Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері


Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Туризм және қонақжайлылық индустриясының теориялық
негіздері
- Туризмнің даму тарихы, түрлері, классификациясы
1. 2 Туризм индустриясының үрдістену жолдары
1. 3 Қонақжайлық индустриясын ұйымдастыру қызметін жетілдіру
процестері
2 Дүниежүзілік қонақжайлылық пен туризм индустриясының
жаһандандыру процесіндегі қазіргі жағдайы
2. 1 Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары
2. 2 Дүниежүзілік туризм индустриясы және оған жаңа технологиялар ендіру
2. 3 Қазақстан Республикасында туризм мен қонақжайлылық индустриясын мемлекеттік қолдауы
2. 4 Қазақстан Республикасындағы туризм мен қонақжайлылық индустриясының даму мәселелері
3. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық
пен туризм индустриясының қалыптасуы мен дамуы
3. 1 Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму жолдары
3. 2 Қазақстанда халықаралық қонақ жайлылық индустриясының даму
болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Бүгін әлемде болып жатқан үрдістер қандай қарама-қайшы болып келсе, қазіргі туризмнің де жағдайы сондай болып тұр. Бірақ тап сол туризм жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерінің бірі болып, XXI ғ. тарихи, мәдени, табиғи мұраларын оқып біліп және оларды сақтаудың бірден-бір оңтайлы тәсілі болып отыр.
Халықаралық туризмнің табыстары шамамен алғанда триллион долларды құрайды. Туризм үлесінде әлемдік экспорттың 8%, қызмет көрсету нарығының 31% және де бүкіл әлемдегі 100 млн. астам жұмыс орындары болып отыр. Ол бүгінде мұнай кәсібінен кейін екінші орындағы шаруашылық саласы болып отыр.
Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Туризм - экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.
Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда қонақ үй дегеніміз - азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға қонақүйлік қызмет көрсету мекемесі.
Қазіргі қонақүйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондары қызметі мен т. б. қызмет түрлерін көрсете алады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы - күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.
Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік - X. Криппендорф,
Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.
Туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып саналады. Бұл мақсатқа жету үшін туризм саласында маркетингтің әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Маркетинг нарықта болып жатқан үрдістерді жан-жақты ескеріп отыратын, кәсіпорынның іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру жүйесі, өндірісті, жалпы қоғамды дамытушы құрал ретінде танымал. Туристік салада маркетингтік технологияларды қолдану оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуына, ол саланы ойдағыдай дамытуға әсерін тигізеді.
Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.
Диплом жұмысының мақсаты: туризм және қонақжайлық индустриясын дамытуға ықпал етуші іс-шаралар мен принциптерді зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- туризм және қонақжайлық индустриясында сапа ұғымының мазмұны;
- қонақжайлылық қызмет сапасын талдау тәсілдерін жан-жақты қарастыру;
- қонақжайлық қызмет сапасын басқару негізін қамтамасыз етіп, қызмет сапасының жоғарылауына әкелетін, Қазақстандағы, Алматы қаласындағы бірнеше қонақ үйінің қызмет сапасын талдау тәсілдерін таңдау.
Зерттеу жұмысының нысаны: қонақжайлылықта қонақ үй бизнесі аясындағы сапаны талдау мәселесі болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы қонақжайлық индустриясы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден құралады.
1 Туризм және қонақжайлылық индустриясының теориялық
негіздері
1. 1 Туризмнің даму тарихы
Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет [1] .
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
«Туризм тарихы» (Рим, 1958) атты Дж. Мариоттидің кітабында көнедегі туризм (Греция мен Рим), ортағасырдағы туризм, жаңа замандағы туризм (ХV-ХVІІІ ғғ. ), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.
М. В. Соколова «История туризма» кітабында келесідей кезеңдестіруді ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.
Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің ерекшелігіне қарау қажет және оны келесідей бөлу ұсынылады:
- көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;
- ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;
- қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі (ХV-ХVІ ғғ. ) ;
- ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ. ) және ХІХ ғ. басында туризмнің саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде рәсімделуі;
- ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-шы жж. - ХХ ғ. соңы) .
Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір кезеңдерін бөлуге болады.
К. Пшеславский өз еңбегінде (1973 ж. ) туризм тарихының кезеңдерін келтірген, ол келесідей кезеңдерге бөлген:
1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
А) ежелгі туризм;
Ә) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
Б) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы - екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.
Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырып отырған.
Туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.
Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.
Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған.
Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды. Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.
Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен срайлардың саны күрт өседі.
Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі 17-ші ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.
ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.
Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.
Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.
Еуропадағы ең алғашқы қонақ уйлердің бірі- «4-ші Генрихтің отелі» Нант қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома- $17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең жақсысы болып саналды.
18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.
Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа да елдерінде кеңінен тамыр жайды.
Томас Кук Египетке, Палестинаға, АҚШ-қа тұрақты саяхаттарды ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен компаниондары жалғастырды. Қазір «Томас Кук» компаниясының 12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке қызмет көрсетеді.
Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады.
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. 18 - ші ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары - Англиялық алып клубы - 1857 жылы Лонданда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді.
20 ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.
Бұрыңғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен бұрыңғы КСРО-дағы туризмнің даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және кемелдену процестерінің сатысы.
Негізінен 5 саты көрсетілген:
1) Ағартушылық (1890 жылға дейін) ;
2) Кәсіпкерлік (1890-1927жж. ) ;
3) Ұйымдастырушылық-орталықтанған (1927ж-1960ж. соңы) ;
4) Әкімшілік-нормативті (1969-1990жж. ) ;
5) Өтпелі (1990ж. бастап) .
Негізінен, Ресейдегі саяхат сүйгіштердің ең бірінші қамқоршысы Екатерина II болды деп есептелінді.
1775 жылы Екатерина II Ресей бойымен танысу саяхаттары дәуірін ашты. Князь Григорий Потемкиннің ұсынысымен Екатерина II уәзірлері мен шетелдік емшілері империяның бүкіл батыс бөлігін кесіп өтіп, Днепр өзені бойымен жүзіп, салынып жатқан Херсон және Севастополь қалаларын көріп шықты [2] .
Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді. Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілігі туристтік қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыта келгенде, қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.
Туризмнің түрлері
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives - деген атпен таныс) . Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін [3]
Туризмнің классификациясы
Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:
1. Мақсатына қарай;
2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;
3. Қозғалу түрі бойынша;
4. Орналасу жолына байланысты;
5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т. б.
Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы - туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:
1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;
2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;
3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;
4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т. б.
Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді жіктеуге, түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:
1) емдеу;
2) спорттық - сауықтыру;
3) танымдық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz