Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық
мағлұматтар . . . 8
1. 1. Ежелгі заман географиясы туралы алғашқы
мағлұматтар . . . 8
1. 2. Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және
картографиялық деректер . . . 11
2. Қазақстан территориясын табиғи- географиялық
зерттеу . . . 19
2. 1. Орыс-қазақ қарым-қатынастарының басталуы. Қазақ жері туралы географиялық тарихи деректердің жинақталуы (ΧΥΙ ғ- 1731ж ) . . . 19
2. 2. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі шолып- барлау мақсатындағы зерттеулер . . . 23
2. 3. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы шолып барлау мақсатындағы зерттеулер . . . 28
3. Қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу . . . 34
3. 1. Қазақстан территориясын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеудің классикалық кезеңі . . . 34
3. 2. Қазақстанның табиғатын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі . . . 38
3. 3. Қазақстан териториясын физикалық-географиялық аудандастыру
мәселелері . . . 41
3. 4. Егемендік жылдарындағы физикалық географиялық зертеулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы . . . 50
3. 4. Физикалық география сабақтарында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттыратын өздік жұмыстар жүйесі . . . 54
Қорытынды . . . 62
Әдебиеттер . . . 64
Кіріспе
Қазақстан аумағын физикалық географиялық зерттеу көне кезеңдерден бастау алады. Ерте кезеңдердегі деректерден қазіргі уақытқа дейіңгі аралық үлкен тарихи кезеңді қамтиды және зерттеп, сараптауды қажет етеді. Себебі, әр кезеңде алғашқы мәліметтер жаңа деректермен толығып отырады. Сондықтан аумақтың зерттелу тарихын кезеңдерге, дәуірлерге бөліп қарастыру өзіндік маңызға ие.
Тарихи- географиялық ғылыми мәселелердің ішінде зерттеулерді дәуірлерге бөлудің, идеялар мен тұжырымдардың дамуы және жалғастығын географиялық тұрғыдан зерттеудің де айрықша мәні бар.
Дәуірлерге бөлу- география тарихын зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл ғылымды дамытудың басқа мәселелерін жолға қойып, дұрыс шешуге мүмкіндік туғызады. Бұл белгілі бір пәннің, яғни ол зерттейтін процестің өз құрылымын, табиғатын айқындайды. Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің тарихын дәуірлерге бөлудің кілті де ең әуелі танымның үш сатылы екенін анықтаумен байланысты.
Әрбір дәуірдің өзінде белгілі бір кезеңдер болады. Сонда физикалық - географиялық зерттеулерді дәуірлерге бөлу: саты - дәуір - кезең болып үш басшқышпен жүйеленеді.
Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы да, жалпы алғанда географиялық білімдер тарихын дәуірлерге бөлумен сабақтас. Алайда оның кейбір өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тарихын дәуірлерге бөлуде бұл еңбекте Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың даму барысы негізге алынды.
Тарихи оқиғалардың жіктелуіне және соларға байланысты Қазақстан тарихын зерттеу міндеттерінің, әдістері мен бағыттарының өзгеруіне байланысты Қазақстан табиғатының зерттелу тарихындағы төрт дәуірді жеті кезеңге бөліп қараймын.
- дәуір кезеңдері: 1. Қазақ жері туралы ежелгі заман географиясындағы тұңғыш мағлұматтар ( ҮІ ғасырға дейін) ;
2. Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер ( ҮІ ғасырдан бастап ХҮІ ғасырға дейін) .
2- дәуір кезеңдері: 3. Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі орыс мемлекетінде тарихи-географиялық деректердің жиналуы ( ХҮІ ғасырдан бастап 1731 жыға дейін) .
3- дәуір кезеңдері: 4. Қазақстанның Ресейге қосылуының бастапқы кезеңіндегі маршруттық барлама зерттеулер (1731 жылдан 1819 жылға дейін) .
5. Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы барлама зерттеулер (1819 жылдан 1856 жылға дейін) .
4- дәуір кезеңдері: 6. Қазақстанның жазық жерлері мен таулы аймақтарын физикалық-географиялық жағынан зерттеулер ( 1856 жылдан 1890 жылға дейін) .
7. Қазақстан жеріндегі игеруге тиісті жекелеген аудандарды белгілі бір мақсатқа орай арнайы зерттеулер ( 1890 жылдан 1917 жылға дейін) .
Революциядан бұрын республиканың жекелеген аудандарын зерттеген материалдар М. Н. Богдановтың, И. В. Мушкетовтың және П. П. Семеновтың Түркістан өлкесі мен орыс географиялық қоғамының тарихына арналған шолуларында пайдаланып жинақталынды. Арал теңізі мен Зайсан көлін зерттеу тарихы Л. С. Берг пен А. Н. Седельниковтың жазбаларында баяндалған.
Елуінші жылдардың басында ғана И. П. Герасимов пен С. Н. Рязанцевтің шолу ретінде жазылған мақалаларында Қазақстан табиғатын географиялық тұрғыдан зерттеу тарихының негізі кезеңдерінде тұңғыш рет сипаттама берілді. Революциядан бұрынғы уақытта республика территориясын танып- білудің тарихы Қазақстан географтары А. П. Горбунов пен Ә. Бірмағамбетовтың т. б. еңбектерінде ішінара қамтылды.
Революцияға дейінгі Қазақстанды физикалық- географиялық жағынан зерттеудің тарихына арналған еңбектер тізімі, өкінішке орай, осылармен ғана шектеледі. Ресей мен орта Азия республикаларының территорияларын физикалық- географиялық жағынан зерттеп, ашу мәселелерін қарастыратын толып жатқан еңбектерде Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихына қатынасты жекелеген материалдар ұшырасады. Бұлардың қатарына Л. С. Бергтің, Д. М. Лебедевтің, Э. М. Мурзаевтың, В. А. Ескаковтың, А. А. Азатьянның, О. В. Маслованың, В. Н. Федчинаның, В. М. Четыркиннің, Х. Х. Хасановтың, Р. Л. Югайдың, С. Өмірзақовтың, Э. Н. Донцованың, Р. Рахымбековтың және басқаларының зерттеулерін жатқызуға болады.
Географиялық танымның, сол сияқты бүкіл ғылыми творчествоның тарихындағы үш қағиданың бірлігі немесе география ғылымының даму кезеңдерінің диалектикалық тұтастығы көңіл аударады. Біріншіден жалпыға бірдейлік, бұл - географияның даму логикасынан байқалады және бүкіл дүниежүзілік адамзат ойының жалпы барысымен орайлас келеді. Екінші ерекшелік - географияның белгілі бір дәуірде, белгілі бір елде, тарихи жағдайда даму мүмкіндіктерінің жиынтығы. Үшіншіден, жеке даралық, бұл ғалымның жеке басына, автордың ашқан жаңалығына, идеясына, тұжырымына байланысты және сол ғалымның жеке дара ерекшеліктерінен көрінеді. Осы айтылған үш қағиданың ажырамас бірлігі мен олардың өзара қарым-қатынастарын сақтағанда ғана кез-келген физикалық - географиялық ой-өрісін, дәл сол сияқты олар ашқан жаңалықтардың да сипаты мен себептерін дұрыс түсініп, сындарлы талдау жасауға болады. Сондықтан Қазақстан табиғатын зерттеуге және физикалық-географиялық идеялар мен тұжырымдарды дамытуға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті де білгір ғұламалардың қызметін талдауға барынша көңіл бөлінді.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанның аумағын физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы негізінде алынған материалдарға сүйене отырып, республика аумағының қалыптасуының тарихи мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеп танып білу.
Мақсаты, пәні мен болжамына сүйене отырып диплом жұмысы төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- Қазақстан жерін зерттеген зерттеушілер мен саяхатшылардың физикалық география саласындағы орнын көрсету
- психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-көпшілік әдебиеттерге талдау жасау арқылы Қазақстапнның табиғи-географиялық кешендерін оқытуға негіз болатын ақпараттарды пайдаланудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын анықтау;
- Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда зерттеуші ғалымдар еңбектерінің алатын орнын ашып көрсету;
Зерттеу нысаны физикалық географияның бөлімі ретінде Қазақстанның аумағын физикалық географиялық зерттеулеріне мән беріп, сабақ бергенде зерттеушілер еңбектерін пайдалана отырып, Қазақстанның физикалық географиясын кешенді оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде ғалымдардың еңбегің пайдаланудың тиімді әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін ретінде: Физикалық географияның теориясы мен методтарын негізінде грек, парсы, араб, Европа, орыс, Орта Азия және қазақ зерттеушілерінің еңбектерін басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмыстың ақпараттық базасы ретінде: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері басшылыққа алынды.
Алдыға қойған міндеттерді үшін төмендегі зерттеу әдістер қолданды:
теоретиялық әдістердің ішінде зерттеудің өзектілігіне сәйкес философиялық, әдіснамалық, психологиялық және ғылыми-техникалық әдебиеттерге талдау; жеке әдістердің ішінде жүйелеу, жіктеу, салыстыру диалектикалық, талдау және синтездеу, жинақтау, абстракциялау, жобалау, үлгілеу, білім беру туралы директивтік нормативтік, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды талдау, салыстыру, педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы:
Зерттеушілер еңбектерін пайдалана отырып Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде табиғи кешендерді оқыту барысында тарихи картографиялық тиімді тәсілдері анықталды;
2 Зерттеу еңбектерін пайдалану барысында мазмұны мен білімді қалыптастыру ерекшеліктерін ескере отырып табиғи кешендерді оқыту кезеңдері айқындалды.
Диплом жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютермен терілген 65 беттен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінен 28 еңбек енгізілген.
1. Қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтар
- Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы алғашқы мағлұматтар
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректердің тамыры ықылым замандарының терең түпкірінде жатыр.
Қазіргі қазақстан территориясында адамдар сонау әлімсақтан бері мекендеген. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың сақталған іздері дәлелдейді. Қазақстан территориясындағы тас ғасырдың ең көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдің жоғары сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтарма өзенінің бойынан және басқа жерлерден табылды.
Сақтардың көне мәдениеті Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен байланысты болғанмен, олардан жазба ескерткіштер қалмаған. Ал Қазақстан территориясы жөніндегі тырнақалды деректер көршілес мемлекеттердің осы күнге дейін сақталған әдеби және тарихи мұраларынан мәлім болып отыр
Қазақ жері туралы мағлұмат кездесетін бізге дейін жеткен жазба ескерткіштердің ішінен «Бехустин жазбасын» (біздің заманымызға дейінгі VΙ - V ғасырлар) атауға болады. Ол парсы патшасы Дарий Ι атынан құрастырылған. «Бехустин жазбасының» V бағанындағы 20-30 жолдарда мәлімдеген. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың 40-жылдарының аяғында 30-жылдардың басында жазылған Геродоттың «Тарихы» ежелгі қолжазбалардың ішіндегі аса құндыларының бірінен саналады. Онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын баяндаумен қоса, Ойкүменді мекендеген тайпалар және олар жайлаған аймақтар туралы мағлұматтар келтіреді. Каспий теңізінің алып жатқан орнын оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық су екенін, негізінен алғанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла біткен жалпы пішінін Геродот бірінші болып анықтайды.
Сөйтіп, ежелгі көшпенділер дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тұрағын сипаттай отырып, Геродот Каспий теңізі мен оның төңірегіндегі аймақтар туралы тұңғыш географиялық деректер қалдырған.
Массагеттер қоныстанған аймақты - Каспий теңізі шығыс жағындағы Аракс (Амудария) өзенінен әрі шығысқа қарай созылып жатқан жерін Геродот
бәрінен де жақсы білген.
Македонский шапқыншылығынан кейінгі дәуірде Қазақстан географиясы туралы бірқатар маңызды деректер қалдырған адамдар - Римнің
географ-ғалымдары Страбон мен Птолемей.
Страбон (біздің заманымызға дейігі 63-23ж. ) таулардың, өзендердің, көлдердің жер бетінен жойылуы және қайта пайда болуы туралы жазып, климат өзгеруінің себептерін көрсеткен. Оның «Географиясында» қар түсетін аймақтар мен мұздықтар туралы сөз болады. Бірақ оның кейбір тұспалдаулары адам нанғысыз болып келеді. Ғылыми бақылау негізінде тұжырым жасамағандықтан, ол көптеген жағдайда ағатыққа жол береді.
А. Гумбльдт Страбон «Географиясының» жалпыжалпы жер құрлысын зерттеу білімін ерекше бағалап, оны дүниені физикалық немесе салыстырмалы танып білудің бастамасы деп есептеген. Географиялық зерттеулер жүргізгенде Страбон тарихи әдісті қолданып, оны кең көлемді талдаумен ұтқыр ұштастырады, әрі осы тәсілге зор маңыз береді. Страбон материкті (елді) бірнеше бөлікке бөлу әдісін ұсынады. Оның бұл қағидасы қазіргі «аудандастыру» деп аталған ұғымға жақын келеді.
Страбонның Геродоттан ерекшелігі сол, ол Каспий теңізін басқа сулармен жалғаспайтын тұйық бассейн емес, Сотүстік мұхиттың шығанағы деп есептеген. Страбон құрылықты өзін қоршаған теңізбен немесе мұхитпен ұласып жатқан арал ретінде. Ал мұхитты ол континентке қолтықтасып кіріп жатқан төрт үлкен шығанақ деп санады. Сиркен, Каспий, теңізде солтүстік шығанаққа жатқызады.
Рим географиясында Клавдий Птоломейдің (б. з. д. 90-168 жылдар) еңбектері айрықша орын алды. Ежелгі заман географиясында елдерді зерттеу бағыитын ұстаған Страбондай емес, Птоломей картографиялық бағытты жақтады. «География, - деді ол, бізге мәлім болып отырған жер шары бөлігінің тұтас алғандағы сызба бейнгесі. География бізге бүкіл жер шарын көріністен байқап білуге мүмкіндік береді» [4] .
Птоломейдің картасы бойынша Гиркан (Каспий) теңізі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Шығыс жағында оған орта Азияның барлық негізгі өзендері - Яксарт пен Окс келіп құяды. Демек, Птоломей де Амудария мен Сырдария өзендері каспий теңізіне құяды деп тұспалдаған өзінен бұрынғы зерттеушілердің теріс пікірін қостаған. Геродоттың дұрыс ұғымын жоққа шығарып, ол теңіздің бөлігі батыстан шығысқа қарай созылып жатыр деп есептеген. Бұл қате түсінік, тек Петр І уақытында ғана жөнге келтірілді.
Птоломей екінші жағынан Каспий теңізін Солтүстік мұхиттың шығанағы емес, тұйық бассейні ретінде бейнелейді. Сөйтіп ол Геродоттың дұрыс пікірін қуаттады.
Птоломей Оксиан (Арал) теңізін картаға түсіріп, оған Согдий тауарларынан ағып шыққан өзендер келіп құятынын көрсетті.
Птоломей шығармаларында жаңсақ пайымдаулар орны алғанымен, дүниежүзілік географияны одан кейінгі дәуірлерде зерттеуде оның еңбектері мен карталарының зор маңызы болды. Немістің ұлы ғұлама географы А. Гумбольдт: «Птоломей географиясы бізге күллі ежелгі дүниені сызып бейнелеу арқылы бар болмысымен елестетіп ғана қоймай, сонымен бірге сан жағынан да, бойлықтар мен ендіктерді жайлы және күннің ұзақтығы деп аталатын анықтамаларды да санамызға сіңірді» [1], - деп әділ жазды.
Сөйтіп, Орта Азия туралы ғалам тербеген ежелгі заман авторларының еңбектеріне қазақ жері шала-шарпы, тек Каспий, ішінара Арал теңіздері мен Сырдария өзенінің ауқымында ғана бейнеледі. Бұл аймақтың солтүстігіндегі Қазақстан территорясы ол кезде тіпті белгісіз болған. Сондықтан көне авторлар оны көбінесе «беймәлім жер» деп атаған. Скифия территориясын сипаттай келіп, Птоломей: «Скифия батысында Имай тауының арғы бетінде - ар жақтағы Скифия мен және сол таудың бөктеріне дейін оны бойлай - сақтармен, солтүстігіне беймәлім жермен шектеседі» [2], - деп жазған.
Қытай саяхатшылары жинаған географиялық осы деректердің бәрі Орталық және Орта Азия картасының негізінде алынады. Бұл карта үлкен Хань әулетінің дәуірінде (біздің заманымызға дейінгі 200-жыл - біздің заманымыздың 9-жылы) құрастырылған. Картада үйсіндердің (Жетісу, Құлжа өлкесі), Қанғұйдың (Талас пен Сырдария өзендерінің алқабы), үлкен юзшілердің (Амудария өзенінің алқабы), Даваньдердің (Ферғана) жерлері және басқа мемлекеттер мен тайпалық бірлестіктердің мекендері көрсетілген. Тянь-Шаньның солтүстігінде екі көл бейнеленген. Ол екеуі бір-бірімен өзендер арқылы жалғасқан. Қырғыз тарихшы-географы С. Өмірзақов бұларды Балқаш көлі (Солтүстік көл) мен Ыстық көлге (Оңтүстік көл) жатқызады. Оның болжамы бойынша Солтүстік көлге құятын өзен Іле де, ал екінші көлден ағып шығатын өзен - Шу (ХIХ ғасырға дейін, яғни, П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдің зерттеулеріне дейін Шу өзені Ыстықкөлден ағып шығады деп есептеліп келгені мәлім) .
П. С. Савельев «Орта Азия» (1948) атты еңбегінде бұл жерде бұрын қырық төрт мемлекет болғанын көрсетеді. Қытайдың шет жерлерді зерттейтін инспекторы Бэй-Цзю 607 жылы карта жасап, сол мемлекеттердің иелігіндегі жерлерді бейнелеген.
Сонымен бірге Сюань-Цзан «мың қайнарды» да (Мыңбұлақ) сипаттап жазады. Саяхатшы ол Шу өзенінің батысына 400ли, ал Талас өзенінің шығысына қарай 140-150 ли қашықтықта деп көрсеткен. Сюань-Цзан Жетісу мен Сырдария өлкесінің шығыс бөлігінде сауда-саттық жасайтын қалалармен қоса өңделген жерлерді көрген.
К. Риттер өзінің «Жертану тарихында» (1864) былай деп әділін жазған: «Қытай өзі мекендеген құрлықтың (Азияның) батыс жартысы туралы дәлме-дәл географиялық деректерге батыстағылар оянғаннан анағұрлым ерте қанық болған. Татария, Тибет, Тункин, Түркістан, Бухария, Кохинхин жайында Үндістанның, Персияның және Сібірдің шекаралас жерлері туралы мағлұматтары білген . . . Демек, талай-талай ғасырлар бойы Қытайда бүкіл Шығыс Азия жөнінде географиялық деректердің сарқылмас қазынасы жинақталған . . . Міне енді ғана, сол жазба ескерткіштерді нәтижесінде Азия елдерінің бұрынғы мардымсыздық пен жансақтықтан арылған дұрыс географиясын құрастыруға мүмкіндік туды».
Түрік мемлекеті Орта Азияға арабтардың шабуылы бастағанша, VΙII ғасырдың басына дейін өмір сүрді. Түрік қағанаты билеп тұрған кезде шетел елшіліктерінің қазақ жеріне келіп-кетуі сиреді. Бұл мерзім ішінде мұнда Византия императоры Юстиан ΙI түрік қағаны Дизавулге жіберген елшілік қана, сондай-ақ Сюань Цзанның жоғарыда айтылған саяхатының басқа тарихта қазақ жеріне келегн екеуінен өзге дерек жоқ.
Земарх елшілігінің сапары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауымен - Еділ (Аттиль), Жайық (Даих), Жем (Их) өзендері арқылы өткен. Қатар жолында ол Хорезмге соғып, Амударияда болған. Земарх: «көлдің құмдауыт жағалауымен 12 күн жол жүрдім» деп жазған. В. Бартольдт мұнда сөз болып отырған көл Арал теңізі деп есептейді.
Ежелгі замандағы қазақ жері туралы кейбір мағлұматтар, міне осындай.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының біз әңгіме етіп отырған дәуірдегі айрықша маңызы мынада: парсы мен грек жазбаларында қазақ жері және оны мекендеген халықтар туралы алғашқы мағлұматтар пайда бола бастады. Қазақстан территориясы құрамына кірген ойкүмендер елі тұңғыш рет картаға түсірілді. Алайда ежелгі дәуірдегі мағлұматтардың өресі тар еді, олар жер-жердің ауқымынан аспады. Ежелгі дүние адамдарына көптеген құбылыстар беймәлім, тіпті түсініксіз болды. Батыс Қазақстан туралы, ол аймақтың теңіздері мен өзендері жайында: Каспий және Арал теңіздері, Сырдария өзені жөнінде антикалық авторлар неғұрлым дұрыс мағлұматтрады білген. Оңтүстік Қазақстан өңірінде Қытай саяхатшылары жинаған деректерді Европа елдері білмеген. Қазақ жерін тұтас дәуірде мәліметтер там-тұмдап тым баяу жиналды және оның барлық өкілдері біркелкі қамтылмады.
1. 2 Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер
VIΙ ғасырдан бастап Қазақстан территориясын зерттеуде арабтар көрнекті роль атқара бастайды. Ал арабтар VΙII ғасырдың басында аса ірі мемлекет болып қалыптасқан. Араб ғалымдары өз саяхаттарының жазба ескерткіштері және сұрастырып білгендерінің негізінде жалпы географиялық деректер қалдырған.
Х -ХI ғасырларда Қазақстанда феодалдық қарым-қатынастардың одан әрі дамығаны, тау-кен жұмыстары мен металлургия өндірісіне байланысты көптеген елді-мекендірдің пайда болғаны тарихан мәлім. Қазақстан қалалары негізінен сауда жолдарының үстінде тұрды да, қалалардың жедел өркендеуі үшін мұның зор маңызы болады. Иран мен Византиядан Қытайға қатынайтын Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы өтті. Русьпен, Византиямен, Иранмен сауда-саттық қызу жүргізілді. Батыс пен Шығыс Европаға Алдыңғы және Кіші Азияға, Қиыр Шығысқа баратын керуен жолдары қазақ даласында сайрап жатты. Орта Азиядағы сияқты, Қазақстан қалалары да Х-ХII ғасырларда - феодалдық қарым-қатынастар өркендеген кезеңде кең қанат жайып, олардың шаруашылығы өркендей түсті.
Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеу тарихы үшін араб географтары Ибн Хордадбехтің, Макдисидтің, Ибн Хаукальдің, Ибн Рустенің, әл-Истахридің, әл-Масудидің, әл-Идрисидің және басқа ғұламалардың еңбектерінің маңызы айрықша зор.
Ибн Хордадбех жазып баяндау түріндегі тұңғыш жалпы географиялық шығарманың авторы болып саналады. Оның еңбегі «Ктаб алмасалик ва-л-мамалик» («Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы») деп аталған. Бұл шығарма Жердің пішінін суреттеуден басталады да, содан кейін саяхаттар жайында баяндалады. Автор Бағдад шаһарынан солтүстікке қарай Орта Азияға дейінгі және оңтүстікке қарай Үндістанға дейінгі жүрген жолдары туралы егжей-тегжейлі баяндап жазады.
Максиди Сырдария өзенінің оң жағалауында Сауран (Сабран) және Шагльджан (Ишкан Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 26 шақырым) қалаларының болғанын атап көрсетеді. Максидидің айтуы бойынша, Сауран- огуздерімен және қимақтарымен шекаралас бекініс.
Ибн Хаукаль Фараб атырабының жер бедерін былайша сипаттаған: «Бұл елдің топырағы сортаң, қопалары көп, ал егістік алқап Фараб өзенінің батыс жағында».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz