Туристік инфрақұрылым



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1 ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

1.1 Туризм инфрақұрылымының теориялық негіздері мен тәжірибелік мәні 7
1.2

Ел экономикасының дамуындағы туризм инфрақұрылымының ролі және оған әсер ететін факторлар

16



2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1

2.2
Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымның даму жағдайы
Туристік инфрақұрылымның дамуын мемелекеттік қолдау шаралары


24


41

3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1

3.2


Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
ҚР туристік инфрақұрылымның мәселелері және оларды жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

56
63

73


Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
75
Туристтік инфрақұрылым - бұл жинақталған орыналастыру құралы, транспорттық құрал, тамақтану обьектісіне, көңіл көтеріу, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқада аталымдарда; Туроператорлар мен тур агенттіктің ұйымдастыруды жүзеге асырудағы іс әрекет; экскурсиялық қызмет көрсетіушілер мен гид, аудармашылардың қызметін ұйымдастыру. Туризм ұйымдастыруының негізігі дамуы туристтік инфрақұрылым материалды техникалық базасына сүйенеді. Туризмнің техникалық базасына мыналар жатады: туристтік фирма(тур оператор мен турагент) қонқ үй туристтік база, тамақтану кәсіпорны, автотранспорт кәсіпорны, туристтік құрал жабдықтар мен бұйымдар мен қамтамасыз ететін прокат пунктері, туристтік путефкалар сататын бюралар, құрқару қызметі(посто),туристтік клубтар мен станциялар және тағыда басқалар.
1. С.Р.Есімжанова «Туристік нарық», №4, 2014ж.
2. Тойкин, Жайнақова, «Туризм дамуы», №168, 2013ж
3. Ілиясов Д.Қ. «Туризм статистикасы», 2010
4. Котлер Ф. «Туризм негіздері». 2009
5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы. 2014
6. «Кластердің экономикасы және ұйымдастыру негіздері» , А.С. Сейдахметов, М.Б.Тышқанбаева. 2009
7. Зайцева Н.А.. М.: Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме. «Академия», 2003
8. Закон от 13.06.2001 г. № 211. О туристской деятельности в Республике Казахстан //Казахстанская правда. – 2001. – 23 июня.
9. Назарбаев Н.Ә. 2009 жылы 5 қазанда Астанада өткен БҰҰ Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының ХVIII сессиясындағы баяндама. Астана, 2010.
10. Туризмді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік құрал (нормативтік құқықтық актілер жиынтығы). Талдықорған, 2006.
11. Гельмле А.М. Концепция кластера, как основы обеспечения конкурентноспособности отраслей экономики. //Транзитная экономика. - 2008. - №4. С.5-7.
12. Куандыкова А.А. Исследование природы кластерных образований в экономике государства. //Аль-Пари. - 2008. - №1-2. С.43-44.__
13. Шербакова С.А. Международный туризм: экономика и география/ Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2007. -144б.
14. 2. Никитинский Е.С. Қазақстанның туристік құқығы. Туризм саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жинағы. – Астана, 2009. – 497б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

беті
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЕЛ
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ
1.1 Туризм инфрақұрылымының теориялық негіздері мен тәжірибелік7
мәні
1.2 Ел экономикасының дамуындағы туризм инфрақұрылымының ролі 16
және оған әсер ететін факторлар


2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымның даму 24
жағдайы
2.2 Туристік инфрақұрылымның дамуын мемелекеттік қолдау
шаралары 41


3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
ҚР туристік инфрақұрылымның мәселелері және оларды 56
3.2 жетілдіру жолдары

63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .





КІРІСПЕ
Туристтік инфрақұрылым - бұл жинақталған орыналастыру құралы,
транспорттық құрал, тамақтану обьектісіне, көңіл көтеріу, іскерлік,
сауықтыру, спорттық және басқада аталымдарда; Туроператорлар мен тур
агенттіктің ұйымдастыруды жүзеге асырудағы іс әрекет; экскурсиялық қызмет
көрсетіушілер мен гид, аудармашылардың қызметін ұйымдастыру. Туризм
ұйымдастыруының негізігі дамуы туристтік инфрақұрылым материалды техникалық
базасына сүйенеді. Туризмнің техникалық базасына мыналар жатады: туристтік
фирма(тур оператор мен турагент) қонқ үй туристтік база, тамақтану
кәсіпорны, автотранспорт кәсіпорны, туристтік құрал жабдықтар мен бұйымдар
мен қамтамасыз ететін прокат пунктері, туристтік путефкалар сататын
бюралар, құрқару қызметі(посто),туристтік клубтар мен станциялар және
тағыда басқалар.
Жетілген туризм инфрақұрылымы – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда
дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана
шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің,
ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп
отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген
болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы,
археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар.
Жұмыстың өзектілігі. Туризм инфрақұрылымының дамуы барлық жақтан
қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі
қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын
тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін
талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға
емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді, сондықтан да
бұл дипломдық жұмыстың маңызы өте зор.
Қазақстан жас мемлекет, ол күнделікті дамып келеді, бұл халықаралық
деңгейде іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан  1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ)
мүшесі болып табылады. Ел EXPO-ға 2005 жылдан бері (EXPO-2005 (Айчи)
қатысады, EXPO-2008 (Сарагоса), EXPO-2010 (Шанхай). Сарагоста өткен EXPO-
2008 қорытындылары бойынша С санаты бойынша қатысқан 140 қатысушы елдің
ішінде Қазақстан павильоны сыртқы және ішкі ресімдеу критерийлері бойынша
үшінші орынға ие болады.
152-Бас Ассамблеяда құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы
мейлінше көп дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын жеңіп, ЕХРО -2017
өткізу орны болып анықталды.
Осындай ауқымға және деңгейге ие ЕХРО секілді іс-шара біздің
елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Астанада дүниежүзілік көрме өткізу –
Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. ЕХРО 2017 бюджеті 2013 жылдың
соңында анықталады. Алайда қазір осы іс шара үшін қандай объектілер
салынатыны белгілі.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай күйін талдау
және туризм инфрақұрылымын жетілдіру жақсарту жолдарын ұсыну
Жұмыстың міндеттері. Берілген жұмыстың мақсатына қарай келесі
міндеттер орындалды:
- туризм инфрақұрылымының теориялық мәні және ел экономикасының дамуына
ықпалы
- туризм инфрақұрылымының теориялық негіздері мен тәжірибелік мәні
- ел экономикасының дамуындағы туризм инфрақұрылымының ролі және оған әсер
ететін факторлар
- Қазақстандағы туристік инфрақұрылымның қазіргі даму жағдайын талдау
- Қазақстан республикасында туристік инфрақұрылымның даму жағдайы
- туристік инфрақұрылымның дамуын мемелекеттік қолдау шаралары
- Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды жетілдіру жолдары
- туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- ҚР туристік инфрақұрылымның мәселелері және оларды жетілдіру жолдары

Зерттеу пәні. Туризм инфрақұрылымы
Зерттеу объектісі. Туризмді жетілдіру объектілері
Бітіру жұмысының барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды:
салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер, жүйелік
талдау.
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында
шетел және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар
пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты,
Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары,
мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, ғаламтор сайттарының
мағлұматтары және осыған қатысты т.б. деректер алынады. Жиыны 66 әдебиет
пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты
өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмысты жазу
барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер
қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу
құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың
туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына,
студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық
жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен
міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан,
оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 80 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор
желісінің сайттары.

1 ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

1.1 Туризм инфрақұрылымының теориялық негіздері мен тәжірибелік мәні
Біздің таңымызда үлкен қалаларда шетелдік туристерсіз елестету мумкін
емес. Оларды барлық жерде кездестіруге болады- Парижде, Лонданда, Римде,
Нью- Йоркте, Москвада жәнеде әлемнің басқада қалаларынан. Бұл кездегі
туристтік инфрақұралым тек ғана Европаны жаулап алмай Америка, Африка, Азия
және Австралияны да (дәстүрге айналған туристтік орталық) жаулап алды.
Туристтік инфрақұрылым - бұл жинақталған орыналастыру құралы,
транспорттық құрал, тамақтану обьектісіне, көңіл көтеру, іскерлік,
сауықтыру, спорттық және басқада аталымдарда; Туроператорлар мен тур
агенттіктің ұйымдастыруды жүзеге асырудағы іс әрекет; экскурсиялық қызмет
көрсетіушілер мен гид, аудармашылардың қызметін ұйымдастыру.
Туристтік инфрақұрылым- ірі техникалық базалар орыналасады және үлкен адам
санының бір нәрсемен шұғылдануын қамтамасыз етеді. Экономикалық комлекс
салаларының өзара әрекеттестігі.
Туристтік инфрақұрылымды өте үлкен жоспарда салааралық комплекс
ретінде анықтап оларға мыналарды жатқызуға болады.
а) жолаушылар транспорты (әуе, су, автокөлікті, теміржол) оның көңіл көтеру
сетінің техникалық жұмысы
б) әртүрлі туристтік мамандандырылған кәсіп орындар салалық кәсіорындар
жарқын көріністі турист бола алмайды (оның ішінде транспортты машина
құрылысы және автомобиль құрлысы отын, жанармай өнеркәсібі және копиталды
жолқұрлысы сувинерлерді дайындаудағы жергілікті онер кәсіп және тамақ өнер
кәсібі және тағыда басқа көптеген ауылшаруашылық салалары)
в) турист қолданатын ұзақ сфералы қызмет.
Туризм ұйымдастыруының негізігі дамуы туристтік инфрақұрылым
материалды техникалық базасына сүйенеді. Туризмнің техникалық базасына
мыналар жатады: туристтік фирма(тур оператор мен турагент) қонақ үй
туристтік база, тамақтану кәсіпорны, автотранспорт кәсіпорны, туристтік
құрал жабдықтар мен бұйымдар мен қамтамасыз ететін прокат пунктері,
туристтік путефкалар сататын бюралар, құрқару қызметі(посто), туристтік
клубтар мен станциялар және тағыда басқалар.
Туризмнің негізгі классификациялық обьектсі МТБ-ға 3негізгі
белгісі болуы тиіс көрсетілетін қызметтердің түрі, экономикалық
элементтері, жекеменшік шаруалардың субьсінің түрі.
Барлығын қосқанда туристтік инфрақұрылым табиғи ресурстарға сүйенеді.
Бұндай база түрі демалушыларды қызықтыра білуі тиіс, ол үшін қол
тигізілмеген табиғат түрі болуы тиіс. Табиғи территориялары мынадай болуы
тиіс:
А) көлеміне қарай сай болуы тиіс, туристтердің қаптап кетуі.
Б) әр түрлі қауіп қатерден сақ болу. Мысалыға: ластанудан,
өсімдіктердің улануынан қауіпті жануарлардың жәндіктер санынан.
Туризмнің дамуы апатты (топан су басу, шөлдену, көшкіннен жер сілкінісінен)
жерлерден алыста болуы тиіс.
Туризм –бұл туризм инфрақұрылымының сигменттерібір бірімен өзара
байланысты және бір біріне тәуелді. Мысалыға алар болсақ таулы аймақты
курорттардың жетістігісол беткейдегі туристтерге курорттағы демалу
барысында ұсынылатын қызметтерге жеткізушілікке, орналастыру деңгейіне,
тамақтану жәнеде басқа қызметтерге байланысты. Таулы курорттармен
байланысқан көптеген кәсіпорындар бір бірінен тәуелсіз сиақты әрекет етеді,
ал шындап келгенде олар бір біріне тәуелді. Бұл тәуелділік бірлестікті
қажет етеді. Бірақ олрдың бизнесі пайдаланушы нарықта бәсекеге түсіп,
күреседі. Ал бұл өзара түсіністікті қийындатады.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен
олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың
барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып,
үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы
басымдық ретінде белгіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты
қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм
индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері
қалыптастыруды көздейді.
Қазақстан үшін пайдалы, әрі перспективасы зор, маңызды салалардың
бірі болып туризм табылады. Бүгінгі күні туристтік компаниялардың
қызметтерін жаңғырту үшін Қазақстанда бәсекелестік стратегияны жүзеге
асыруды дамытудың оптималды жолдарын іздестіру жұмыстары еліміз үшін дұрыс
шешім болып отыр. Әрине, туристтік кешен қызметтер сферасына жатқызылады,
сол себепті сфераны дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде есептілікті қажет
ететін бірнеше даму мәселелері мен ерекшеліктері туындайды. Сондай-ақ,
отандық және шетел зерттеу жұмыстары кезінде орын алған теориялық сипаттағы
сұрақтар да бар.   
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты
анықтамасы жоқ. Көптеген авторлар туризмге анықтама беруге тырысты. Әр
пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Туризм
анықтамасы екі бағытта берілуі тиіс: географиялық және экономикалық. Туризм
географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік – аумақтық кешенділік
қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс пен
ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
           Туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтаманы сұраныс пен
ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік
нарық жатады, ал ұсынысқа көлік, туристік көрікті жерлер және бос уақыт
түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-
ақ жарнамалық анықтамалық қызметі жатады       [1, 144б].
           Туризм – рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі туристік іс-
әрекеттер жиынтығымен байланысты адамдардың уақытта және кеңістіктегі
қозғалысы. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып, оның дамуына
себепші болатын және әсер ететін факторларды атауға болады.
           Сондықтанда қазіргі кезде туризм – экономика, шаруашылық саласы,
бизнес, кәсіпкершілік, таным спорт және демалыс деп атау орынды. Туристік
іс-әрекеттер көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді
түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар көліктік қызметті, тамақтану,
туристерді орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін
тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде. Туризм факторларын
анықтап болғаннан соң туризм индустриясын бастау қажет.
           Туризм индустриясы – бұл табиғаттың рекреациялық байлығына
сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және
көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын шаруашылық, өндірістік
және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.
           Туризм индустриясын экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың
масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сыйымдылығы және құйылған
қаржының тез өтелуіне байланысты.
Туризм индустриясының ерекше қасиеттері: туристік мекемелердің
ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдық және циклды мінезі,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі
жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың
оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.
Туризм индустриясының оң жақтарына:
1.       ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі.
2.       Аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.
3.       Туризм сферасында жұмыс істейтіндердің көбеюі.
4.       Экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы.
5.       Аудандардың білім және ғылым әлеуетінің өсуі.
6.       Агломерацияға антропогенді әсердің азаюы.
Туризм индустриясының теріс жақтарына:
1.     Өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының экономикалық
бағыныштығы;
2.     ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
3.     Туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
4.     Игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді әсердің артуы.
Бұл аталып өтілген туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары
тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының
қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.
Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономкадағы және
қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана. Туризм
индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынуымыз
қажет
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикада туризм
индустриясын дамытуды Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
енгізудің маңызды стратегиясы ретінде айқындаған.
Баратын елді таңдағанда туристерді ең алдымен табиғи ландшафты,
географиялық ерекшеліктері, мәдени мұрасы, дамыған инфрақұрылымы және
қауіпсіздігі қызықтыратыны белгілі. Бұл жағдайда Қазақстанның қолайлы
туристік имиджі бар елдердің арасында лайықты орын алуға толық мүмкіндігі
бар.
Біздің мемлекетіміз Еуразия жүрегінде, Азия мен Еуропа тәрізді ірі
елдерді қосатын жолдар торабында орналасқан. Бұл тиімді географиялық
орналасу халықаралық туристік байланыстардың дамуынан көрінеді.
Қазақстанның туристік әлеуеті теңдессіз және көп қырлы болып келеді.
Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге
баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды
қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да
белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктері зор[3].
Кез-келген өндірісті тиімді жүзеге асыру үшін сол саланың күшті және
әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін біліп, талдау жүргізу маңызды
мәселе болып табылады. Туристік саланың да мүмкіндіктерін жүзеге асыру,
қауіптерін болдырмау оны барынша тиімді жүргізуге септігін тигізеді.
Нарықтық экономика – туризм дамуы үшін ең қолайлы орта. Туризм
рекреациондық, танымдық және емдік қызметтерді орындайды, бірақ сонымен
бірге мынадай экономикалық аспектілердің де үлкен маңызы бар: валюталық
түсімдер ағыны және елдің төлем баланысының жақсаруы, шектес салалардың
дамуы, қазіргі заманғы инфрақұрылым құру.
Қазақстанда соңғы жылдары туризм сферасында түбегейлі институционалды
және сапалы өзгерістер болды. Нарықтың экономика элементтерін енгізу,
мемлекеттік туристік кәсіпорындардың акционерлік, жеке және бірлескен
кәсіпорындарға айналуы шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған
Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның аумақтары рекреациялық аймақтандыру туризмді жоспарлау
мақсаттары бойынша қайта құрымдауға мүмкіндік береді. Келу туризімінің
дамуы үшін таулық, танымдық және рекреациялық туризм түрлері ерекшелікті
болып табылады. Осы аталған туризм түрлерінің құрылымы елімізде
мамандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалы туризмнің, этникалық, діни және
жастар туризімінің одан ары кеңеюі мен қызмет етуіне мүмкіндіктер бар
екенін көрсетеді.
Отандық туристік өнімнің өткізілуіне, оның үйлесімді көркемделуіне,
халықаралық туристік нарықта жарнамалануы мен жылжытылуына ерекше баса баса
назар аудару керек. Осыған байланысты Туризм және спорт жөніндегі агенттік
облыстық, қалалық өкілетті органдардың туристік компаниялармен және
фирмалармен бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдердің көптеген елдері үшін
жолбастаушы болатын туристік фирмалар мен бағыттардың жалғыз республикалық
каталогын шығаруды ұсынады.
Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік
қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды
жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік
субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан
бастадық.
Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде
көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында
кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет
жасайды. Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми
зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға
мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте
алмады.
Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы
саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл
бөлу керектігін негіздеді. Туризм индустриясы көптеген шағын және орта
кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу
құралдары, ноу-хау, немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды
жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және
нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет
көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және
клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін
маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті
қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык
маркетингтік жоспар құрады [26].
Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-
ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша:
Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының
тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың
мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының
негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді - деп
тұжырымдауға болады.
Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге
талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни,
туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен
танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі
туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу
бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін
дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен
айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы
қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет
елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады [27].
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті
басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал,
бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың
міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл
саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас
(мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары
индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл
елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының
маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын
жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті
тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған
және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін,
мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет,
Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 1). Бұл үлгідегі
елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті
министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының
бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде
туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда [28].
Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі – олардың
таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен
қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін
этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ.
Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат
шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде
бағаланбақ.
Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк,
жаратылысы бостандықшыл Адольф Янушкевич: Аппенин биігінен екі теңізге
көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі
менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың
қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз
тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа
төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол
созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн
кешпес едім, - деп жазды Алатау жағасында тұрып.
Міне, осындай асыл табиғат, саф ауа Жетісу жерінің берекесі ғой.
Мұндай өлкедегі рекреациялық туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші жылдардың
басында Иран тағының мұрагер – ханзадасы осы маңайда, Лепсінің ар жағындағы
Жасылкөл жағасында демалуы бекерден бекер емес шығар.
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңды басшылыққа және әлемдік
туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту,
құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру,
қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет.
Қазіргі шет ел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер
қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары
ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын
жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек
тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина
соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.
Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауданының Көкжар елді мекенінде марал
шаруашылығы, бал өндіру орталығының жұмысы жақсы жолға қойылғаның айта
кеткен жөн. Бұл маңда аю, сілеусің, барыс, жабайы шошқа сияқты аңдар,
жабайы құстардың неше түрі мекен ететіні турист қауымын қызықтырмай
қоймайды.
Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен
қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік
өрнектерге ұласқан абзал.
Тарихи мекен – жайлар ежелгі салт – дәстүрмен, этнографиялық
айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен
қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалау, Қыз Жібек жырындағы
көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші – қон
дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.
Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін
спутниктік, талшықты – оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық
Паблик релейшнстің тұрақты приципі ауқымды ойлап, абайлап қимылда болу
керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын,
сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе –
жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.
Біз ұсынар және бір бағыт – шет елдік туристерді ескі қалалардағы
қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер
нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық,
Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы
жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме.
Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында
жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондаағы басты идея – тарихи, мәдени
игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық
ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда
осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және
мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады
деп ойлаймыз.
Міне, осындай өзара көмек, демеу арқылы жанданған салаға мемлекет
те, сырқы және ішкі инвесторлар да көмек беруге мүдделі болады.
Туристік бизнес туралы сөз қозғағанда, біз оның бұрынғы дәстүрлі
сипаты жойылып бара жатқаның ескерте кеткіміз келеді. Әлемдегі туристік
тенденцияны бажайласақ, экологиялық, орнитологиялық, ботаникалық,
экзотикалық, шытырманды оқиғалық туризмге көңіл қоятындар қатары көбейіп
келе жатқан сықылды. Adventure деп аталатын мұндай топтарға пәлендеә
керемет жағдай қажет емес. Кемпингтер, киіз үйлер, ішер ас, дос пейілді
халық болса болғаны. Бүкіл дүние жүзінде тарайтын Дискавери каналының
Саяқ планете (Одинокая планета) хабары осындай жандарға арналады.
Еліміздің әрі арзан, әрі тиімді дәл мұндай бизнес саласын жолға
қоюға шамасы әбден жетеді. Қазақстандық туристік фирмалар жыл сайын
Лондонда өтетін биржаға қатысып өздерінің ресурстарн әлемдік сауда
сахнасына шығарып, стратегиялық және тактикалық жарнама әдістерін шебер
пайдалана алғаны жөн.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) жылма – жыл статистикалық жинақ
шығарып отырады. Бір өкініштісі, бұл кітапқа Қырғыстан еніп, Қазақстан
кірмей қалған. Ендеше, қазіргі таңда осындай көкейкесті мәселені
мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық
қауымдастық алдыңдағы ел беделін де дұрыс пайдаланған ләзім. Қазақстанның
шетелдердегі өкілдіктері, мемлекеттік телерадиоканалдарды, газет –
журналдарды осы мәселелермен тікелей шұғылданса, Қазақстанның тарихи,
мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан
елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет саласына, мәдениет
қуатына қосқан зор үлес болар еді.
Осындай өнеге көршілес Қытайда, Үндістанда бар. Мысалы,
Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың иегері Әнуар Әлімжановтың 70 жылдығына
орай, Үндістан елшілігі өткізген қабылдауда Төтенше және өкілетті елші Саед
Раза Хашим мырза қазақ жазушысының шығармашылық әлемін, қазақ – үнді
достастығын нығайту жолындағы істерін жоғары бағалай келеп, оның қандастары
бұл игі дәстүрді ілгері апарса деген тілек айтты.
Тарихи және мәдени байланыстар, туризмді дамыту бағыттары туралы
елшілік материалдарымен танысқанымызда, Үндістандағы туристік маршруттар
Дели, Агра, Гоа, Варанаси, Мумбай, Джайпур сияқты тарихы да, мәдениеті
ежелден қалыптасқан елді мекендерді көктей өтетініе байқадық. Бір ғана Тәж
– Махалға жылына 2 миллион турист келіп – кетеді екен.
Туристік индустрия саласында бұл мемлекет айта қаларлықтай көмек
көрсетіп отырады. Мемлекеттік туристік офистердің Үндістандағы саны 21
болса, шетелдердегі өкілдіктердің саны 17 көрінеді. Бұл тізімнің ішінде
бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан тек Ресей бар.
Орталық Азия мен Үндістанның арасындағы рухани сабақтастықтың
материалдық белгісі – Нью-Делидің Үндістан ұлттық мұражайындағы Аурелл
Стейннің коллекциясы. 12 000 заттан тұратын бұл жиналымда тек Орталық-Азия
бұйымдары ғана бар. Реті келгенде осындағы бізге қатысты көне кітаптардың,
ежелгі мүсіндердің көшірмесін туған топыраққа жеткізуге болар.
Кесте 1. Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері
Туризмді Ұйымдастыру Реттелу Қаржылану жағдайы
ұйымдастырудың үлгілері таралған ерекшеліктері
үлгілері елдер
Еуропалық Италия, Испания, Мемлекеттік Мемлекеттік
Франция және т.б. рет-теу қар-жылар, жеке
институттары, жекеқар-жылар
реттеу
инс-титуттары
Азиялық Түркия, Египет, Басым түрде Мемлекеттік
Тунис, Марокко, мем-лекеттік қар-жылар, жеке
Қытай және т.б. реттеу қар-жылар
институттары
Қазақстандық Қазақстан Басым түрде Мемлекеттік
Республикасы мем-лекеттік қар-жылар, жеке
реттеу қар-жылар
институттары
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Ендеше, ұлы Мұхтар Әуезов, кейіннен Әнуар Әлімжанов салған жолды
жетімсіретпей, Үндістан бізге, бізден Үндістанға тартар маршруттарды
кеңейте түскен жөн.
Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар
болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел тамытуға күш салуы
тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет
азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес
те болашақта қызмет етеді, стратегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар
көпір болады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз орнын
табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы саланы
ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан өзінің
туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол
себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі енгізу
кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге қажетті
табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.
Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен
реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын,
кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді
шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік
беретіндігін атап өтуге болады.

1.2 Ел экономикасының дамуындағы туризм инфрақұрылымының ролі және
оған әсер ететін факторлар
Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің
кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика
секторы маңызды мәселе болып отыр.
Қазақстан республикасында туристік инфрақұрылымының дамуы халықтың әл-
ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз
ықпалын тигізеді (сурет 1).

Сурет 1 - Туризм инфрақұрылымының экономикадағы ролі
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Ел экономикасының толығуы мен туризм бір-бірімен өзара тығыз
әрекеттеседі. Жалпы экономикалық факторлар туризмге әрі теріс, әрі оң әсер
береді. Оң әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Нақты табыстың өсуі, бұл кезде тұтынушылар мол қаржыға ие болады,
осыған сәйкес туризмге деген сұраныс арта түспек;
- Пайданың барынша тепе-тең бөлінуі, қаншалықты қолдағы табыс тепе-тең
бола түссе, соғұрлым көп адамдар туристік өнім тұтынатын болады;
- Валютаның тұрақтылығы, егер шетел валютасының құны тұрақты болса,
тұрғындар оны көп мқлшерде сатып ала алады, әрі бұл жағдайда олар өз
демалысын дұрыс жоспарлай алады [29].
Туризмге теріс әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Экономикалық дағдарыс құбылысы;
- Жұмыссыздықтың артуы, жалақының қысқаруы және сол сияқты т.б.;
- Валютаның тұрақсыз жағдайы, егер шетел валютасының құны жоғары
болса, тұрғындар оны аз алады да, елдің тұрғындарына, шет елдерге туристің
барып-қайтуы қымбат тұратын болады [30].
Туризм өзі орналасып, дамыған аймағының экономикасына үлкен әсер
етеді. Туризмнің қоғам өміріне әсерінің басты үш бағытын атап өтуге
болады: экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық.
Туризмнің экономикалық маңызы. Экономикалық жағдайы ретінде екі
жағынан қарастырылады:
- Экономикалық кешен, өрлеуі көбінде бейбіт өмір тіршіліктің процестері
мен қатынастарының экономикалық біртұтас жиынтығы.
- Экономикасының өрістеуінің маңызды қоздырғышы ретінде. Бұл сапасы
бойынша туризм елдер арасында ішкі жалпы өнімнің өзара бөлінісу арнасы
қызметін атқарады.
Кемелденген әлемдегі туризм:
- Индустриалды түрге ие;
- Жинақтауға және тасымалдауға болмайтын қызмет түрінде көрініс береді;
- Жоғары тиімділігі мен тез салым қайтарымдылығымен сипатталады;
- Жаңа аудандарда шаруашылықты игерудің негізі болады;
- Табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың тиімді тәсілі болады;
- Адам қызметінің барлығымен, барша шаруашылық салаларымен нақты түрде
үйлесіп ынтымақтасады [31].
Дамыған елдерде шетелдік туризмнен түсетін табыс қара және түсті
металдармен халықаралық саудадан түсетін пайдадан екі есе артық болатыны
мәлім.
Туризмнен түсетін табыс туристік сапар барысындағы шығындардан
құралады. Ол туристің бару, қайту, мекенде болу барысында тұтынуға шығарған
шығындарының жиынтығымен анықталады [32].
Туристік шығындарға мыналар жатады:
- біртұтас жолсапар;
- демалу және турпакеттер;
- орналасу;
- тамақтану;
- көлік тасымалы;
- рекреациондық, мәдени және спорттық қызмет түрлері үшін;
- саяхаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұтыну тауарлары;
- медициналық қызмет және басқалар.
Тізбектелген туристік шығындар экономикаға тікелей әсер етеді. Яғни
туризмнің экономикалық қызметі ұлттық табыстың құралуына өз әсерін береді.
Туризмнің ел экономикасында тұтастай алғанда қоғамға әсер ету аумақтары
болып табылатындар:
- кәсіпкерлік аумағы. Туристік кәсіпорын құру тұтынушыға өз өнімдері
мен қызметтерін ұсыну арқылы пайда әкелумен қатар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге жалақы мен түрлі төлемдер алуына, акционерлерге – табыс,
мемлекетке алымдар мен салықтар алуға мүмкіндік береді.
- Тұтынушылық және кірістік жақтары. Туризм тұтынушылық сұраныстың жаңа
түрін жасайды. Туристердің әртүрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысы
жергілікті өнеркәсіп орындарының дамуына ықпал етеді. Осының арқасында
тұтыну тауарын өндіру артып, тұрғындардың тұрмыс деңгейі көтеріледі [33].
Туризмнің арқасында жергілікті кәсіпорындар өсіп өркендейді, оның
ішінде:
- өз кезегінде салық салу арқылы жергілікті тұрғындарға пайда беретін
мәдени және ойын-сауықтар (музей, көрме, мемориалдық кешендер және
ескерткіштер, шоу-бизнес, кинобизнес).
- Көлік кәсіпорындары мен фирмалары (қоғамдық көлік, автокөлікті жалға
беру, автобустарды саяхаттауға пайдалану, жергілікті авиокомпаниялар да
көбінде туризмнен табыс табуға бағышталған);
- Сувенирлер даярлаушы, арнайы туристік жабдықтар мен қолөнер
бұйымдарын жасаушы кәсіпорындар (бұл кәсіпорындардың бұйымдары бүкіл әлемде
көбінесе туристерге бағытталған) [34].
Валюталық жағы. Туризм шетел валютасы ағымынан елге келуіне ықпал
етеді. Әлбетте шетел валютасы тек туристік жолдамаға төлеу арқылы ғана
емес, сонымен қоса туистер күнделікті шығындары мен қосымша қызметтер үшін
туристік орталықтардағы ақша алмастыру арқылы реттеседі.
Өндірістік құрылымы. Туризм тек туристер үшін ғана емес, жергілікті
ітұрғындардың демалысына пайдаланатын демалу құрылымын жасайды. Жаңа
туристік орталықтардың өрістеуі, сервистік, сауда-саттық және ойын-
сауықтық өнеркәсіптердің пайда болуымен қабаттаса жүреді, бұнымен қоса
қоршаған инфрақұрылымға, әрі тұтыну нарықтары мен кәсіпкерліктің басқа
тұстарына, оң әсер ететін жолдардың құрылысы мен пляждар салынуын айтуға
болады. Туристік инфрақұрылымның өркендеуі арғы немесе бергі аймақтағы
жергілікті тұрғындардың тұрмысының көрсеткіші болады.
Туристердің барған жерінде жұмсаған ақшасы біруақытта сол барған
елдің кірісін де құрайды. Бұл кіріс тізбектелген түзіліске бастайды.
Кәсіпорындардың алғашқы айналымда түсірген құрал т.б. түрдегі табыстарының
әрбір сомасы есеп шотта қалмай қайта айналымға түседі. Туризмге шығындар
жасау арқылы алғашқы кірістерді қайта айналымға салу өсім қосып нәтиже
береді де туризмге арналған қандай да бір тауар, өнім шығарушы үшінші жақ
кәсіпорнына табыс түсіреді. Нәтижесінде өнім қосқан кіріс алынады.
Бұл процесс ел экономикасына жанама әсер етеді. Елдің экономикасына
туризмнен жанама әсер, туристердің тауар мен қызметті белгілі мерзімде,
белгілі жерде сатып алуының қайталануы әсерінен пайда болады [35].
Мұндай құбылыс мультипликациялық әсер немесе мультипликатор деп
аталады. Туризмнің мультипликациялық әсері шығыс-кіріс тізбекті түзілісінің
барысында әрбір туристен алынатын табыс, оның саяхат барысында тауар мен
қызмет үшін жұмсаған ақшасының мөлшерінен асып түсіп пайда түскенде
көрінеді. Бұл туристік қызмет пен тауар сатудан түскен қаржының бір бөлігі
салықтарды төлеуге жұмсалатынын білдіреді. Туристік кәсіпорын тек
жергілікті тауарларды сатып алғанда ғана одан түскен табыс түгелімен сол
аймақтың экономикасына жұмыс істей бастайды. Осы табыстан жұмысшыларға
жалақы төленеді де олар өз кезегінде бұл қаржыны тауар мен қызметті сатып
алуға жұмсайды. Туристерден түскен ақшаның бір бөлігі қор құруға жұмсалады
да тағы бір бөлігі басқа жерлерден сатып алынған тауарларға төлеуге
жұмсалып, бұл өз кезегінде туризм экономикасынан түскен табыстың басқа
жерлерге ағып кетуіне жол ашады. Сонымен туристік өнім өндірісін басқару
және табысты арттыру мультипликациялық туристік шығындардың артуын
күшейтеді. Екінші жағынан қаншалықты туристік өнім сырттан әкелінсе,
соншалықты оның сол жергілікті жер үшін тиімділігі азая түседі.
Жалпы барлық аймақтық көлемді алғанда туризм экономикасы мешеу қалған,
құрылымы дамымаған аймақтың экономикасының көтерілуіне әсер етеді. Бұндай
аймақтардың тұрғындары үшін туризм аса маңызды қосымша табыс көзі болып
табылады [36].
Туризм жалпы экономикалық мәселелерді шешуге көмегі тигенмен бірақ
туристік қызметтің сан-сапалылығын ескерер болсақ, ол өздігінен тиімді
болып өз алдына дами алмайтынын да байқауға болады.Туризмнің экономикалық
тиімділігі сол елдің халық шаруашылығы мен басқа да салаларының кешенді
дамуына параллель түрде әсер етеді.
Туризмнің әлеуметтік маңызы. Туризмнің қоғамдық өмірдің әлеуметтік
жағдайындағы мәнділігі мыналардан тұрады:
- Қоғамның психо-физиологиялық қорларын қалпына келтіру және адамдардың
еңбек қабілеттілігі;
- Бос уақыттың тиімді пайдаланылуы;
- Жұмыс орындарын жасау мен тұрғындарды еңбекпен қамту;
- Жергілікті тұрғындардың мәдениетіне әсері;
- Кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің жұмысшыларын табыспен
қамтамасыз ету;
- Туризмнің экологиялық қауіпсіздігі және оның рекреакцияны
тұрақтандыру мен қалыптастыруға бағышталуы [37].
Әлеуметтік тұрғыдан туризм адамның күш-қуатын, яғни өндіріс
саласындағы өзінің міндеттерін атқарудағы физикалық және жүйкелік
ауыртпалықтарды әрі тұрмыстық біртектіліктен демалу мен қалпына келтіру
болып табылады.
Туристік демалу – бірқалыпты жағдайды өзгерту, өмір қалпын жақсарту,
шаршаудан ажырау әрі көңіл күй көтерудің жаңа жерлермен танысудың, оның
адамдармен танысуы жалпы пайымын ұлғайтудың және т.б. мүмкіндіктері. Бұның
бәрі адамның күш-қуатын қалпына келтірудің мүмкіндігі [38].
Туристік кәсіпорындар туристік демалуға шақыра отырып, өздерінің
қызметін де ұсынады. Туристер жексенбі күнін, демалысын, тиімді де пайдалы
өткізуге мүмкіндік алады. Жастарды ойын-сауықтық тартымды саяхаттарға тарта
білген туристік клубтар жақсы мінезді жастардың қалыптасуына мүмкіндік
жасайды. Туристік кәсіпорындардың өз алдына қойған мақсаттарын дұрыс
орындауына қоғамдық физикалық, тәндік денсаулығы мен моральдық қасиеті
тікелей байланысты болады.
Туристік индустрияның дамуы жұмыс қолының еңбекпен қамтылуын шешеді.
Туризм экономиканың ең бір көп еңбек сіңіруді талап ететін саласы және сол
арқылы жұмыссыздықтың азаюына мүмкіндік жасайды. Дүние жүзілік еңбекпен
қамту ұйымының мәліметіне қарағанда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыс орны
туристік салаға тиесілі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей туристік индустрия даму барысында
түрлі жұмыс қорын басқа ауданнан тартуға мәжбүр болып, сол арқылы
жергілікті тұрғындардың санын арттырады. Туризм тұрғындардың өмір сүру
деңгейінің артуына әсер етеді. Туристік салалардағы қызмет басқа да
жұмыстарға қарағанда жұмысшыларға жақсы төлемақы жасайды, сондықтан да
туризм саласындағы жұмыс жоғары сұранысқа ие.
Кемелденген туризм экологиялық жағдайға екі жақты әсер етеді. Бір
жағынан қоршаған ортаға белгілі дәрежеде зиян келтіреді. Яғни адамдардың
өмір қағидасы мен жануарлар және өсімдік әлемінің қалыпты жағдайы өзгереді.
Жергілікті тұрғындар туризмнің зиянды жақтарына алдыңғы қатарда
автокөліктердің әсерінен ауаның ластануы және жерді экологияға жат әсерін
жатқызады [39].
Енді бір жағынан туризм экологияның және рекреациялық ресурстардың
жақсаруына мүдделі, өйткені ол оның қызметінің ең маңызды шарттарының бірі.
Туризм табиғи, тарихи, мәдени обьектілерді пайдалана отырып, олардың
сақталуына мүдделі. Ескерткіштер саны, сапасы, парктердің әсем болуы,
туристердің жақсы демалуына мүмкіндік ашып, әрі туристік кәсіпорынның
дәрежесін артырады.
Туризмнің жергілікті тұрғындарға кері әсерінің нәтижелеріне мыналарды
жатқызуға болады:
• Машықталынбаған еңбек үлесінің артуы;
• Қоғамдық мінез-құлық әдеттен ауытқу санының артуы
• Жастардың өмірге жеңілтек қарауы, ажырасулар

Сурет 2 — Туризмнің дамуына әсер ететін факторлар
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған
Туризмнің оң және теріс әсерлері барысында жергілікті тұрғындар
өздерін ұлттық, отаншылдық және индивидтік деңгейден көрсетеді. Туристік
қажеттіліктерін қанағаттандыру, аймақтың тұрғындарының мүдделеріне қайша
келмеуі, мәдени және тарихи құндылықтарға, қоршаған ортаға, табиғи
құндылықтарға залалын тигізбеуге тиіс.
Туризмнің гуманитарлық маңызы. Бұл мағынада жалпы алғанда демалысты
сол туристік сапарда болған елдің тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптарын
ұштастыру. Туристер үшін сол жердің көркем орындарын тамашалау маңызды
мәнге ие. Саяхат барысында көрген, естігеннің бәрі әдетте ұзақ есте
сақталады. Әртүрлі халықтардың мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу
адамның пайымдауын арттырып, рухани байыта түседі.
Сонымен туризмнің артықшылығына мыналар жатқызылады:
• Аймаққа ақша ағымының артуы, соның ішінде шетел валютасы;
• Ішкі жалпы өнімнің өсуі;
• Жаңа жұмыс оырндарын құру;
• Туристерде, жергілікті тұрғындар да пайдаланатын демалыс орындарын
жаңғырту;
• Қаржы салымын тарту, соның ішінде шетелдік қаржыны;
• Аймақта салық жинағының артуы;
• Туризмнің дамуының теріс салдарларына мыналар жатқызылады:
• Турситік импорт арқылы ақшаның шетелге ағуы;
• Туризм арқылы әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тууы;
• Егер туризм аймақта негізгі сала болса, басқа халықтың шаруашылықтың
дамуына кері әсері.
Туризмнің экономикалық жүйесінде төмендегідей туризмнің өмірлік
кезеңдік циклі болады:
• өндіріс
• қалыптастыру
• өткізу
• тұтыну [41].
Туристік қызмет өндірісі туристік индустрия арқылы қалыптасады. Туристік
өндіріс көбінде мемлекеттің жалпы жағдайы мен экономикасына, саяси
жағдайына, қауіпсіздік мәселесі мен аймақтық тұтынушылардың ақпаратпен
жеткілікті қамтылуы секілді ішкі факторларға бағынышты болады. Бұл
себептердің кез-келгені тіристік ағымды кемітуге мүмкіндігі зор
болғандықтан, туристік өнеркәсіптің қаржылық тұрақтылығына шешуші әсер ете
алады.
Туристік өнімді қалыптастыру процесі және оны кейін туристік нарықта
сату оның күрделі жағы болып табылады. Әрбір жеке көрсетілген туристік
қызмет (орналастыру, тамақтандыру, саяхат тасымалдау, мәдени-көпшілік
шаралар және т.б.) өздігінен туристің барша қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды. Бұндай жағдайда саналы түрде туристік қызме көрсетулерді біртұтас
кешенді корпорация түрінде жасау қажеттілігі туындайды, яғни көптеген
кәсіпорындар мен туристік ассоциациялардың тізе қосып күш біріктіруі
нәтижесінде жасайтын біртұтас туристік өнім шығару. Мұндай қажеттілік
туризм экономикасында алдын-ала, туристік нарықта туристік
ұйымдастырушыларға, яғни туристік өнімді тұтынушыға жеткізіп беруді жүзеге
асыратын туроператорлар және турагенттерге аса ерекше роль беріп, оның
қажеттілігін айқындайды [42].
Туризмнің экономикалық жүйесінің соңғы тізбегі – бұл туристік өнімді
тұтыну. Бұл процесте өзіндік ерекшеліктер бар. Әдеттегі заттай өндірісте
оның өнімі өндірілген жерден тұтынушы бар тұсқа тасымалданады [43].

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымның даму жағдайы
Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп
көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туризм
әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар
шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру
нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм
индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге
жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 –дей нысаны
бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс
үйі, 17 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Бизнестің туризмдегі алатын орны
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Рекреациялық жұмыстармен туристік сфераның айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Пәндер