Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
КІРІСПЕ 8
1 БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10
1.1 Білім берудегі ақпараттандырудың қазіргі жағдайы 10
1.2 Білім беруде ақпараттық.телекоммуникациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері 20
1.3 Информатиканы жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың мазмұны 27
2 БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 36
2.1. Білім беруде компьютерлік желілерді қолданудың әдістері мен құралдары 36
2.2 Информатика пәнін оқытуда Интернет желісін қолдану әдістемесі 45
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68
ҚОСЫМШАЛАР 69

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісін автоматтандыру кезең-кезеңімен 2011-2013 жылдары және 2014-2016 жылдары жүзеге асыралытындығы айтылған. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай жоғары оқу орындарын кең жолақты Интернетпен 100% қамтамасыз ету, білім беру порталын құру міндеті нақты көрсетілген [1].
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өтпелі осы кезеңде, әсіресе, ауқымды ақпараттық жүйе – Интернет желісінің маңызы зор. Интернет күн өткен сайын өзінің қолданылу аясын кеңейтіп, тоқтаусыз дамуда. 1997 жылы әлем елдерінің 50 млн. компьютері ауқымды желіге қосылған болса, 2001 жылы жарты миллиардтан астам халық бұл қызметті пайдаланған.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 58 б. [1].
2. Ершов А.П., Кушниренко А.Г., Лебедев Г.В. и др. Основы информатики и вычислительной техники. / Под ред. А.П. Ершова. М.: Просвещение, 1988. [2].
3. Софронова Н.В. Образование и XXI век: Информационные и коммуникационные технологии. – М.: Наука, 2009. – 191 с. [3].
4. Климов Е. А. Дидактические проектирование на основе компетентностного подхода / Монография. – М.: Изд. отд. НОУ «ИСОМ», 2005. – 142 с. [4].
5. Янсен В. И. Дидактические основы методов обучения. - М.: Педагогика,2010. – 145 с. [5].
6. Боисенко И.Ф. Оптимизация учебно-воспитательного процесса: метод. Основы. - М.: Просвещение, 2008.-192с. [6].
7. Бейсенбаева А. О критериях качества подготовки специалиста // Вестник ВШ. - 2007. - №1. – С.3-8. [7].
8. Кедров М. Б. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссий. – Рига: НПЦ «Эксперимент», 2009. - С.176. [8].
9. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдiстемесi. -Алматы. “Бiлiм”, 2000. [9].

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 8
1 БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10
1.1 Білім берудегі ақпараттандырудың қазіргі жағдайы 10
1.2 Білім беруде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды 20
қолданудың ерекшеліктері
1.3 Информатиканы жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың 27
мазмұны
2 БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ 36
2.1. Білім беруде компьютерлік желілерді қолданудың әдістері мен 36
құралдары
2.2 Информатика пәнін оқытуда Интернет желісін қолдану әдістемесі45
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68
ҚОСЫМШАЛАР 69
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
• Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесіне (негізгі
ережелер) (ҚР МЖМБС 5.03.016 2009);
• Университет ережесі. Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге
қойылатын жалпы талаптарға (УЕ-ХҚТУ-015-2014);
• Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік
нұсқаулыққа (5В011100-Информатика және 5В060200-Информатика
мамандықтары. Әдістемелік нұсқаулық Жаратылыстану факультетінің Оқу-
әдістемелік кеңесімен бекітілген. 27.08.2013ж. №1хаттама) сілтемелер
қолданылған.
АНЫҚТАМАЛАР
E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) –
электрондық оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту,
желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың
көмегімен оқыту синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: e
- learning – интернет және мультимедиа көмегімен оқыту.
Компьютерлік желі дегенiмiз - ресурстарды (дискi, принтер,
коммуникациялық құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен
байланыстырылған компьютерлер.
Интернет - (aғылшынша Internet - желiаралқ байланыс) бүкіл Жер шары
бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.
WWW (World Wide Web) – Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын
графикалык интерфейс мүмкіндігін береді.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АКТ – ақпараттық коммуникациялық технология
HTTP -Hyper-Text Transmission Protocol
WWW - World Wide Web
Чат - IRC –Internet Real Chat
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісін автоматтандыру кезең-
кезеңімен 2011-2013 жылдары және 2014-2016 жылдары жүзеге асыралытындығы
айтылған. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай жоғары оқу орындарын кең жолақты
Интернетпен 100% қамтамасыз ету, білім беру порталын құру міндеті нақты
көрсетілген [1].
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өтпелі осы кезеңде, әсіресе,
ауқымды ақпараттық жүйе – Интернет желісінің маңызы зор. Интернет күн өткен
сайын өзінің қолданылу аясын кеңейтіп, тоқтаусыз дамуда. 1997 жылы әлем
елдерінің 50 млн. компьютері ауқымды желіге қосылған болса, 2001 жылы жарты
миллиардтан астам халық бұл қызметті пайдаланған. 2004 жылы жер шары
тұрғындарының 13%-ы Интернетке қол жетімді болса, бүгінгі күні бұл
көрсеткіш 41%-ға жетіп отыр. Интернет адам өміртіршілігінің кез келген
саласына әсер етуде. Сондықтан қазіргі заманғы жаңа тұрпатты маманға
қойылатын жоғары талаптардың бірі – Интернет-технологияларды пайдалана
алуға қабілетінің, икемділігінің болуы қажет. Осыған байланысты, кәсіби
білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен педагогика ғылымына
артылатын жүк те ауқымды болмақ.
Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында білім беруде жеке тұлғасын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс
бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін
қалыптастыруда білім беруде ақпараттық-қатынастық технологияларды, соның
ішінде Интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.
Қазақстанда Интернет арқылы білім беруде толығымен жүйелі түрде
контентпен қамтамасыз етпеген. Мектеп жасындағы балаларға арналған
мамандандырылған сайттар, порталдар және білім беретін ресурстар жоқ.
Қазіргі кезеңде Интернет-ресурстарды жасау мектеп жасындағы балалардың жас
ерекшеліктері білім жүйесі ретіндегі педагогикалық инструментарияны талап
ететіні байқалып отыр. Мектеп сайтын жасау мәселесі – техникалық болғанмен
ауқымы кең дәрежелі, контентті (мазмұнды) мәселе болып келеді. Жоғарыда
аталған мәселелерге орай мектепте Интернет-ресурстарды пайдалану
қажеттiлiгi мен Интернет-ресурстарды пайдалану әдiстемесiнiң жасалмағандығы
арасында қарама-қайшылық бар екендігі анықталды. Осы қайшылық негiзiнде
білім беруде Интернет-ресурстардың қажеттілігі, оны мұғалімдердің қолдана
білу, өзінің жеке блогын ашу, Интернет-ресурстармен толықтыру мәселелері
туындайды.
Зерттеудің мақсаты: білім беруде Интернет-ресурстарды пайдалану
әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу
және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беруде интернет қорларының маңыздылығын, оқытудағы мақсатын,
міндеттерін және мазмұнын талдау.
2. Информатика пәнін оқытуда интернет ресурстарының мүмкіндіктерін
саралау.
3. Білім беруде оқытуда ақпараттық қорларды қолданып информатиканы
оқытуды жетілдіру.
Зерттеу объектісі: орта мектептердегі информатика курсын оқыту
процесi.
Ғылыми жаңашылдығы: Орта мектепте интернет желісін пайдаланудың
әдістемелік жолдары ұсынылды.
Практикалық маңыздылығы: Ұсынылған әдістеме нәтижелерін жалпы білім
беретін орта мектептердің информатика курсын оқытуда пайдалануға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздерін: Білім беру жүйесінің
психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының
жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы,
қазіргі білім беру проблемалары, оқыту әдістемесі мен теориясы, тұлғаны
дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Дипломдық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік қағидаларын жасауда
оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан
қараудың жалпы ғылыми принциптері, сонымен бірге психологиялық,
педагогикалық теориялар туралы; проблемалық оқытудың психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден,
екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және
қосымшалардан тұрады.
1. БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайы
Қазіргі кездегі білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі
окыту процесін ақпараттандырудың қажеттілігі болып табылады. Білім ұйымдары
e -learning негізінде электронды оқытуды 2015 жылға қарай 50%, 2020
жылға қарай 90% іске асыратыны мақсаттық индикатормен анықталған. Осыған
байланысты педагог-ұстаздардың ақпараттық білім беру жүйесінде ақпараттық-
білімдік орта қалыптастыру мен оның қызметі және кәсіби дайындығының
мәселелері ерекше маңызға ие.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының іші нде әсіресе гуманитарлық
білім беруді ақпараттандыру үдерісі елеулі мәселелердің барлығымен
сипатталады, олар жүйелі түрде шешуді қажет етеді. Жоғары білікті
педагогикалық, әсіресе ақпараттық, компьютерлік дайындығы бар, шетел
тілдерін білетін кадрлардың жетіспеушілігі оқыту сапасына жағымсыз ықпал
етуде. Осы мәселелерді орындау ақпараттық жоғары білім берудің сапасын
арттыруға бағытталған және білім беру мен жалпы қоғам үшін ғылыми-теориялық
және практикалык маңызға ие.
Ақпараттық білімді қазіргі заман талаптарына сәйкес ұйымдастырып, оның
білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу туралы ғылыми зерттеулерге
тереңірек бойлап, кеңірек ой жүгіртсек, қазіргі заманның әрбір адамы
белгілі бір сапа-қасиетке ие болуы қажет екені айқын бола бастады. Ол –
компьютерлік сауаттылық пен электронды құрал-жабдықтарда оңтайлы жұмыс
істеп, өзіне және қоғамға кажетті ақпаратты жедел әрі қажетті мөлшерде ала
білу және тиесінше пайдалана білу екені анық. Өйткені жаңа заманның адамы
жылдам өзгеріске түсіп, құбылып отыратын қазіргі жоғары дамыған ақпараттық
қоғамға бейімделуі қажет. Сондықтан да қазіргі таңда отандық білім беру
жүйесінің, оның ақпараттық жоғары білім беру саласының алдында зор міндет
тұр. Ол – қазақстандық әрбір азаматтың бойына түрлі білім мен біліктілік
қасиеттердің ішіндегі ең бастыларының бірі болып саналатын ақпараттық
технологияларды дұрыс пайдалана білу бойынша сауаттылық қалыптастыру, яғни
қажетті техникалық құрылғылармен жұмыс істеп, солар арқылы алынған
ақпаратпен тиімді қарым-қатынас жасай алатын жаңа заманның және әлемдік
бәсекеге қабілетті білікті мамандар мен кәсіп иелерін дайындау болып отыр
[2].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен тұтастығын берік қалыптастыруда
жаратылыстану-матеикатикалық пәндердің, соның ішінде информатика пәндерінің
алар орны ерекше. Сол себептен ақпараттық жоғары білім беру заман талабына
қарай жаңа технологиялармен оқытылып ақпараттандырылуы өзекті мәселелердің
қатарына жатады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында информатика саласындағы педагог
мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің
біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді
ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын
жасақтау кажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың
біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы
бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламаларын жүйелеп бір қалыпка
келтірілуі керек. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында
информатик мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және
ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Біздің болашақтың жоғары
технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын
жасақтауымыз қажет.
ХХ ғасырдың ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен
оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында
техникалық жағынан жетілген елдерде ақпараттың басым бөлігі, бірінші
кезекте, ғылыми техникалық, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәліметтер
кағаз күйде – ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан ХХІ ғасыр басында
осындай ақпаратты пайдалана алмайтын адам ХХ ғасыр басында оқи да, жаза да
алмайтын жанға ұқсас болады..., - деген болатын.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он
сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен
ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру
бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай – ақ он жетінші
бағытының үшінші тармақшасында Он–лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін
дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп атап көрсетілгендей
бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалык технологияға негізделуін
және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу
– тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман
талабынан туындап отыр.
Ақпараттық-телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оку барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық окулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялык жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы
аса зор.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият
қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің
тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
БҰҰ – ның шешімімен ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры деп аталады.
Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі –
қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және
компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу
және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары [2].
Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам
өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар
орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар
- өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе
жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады.
Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы
білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде
окылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі ақпараттық
қоғамдағы кәсіби қызметінің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық –
жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым –
қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса
қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы мен
парадигмасын жетілдіруге кажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып
жатыр.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты –
заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды
тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде
араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат
тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір –
біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі
құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде
жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін
ақпараттандыруды зерттеу істері окулықтар шығарумен катарласа немесе оның
алдында аткарылуы керек.
Қазакстандағы дарынды балаларға білім беруді акпараттандыру мәселелері;
- білім берудің жаңа технологияларын (оқу теледидарлары, Internet
Telekom, Relkom және кашықтықтан оқытудың өзге түрлері) жасау, жүзеге
асыру;
- дарынды жастар мәселесінің және балалардың ақпарат алмасуының
бағдарламаларын әзірлеу.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен
теледидарды, компьютерді колдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай
қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін койып тыңдаумен
қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған
мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған
ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай
жұмыс істей алады.
Әсіресе, олардың тиімділігі:
1. Қашыктыктан білім алу мүмкінділігінің туындауы;
2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкінділігі;
3. Экономикалык тиімділігі (бару, келу, тұрмыс таукыметі т.с.с.
материалдық шығынды қажет етпеу);
4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын,
орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі;
5. Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлакпен есту
мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі
физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге
мүмкіндік береді;
7. Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор
(теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен
компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызкұмалақ т.с.с логикалық ойындар).
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде
ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, телеконференция,
видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер аркылы іске асырылуда. Бірақ
кез – келген жаңалыктың жақсылығымен қатар зияны да болатыны да белгілі.
Мұндағы ең басты назар аударалык мәселе: олардың ара салмағы. Демек
кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артыкшылығын жетілдіре түсу кажет.
Информатиканы және акпараттық – коммуникациялык технологиялар (АКТ)
казіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары,
күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу,
теориялык информатика негіздерін білу, мектеп түлектерінің ақпараттық
мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және
пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығы осындай [3].
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары;
- методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
- әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық – оқу, эксперементтік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрі
іс - әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік, диагностикалық бакылау әдістері мен оқушылардың білім
деңгейін бағалау. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру
телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні кұру және
дамыту аркылы шешіледі.
Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісі жоғары
деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді
біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен
алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға
мүмкіндік жасау.
Дәстүрлі информатика курсында телекоммуникациялар орта, кейде жоғары
буында оқытылатынына қарамастан, желімен және электрондық почтамен жұмыста
пропедевтикалық курстар мен ерте дамыту үйірмелеріне қоскан дұрыс. Бүгінде
білім беруде оқушылары катыса алатын көптеген жобалар бар. Жобалар ғаламдық
немесе төңіректік ауқымда болуы мүмкін. Бірі мектеп немесе сынып аясымен
шектелсе , келесісі ұлттық , тіпті халыкаралық деңгейге шығады. Оларға
қатысу арқылы балалар жаңа достар табады, жеке немесе ортақ мәселелерді
шешеді өзіндік идеяларын, ынтымақтық пен шығармашылық қабілеттерін жүзеге
асырады [3].
Ақпараттық қоғамда жаңа заманға лайықты білім беру жүйесін қалыптастыру
білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) ендірумен
тікелей байланысты. АКТ құралдары өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен
оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына,
әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның
интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін,
оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше жұмыс істей алу
қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де
қамтамасыз етеді. Мұндай АКТ құралдарының қатарына Интернет-технологияларды
жатқызуға болады.
Өз кезегінде ақпараттық технологиялар оқу үдерісінде ең жетілген құрал-
жабдық, кең көлемді ақпараттық орта, сонымен бірге, ақпараттық алмасудың
жаңа ұйымдастыру-әдістемелік инфрақұрылымы болып табылады. Сондықтан да,
ақпараттық технологиялар құралдары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану,
сонымен бірге, оны үйрену – барлық оқу үдерісіне қатысушылардың, атап
айтқанда, білім ұйымдарының басшыларының, профессор-оқытушылардың,
технологтар мен әдіскерлердің, студенттер мен магистранттардың маңызды
кәсіби қажеттілігі болып саналады.
В.П.Тихомиров айтқандай, ақпараттық технологиялар қалыптасып келе
жатқан күрделі ғылым саласы, оны терең ұғыну үшін интернет желісін табысты
пайдалануға қажетті кәсіби шеберлікті қалыптастыру мақсатында тәжірибелік
жұмыстар жүргізілуі керек [4].
Ақпараттық технологиялар оқу үдерісінің болмысын да өзгертеді:
- ақпараттық қор және әдістемелік тәжірибе бүкіләлемдік компьютерлік
желілер арқылы таралады және де оқу дәрісханасына ғана сиятын мазмұнмен
шектелмейді;
- дәстүрлі сызықтық оқыту әдісіне қосымша болып, интернет
тармақталған оқыту түрін жасайды, мұндағы online- байланыс қаншалықты
студент пен оқытушы болса, соншалықты көп бағытқа шығуы мүмкін;
- оқушылардың және оқытушылар ақпаратты тұтынушыдан өзіндік online-
ақпаратты өндірушіге айналады және де олар барлық әлемді қамтыған білім
құрамасының қатысушылары болады;
- интернеттің ақпараттық және коммуникациялық күші, дәстүрлі оқу
құрылымдарын және жаңа білім бағыттарын ( мысалы, қашықтықтан оқыту)
жаңартады.
Біздің ойымызша, ақпараттық технологияны оқу үдерісіне, ғылыми
жұмыстарға, ұйымдастыру жұмыстарына және тұлғалар қарым-қатынасына енгізу,
оларды пайдаланудың шынайы қажеттілігімен анықталады, кәсіби іс-әрекеттің
дұрыс дамыған жағдайында ғана қалыптасады. Әлемдік желі ресурстарымен
байланысқан тек осы қажеттілік қана қазіргі заман маманының артықшылығы
болып табылады.
Ақпараттық технологиялар оқытудың жаңа әдістерін пайдалануға мүмкіндік
беретін, соның негізінде білім беру сапасының артуына жол ашатын бірден-бір
технология. Ақпаратық технологияны кәсіби білім беру үдерісіне енгізу,
бірнеше педагогикалық жағдайларға және дидактикалық ұстанымдарға байланысты
[5].
Ақпараттық технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық
ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен
жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз.
Дидактикалық ұстанымдар оқу үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін
және білім алушының психологиясын ескеретін, оқыту үдерісін ұйымдастыру
еркешеліктерін бейнелейтін нормативті негіздер болып табылады.
Ғалым П.И.Образцов ұсынған жоғары оқу орындарының ақпараттық
технологияны қолдану шарттарына сәйкес келетін дидактикалық ұстанымдарды
негізге алдық. Олар:
1. Дидактикалық үрдістің және дидактикалық жүйенің оқыту заңдылықтарына
сәйкестілік ұстанымы білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің
объективті заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру қажеттілігіне бағытталған
спецификалық байланыстар, сондай-ақ, білімнің мазмұны және оқытылуы
арасындағы нақты тәуелділік болып табылады.
Оқытушының бұл ұстанымды сақтамауы оны өзіндік конструктивті іс-
әрекеттегі басты бағдардан айырады, өзіндік конструктивті іс-әрекетте
ақпараттық технологияны қолданғанда дидактикалық үрдіс оқыту заңдылықтарына
сәйкестіктен және де оқытудағы мақсатқа жетудің нақты жолынан тұрады.
2. Білімді нақты ойлауға негіздеу ұстанымы, яғни, әрбір құбылысты
өзінің тарихи дамуында қарастыру, сол құбылыстың генезисін табу, оның
дамуының, заңдылықтарының әрбір сатысын бақылау. Интернетте орналасқан
бастапқы мәліметтер (құжаттар, сақталған материалдар, заң актілері, іс-
өндіріс көздері, т.б.) көзімен жұмыс жасау қарастырылып отырған ұстанымды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
3. Теориялық білімнің негізгі жетекшілік рөлі ұстанымы оқу
материалының, мәселен, тақырыптың жеткілікті үлкен мәнді жерін қарау үшін
ақпараттық технологияны қолданып дидактикалық үрдісті ұйымдастырудың
мақсаттылығына негізделеді, ол былай жүзеге асырылады: теориялық білім
алудың бастапқы кезеңдерінде білім алушылар тақырыптың жалпы теорялық
мазмұны туралы түсінік алады, содан соң, аралық кезеңдерде әрбір сұрақтың
мазмұнының басқа түрлерін түсінуге әрекет жасайды, ал қорытынды кезеңде
барлық тақырыпты талап етілетін қабылдау деңгейіне жеткізуге тырысады.
4. Оқытудың біліми, тәрбие және даму функцияларының бірліктері ұстанымы
өз атауында көрсетілген барлық функциялардың өзара заңдылығын байланыстырып
бейнелейді. Бұл ұстаным ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың
дидактикалық үрдісі тек білім алу функциясын ғана емес, сонымен қатар
тәрбие және даму функцияларын орындайды.
5. Білім алушының оқуға деген мотивациясын, оң қарым-қатынасын дамыту
ұстанымы оқу-танымдық іс-әрекет пен мотивациялық қызығушылықтың өзара
байланыстарының жетістіктерін бейнелейді. Ол оқыту мазмұнын меңгеруді
үздіксіз меңгеруге ұмтылу қажеттілігін көрсетеді. Бұл ұстанымды орындау
ақпараттық технологияны тиімді қолданудың маңызды шарттарының бірі.
6. Күрделі мәселелік ұстаным шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін
қабылдауға байланысты заңдылықты бейнелейді, сонымен қатар, білім мен
әдістерді шығармашылық түрде қабылдау іс-әрекетіне негіз болады. Бұл
ұстанымның негізі мынада: оқыту мазмұны және шығармашылық қабылдаудың
түрлері ретінде тәжірибені игеру оқу субъектісін мәселелер жүйесіне тікелей
қатыстырмай мүмкін емес
7. Оқытуда коллективті оқу жұмысын жеке тұлғаға қатынаспен біріктіру
ұстанымы оқытушыдан оқытудың сәйкес үлгілерін мақсатты келістіруді талап
етеді. Бұл ұстаным ақпараттық технологияның білім берудегі мүмкіндіктерін
дәрісханалық сабақтарда пайдалануда, басқару субъектісі ретіндегі
оқытушынің жетекшілігіндегі өзіндік жұмыста, сонымен бірге студенттің
оқытушысыз өзіндік жұмысында есепке алынады.
8. Абстрактілі ойлауды көрнекілікпен үйлестіру ұстанымы оқу
материалының әр түрлі қабылдауы мен бірге оны ұғыну, есте сақтау, қолдану
мүмкіндіктері арасындағы заңды байланысты бейнелейді. Бұл ұстанымнан
мынадай талап туындайды: оқыту үдерісінде көрнекіліктің барлық түрін
пайдалануды үйлестіреді.
9. Тұлғаның белсенділігіне байланысты оқыту ұстанымына сәйкес жоғары
кәсіби білім беру саласында интернет-технологияны пайдалану ең алдымен
тұлғаның дамуына, оқыту субъектісі ретінде білім алушылардың
ерекшіліктерін анықтауға, оның жеке тәжірибесін өзіндік бағасы және
ерекшелігі ретінде қабылдауға, педагогикалық әсерді осы тәжірибеге сәйкес
құруға, оқу жұмыстары әдістерін талдау арқылы білім алудың жолдарын ашуға
мақсатталуы керек.
10. Оқу-ақпараттық қорын оқыту мазмұны мен дидактикалық жүйеге
сәйкестендіру ұстанымы оқытушы мен студенттің тиімді еңбегінің оқу-ғылыми
жағдайына деген талаптарын бейнелейді. Бұл ұстаным, егер оқу-ақпараттық қор
оқытушыларға қойылған ғылыми-педагогикалық талаптар негізінде жинақталған
болса, онда оның практикалық тұрғыдан жүзеге асуы қамтамасыз етіледі.
Аталған ұстанымдар негізінде, білім беру үдерісінде тиімді қолдануды
жоғарылату мақсатында ақпараттық технологияға қойылатын негізгі
дидактикалық талаптарды белгілеуге болады:
- әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану негіздері;
- ақпараттық технологияны пайдаланудың нақты орны, бағдары және
уақыты;
- сабақ жүргізудегі педагогтың басты тұлға ретіндегі орны;
- ақпараттық технологияның басқа қолданыстағы техникалық оқыту
құралдарымен тығыз өзара байланысы;
- технологияға тек сапалы оқытуға кепілдік беретін компоненттерді
енгізу;
- компьютерлік оқыту әдістемесінің сабақты жүргізудің жалпы
стратегясына сәйкестігі;
- Интернет-технологияны оқу құралдары кешеніне енгізу, жүйенің барлық
компоненттерін қайта қарауды және оқытудың жалпы әдістемесін өзгертуді
талап ететінін ескеру;
- оқытуды дараландырудың жоғары дәрежесін қамту;
- оқытудағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялар оқыту үдерісін мынадай дидактикалық
мүмкiндiктермен қамтамасыз ете алады:
- Web-технологияларды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды
тиімді пайдалануға бағыттау арқылы білім алушыны өзіндік ізденіс
жұмыстарына бейімдейді, соның негізінде оның зерттеушілік дағдысын
қалыптастырады;
- ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыны нақты бір нәтижелі іс
әрекетке тарту арқылы оның тұлғалық сипаттарын дамытады;
- интерактивті байланыс негізінде білім алушының өз ортасымен қарым-
қатынас жасау қабілетін дамытады;
- қандай бір мәселені талдауда білім алушының қолайлы шешім қабылдай
білу іскерлігін қалыптастырады;
- желілік мәліметтер қорын пайдалану барысында білім алушының
ақпаратты ерекше қызығушылықпен, шығармашылықпен өңдеу іскерлігін
арттырады.
Сонымен қатар, келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- оқыту үдерісінде қабылдаудың бiрнеше арналарын пайдалануға;
- сезiм мүшелерiн белсенділендіруге ықпал жасау арқылы оқу ақпаратын
презентациялауға;
- абстрактiлi мазмұнды визуалдауға;
- оқу материалын әртүрлі типте ұсынуға, т.б.
Ақпараттық технологиялар бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті
жағдайлар мыналар:
- білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік
ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталы;
- телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар)
жабдықтар;
- әртүрлі терминалдар: мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу
залдары;
- желілік-мультимедиалық контенті;
- тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушылық, оқу-көмекші және
техникалық қызметкерлер;
- оқу контентін (локальдық және желілік) құру үшін ақпараттық-
коммуникациялық зертханалар;
- оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems -
LMS).
Жалпы, дидактикалық ұстанымдарға сүйену және жоғары оқу орындарында
ақпараттық технологияны білім беру үдерісінде пайдалануға арналған
жоғарыда белгіленген талаптарды орындау мамандарды дайындау сапасын
жоғарылатады [5].
Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру
Интернет-технологияны мына тұрғыда пайдалануды ұсынады:
- танымдық үдерісті тиімділендіруді, кәсіби іс-әрекеттің жеке түрін
қалыптастыруды қамтитын оқыту құралдары;
- кәсіби ортада ақпараттық үдерістерді ұйымадастыру ерекшілігін
ескеретін ақпаратты өңдеудің заманауи әдістерімен танысу;
- қазіргі заманғы ақпараттық ортада шешім қабылдауды қалыптастыруды
қамтитын кәсіби мәселелердің шешімінің құралдары.
В.В.Алейников ақпараттық технологияны оқытуда пайдалану екі есе
тиімділік береді дейді: бір жағынан ұйымдастырушылық және әдістемелік
қызметтерді өзгертуге ықпал етеді, ал, екінші жағынан студенттерде заманауи
компьютерлік техниканың жетістіктерін пайдалану дағдылары қалыптасады.
Ақпараттық технологияның дидактикалық қасиеттері мен ұстанымдарынан
ақпараттық технологияны жоғары кәсіби білім беруде тиімді қолдануының
дидактикалық шарттарын ерекшелеуге болады.
Олар:
- білім алушылардың кәсіби тұрғыда орнығуын, уақытын бақылау және
диагностикалау;
- компьютерлік құралдарды кешенді қолдану;
- танымдық іс-әрекеттің сапалы жүргізілуін ұйымдастыру;
- оқытушылар мен студенттерді Интернет-технологияны қолдануға
дайындау;
- материалдық және оқу-әдістелік базаны құру;
- оқытушылар мен білім алушыларда ақпараттық технологияға деген оң
пікірді қалыптастыру.
Ақпараттық технологиялар өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту
жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері
мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық,
шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында
түрліше ақпарат көздерімен өздігінше жұмыс істей алу қасиетін дамыту
секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді [6].
Ақпараттық технологиялардың компоненттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- оқытатын компьютерлік интернет-бағдарламалар (интернеттегі
электрондық оқулықтар, тренажерлік, тестілік жүйелер);
- мультимедиа технологиясының базасында құрылған оқыту жүйелері;
- интеллектуалдық және эксперттік жүйелер;
- тармақталған желілік мәліметтер қоймасы;
- электрондық пошта, телеконференция секілді телекоммуникация
құралдары;
- электрондық кітапханалар.
Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және
программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-
ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен
сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында
туындайтын мәселелерге салқын қандылыкпен қарап, оларды шешу кезінде
мектептегі ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер
ететінін айту керек:
- әдістемелік жабдықтау жағына;
- мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;
- қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-
ресурстар, модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға);
- базалық программалық платформаға (windows операциялық жүйесі
microsoft оffice);
- аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, интернетке
қосылу).
1.2 Білім беруде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды
қолданудың ерекшеліктері
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты
жолдауында: Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық
дамуының негізі болуы тиіс деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім
беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-
коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек [1].
Ақпараттык-коммуникациялық технология білім беру жүйесін
ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық
оқулыктарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін
пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып,
кашықтыктан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде
окыту теледидарын құруға негізделген міндет.
Қоғамның ақпараттандырылуы білім беруге койылатын талаптарды да
өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушының рухани
мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау
қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің
шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды
жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін
жоғарылататын құрал.
Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда
талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай колдану, ішкі
тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің
графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен,
кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар,
косымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.
Электрондық оқулыктарды енгізу уакыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ
оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының
әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке
қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу
процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен
оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік
туғызады.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша
көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас
ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса
алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің
коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды,
сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы
шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы
өмір бойы білім алу ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы
үзілмейтін ұстанымына нақты ауысады. Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін
білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық
технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың
жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған
бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантка аудару
кажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр.
Қазір әрбір оқу орындарында, мұғалімнен оқушыға білім беріп қана
қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз
ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде. Жұмыс кезінде
мұғалім мен оқушы тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен
араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі аныктайды. Осыған
бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы
және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді
[7].
Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу,
оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай окыту қағидаларын
қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді
қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер,
компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.)
ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану –
оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім
жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды
жатқызуға болады:
а) оқытудың жоғары нәтижелілігі;
б) әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен
бейімделгіштігі;
в) жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар
жеңіл өзгертіледі, Web-оқулыктар оңай өзгертіледі);
г) қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де
қамтитын тиімділігі).
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі,
әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни
АКТ-ның техникалық жағын ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу
керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы
рөлін жақсы атқара алады. Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі
қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы
кажет. Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық
жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни
әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық
қажеттілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады.
Зерттеуші ғалымдар ақпараттық технологияларға түрліше анықтамалар
береді. Мысалы, Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды
Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану
қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады. Ал,
З.Р.Девтерева интернет-технологияларға Интернет желісіндегі әртүрлі
ақпараттық ресурстарды: сайттарды, блогтарды, форумдар мен чаттарды,
электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды, интерактивті оқулықтарды
құру және олардың қызметін үйлестіру технологияларын жатқызады [7].
Зерттеуші А.А.Андреев жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі білімдер
мен дағдылардың өзгеру динамикасының қарқындылығы және интернет-
технологияларды өз қызметінде жоғары деңгейде пайдалана алатын кәсіби
мамандарға деген сұраныстардың артуы мен оны тиімді қолдана алатын
мамандардың аз болуы, соның салдарынан оқу орындарындағы компьютерлік
парктердің тиімсіз пайдаланылуы арасындағы қарама-қайшылық оқыту құралы
ретіндегі интернет-технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін оқу
үдерісінде толығымен қолдануға кері әсерін тигізіп келе жатқандығын атап
көрсетеді. А.А.Андреев пен Ю.Б.Рубиннің анықтамасы бойынша ақпараттық
технология деп, білім беру қызметінде оқу-әдістемелік материалдармен
пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін Интернет желісін пайдалануға
неізделген технологияны айтамыз. Интернет желісін пайдалануға негізделген
технологиялар білім жүйесінде үлкен табысқа ие болуда.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар ұғымын С.Ю.Губин, В.Т.Мотчин
және Б.А.Мордвинов толық, кеңінен ашуға тырысады: Білім берудегі ақпаратық
технологиялар – кешендік, заманауи, бүкіл әлемде бір компьютерлік, желілік
құрал-жабдықтар жиынтығынан тұратын, сондай-ақ, әмбебап бағдарламалық-
әдістемелік қамтамасыз етуден тұратын, ең бастысы, оқу үдерісін бұрын соңды
болмаған ақпарат көлемімен қамтитын, саны бойынша да, қол жетімділігімен
де, пайдалану және табу жылдамдығымен де ерекшеленетін, ақпараттың бүкіл
әлемдік массивінен тұратын көп қырлы көлемді ақпараттық орта.
Ғалым Л.И.Бородкин берген анықтама біршама ақпараттық технологиялар
ұғымын нақтылай түседі: ақпараттық технологиялар деп, адамның шығармашылық
ізденісін жетілдіруге, оның әлеуметтік үдерістерді басқару мүмкіндігін
дамытуға септігін тигізетін, ақпаратты іздеу, жинақтау, сақтау, өңдеу,
жіберу, ұсыну, қабылдау секілді қызметтерін іске асыратын әдістер мен
техникалық құралдар жиынтығын айтамыз.
Жаңа жоспар негізінде электрондық окыту тұжырымдамасы жатыр. Осындай
жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта
қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы
АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды.
Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін
керекті ең бірден-бір кұрал бұл – интерактивті тақта. Интерактивті
тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты
материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы
жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады.
Интерактивті тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар
арасындағы белсенді қарым-қатынасты калыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс
жасауға зор ыкпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар,
графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар,
алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар,
гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне
көмегін тигізеді.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін
сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, тірек сызбаларды техникалық
құралдар көмегімен түрлендіре отырып, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
Интерактивті тақтаның бұл жағдайда көмегі мол. Баланың ынтасын арттыру
үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек деп Ж.Аймауытов айткандай
әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу кажеттігі туындайды. Мұғалім мен
оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашылады [6].
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оку үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында
оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып,
мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды
пайдалану аркылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін
интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі
бірнеше оқу-әдістемелік мәселелердің шешімін негіздеуді талап етеді. Оларды
бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-
әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оку үрдісінде
пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық
технологияларды пайдалануға үйрету;
Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын
ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын
арттыруда бірден-бір құрал — компьютер. Оку үрдісінде компьютер оқып-үйрену
нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың
мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі
ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға
мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық
технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып
табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал
екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Сондықтан
білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін
ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды
ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оку-тәрбие
міндеттерін шешуге көмектеседі:
- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір
авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен,
компьютер арқылы әрбір окушы өзінің білімін бакылауға, тексеруге және
бағалауға мүмкіндік алады;
- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Ақпараттық технологияны колдану аркылы оқыту:
- жаңа ақпараттық технологияны колдану аркылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу
арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың
мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық
ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулыктарды, виртуальдық лабораторияларды
және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа
электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады.
Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің,
сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді. Оқу
үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге
мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулыктардан бастауға болады.
Мұнда дәстүрлі баспа оқулыктарымен қатар оқу үрдісінде электронды
оқулыктарды пайдалану көзделеді.
Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – дәріс сабақтарында
интерактивті тақталарды колдану болып табылады. ActivBoard интерактивті
тақтасы мен ActivStudio программалық қамтуын оқу үрдісінде пайдалануда. Бұл
бағдарламалық-техникалыкқкешеннің өзіне тән ерекшелігі, әмбебаптығы,
интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығы және қолданушыға пайдалануға
түсініктілігі мен интерфейсінің қарапайымдылығы. Заман талабына сай,
оқушыларға сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану –
оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастырылады. Оқу
процесінде пайдаланылатын мультимедиялық үйретуші программалардың, тексеру
программаларының, электрондық оқулыктардың өскелең өмір талаптарына сай
дайындалып, шет тілдерін оқыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде
болуы керек. Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика сабактарында
пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз
білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оқыту процесінде компьютерді
қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің
мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет
мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоционалдық
ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді [8].
Бүгінде ақпараттық-қатынастық технологиялар саласының заманауи
жетістіктерінің негізінде білім беруді ақпараттандырудың озық тенденциялары
байқалуда. Ақпараттандыру проблемалары ашық білім берудің объективті заңды
ситаттамасы болып отыр. Бастауыш білім беруді ақпараттандырудың қазіргі
кезеңінің негізгі шарты, әлемдік қоғамның өз дамуындағы жаңа өркениетті
сатыға өтуі болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайын сипаттайтын ғылыми
еңбектер мен әдебиеттерге жасалған мына талдаулар, шетелдік [Р.Вильям,
К.Маклин, Г.М.Клейман, Ж.П.Арно, М.Рокли, Б.Сендов, Т.Хифайед және
басқалар], ресейлік [Б.С.Гершунский, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, И.В.Роберт,
В.В.Рубцов, И.Е.Вострокнутов, И.И.Трубина, И.Г.Белавина, В.А.Захарова,
П.В.Беспалов, М.М.Букеев, Н.А.Власенко, В.В.Колос, С.П.Кудрявцева] және
отандық ғалымдардың [Г.Қ.Нұрғалиева, Б.Б.Баймұханов, Е.Ы.Бидайбеков,
С.С.Үсенов және басқалар] білім беру ортасын қалыптастырудың мынадай
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді:
1) оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жан-жақты дамуы;
2) білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың даму деңгейі мен
жылдамдығын үйлестіру;
3) ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен жалпы білім беретін
сабақтардың пәнаралық моделі;
4) үнемі өзгеріп отыратын еңбек шарттарына жас ұрпақты дайындау үшін
оқушылар мен мұғалімдердің АҚТ-ны қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5) білім беру траекториясын таңдауды қамтамасыз ету.
Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның
пайда болуына ықпал етіп, Интернет ұғымын өмірге енгізді. Интернет сөзі
тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz