрыптап, өңдеу және тиімді шешім қабылдау үшін, пайдаланушылармен байланысты қамтамасыз етуге себепші болуда. ЖОО кітапхана жүйелері, негізгі ақпараттық ресурс орталықтар ретінде, автоматтандыру үдерісіндегі нысандардың бірі болып, бүгінгі күндегі ғылыми-білімдік ақпараттық ресурстарыд іздестіру әдістемесін жетілдірудегі өзекті мәселелердің қатарында.

Ақпараттық-іздеcтіру үдерісі бойынша зерттеулер - Д. Лахути, И. Попов, В. Решетников, А. Черный, Э. Гасанов, Ю. Шрейдер, И. Некрестьянов, L. Gravano, және т. б. ғалымдардың теориялық және әдістемелік қағидаларына негізделген.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың өндіріске етене ендірілуіне байланысты «Бірыңғай ақпараттық ғылым-білім беру ортасының даму» бағдарламасында ғылым-білім беруді ақпараттандырудың келесі негізгі бағыттары: электрондық ғылым-білім ресурстары мен кадрларды ақпараттық қоғамға дайындау, білім беруді компьютерлендіру және телекоммуникациялық қамтамасыз ету, регионалдық ақпараттандыру бағдарламаларына қолдау көрсету, білім саласындағы ақпараттық басқару жүйелерін дамыту және т. б. айқындалған.

Ақпараттандыру бағыты бойынша айшықталған «Электрондық ресурстар», ресурс орталықтары арқылы - ақпараттық ғылым-білім ресурстарын, ғылым-білім порталдар жүйесін, электрондық кітапханаларды (депозитарийлерді) және т. б. жетілдіру жұмыстары жедел дамып, біршама жұмыстар орындалуда.

Қажет электрондық ресурстарды іздестіру үдерісін жетілдіру қажеттілігі - Ғаламтор желісінің келіп шығуы мен оның белсенді түрде қолданысқа ену үрдісінде ақпараттық іздестіру жұмыстарының түрленулерімен түсіндіріледі. Ақпараттық іздестіру аумағы бойынша зерттеулердің өзектілігі сонымен қатар, ғаламтор желісіндегі ақпараттар іздестірудегі сұраныстардың қуаттылығы мен ондағы «сәйкес емес» құжаттардың жиындарына сай еселене түседі. Бұл құбылыс іздестіру үдерісің қолданыстағы үлгілері мен әдістері сапаларын арттыру қажеттілігін туындатып, оларды шешуді, бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін мәселелер қатарына қояды.

Әртүрлі әдістердің тиімділігін салыстыру үшін қолданыстағы маңызды көрсеткіші ретінде іздестіру нәтижелері сапалық бағамдарын (критерияларын) атауға болады. Мұндай көрсеткіштерге - дәлдік (precision) - іздестіру жүйесі жауабындағы релеванттық материалдар мен толықтық (recall) - релевантты құжат жинағы жалпы санындағы табылған релеванттық құжаттар үлестерін жатқызуға болады.

Алайда, толық жүз пайыздық сапалы іздестіру мүмкін емес, сондықтан берілгендердің сипатын арттыру әдістері - ақпараттық ресурстар (АР) мета сипатталу спецификациялары элементтерінің толықтығы мен іздестіру әдістерінің интелектуалдану дәрежесіне тікелей тәуелді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, ақпараттық іздестірудің сапасын арттыру мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажеттігін тұжырымдайды. Олар мета каталогтар мен АР депозитарийлерінің іздестіру жүйесін құру үшін өте маңызды.

Зерттеу жұмысының мақсаты ақпараттық жүйелердегі электрондық ресурстарды іздестіру үдерісінің әдістемесін қолданыстағы ақпараттық іздестіру үлгілері мен әдістері негізінде жетілдіру болып табылады.

Мақсатқа жету үшін келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізілді: ғаламтор желісіндегі заманауи ақпараттық-іздестіру жүйелеріне жасалған шолулар мен талдаулар негізінде, қолданыстағы іздестіру моделдері мен әдістерін пайдаланып, ақпараттық ресурстарды іздестіру үдерісінің әдістемесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны ретінде толық мәтіндік құжат түріндегі АР іздестіру үдерісінің әдістемесін жасау таңдап алынып, зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздеріне - жиындар, графтар, ақпараттық-іздестіру үдерісі әдіснамасы мен жасанды зияткерлік жүйелері теорияларының математикалық аппараты алынды.

Дипломдық жұмыс нәтижесінің ғылыми жаңалығы ретінде - ғылыми-білімдік ресурстардың толық мәтіндік құжаттарын индекстеу, ақпараттық-іздестіру үлгілері мен әдістеріне негізделген іздестіру үдерісінің әдістемесін атап өтуге болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы - ғылыми-білімдік ресурстарды іздестіру үдерісінің жетілдірілген әдістемесі негізінде, сұранысқа сай шынайы релеванттық құжаттарға қол жеткізу болып табылады.

Дипломдық жұмыс көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Ғаламтор жүйесіндегі ақпараттарды іздестіру негіздеріАқпараттық-іздестіру үдерісінің негізгі түсініктері

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені техникалық, бағдарламалық, алгоритмдік және тілдік құралдардың, сондай-ақ белгілі бір ақпараттық үдерістерді тұрақты орындау үшін жасалатын, арнайы ұйымдастырылған жүйе ретінде анықтауға болады [1, 3] .

Тікелей ақпараттық жүйеде жүзеге асырылатын ақпаратты қайта құруды бес негізгі үдеріске: енгізу, өңдеу, сақтау, іздестіру, шығаруға келтіруге болады. Алғашқы екі үдеріс ақпараттың көздері және алушылармен жүйелі байланысты қамтамасыз етеді, келесі екеуі ішкі болып табылады. Өңдеуші жүйе ішіндегі ақпаратты алушылармен де жүзеге асырылады.

Ақпараттық жүйені екі топқа бөлуге болады: арнайы тағайындалған автоматтандырылған жүйе шеңберіндегі ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі және дербес мақсаттық ақпараттық тағайындау және қолдану саласында бар жүйе. Біріншінің мысалы болып басқару жүйелері (автоматтандырылған басқару жүйелері - АБЖ (АСУ, АСУ, АСУТП), ғылыми-зерттеулерді автоматтандыру жүйелері - ҒЗАЖ (АСНИ), жобалау жүйелері (Жобалауды автоматтандыру жүйелері - ЖАЖ (САПР), шешімдер қабылдау жүйесі және т. б. . Дербес тағайындалуы бар ақпараттық жүйелер - автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері (ААІЖ) болып табылады.

Ақпараттық-іздестіру жүйесі (АІЖ) - бұл реттелген құжаттар (құжат массивтері) жиынтығы және ақпаратты сақтау және іздестіру үшін арналған ақпараттық технология-мәтіндер (құжаттар) немесе мәліметтер (фактілер) . Ақпараттық-іздестіру жүйесі кез-келген белгілі бір түрде ұйымдастырылған ақпаратты ұйымдасқан түрде сақтау. Оның үстіне ақпараттық-іздестіру жүйесі автоматтандырылмаған бола алады. Бастысы бұл мақсатты функция: ақпаратты сақтау мен іздестіру.

Сақтау нысанасы және сұраныс типіне байланысты ақпараттық-іздестіру екі түрге бөлінеді: құжаттық және фактографиялық. Сондай-ақ соңғысын ақпараттық-анықтамалық АІЖ деп те атайды.

Құжаттық АІЖ деп аталады, егер мұнда құжаттар массивіне тақырыптық сұрақ бойынша іздестіру іске асырылса, пайдаланушыға бұл құжаттардың көпшілігін немесе олардың көшірмелері жеткізілсе. Құжат ұғымы жүйеден жүйеге өзгеруі мүмкін. Жалпы жағдайда бұл әлдебір материалдық иеленушіде (қағаз, фото, кинопленка, магниттік жад т. б) белгіленген (әдетте біршама белгі жүйесі арқылы) әлдебір ақпараттық нысан және әлеуметтік коммуникациялар жүйесінде кеңістікпен және уақытпен ұзату үшін тағайындалған.

Фактографиялық АІЖ тікелей нақты мәліметтерді (ғылыми техникалық нысандардың экономикалық сипаттамасымен, қасиеті, үдерістер, құбылыстар мекен-жай, атау сандық мәліметтер, т. б) сақтауды, іздестіру мен ұзатуды іске асырады.

Құжаттық және фактографиялық ең алдымен материалдарды интеллектуалды алдын ала өңдеу дәрежесімен ерекшеленеді. Құжаттық жүйеде сақтау мен ұзату нысандар жүйесі - тұтастай құжаттар. Фактографиялық іздестіруде сақтау мен ұзату нысандары - бұл белгілі бір нысан немесе нысандар класы жөнінде мәлімет (фактілер) ұсынылатын арнайы формасы. Бұл мәліметтер енуде тікелей тіркеледі, немесе құжаттардан (мәтіндерден) жазып алынады.

Мысалы, «жарықтың жылдамдығы қандай» сұрағына құжаттық АІЖ мақалалар мен кітаптар берілетін болады, оларда жарықтың жылдамдығы туралы айтылады және мүмкін қойылған сұраққа жауап болады. Фактографиялық жүйеде әлдебір формада оның қандай екендігі туралы хабар беріледі (секундына үш жүз мың километр) .

Құжаттық және фактографиялық іздестірудің арасындағы басты мәнді айырмашылық, біздің көзқарасымызша, құжаттардың семантикасына баруымен түзіледі және сәйкесінше одан әрі іздестіру қажеттілігі үшін құжаттарды алдын ала өңдеу сипатталады. Құжаттық жүйеде «құжатта не айтылатыны туралы» ал фактографиялық жүйеде «құжатта нақты не хабарланатыны» талданады және жазылады. Сәйкесінше, сұрақтың екі типін ажырату керек: құжаттық (тақырыптық) (« жарықтың жылдамдығы туралы құжаттарды табу керек») және фактографиялық («жарықтың жылдамдығы қандай екенін табу») .

Құжаттық жүйеде құжаттар тұтастай олардың тақырыптық, пәндік мазмұны тұрғысынан мәні жазылады. Бұл жағдайда құжат арналған негізгі тақырыптар мен нысандарды тауып, нысандар атауы маңызды фактографиялық жүйеде жазылады, олардың белгілері мен бұл белгілердің мағынасы белгіленеді. Осы жерден жүйедегі жазу тілі мен жазуды сақтау әдістеріндегі айырмашылық туады. Сәйкесінше, іздестірудің әрбір түрі үшін өзінің іздестіру құралдары қолданылады.

Фактографиялық жүйе құжаттар массивінде қатаң реттелген құрылғымен жинақтау мен іздестіруді көздейді. Мұндай құрылым ақпараттық жүйеге енгенде құжаттарды алдын ала интеллектуалды өңдейді немесе мұндай құжаттардың дайын күйінде нақты адам қызметінің саласында бар болуы, мысалы, есептік форма, бланкілер, анықтамалықтар, кестелер т. б., фактографиялық АІЖ ақпарат пен іздестіруді жинақтауды тек нысанның бір типі бойынша және тек сұрақтың бір типі бойынша қамтамасыз етеді. Мазмұны мен құрылымы бойынша сан алуан, бірақ бұл сан алуандылық әрдайым түпкі мәліметтерді сақтау мен іздестіруді қамтамасыз ететін мейлінше дамыған фактографиялық жүйе қолданылады [12] .

Сонымен бір мезгілде, құжаттық және фактографиялық жүйелер арасында елеулі айырмашылық жоқ. Көбіне нақты АІЖ аралас жүйелер үлгісін көрсетеді. Мұнда фактографиялық ақпарат құжаттық іздестірудің қосымша құралы ретінде және керсінше пайдаланылады. Құжаттық жүйеде мәтіндер (құжаттар) фрагменттерге немесе өрістерге бөлініп құрылымдануы мүмкін, құжаттық ақпаратты өңдеу мен ұзату жекеленген өрістер деңгейінде жүргізіле алады.

Құжаттық-фактографиялық іздестірудің фактографиялық элементтермен сан түрлілігі деп құжаттарды библиография элементтері бойынша жүзеге асыратын библиографиялық іздестіруді санауға болады (автор, жылы, баспа орны, баспа түрі, баспа, т. б) . Библиографиялық сұраныс толығымен фактографиялық сипат алады: мысалы, «Атамұра» баспасы 2004 жылы «Мәдени мұра» сериясымен шығарған кітаптар. Мұндай сұраныс берілетін нысандар, мәлімет сияқты бірыңғай сипатталатын белгілеуге жататын кітаптар (библиографиялық жазу, сақтау шифрлары) мәліметтері сияқты кітаптардың өзі де бола алады. Сонда бірінші жағдайда библиографиялық жүйе туралы, екіншіден кітапханалық құжаттығы туралы айтылады. Іс жүзінде нақты кітапханалық жүйе әрдайым құжаттық сияқты фактографиялық түрлі типтегі бірнеше АІЖ бірігуін көрсетеді.

Сонымен қатар жүйенің ақпараттық-логикалық деп аталатын үшінші типіне де бөлінеді. Бұл жүйелер сұраныстарға жауап беруші, олардың ақпараттық базада айқын түріндегі жауабы жоқ. Жауап алуға әзірдің өзінде қолда бар құжаттық немесе фактографиялық-алгоритмдік туындайтын ғылым-білім мен ақпараттың экстралингвистикалық базасына жауап алуға көмектеседі. Бұл жаңа ақпарат немесе сұранысқа жауап ретінде беріледі немесе іздестіру үшін қосымша пайдаланылады. Бұл типтің теориялық жүйесі класс сияқты бұрыннан зерттеліп, өңделеді. Практикада олар салыстырмалы түрде сирек және олардың кейбірі АІЖ дәстүрлі құжаттық және фактографиялық дамуын көрсетеді. Тұтастай бұл жүйе мүлдем әртүрлі. Олардың арасынан интелектуальды-диалогтық АІЖ, эксперттік жүйені, есептік және қисындық шешімдер қабылдау жүйесі (қолдануы), ғылым-білім базасы, жасанды интеллект жүйесін атауға болады. Одан басқа мұндай парасатты жүйелер автоматтандырылған сан алуан жүйелер құрамында ақпараттық жүйесі ретінде қолданылады және компьютермен табиғи тілде (қатынас) өңделеді.

Ақпараттық-іздестіру жүйелерінің даму кезеңдері. Автоматтандырылған АІЖ даму тарихы бірнеше негізгі кезеңге бөлінеді.

АІЖ дамуының бірінші кезеңі 1955-1965 жылдарға сәйкес келіп, әсіресе ақпараттық жарылыстың басты проблемасы - есептеу техникалары мен құралдарының дамуымен бірге ақпаратты өңдеу, сақтау мен ұзату және іздестірудің жаңа әдістеріне қызығушылыққа түрткі болды. Алғашқы автоматтандырылған АІЖ 60-шы жылдардың басында-ақ пайда болды. Ақпараттық іздестіру саласына компьютерлерді ендіру үлкен перспективаларға жол ашты. Алайда бұл бастапқы «буырхану» кезеңі ұзақ болған жоқ, эйфория сауығуға алмасты. Толығымен автоматтандырылған интелектуалдық іздестіру жүйесін жедел алу мүмкін болмай шықты. Шектеулі, бірақ пайдалы іздестіру жүйесін жасауға практикалық жұмыстар басталып, құжаттық іздестіру өз пәні мен әдістері бар жекеленген, айрықша міндеттерді жүктеді.

Екінші кезеңді шартты түрде ХХ-ғасырдың 60-70 жылдар аралығына орналастыруға болады. Бұл жылдары компьютерлерді кітапхана жұмысына ендіру басталды. Бұл ендіру қарапайым дағдылы операцияларды автоматтандырудан басталды. Алайда, қауымдастықтың кітапханалық қазынасында MEDLARS жүйесі және MARC форматы сияқты ірі өзіндік жобалар пайда болды [4] . Бұл кезең үшін ақпараттық іздестіру тілі (AIT) және индекстік әдіске жоғары қызығушылық тән болып, қолмен жүзеге асырылды.

Сол жылдары типтік АІЖ - адам-машиналық жүйедегі құжаттардың мазмұнын талдау мен индекстеу қолмен орындалып, іздестіру машинамен жүргізілді. Бұл іздестірулер құжаттардың іздестіру бейнелерін және дескрипторлық сөздіктер немесе тезаурустардың негізінде жасалған сұраныстың іздестіру бейнелерін автоматты салыстырудан тұрды.

Бұл АІЖ ақпаратты іріктеу, тарату тәртібін пайдаланды және кітапханаларға байланыссыз автономды жүйе ретінде қызмет етті. Әсіресе бұл кеңестер одағы үшін тән. Мұнда сол жылдары мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттың автоматтандырылған жүйесі (ГАСНТИ) құрылды.

Тұтастай бұл кезеңдегі жұмыс үшін АІЖ және АІТ дамуына АІТ-ді табиғи тілмен салыстыру арқылы табиғи тіл, нақты тілдер өңдеуге, индекстеу әдістемесін өңдеу мен пайдалануға көп көңіл бөлінді. Зерттеудің негізгі тақырыбы - автоматтандырылған ақпараттық іздестіру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігінің дәлелі емес, құжаттардың ақпараттық массивінен, релеванттық сұраныстан табу міндетін мейлінше тиімді шешуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді табу мен өңдеу болды. Мұнда екінші Крэнфилдтік эксперимент үлкен мәнге ие болды [5] . Оның мақсаты іздестірудің түрлі құралдары мен стратегиясының тиімділігін салыстырмалы бағалау болды. Көптеген іздестіру құралдары бос сөз емес парадигматикалық және синтаматикалық қатынастарды белгілеу, синтаксистік байланыстарды тіркеу еді. Олар із көрсеткіштерінің жақсаруына әкелмейді, не негізгі сипаттамалардың (толықтық дәлдік) бірін елеусіз жақсарта отырып, екішісін байқаларлықтай нашарлатады.

Құжаттық АІЖ дамуының үшінші кезеңі шартты түрде 1975-1995жж. жатқызуға болады. Бұл жылдары, ғылыми пікірсайыстан соң және сыртқы технологиялық факторлардың ықпалымен «тезаурус емес» деп аталатын жүйе немесе еркін мәтін бойынша іздестіру жүйесі кеңінен таралды (free-text searching systems) . Олардың ерекшелігі бір жағынан, лексикалық бақылаудан бас тарту және сонымен қатар парадигматикалық тіркеуден бас тарту, ал екішіден, контексті кеңінен пайдалану және синтагматикалық байланыстарды кеңінен пайдалану болып табылады.

Сырқы технологиялық факторлар машина оқитын мәліметтер базасы (МБ) мәтіндік өрісті қоса отырып, құжаттардың қысқаша библиографиялық жазуын мазмұндайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты іздеу
«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕСТІРУ ТЕОРИЯСЫ» курсын ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілі мектепте
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz