Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі


Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бәсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, діл ерекшеліктері және т. с. с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторларда әсер етеді.
Бүгінде әлемдік шаруашылық бір текті емес. Әлемдік шаруашылықта жетекші жағдаймен көбіне өнеркәсібі дамыған жеті ел орын алады. Олар АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция, ¥лыбритания және Италия болып табылады. Олардың үлесіне әлемдік өнеркэсіп өндірісінің 60%-дан көбі және электроэнергияның өндірісі, сонымен қатар, 50%-дан көп экспорт тауары мен қызметі келеді. Бір жағынан жаңа индустриалды мемлекеттердің экономикалық дамуы сонымен қатар, батыстың жоғары дамыған елдерінен тәуелдігін күшейте, инвестициямен, технологиялық жаңалықтарды қарызға алумен анықталады. Екінші жағынан, сондай елдердің даму қарқынының талдауы Оңтүстік Корея, Тайван, Малайзия сияқты олардың жетістігі мәнді дәрежеде шетел инвестициясымен шарттасылғанын көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің мәртебесін алған Қазақстан экономиканы түбірімен реформалауға кірісті. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады.
Дамыған АҚШ, Жапония, Франция елдерін экономикасының өсуінде шетел инвестициясы маңызды роль ойнады. Сонымен 80 жылдардың ортасында АҚШ-та тікелей шетел инвестициясының қорланған көлемі 35 млрд. долл. құрады, ал 90 жылдардың басында ол 10 есе артты. Сондай күшті қаржының түсімі экономикалық мүмкіндіктердің тез өсуіне және оның экспорттық әлеуетін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Әлемдік экономиканың өскелең ғаламдануы тікелей шетел инвестицияның (ТШИ) салыстырмалы өсімін ынталандырады, жыл сайынғы өсім 20%-ға қол жеткізді және 5 есе дерлік әлемдік сауданың кеңею қарқынын жоғарлатады. Тікелей шетел инвестицияның тез өсімі инвестор-елдер санының артуымен анықталады. Дәстүрлі халықаралық инвесторлары болып (АҚШ, Жапония, Германия) және «экономикалық феномен» елдері немесе Азияның Оңтүстік Корея, Тайван, Сингапур «жаңа индустриялды елдерің қосылды. Осы елдер қуатты тікелей шетел инвестициясының іс күшімен қазіргі индустрияландырудың - импортты алмастыратын салаларын дамыту, экспорттық әлеуетті құру жэне ғылымды қажетсінетін технологияны дамытудың классикалық кезеңіне жедел өтті.
Қазақстанда жүзеге асырылатын экономикалық реформалар тікелей шетел инвестициясы үшін оны аймақтағы ең тартымды елдің бірі ретінде көрсетеді.
Қазақстанның экономикасының инвестиция саласындағы мәселелері оның тиімді басқару жүйесінің жетіспеушілігі және негізгі өндірістік қорлардың табиғи сапалық тозуы болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін капитал салымы негізінен экономиканың минералды-шикізат саласында жүзеге асырып келеді. Осымен байланысты пайда жоғалады, өңдеуші өнеркәсіптер дамымайды, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы төмендейді және елдегі өнеркәсіп әлеуеті бұрынғы деңгейде қала береді. Сол үшін Қазақстанда шетелдің инвестициялық саясатын реттеудің негізгі принциптері «Инвестиция жөніндең ҚР-ның заңымен, және «Мемлекеттің басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларын және Қазақстан Республикасының экономикасына шетел капиталын тарту процесін реттеуң ҚР-ның жарлығымен, сонымен қатар, «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдауң ҚР заңымен реттелінген. Осындай теріс тенденциялардан құтылу үшін, шетел инвестициясын пайдалану тиімділігін жоғарлатуымыз керек. Сонда экономикадағы өндірісті өсіруге, ішкі жэне сыртқы нарықта қазақстандық кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін өсіруге себеп болатын сапалық өзгерістерге қол жеткіземіз. Шынында, егеменді Қазақстан жағдайында инвестиция күшті экономикалық қаржы құралы ретінде экономикасының дамуына үлкен ықпалын тигізді. Сонымен қатар, шетел капиталы ұлттық инвестицияны ығыстырушы емес, қайта толықтырущы құрал ретінде қызмет етті. Олай болса өңдеуші өнеркәсіпке, инфрақұрылымға жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндіріске капитал салымын ынталандыру үшін, республиканың саяси тұрақтылығына негізделген бәсекеге қабілетті жағдайларды ұсыну мен мәміле жасасуда әділетті тәртіп, инвесторларға мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысының маќсаты мен міндеті :
- Өзіне табиғатты, инвестиция көздерін және оларды тартудың ұйымдық формасын қосатын шетелдік инвестициялаудың негізін ғылыми-экономикалық зерттеу;
- Қазақстанға шетел инвестициясын салуда басымды бағыттарын таңдауда методологияға негізделу;
- Шетел капитал салымын пайдаланудың бағаланымы мен қазіргітаңдағы жағдайы;
- Шетел инвестициясын тарту бойынша шараларға негізделу;
- Инвестициялық климаттың бағаланымы мен шаруашылықтың стратегиялық маңызды салаларына шетел капиталының түсімін ынталандыру жолдары;
- Қазақстанда инвестициялық климатты жақсартуда перспективті мүмкіндіктерін анықтау;
- Ұсыныстарды жасау және инвестицияны тарту механизмін жетілдіру бойынша ұсыныс.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияны тарту процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды зерттеу, сонымен қатар, елдегі инвестициялық саясаттың қалыптасуына методологиялық негізделу болып табылады.
Зерттеу пәні : Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері . Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.
Зерттеудің құрылымы : Дипломдыќ ж±мыстыњ ќ±рылымы мен кµлемі кіріспеден, ‰ш тараудан, ќорытындыдан жєне пайдаланылѓан єдебиеттерден т±рады. Жалпы дипломдыќ ж±мыстың құрылымы 5 кесте, 9 сурет, ќолданылѓан єдебиеттер тізімінен 55 бетті ќ±райды.
І Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
- Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат
Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.
Бұл проблемаға ортақ көзқарас П. Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.
Инвестицияны “Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінің капиталды меншік құндылығының ағымдағы өсімі” ретінде, немесе, “тұтыну үшін қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол бөлігі” ретінде анықтайтын Дж. Кейнстің жұмыстарында инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған. [2]
Экономикалық теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді өрістетумен сипатталады.
В. Фельзенбаум, “капитал жұмсалымдары” және “қаржы” (портфельді) инвестициялар түсінігіне мазмұны бойынша жақын, инвестиция түсінігі нақты инвестицияларды қамтиды деп белгілейді. Яғни, меншіктен табыс табуға құқық беретін, меншік иесінің титулымен байланысты акция, облигация және тағы басқа құнды қағаздарға салынған салымдар.
Инвестициялаудың негізгі этаптары:
- капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;
- инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;
- табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.
Инвестициялау инвесторлардың қолдану үшін іздейтін, қаражатты тұтынудан кейінгі кейбір артықтардың қорлануының (жиналуының) нәтижесі болып келеді.
Жоспарланатын шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық тепе-теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп көрсетеді.
Бұлардың әр қайсысының көлемінің өсуі шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді. Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар тепе-теңдігінің проблемасына классикалық мектептің көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып - жинақ ақшаға және оған несиені қоспай - механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай, кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді. Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс заңының күші капиталдың тек бір түріне және бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау дәлме-дәл кескіндемейді”.
Инвестициялар, төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет шаруашылықтың нарықтық жағдайында кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады.
Инвестициялар дегеніміз - мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында иевестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған меншікке құқық.
Шетелде қызмет ететін, шығарылатын, әкелінетін капиталды жекеменшік, мемлекеттік және сыртқы деп бөлуге болады. Ол ақшалай және тауарлы нысанда, қысқа және ұзақ мерзімді, ссудалық және кәсіпкерлік бола алады.
Кәсіпкерлік капитал (және ішінара ссудалық) тікелей және портфельді инвестициялармен ұсынылған.
Тікелей инвестициялар - тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы - тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.
Портфельдік инвестициялар - пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.
Портфельдік инвестициялау арқылы қор нарығының әр түрлі секторларындағы барлық инвестициялық қызметтің түпкі нәтижелерін жоспарлауға, бағалауға және бақылауға болады.
Портфельдік инвестицияларды жүргізу нарық дамуын сипаттайды. Қазіргі кезде, портфельдік инвестициялаумен клиенттердің екі типі қызығушылықта. Біріншілеріне, уақытша бос қаражаттарын орнықтыру проблемалары барлар (мысалы, ірі корпорациялар) . Екіншілеріне, айналым қаражаттарын қажетсінетін, портфель идеясын “приманка” ретінде ұсынатындары жатады (мысалы, аса ірі емес банктер, қаржы компаниялары т. б. ) .
Сонымен қатар, инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік. [3]
Ануитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Сонымен қатар, инвестицияларды жұмсау сипатына қарай мынадай түрлерге бөледі:
- өндірістік-материалды салаға қаржы жұмсау. Экономика тепе-теңдігінің бұзылуы және осы салалардағы капитал айналымдылығының төмендеуі, сол кезеңдегі барлық ұлттық шаруашылыққа сипатты, жағымсыз нәтижеге әкелді. Мұндай жағдайдағы өндірістік жұмсалым ролі өседі.
- өндірістік емес-материалды емес салалардағы капиталды игеру, қызмет көрсету саласын қоса. Өндірістік салалармен салыстырғанда өндірістік емес салаларға инвестиция үлесі елеулі жоғары. ЖІӨ құрылымында халыққа қызмет көрсету, сауда-делдал үлесі өскен. Қызмет көрсету саласында капитал ресурстарының жоғары айналымдылығы белгіленген. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласының дамуы елдің экономикалық өсуіне елеулі әсер етпейтінін айта кеткен жөн.
Инвестициялау мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді - бірнеше айға қаржы беру. Қазақстанда қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер кеңінен қолданылады. Олардың қолайсыз жақтары: біріншіден, жоғары пайыздық мөлшерлеме; екішіден, кепілдіктің болуы; үшіншіден, көлемдерінің аздығы.
- ұзақ мерзімді - бірнеше жылға қаржы беру.
Инвестор санаты бойынша инвестициялардың бөлінуі:
- жеке - Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдің жеке және заңды тұлғалары инвестиция қызметінің өкілдері бола алады. Мысалға, ондай инвестицияларға несие желісінің ашылуы, қарыздар, гранттар мен техникалық көмек берулер жатады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жасалынатын қорытынды - елімізде бар инвестиция көлемінің жетіспеушілігі анық. Бұл, республикаға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайсыз режиммен байланысты деген ой тудырады. Қаржы Министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның 3 млр. АҚШ долларын құрайтын, несие ресурстарының қайтарылатындығына кері әсер ететін және инвесторлар үшін белгілі бір тәуекел білдіретін сыртқы қарыздары бар екенін де айта кеткен жөн.
- Мемлекеттік - капиталды мемлекеттік несие-банк мекемелер жағынан инвестициялау. Ауыр экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік банктердің қаражаттары шектелген.
Инвестиция көздері бойынша:
- ішкі - республиканың банктік институттарымен несиелеу.
Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.
- Сыртқы - шетел жақтарынан капиталды тарту.
Сонымен, әр түрлі формадағы және түрдегі инвестицияларды республикаға тарту үшін жағымды жағдайлар жасалу керек
Жұмсалымның жоғары тиімділігіне жету үшін фирма басшылығы инвестициялаудың базалық қағидаларын ескеру керек.
Инвестициялаудың шекті тиімділік қағидасы. Кез-келген кәсіпорын өндірілетін өнім бірлігіне шығынды минимальды болатындай өндірісті ұйымдастырып, максимальді табыс табуға тырысады. Өндірістің жеткен деңгейіндегі табыс өндіріс шығындарынан асатын жағдайда кәсіпорын өз қызметін жалғастырады. Тауар сатудан түскен жиынтық табыс өндіріс шығындарынан аспаған жағдайда ғана ол өз қызметін тоқтатады.
Ал, егерде тауардың бір қосымша бірлігінің өндірісі оны дайындауға кеткен шығындарды асса кәсіпорынға өнім шығаруын кеңейтуге тура келеді. Өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болса, кәсіпорын өндірісін кеңейтпейді. Кәсіпорын өндірісін жалғастырған кезде, шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болатындай өнім көлемін шығару керек. Бұл екі шарттың әмбебап сипаты бар кез - келген нарық құрылымына, меншік формасына қолданылады.
Инвестициялаудың оңтайлы көлемі - 5 млн бірлік. 6 млн бірл. салымы тиімсіз болады.
Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:
- өндіріс шығындарының өсу қарқыны;
- өндірісті монополиялау деңгейі;
“Замазка” қағидасы . Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялау замазкамен жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.
Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек, оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады.
Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.
Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:
- шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді - мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.
- тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.
- тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.
Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары - бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады. Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез - келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да басқа керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz