Постиндустриялды қоғам концепциясы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Постиндустриялды қоғам концепциясы алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д. Беллдің 1973 жылы жарық көрген «Келе жатқан постиндустриялды қоғам» атты еңбегінде қолданылды. Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді: қызмет көрсету экономикасын құру, ғылыми-техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы, жаңалықтар мен қоғамдағы саяси шешімдердің, технологиялық өсімнің мүмкіншілігінің көзі ретіндегі теориялық білімнің алғашқы орында болуы, жаңа «интеллектуалды» техниканы құрастыру. Экономиканың жаңа сипаттарын зерттей отырып Белл мынадай қорытындыға келген: қоғамда дамудың индустриялды кезеңінен постиндустриялды кезеңге өтуі байқалады, осы уақытта экономикада өндірістік сектордың емес, қызмет көрсету секорының басымдылығы байқалады.
Постиндустриялды қоғам теориясы кейіннен З. Бзежинский, Дж. Гэлбрейт, Э. Тоффлер және т. б. дамытылады. 90-жылдары постиндустриялды қоғам концепциясын көптеген зерттеушілер ақпараттық қоғам ұғымымен байланыстырады, ал кейде осы ұғымдар синонимдер ретінде де пайдаланыла береді.

Осы концепцияны қарастыра отырып, әрқашанда екі аса маңызды жайтты ұмыстпаған жөн: біріншіден, Белл қоғамның жаңа түрінің пайда болуын болжаған, ол әзір тұрған «постиндустриялды қоғамды» зерттемеген, ал екіншіден, постиндустриялды қоғам концепциясы экономикасы дамыған елдерді сипаттайды - АҚШ, Бастыс Еуропа елдері және Жапония, ал егер қатаңырақ үңілсек тек АҚШ-ты қарастырған.

Постиндустриялды қоғам теориясы қазіргі таңда қоғам туралы дәстүрлі маркстік ілімге деген балама болып шықты, сондықтан берілген екі концепциялар өзара салыстыруға салынады.

Бірақ, постиндустриялды қоғам теориясының өзін зерттемесиен бұрын, алғашқы кезеңдерді - дәстүрлі және индустриялды даму кезеңдерін қарастырып өтейік.

1. Дамудың толқындық кезеңдері

Тарихи дамудың периодтылығын көрсететін бірнеше концепциялар бар. Дәстүрлі түрде олардың негізгілері болып құрылымдық (К. Маркс) және өркениеттік (К. Ясперс, А. Тойнби) саналады. Осылардың алғашқысы адамзат қоғамының негізіне өндірістік-шаруашылық қатанастарды жатқызса, екіншісі - әлеуметтік-мәдени типтерді еңгізген.

Осы екі концепциядан кейінгі үшінші орынға толқындық концепцияны жатқызуымызға болады. Үш толықн идеясы жаңа емес, бірақ осы идеяны толығымен өзінің «Үшінші толқын» атты еңбегінде қарастырған Э. Тоффлер еді.

Алдымен, «алғашқы толқын» болған. Ол осы кезеңді «ауылшаруашылық өркениеті» деп те атайды. Сол кезде жер экономиканың, жалпы өмірдің, мәдениеттің, саясаттың және жанұялық ұйымдасудың негізі болған еді. Барлық жерде еңбек бөлінісінің қарапайым үлгісі басым және нақты анықталған таптар болды. Барлық жерде билік авторитарлы болған. Барлық жерде адамның әлеуметтік шығу тегі оның өмірдегі орнын көрсетіп қоятын еді. Барлық жерде экономика орталықсыздандырылған болды, сондықтан қоғам өзіне не қажет болғанын өндірген екен. Ал үш жүз-үш жүз елу жыл бұрын жарылыс болды - өндірістік революция басталды. Онымен босатылған орасан зор, елеулі барлық әлемге тараған күш - бұл «екінші толықн» еді. Ол бұрыңғының институттарымен жақындаса түсіп, миллиондаған адамдардың өмір сүру үлгісін өзгертіп жіберді. ХХ ғасырдың ортасына қарай «алғашқы толқынның» күшетрі тым әлсіреп, әлемде «индустриялды өркениет» басталады. Бірақ, оның билігі көпке созылған жоқ, себебі оның жеңісімен бірге әлемге жаңа - сан ретімен үшінші толқын ағыла түсті. Ол өзімен бірге жаңа институттар, қатынастар мен игіліктерді әкеледі.

Толқындық теоияның Маркстің құрылымдық теориясымен ұқсастықтары бар екенін еш күмән жоқ, бірақ мұндағы толқындар Марксиің құрылымдарына қарағанда бірін-бірі төңкеріс нәтижесінде емес, эволюция нәтижесінде алмастырады. Ал Маркс революция - бұл тарихтың локомотиві, бірақ эволюционді теория көзқарасымен революциялар тек тарихи дамуды тежейді екен. Ал, Тоффлер бойынша барлығы керсінше, тарихтың ең маңызды қозғалтқышы - бұл техникалық үрдіс, және де кезекті толқын сапалы өзгеріс нітижесінде пайда болса да бұл өзгерсітердің мәні жоқ, олар тек эволюционды сипат алады.

2. Ақпараттық қоғам

Постиндустриялды қоғам концепциясының негізін қалаған аса танымал американ әлеуметтанушысы Даниэл Белл еді. 1973 жылы жарық көрген өзінің «Келе жатқан постиндустриялды қоғам» атты еңбегінде ол нақты өзінің концепциясын көрсетеді.

Бірақ, «постиндустриялды қоғам» терминінің өзі АҚШ-та 50-ші жылдары пайда болды, осы кезде американ капитализмі ежелдегі индустриялды капитализмнен (1929-1933 жылдардағы Ұлы жағдарыс кезеңі) айырмашылықтары байқала бастаған.

50-ші жылдардың капитализмі Маркстің жазған ежелгі классикалық американдық және еуропалық капитализмнен ұқсастықтары жойыла бастады. . Себебі, қарапайым жұмысшы табының тұрмыс жағдайы жақсарды, сонымен қатар, орташа тап пайда бола бастады. Осы таптың құрамына қоғамда беделді орындағы адамдар да кірген екен, осы адамдарды «билейтін», не «қудаланатын» тапқа жатқызу мүмкін емес еді.

60-шы жылдардың соңынан «постиндустриялды қоғам» термині жаңа мазмұнға ие болады - білім берудің мәні артады, арнайы мамандандырылған мамандардың, менеджерлердің, ой еңбегі адамдарының кең қабаты пайда бола бастайды. Қызмет көрсету, ғылым, білім беру саласы тұрақты түрде өндіріс пен ауыл шаруашылығынан басым рөлге ие болып отыр. 50-70 жылдары барылғымызға анық болды: адамзат жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр.

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар
Экономикалық жүйеге құрылымды және өркениетті жолмен жету
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Таным туралы жалпы ұғым философия тарихындағы таным мәселесі
Әлеуметтік өзгерістер жайлы
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну: әлеуметтанулық пікірталастар
Адам ресурстары
Қоғамдық өндіріс. Қоғамдық өндірістің негізгі принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz