Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ
ТІЗІМІ . . .
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқарудың мәні мен теориялық
негіздері . . .
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ
ТІЗІМІ
ШОК -шағын және орта кәсіпкерлік
ШОБ шағын және орта бизнес
ШӘБ- шағын бизнес әкімшілігін
АҚШ -Америка Құрамы Штаты
АДБ - Азия даму банкінің
ШКС - шағын кәсіпкерлік субъектілері
МЖӘ - мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік
ҰИҚ -ұлттық инновациялық қор
ҮИИДБ - Үдемелі индустриальды- иновациялық даму бағдарламасы
ІЖӨ - жалпы ішкі өнім
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
КҚО - Кәсіпкерлікті қолдау орталығы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ЕО - Европалық Одақ
ШКС - шағын кәсіпкерлік субъектілері
МНҰ - микро несиелеу ұйымдары
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Кәсіпкерлік саласын дамыту қазіргі әлемдік жаһандану жағдайында еліміздің экономикасын тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттікті көтеруде маңызы зор.
Басқару - бұл қоғамның экономикалық зандарының өзгеруі және іске асырылуын ұйымдастыратын, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік қатынастардың нысандары, халық шаруашылығы экономикасының және оның жеке салаларының даму пропорциялары анықталатын буын.
Кәсіпкерлікті басқару жетекші қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Басқару қағидалары - бұл қызметті жүзеге асыратын басқару органдары мен адамдардың өз қызметінде жетекшілік ететін негізгі ережелері.
Кәсіпкерлікте басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан өндірісті жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды. Жобалау кезеңі кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, міндетті болып табылады және әр кезеңде бірыңғай мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің өнімділігі мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау, жоғарылату міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің айқындылығын мойындай отырып, қазіргі уақытта басқарудың экономикалық әдістерін ұстанумен ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады.
Кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік саясатын жүргізудің жүйелі бағыттарын қалыптастыруды талап етеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың қызметтері барлық кәсіпкерлік иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау.
Кәсіпкерлік саласын басқарудың мақсаты - оны дамытуды жетілдіре отырып, еліміздің экономикасының өсуіне серпін беру.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан да бұл мәселені үкіметтік, банктік және т. б. еліміздің ірі органдары бірнеше рет шешуге тырысқаны да кездейсоқ емес. Қазақстандық кәсіпкерлерді толғандыратын негізгі мәселелер: салық және кеден заңнамаларының жетілмегендігі, несие қорларына қол жеткізудің қиындығы, тендерлердің көзбояушылықпен өткізілетіндігі және бақылаушы органдардың шектен тыс әрекеттері, және т. б.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы “ Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде , бір болашақ” атты Қазақстан халқына Жолдауында: шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады - деп атап көрсетілген [1] .
Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі карай дамып, тұрақты өсуінін қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарыктық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жүмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне жөне өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылыктарының негізінде нарықтық экономиканың икемді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызы құрылымдық жөне бәсекелестік нарықтық механизмнің маңызды интеграциялық элементке жатады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы өндірістер негізінде нарықгы тауар және қызметтермен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс калдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның "орта сыныбын" қалыптастыру және халықты жұмыспен камту.
Үкімет органдары шағын кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай серпін беретін шаралар қабылдады. Олар: өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы үш жыл ішінде жылжымайтын мүліктермен құқықты тіркеу үшін төлемнен босатылуы; өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін, жер пайдалану актісін бергені үшін төлемді өндірусіз беру; электр, жылу қуаты, сумен жабдықтау және канализация жөніндегі қосылған қуат үшін, мемлекеттің қатысуымен екінші дәрежелі банктерден есеп-шоттар ашу жөніндегі төлемдерден босатылды. Осы шаралар өзінің оң нәтижелерін көрсетуде.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс - деп атап көрсетілген [2] .
Мұнда президентіміз елдің алдына қойған міндеттердің өзіне тән ұлттық бірлігін, әлеуметтік әділеттілігін және бүкіл халықтың әл-ауқаттылығы болатын тәуелсіз, өркендеген және түрақты Қазақстанды құруды айқындап отыр. Бұл еңбегінде алдағы отыз жылдың ішінде басшылыққа алатын жеті ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеп берді. Соның ішіндегі ең негізгілердің бірі де отандық кәсіпкерлердің дамуына байланысты. Отандық кәсіпкерлік дамыған жағдайда ғана экономикамыз өсіп, сауда қарым-қатынасы ілгерілеп, халықтың жағдайы жақсарады. Демек халықтың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын түзейтін бірден-бір жол - ол кәсіпкерлік қызметін дамыту. Бұл сала нарықтық қатынастарды тұрғылықты түрде өрлетіп, алға жетелеп отыратын қуатты буын. Орта дәрежедегі кәсіпкерлер мемлекеттің өсіп-өркендеуіне оң ықпал ететіндіктен, бүгінгі таңдағы экономикада шағын бизнеске басты орын берілетінін әлемдік тәжірибе айқын көрсетіп отыр.
Бүгінде елімізде жастардың кәсіпкерлік істерді бастауына ықпал ету, оларға ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар бойынша кеңестер беру, ауыл, қала жастарына жан-жақты ақпараттық, техникалық, әдістемелік қолдау көрсетуге баса мән беріліп келеді
Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы мемлекеттік саясат пен ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру қолға алынуда. Жоғарыда талаған мәселелер тақырыптың қазіргі таңда өзекті екендігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік әзірлемесін жасауда, шағын және орта бизнесті дамытуда үлес қосқан шетелдік ғалымдар У. Изард, Ж. Р. Будвиль, Э. Бувер, С. Р. Денисон, К. Ричардсон, П. Ромер, Дж. Фридман.
Шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі заманғы экономикалық және басқарушылық мәселелерін әзірлеуге көптеген қазақстандық және ресейлік ғалымдар елеулі үлестерін қосты: У. Ж. Алиев, Р. А. Алшанов, Л. М. Борисова, В. И. Видяпин, А. И. Гаврилов, А. Г. Гранберг, Я. Н. Дранев, Т. А. Есиркепов, Р. С. Каренов, М. Б. Кенжегузин, Г. А. Калиев, Е. Г. Коваленко, А. К. Кошанов, Р. С. Куватов, К. К. Кубаев, Г. А. Морозова, Б. С. Мырзалиев, В. А. Онучак, К. А. Сагадиев, О. С. Сабден, А. А. Сатыбалдин, У. К. Щеденов және басқалары.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Қазақстандағы кәсіпкерлік саласын дамыту мәселелері мен кәсіпкерліктің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын анықтау және оларды басқаруда тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін анықтай отырып, олардың тәжірибеде іске асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жүмыста төмендегі мәселелер бойынша талдау жүргізілді:
- кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшы-лықтарын айқындау;
- кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқару-дың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
- кәсіпкерлік саласын басқарудағы мемлекеттің ролін айқындау;
- экономиканың негізгі өзегі болып табылатын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
- кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын мен қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.
Зерттеу пәні кәсіпкерліктің саласын басқарудың және оны жетілдіру шаралары болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның кәсіпкерлік нысандары қызметін басқарудың мәселелері алынып отыр.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде кәсіпкерлік қызметін басқару механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері, Қазақстан Республикасының статистика агентігінің материалдары мен арнайы нормативтік құжаттары және бағдарламалары әдістемелік негіз болды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы төмендегідей негізгі нәтижелерді айқындайды:
- кәсіпкерлік саланы басқарудың теориялық-әдістемелік аспектілері ғылыми тұрғыдан зерттелінген;
- шетелдік және отандық тәжірибесін зерттей отырып, кәсіпкерлік қызметін басқарудың жүйелерін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланған;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті басқарудың тұрақтылығы бағаланып, экономикалық жағдайына талдау жүргізілген;
- кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқарудағы факторлар мен жағдайлар анықталған;
- шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үшін инновацияны топтау, жаңалық пен жаңа ережелердің дәрежесі, инновациялық мүмкіндіктері ұсынылған;
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірбиелік маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік саласын басқаруды қамтамасыз ететін экономикалық тетігін анықтауға және диссертациялық зерттеудегі қорытындылар мен нәтижиелер негіз болады .
Диссертация материалдары әдіснамалық және әдістемелік құралдар дайындау мен экономика және менеджмент мамандығының Кәсіпкерлік негіздері, Менеджмент, Кәсіпорын экономика пәндерін оқыту процесінде пайдалануға болады
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) . Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: 1) Өңірлердегі кәсіпкерлік саласын дамытудағы мәселелер «Қазақстан-2050» Индустриальды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың өңірлік мүмкіндіктері Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы, Түркістан, 2013 ж. 2) «Қазақстандағы кәсіпкерлік саласын дамыту мен мемлекеттік басқарудың рөлі» // «Жас ғалым» ғылыми-практикалық конференция жинағы, Түркістан, 2014ж. 3) «Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың мәселелері», ХҚТУ Хабаршысы, №1(88, ) наурыз-сәуір, 2014 ж. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелер мен ұсыныстары автордың мақаларында көрініс тапқан.
Зерттеу нәтежиелерінің жариялануы . Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1, 2 б. т. болатын 3 мақала, ғылыми басылымдарда баспадан шықты.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Магистрлік диссертация барлығы 84 бетті қамтиды.
1 КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқарудың мәні мен теориялық негіздері
Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамыды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңашылдықка деген бейімділігі ғана емес, сонымен катар, жаңа кәсіпорын кұруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда "кәсіпкерлік" термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алғанмен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, қорларын қолданушылар деп қарастырып, ажыратып отырды) . Ол кәсіпкерді өзіне-өзі жүмыс орнын жасайтын адам ретінде карастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы ұшін жүмыс істеу кднағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқгы физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті [3] . Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс үрдісін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық қорларға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше, кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі кажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға, яғни жаңартушылықка және менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Н. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді металмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдардың шикізат алуға жөне жүмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады.
Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар, кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша, "Өндіріс шеберлері" келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет екендігін баса көрсетті :
- Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
- Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уакытындақайтара білу;
- Өз бойына әділеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылықсияқгы моральдық қасиеттерді калыптастыру;
- Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сүранысын жеткілікті дәрежеденақты бағалай білу жағдайында болу.
Кәсіпкерлер әрдайьм алдына қойылған мақсаттарды және эко-номикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері, кажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
Й. Шумпетер 20 ғасырдың басында кәсіпкерлердің инновацияны тарату жолымен жетуге болатын экономикалық даму теориясын қалыптастырды. Кәсіпкер деп барлық бизнесмендерді емес, жаңа өндірістің негізін салушылар немесе жаңа технологияны қолданатындарды түсінді. Й. Шумпетер теориясында инновациялық жобаларға несиелік эмиссияны салу жолымен өнеркәсіптік саясатты жүргізу механизмі негізделген. Й. Шумпетер инновация - өндірістік факторлардың ғылыми ұйымдастырылған комбинациясы, қозғаушы кәсіпкерлік күш деп анықтама берді [4] .
Экономикалық феномен ретіндегі кәсіпкерлік бизнестің категориясына жатады, шаруашылық практикада болса, оларды көбіне теңестіріп қарастырады. Бизнестің кәсіпкерліктен аясы кең, себебі нарықтық экономиканың барлық қатысушы жақтарының арасында пайда болатын қарым-қатынастарды қамтиды, тек кәсіпкерді ғана емес, сонымен катар, тұтынушы, жалдамалы жұмысшы және мемлекеттік құрылымдарды қамтиды.
Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретик Кристофер Фримен және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні кәсіпкерлік экономикалық дамуда қозғалатын өзіндік элемент. Сонымен, қәзіогі ұрпақ кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қпрпстыруларына тура келеді [5] .
Кәсіпкерлік - әлеуметтік ұғым ретінде көп уақыттын белгілі, ибірақ бұл терминнің нақты мазмұнын әртүрлі сатыда мамандар әртүрлі талқыланған болатын, бұл ХХ ғасырдың ортасында ғана кәсіпкерлік терминдері қалыптаса бастады.
Кәсіпкерлік ұғымының дамуына жоғарыда атап кеткендей белгілі экономист Ричард Кантильон (1680-1735ж. ) үлкен үлесін қосты. Ол «кәсіпкерлік» терминнің «әкесі» болып саналады. Өйткені Ричард Кантильон кәсіпкер деп тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адамды, яғни тауарды белгілі бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сататын саудагер, ферма, қолөнерші және басқа да кіші меншік иелері деп түсінген болатын. «Жалпы сауданың табиғаты туралы очерктер» деген кітабында Ричард Кантильон: «кәсіпкердің барлық әлеуметтік топтарына тән қызметтерді ерекше бөліп көрсете отырып, экономикалық жағдайда теңестіру, нарықтық жағдайда алдын ала білу керектігін» атап көрсетті.
Ричард Кантильон экономикалық игіліктерді нақта құнын анықтайтын жер мен еңбекті байлықтың қайныр көзі деп ақындады, сонымен кәсіпкерліктің обьективтік және субьективті жағын көрсетті. Мұндағы обьективті жағы, ол кәсіпкердің тауарға қалыптасатын сұраныс пен ұсыныстың жағдайын есепке алуы және сол тауарларды ұсыну мүмкіндкгі, ал субьективтік жағы ол - нарықтағы сұраныс пен ұсыныс атқаратын пайдалану және коньюктуралып ақпараттық өзіндік білім ретінде пайдалану, ол үшін кәсіпкер ерекше сый алады ол - баға айырмасының нәтижесі деп көрсеткен [6, 7] .
И. Тюнен кәсіпкерлік қызметті қалдықты, қауіп - қатерлі ойламаған табысты алуға бағыттылғын әрекет деп анықтап, «кәсіпкер табыс алу үшін иновацияны ылғида қолданбайды» деп көрсеткен. Ол кәсіпкерлік әрекетке әсер ететін факторларды бөлді: өндірісті, қаржық басқару, нарықты - коньюктуралы, құқықтық, техникалық факторлар ретінде қарастырды.
Француз экономисі Ж. Б. Сэй «Саяси экономия трактаты» деген кітабында Ричард Кантильон тұжырымдамасының негізгі ұғымдарынасүйене отырып кәсіпкерлік әрекеті - жер, еңбек капиталдың - өндірістік үш факторының бірігу ретінде қарастырады. Оның ойы бойынша кәсіпкер өндіріс факторларын басқарушы, әрі олардың басын бір жерге қосатын ұйымдастырушысы болып табылады [8] .
Кәсіпкерлік табыс табу мақсатында еңбек ету, қызмет көрсету және өнім тұлғаның азаматтар немесе азаматтар тобының жеке тәуекелі мен жеке мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асыратын жеке инициативаны сипаттайтын бизнестің динамикалық элементі болады. Осы орайда, түтынушы, еңбек және мемлекеттік түрлерімен қатар кәсіпкерлік бизнестен сөз қозғауға болады.
Кәсіпкерлік философиясы дегеніміз ол еркін индивидуализм, оның басты ерекшелігі - жеке талпыныс есебінен жеке өркендеуді қамтамасыз ету, алайда қоғам мүддесіне қайшы келмейді. Бір жақтың баю мүмкіндіктері келесі жақтың әлсіздіктері кедергісіне тап болмауы керек. Дәулетті адам ғана меценат демеуші, қайырымды бола алады. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкерлер қоғам игілігіне қызмет жасайды.
Кәсіпкерліктің дамуы дегеніміз экономиканың рационализациялануы, бәсекеге қабілеттіліктің артуы, қолданылмайтын немесе аз қолданылатын ресурстар балластынан қол үзу, қоғамның басты потенциалы болған адамның толыққанды өз мүмкіншіліктерін іске асыруы. Осыған байланысты, кәсіпкерлік социалистік немесе капиталистік бола алмайды. Ол бизнестің, нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады, еркін нарық экономикасы мен қогамның демократиялануы бекіген жерде дами алады. Кәсіпкерлікке жасалған кез-келген қысым адамдарды құлға айналдырудың негізін құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz