Қаржы жүйесін басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... .
7
1.1 Қаржы жүйесінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Мемлекеттік қаржыны басқарудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
1.3 Шет мемлекеттерде қаржылық басқарудың ерекшеліктері ... ... ... ... ..
25
2 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

36
2.1 Қаржылық басқарудың нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар . қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
46
2.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару ... ... ... ... ...
58
3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

64
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері ... ..
64
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
67
3.3 2012 . 2016 жылдарға арналған әлеуметтік.экономикалық даму болжамы мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың негізі ретінде ... ... ... ... ... .


72
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
85
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты» деп атап айтқан болатын [1].
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы, 2003ж.
3. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000. -527с.
4. Мырзалиев Б.С. Қаржылық дағдарыстан шығуда экономиканы мемлекеттік реттеудің кейбір теориялық мәселелері мен басымды бағыттары. «Өзбекәлі Жәнібек оқулары – 2010». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Түркістан, 2010, 192-199 бет
5. Баймуратов У., Сенбеков А. Денежно-финансовая система: системно-нелинейный взгляд// Қаржы-қаражат.-№4.-2005.-СС.6,7
6. Мырзабай Л.У. Бюджетаралық қатынас-бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі // АльПари, №4, 2004ж. 101б.
7. Обзор государственной системы финансового управления в Республике Казахстан. Алматы, 2009.
8. Алиева С. Качественное государственное управление и трансаренность в реализации бюджетной политики // Қаржы-қаражат.-№2.-2004.-СС.8,1
9. Алибеков М. Как оздоровить бюджетную систему. // АльПари, №1.26-28б.
10. Кунусова Н.А. О бюджетной политики. \\ Саясат.-№ 1.-С.53-56.
11. Елубаева Ж. Концепция и основные подходы к децентрализации функции и полномочий между уровнями бюджетной системы \\ Қаржы-қаражат,№3,2004 ж. 40-41б.
12. Оңалтаев Д. Мемлекеттік бюджет қаржысын ұтымды пайдалану \\Экономика и статистика (регион и отрасль; эффективное управление), №1, 2004 ж. 39-40 б.
13. Еркипов С. Планы финансирования бюджетных программ // Финансы Казахстана. - № 3. – 2002. – С. 32
14. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы// Қаржы. 2005 жыл. 323б.
15. Загоскина З. Контроль эффективности как новая форма государственногофинансового контроля // Қаржы-қаражат,№3,2004 ж. 27б.
16. Демидова Л. Пути повышения эффективности государственного сектора (опыт стран Запада) //Проблемы теории и практики управления. - №4. -1998. - СС. 38, 40, 42

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... . 7
1.1 Қаржы жүйесінің жалпы 7
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Мемлекеттік қаржыны басқарудың мәні және оны ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3 Шет мемлекеттерде қаржылық басқарудың 25
ерекшеліктері ... ... ... ... ..
2 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.1 Қаржылық басқарудың нысандары мен 36
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны
ретінде 46
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
2.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын 58
басқару ... ... ... ... ...
3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 64
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 64
... ..
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың негізі ретінде ... ... ... ... ... .72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .83
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 85
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет  экономикасында қаржы
жүйесінің  атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің
жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің
қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы
ұдайы өндірісте құру,  пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы
– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына
Жолдауында Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен
инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы
жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі
арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең
ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық
одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге
байланысты деп атап айтқан болатын [1].
Қазақстанда тәуелсіздіктің жиырма жылдан асатын уақыт ішінде
мемлекетті экономикалық, соның ішінде қаржылық басқару жүйесі толығымен
өзгерді. Осыған байланысты соңғы жылдары үкіметтің күш-жігері ең алдымен
бюджет шығындарын оңтайландыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға, нақты меншік
иесін құру мен экономиканың дамуына инвестиция тартуды ынталандыру,
бюджетаралық қатынастарды жетілдіру және мемлекеттің ішкі және сыртқы
қарызын басқарудың тиімді механизмін қалыптастыру, мемлекеттік бағалы
қағаздар нарығы мен нарықтық инфрақұрылымның басқа да механизмдерін дамыту
және нығайтуға бағытталды.
Бүгінде мемлекеттt қаржылардың қоғам мұқтаждықтары мен мемлекеттің
өзіне тән әр алуан қызметін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды
түрлендіру, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға бейімдеу және инвестициялық
белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу,
экономикалық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында
атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде. Демек, мемлекет ақша
қаражаттарын шоғырландыру және ақшалай қорларды қалыптастыру, сондай-ақ
қаржылық ресурстарды бөлу барысында пайдаланылатын қаржылар мемлекеттің
нарықтық өркендеуінің және егемендігінің экономикалық атрибуты болып
танылады.
Қаржы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау
үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің
маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен әлеуметтік сан
алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және
әлеуметтік қатынасындағы іс-қимылымен байланысты.
Қаржылық басқарудың басты мақсатына қаржы жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге қол жеткізу жатады. Демек, қаржылық реттеу барысында
қаржы жүйесінің барлық буындарының кіріс базалары жоспарланған көлемдегі
ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі. Қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы
жүйесінің тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оның құрылымдық бөліктерінің
өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында
қаржы жүйесіне ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде қаржылық-
экономикалық ықпал ету мемлекеттік қаржылық басқару болып табылады.
Үкімет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ел экономикасының
құлдырауын болғызбау, сондай-ақ қалыптасқан экономикалық ахуалдың салдары
ретінде қаражатты шектеу мәселелерін шешу сияқты ауқымды жұмыс атқарды.
Кез-келген мемлекетте мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының
орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы
қажет. Әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады.
Қазақтанда мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны
тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік экономикалық
үрдістерді реттеу механизмінің жиынының ұғымы ретінде қарауға болады.
Мәселен, бюджет жүйесі қоғамдағы барлық экономикалық үрдістер
бейнелейтіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және тағы
басқа өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі
қаржы жоспары түрінде қарастырылады.
Сондықтан, қаржы ресурстарын тиімді басқару мәселесі ұлттық экономиканы
басқарудың басты тетіктерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен
әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік тетіктер арқылы дайындау
ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қаржы жүйесін басқару мәселелері ғылым
мен тәжірибеде айтарлықтай жаңа тармақтардың бірі болып табылады.Сондықтан
бұл проблемаларды зерттеуде шетелдік және қазақстандық ғалымдар
А.Ш.Ашимбаев, И.Т.Балабанов, А.М,Бирман. К.Ш.Дүйсембаев, А.Б.Зейнелгабдин,
К.К.Ильясов, А.К.Кошанов, С.С.Құлпыбаев, В.Д.Мельников, Б.С.Мырзалиев,
В.М.Родионова, О.С.Сабден, Е.С.Стоянова сияқты экономистердің еңбектерінде
қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың
мақсаты Қазақстанда қаржы жүйесін басқару мәселелерін зерттей отырып,
мемлекеттің реттеу шаралар жүйесін жетілдірудің экономикалық тетіктері мен
тиімді қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негізін жасау.
Осы қойылған мақстатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- мемлекеттің қаржы жүйесін басқарудың ғылыми-
теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін басқарудың ерекшеліктері
анықтау;
- қаржылық басқаруда мемлекет тарапынан реттеу және бақылауды
жетілдірудің бағыттары негіздеу;
- қаржы жүйесін тұрақтандырудағы мемлекет қаражатын басқарудың және
пайдаланудың тиімділігін бағалау.
Зерттеу пәні болып қаржы жүйесін басқарудың экономикалық сипатын толық
көрсетуге мүмкіндік беретін қарым-қатынастардан туындайтын негізгі
бағыттарын анықтау болып табылады.
Зерттеу нысаны Қазақстанның қаржы жүйесі болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері алдыңғы қатарлы шет ел
классик ғалымдарының және отандық эконмист ғалымдарының іргелі және
қолданбалы ғылыми еңбектерінің нәтижелері, мемлекеттік қаржылық басқару
бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары болып табылады.
Мәліметтер көздері болып ҚР статистика Агенттігінің, Қаржы
Министрлігінің, Экономика және сауда Министрлігінің материалдары алынды.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста
негізделген теориялық және әдістемелік ұсыныстар Қазақстанда қаржы жүйесін
басқаруды жетілдіру бойынша пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеуде алға қойылған мәселелер елімізде қаржы көздерін жұмылдыру мен
шоғырландыру арқылы қаржы жүйесін басқаруда экономикалық тетіктерін
жетілдіру негізінде осы жұмыста қолданылатын әдістемелік тәсілдердің және
ұсыныстар мен қорытындылардың қолданылу мүмкіндігін айғақтайды.
Қаржы жүйесін басқару мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-
тәжірибеге еңгізуге, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасындағы
қаржы жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, бюджет қаржысын тиімді
пайдалануды басқару жолымен ұйымдастыру арқылы еліміздің әлеуметтік-
экономикалық даму жағдайын қамтамасыз ету.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қаржы жүйесінің жалпы сипаттамасы

Президенттің  Қазақстан халқына жолдауларында қойған біздің
мемлекеттің кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және саяси тұрақты
Қазақстанды  орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды  жүзеге асыру
керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі,
шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл — ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе
көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру
мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды
талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге
бағытталады.
Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды
ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің
қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі,
оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы
жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің
нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып
келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді
элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне
интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып
келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып
келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында
болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген
мемлекеттік қаржылар [2].
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның
ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада
қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық
өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің
барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы
шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс
істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық
банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен
байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік
бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - материалдық өндіріс
саласында (МӨС) және материалдық емес өндіріс саласында (МЕӨС) болып
бөлінеді.
МӨС:
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық
бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын
құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік
қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға
пайдаланады; 
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу сипатына ие шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан
тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды
басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.); 
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен сақтандыру ұйымдарының
арасында сақтандыру қорларын құру және пайдалануға байланысты туындайтын
қаржы; 
4) шаруашылық жүргізуші субъект және банк арасындағы ссуда алуға,
оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге
байланысты пайда болатын қаржылар; 
5) орталықтандырылған қорларды құру және пайдалануға байланысты
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен қатынасы;
6) шаруашылық жұргізуші субъект және басқарудың жоғарғы құрылымы
арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын сала ішінде қайта бөлу шегінде
вертикалды өзара байланыс).
МЕӨС:
1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде
бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б.
салалық қаржылар қалыптасады;
2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік
арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық
мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.)
пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы
және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы
мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;
3) әр түрлі саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, оның
ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс қорларды
құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен және
демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес
саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы
ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және
материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде материалдық,
еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы
қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық  экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс
жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес
саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде
шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан
максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің
әдісі.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
- қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
- қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен
міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті
банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста
болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар.  Коммерциялық емес қызмет
белгілі бір табыс алуды көздемейді. Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар
пайдаланылады: бюджеттік қаражаттар; бюджеттен тыс мемлекеттік
қорлар; халықың қаражаттары; әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай
аударымдары; келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген
қаражаттар; өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді
сатудан түскен табыс; мүлікті жалға беруден түскен табыс; мамандарды
дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді: қоғамдық қаржылар,
оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары; саяси және қоғамдық
қозғалыстар қаржылары; арнайы мақсатты қорлардың қаржылары; қайырымдылық
қорлардың қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың
ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай қатынастардың
төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
- әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
( қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты
қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;
( мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық
ұйымдардың ақшалай қатынасы;
( қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы
ақшалай қатынастары;
( қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы
ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық
реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлестіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық
қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.
Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары. Қазақстан Республикасында
макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы
қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық
шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге
асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік несие; жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; халықтың қаржысы.
Қаржыны басқару - бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді
жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді
қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы [3].
Қаржы қатынастарының алғашқы екі бөлігі жалпымемлекеттік, яғни
орталық-тандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі эканомика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің (корпаративтік) қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға
жатады және микродеңгейдегі эканомика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу
мен көтермелеу үшін пайдаланылады. Жергілікті қаржылар мемлекетік қаржылар
жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Жергілікті қаржылардың әлеуметтік
рөлі, олардың құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарына
жүктелінген функциалардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік -
аумақтық құрылысымен және оның саяси эканомикалық бағыттығымен анықталады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша
қорлары құралып, пайдаланылады.Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша
қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъекті
қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі-қаржы
аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады (1
сурет).

1 сурет - Қазақстанның қаржы жүйесінің құрылымы

Қаржы-несие жүйесі - нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс
істейтін секторлардың бірі.Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы
өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі ұлттық табысқа, макро-және
микроэканомика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына
және халықтың көптеген жігінің қалахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
- мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде
мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша
көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы
мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында
мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді:
- коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы;
- коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық
бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
(ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет
қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру,
мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге
асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың
түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық
(қазыналық) қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды
қанағаттандыруды тиіс:
- біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып
табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
- екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте
объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік
сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат
жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы
қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық
жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп
беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және
оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің
құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын
қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды
мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның
қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді
орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік
жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы
қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін
құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-
мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста,
ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі
құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың
функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік
құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
Қаржы жүйесінің қағидаттары. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық
қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен
алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай
негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің
бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде),
олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету
үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы
жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде
жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің
нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының
қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді.
Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің
ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың
Қаржы министрлігі мен Экономика және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті
аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және
үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар
(министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер)
деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.)
деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз
етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен,
аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды
басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда.
Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту,
ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық
буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл
артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін
секторларының біріне айналыу тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және
оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика
кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың
көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен
дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру
жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.
Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру,
экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну
рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде
иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын
шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін
қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты
болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында
қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке
де тән нәрсе. Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуші қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл
ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал
етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару
қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары ынталандырмалары мен
санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл
тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа
жетудің құралы; Қаржылық саясат қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің
түпкілікті қорытынды нәтижесі.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және коғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. Қаржы жүйесінде
оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр
түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының
тәуелсіздігі болып табылады.

1.2. Мемлекеттік қаржыны басқарудың мәні және оны ұйымдастырудың
ерекшеліктері

Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз
ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен әлеуметтік сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік
сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынасындағы іс-қимылымен
байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік қаржылар мемлекеттің оның
кәсіпорындарын қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен мемлекеттік кәсіпорындардың функцияларын орындауға пайдалану
үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және
қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік
қаржылардың экономикалық мазмұны бірыңғай емес, олардың құрамында жеке
оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды
орындайды [4,5].
Мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-
әрекет етеді және бюджетті, мемлекеттік несие, мемлекеттік және
муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі
функционалдық айналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік,
саяси процестерге, салалық және аумақтық мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Мемлекеттік қаржылардың құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде
қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік
қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық
әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады.
Түрлі деңгейлердің бюджеттері – республикалық, жергілікті бюджеттер
тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары
үшін тіршіліктің қаржы базасы болып табылады [6, 101б.].
Қазақстан – бірыңғай мемлекеттік бюджеті бар унитарлық мемлекет.
Мемлекеттік бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін
жинақтаушы бюджет [7]. ҚР-сы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін
республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік
мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды
орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға
байланысты мемлекеттік шығындарды қамтамасыз етуге арналған. Республикалық
бюджет ҚР-ның Парламентімен қарастырылады және бекітіледі. Жергілікті
бюджеттер облыс, қала, аудан бюджеттерінен тұрады және сәйкес
маслихаттармен бекітіледі. Бюджеттер бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті
органдармен жасалады. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын дер кезінде және
сапалы жасау, бюджетті нақтылау мен орындау бойынша ұсыныстар жасау
мақсатында құрылады [8, 8б.].
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын
беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу
үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді,
жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелік қабілеттілігін
арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі
жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер
әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады [9, 26б.].
Ал бюджеттен тыс қорлар жекелей мақсатты шараларды қолдануға арналады.
Олар арнайы аударымдар немесе басқа да көздерден қалыптасуы мүмкін. Арнайы
аударымдар республикалық немесе жергілікті бюджеттерден де болуы мүмкін.
Сонымен қатар олардың ресурс көздері ретінде жеке және заңды тұлғалардың
қаражаттары да болады. Бюджеттен тыс қорлар – бұл белгілі бір мақсаты үшін
құрылған және белгілі бір бағытты қаржыландыратын қорлар. Олардың
қаржылары мемлекет бюджетінің шығыс бөлігін қаржыландырмайды. Бюджеттік
қаражаттар мен қорлар әртүрлі бағытқа жұмсалса, бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттары тек арнайы алдын ала көзделген бағытқа ғана жұмсалады.
Аталған қорлар үкіметтің немесе жергілікті басқару органдарының
қатысуынсыз ерікті түрде басқара алады [10,11].
Мемлекеттік несиенің мазмұнын құрайтын ақшалай қатынастар
мемлекеттік қаржылардың өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекеттік несие
қатынастары кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын
жұмылдыруға және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз
ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады [12,
39б.].
Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің
жұмылдыруы қаржы нарығында облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді
және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге
асады. Займдар мен қазынашылық ссудалар мемлекеттік несиенің басты
нысандары болып табылады. Мемлекеттік несие экономиканы нығайтуда және
оны қаржы жағынан сауықтыруда маңызды рөл атқарады [6, 102б.].
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып
бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
- республикалық бюджет қаражаттары;
- мемлекеттің алтын валюта резервтері;
- мемлекеттік меншік құқығының мүлкі;
- коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлік.
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналдық
меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды [13, 32б.].
Мемлекеттік қаржының құрылымында мемлекет иелігіндегі кәсіпорындарды
да жатқызады. Себебі, мемлекеттік кәсіпорындардың табыстары мен шығындары
мемлекеттік бюджет немесе басқа да мемлекеттік қорлардың жоспарларында
көрініс таппайды. Бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар өзін-өзі қаржыландыру
қағидалары бойынша қызмет етеді [14].
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық
ресурстарын орталықтандыру, мемлекеттік ақшалай қорлардың түрлері мен
пайдалану бағыттарын айқындау, республикалық бюджеттің кірісі мен шығысын
бөлу және т.б. мемлекеттің қаржы жүйесі мен оның әрбір буынына олардың
тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету мақсатында ықпал ететін заң
жүзінде рәсімделген жүйе мемлекеттік қаржылық реттеу болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеудің басты мақсатына мемлекеттің қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізу жатады. Демек,
мемлекеттік қаржылық реттеу барысында мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық
буындарының кіріс базалары жоспарланған көлемдегі ақша қаражаттарымен
қамтамасыз етіледі [15, 29-30б.].
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің тиісінше
жұмыс істеуін, сондай-ақ оның құрылымдық бөліктерінің өзара қарым-
қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қаржы
жүйесіне ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде қаржылық-
экономикалық ықпал ету мемлекеттік қаржылық басқару болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау негіздері мемлекеттің уәкілетті,
мамандандырылған қаржылық бақылау органдарының жүйесін айқындайтын және
олардың мемлекеттік қаржылар аясындағы тиісті бақылау-тексеру құзыретін,
сондай-ақ қаржылық бақылаудың нысанын, қаржылық тексерудің түрлері мен
жүргізілу тәртібін белгілейтін арнайы құзыреттік және басқа да қаржылық
құқықтың жалпы бөлімінің институтын қалыптастырады. Мемлекеттік қаржылық
бақылау мемлекеттің қаржылық қызметіне қатысушылардың мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттерін тиісінше орындауларын тексеру жөніндегі
мамандандырылған арнайы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың
қызметі ретінде орын алады [15, 35б.].
Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті бюджеттің
орындалуына ішкі бақылау жүйесін жүргізудің аралас моделі қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатын
орталықтандырылған ішкі бақылау секілді кейбір министрліктің бақылау-
тексеру қызметтері жүргізілетін орталықсыздандырылған бақылау жүйесі
қызмет атқарады [16, 38б.].
Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын басқару және
бақылау келесі формаларда жүзеге асырылады:
- алдан ала бақылау – мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және
мекемелермен бекітілген республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын
қолдану жобасын жүзеге асыру сатысында жүргізіледі;
- ағымдық басқару және бақылау – мемлекеттік органдармен, ұйымдармен
және мекемелермен бекітілген республикалық және жергілікті бюджет
қаражаттарын қолдану бойынша операцияларын жүзеге асыру сатысында
жүргізіледі;
- кейінгі бақылау – республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын
мақсатты және тиімді, уақытылы қолданудан, сонымен қатар есеп берулердің
растығынан, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен,
республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарымен қаржы операцияларын
жүргізу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы заңы және Бюджеттік
тәртіп мағынасы бюджетті орындау, дайындау, қарастыру, бекіту, оның
орындалуын бақылау және оның орындалуы жөнінде есеп беруді бекіту бойынша
заңда реттелген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі
ретінде анықталған [17].
Қазақстан бюджетті дайындау мен қарастыру процесінде елеулі
табыстарға қол жеткізді. Бюджет кодексі басқарудың ұлттық жүйесінің ең
дамыған бағыттарының бірі болып табылады. Президентпен құрылатын бюджеттік
комиссия бюджетті дайындау мен қайта қарау процесін басқарады. Ол
республикалық бюджетке қатысты келесі ұсыныстарды жасайды:
1. алдағы үш жылдық кезеңге орта мерзімді фискалдық саясат бойынша;
2. сәйкес қаржылық жылға бюджет жобасының көрсеткіштерін анықтау;
3. бюджеттік бағдарламалардың тізімі мен оларды жүзеге асыру
механизмдерін анықтау;
4. республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерінің қысқаруы
немесе шығындарының ұлғаюын қарастыратын нормативті құқықтық актілер
жобасы бойынша;
5. сәйкес қаржылық жылға бюджетті нақтылау және бюджеттік
бағдарламалардың жүзеге асуын бағалау нәтижелерін қарастыру мен олар
бойынша ұсыныстар дайындау [18, 19].
Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау және
басқару жүйесін дамыту мәселелерін шешудің кешендік тәсілдемесі мен оны
халықаралық ережелерге сәйкес жетілдіру жолдары түрлі деңгейдегі
мемлекеттік органдар қызметін есепке ала отырып, әлемдік тәжірибеге қарама-
қайшы келмейтін, оны байытатын әдістемелік шешімдер мен құралдарды сақтай
отырып, жинақталған ұлттық тәжірибелерді қолданумен ұштастыру керек.
Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау жүйесін
дамыту – республикалық және жергілікті бюджет құралдарын тиімді, мақсатты
қолдануға және де республикалық, коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді
қолдануға алдын ала, ағымдық және кейінгі бақылау жүргізуді одан әрі
нығайту мен жетілдіруді да талап етеді [20, 22б.].
Жалпы мемлекеттік қаржылар және мемлекеттік табыстар Министрліктерімен
басқарылады. Қаржы жүйесінің аппараты өзінің қызметін ҚР Конституциясына,
әрекет етуші заңдылықтарына, республика Үкіметінің қаулыларына, жергілікті
әкімшілік шешімдеріне, қаржы Министрлігі мен салық органдарының ережелеріне
сәйкес жүргізеді. Экономикалық және қаржы қызметі сферасындағы заң
бұзушылықты анықтау, ескерту, тарту және тергеуді орталық Агенттігі мен
территориялық органдары бар құқық қорғау құрылымы ретінде қаржы полициясы
қамтамасыз етеді. Жалпы олардың міндеті ҚР-ғы экономикалық қауіпсіздікті,
оның ішінде салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді
төлеуден жалтару, заңсыз жолмен алынған ақша құралдары немесе басқа да
мүліктерді иемденумен байланысты заң бұзушылық іс-әрекеттерді тергеуден
тұрады [21].
Қаржы полициясының органдары экономикалық және қаржы сферасында заң
бұзған тұлғаларды жедел-іздестіруді жүзеге асыра отырып, мемлекетке
келтірілген залалды өтеу үшін шаралар қабылдайды.
Кеден органдарының құрылымы қаржы министрлігінің кеден комитетінен,
облыстық кедендік басқару, кеден постарынан тұрады.
Кеден комитеті кеден ісін тікелей басқаруды жүзеге асырады. Ол
мемлекеттің кеден саясатын жасауға, сауда-экономикалық қатынастарды
кедендік реттеуге қатысып, сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға
ықпал етеді және осылайша ҚР-ның бірыңғай экономикалық саясатын жүзеге
асырады.
Кеден органдарының міндеттері болып елдің экономикалық мүддесі мен
қауіпсіздігін қорғау: кедендік және валюталық бақылау, кеден сферасындағы
қылмыс, кеден ережелері мен салық заңдылықтарын бұзғаны үшін күрес,
қаржылық тұрғыдан – кеден төлемдері мен алымдарын, айыппұл, тауарлар мен
көлік құралдарын тәркілеу болып табылады [22, 17б.].
Мемлекеттік қаржыны басқаруға ҚР-ның Ұлттық банкі өзінің қызметтеріне
сәйкес белгілі бір деңгейде қатысады. ҚР-ның Ұлттық банкі ақша-несие
саясатын жүргізуде тікелей және жанама түрде қаржы қатынастарына ықпал
етеді, ақша айналысын реттейді, несие ресурстарын басқарады, банк қаржы
Министрлігімен бірге мемлекеттің қаржы-валюталық қатынастарына,
экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақша құралдарын сырттан
алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушы ықпалының тиімділігі
мемлекеттің бірыңғай қаржы-несие саясатын жүргізуде мемлекеттік қаржылар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайынан білінеді.
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мемлекеттік қаржыны
басқару мен бақылауда салааралық жүйелеу, сондай-ақ мемлекеттік меншіктің
қолданылуын бақылауды басқаруды жүзеге асыратын ҚР-ның орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: салық және
ақша-несие саясатымен өзара байланыста мемлекеттік бюджет саясатын жасау
мен жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік салық саясатын жасау мен жүзеге
асыруға қатысу, мемлекеттік меншікті пайдаланудың мониторинг жүйесін
құру және дамыту, мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру, ҚР-ның
резиденттерінің мемлекеттік емес займдары, мемлекет кепіл берген үкімет
займдары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік
және мемлекетпен кепілдендірілген қарызды басқару және мониторинг,
республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және орындау бойынша
әдістемелік басқару, мемлекеттік шығындарды функционалды талдау әдістемесі
мен бюджеттік бағдарламалау тәсілдерін ендіру, республикалық және
жергілікті бюджет қаржыларын мақсатты және ұтымды пайдаланылуын бақылауды
қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті ендіру мен жүзеге асыру, сондай-ақ
бюджеттердің орындалуы жөніндегі есеп беру тәртібін жасау, қазыналық
жүйені ақпараттандырудың бірыңғай саясатын жүргізуді ұйымдастыру және т.б.
заңдылықпен бекітілген міндеттер [23].
Министрлік бекітілген заңға сәйкес келесі негізгі қызметтерді жүзеге
асырады: мемлекеттік қаржы мен мемлекеттік меншікті басқару сферасында
мемлекеттің саясаты мен басымдықтарын анықтауға қатысу, мемлекеттік және
басқа да бағдарламалар, стратегиялық және индикативтік жоспарлар, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер жасауға қатысу, республикалық және
жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжау, түсімдер мен шығындар
көлемін есептеу, сәйкес қаржылық жылға мемлекеттік бюджет туралы заң
жобасын әзірлеу, сондай-ақ алдағы үшжылдық кезеңге ҚР-ның мемлекеттік
бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасау, мемлекеттік қаржы, фискалдық
саясат және мемлекеттік меншік саласында заңдылықтарды қолдану тәжірибесін
талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, мемлекеттік қаржыны басқару
саласында нормативті құқықтық актілер жобасын дайындау, жер қойнауын
пайдалануға келісімдердің салықтық экспертизасын жүзеге асыру, сондай-ақ
салық қызметі органдарымен бірге келісім шарттардың орындалу барысына
тексеру жүргізу, халықаралық келісімдер мен келісім-шарттар жобаларын
дайындауға қатысу, республикалық бюджеттеу несиелер мен шығындарды
қаржыландыруды жүзеге асыру, республикалық бюджеттің орындалуы туралы
жылдық есептерді құру, ерекше маңызды бағдарламаларды орындау бойынша
есептер құру, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме
шығындарының сметасын бекіту және оны құрудың дұрыстығын бақылау,
республикалық бюджет пен мемлекеттік меншіктегі басқа да мүліктердің
мақсатты пайдаланылуын бақылау, ҚР-ның ұлттық банкінде қазыналық комитет
арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және оның
есебі, оларды жүргізуде заңдылықтарды сақтау бойынша тексеруді
ұйымдастыру, үкіметтік займдардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті
атқарушы органдармен займдар тартуды келісу, мемлекеттік емес займ
шарттарына қаржылық экспертиза жүргізу, үкіметтік займдар алу,
пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, мемлекеттік кепілдік бойынша
міндеттемелер орындауды қамтамасыз ету.
Қаржының орталық буыны мемлекеттік бюджет болып табылатындықтан ерекше
мәнді республикалық бюджет жобасын құру, республикалық бюджеттің
орындалуын қамтамасыз ету, оның кассалық орындалуын бақылау бойынша қаржы
Министрлігінің жұмысы алады.
Қаржы министрлігінің орталық аппаратында міндеті мен қызметі
анықталған арнайы бөлімшелер бар, бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы
басқарудың мақсаты мен міндеттерінің өзгерісін, аппарат функциясының
дамуын, жұмысты жетілдіру қажеттілігін есепке ала отырып, тұрақты өзгеріп
отырады.
Департаменттер мен комитеттер басқармадан тұрады, ал соңғысы –
бөлімдерден, бөлімшелердің атауы басқармадан бөлімге нақтылай отырып,
орындалатын қызметтерді сипаттайды.
Бюджеттік департамент республикалық және жергілікті бюджеттерді
жасауды ұйымдастырады, бюджеттік процестің формалары мен тәсілдерін
жетілдіреді, бюджеттік қаржыландыруды оның тиімділігін арттыру үшін
талдайды, бюджет бойынша есеп жүргізеді.
Фискалдық саясат пен болжамдар департаменті салық-бюджет және кеден
саясатын жүргізу бойынша шаралар дайындайды, талдау арқылы олардың
жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық реформаларға сәйкестігін
тексереді, жүргізіліп отырған саясат бағытын түзету бойынша ұсыныстар
енгізеді, табыстардың түсуін болжайды, халықаралық ұйымдармен өзара
әрекетті үйлестіреді, фискалдық жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды
[24, 100 б.].
Қазыналық комитеттің ұйымдастыру құрылымы қаржы Министрлігі мен оған
бағынышты облыстар, қалалар бойынша территориялық бөлімшелердің құрамында
Орталық аппараттан тұрады. Қазыналық органдар келесі қызметтер мен
міндеттерді орындайды: ұйымдастыру, республикалық бюджеттің кассалық
орындалуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есепті-кассалық қызмет
көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау, казыналықтың
шотындағы ақша құралдарын басқару, республикалық және жергілікті бюджеттер
арасында өзара есептесулерді жүргізу, республикалық және жергілікті
бюджеттер арасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бөлінуін
қамтамасыз ету және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеу,
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларының есебі және оны жүргізу,
мемлекетік қаржылардың жағдайы мен жедел басқаруда олардың қолданылуы
туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, республикалық бюджеттің қолма-
қол ақша ағынын болжау, мемлекеттік кепілге ие мемлекеттік және
мемлекеттік емес сыртқы займдарды өтеу мен қызмет көрсетуде ақша аударымын
жүзеге асыру, қазыналық органдар жүйесінде ішкі аудит пен бюджет жүйесінде
бухгалтерлік есеп пен есеп беруді дамыту және жетілдіру, қазынашылықтың
құзырына қатысты мәселелер бойынша есеп операцияларын жүргізу тәртібі
жөнінде әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды жасау.
Қазынашылық қызметкерлеріне мемлекеттік қаржыларды қолданатын
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқарудың, мемлекеттік
банктердің қаржы-бухгалтерлік қызметін тексеруге құқық берілген. Олар
қызметтік тұлғалардан бұзған қаржы заңдылықтарын жою үшін талап етуге
құқылы. Қазыналықтың қызметіне бюджет ақшаларының мақсатсыз қолданылуы
айқындалған жағдайда қазыналық төлем операцияларын орындалуын тоқтату
құқығы берілген.
Макроэкономика және қаржылық статистика департаменті мемлекеттік
қаржыны басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаты мен міндеттерін
жүйелеу үшін қаржы жүйесімен өзара байланыста және өзара әрекет ете отырып
экономиканы зерттейді, негізгі макроэкономикалық және бюджеттік
көрсеткіштерді жасауға қатысады, бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі есептік мәліметтер негізінде
қаржылық ақпараттарды жинайды, өңдейді және талдайды, мемлекетаралық
қаржылық қатынастарды дамыту мен жүзеге асыруға бағытталған халықаралық
келісімдердің жобаларын дайындайды.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау сферасында ұйымдастыру-әдістемелік
және аналитикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары халық
шаруашылығының барлық салалары мен қызмет сферасының мемлекеттік
кәсіпорындары мен ұйымдарына, бюджеттік ұйымдар мен әлеуметтік сфера
мекемелеріне, басқару органдарына, құқық қорғау және қорғаныс кәсіпорындары
мен ұйымдарына тексеру жүргізеді.
Жергілікті қаржылық органдар аппаратына облыстық, қалалық, аудандық
қаржы басқармасы мен бөлімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселелері
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Қаржы жүйесі
Экономикалық ақша қатынасы
Қаржылық бақылаудың функциялары
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Пәндер