Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану


Нормативтік сілтемелер ... 6
Анықтамалар ... 7
Белгілеулер мен қысқартулар ... 8

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1 Жалпытехникалық пәндерді оқытуда оқытудың техникалық құралдарының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі педагогикалық білім негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Оқытудың техникалық құралдарының көрнекілік принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.4 Оқытудың техникалық құралдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..18

2 Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1 Қазіргі заманғы кәсіби білім беру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Білім беру процесіндегі оқытудың жаңа технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Жаңа ақпараттық оқыту технологияларының қоғамдағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

3 Жалпытехникалық пәндерді оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ...42
3.1 Оқыту үдерісінің психология.педагогикалық негіздері ... ... ... ... 42
3.2 Арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және оны басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.3 Арнайы пәндерді оқытуда электрондық оқу құралдарының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.4 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ...69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
1 Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. Алматы, 1999.
2 Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Педагогика журналы №2, 2009ж.
3 «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана. - 2011-16 б.
4 Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана 2013ж.
5 Сыздықов О., Өстеміров К., Адамқұлов Н. т.б. Технология. Жалпы білім беретін мектепт ің 8 – сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы, 2004. -272 б.
6 Кальней А.А., Каправлова B.C., Поляков В.А. Основы методики трудового обучения. М.: – 1998. – 220с.
7 Методика трудового обучения с практикумом. /Под ред. Д.А.Тхоржевского. М.: - 2000. – 285с.
8 Мельникова Л.В., Осипова Л.В., Фридман Т.В. Методика трудового обучения. М.: - 2002. – 320с.
9 Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы. 2006 – 240 б.
10 Методические разработки уроков./Под ред. И.Н.Федоровой. М.: Просвещение, 1981.-290с.
11 Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: Учеб.пособие М.: Просвещение, 1988.-265с.

12 Коджаспирова Г.М., Петров К.В. Технические средства обучения и методика Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. М., 1989
13 Скакун В.А. Преподавание специальных и общетехнических предметов в училищах
14 Самородский П. С., Симоненко В. Д. Методика профессионального обучения: Устемиров К.У., Васильев И.Б., Девятьярова Т.А. Методика обучения общетехническим
15 Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991. Пасько. Microsoft Office - 97. К.: BHV, 1998.
16 Абрамов С.А. Начала информатики. М.: 1989.
17 Острейковский В.А. Информатика. - М.: Высшая школа, 1999.
18 Қоянбаев Ж..Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. – Алматы, 2002.
19 Основы современных компьютерных технологий. Ред. Хомченко А.Д. Бойс Д. Осваиваем Windows 95. Русская версия. 1997.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 66 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1 000 теңге


АННОТАЦИЯ
В данной дипломной работе рассмотрены вопросы цели увеличение уровней
эффективности и качество учебно-воспитательного процесса, при пользовании в
учебном процессе новых информационных технологии.
На сегодняшний день основной целью пользования в системе обучения
новых технологий – в связи современным требованием, соответственно условиям
информационного общества, в полном и эффективном участии учащихся и
студентов в сферах общественной, бытовой и профессиональной жизни.
Исползования технологии мультимедии, дистанционного обучения,
электронных учебников, систему интернета и сети компьютеров в учебных
заведениях создают пространство информационно-коммуникационных технологии.
В данной работе учитывая интерес учащихся средних школ и интенсивной
количественной и качественной развитии пользования в системе обучения новых
технологий, появляется авторское предложения о нужде и организации по
изучению на дополнительных уроках средних школ.
Мазмұны:
Нормативтік сілтемелер .... 6
Анықтамалар ... 7
Белгілеулер мен қысқартулар .... 8
Кіріспе
............................................................................
.............................9
1 Жалпытехникалық пәндерді оқытуда оқытудың техникалық құралдарының
теориялық
негіздері...........................................................10
1.1 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі педагогикалық білім
негізі......................................................................
..............................................10
1.2 Оқытудың техникалық құралдарының көрнекілік
принциптері.................................................................
.......................................14
1.3 Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық
мүмкіндіктері...............................................................
......................................16
1.4 Оқытудың техникалық құралдарының
түрлері..............................18
2 Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды
қолдану.....................................................................
.........................................24
2.1 Қазіргі заманғы кәсіби білім беру
ерекшеліктері...............................24
2.2 Білім беру процесіндегі оқытудың жаңа
технологиялары..............................................................
...................................29
2.3 Жаңа ақпараттық оқыту технологияларының қоғамдағы
ролі........................................................................
..............................................32
3 Жалпытехникалық пәндерді оқыту
әдістемесі...........................42
3.1 Оқыту үдерісінің психология-педагогикалық
негіздері................42
3.2 Арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және оны
басқару.....................................................................
...........................................46
3.3 Арнайы пәндерді оқытуда электрондық оқу құралдарының
ролі........................................................................
..............................................51
3.4 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.......................
...69
Қорытынды
............................................................................
.................75
Пайдаланылған әдебиеттер
..................................................................76
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
• Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» стратегиясы.
• Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
• Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
дейін дамыту тұжырымдамасы.
• Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
• УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты орындау мен рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар;
• УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестатауды ұйымдастыру мен өткізу
ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Диплом жұмысы - студенттің Университеттегі оқуын тәмамдар алдында
жазылып, орындалады және студенттің теориялық мәселелер мен практикалық
міндеттерді дұрыс шеше алу қабілетін көрсетеді. Бұл студенттің өз бетімен
ғылыми-тәжірибелік ізденісін анықтайтын, ең бастысы өзінің мамандығына сай
келетін бір сұрақ төңірегіндегі теориялық және практикалық сипатта болып
келетін, жан-жақты ізденісін көрсетеді.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар - локальдық, аймақтық, бүкіл
әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс
құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді
(бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер,
қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды
пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар
жиынтығы.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - берілетін білім сапасын арттыруды
жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің
барлық түрлерінде дәстүрлі  технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық
технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге
асыру шаралары.
Дидактикалық қасиеттер - оқу құралдарының басқалардан
айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында
(қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет нысаны - кәсіби білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру үдерісі.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі.
Диафильм – суреттері фотографиялық жолмен түсіріліп өңделген өлшемі
35мм болып келген жылтыр фото плёнка үзіндісі
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ОТҚ-Оқытудың техникалық құралдары
ЭЕМ-Электрондық есептеуіш машина
ОЖ-Операциялық жүйелер
ТК-Телекоммуникация
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі.   Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін
болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа
кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік
техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар
педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына
айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» ұғымы  «оқытудың
жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз
байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім
беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Білім беру үрдісін ақпараттандыру –
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді[1].
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты-
заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар
мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық
әрі тиімді араластыру болып табылады.Жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру
негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік
желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл
әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс
құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді
(бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер,
қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды
пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар
жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасындағы  білімді ақпараттандыру жүйесін  одан әрі
дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын
программалық құралдарды  дайындамай  жүзеге асыру  мүмкін емес. Олардың
ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы,  бақылайтын  және тест 
жүргізетін  программалар,  компьютерлік ойындар, ақпараттық  жүйелер, 
оқыту орталары болып табылатын электрондық  оқулықтар  және 
мультимедиялық  программалар.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды «Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков
енгізген.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі — білім саласын
ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-
еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану
ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық
бағытта тәрбиелеу керек  екендігін анықтап отыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын
арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі  технологияларды тиімді жаңа типті
ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде
практикада жүзеге асыру шаралары.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру бағытында дипломдық жұмыстың
тақырыбын «Жалпытехникалық пәндерді оқытуда техникалық құралдарды пайдалану
жолдары» деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-
коммуникациялық және интерактивтік технологияларды және басқада техникалық
құралдарды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану арқылы технология пәнін оқытудың
сапасын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
-   білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
-   жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы
оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
-   оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын мектепте өтілетін
технология пәнін оқытуда қолданудың әдістемелік жүйесіне талдау жасау.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие
процесі.
Зерттеудің пәні: оқытудың техникалық құралдары мен жаңа ақпараттық
технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ЖАЛПЫТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі педагогикалық білім негізі
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі кәсіптік білім беру мекемелеріне
педагогтар даярлаудың маңызды компоненті болып табылады. Әдістемелік білім
оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің кәсіби әрекеттерін қамтамасыз ете
отырып, осы әрекеттердің әдістері, тәсілдерімен тығыз байланыста
педагогикалық шығармашылығын қалыптастырады[2].
Қандай педагог болмасын өзінің оқушыларының сүйіспеншілігіне бөлену
үшін өз пәнін жете меңгеруі тиіс. Дегенмен, жоғары оқу орыны барлық
мамандықтарға байланысты білімдер жүйесін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан
да оқытылатын пәндер бойынша, жаңа білімдерді қалыптасытыруды қамтамасыз
ете алатын әдістемелік білімдер қажет болады. Мәселенің мәнісі, кәсіптік
білім беру мекемелерінде оқу жоспарына ендірілген барлық оқытылатын арнайы
пәндердің мазмұнын меңгеруде жатыр. Көптеген жағдайда аталынған мекемеге өз
пәнін жете меңгерген, жоғары санатты мамандар келеді, десекте, олардың
оқушылардың сабақта жұмыс істете алуын ұйымдастыра білуі екіталай.Өйткені,
оқыту үдерісін ұйымдастыру тек өз пәніңді жақсы білу ғана емес, сонымен
қатар, оқыту үдерісінің заңдылықтарын, оқушылардың оқу әрекетінің
психологиясын да жетік білу қажет болады. Өз пәнің бойынша біліміңді оқыту
үдерісін білумен байланыстыру жайдан-жай бола бермейтін құбылыс. Көптеген
жақсы инженерлер, өндіріс шеберлері кәсіптік білім беру мекемелерінен, пән
бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыра алмағандықтан басқа жұмысқа ауысып
жатады.
Сондықтан арнайы пәндерді оқыту әдістемесі жөніндегі теориялық
білімдерді алға тартуда, педагог жұмысының нысанын, пәнін, ұғымдық-
терминологиялық аппараттарын, оның практикалық әрекеттерін зерделеу
әдістерін білу қажет. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып,
оқыту мекемесіндегі нақтылы пән бойынша оқыту үдерісін айтамыз.
Мысалы, әңгіме элекетротехника жайлы болса, онда әдістемелік таным
нысаны болып электротехниканы оқыту, яғни пәнді оқыту мақсаты, бағдарлама
мазмұны, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру формалары мен
әдістері болып табылады. Сонымен қатар, оқыту үдерісі – кәсіптік оқыту
педагогикасын зерделеу болып саналады. Әдістеме мен педагогиканың танымдық
нысанының жалпылылығы әдістемелік және педагогикалық білімдер
табиғаттарының бірдейлігін сипаттайды. Дегенмен, олардың арасында
айрмашылықтар табылады.
Оқыту әдістемесі мен педагогиканың айырмашылығын пән оқытушысы әрекеті
мен педагог-әдіскердің әдістемелік әрекеттерінен іздестірген жөн. Пән-
оқытушысының әрекеті пән бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру. Пән-оқытушысы
оқыту мазмұны мен оған сәйкес келетін әдістермен оқушылардың когнитивті
(білімдік) әрекеттерін ұйымдастырады. Нәтижесінде нақтылы пәнге үйретілген,
кәсіби білім, білікке және кәсіби қабелеттілікке ие оқушыны оқытып
шығарады.
Педагогиканың негізгі мақсаты оқыту үдерісінің құрылымдық элементтерін
жинақтау, өзара байланыстыру олардың диалектикалық біркелкілігін қамтамасыз
ету. Әдістемеде көбінесе.: «қалай оқуту керек?», оқытудың қандай құралдары
арқылы оқыту мазмұны оқушылардың білімі мен білігіне айналады деген
сұрақтар басым болады.
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып, оқытушының оқыту
әрекеті және оқушылардың кәсіби білім, білік және дағдыларды меңгеруге
бағытталған когнитивті әрекеттерін реттеп отыратын, арнайы дайындалған
оқыту құралдарын құрылымдау, қолдану және жетілдіруге байланысты
өзбетіншелік салыстырмалы түрдегі педагогикалық білімдер мен біліктердің
жиынтығы болып табылады.
Дегенмен, оқыту әдістемесімен айналысып жүрген бірқатар педагог-
зерттеушілер арасында - әдістеме алынған ғылым саласының қолданбалы бөлігі
- болып саналады деген пікірлерді алға тартады. Біздің пікірімізше, пәнді
білу – оқыту әдістемесін іске асырудың бір факторы ғана. Мәселенің шешімі
қандай да болмасын ғылымның танымдық нысанын білуде жатыр. Мысалы техника
ғылымының танымдық нысаны техникалық қондырғылар және жүйелер болса, ал
арнайы пәндерді оқыту әдістемесі техникалық қондырғылармен, оларды зерттеу
әдістерін қалыптастырумен айналыспайды. Оның танымдық нысаны – оқытылып
жатқан ғылым құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін
ұйымдастыру. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің пәні болып – арнайы
оқыту құралдарын жасау, дайындауға байланысты кәсіптік мектеп педагогінің
әдістемелік әрекеттерінің заңдылықтары саналады.
Төменде оқытушылардың әдістемелік әрекеттерін ұйымдастыру мен оқыту
құралдарының әдістемелік-кешенін дайындайдың психология-педагогикалық
аспектілері мен оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару мәселеріне
тоқталамыз.
Әдістемелік әрекет толыққанды және ол педагогтің өзбетінше кәсіби
әрекетінің түрі ретінде зерттелініп бітпеген мәселе. Педагогикалық
әдебиеттерде әдістемелік әрекетке қатысты үш түрлі көзқарас қалыптасқан.
Біріншісі көзқарасқа сәйкес, әдістемелік әрекет педагогтің
өзбетінше білім алуы, дидактикалық құралдармен жұмыс істеуі, пәнге
байланысты білімін жетілдірумен байланысқан әдістемелік жұмысқа тіреледі.
Екіншісі, - нақтылы пәнді оқытуға қатысты әдістемелік әрекетке жатады. Бұл
жағдайда авторлар педагогтің әдістемелік және оқыту әрекеттері
ерекшеліктеріне назар аудармайды, ал «әдістемелік әрекет», «оқыту әрекеті»
бір-бірінің синонимі ретінде қабылдайды.
Үшінші көзқарасты құптайтын зерттеушілер, әдістемелік әрекетті кәсіби-
педагогикалық әрекет құрылымындағы салыстырмалы түрде өзбетінше көрініс
табатын біліктер жиынтығы деп таниды.
Педагог-практиктер әдістемелік әрекеттің маңызы мен ерекшеліктерін
қабылдайды. Мәнділігіне байланысты бұл әрекет пәнді оқыту және
тәрбиелеуден кейінгі үшінші орынды алады. Сондықтан әдістемелік әрекетті
кәсіби-педагогикалық әрекеттің өзбетінше орын алатын түріне жатқызамыз.
Оқыту әдістемесінің көптүрлілігіне, олардың дифференциация-лануына,
әртүрлі пәндер мазмұнына қарай жоспарлануына қарамай, барлық білім беру
жүйесінде жалпы теориялық негізінде іске асырылатын, педагогтің бірдей
кәсіби-педагогикалық әрекет құрылымының түрі, жалпы әдістемелік
нұсқаулардың ортақ негізі болады.
Арнайы пән оқытушыларының әдістемелік әрекетінің мақсаты – оқыту
практикасын қамтамасыз ету.
Арнайы пән оқытушыларының әдістемелік әрекеті қызметі былайша
жіктеледі:
- аналитикалық;
- жобалаушылық, оқыту мазмұнын жоспарлау мен жасауға, оқыту әрекетін
даярлау мен жоспарлауға қатысты әрекет қызметі;
- құрылымдық, жаңа білім, білік және кәсәби білік пен дағдыларды
қалыптастыру үдерісіндегі оқытушы мен оқушының өзара әрекеттеріне
бастайтын, алда тұрған сабақты жоспарлауға, оқу материалдарын ұсыну
формаларына байланысты әрекеттер жүйесі;
- нормативтік, білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларының
талаптарын, білім беру мекемелері типтеріне байланысты білім беру үдерісін
іске асыру шарттарын орындау;
- зерттеушілік.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекетін тікелей бақылау мүмкін
бола бермейді. Талдауға, бақылауға оқытушының білім беру әрекетін алуға
болады. Әдістемелік әрекет, оны іске асыру жағдайлары мен тәсілдері - өте
күрделі ойлау үдерісіне жатады. Мұнда педагогикалық үдеріс пен оны іске
асырудың: әдістемелік, материалды-техникалық немесе ұйымдастырушылық
шарттарының ара жігін ажырату үшін олардың әрекет пәндеріндегі
айырмашылықтарын анықтау қажет.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет нысаны болып - кәсіби
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру үдерісі табылады.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет пәні болып – нақтылы пән
мазмұнының ерекшелігі бойынша жаңа білім, біліктерді қалыптастыру
үдерісінің әртүрлі тәсілдері мен әдістері, жүзеге асыру жолдары және оларды
реттестіру табылады.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет субъектісіне болып -
оқытушы немесе оқытушылар ұжымы жатады. Өйткені, жаңашыл-педагог қай
уақытта да жаңа нақтылы әдістемелік тәсілдерді, өзінің жеке әдістемесі
жүйесінде орын алатын құрылымдарды алға тартады.
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекеті нәтижесі болып – таңдап
алынған оқу материалдарының әртүрлі ақпараттық формада, әдістемелік
тұрғыдан өңделген; тапсырмаларды шешу алгоритмі; жұмысшы дәптерлер парағы;
оқыту тәсілдері мен әдістері; оқу пәнін әдістемелік қамтамасыз ету; оқу
бағдарламалары; оқыту бағдарламалары және т.б. табылады.
Сонымен, арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекетін жеке пәндер
немесе оқу пәндері циклдері бойынша оқыту мен оқу әрекеттерін реттеуді іске
асыруға мүмкіндік беретін, оқыту құралдарын зерделеу, құрылымдау және
жасау, жобалауға қатысты оқытушының өзбетінше кәсіби әрекет түрін
айтамыз[3].
Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекеті түрлеріне:
- оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдістемелік кешендерді талдау;
- оқу материалдарын әдістемелік талдау;
- оқытудың теориялық және практикалық сабақтары жүйесін жоспарлау;
- сабақта оқу ақпараттарын моделдеу мен құрылымдау формаларын алға
тарту;
- оқушылардың техникалық ұғымдарды және практикалық білігін
қалыптастыру әрекеттерін құрылымдау;
- пән бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау;
- кәсіби білім, білік және дағдыларды бақылау түрлері мен формаларын
жасау;
- сабақта оқушылардың әрекеттерін басқару мен бағалау;
- сабаққа даярлану мен оның нәтижесін талдауда өзінің әрекетін
бағалау.
Әдістемелік әрекеттердің жоғарыда көрсетілген түрлері барлық кәсіби-
педагогикалық мамандардың жан-жақты әдістемелік практикасын қамти алмайды.
Олар арқылы оқытушы сабақты ұйымдастыру даярлығын меңгереді. Өйткені
әдістемелік әрекетті меңгеру әдістемелік ептілік арқылы қалыптасады.
Ептілік – бұрын меңгерген білімдер негізінде оқытушының жаңа жағдайда
қандайда бір әрекетті орындауы. Кәсіби мектеп ерекшелігіне және оқытылатын
пәндердің күрделіліктеріне байланысты әдістемелік әрекет бірнеше топқа
жіктеледі.
Бірінші топ арнайы пән оқытушысының кәсіби әрекеттерінің дидактика-
әдістемелік негіздерін меңгеруіне байланысты. Олар:
1. Мамандарды оқытуға байланысты оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау
ептілігі.
2. Нақтылы тақырыпты оқытуға байланысты әдебиеттерді таңдау ептілігі.
3. Оқу материалдарына логика-дидактикалық талдау жасау ептілігі.
4. Аз мөлшерде берілген оқу ақпараттарына әдістемелік талдау жасау
ептілігі.
5. Оқу матеиалдарын ұсыну формаларын таңдау ептілігі: блок-схема,
техникалық еспетерді шешу алгоритмі, тірек конспектілері және т.с.с.
6. Теориялық және практикалық оқытудың кешенді тәсілдерін жасау
ептілігі.
7. Оқушылардың қалыптасқан білімдері, және ептіліктерінің деңгейлерін
анықтау формаларын жасау ептілігі.
8. Оқушылардың әртүрлі оқу және оқу-практикалық формаларын ұйымдастыра
білу ептілігі.
9. Теориялық және практикалық сабақтарды талдай білуі.
Екінші топқа оқу материалдарын зерделеу ерекшеліктеріне байланысты.
Оларға:
1. Әдістемелік талдау негізінде оқытылатын тақырып бойынша сабақ
жүйесін жоспарлау ептілігі.
2. Оқушылардың кәсіби әрекеттеріне байланысты оқу және оқу-өндірістік
жұмыстарын жоспарлау ептілігі.
3. Оқушылардың сабақ барысындағы әрекеттерін ұйымдастыра білу және оны
басқару ептілігі.
4. Теориялық және өндірістік оқыту әдістерін қолдана білу ептілігі.
5. Әдістемелік нұсқауларды талдау ептілігі.
Үшінші топқа алдынғы қалыптасқан ептіліктерді синтездеуге байланысты.
Олар:
1. Практикада әдістемелік нұсқауларды, әдістемені және оқыту
технологиясын қолдана білу ептілігі.
2. Нақтылы жағдайға және оқыту мақсатына байланысты оқыту
әдістемесінің вариантарын қарастыра білу ептілігі.
3. Өзінің жеке оқытудың әдістемелік жүйесін жасау және оны ұсыну
ептілігі.
1.2 Оқытудың техникалық құралдарының көрнекілік принциптері
Білім беру процесінде оқу материалдарын мектеп оқушыларымен кәсіптік
мектеп оқушыларына жеткізуде, түсіндіруде оқытудың техникалық құралдарының
педагогикалық құндылық жақтары жоғары болып саналады. Оқу материалын
қабылдау және түсінікті жеткізуде көрнекі құралдары, сызбалар, кестелер,
плакат суреттері, нұсқау карталары т.б. кеңінен қолданылады. Дегенмен бұл
аталған көрнекі құралдарының маңызын жоймай қайта өтілетін оқу
материалдарын оқушығы тез ұқтыру жолын іздестіруде оқытудың техникалық
құралдары өмірге келді.
Ондай техникалық құралдарға қарапайым фильмоскоп аппараттарынан
бастап оларды жетілдіріп, эпипроектор құралы, бері келе диоскопиялық
проекцияларды алу үшін диапозивтертермен диафильмдерді экранда үлкейтіп
көрсетуге арналған кинопроекторлармен графопроекторлар өмірге келді.
Алғашқы диапроектор түрлері қарапайым болса, кейіннен жартылай автоматты
түрде басқарылатын диапроекторлар класы дайындалды.
Диафильмдермен диапозитивтердегі кескін бейнелер жансыз болып
көрінсе, кейіннен ол техникалық құралдарын жетілдіру арқасында қимылды,
қозғалысты түрінде көрсететін техникалық құралдар киноқондырғыларды өмірге
келтірілді. Кинофильмдердегі көріністер шындыққа жақын болып, қымыл-
қозғалыста түсіндірілетін оқу материалдары көренменге ұғыныңқылы болып
оқушылардың оны қабылдауларына мүмкіндіктер туды. Техникалық
құралдардың түрлері арқасында оқу-тәрбие процестерінің көрнекілік
принциптер арта түсті.
Кинофрагменттермен кинофильмдер, видео фильмдерді сабақта кеңінен
қолдануға мүмкіндіктер туа бастап, техникалық құралдарды қолданушы ұстаздар
қауымы көбейе түсті
Оқытудың көрнекілік принципі ертеден қолданылып келе жатқан принцип.
Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіргішті түрліше қабылдайды. Ең сезімтал мүшеміз – көру мүшеміз.
Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылар есінде жақсы сақталады.
Техникалық көрсеткіш құралдарын қолданып оқушының зейінін, мәдениетін,
оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
Әрбір оқушы өзінің ойлау қабілетіне, жинақталған біліміне, есте сақтау
қабілетіне қарай түсініктерді қабылдай алады. Аталған мәліметтерді тудыруға
барлық техникалық құралдардың құндылықтары жоғары болып саналады.
Дегенмен әрбір техникалық құралдарының өзіндік ерекшеліктері бар.
Әрбір ұстаз оларды тиімді қолданудың әдіс-айлаларын қарастыра білуде
мынадай мүмкіншіліктерді береді [4]:
Техникалық құралдар арқылы оқытылған әрбір сабақ тартымды болып
оқушылардың есте сақтауларына себеп болады.
Техникалық құралдарды қолдану арқасында мұғалім уақытты үнемдеу арқылы
оқу материалдарын тез жеткізе алады.
Техникалық құралдарды қолдану арқасында оқу материалдарын кеңінен
насихаттауға мүмкіндік алады.
Техникалық құралдар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыруға септігін тигізеді.
Оқу материалын түсіндіруде мұғалімнің шеберлігін шыңдауға себепші
болады.
1.3 Оқытудың техникалық құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері
Барлық адамдар айналамыздағы болып жатқан құбылыстармен жаңалықтарды,
жетістіктерді барлық сезу мүшелерінің қабылдауы арқылы білеміз, сеземіз. Ол
күнделікті ақпарат ағымдарын көбінесе мына төмендегідей құралдары арқылы
қабылдаймыз.
Ақпарат ұсыну құралдарын үш топқа ажыратуға болады:
есту (аудио) құралдар;
көру (визуаль) құралдар;
аудио-визуалды (есту-көру); құралдары.
Соның ішінде ең көп қабылдайтын мүшеміз көру-мүшесі екен. Барлық
хабардың 90%-ке жуығын көру мүшеміз арқылы, 9%-ке жуығын есту, 1% -н сезу
мүшеміз арқылы қабылдайды екен.
Психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша адамдар миы тыңдау арқылы 15%-
н есте сақтаса, ал көру арқылы 25%-н есте сақтайды, ал көру – есту
анализаторлары арқылы 60,65% -н есте сақтай алатындығы анықталған.
Осындай зерттеу нәтижесі ескеріліп білім беру жүйесінде техникалық
құралдардың тиімді, әрі қажетті екенін анықтап оқу-тәрбие процесінде
кеңінен қолданылуға оқытып үйрететін арнайы жеке пән ретінде ұсынылған.
Әсіресе мектеп оқушылары көрнекілікпен оқытуды қатты талап етіп отырады.
Өйткені, олардың есте сақтау қабілеттері өте төмен, жасерекшеліктері де
әртүрлі болып келеді.
Оқу құралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының түріне
өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес,
сонымен қатар олардың дидактикалық принциптерімен қызметтерін білуді де
қажет етеді. Дидактикалық қасиеттер дегеніміз-оқу құралдарының
басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық
функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері.
Дидактикалық қасиеттер тек қана оқу құралдарына тән болып келетін
мүмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында түрлі әдістерді
қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын
дидактикалық мүмкіндіктер, дидактикалық функциялар мен дидактикалық
қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады. «Дидактикалық
қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да
болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстүрге айналған.
Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әртүрлі болып келетіндігіне
қарамастан, олар ортақ қызметтер атқарады. Атап айтқанда:
- оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып түсінуді, түсініктер мен
ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;
- хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің
бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де
атқара береді;
- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген
мақсатқа көп күш, денсаулық, уақытты тиімді жұмсамай білугуге бағытталған;
- бейімделушілік қызмет, оқу процесіндегі қолайлы
жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей
болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;
- интегративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе құбылысты
тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл
қызмет (функция) оқу құралдарын комплексті түрде қолдану мен жаңа
информациялық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы қызметке (функцияға) оқушылардың іс-әрекеттерінің, қызметінің,
операциялардың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру мен алға қойған мақсатқа
жетуді қамтамасыз етуге бағытталған инструментальдық функция мен оқу
процесінің сыртқы тұрақты мотивациясын қалыптастыру мақсатын көздейтін
мотивациялық қызметті жатқызуға болады. Оқыту құралдарының барлық
функциялары бір-бірлерімен тығыз байланысты болып келеді және оқу-тәрбие
процесіне комплексті түрде әсер ете отырып, оның ұйымдастырылуының дұрыс
жолға қойылуы мен басқарылуын үнемі қамтамасыз етіп отырады. Оқыту
құралдарының ішінен техникалық құралдардың көрнекілік жағынан ең маңызды
рөл атқарады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде техникалық құралдардың
ролі арта түсіп, күн сайын жаңару үстінде. Ғылыми техникалық прогрестің
дамуынада өз үлесін қосуда.
Бүгінгі таңда оқу-тәрбие қызметінің құралы ретіндегі оқу құралдарының
рөлі қоғамдық өмірдің барлық салаларының техникаландырылуына байланысты,
одан әрі арта түсуде. Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген
ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі
қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер.
Педагогикалық әдіс оқу процесінде түрлі дидактикалық әдістерді жүзеге
асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу
мен танымдық қызметінің сан алуан түрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-
тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жүзеге
асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу
құралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне
байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету
жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және үнемі ескеріліп отырады.
Бұл классификация (жіктеу) - факторларды жіктеу теориясындағы «даму
факторы» сияқгы ең маңызды факторды ескере отырып жасалған. Соңдықтан да ол
оқу құралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туындайтын
классификациялық белгілерді бөліп алып қарастыруға мүмкіндік бере алады.
Осы жіктеу жайындағы ғылыми тұжырымдар жарияланғаннан кейін біраз уақыт
өткізіп пайда болса да видео жазбалар, электроңдық есептеу техникасы,
тренажерлар сияқты неше түрлі оқу құралдары білім беру жүйесіңде қарқынды
ене бастады. Дегенмен бүгінгі технологиялық құрылғылармен ақпараттық
технологиялар бірден өмірге келген жоқ. Оған дейін қарапайым проекциялық
шамдардан бастап, диапроекторлардың өмірге келуі себеп болды.
1.4 Оқытудың техникалық құралдарының түрлері
Білім беру саласында ең алғашқы өмірге келген техникалық құрал
түрлері фильмоскоптармен эпидиаскоптар, диопректорлар тобынан бастап
бүгінгі күнгі қуатты дамып отырған компьютерлік технология желілерін
мынадай негізгі 3 топқа бөлінеді.
Информациялаушы құралдарына: электрофон, оксетафон, магнитафон, радио
хабарларын жеткізетін радио торабы, диапроекторлармен графопроекторлар,
телевизорлар, бейне-магнитафондар.
Оқушылардың білімдерін тексеретін, басқаратын және бақылайтын
құралдарына; ЭЕМ (ЭВМ) машиналары, әртүрлі калькуляторлар (есептеуіш
машиналары).
Жан-жақты техникалық құралдарға жататындар: мектептермен оқу
орындарындағы тұйық телестудия.
Информациялық түсініктерді беретін құралдар:
І. Оқытудың экрандық құралдары
ІІ. Оқытудың дыбыстық құралдары
ІІІ. Оқытудың дыбыстық-экрандық құралдары
І. Оқытудың экрандық құралдарына жататындар:
1. Оқу диафильмдері
2. Диапозитивтер
3. Эпиобъектілер
4. Кинофильмдер
ІІ. Оқытудың дыбыстық техникалық құралдарына жататындар:
Радиохабарлар
Дыбысты жазып қайта шығару құралы- магнитафондар
ІІІ. Оқытудың дыбыстық-экрандық құралдарына жататындар:
Кинофильмдер
Киноүзінділер (кинофрагменттер)
Оқу телевизиялық хабарлары
Бейне жазулар (видео запись)
Дыбыстық диафильмдер (звуковой диафильм)
Информациялық барлық хабарлар мен оқу материалдарын дыбысты жазып
қайта шығару (магнитафондар) құралдарымен оқушылардың білімдерін тексеретін
компьютерлік технология құралдары көмегімен мектеп оқушыларының, кәсіптік
техникалық мектептердің оқушыларын, студенттердің білім деңгейлерін
кеңейтуге, дамыта түсуге техникалық құралдардың ықпалы зор болып
саналады[5].
Диафильмдер мен диапозитивтер
Диафильм дегеніміз – суреттері фотографиялық жолмен түсіріліп өңделген
өлшемі 35 мм болып келген жылтыр фото плёнка үзіндісін айтамыз.
Плёнка материалы өте жұқа иілгіш, әрі мықты, лавсон, ацетат тағы басқа
материалдан дайындалынады. Диафильмдерді арнаулы диафильм жасайтын студия
«Диастудия» жасап шығарады. Диафильмдер дыбысты, дыбыссыз болып екіге
бөлінеді.
Диафильмдер ақ қара және түрлі түсті болып келеді. Диафильмдердің кадр
өлшемдері 18х24 мм, 24х36 мм болып келеді. Кадр сандары 25-45 дейін серия
саны 1, 2 бөлімнен тұрады. Плёнканың жалпы ұзындығы 1-1,5 м болып, қатырма
(картон) қағаздан рамка түрінде қапталады. Диафильмдер мазмұнына
байланысты:
Ертегі диафильмдер.
Очеркті диафильмдер.
Оқу диафильмдер.
Арнайы тақырыптарға арналған диафильмдер болып бөлінеді.
Диафильмдер тақырып мазмұнына байланысты:
Оқу диафильмдері
Ғылыми көпшілікке арналған диафильмдер және бала-бақша мекемелеріне
арналған диафильмдер болып.
Азаматтық қорғаныс көрініс саласына арналған диафильмдер болып
бөлінеді.
Диафилъмдер статикалық оқу құралдарының қатарына жатады. Бұл оқу
құралында бейнеленетін материалдардың авторлық әдістемелік идеяларына
байланысты көрсетілетін кадрлардың өзіндік ретін қарастыратын өзіндік
құрылымы болады. Диафильмдер өте әсерлі экрандық құрал болып табылады.
Олардың бағасы арзан, сондықтан да өзіндік диафильмдер кітапханасын
(диатекасын) жасау әр мектептің, орта кәсіптік техникалық мектептің
ұстаздар қауымы өздері қолымен де жасар алуғада болады. Кадрда қажетті
информация тексінің толық мәтіні жазылмайды бұл деген диафильімдердің ең
бір кемшілігі болып табылады. Жазулар көбінесе кадрдың төменгі жерінде
жазылады.
Бүгінде мұғалім (өндірістік оқыту шеберінің ) қандай жағдайда болсада
сабаққа оқушыларды қызықтыра алмайды, өйткені бүгінгі жастарымызға күнбе-
күн дамып отырған компьютерлік технологияның ықпалы зор болып саналады.
Сондықтан техникалық құралдарды әрбір сабақтарымызда кеңінен пайдаланып
сабақ өтудің қажеттілігі туып отыр. Қазіргі кезде дыбысты диапроекторлар
шығарылып қолданыста.Бұлар диафильмдердің дидактикалық мүмкіндіктерін
кеңірек пайдалануға көмектесті. Ал дыбыстың қоса шығуы кадрды текстен
босатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі диапроекторлардың жарық күшінің көптігі диафильмдерді
қараңғыланбаған бөлмелерде көрсету мүмкіндігін туғызып отыр, ал оқушылар
болса, мұндай көріп отырып та өз дәптерлерін жазу, сызу жұмыстарын қатар
жүргізе алады.
Кадрдың астында тексті жоқ диафильмдер арқылы оқушыларға сұрақ қойып,
білімдерін тексеруге де болады. Басқа қарастырылған суреттер құралдарына
қарағанда диафмльмдер оқушыларға едәуір эмоционалды әсер етеді, себебі олар
қарастырылып отырған объектілерді, оқиғаларды, процесстерді толық та, терең
көрсете алады.Бүгінгі күні басқада техникалық құралдарының дамуы арқасында
диафильмдердің ролін төментетуде. Дегенмен диафильмдер оқу-тәрбие
процесінде 50-90 жылдарға дейін кеңінен қолданып келді[6].
Ал фрагменті жасалынған диафильмдер әлі де жеткіліксіз, сондықтан өз
әрекеттерімен диафильмдер, диапозивтер жасайтын мұғалімдерге (өндірістік
оқыту шеберлеріне ) төмендегі қағидаларды білген дұрыс.
1. Диафильмде берілетін оқу материалының әрбір кадры бір - бірімен
логикалық қатынаста болу керек.
2. Диафильмдегі оқу информациасының көлемін анықтағанда есте болатын
жағдай; оқушының психофизиологиялық қасиетіне тән 45 мин не бары 12 кадр
көрсетілуі тиіс.
3. Егер диафильм жасағанда текстер жазатын болсаңыз, оның оқушыларға
әсері болуы үшін, олар 3 қатардан, ал әрі қатардағы әріптер мен тыныс
белгілерінің саны 52 - ден аспауы қажет.
4. Түсірілетін материалды үлкен не орташа планмен түсірген дұрыс.
5. Дыбысты диафильм жасағанда әрбір бейнемен дыбыс тығыз байланыста
болуы керек. Диктор тексі қысқа, әрі түсінікті болуы керек.
6. Диафильмнің фотографиалық сапасы Мемлекеттік стандарт талабына сай
болуы шарт.
Диафильмдегі кадрлар ретінің өзгеруі оның мазмұнының логикалық
құрылымының бұзылуына, хабарларды тұтастай қабылдауға әкеліп соғады.
Көрнекі құралдардың осы түрінің дидактикалық қасиеттері диафильмдердің
түрлі ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау68 бет
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы89 бет
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы21 бет
Сапа менеджмент жүйесін- білім беру жүйесіне қолдану3 бет
Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері13 бет
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы25 бет
Қазақстанның білім беру жүйесі17 бет
ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлекеттер өқілеттіліктер жүйесі30 бет
"Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын67 бет
«Қайнар құс» акционерлік қоғамындағы негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалау ерекшеліктері79 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь